Жануарлар экологиясы


Тундрада  жыл  бойында  түрақты  мекендеп  отырықты  тіршілік ететін  қүстар  өте  аз.  Мүнда  ақ  жапалақ  (Ыусісо  зссіпсіісіссі)



Pdf көрінісі
бет15/19
Дата03.03.2017
өлшемі12,67 Mb.
#7245
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

Тундрада  жыл  бойында  түрақты  мекендеп  отырықты  тіршілік
ететін  қүстар  өте  аз.  Мүнда  ақ  жапалақ 
(Ыусісо  зссіпсіісіссі),
  аққүрлар
ғана  жыл бойында отырықты тіршілік етеді.
Аққұрдың  қыста  қарды  қазып,  қар  астынан  өсімдіктің  тамыры
мен түқымын тауып  қөректене алатыны жэне қыс басталардан  бүрын 
түлеп,  жүні  ағаратындығы  оның  тундралық  табиғаттың  маусымдық 
өзгерісіне  терең  бейімделгенін  дәлелдейді.  Қыста  аққүр  қардан 
айрылып 
көрінбейді,  ал  жазда 
сұр  қоңыр  түске  айналып 
түлейтіндіктен  осімдіктің  арасынан  қандай  да  қырағы  көзге  оңай
шалынбайды.
Сүтқоректілерден  тундрада  ең  коп  кездесетін  және  кең  тараған 
жануар  лемминг.  Тундра  белдемінде  леммингнің 
бірнеше  түрі 
тіршілік етеді:  норвег лимминг 
(Іет т т   Іеттш )   ,
  сібір лемминг 
(  Ь. 
яіЪігісиф,
  сары  бауыр  лемминг 
Щ  сһгузо^авіег)
  қаратабан  лемминг 
(   і '   пщгіреа)
  т.б.  Жазда  жер  беті  жібіген 
кезде  лемминглер 
топырақтың  15-20сантиметр терең  қабатында көп  тармақты  ін  қазып, 
жер  астынан  шым-шытырық  күрделі  жол  тартады.  Оның  кей 
жерлерін  кеңейтіп  үрпақтарын  өсіретін ұя жасайды.  Олар өсімдікпен 
қөректенеді:  жапырақ,  тамыр,  жеміс  жидектің  қай-қайсын  талгамай 
жейді.  Лемминглер  оте  өсімтал.  Аналық  бір  лемминг  бір  ретте  3-9 
үрпақ  табады.  Туған  ұрпагы  2  айдан  соң  ересейіп  жыныстық 
қатынасқа  түсіп  күшіктей  бастайды.  Сондықтан  олардың  саны 
бірнеше  жылда  бір  рет  шектен  тыс  көбейіп  түрады.  Мұндай  көрініс 
популяциянын  «  сандық жарылысы»  немесе  популяциянын  күрт  өсуі 
деп  аталады.  Күрт  өскен  кезде  леммингінің  саны  эдеттегіден  40-100 
есеге  дейін  артады.  Ондай  кезде  леммингілер  жаппай  көшіп  қоныс 
(мекен) 
аударуга  мәжбүр  болады.  Леммингілер  ақ  түлкі,  ақкіс
178

қатарлы  терісі  бағапы  аңдардың  негізгі  қорегі 
болғандықтан 
тундрадағы 
жануарлардың 
қоректік 
тізбегінде 
маңызды 
рөл
атқарады.
Тундра  белдемінде  тіршілік  етуге  бейімделген  айыр  тұяқты 
сүтқоректі  жануарлардың  бірден  бір  өкілі-  солтүстік  бұғысы 
(Кап§і/ег  шгапсіш).
  Солтүстік  бұгысының  айыр  тұяғының  арасы 
ашылып  ауданы  үлкейетіндіктен  батпаққа  батпай  еркін  жүруіне 
қолайлы.  Бұгының  саусақтарының  тұяғы  жалпақ  жэне  тұяқтың  ішкі 
жағына  қарай  имек  болатындықтан 
қарды  теуіп  қазуына  өте 
қолайлы.  Тұмсығының  ұшы  мұрынының  тесігіне  дейін  жүнмен 
қапталғандықтан  қандай  суықта  да  қар  астынан  жем  тауып  жей 
алады. 
Солтүстік 
бұғысы 
жазда 
шөптесін 
өсімдіктермен, 
саңырауқұлақтармен  жэне  талдың  жапырағымен  қөректенеді.  Ал 
қыста  қалындығы  70-80  см-ге  жететін  қарды  тұяғымен,  мүйізімен 
қазып,  қар  астынан  қына  теріп  жейді.  Солтүстік  өлкелерде 
мекендейтін  халықтардың  кэсібінің  негізгі  көзі  -   солтүстік  бұғысы. 
Тундраның  кең  байтақ  алқабында  солтүстік  бұғысы  мың-мыңдаған 
үйірімен  кездеседі.  Солтүстік  бұғысы  тундра  жерінде  жабайы  түрде 
кездесумен  қатар  қолға  үйреткен  үй  жануары  ретінде  бағып, 
күнделікті  сүтін,  етін,  терісін,  мүйізін  пайдаланатын  бүғылар  да  аз 
емес.  Тундрада бұғы  шаруашылығы жақсы дамыған.  Бұғының негізгі 
жауы — қасқыр 
(Сапіз Іириз).
Тундра  биоценозында  лемминг  тышқандарымен 
қөректеніп 
екінші  реттік  түтынушы  (консумент)  рөлін  атқаратын  жануарлардың 
бірі  ақтүлкі 
(Аіорех Іо&орш).
  Ақтүлкі 
(25-сурет)
  солтүстіктің
табиғи 
жағдайына 
өте 
жақсы 
бейімделген. 
Леммингілермен 
қөректенудің  сыртында  көктемде  құстардың  жұмыртқасын  жейді. 
Қыста леммингіні  қар астынан үстап жей алмайтындықтан ақтүлкілер 
оңтүстік  өлкелерге  ауып  мекен  ауыстырады.  Ақтүлкі  күшігін  інге 
туып өсіреді  8-18-ге дейін күшік табады.
Қорытып 
айтқанда, 
тундра 
биомының 
жануар
қауымдастығында  төмендегідеи  негізгі  сипаттар  оар  екенін  көреміз: 
а)  тундра  жерінің  50-60  пайызы  жануарлар  тіршілік  етуге  жарамсыз 
(мәңгі  мүз,  тоң,  су,  батпақ  т.б).  Сондықтан  тіршілікке 
жарамды 
жерлерінде  жануарлар  тыгыз  қоныстанады.  (Мысалы,  қияқөлең  - 
мүкті  тундраның  1  шаршы  метр  жерінде  құстың  16-24  ұясы 
кездеседі);  б) тундра жануарларынын  көбі  қыста  жылы  жаққа  көшіп, 
қоныс аударып  кетеді,  қалғандары  қысқы үйқыға  кетеді  (омыртқасыз 
жануарлар),  белсенді  тіршілік  ететін  кейбіреуі  (лемминг,  тоқалтіс
179

тышқан)  қыс  бойы  жер  бетіне  шықпай,  қар  астында  өмір  сүреді,  в) 
тундра жануарларынын зат алмасу (метаболизм) үрдісі жаз мезгілінде 
өте  екпінді  жүріледі.  Соның  нәтижесінде  олар  жаздың  қысқа 
мерзімінде  көбейіп  үлгерумен  қатар,  қыс  түскенше  өсіп  жетіліп, 
денесіне  азықтық  заттың  қорын  жинап  та  үлгереді,  г)  дене 
температурасы  түрақты  (гомеотермді)  тундра  жануарларында  қыста 
температурасын  азайтып  реттеу  қабілеті  жақсы  дамыған.  Денесінің 
температурасы  төмендеуіне  байланысты  олар  ішкі  энергиясын  аз 
жұмсайды.  Энергияны бүлай үнемдеу қыста азығы аз,  қары көп, суық 
белдемнің 
жануарларына 
аса 
қажетті 
қасиет; 
д) 
тундра 
жануарларынын 
тіршілігінде 
тэуліктік  айырмашылық  аз,  оның 
есесіне  маусымдық  айырмашылық  айқын  жүріледі,  е)  эр  жылдың 
өзгешілігіне 
сэйкес  тундра  жануарларынын  саны  өте  ауқымды 
мөлшерде  ауытқыйды.  Осыған  байланысты  олардың  арасындағы 
қоректік  өзара  байланыс  та  тұрақты  емес  -   тез  өзгереді.  Мысалы, 
ту нд рад а  лашын  әдетте  шалшықшы,  аққүр  қатарлы  қүстармен 
қөректенеді, 
бұл 
құстар 
аз 
жылдарда 
лашын 
леммингімен 
қоректенуге  ауысады.  Жалпы  өзінің  экологиялық  талабын  тез 
өзгертіп,  кезіндегі  табиғи  жағдайға  оңай  бейімделу  I   табиғаттың 
қатаң да  өзгермелі  мінезіне  сәйкес  сүрыпталып  аман  қалудың  негізгі
бір жолы деп көрген жөн.
10.3 Орман белдемі
Орман  белдемі  -  әлемдегі  ең  үлкен  белдем.  Ол  тундра 
белдемінің 
оңтүстігінде 
Солтүстік 
Америка, 
Европа, 
Азия 
қүрлықтарында  жалғасып  орналасқан.  Европа  құрлығында Норвегия, 
Швеция,  Финландияның  жерінің  көп  бөлігін,  Ресейдің  батыс 
шекарасынан  Тынық  мүхиттың  жағасына  дейінгі  аса  ауқымды 
аймақты  орман  белдемі  иеленеді.  Ал  солтүстіктен  оңтүстік бағытта  2 
мың  шақырымдық  кең  байтақ  аймақты  орман  белдемі  иеленеді. 
Орман  белдемі  қылқанды  орман  белдемшесі  яғни  тайга,  қоңыржай 
олкенің жапырақты орман белдемшесі деп бөлінеді.
10.3.1  Қылқан жапырақты орман белдемшесі
Қылқан  жапырақты  орман,  ягни  тайга  белдемшесі  тундранын 
оңтүстігінде  қылқанды  ағаштардан  құралған  бітік,  байтақ  орман 
алқабын 
иеленіп 
жатыр. 
Тундрамен 
салыстырғанда 
қылқан
180

жапырақты  орман  белдемшесінің  климаты  жұмсақ.  Желі  де,  аязы  да 
сонша  қатты  емес  және  вегетациялық  кезең  айтарлықтай  ұзаққа 
созылады.  Жылдың  ең  жылы  айы  -   шілденің  орташа  температурасы 
тайга  белдемшесінің  солтүстік  өлкелерінде  +12°С,  оңтүстігінде 
+19°С.  Батысынан  шығысына  қарай  қысы  суыта,  жазы  -   жылы, 
қуаңдана  түседі.  Жылдың  ең  суық  айы  -   қаңтар  айының  орташа 
температурасы  батысында -   10-15°С,  ал  шыгысында -  43°С,  жылдық 
жауын-шашынның  мөлшері  бүл  белдемшенің  батысында  600мм,  ал 
шығысында  300  мм-ден  аспайды.  Жылдық  жауынның  мөлшері 
жылына  жер  бетінен  буланатын  ылгалдың  мөлшерінен  көп, 
сондықтан 
өсімдіктің 
өсуіне 
ьшғал 
жеткілікті 
гана 
емес, 
қажеттіліктен  артық.  Сондықтан  мұнда  топырақтың  шайылуы  жэне
батпақтану құбылысы орын алады.
Евразия  құрлыгында  қьшқан  жапырақты  орманның  негізін 
шырша 
(Рісеа),
  самырсын 
(АЫез),
  қарагай 
(Ріпш),
  балқарағай 
(Ьагіх) 
туыстарына  жататын  ағаштар  құрайды.  Неарктикалық  тайгада 
(Солтүстік  Америка),  бұлардан  басқа  тсуга 
(Тзи%а),
  туя 
(Тһіуа)
  деп 
аталатын қылқан жапырақты ағаштар орманның негізін қалайды.
Қылқан  жапырақты  ағаштардың  жапырағы  қылқан  тәріздес 
(ягни  тікен  тәріздес)  жіңішке,  үшкір.  Ол  көбінесе  қыста  да  түспей, 
ағашта 
сақталады. 
Сондықтан 
вегетациялық 
кезеңді 
кеңінен 
пайдаланып  фотосинтезді  ұзақ  уақыт  жүргізуге  мүмкіндік  береді. 
Жэне  агаштарды  қыста  қураудан  сақтайды.  Қылқанының  демтесігі 
жабық  кезде  қылқанды  ағаштар  денесінен 
ылгалды  өте  аз 
буландырады.  Қылқанды агаштар  кыстың суыгына төзімді,  қандай да 
салқын  кездердің  өзінде  ассимиляция  жүргізуге  қабілетті.  Олардың 
сұлбасы  (крона)  жіңішке  және  ұшар  басына  қарай  конус  тәріздес 
сүйір  болгандықтан  қыста  бұтағына  қар  аз  тоқтайды  (қардың 
салмағын  көтере  алмай  сыну  қаупі  аз).  Сұлбасы  конус  тәріздес 
болгандықтан  күн  сәулесі  барлық  бұтақтарына  біркелкі  түсу 
мүмкіндігі мол.
Қылқан  жапырақты  орман  кобінесе  монодоминант  немесе 
олигодоминант  құрылымды,  белдеулік  қабаты  (ярус)  коп  емес:  ағаш, 
бұта,  бұташалы-шөптесін  белдеулері  жэне  топырақ  бетіндегі  мүк 
немесе қына қабаты деген 3-4 белдеу қабаттан тұрады.
Орман түзуші ағаштардың құрамына және олардың экологиялық 
ерекшелігіне  сәйкес  қылқанды  орманды  күңгірт  қылқанды  және 
жарық  қылқанды  деп  бөледі.  Күңгірт  қылқанды  тайгалық  орман 
шырша,  самырсын,  сібір  қарағайы  қатарлы  ағаштардан  құралады.
181

құрайды
орманды  түзетін  шырша,  самырсын,  сібір  қарағайлар  -   көлеңке 
сүйгіштер. Сондықтан олар өте бітік өседі. Ондай бітік орманның жер 
бетіне  күн  түспейді,  түссе  де  күн  сәулесі  жетіспейтіндіктен  бұталар 
аз,  бұташық  пен  шөптесін  өсімдік  мүлдем  өспеуі  де  ықтимал.  Сол
фитоценозы
құралады
Жарық  қылқанды  орман  жарықсүйгіш  ағаштардан  (балқарағай, 
кәдімгі  қарағай)  қүралады.  Сондықтан  олар  өзара  алшақ  орналасып 
сирек  орман  алқабын  түзеді.  Орман  ағаштары  сирек,  күн  сәулесі 
жеткілікті 
болғандықтан 
ағаштардың 
арасына 
әлпеншек 
(Кһосіосіепсігоп)
,  гүлбұршақ 
(Суіізш),
  қарақат 
(КіЬез),
  итмүрын 
(Коза) 
қатарлы 
бірталай 
бұталар 
және 
шөптесін 
өсімдіктер 
өседі. 
Топырағының  бетін  жапқан  эртүрлі  қыналар  мол  кездеседі.  Шүғыл 
континентік  климат  жағдайы  өскен  сайын  сібір  балқарағайының 
орынын даур  балқарагайы  басып,  жарыққылқанды  орман  онан  сайын 
сирей  түседі.  Қылқанжапырақты  орман  белдемшесінің  кейбір  тау 
қойнаулары  мен  өзен  аңғарларында  қайың 
(Веіиіа),
  терек 
(Рориіш
) , 
қандыағаш 
(Аіпиз)
  т.б.  үсақжапырақты  орман  алқаптары да  кездеседі 
жэне 
олар 
тайгалық 
орманды 
мекендейтін 
жануарлардын
алуантүрлігінің көбеюіне үлкен рөл атқарады.
Тундрамен  салыстырғанда қылқанжапырақты орман белдемшесі
жануарларға бай.  Себебі:  орманда қоректік заттар  мол,  қысқы  суықта 
көптеген  жануарлар  орманды  паналайды  жэне  жыртқыштардан 
жасырынып  қорғанады.  Қылқанжапырақты  орманның  ағаштары  мен 
бұталары  алуан  түрлі  жәндіктер  мен  ұсақ  қүстардың  мекенжайы, 
қорғанышы  жэне  қоректік  көзі  бола  алады.  Тайгалық  орман 
жануарларының  арасында  қоректік  байланыстың  сан  алуан  түрін 
кездестіреміз.  Әртүрлі  жәндіктер  өсімдіктің  шырынын,  балын  сорып, 
жапырағын,  тамырын,  сүрегін  т.б.  вегетативтік  және  генеративтік 
мүшелерін  жеп  тіршілік  етеді.  Орманның  жасыл  улпаларымен 
(жапырақ,  өркен,  бүршік)  қоректенетін  жәндіктер  өте  көп.  Олар 
хл орофитофагтардың  қоректік  тобын  қүрайды.  Мысалы,  қарагай 
жібеккөбелегінің,  сібір  жібеккөбелегінің  дернәсілдері  күрт  көбейген 
жылдары  қыруар  орманның  қылқанын  әп-сәтте  «жалмап»  қояды. 
Жәндіктердің  келссі  бір  тобы  орман  ағаштарының  қабығын,  дінін, 
сүрегін 
жеп 
зақымдайды. 
Бұлар 
діңжеушілер, 
яғни 
дендрофагтардың  қоректік тобын  құрайды.  Бұл топтың өкілі ретінде 
қылқанды  орман  ағаштарда,  кең  тараған  қабық  жегі 
(ІрШсів)
,  сүген
182

(СегатЪусісіае),
  зер 
(Виргезіісіае)
  қоңыздар  тұқымдасына  жататын 
көптеген түрлі қоңыздарды атауға болады.
Жылы 
маусым 
басталысымен 
қылқанжапырақты 
орман 
белдемшесінде  маса,  сона,  құмыты,  қатарлы  көптеген  қансорғыш 
жәндіктер 
құжынап 
шығады 
да  жаз 
бойы 
ұрпақ 
шашып, 
популяциясының  санын  көбейтеді.  Бұлар  қансорғыш  тоғышар 
жэндіктердің яғни  гематофаг  паразит жәндіктердің  қоректік тобына 
жатады.  Тайга  орманында  көптеп  кездесетін  және  адамның 
денсаулыгына  аса  қауіпті  гематофаг  паразиттің  бірі-тайга  жөлек 
кенесі 
(Іхосіея регзиісаіш ).
  Ол  өрмекші  тэрізделер  класының  кенелер 
(Асагі)
  қатарына,  жөлек  кенелер 
(ІхосіШае)
  тұқымдасына  жатады. 
Тайга  жөлек  кенесі  кеміргіштердің  қанын  сорған  кезде  энцефалит 
ауруының вирусын  өзіне алады да келесі  ретте адамның  қанын  сорса 
адамга  жұқтырады.  Энцефалит  -   мидың  қабыну  ауруы.  Асқынган 
жагдайда  адамды  өлімге  ұшырататын,  не  жарымжан  болдыратын 
қауыпті ауру.
Тайга орманында жыртқыш  жәндіктердің  ягни  зоофагтардыц 
қоректік  тобын  құрайтын  ызылдақ  қоңыздар 
(СагаЬісіае),
  көптеген 
түрлі  өрмекшілер 
(Агапеі)
  мен  қырықаяқтар 
(Мугіаросіа)
  жэне 
құмырсқаның 
(Ғогтісісіае)
  түрлері  көптеп  кездеседі.  Бұлар орманның 
зиянкес  жәндіктерін  жеп,  олардың  санын  тұрақты  деңгейде  ұстап 
тұратындықтан орман шаруашылыгына маңызы зор.
Орманда  жыл  сайын  қурап  түскен  жапырақ,  ескі  шөп,  агаш 
бұталардың  қалдыгын  жэне  өлген  жәндік  пен  жануарлардың 
өлексесімен  қоректеніп,  олардың  ьздырап  қарашіріндіге  айналуына 
көмегін  тигізетін  омыртқасыз  жануарлардың  тобы  аса  көп.  Олар 
тайга  орманының  топырагында  (басым  көпшілігі  топырақтың  5-20 
сантиметрге 
дейінгі 
беткі 
қабатында) 
кездеседі. 
Олар 
шіріндіжегілердің  ягни  сапрофагтардың 
қоректік  тобы  деп 
аталады.  Бұл  қоректік  топқа  топырақта  тіршілік  ететін  жұмыр 
кұрпар 
(Ыетаіосіея),
  буылтық  құрттар 
(Аппеіісіез),
  сауытты  кенелер 
(ОгіЪаіеі),
  есек құрттар 
(Ізоросіа),
  көптеген  жәндіктердің дернэсілдері 
жатады. 
Заттектердің 
табигаттагы 
айналымын 
жылдамдатып, 
топырақта  қарашірінді  түзіп  құнарландыруга  бұл  қоректік  топтың 
маңызы орасан зор.
Қосмекенділер  мен  бауырымен  жоргалаушылар  -   жылу  сүйгіш 
жануарлар,  олардың  көпшілігі  климаты  жылы  субтропикалық 
белдемде  кездеседі.  Салқын  қанды  омыртқалы  жануарлардың  ішінен 
суыққа ең төзімді  кейбір өкілдері  гана тайга белдемшісінде кездеседі.
183

Атап  айтсақ  төртсаусақты  құйрықты  бақа  яғни  тритон 
упупиши* 
кеузегііпеі)
  сібір бақасы немесе қызылаяқ бақа 
(Капа атигетів),
  шөп 
бақа 
(КЛетрогагіа)
  қатарлы  өкілдері  тайга  белдемшесінің  тундрамен 
шектесетін  солтүстік  шекарасына  дейін  жетш  тараған.  Таиганың 
Европалық  бөлігінде  сүйіртұмсық  бақа 
(К.апгаһа)
  кең  тараған.  Ол 
тіршілігінің көбін  құрлықта өткізеді. Тек уылдырық шашатын  кезінде 
ғана  суда  мекендейді.  Тайга  белдемшесінің  оңтүстік  бөліпнде 
қүрбақаның 
(Ви/о)
 
кейбір 
түрлері 
кездеседі. 
Бауырымен 
жорғалаушылар  класынан  сүржылан 
(Уірега  Ъегиз),
  балалағыш 
кесіртке 
(Ьасегіа  ут рага)
  қылқан  жапырақты  орман  белдемшесінщ
М аігіх  паГпх)
  оңтүстік
тараған.
Қылқан  жапырақты  орман  белдемшісі  қүстарға  бай.  Бұл 
белдемшеге тэн  негізгі  құстарға  сүрқұр 
(Вопаза  Ъопаза),
  меңіреу  құр 
(Теігао  игоёаіііз),
  кәдімгі  қүр 
(Ьугигиз  Іеігіх)
  жэне  ақ  құр 
(Ьа§орш 
Іаяорш)
  қатарлы  тауықтәріздес  құстар  жатады  (26
-сурет).
  Бүл

г   /
 
л 
*
 
.  •  • 
_____ IV  Яаг\-  уяы
қүстардың
құйрыгын  жайып,
| \ С І г 1  V  О І V  О І  
— ----------------- 
Ш
 
М  
! / •  
А
ерекше  қозғалыстар  жасап  қораздану  жоралғысын  жасаиды.  Қьіста 
қардың  астынан  үңгір  жасап  сол  үңгірде  түнейді,  күндіз  тірішліпнщ 
көбін  жерде  өткізеді,  әредік  ағаштың  бұтағына  шығып  қаиың, 
қандыағаш, 
талдардың 
бүрін, 
бүршігін, 
сырғагүлдерін 
және 
бұтақтардың  ұшының  жіңішке  жұмсақ  бөліпн  жеп  қоректенеді. 
Жазда  өсімдіктің  жапырағын,  жемісін  тұқымын  қорек  етеді. 
Балапандары  эртүрлі  жәндіктерді  де  теріп  жейді.  Бүл  қүстардың 
ұрғашысы  жұмыртқа  басады,  ал  еркегі  ұясының  маңаиында 
ұрғашысын  қорғаштап  жүреді.  Аталмыш тауықтәріздес құстар  ширақ 
балапанды  құстар тобына жатады:  жұмыртқадан  жаңа ғана жарылған 
балапаны  қауырсынының  суы  кеуіп  бола  бере  ұясынан  шығып,
енесіне еріп өздігінен тіршілік ете бастайды.
Жоғарыда  аталған  құрлар  -   отырықты  қүстар:  жылдың  барлық
мезгілінде қоныс ауыстырмай бір орында ғана мекендейді.
Қыста  қардың  астын  қуыстап  үңгір  жасап,  сонда  түнеп  жэне
суықтан  қорғануға  бейімделгенінің  нәтижесінде  бұл  құстар  таига
орманының табиғи жағдайына жақсы бейімделген.  ^
Тайга  орманының  табиғи  жағдайына  жақсы  үйлескен  тағы  6ір 
құс  -   шыршашыл  қайшауыз  - 
Ьохіа  сиЫ гозіга
  (
26-сурет).
  Онын 
тұмсығының 
астыңғы 
және 
үстіңгі 
жақтауы 
өзара 
аиқасып
Т
у м с ы г ы н ы н
 
осындай  айқыш  қүрылымының  арқасында
184

ол  қылқан  жапырақты  ағаштардың  бүрін  оңай  және  өте  тез  жарып, 
бүрдің  ішіндегі  түқыммен  қоректенеді.  Шыршашыл  қайшыауыздың 
қорегінің  85-90  пайызы  қылқан  жапырақты  ағаштардың  түқымынан
қүралады.
Қылқан  жапырақты  орманға  жақсы  бейімделген,  түқым  жегіш 
құстың  тағы  бір  өкілі  -   самыркеш 
(Ыисііга§а  сагуосаіасіез).
  Бүл 
қүстың  тұмсығы  ұзын,  бүтақтан  бүтаққа  өте  ептілікпен  секіріп, 
ағаштың  бүріне  аспақталып  түрып  аса  шеберлікпен  бүрді  жарып, 
тұқымын  теріп  жейді.  Ол  көбінесе  қарағай,  шыршаның  түқымымен, 
аздап  жәндіктермен  қоректенеді.  Түқымнан  қысқа  қор  жинайды.
Бірақ оны қыста түгелдей пайдаланбайды.
Тайгада жыртқыш  құстардың да көптеген түрі  кездеседі.  Мүнда
түрақты  және  жиі  кездесетін  жыртқыш  қүстарға  қаршыға 
(Ассірііег 
%епІіІіз),
  қырғи 
(А.  пізиз)
  қатарлы  күндіз  белсенді  тіршілік  ететің 
жыртқыштар  ұсақ  қүстарды  және  тиін,  қоян,  борша  тышқандарды 
қорек  етеді.  Түнде  белсенді  тіршілік  ететін  жыртқыш  құстардың 
тайгалық орманға тән  өкілі  — кезқүирық жапалақ 
(8ігіх  игаіепзіз).
  Ол 
тайгада  түрақты  тіршілік  ететін  отырықты  құс.  Бірақ  кей  жылдары 
тайгада  қоректік  жануарлар  жетіспеуіне  байланысты  аралас  орманға 
немесе  жапырақты  орманға  қоныс  аударады.  Кезқүйрық  жапалақ 
тайга орманыңда үсақ құс, кеміргіштермен қоректенеді.
Тайгалық  орман  інде  тіршілік  ететін  кеміргіштерге  онша  бай 
емес,  бірнеше  түрлі  тоқалтістер 
(Місгоіш)
  мен  орман  тоқалтісі 
(Сіеіһгіопотиз)
  туысына  жататын  түрлер  жиі  кездеседі.  Соның  бірі 
қызыл  тоқалтіс 
(Сіеіһгіопотуз  пі(іііз)
  тышқан.  Бүл  тышқан  орман 
ішінде  ін  қазып 
мекендеумен  қатар  орманда  жығылған  ағаштың 
кеуектерін,  қуыстарын  мекен  етеді.  Қылқанжапырақты  ағаштардың
тұкымымен қоректенеді.
Орман  ағаштарын  түрақты  орынжай  етіп  тіршілік  ететін
кеміргіштер яғни дендробионт  кеміргіштерден  тиін 
(Зсіигиз  уиі^сіі із), 
үшяр 
(Ріеготуз  уоіапз),
  борша  тышқан 
(Татіаз  зіЬігіса)
  тайга 
орманында  кең  таралған 
(26-сурет).
 
Бүлар  тайганың  табиғи 
жағдайына  нағыз  бейімделген  кеміргіштер.  Қылқан 
жапырақты 
ағаштардың  үрыгын,  ормандағы  жеміс  жидек,  саңырауқұлақтармен 
қоректенуі,  оларды  қысқа  қор  болдырып  жинауы,  ағаштан 
ағашқа, 
бүтақтан  бүтаққа  аса  ептілікпен  секіріп  қозғалуы,  ағаштың  қуысына 
үя  салып  мекендеуі,  бүршікті  жарып  жаңғақ  шагуға  шеберлігі  міне 
осының бэрі  бүл  кеміргіштердің тайгалық орман  тіршілігіне  ежелден 
бейімделген, орман жануарлары екенін дәлелдейді.
185

М
-£> •—
/
?
12
11
26-сурет. Тайгалык орман белдеміне тэн жануарлар:
1- торт саусақты  кұйрықты бақа -  тритон;  2- сұр құр; 3-  меңіреу  кұр; 4- 
қайшыауыз;  5- самыркеш; 6- қаршыға;  7- кезқұйрық жапапақ;  8- ұшар;  9-
борсық;  10- сусар;  11- кұну;  12- сілеусін.
186

Тайга  орманының  ең  ірі  жануары  -   бұлан 
(Аісез  аісев).
  Бұлан 
көбінесе 
ағаш, 
бұталардың 
жапырағымен, 
аздап 
шөптесін 
өсімдіктермен, 
саңырауқұлақ, 
мүк, 
қыналармен 
қоректенеді. 
Бұланның  сирагы  ұзын,  тұяғы  жалпақ.  Сондықтан  ол  тайгада  жиі 
кездесетін  батпактарға  да,  қыста  қалыңдығы  40-50  сантиметрге
жететін қарға да ешбір бөгелмейді.
Тайгалық  орманға  тән  жануарлардың  біріне  борсық 
(Меіев
теіез)
  жатады.  Борсық  өте  күрделі  жэне  терең  ін  қазады.  Інінің 
тереңдігі  3  метрге  дейін  жетеді  жэне  жер  астында  бірнеше 
тармақтанады. 
Борсық 
жауын 
құрты, 
былқылдақ 
денелілер, 
жэндіктер, 
бақа, 
кесірткелермен, 
жэне 
ұсақ 
құс, 
кеміргіш 
жануарлармен  қоректенеді.  Сонымен  қатар  жеміс,  жаңғақ,  әртүрлі 
шөптесін  өсімдіктерді  де  қорек  етеді.  Осылайша  кез  келген  қоректік 
затгың  бэрін  жейтін  тапғамсыз  жануарлар  пантофаг  қоректілер  деп
аталады.
Тайгалық  орманның  негізгі  бір  пантофаг  жануары  -   қоңыр  аю 
(
ІІГ
5
ш  агсіоз).
  Қоңыр  аюдың  түсі  қылқан  жапырақты  ағаштардың 
діңінің  түсіне,  мүктің  түсіне  ұқсас.  Бүл  көрініс  аулап  жейтін  жеміне 
көрінбей  баспалап  жақындауына  пайдалы.  Қоңыр  аю  ешбір  қорек 
талғамайтын  нағыз  пантофаг  жануар:  жеміс,  жидек,  өсімдіктің 
тамырын  араның  балын,  құмырсқа,  жәндіктерді,  жэндіктердің 
дернәсілін  жеумен  қатар  елік,  бүғы  ,  бүландарды  әсіресе  олардың 
жас  төлін  үстап  жейді  .  Қыста  апанға  жатып  ,ұзақ  үйқыда  қысты 
өткізеді.  Әйткенмен  қысқы  үйқыға  жату  жатпауы  жеміс  жидек,
қоректік  заттың табылуына да байланысты.
Қиыр  Шығыстың  тайгалық  жэне  аралас  орманында 
қоңыр 
аюдан  басқа ірбіс ягни  қабылан 
(Рапіһег рагсіиз
  ), жолбарыс 
(Рапіһег 
(І£гіз),
  қиыр  шығыс  мысығы 
(ҒеШ  Ъеп£аІеп8І$)
  қатарлы  ірі
жыртқыштар мекен етеді.
Сібірлік  тайгаға  тэн  сусар  тұқымдас  ұсақ  жыртқыштардың 
бірінше  түрі  бар.  Олар  сары  күзен 
(Мизіеіа  зіЬігіса),
  аққалақ 
(М.піуаііз),
  ақкіс ( 
М.егтіпеа),
  сусар 
(Магіез  таПе$
 ), бұлғын 
(Магіез 
гіЬеІІіпа),
  қүну 
(Оиіо  %и16).
  Бүлар  інде  тіршілік  ететін  ұсақ 
кеміргіштермен,  тиін,  борша  тышқан,  қоян,  жертеселермен  және 
тауық 
тәріздестер,  торғай  тәріздестер  қатарына  жататын  үсақ 
құстармен 
қоректенумен 
қатар  жеміс,  жаңғақ  жеуден  де 
тартынбайды.  Бүлғын,  сусарлар  жемін  жерден  аулаудың  сыртында 
ағашқа  да  жақсы  өрмелейді.  Ағаштың  қуысына  қорым  тастардың 
арасына  үялап,  жылына  бір  рет  2-5 
күшік  туады. 
Ақкіс,
'  
187
I

аққалақтардың  түсі қыста ағарады.  Барлық сусар тұқымдастар тәрізді 
ақкіс  аққалақтардың  да  денесі  үзын  және  жіңішке,  иіліп  бүллуге 
икемді.  Осындай  икемділігі 
оларға  кеміргіштердің  ініне  кіріп,
жаппай жеп жоюына мүмкіндік туғызады.
Сусар  тұқымдас  бұл  жыртқыштардың  барлығы  да терісі  бағалы
және тышқан тәріздес кеміргіштерді жеп, олардың санын реттеушілер
ретінде  маңызы зор.
Осылайша 
біз  қылқанжапырақты 
орман 
белдемшесінде
тіршілік 
ететін  жануарлардың  құрамына  шолу  жасап  таныстық. 
Бұнда  қалыптасқан  жануарлар  бірлестігінің  экологиялық  негізгі 
ерекшелігіне тоқталсақ:  а)  жануарларының  басым  көпшілігі  суыққа 
төзімді, 
эврибионттардан 
құралады; 
б)тайганың 
солтүстік 
шекарасына  қарай  жақындаған  сайын  жануарлар  популяциясының 
тығыздыгы  азая  түседі;  в)  мүнда  қыста  бұйыққан,  қысқы  ұйқыға 
кеткен  күйде  өткізу,  немесе  қысқа  арнап  азықтың  қорын  жинау 
көптеген  жануарларға  тэн  қасиет;  г)  тайга  жануарларының  дерлік 
барлығы  тек  көктемде,  жазда  (жылы  мезгілде)  ғана  көбейеді.  (Тек 
шыршашыл  қайшыауыздар  ғана  қылқан  жапырақты  ағаштар  мол 
тұқым  берген  жылы  қыста  жұмыртқалайды;  д)  тайгалық  жануарлар 
бірлестігінің  құрамы  мен  құрылымы  жылдың  мезгіліне  байланысты 
үлкен  өзгерістерге түседі: жануарлардың жазғы құрамының шамамен 
оннан  бір  бөлігі  ғана  қыста  тайгада  белсенді  тіршілік  етеді.  Өзгесі 
қыста  басқа  жаққа  ауып  көшіп  кетеді  немесе  қысқы  ұйқыга  кетіп 
қозгалыссыз  енжар,  бүйықпа  күйде  қысты  өткізеді.  е)  есесіне  тайга 
жануарларында  тэуліутік  өзгеріс  бәсең  байқалады:  түнде  белсенді
тіршілік ететін жануар өте аз.
10.3.2 Қ оцы рж ай клим атты  өлкенің ж ап ы р ақ ты  орман

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет