Ақырет өткелдері


Егер Маған серік қоспай жер беті толы күнәмен жолықсаң да



Pdf көрінісі
бет187/255
Дата03.04.2023
өлшемі1,47 Mb.
#78676
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   255
Байланысты:
Ақырет өткелдері

Егер Маған серік қоспай жер беті толы күнәмен жолықсаң да, 
Мен сені сонша кешіріммен қарсы аламын», – деген
1

Сонымен қатар Құран оқыған адам оның әр әрпіне он есе 
сауап алатыны туралы хадистер келген. Сол сияқты парыз 
намаздардан кейін және ұйқыға жатар алдында тәсбих 
(«субханаллаһ» деген сөз), тахмид («әлхамду лилләһ» деген сөз) 
және тәкбир («Аллаһу әкбар» деген сөз) айтқан пендеге де 
оларды әр айтқаны үшін он есе сауап бар. Тағы басқа хадисте бес 
уақыт намаздың да он есе болып жазылатыны айтылған. 
Ал кейбір амалдар одан да көп еселеніп жазылады. Кімде-кім 
Аллаһ жолында малын сарп етсе, жеті жүз есеге дейін немесе 
одан да көп есеге көбейеді. Бұл жайында Аллаһ тағала: «Аллаһ 
жолында мал-мүлкін сарп қылғандар жеті сабақ шығарған
әр сабағында жүзден дәні бар дақылға ұқсайды. Аллаһ 
қалаған пендесіне (сауабын) еселеп қайтарады. Аллаһ Кең, 
бәрін Білуші»
2
, – деген. 
Сондай-ақ келесі бір амалдар есепсіз еселенеді: мысалы, ораза. 
Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен хадисте 
Пайғамбар (с.а.с.): «Адам баласының барлық амалы өзі үшін. 
Адам баласының әрбір ізгі амалы дәл сондай (яғни сол 
амалындай) оннан жеті жүзге дейін немесе одан да көп есеге 
көбейеді. Ал ораза бұдан тысқары. Аллаһ тағала: «Расында, ол 
Мен үшін! Оның сыйын Өзім беремін!» – деп айтады», – 
деген
3

Оразаға есепсіз сауап берілудің мәнісі – оның сабырлылық 
ұғымын толық қамтығандығынан болса керек. Ал сабыр етушілер 
болса есепсіз сауап алады. Аллаһ тағала: «Шын мәнінде, сабыр 
1
Ахмад, әл-Хаким. 
2
«Бақара» сүресі, 261-аят. 
3
Әл-Бұхари, Муслим. 


208


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет