алдыңғыларына: «Раббымыз! Осылар бізді адастырған. Сондықтан оларға тозақ отынан екі есе азап бер!» – деп айтады. (Аллаһ): «Әркімге екі есе азап бар. Бірақ сендер білмейсіңдер», – дейді» 1 , – делінген.
ә) Күнәкар мұсылмандардың жағдайы Мұсылмандардың кейбіреулері істеген кейбір күнәлары үшін
қиыншылық көреді. Ол күнәлар:
Бірінші: Парыз етілген зекетті бермеу
Аллаһ тағала пенделеріне жүктеген бес парыздың бірі – зекет.
Кім оны орындамаса, Қияметте азабын тартады. Зекетін бермеген
мал-дүниесі өзіне жылан болып келеді.
Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен хадисте
Пайғамбар (с.а.с.): «Аллаһ мал-дәулет берген(адам) оның зекетін бермесе, (мал-дүниесі) Қиямет күні өзіне жылан болып келеді. Ол (жыланның) екі көзінің үстінде екі қара нүкте болады. Ол (жылан) Қиямет күні оған оралып: «Мен – сенің мал-дүниеңмін, қазынаңмын!» – дейді», – деп: «Аллаһтың кеңшілігінен өздеріне берген нәрселеріне сараңдық істегендер оны өздеріне қайырлы деп ойламасын, керісінше, ол өздеріне кесірлі. Олардың сараңдық қылған нәрселері, Қиямет күні өздерінің мойындарына оралады» 2 , – деген аятты оқыған
3
.
Сондай-ақ оны мал-дүниесі таптайды. Егер мал-дүниесі
алтын-күмістен
болса,
отпен
қыздырылған
кесектер
жапсырылады. Ал егер түйе, сиыр, қой сияқты мал болса, сол мал
келіп езгілейді. Ол жайлы Аллаһ тағала: «(Мұхаммед!) Сондай алтын, күмісті жиып, оны Аллаһ жолында жұмсамағандарды 1
«Ағраф» сүресі, 38-аят.
2
«Әлі Имран» сүресі, 180-аят.
3
Әл-Бұхари.