Адамдарда төрт түрлі: күрек тістер, ит тістер, кіші және үлкен азу
тістерді ажыратады. Олар бір-бірінен тіссауыттың пішіні мен түбірлерінің
ерекшеліктері арқылы ажыратылады.
Күрек тістер, dentes incisivi, жоғарғы және төменгі жақсүйектерде
төртеуден болады,
екі медиалды, екі латералды күрек тістер ажыратылады.
Олардың сауытының пішіні: кесетін жиегі түзу қашау, күректәрізді болып
келеді. Күрек тістер бір түбірлі болады.
Жоғарғы күрек тістердің сауыты төменгілерге қарағанда үлкен болады.
Олардың ішіндегі ең үлкені - медиалды жоғарғы күрек тіс болып табылады.
Төменгі латералды күрек тіс медиалдысынан үлкен болады.
Ит тістер, dentes canini, жоғарғы және төменгі жақсүйектерде екеуден
болады. Олардың сауытының пішіні: кесетін жиегі бір – бірімен үшкір түзе
қосылатын екі бөліктен тұрады. Ит тістерде де бір ұзын түбірі болады. Кейде
жоғарғы және төменгі ит тістердің екі түбірлісі
немесе ұштары екіге
айырылғандары кездеседі. Жоғарғы ит тіс төменгісінен ірілеу болады.
Достарыңызбен бөлісу: