Тістің түбірін қоршап жатқан анатомиялық құрылымдардың: периодонт ,
ұяшық және оны жауып жатқан қызылиектің жиынтығы –
парадонт,
parodontium, деп аталады.
Тіс және жақсүйектің оған сәйкес келетін бөлігі
тіс – жақсүйек сегменті
деп аталады.
Тіс – жақсүйек сегментінің құрамына: тіс; периодонт; тістік
ұяшық пен оған сәйкес келетін, шырышты қабықпен жабылған жақсүйектің
бөлігі; тамырлар мен нервтер кіреді. Жоғарғы және төменгі жақсүйектерде
күрек тіс - жақсүйектік сегменттер, ит тіс – жақсүйектік сегменттер және
т.с.с. сегменттер ажыратылады.
Ауыз жабылған жабылған кездегі жоғарғы және төменгі тістік қатарлардың
түйісуі
окклюзия деп аталады. Жоғарғы және төменгі жақсүйектің бір –
бірімен түйісетін тістері антогонист тістер деп аталады. Олар басты және
қосалқы антогонистер деп екіге бөлінеді.Мысалы, жоғарғы медиалды күрек
тістің басты антогонисі – төменгі медиалды күрек тіс, қосалқы антогонисі –
төменгі латералды күрек тіс болады. Тек төменгі медиалды күрек тіс пен
жоғарғы үшінші үлкен азу тістің біреуден ғана антогонисі болады.
Тістердің физиологиялық түйісуін
орталық окклюзия деп атаймыз.
Тістердің орталық окклюзия жағдайында орналасуы
тістем деп аталады.
Тістемнің 4 физиологиялық түрі ажыратылады.
Достарыңызбен бөлісу: