198
Он бірінші: Дәрет алушылар
Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен хадисте
Пайғамбарымыз (с.а.с.):
«Расында, үмбетім Қиямет күні дәрет
алғандарының
әсерінен
«ғұрран-мухажжалин»
деп
шақырылады», – деген
1
.
«Ғұрр» деген –
аттың маңдайындағы қасқасы, «мухажжал» –
аттың аяғындағы ақ шашасы. Яғни дәретке, намазға көңіл бөлген
мұсылмандардың Қиямет күні жүздері, қол-аяқтары нұр болып
жарқырайды.
Шапағат
Осылайша, мөлшері елу мың жылға тең келетін сол бір күнде
адамдардың тағдырлары қыл үстінде, мүшкіл халде Аллаһтың
үкімін күтумен болады. Бұл үкімді күтуден жалыққандары
сондай, тіпті олардың арасында: «Тозаққа барсақ та, есеп
басталса еді...» дейтіндер де кездеседі. Мұнан кейін олар Аллаһ
тағаланың есепті бастауы үшін шапағатшы болатын біреуді іздей
бастайды.
Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен хадисте:
«Пайғамбармен (с.а.с.) бір қонақта отырғанымызда, оған
(қойдың)
жауырыны ұсынылды. Ол оны ұнататын. Сонда
(Пайғамбар (с.а.с.) одан)
бір тістеп: «Қиямет күні мен –
Достарыңызбен бөлісу: