Ақырет өткелдері



Pdf көрінісі
бет238/255
Дата03.04.2023
өлшемі1,47 Mb.
#78676
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   255
Байланысты:
Ақырет өткелдері

 
 
(Аллаһ)пен ант етейін! (Олар) – Аллаһқа иман келтіріп
пайғамбарларға сенген кісілер», – депті
1
.
Жаннат дәрежелерінің ең жоғарғысы «уәсилә» деп аталады. 
Пайғамбар (с.а.с.): «(Ол) – жаннаттағы ең жоғарғы дәреже. 
Оған бір ғана кісі қол жеткізеді және мен сол болуды 
қалаймын», – деген. 
Басқа бір риуаятта Аллаһ елшісі (с.а.с.): «...Аллаһтан маған 
уәсиләны беруін сұраңдар», – депті
2

Жетімді қамқорлыққа алу пендені жаннатта Аллаһ елшісінің 
(с.а.с.) дәрежесіне жақын дәрежеге жеткізеді. 
Өйткені Пайғамбар (с.а.с.): «Өзіне яки басқаға тиісті 
жетімді қамқорлығына алған (адам), мені мен ол жаннатта 
мына екеуі сияқты», – деп сұқ саусағы мен ортаңғы саусағын 
көрсеткен
3

Сондай-ақ Аллаһ балаларының дұғасы себепті ата-аналардың 
дәрежесін көтереді. 
Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Расында, Аллаһ жаннатта ізгі 
пенденің дәрежесін көтереді. Сонда ол: «Уа, Раббым! Бұл 
маған қайдан?» – деп (сұрағанда): «Сен үшін балаңның кешірім 
өтінуінен», – деп айтады», – дейді
4
.
Жаннаттың қақпалары 
Жаннаттың қақпалары туралы Аллаһ тағала: «Олар үшін 
қақпалары ашық Ғадын жаннаттары бар»
5

 «(Жаннатта) періштелер оларға әр қақпадан кіреді»
6

1
Әл-Бұхари, Муслим. 
2
Ахмад. 
3
Муслим. 
4
Ахмад. 
5
«Сад» сүресі, 50-аят. 
6
«Рағыд» сүресі, 23-аят. 


259
 
 
«Олар оған барғанда қақпалары ашылады да, оның 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет