Жануарлар экологиясы



Pdf көрінісі
бет12/19
Дата03.03.2017
өлшемі12,67 Mb.
#7245
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19

129

өз 
мекеніндегі 
энергиялық 
қорларын 
үнемді 
және 
ұтымды 
пайдаланып,  қоршаған  ортаны  қажытпай,  жүдетпей,  сонымен  қатар 
өз 
қажеттілігін  толық  қамтамасыз  ете  алады.  Сондықтан  табиги 
ортаны  қорғау,  әсіресе  өсімдік  пен  жануарлар  элемін  ғылыми 
негіздерге сүйеніп  үнемді де тиімді  пайдалану  мәселесін дүрыс  шешу 
үшін  популяцияның 
құрамы 
мен  құрылымын  және  оның тіршілік  ету 
ерекшеліктерін  терең  зерттеп  білудің  маңызы  зор.  Пайдалы 
ац, 
балық,  сирек кездесетін  жануарларды  қорғау, олардың көбейіп  өсуіне 
жағдай  жасау,  эртүрлі  паразиттер  мен  зиянкестерге  қарсы  күрес 
жүргізу 
іс 
—  шараларының 
барлығы 
сол 
жануарлардын 
популяциялық  ерекшеліктері  туралы  толық  деректі  мәліметтерге 
сүйеніп 
негізделсе 
ғана 
нэтижеге 
жетеді. 
Жануарлардын 
популяциялық 
экологиясынын 
көптеген 
заңдылықтары 
адам 
популяциясына  да  тэн  болуы  бұл  заңдылықтарды  білудің  маңызын
одан әрі арттырады.
8.3 
Популяцияның құрамы және қүрылымы
Әрбір популяция, жоғарьща айтылғандай, өзіне тән  қүрамы және 
қүрылымы 
арқылы 
сол 
түрдің 
басқа 
популяцияларынан 
ерекшеленеді.  Қүрамы  мен  құрылымының  кейбір  сипаты  немесе 
сипаттайтын  көрсеткіштері  уақыт  жэне  кеңістік  бойынша  өзгерш 
отырады. 
Популяцияның 
жағдайын 
сипаттайтын 
сандық
көрсеткіштерді тұрақты және өзгермелі деп беледі.
Түрақты  көрсеткіштер 
популяцияның  дер  кезіндегі  (дәл  сол
кездегі)  жағдайы  туралы  мәлімет  береді.  Тұрақты  көрсеткіштерге 
популяцияның  дарақтарының  саны,  тығыздығы  жэне  жастық,
кеңістіктік,  мінездік қүрылымның көрсеткіштері жатады.
Популяцияның  саны  деп  сол  популяциядағы  дарақтардың  санын 
атайды.  Популяцияның  саны  уақыт,  мезгіл  барысында  айтарлықтай 
озгеріп  отырды.  Өйткені  популяциядағы  дарақтар  кей  мезгілде  туып 
көбейеді,  кейде  өліп  шығынданады,  ауып  көшіп  басқа  популяцияға 
барып  қосылады  немесе  басқа  популяциядан  дарақтар  келіп 
қосылады  т.б.  Популяцияның  санының  аз  немесе  көп  болуы 
біріншіден,  сол  түрдін  биотикалық  әлеуетіне  (потенциалына), 
екіншіден,  популяциянын  мекеніндегі  популяцияға  қажетті  табиғи 
қорлардың 
мелшеріне  байланысты. 
Популяциянын  тіршілігіне 
қажетті 
табиғи 
қордың 
барлық 
түрі 
біркелкі 
ж еткш кті
болмайтындықтан  популяциянын  саны  эрдайым  шексіз  өсе  алмайды.
130

