адамдардың мырзасымын! Оның (мырзалықтың)неде екенін білесіңдер ме? Аллаһ тағала әуелгілер мен соңғыларды бір төбенің үстіне жинайды. Назар салған адам оларды көреді, үн қатқан адам оларға естіртеді. Күн оларға жақын келеді. Адамдар уайым-қайғыдан сондай бір шамалары қалмайтындай, төзе алмайтындай дәрежеге жетеді. Сонда адамдар: «Қандай жағдайға жеткенімізді көрмейсіңдер ме? 1
Әл-Бұхари.
199
Раббыларыңа шапағат ететін біреуді қарастырмайсыңдар ма?» – деп, бір-бірлеріне: «Аталарың – Адам», – дейді. Сөйтіп, (Адамға) барып: «Ей, Адам! Сен – адамзаттың атасысың, Аллаһ сені екі қолымен жаратқан, Өз рухынан дем үрген, періштелерге бұйырып, олар саған сәжде жасаған және Ол сені жаннатта тұрғызған. Бізге Раббыңның алдында шапағат етпейсің бе? Біздің қандай жағдайға жеткенімізді көрмейсің бе?» – дейді. Сонда ол: «Бүгін Раббым бұрын-соңды кездеспейтін түрде қатты ашуланды. Ол мені ағаштан қайтарғанда, асылық қылғанмын. Өзім... Өзім... Өзім... Менен басқаға барыңдар. Нұхқа барыңдар», – дейді. Сосын (адамдар) Нұхқа барып: «Ей, Нұх! Сен – жер бетіндегілерге жіберілген алғашқы елшісің, Аллаһ сені шүкір етуші пенде деп атаған. Біздің қандай жағдайға жеткенімізді көрмейсің бе? Бізге Раббыңның алдында шапағат етпейсің бе?» – дейді. Сонда ол: «Бүгін Раббым бұрын-соңды кездеспейтін түрде қатты ашуланды. Менде (қабыл болатын)