188
болған соң, ең әуелгісі қайтадан қайтарылады. Ол мөлшері елу
мың жыл болған күні (Аллаһ)
пенделеріне үкім бергенге дейін
(осылай жалғасады)
. Сосын жолын көріп, жаннатқа не
тозаққа (жіберіледі)
», – депті
1
.
Екінші: Тәкаппарлық
Аллаһтың
шариғатына менменсіп, өркөкіректік танытуға,
тәкаппарлануға тыйым салынған. Аллаһ
тағала тәкаппарларды
жек көреді. Қиямет күні тәкаппарларды қорланған халдерінде
тірілтеді.
Пайғамбар (с.а.с.):
«Қиямет күні тәкаппарлар, адам
бейнесіндегі шымал тәрізді (күйде)
жиналады. Оларды әрбір
мекеннен қорлық басады», – деген
2
.
Үшінші: Қиямет күні Аллаһ оны
істегендерге тіл қатпайтын
әрі назар салмайтын күнәлар
Аллаһ тағала кейбір күнәларды істеген адамдарға Қиямет күні
тіл қатпайтыны әрі оларға назар да салмайтыны жайында хабар
берген. Олар:
1) Аллаһтың кітаптарында түсірген нәрсесін жасыратындар.
Олар туралы Аллаһ тағала:
«Сондай-ақ Аллаһ түсірген
Кітаптан жасырып, оны аз ақшаға айырбастағандар, солар
қарындарына отты ғана жейді. Қиямет күні Аллаһ олармен
сөйлеспейді де, оларды ақтамайды және оларға күйзелтуші
азап бар»
3
, – деген.
Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен хадисте
Пайғамбар (с.а.с.):
«Кімде-кім бір нәрсе туралы сұралып, оны
1
Муслим.
2
Әт-Тирмизи.
3
«Бақара» сүресі, 174-аят.