«Оған кіші күнәларын көрсетіңдер!», – делінеді. Оған: «Сен пәлен күні пәлендей істедің, сондай-ақ пәлен күні пәлендей істедің!» – делінеді. Ол мойындамауға шамасы келмей: «Иә», – дейді және ол үлкен күнәларының көрсетілуінен зәре-құты қалмай тұрады. Сосын оған: «Саған әрбір жамандығыңның орнына жақсылық беріледі», – делінеді. Сонда пенде: «Раббым! Мен мұнда көрмей тұрған кейбір күнәларды істегенмін», – деп айтады», – деген. (Әбу Зарр (Аллаһ оған разы болсын)): «Сонда мен Аллаһ елшісінің (с.а.с.) азу тістері көрінгенше күлгенін көрдім», – деп айтқан
1
.
Аллаһ тағала: «Бірақ кімде-кім тәубе қылса, сондай-ақ иман келтіріп, ізгі іс істесе, міне, Аллаһ олардың жамандықтарын жақсылықтарға ауыстырады. Аллаһ – өте Кешірімшіл, аса Рақымды» 2 , – деген.
Бесінші қағида: Пенденің істеген әрбір ісіне куә, айғақ
келтіру
Куәлардың ең ұлысы – пенделерінің ешқандай жағдайы
назарынан тыс қалмайтын Аллаһ тағаланың Өзі. Алайда адам
баласына еш үзір қалмау үшін Аллаһ тағала періштелерді және әр
үмбеттің пайғамбарларын өз үмбетіне куә қылады. Аллаһ тағала:
«Қандай да бір іспен шұғылдансаңдар да, одан(яғни
Құраннан) бір аят оқысаңдар да, қандай да бір іс қылсаңдар – Біз сендерге осыған кіріскен сәтте Куә боламыз. Жердегі және көктегі тозаң түйірінің салмағындай нәрсе әрі одан кіші не үлкені Раббыңнан жасырын қалмайды. (Оның барлығы да) анық Кітапта (яғни Лаухыл-махфузда
3
жазулы)» 4 ;
1
Муслим.
2
«Фурқан» сүресі, 70-аят.
3
Аллаһ тағала барлық жаратылыстың тағдырын жазған үлкен кітап.
4
«Юнус» сүресі, 61-аят.