Мысалы  орманда  көкшымшықтың  саны  ұя  салуға  қолайлы  жердің 
санынан  артылып  кете  алмайды.  Жыртқыштың  саны  жемтік болатын 
жануардың санынан артыла алмайды.
Популяцияның  тығыздығы 
деп  кеңістіктің 
бір  өлшемдік 
ауданына  немесе  көлеміне  шаққандағы  тиесілі  дарақтар  санын 
айтамыз.  Жер  бетінде  тіршілік  ететін  жануарлардың  тығыздығы 
кеңістіктің  бір  өлшемдік  ауданының  үлесіне  тиетін  дарақтар  саны 
бойынша,  ал  топырақ  жэне  су  жануарлары  бір  өлшемдік  көлемге 
тнесілі 
саны 
бойынша 
есептеледі. 
Популяцияны 
құрайтын 
дарактардың  дене  мөлшеріне  сәйкес  популяцияның  тығыздығы 
төмендегідей 
өлшеммен 
анықталады: 
микрофауна 
тобының 
жануарлары  1  шаршы  см  (немесе  1  куб  см),  мезофауна  тобына 
жататын  омыртқасыз  жануарлар -   1 шаршы  метр 
(=  1  куб.м.),  ұсақ 
кеміргіштер -   1  шаршы  км,  ірі  жыртқыштар  мен  тұяқты  жануарлар -  
100  шаршы  км.  Популяцияның  тығыздығы 
популяцияның  көбею 
қабілетін,  ортаның  абиоталық  жэне  биоталық  факторларының 
қолайлылық  деңгейін,  популяцияның  саны  оның  мекендеген  табиғи 
ортасының  экологиялық  сыйымдылығына  сәйкестігін  бақылап 
бағалауға қажетті  негізгі  көрсеткіштердің бірі болып табылады.
8.3.1 Популяцияныц жыныстық қүрамы
Популяциядағы  еркек  жэне  ұрғашы  дарақтардың  сандық 
қатынасы  популяцияның  жыныстық  құрамы  (немесе  жыныстық 
кұрылымы)  деп  аталады.  Жыныстық  қүрылым  (немесе  құрам)  тек 
дара жынысты  жануарлардан  құралган  популяцияға  тэн  қасиет.  Дара 
жыныстылық жоғары дәрежедегі  жануарларда,  әсіресе  сүтқоректілер 
мен  жәндіктерде  (насекомдар)  айқын  дамыған.  Олардың  жыныстық 
өзгешелігі  еркек  және  ұрғашы  жануарлардың  хромосомының 
жиынтыгындағы  айырмашылыққа  байланысты: 
гомозигот  жұп 
хромосом  (XX)  ұрғашы  жынысты,  гетерозигот  жұп  хромосом  (ХУ) 
еркек  жынысты  анықтайтыны  жалпы  биологиялық  заңдылықтан 
белгілі.  Жыныс  осылайша  қос  факторлы  хромосомдық  жолмен 
анықталатындықтан  теория  бойынша  туған  төлдің  еркек  жэне 
ұрғашысының  саны  тең  (50  %  еркек;  50  %  ұргашы)  болу 
мүмкіндігімен қамтамасыз етілген.
Ч
131

18-сурет. Сүтқоректілердің  жыныстық жасушаларының  косылуына негіздеп
жасалган жынысты генетикалык жолмен аныктаудың үлгісі.
Популяцияның 
құрамы 
өзгермелі. 
Жэне 
оньщ 
өзгерісі 
популяцияның  жастық  құрамына  байланысты.  Себебі  жануарлардың 
тобындағы еркек жэне ұрғашы дарақтардың сандық қатынасы топтың 
эр 
түрлі 
жасында 
едәуір 
өзгеріп 
отырады. 
Соған 
сәйкес 
популяцияның  бірінші  реттік,  екінші  реттік  және  үшінші  реток 
жыныстық  қатынасы  деп  ажыратылады.  Бірінші  реттік  қатынас  деп 
жыныстық 
жасушалар 
түзілген 
кезде 
байқалатьга, 
жынысты 
анықтайтын  хромосомдардың  эртүрлілігіне  (X  жэне  У)  байланысты 
қатынасты айтады. Жоғарыда көрсетілгендей  (18-сурет )  бұл қатынас
бойынша еркек ұрғашы дарақтар тең (1:1) болуға тиісті.
Дарақтардың  жынысы  тек  генетикалық  механизмге  ғана
байланысты  емес.  Бірқатар  жағдайларда  дарақтың  қандай  жыныста 
болуы  физиологиялық,  гормондық  факторларға  және  ұрықтанганнан 
кейін  қүрсақта  даму  сатысында  сыртқы  ортаның  жағдаиына 
байланысты  болады.  Осыған  байланысты  топ  жануарлардан  туған 
төлдердін  жынысының  сандық  қатынасы  генетикалык  механизм 
арқылы  негізделген  тепе  -   тендіктен  (1:1)  ауытқып,  не  еркек,  не 
ұрғашы  жыныстылардың  біреуі  басымдық  көрсетеді.  Популяцияда
132

туылған  топ  төлдің  ішіндегі  еркек  жэне  ұрғашыларының  сандық 
арақатынасы 
екінші 
реттік  жыныстық 
қатынас  деп  аталады. 
Мысалы  бауырымен  жорғалаушылардың  көптеген түрінің,  сондай -  
ақ  құмырсқа  жэне  термиттердің  қандай  жыныста  тууы  олардың 
жұмыртқаларының  дамуы  кезеңіндегі  негізгі  сыртқы  ортаның 
температурасына 
тәуелді 
болады: 
құмырскалардың 
жұптасып 
ұрықтануы  +20°С  -тан  жоғары  температурада  жүріледі.  ¥рықтанған 
жұмыртқадан  тек  ұрғашы  (аналық)  құмырсқа  дамып  жетіледі.  Ал 
егер  +20°С-тан  салқын  болса  құмырсқа ұрықтанбай  жұмыртқалайды. 
Бұндай  жұмыртқадан  тек  еркек  жынысты  (аталық  және  жұмысшы 
құмырсқалар) дамып жетіледі.
Жыныстык  толысу  сатысына  жеткен  ересек  жануарлардың 
арасындағы  еркек,  ұрғашы  жыныстыларының  сандық  қатынасы 
үшінші 
реттік 
жыныстық 
қатынасқа  саналады. 
Экологиялық
жағдандың  әртүрлі  өзгерісіне  ересеиген  еркек  жэне  ұргашы 
жануарлардың 
төзімділігі 
бірдей 
емес. 
Осыған 
байланысты 
популяциядагы еркек және ұрғашы топтардың өлім -  жетімге ұшырау 
көрсеткіші  де  біркелкі  емес.  Сол  себептен  популяциядагы  еркек, 
ұрғашы  дарактардың  сандық  қатынасынын  арасында  айырмашылық 
шыгып  және  ол  айырмашылық  жыл  өткен  сайын  молая  түседі. 
Мысалы,  семсер  құйрық  балықтың  еркек,  үрғашыларының  сандық 
қатынасы  ортаның  РН  -   ына  тәуелді:  РН=7,8  судағы  семсер 
құйрықтың  популяциясында  еркектері  небәрі  15  пайызды  ғана 
кұрайды. 
Адам 
популяциясының 
статистикалық 
деректеріне 
сүйенетін  болсак  екінші  реттік  жыныстық  қатынаста  (жаңа  туған 
балаларда)  ұлдардың  саны  қыздардан  артық,  ал  үшінші  реттік 
қатынаста  (ересек  адамдарда)  әйелдердің  саны  артық  болатынын 
көреміз:  орта  есеппен  жаңа  туған  әрбір  100  қыз  балаға  106  үл  бала 
дүниеге  келеді,  ұл  балалардың  өлімі  артық  болатындықтан  1 6 - 1 8  
жастағыларда қыз  бен ұлдың саны теңеседі,  50 жастағы адамдарда 85 
еркекке  100  әйел,  ал  80  жастағыларда  50  еркек  адамға  100  әйелден 
келеді.
Популяциядағы  жыныстық  құрылымның  негізгі  бағыт  бағдары 
осындай  болганымен  эртүрлі  жануарлардын  жыныстық  құрылымы 
бірдей емес.
Тууы  жиі  болғанымен  өліп  шығындануы  да  мол,  өмірі  қысқа 
жануарлардын  жыныстық  құрылымы  өте  тұрақсыз  келеді.  Олардың 
еркек  ұрғашыларының  сандық  қатынасы  эртүрлі  мекенде  эртүрлі 
болуымен  қатар  бір  ретте  ұрғашыларының  саны  басым  болса,  келесі
133

