Список литературы:
1.Калинина Л.В., Ганина В.И., Дунченко Н.И. Технология цельномолочных
продуктов: Учебное пособие.-СПб.:ГИОРД, 2008.-248 с.
2.Бредихин С.А., Космодемьянский Ю.В., Юрин В.Н. Технология и техника
переработки молока.-М.: Колос, 2003.-400 с.
3.Производство упаковочных материалов для пищевой промышленности -
http://www.palprom.ru/
Ряд1; a; 3
Ряд1; b; 5
Ряд1; c; 15
Ряд1; d; 20
Ряд1; e; 22
Ряд1; f; 30
Ряд1; g; 45
С
рок
хранения
(
су
т
)
Материалы, применяемые для упаковки
ОБЩЕСТВЕННЫЕ НАУКИ, ИСТОРИЯ, ФИЛОСОФИЯ
МАХАМБЕТ ҚОЛДАНЫСЫНДАҒЫ КӨРІКТЕУ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ
ҚОЛДАНЫСЫ
Кульбаева М.М., А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік
университетінің аға оқытушысы , филология магистрі
Бұл мақалада Махамбет Өтімісұлы поэзиясына тән белгілер сараланып, салыстырулар жасалған.
В данной статье рассмотрен поэтическии контраст,стиль произведении М.Утемисова и проведен
сравнительный анализ.
This article is devoted to examination style of the poetry M.Ytemisova and taking comparative analysis.
Махамбет шығармалары - бұқара өмірінің рухани-поэтикалық шежіресі, шаруалар
қозғалысының шынайы бейнесі. Ол жыраулық поэзияның көркемдік әлемін байытып,
шығармаларында ұлт-азаттық идеяларын көтерді, елдікті сақтап қалуға шақырды.
Махамбеттің сөз қолданысындағы және бір ерекшелік әдеби – көркемдеу тәсілдеріне
қатысты. Ақынның көптеген эпитет, теңеу, метафоралары, өзіне дейінгі бай ауыз әдебиеті
мен ақын-жыраулар тілінен алынған. Сонымен қатар Махамбеттің өзі қосқан тың
образдары қазақ поэтикасына әкелген үлесі болды. Көркемдік, прагматикалық бояуы
айырықша коннотаттық компонент мағынасына тең келетін сөздердің басым көпшілігі
троптар негізінде пайда болады. Олар айтылмақ ойға сай көркем бейне сомдай келе,
автордың көзқарасын, дүниетанымын, эстетикалық талғамы мен сөз жұмсау шеберлігін
танытады.
Махамбет негізгі тақырыбына орай қару-жарақ, сауыт-сайман атауларын кеңінен
қолдана отыра, өз тындармандарына жақын, түсінікті болу үшін халықтың тұрмыстық,
әлеуметтік тәжірибесін, ұлттың психологиялық, философиялық ойын танытатын
этномәдени бірліктерді көркемдік қажетіне қарай ұтымды пайдаланып отырған. Бұл
мәдени ақпарат мазмұнын қамтитын тілдік таңбалар метафора, теңеу, эпитет,
метонимия, синекдоха, ұлғайту (гипербола) сияқты көріктеу құралдары мен амалдары
негізінде көрініс тауып, автордың ойын дәл, экспрессивті, сомдамақ бейнесін көркем,
айшықты болуын қамтамасыз етеді.
Эпитет – бұл белгілі бір заттың сын-сипатын ғана танытатын құрал емес. Ол
көркем мәтін ішінде, әсіресе, поэзия тілінде кеңінен қолдана келе, көркемдеуіш, бейне
тудырушы және коммуникативті-прагматикалық қызметтерімен де ерекшеленетін көркем
мәтін компоненті болып табылады. Эпитеттер поэзия тілінде көркем бейне сомдай келе,
автордың дүниетанымын, эстетикасын, белгілі бір затқа немесе құбылысқа деген
субъективті көзқарасын, идиостилін танытатын көркем дүниелер болып есептеледі.
Сондықтан да болса керек эпитеттер Махамбет шығармаларында кеңінен қолданыс
табады: егеулі найза, қозы жауырын оқ, балдағы алтын құрыш болат, қарқыны күшті көк
семсер, қоңыраулы найза, орма мылтық, жалаулы найза, шал жебе, толғамалы ақ мылтық,
көн садақ, қималы найза, ақ семсер, қанды көбе, ақ сұңқар, аймақ көл, қоғалы көлдер,
алалы жылқы, мұнар күн, жалған дүние, ана Еділ т.б. Бұлар мәтін ішінде көркемдік
қызмет атқара келе, әсем де әсерлі бейне сомдау үшін қолданылады.
Махамбет тіліндегі келесі өнімді бейнелеу тәсілдерінің бірі – теңеу. Теңеу -
интеллектуалды қызметтің ең бір көне түрі ретінде таныла келе (Э.Сепир), ұлттық сана-
сезіммен, халықтың мәдениетімен, адамдардың өмірлік тәжірибесімен астасып жататын
лингвомәдени бірлік болып табылады. Махамбет шығармаларында кеңінен орын алған
теңеулердің бір түрі - бұл халық ауыз әдебиетінде, жыраулар туындыларында жиі
қолданылып, тұрақтанған дәстүрлі поэтикалық теңеулер. Олар ақын поэзиясының ұлттық
нақышын, экспрессивті-эмоционалды бояуын, көркемдік қуатын арта түсіретін дүниелер
болып табылады. Мысалы: «Маңыраған қойдай шулайды», «Ақ бөкендей ойнайды», «Аш
күзендей белін бүгілтіп», «Күшіктей даусын қыңсытып», «Арыстандай ақырған»,
«Жолбарысша жорыттым», «Қабыландай қайранға соғып», «Үдей соққан дауылдай»,
«Мылтығын қардай боратып», «Оқ жаңбырдай жауған күн», «Сапырып судай шашқан
күн» т.б. Бұл – теңеулер көнелігінің, көркемдік дәстүр жалғастығының, Махамбет
поэзиясының ата-бабалар ойлау-пайымдауы мен қаһармандық жырлардың әсері негізінде
туындағандығының көрсеткіші.
Сонымен қатар, Махамбеттің өзіндік қолтаңбасын танытатын соны теңеу-суреттер
де аз емес. Мысалы: «Қызғыштай болған есіл ер», «Еркек қойдай бөлініп, // Қырқарланып
өткен ер», «Жау бір өрттей қайнайды», «Қайраңнан алған шабақтай // Қия бір соғып ас
етсем», «Құландай ащы дауыстым!», «Қырмызыдай ажарлым!», «Хиуадай базарлым»,
«Теңіздей терең ақылдым!», «Мен келелі қара бұлтпын», «Шортаны қара бақандай»,
«Бақасы сары атандай», «Сонасы қоңыр үйректей» т.б.
Махамбет өлеңдерінің тақырыбына орай ақын тіліндегі «шамырқансам, шатынап
сынар болатпын», «суаруы қанық көк сүңгі ем», «қылыштай қиғыр алмас ем» деп келетін
метафоралы теңеулер іспеттес жануарға, өсімдікке, құсқа, табиғат құбылысына баланып
жасалған теңеулердің негізінде де қас батыр, ел қамы үшін күрескен азамат бейнесі
сомдалады: «Атадан туған аруақты ер, // Жауды көрсе, жапырар // Үдей соққан
дауылдай», «Арыстандай ақырған // Айбатыма шыдамай, // Хан баласы жылады-ай»,
«Бұрала біткен емендей // Қисық туған сорлы ағаң», «Палуан жолбарыс секілді //
Алысқанды алып ұрған білегім», «Атқанын қардай боратқан, // Көк шыбығын қанды
ауыздан жалатқан» т.б..
«Поэзия - әсемдік әлемі, ол – халықтың ақын, жырау қаламымен (көмейімен)
танытылған эстетикалық, философиялық, психологиялық, танымдық дүниесі» [1]. Ал
поэзия тілінде сол дүниені көрсетуші құралдардың бірі болып – метафора танылады.
Әдеби тілді ажарлау аз, құбылту керек. Әдеби тілдің әсемдігі ғана емес, әсерлілігі үшін де
орасан қажет тәсіл - құбылту немесе троп (грекше tropos - иін, иірім) - сөздерді тура
мағынасында емес, бұрма мағынасында қолдану, шындықты бейнелеп, кейде тіпті
перделеп таныту, ойды өзгертіп, кейде тіпті өңін айналдырып айту. Бұл ретте әдеби тілді
ажарлау оны құбылтудың ең қарапайым түрі деуге болады. Құбылтудың түрлері көп.
Әдеби тілдегі ең басты құбылтудың түрі ауыстыру, яки - метафора (грекше metapҺora -
көшіру) - сөз мәнін өңдендіруде өзгертіп айту, суреттеліп отырған затты не құбылысты
айқындай ажарландыра түсу үшін оларды өздеріне ұқсас өзге затқа не құбылысқа балау
[2.214].
Метафора – бұл екі затты немесе құбылысты ұқсатып салыстыру негізінде,
олардың белгі-қасиеттерінің ассоциациялануы нәтижесінде сөздің ауыспалы мағынада
жұмсалуы. Сонымен қатар ол сана мен тілдің тығыз байланысын, дүние туралы ойлаудың
тілдік бейнеленуін көрсететін ерекше құбылыс болып танылады. Оның мәні екі затты
немесе құбылысты ұқсатып салыстыруда ғана емес, соның негізінде дүниені, қоршаған
ортаны танып-білуде. Метафора – ойлау мен танымның, шығармашылық процестің, ұзақ
уақыттың нәтижесі болып табылады. Ол әрдайым ауыспалы мағынада келіп, ойды дәл
жеткізу, көркем де әсерлі бейне тудыру, тың мазмұн үстеу ерекшелігіне орай поэзия
тілінде кеңінен орын алады. Махамбет поэзиясында сомдалған көркем бейнелердің көбі де
осы метафора тәсілі негізінде туындаған [3].
Бірқатар еңбектерде Махамбет өлеңіндегі шар сөзі осы «шарық қайрақ»
мағынасында танылады. Мысалы, ғалым З.Ахметов жоғарыда келтірілген өлең
жолындағы «балта» сөзінің метафоралық мән-мағынасы жөнінде: «Балтаның әртүрлі
ерекшеліктерін сипаттайтын анықтама сөздер күрескер ақынның бейнесін де
сипаттайды… Алдымен өзін «шарға ұстаған» – қайралған, өткір балта деуі ел бастауға,
күреске, батыл қимылға тиісті дайындығы болғанын, соған бел байлаған қалпын
танытады. Ал «шабуын таппай кетілдім» деп сол күрестің сәті түспегенін, өзінің
мақсатына жете алмай, күші азайып, көңілі басылғандай боп қалғанын аңғарта келіп,
керекті жағдай туса, әлде де күреске шығатын жігер-қуаты бар екенін «қайраса, тағы
жетілдім» деумен айқын да әдемі етіп айтып береді» [4], - деп жазады.
Қолдалынған әдебиеттер:
1.Сыздықова Р.С. Махамбеттің әр сөзін түсініп оқысақ //2003.
2.З. Қабдолов. Сөз өнері. Алматы. 1992 ж.
3.А.А.Хабиева.Тарихи лексиканың мазмұндық құрылымындағы коннотаттық
компоненттер (Махамбет шығармашылығы негізінде).
Автореферат.Алматы: 2007 ж.
4.Ахметов З. Өлең сөздің теориясы – Алматы: Мектеп, 1973 ж.
КӨРКЕМ ПРОЗАДА ҰЛТТЫҚ ТАНЫМНЫҢ БЕРІЛУІ
Испандиярова А.Т.
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті, гуманитарлық
ғылымдар магистрі, аға оқытушы
Бұл мақалада көркем прозаның дүниетанымдық аспектісі қарастырылады. Автордың танымдық
көзқарасы көркем шығарманың мазмұны арқылы айқын және дәл берілген.
В данной статье рассматриваются аспекты мировоззрения художественной прозы. Познавательные
взгляды автора отражаются четко и ясно через содержание произведения.
This avticle deals with aspects of the outlook of fiction prose. Cognitive views of the author are reflected
deeply and directly throuqh the contents of the wovk.
Адамзат баласының болашақ үшін қоғамдық, мәдени-әлеуметтік, экономикалық
т.б. күресі, сан ғасырлық тарихы, рухани жаңғырулары ұрпақтан-ұрпаққа сол ұлттың
тілінде сақталуы арқылы жетеді. Ана тілінің өміршеңдік қызметінің қуаты мен құдіреті
негізінде жаңа ұрпақ ұлтымыздың көне тарихы мен мәдениетін дұрыс танып білуге бастау
алады. Осы бастаулар кешенді тіл ғылымының көкжиегінде ұлттық мәдениеттің көзі
ретінде тағлымдық мәні зор ұлттық тілдің өн бойынан табылады. Осымен байланысты тіл
табиғатының қыр-сыры өзге ғылым салаларымен ( философиялық, мәдениеттану,
антропология, психология, мифология, этнография т.б.) тығыз қарым-қатынастың
негізінде танылып, зерделеніп отыр.
Тіл - ойды жарыққа шығаратын негізгі құрал. Тіл мен ой біртұтас ұғымдар.
Әрқайсысы тіл білімі мен логика сияқты өз алдына жеке ғылым салаларының объектісі
бола тұрса да, бірінің қызметі екіншісіне тәуелді категориялар болып табылады. Тілдің
ойды жарыққа шығарып жеткізу қызметі сол ойдың қабылдаушы тарапынан қабылдану
тетіктері арқылы жүзеге асады. Мұның негізінде тіл де өзінің қоғамдағы қарым-қатынас
құралы ретіндегі негізгі қызметін атқара алады. Тіл білімінде тіл мен ойлаудың
біртұтастығы жөніндегі бұл сияқты тұжырым бірнеше кезеңдер, уақыттар үлесінде өз
дәлелдемелерін көптеген ғылыми еңбектерден тауып, қазіргі таңда нақтыланған,
орныққан
тілдік
заңдылыққа
айналды.
Осы
орайда
этнолингвистика
мен
лингвомәдениеттану ғылымдарының сабақтастығын тіл мен мәдениет сабақтастығының
көрінісі деп анықтауға болады.
Тіл мен ойлаудың бірлігінің арнасында қарастырылатын жекелеген өзекті
меселелердің бірі - тіл мен оның дүниетанымдық қызметі. Осымен байланысты жеке ұлт
тілі ретінде қазақ тілінің дүниетанымдық қызметінің қазақ тілінің негізінде
қарастырылуының маңызы, оның ұлт мүддесі үшін қызметі, керісінше, ұлт
дүниетанымындағы қасиеттердің, арнайы ұғымдардың ана тіліміздегі көрініс табуы да өз
дәлелдері мен соның негізінде кейбір ерекшеліктерін, тілдік айналымдағы орнын көрсетіп
беруді, осы сияқты сұрақтар ауқымын жан-жақты аша түсуді қажет етіп отырғандығы
ақиқат.
Бұл ең алдымен ұлт тағдырын тілмен тығыз байланыста қарап, "тіл мен ұлт
біртұтас" деген қағида негізінде оларды өзара бірлікте қарау нәтижесінен туындап
отырғандығы да шындық.
Осымен байланысты тілдің табиғатын ұлттың тарихымен, таным-түсінігімен
байланыста тани түсудің қажеттілігінің мәнін тіл білімінде, соның ішінде қазақ тіл
білімінің де ұлттық танымға негізделген жаңа үрдісті зерттеулері көрсетіп отыр. Мұндай
бағыттағы жұмыстардың жүргізілуі ұлттық болмыс пен тұрмыс-тіршілігіне,
дүниетанымына қатысты ерекшеліктерді сипаттап, сайып келгенде, тіл мен ұлттың тығыз
бірлікте екендігін дәйектейді.
Әлемдік лингвистикалық ой-тұжырымдарда этнос тілінің ұлттық мәдениетпен
тығыз байланыстылығы, ұлт мөдениетінің сол этностың тілінде сақталып, дамып, болашақ
ұрпаққа жеткізілетіндігі туралы идея атақты ғалым В.фон Гумбольдтың: "Тіл - халық
рухы, халық рухы тіл арқылы көрініс табады" деген белгілі концепциясынан бастау алады
[1,32].
Осы бағыттағы еңбектерге көркем мәтін тілін талдаған Р.Сыздық, Е.Жанпейісов,
Б.Шалабай, Б.Момынова, С.Ғұбайдуллин, К.Еңсебаева, Б.Мұратбек т.б. зерттеулері негіз
болған.
Кез-келген тіл өзіндік жасалу жолдары бар жүйелі сөзжасам жүйесінен тұратын
тіліміздегі басқа лексикалық қолданыстағы сөздер қабаты сияқты дүниетанымдық
лексиканың да өзіндік жасалу жолдары бар. Бұл ұлт тілінің мүмкіндігіне, екінші жағынан,
жазушы шығармаларының тіліндегі сөз қолданудағы жазушының шеберлігіне
байланысты туындаған тәсілдер болып келеді. Сондықтан дүниетанымдық лексиканың
жасалу жолдарын Т.Әбдіков шығармаларынан алынған мысалдармен нақтылай отырып,
өз алдына бөлек талдап көрсетуді жөн санадық. Бұл тұрғыдан, жазушының өзіне ғана тән
сөз қолдану тәсілдері, сол арқылы ұлт дүниетанымын, болмысын берудегі шеберлігін
ашып көрсетуді де негізге алдық. Сондықтан жалпыұлттық тілдегі аталған сөздер
қабатының жасалу жолдары мен жазушының өзіне тән қолданыстардың табиғатын өзара
салыстыра отырып талдап, ара жігін ашып көрсетуге ұмтылдық. Сол арқылы тілдің
дүниетанымдық лексика жасаудағы мүмкіндігіне барынша тоқталып өтуді мақсат еттік.
Жазушы шығармаларында жиі кездесетін дүниетанымдық лексика қатарын түбір сөздер
құрайды. Алайда, бұл арада түбір сөздердің барлығын дүниетанымдық лексика қатарына
жатқыза бермейтіндігіміз белгілі. Өйткені, жазушы қолданысындағы кез-келген түбір сөз
осындай ұлт танымына қатысты сөздер бола бермейді. Олардың өз реті, қолданыста
айқындалатын ұлтқа, ұлт тіршілігіне қатысты өз мағынасы бар екендігі айқын.
Жазушы шығармаларында қазақ баласының туып-өскен жерге деген сезімі ұлттық
болмыспен ашылған. Мысалы, «Туған жерің, мейлі көкмайса болсын, мейлі кезерген
шөлейт болсын, бәрібір көкем де, ал балалық шағың мейлі рақатпен өтсін, мейлі
жоқтықпен өтсін, бәрібір балдан тәтті емес пе. Жаз бойы Қоңыраулы өзенінің жағасында
бие байлап, қымыз ашытатын он шақты киіз үй менің көз алдымда әрқашан әсем, көрікті
күйінде елестейді. Солардың күнге күйіп, қоңырайып кеткен көне туырлықтары да,
түтінге ысталған түндіктері де, жел соқса сартылдап, сабалап тұратын үзік баулары да
көңіліме алабөтен ыстық. Мен көкжиектен шашырап, күн көтеріле бастағанда-ақ
шөпшілердің кешкі салқыннан аши қоймаған саумал қымыздың екі-үш кесесін сіміріп
салып, өгізге жайдақ мінетінінен бастап, бұл ауылдың қашаған құлындарын қалай
ұстап, желіге байлайтынын, жылқы қайырып жүрген балаға кемпірлердің не деп
ұрсатынын, тіпті сәскеде самаурынның трубасынан шұбатылған көкшулан, ащы түтіннің
желсіз тымақта қайтіп көтерілетінін, түскі аңызақта көл жақтан қандай иістер келетінін,
ақырында бақташылардың кешкі айғайы мен шыбыртқылардың сартылын, жұмыстан
қайтқан шөпшілердің дабырлаған дауыстарын – бәрін қалдырмай башайлап суреттеп бере
алар едім. Өйткені бұлардың барлығы менің балалық шағымда көріп, біліп өскен белгілі
өмір ғой. Көзімді жұмсам болды, осылар тізбектеліп, сол бұрынғы ап-айқын, түсінікті
қалпында алдыма келеді» [2, 129].
Автор шығармаларында ұлттық дүниетаным ата-ана, үй лексемалары арқылы дәл
берілген. Мысалы, «Есімде, біздің үй соғыс басталған жазда Ақсуатта отырды. Біздің үй
деп отырғаным – жездемнің үйі ғой. Өзім тақыр жетіммін. «Әкең атқа мінген, билік
айтқан кісі. Мәмбетейдің ішінде содан тәуірі болған жоқ. Бірақ не керек, кешегі
аласапыранда бәрі кетті... Ал шешең болса, соның күйігінен өлді» дейтін маған үлкендер.
Бәлкім, солардың тәуірлігінен болар, әкеммен дәмдес болған адамдар мені көрген жерде
жылыұшырап, маңдайымнан сипап қалады. Бір кезде менің де өзгелердей ата-анам
болғанын, болғанда анау-мынау емес, елге сыйлы, қадірлі, жақсы адамдар болғанын
шын сезінгім келіп, әлгі кісілердің мүсіркеген сөздерін мөлиіп, беріліп тыңдаушы
ем... » [2, 130].
Мақаламызда тіл мен ойдың, тіл мен танымның, тіл мен тіршіліктің, тіл мен салт-
сананың бірлігін дөлелдеу үшін алдымен тілді, оның табиғатын тану қажеттілігі
туындайды. Яғни, аталган бірліктерді немесе олардың әрқайсысын жекелей тани түсу
үшін де ұлт тіліне үңілуге тура келетіндігі өз-өзінен алдымыздан шығатын тіл біліміндегі
өзекті мәселе болып табылады.
Соның негізінде ұлт болмысына, тарихына, салт-дәстүр, ұлттық санасына, тұрмыс-
тіршілігіне, т.б. өзіндік ерекшеліктеріне қатысты дүниелердің сыры ұлт тіліне байланысты
екендігіне көз жеткіздік. Бұған мақаламыздың өн бойында келтірілген мысалдар тобы да
дәлел бола алса керек. Нәтижесінде, ұлттың тілін тану оның бар болмысын, ұлттық
дүниетанымын тығыз бірлікте екендігі жөніндегі тұжырымды нақтылай түстік. Қазақ тіл
біліміндегі тілтаным мен дүниетаным үғымдарының біртұтас ұғымдар екендігін осындай
пікірлермен, нақты Т.Әбдіков сияқты ұлт болмысын, тарихын төптіштеп суреттеп беруге
ұмтылған жазушы шығармаларынан алынған мысалдармен делелдеп көрсетуге ұмтылдық.
Яғни, тілтаным мен дүниетаным біртұтас ұғым. Жазушы шығармалары арқылы халық, ұлт
тілін, ұлт тілі арқылы ұлт болмысын, тарихын, тұрмыс-тіршілік, салт-санасын тануға
болады. Бір сөзбен айтқанда, ұлт болмысы мен мәдениетін тануға болатын бірден-бір
құрал - ұлт тілі. Бұл - ұлт тілдерінің қай-қайсысының қарым-қатынас құралы болудан
кейінгі маңызды қызметтерінің бірі деп ұққан жөн.
Тілтаным мен дүниетаным бірлігінен келіп шығатын келесі мәселе-
дүниетанымның тілде берілу формалары жөнінде болмақ. Өйткені, аталған бірлік,
дүниетаным негіздері тілдің осы дүниетанымды бере алатын, жеткізе алатын формалары
арқылы көзіңе түспек. Сондықтан халықтың ауызекі тілінің, әдеби жазба тілдің, оның
ішінде, көркем әдебиет тілінің, әр түрлі көркем әдебиет шығармаларының, жанрларының,
түрлерінің тілдері -ұлт дүниетанымын жеткізудегі, оны танудағы басты көздер екендігін
атап өтіп, дәлел үшін мысалдар келтірдік.
Осымен байланысты зерттеу барысының ең алдымен, ұлт табиғатын білдіретін ұлт
тілі екендігі жөніндегі тұжырымымызды дәлелдесе, екіншіден, тіліміздің өз алдына
мүмкіндіктері мен қызметінің бар екендігіне мысал болып табылады. Яғни, ұлт тілін тани
отырып, оның мүмкіндіктерін де анықтауға мүмкіндік бар.
Аталған түйіндермен ұштасып жататын, тіл мен танымның бірлігіне байланысты
тағы бір мәселе - тілдің ұлт өкілінің ойлау дәрежесін бере алу, жеткізе алу қызметі, соның
негізінде ғана барып ұлт деңгейінде қабылдауға болатындығы жөніндегі мәселе. Яғни,
ұлттық ойлау да тілмен байланысты, ал оның қабылдануы да ұлттық негізде жазылып,
сөйленген - жеткізілген тілге тәуелді.
Тіл - ұлт мәдениетінің айнасы. Сондықтан тіл тек қатынас құралы ғана емес, ұлт
мәдениетін таныту және мәдени қатынас жасаудың да негізгі көзі болып табылады. Бұл
тіл біліміндегі мәдени аралық қатынас теориясының мөселелері тұрғысынан да тілдің
негізгі қызметтірінің бірі болып табылады. Біздің де негізгі мақсатымыздың қатарына -
қазақ тілінің осы қызметін, сол қызметті атқара алудағы мүмкіндігін Т.Әбдіков
шығармаларының тілі негізінде ашып көрсету. Осы жағынан келгенде, Т.Әбдіковтің
көркем мөтіндерінде қазақ ұлтының мәдени құндылықтары негізінде ұғындырылып,
былайша айтқанда, мәдени қарым-қатынастың ұйтқысы бола алады.
Дүниетанымдық ұлттық лексикаға байланысты екендігі бір ерекшелік -олардың
көркем шығарма тілінің көркемдік менін ашудағы орнында. Ұлт тілінде жазылған көркем
шығарма тілінің көркемдігі сол ұлт тіліндегі лексикалық байлықты барынша және орынды
қолданудың негізінде ғана көркемдік талапқа сай, әсерлі болуы көркем шығарма тілінен
алынған нақты мысалдармен дәлелденді. Осы тұрғыдан, дүниетанымдық лексика
көркемдік мәнді ажарлап тұратын ұлттың ойлау ерекшелігін жеткізетін көркем тілдік
элемент ретінде анықталды.
Қолданылған әдебиеттер
1.
Гумбольдт В. Избранные труды по языкознанию. - М.: «Прогресс», 2000. -
400 с.
2. Әбдікұлы Т. Әке. Повестер мен әңгімелер. - Алматы: «Қайнар», 2005. -384 б.
ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН
МАҒЫНАЛЫҚ СИПАТЫ
Абильбекова Б.Т.
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Тілдік даярлау орталығының
аға оқытушысы
Бұл мақалада тіл біліміндегі фразеологизмдердің пайда болуы мен мағыналық түрлері
қарастырылған. Автор фразеологизмдердің мағыналық ерекшеліктерін нақты, дәлелді мысалдармен ашып
көрсеткен.
В статье на основе анализа обширного лингвистического материала рассматривается этимология и
семантические разновидности фразеологизмов.
In the article the etymology and semantic varieties of phraseology based on extensive analysis of the
linguistic material is considered.
Достарыңызбен бөлісу: |