бір-ақ дұға бар еді. Оны еліме қарсы дұға қылғанымда қолданып қойдым. Өзім... Өзім... Өзім... Менен басқаға барыңдар. Ибраһимге барыңдар», – дейді. Сосын(адамдар) Ибраһимге барып: «Сен – Аллаһтың пайғамбарысың, жер бетіндегілер арасындағы досысың, бізге Раббыңның алдында шапағат ет! Біздің қандай жағдайға жеткенімізді көрмейсің бе?» – дейді. Сонда ол: «Бүгін Раббым бұрын-соңды кездеспейтін түрде қатты ашуланды. Мен үш рет жалған айтқанмын», – деп, қауымы табынатын пұттарды сындырмақ ниетте: «Мен науқаспын» деп айтқанын, «Мұны істеген үлкендері шығар» деген сөзін және залым патшаның әскерлеріне әйелі Сараны «Ол қарындасым» деп айтқанын алға тартады. «Өзім... Өзім... Өзім... Менен басқаға барыңдар. Мұсаға барыңдар», – дейді. Сосын (адамдар) Мұсаға барып: «Сен Аллаһтың елшісісің, Ол сені адамдарға Өз елшілігі және жолдаған сөзі үшін артық
200
қылған, бізге Раббыңның алдында шапағат ет! Біздің қандай жағдайға жеткенімізді көрмейсің бе?» – дейді. Сонда ол: «Бүгін Раббым бұрын-соңды кездеспейтін түрде қатты ашуланды. Мен өлтіруге бұйырылмаған кісіні өлтіргенмін. Өзім... Өзім... Өзім... Менен басқаға барыңдар. Исаға барыңдар», – дейді. (Адамдар) Исаға келіп: «Ей, Иса! Сен – Аллаһтың елшісісің, Мәриямға жолдаған сөзісің, Ол тараптан келген рухсың, адамдарға бесікте тіл қаттың, бізге Раббыңның алдында шапағат ет! Біздің қандай жағдайға жеткенімізді көрмейсің