Ақырет өткелдері


сұрағанда, Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Оларға жан-жағынан



Pdf көрінісі
бет242/255
Дата03.04.2023
өлшемі1,47 Mb.
#78676
1   ...   238   239   240   241   242   243   244   245   ...   255
Байланысты:
Ақырет өткелдері

 
сұрағанда, Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Оларға жан-жағынан 
желінетін жаннаттың өгізі сойылады», – деп жауап беріпті
1
.
Жаннатта құстар бар. Онда қайсыбір құсқа тәбетің шапса, ол 
алдыңа дайын күйінде қақталып түседі. Аллаһ тағала бұл жайлы 
Құранда: «Тәбеттері соққан құс еті бар»
2
, – деген. 
Жаннаттықтардың тамақ, сусын ішетін ыдыстары алтын-
күмістен және шыныдан болады. Аллаһ тағала: «Оларға 
алтыннан табақтар, кеселер ұсынылады»
3

«Оларға 
күмістен 
ыдыстар, 
шыныдан 
кеселер 
ұсынылады»
4
, – дейді. 
Бір айта кетерлік жайт, жаннатта осыншалықты мол ішіп-жем 
болғанымен, жаннаттықтар нәжіс шығармайды. 
Жабир ибн Абдуллаһ (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын): 
«Аллаһ елшісінің (с.а.с.): «Расында, жаннаттықтар онда ішеді, 
жейді, (бірақ) олар түкірмейді, зәр шығармайды, қақ бөлмейді 
және сіңбірмейді», – деп айтып жатқанын естідім. (Адамдар)
«Сонда тағамдары қайтеді?» – деп (сұраған еді, Пайғамбар 
(с.а.с.))«Мисктей жұпар кекірікпен (шығады)», – деп айтты»
– деген
5

б) Жаннаттың өзендері мен бұлақтары 
Жаннаттағы өзендер туралы Аллаһ тағала: «Сондай 
тақуаларға уәде етілген жаннаттың мысалы, онда еш 
бұзылмайтын өзен сулары, дәмі өзгермейтін сүттен өзендер, 
1
Муслим. 
2
«Уақиға» сүресі, 21-аят. 
3
«Зухруф» сүресі, 71-аят. 
4
«Инсан» сүресі, 15-аят. 
5
Муслим. 


263
 
 
ішушілерге дәмді шараптан өзендер және тазартылған балдан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   238   239   240   241   242   243   244   245   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет