«Аллаһ – бәрін де Бақылаушы» 1 ;
«Расында, елшілерімізге иман келтіргендерге дүние тіршілігінде де, куәлікке тұратын (Қиямет) күні де, әлбетте, жәрдем етеміз» 2 , – деген.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) бен үмбеті өзге пайғамбарлардың
қауымдарына дінді жеткізгеніне куәлік береді.
Әбу Сағид әл-Худриден (Аллаһ оған разы болсын) жеткен
хадисте Пайғамбар (с.а.с.): «(Қиямет күні)Нұх пен қауымы келеді де, Аллаһ тағала (Нұхқа): «(Дінді, таухидты) жеткіздің бе?» – дейді. (Нұх): «Иә, Раббым», – дейді. Аллаһ тағала (оның
қауымынан): «Сендерге (дінді, таухидты) жеткізді ме?» – деп (сұрайды. Қауымы): «Жоқ! Бізге пайғамбар келген емес», – дейді. Аллаһ тағала (Нұхтан): «Кім саған куәлік береді?» – деп (сұрайды. Нұх): «Мұхаммед пен оның үмбеті», – дейді. Сөйтіп, біз оның жеткізгендігіне куәлік береміз. Аллаһ тағаланың: «Осылайша, сендерді (артық-кемсіз) орташа бір үмбет қылдық. Адамдарға куә болуларың, сондай-ақ пайғамбардың сендерге куә болуы үшін» 3 , – деген сөзі осы», – деген
4
.
Сондай-ақ ол күні жер куәға тартылады. Әбу Һурайра (Аллаһ
оған разы болсын) риуаят еткен хадисте Пайғамбар (с.а.с.) Аллаһ
тағаланың: «Сол күні (жер) хабарларын әңгімелейді» 5 , – деген
аятын оқығаннан кейін: «Сендер оның хабарларының не екенін білесіңдер ме?» – деп сұраған. (Сахабалар): «Аллаһ және Оның елшісі жақсы біледі», – деп жауап береді. Сонда Пайғамбар
(с.а.с.): «(Жердің) хабарлары – оның Қиямет күні өз бетінде