Cavitas oris, екі бөліктен: ауыз кіреберісінен және меншікті



Pdf көрінісі
бет5/20
Дата02.04.2023
өлшемі0,79 Mb.
#78464
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
1 курс 2 ші сабаққа материалдар

1. Ортогнатия (прогнатия) ‒ жоғарғы күрек тістер төменгі күрек тістерді 
аздап жауып тұрады.
2. Прогения ‒ төменгі күрек тістер жоғарғы тістердің алдына шығып тұрады 
және оларды аздап жауып тұрады.
3. Бипрогнатия ‒ жоғарғы және төменгі күрек тістер алдыға қарай еңкейе 
орналасқан, жоғарғы тістер төменгі тістерді аздап жауып тұрады.
4. Тік тістем ‒ жоғарғы және төменгі күрек тістердің кескіш жиектері бір-
біріне түйісіп тұрады.  
ТІЛ 
Тіл, lingua, дәм сезу, сөйлеу, асты араластыру, жұту үдерістеріне 
қатысатын бұлшықетті ағза. Тілдің алдыңғы бөлігі ұшы, apex linguae, артқы 
бөлігі түбірі, radix linguae, деп аталады, ал екеуінің арасында денесіcorpus 
linguae, орналасқан. Жоғарғы, таңдай мен жұтқыншаққа қараған беті тіл 
арқашығы, dorsum linguae, деп аталады, ал, төменгі беті, facies inferior 
linguae, тілдің тек ұшы мен денесінің алдыңғы бөлігінің астында орналасады. 
Бүйір беті тілдің жиегі, margo linguae, деп аталады. Тіл арқашығында 
ортаңғы жүлге, sulcus medianus, өтеді. Ол артқы жағында тұйықталып 
соқыр тесікте, foramen caecum linguae, аяқталады. Соқыр тесіктен алдыға 
және екі бүйір жағына қарай, тілдің түбірі мен денесін бөліп тұратын 
шекаралық жүлге, sulcus terminalis, кетеді.


Тілдің шырышты қабығы, tunica mucosoe linguae, қызғылт түсті, бетінде 
майда өсінділері - тіл бүртіктері, papillae linguales, орналасады. Келесі 
бүртіктерді айырады: 
1. Конустәрізді және жіптәрізді бүртіктер, papillae conicae et papillae 
filiformes, ең көбі және тіл арқашығында, шекаралық жүлгенің алдында 
орналасқан. Олар жалпы (жанасу, ауырсыну, температура) сезімталдықты 
өткізеді. 
2. Саңырауқұлақтәрізді бүртіктер, papillae fungiformеs, тілдің жоғарғы 
бетінде орналасқан. Саны жағынан конустәрізді және жіптәрізді бүртіктерден 
аздау болады.Дәм сезімталдығын қабылдайды. 
3. Жапырақтәрізді бүртіктер , papillae foliatae, тілдің бүйір беттерінде 
орын тепкен. Дәм сезімталдығын өткізеді. 
4. Науашықтәрізді бүртіктер, papillae vallatae, бүртіктер арасындағы ең 
азы (7 – 12) және ең ірісі болып табылады, оладың пішіні рим цифры V-
тәрізді болып келеді де, шекаралық жүлгенің алдында жатады. Олар дәм 
сезімталдығын өткізеді. Тіл түбірінде лимфойдты түйіншелерден түзілген 
тіл бадамшасы, tonsilla lingualis, орналасады. 


Тілдің төменгі бетінің шырышты қабығы тегіс, бұл жерде бойлық бағытта 
жүріп, тілдің ұшы аймағында бір – бірімен қосылатын екі шашақты 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет