Пайғамбар (с.а.с.): «Аллаһ тағала Адамды (аләйһис-сәләм) оның бейнесінде, бойын алпыс кез етіп жаратты... Әрбір жаннатқа кірген (жан)Адамның бейнесінде, бойы алпыс кез боп кіреді», – деген
1
.
Енді бір хадисте Пайғамбар (с.а.с.): «Жаннаттықтар (жаннатқа) жүнсіз, көсе, көздеріне сүрме жағылғандай болып, отыз үш жасар жігіт (кейпінде) кіреді», – дейді
2
.
Сондай-ақ жаннаттықтарға ұйқы жат нәрсе болады. Өйткені
Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Ұйқы – өлімнің туысы. Ал жаннаттықтар ұйықтамайды», – деп хабар берген
3
.
ә) Жаннаттықтардың тамағы Жаннатта таусылмас ризық-несібелер болады. Аллаһ тағала:
«Оларға жаннатта ертелі-кеш несібе бар. Құлдарымыздан біреу тақуа болса, (Біз) соны мұрагер ететін жұмақ осы» 4 , –
деген.
Осы аяттың мазмұнына сай «жаннатта таңертеңгілік және
кешкі мерзім бар ма?» деген сұраққа кейбір ғалымдар дәйектерді
қорыта отырып: «Жаннатта күн мен ай жоқ, түн де, күндіз де
жоқ. Бірақ таңертеңгілік пен кешкі мерзім Рахманның аршысы
тараптан көрінетін нұры арқылы ажыратылады», – деген.
Жаннаттықтардың ең әуелгі тағамы туралы айтсақ, Саубаннан
(Аллаһ оған разы болсын) жеткен хадисте, бір яһуди Аллаһ
елшісінен (с.а.с.): «Жаннатқа кірген уақыттағы олардың сый асы
не?» – деп сұраған. Пайғамбар (с.а.с.): «Киттің қара бауыры», –
дейді. Яһуди: «Олар оның артынан нені азық етеді?» – деп
1
Муслим.
2
Ахмад, әт-Тирмизи.
3
Әл-Бәйһақи.
4
«Мәриям» сүресі, 62-63 аяттар.