Ақырет өткелдері


одан қорыққанын көресің. Олар: «Әттеген-ай! Бізге нендей



Pdf көрінісі
бет186/255
Дата03.04.2023
өлшемі1,47 Mb.
#78676
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   255
Байланысты:
Ақырет өткелдері

одан қорыққанын көресің. Олар: «Әттеген-ай! Бізге нендей 
өкініш! Мына Кітапта кішкенені де, үлкенді де тастамай-ақ 
түгендепті», – дейді. Сондай-ақ олар істегендерін дайын 
күйінде табады. Раббың ешкімге әділетсіздік қылмайды»
1
, – 
деген. 
Төртінші қағида: Сауаптар еселеніп, күнәлар сол күйінше 
қалады 
Сол күні Аллаһ тағала Өзінің пенделеріне деген жалпы 
мархабаты ретінде, олардың ізгі амалдары еселеніп арттырылады, 
ал жаман амалдары еселенбей, сол күйінше қалады. Пенденің 
жақсы амалдарын асырып, жаман амалдарын сол күйінде 
қалдыру – Жаратушының бізге деген теңдессіз кеңшілігі мен 
жомарттығынан туған игілік. Ол жайлы Аллаһ тағала: «Егер 
Аллаһқа көркем қарыз берсеңдер
2
, оны сендер үшін бірнеше 
есе арттырады»
3
, – деген. 
Ізгі амалдар кемінде он есе арттырылады. Аллаһ тағала: «Кім 
бір жақсылықпен келсе, оған сондай он есе бар»
4
, – деген. 
Ал күнә істердің сол күйінше қалатыны жайлы: «Ал біреу бір 
жамандық істесе, сол (жамандығындай) ғана жаза беріледі де, 
олар зұлымдыққа ұшырамайды»
5
, – деген. 
Әбу Зарр (Аллаһ оған разы болсын) риуаят етеді; Пайғамбар 
(с.а.с.) құдси хадисте
6
«Бір жақсылықты он есе немесе одан да 
арттырамын. Бір жамандық біреу немесе оны да кешіремін. 
1
«Кәһф» сүресі, 49-аят. 
2
Тиісті орынға мал сарп етсе. 
3
«Тағабун» сүресі, 17-аят. 
4
«Әнғам» сүресі, 160-аят. 
5
«Әнғам» сүресі, 160-аят. 
6
Құдси хадис: мағынасы Аллаһтан, ал Оның сөзін жеткізуші Пайғамбар 
(с.а.с.). 


207
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет