Cavitas oris, екі бөліктен: ауыз кіреберісінен және меншікті


қатпарлар, plicae fimbriatae, өтеді. Тілдің төменгі бетінің ортасынан  басталып, қызылиекке дейін баратын шырышты қабықтың қатпары тіл



Pdf көрінісі
бет6/20
Дата02.04.2023
өлшемі0,79 Mb.
#78464
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
1 курс 2 ші сабаққа материалдар

қатпарлар, plicae fimbriatae, өтеді. Тілдің төменгі бетінің ортасынан 
басталып, қызылиекке дейін баратын шырышты қабықтың қатпары тіл 
жүгеншігін, frenulum linguae,  
Тіл бұлшықеттері сомалық нервтер нервтендіретін көлденең жолақты 
бұлшықеттерден тұрады. Тілдің ішінде орналасқан - тіл қалқасы, septum 
linguae, бұлшықеттерді оң және сол жаққа бөліп тұрады. Тіл бұлшықеттері 
қаңқалық және меншікті деп екі топқа бөлінеді.Қаңқалық бұлшықеттер 
сүйектерден басталып, тілдің ішінде аяқталады, ал, меншікті бұлшықеттер 
тілдің ішінде жатады. 
Тілдің қаңқалық бұлшықеттері: 
1. Тіласты-тіл бұлшықеті, m.hyoglossus, тіласты сүйегінің денесі мен үлкен 
мүйізінен басталады да тілдің бүйір жағына енеді. Қызметі: тілді артқа және 
төмен тартады. 


2. Біз-тіласты бұлшықеті, styloglossus, самай сүйектің бізтәрізді 
өсіндісінен және біз – төменгі жақсүйек байламынан басталып, тілдің бүйір 
жағына енеді. Қызметі: тілді артқа және жоғары тартады.
3. Иек-тіласты бұлшықеті, m.geniglossus, төменгі жақсүйектің иектік 
қылқанынан басталып, тілдің ортаңғы бөлігіне барады. Қызметі: тілді төмен 
және алға тартады. 
Тілдің меншікті бұлшықеттері: 
1. Тілдің көлденең бұлшықеті, m.transversus linguae, тіл қалқасынан 
басталып, тілдің бүйір жақтарында аяқталады. Қызметі: тілдің көлденең 
өлшемін азайтып, арқашығын көтереді, бұл кезде тіл ұзарады.
2. Тілдің вертикалды бұлшықеті , m.verticalis linguae, тілдің бүйір 
жағында, оның арқашығы мен төменгі бетінің аралығында орналасады. 
Қызметітілді жалпайтады. 
3. Тілдің жоғарғы бойлық бұлшықеті, m.longitudinalis superior, тілдің 
жоғарғы бөлігінде орналасқан, тілдің түбірінен басталып, ұшына бекиді. 
Қызметі: тілді қысқартады және оның ұшын көтереді. 
4. Тілдің төменгі бойлық бұлшықеті, m.longitudinalis interior, тілдің төменгі 
бөлігінде орналасқан, тілдің түбірінен басталып, ұшына бекиді. Қызметі:
тілді қысқартады және оның ұшын төмен түсіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет