күйзелтуші азаппен сүйіншіле. Қиямет күнінде олар тозақ отында қыздырылып, онымен олардың маңдайлары, қабырғалары және арқалары таңбаланып: «Мынау – өздерің үшін жиғандарың. Ал енді жиғандарыңның дәмін татыңдар» (делінеді)» 1 , – деген.
Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен хадисте
Пайғамбар (с.а.с.): «Әрбір алтын-күмістің иесі,(алтын-
күмісінің) ақысын бермесе, Қиямет күні оған отпен қыздырылған кесектер жапсырылады. Және тозақ отында қыздырылып, онымен жамбасы, маңдайы, арқасы үтіктеледі. Олар (үтіктелген жері)қашан салқындаса, қайта үтіктеледі. Ол мөлшері елу мың жыл болған күні (Аллаһ) пенделеріне үкім бергенге дейін (осылай жалғасады). Сосын жолын көріп, жаннатқа не тозаққа (жіберіледі)», – деген.
Сонда (сахабалар): «Уа, Аллаһтың елшісі! Түйе ше?» – деп
сұрайды. Сонда (Пайғамбар (с.а.с.)): «Түйе иесі одан ақысын бермесе, оған Қиямет күні ең кең бір тегіс жер жайылады да, ол жерге (дүниеде иемденген түйелері) бір ботасы да қалып қоймай түгелдей жиналады. Сөйтіп, (сол түйелер) оны тұяқтарымен таптап, ауыздарымен шайнайды. Соңғы түйе өтіп болған соң, ең әуелгісі қайтадан қайтарылады. Ол мөлшері елу мың жыл болған күні (Аллаһ) пенделеріне үкім бергенге дейін (осылай жалғасады). Сосын жолын көріп, жаннатқа немесе тозаққа (жіберіледі)», – деп жауап берген.
Сонда (сахабалар): «Уа, Аллаһтың елшісі! Сиыр мен қой ше?» – деп сұрайды. Сонда (Пайғамбар (с.а.с.)): «Сиыр мен қой иесі