ретте  еркектері  басым  болып,  қысқа  уақыттың  ішінде  тез  өзгеріп
отырады.  ЙЩай  мысал  ретінде  сүтқоректілерден  жэндік-жегілерді
(Ітесііуогіа)  айтуға болады.
Бір  жерге  шоғырланып  үлкен  тобыр  құрмайтын,  популяциядағы
дарақтары 
онша 
тығыз 
орналаспайтын 
жануарлардың 
популяциясының  жыныстық  құрамында  аздаған  ауытқушылықтар 
кездескенімен  бэрібір  эрдайым  еркектерінің  саны  басым  болады. 
Популяциясында  еркек  жыныстылар  басым  болатын  жануарларда 
үрпағын  жемдеп  асырау,  қауіп  -қатерден  қорғау,  қорегін табуға жэне 
қорғануға  баулып  тәрбиелеу  т.б.  қамқорлық  корсетудің  түрлері 
жақсы  дамыған.  Сүтқоректілердің  ішінен  жыртқыштар  бүған  мысал
бола алады.
Кей  жануарлардың  екінші  реттік  жыныстық  қүрамындағы 
(төлдерінің  жыныстық  қүрамы)  еркек  пен  үрғашыларының  саны  тең 
шамалас  бола  түра  үшінші  реттік  жыныстық  құрамының  кезеңіне 
келгенде  көбінесе  үрғашыларының  саны  басым  болады.  Мұндай 
жануарлардың еркектері аз жасайды, қолайсыз жағдайларда еркектері 
топ-тобымен  қырылуы  жиі  кездеседі.  Популяцияның  жыныстық 
құрылымының 
қүбылмалығының  бүл  түрі  ұзақ  жасайтын,  аз
төлдейтін, көшпелі тіршілік ететін полигамды жануарларға тэн.
Кейбір  топтың  жануарларының  жыныстық  қүрамы  едәуір 
тұрақты  жэне  еркек,  ұрғашы  дарақтарының  саны  деңгейлес  келеді. 
Мұндай  жыныстық  құрылым  экологиялық  белгілі  бір  ортаға  немесе 
бір  ғана  фактордың  қолайлығына  терең  бейімделген  тар  шеңберде 
тіршілік  ететін  стенобионт  жануарларға  тэн. 
Олар  көбінесе 
өсімталдығымен  ерекшеленеді.  Мысалы,  бүған  жұпар  тышқан, 
көртышқан, құндыз қатарлы сүтқоректілер жатады.
Популяцияның  шынайы  жыныстық  құрылымы  эртүрлі  жастағы
топтарының  жыныстық  қатынасын  жеке  -  жеке  қарастырып  біріккен
санақ жүргізудің нәтижесінде анықталады.
Жыныстық  құрылым  көрсеткіштері  популяцияның  тек  көбею
қарқынын  көрсетіп  қана  қоймайды,  сонымен  қатар  популяцияның 
жалпы  биологиялық  әлеуетін  (келешекте  санының  азаю,  не  көбею 
бағыты,  биомассаның  өнімі,  энергия  жұмсау  деңгейі  т.б.) 
білуге
мүмкіндік береді.
134

8.3.2 Популяцияның жастық қүрамы
Популяцияны  құрайтын  әртүрлі  жастағы  топтардың  сандық 
қатынасы  популяцияның  жастық  қүрамы  деп  аталады.  Жастық 
қатынас  популяциядағы  дарақтардың  жалпы  санынан  қаншасы  қай 
жастағы 
дарақтардың 
үлесіне 
тиесілі 
екенін 
мэлімдейді. 
Жануарлардың  «жасы»  деген  ұғым  екі  түрлі  мағына  береді. 
Біріншіден,  ол  белгілі  бір  топтағы  жануарлардың  өмір  сүре 
бастаганнан  бергі  уақытты  көрсетеді.  Бұл  түргыда  ол  ағзалардың 
нағыз  күнтізбелік  (бәлкім  дүрысы  жылнамалық)  жасын  яғни  дамып 
жетілуінің  қай  сатысында  екенін  көрсетеді.  Ағзалардың  биологиялық 
жасы  олардың  өмір  сүрген  уақытымен  (күн,  ай,  жыл)  емес,  жеке 
басының  даму  сатысымен  (жұмыртқа,  дернәсіл,  төл,  балапан,  ересек) 
есептеледі.  Популяцияның  дер  кезіндегі  сипатын  білуге  және  алдағы 
уақытта 
құрамы 
қалай 
өзгеретініне 
болжам 
жасауға 
оның 
биологиялық жас қүрамын білудің маңызы зор.
Жануарлардың  жасын  күнтізбелік  және  биологиялық  жас  деп 
бөлудің  негізгі  себебі:  кей  жануар  қысқа  мерзімнің  ішінде  дамып 
жетіліп  жылына  бір  неше  рет  төлдейді.  Мысалы  қаптесер  тышқан 
жылына 2 - 3   рет,  егеуқұйрық 3 - 4  балалайды.  Бақша бітесі жаздың 3 
айында  13  -   15  рет  туып  үрпақ  шашады.  Сондықган  олардың
популяциядағы  жасын  күнтізоелік  уақытпен  қарастыру  мүмкін  емес. 
Жэне  олардың  популяциясында  бірнеше  үрпақтың  дарақтары  қатар 
кездеседі.
Популяциядағы  дарақтардың  ортаға  қоятын  талабы  жэне 
ортаның  факторларының  әсеріне  төзімділігі  жасына  қарай  өзгеріп 
отырады.  Кейбір  жануарлар  жеке  басының  даму  сатыларының  әр 
кезеңінде  тіршілік  ететін  ортасын  ауыстырады.  Сонымен  қатар 
қоректену  амалы,  қорегінің  қүрамы  қозғалысының  сипаты  өзгереді. 
Мысалы  шөпбақа  қүрлықта,  оның  бақашабагы  суда  тіршілік  етеді. 
Кобелек  ауада  ұшып,  гүлдің  шырынын  сорып,  ал  оның  дернәсілі 
(жұлдызқұрт)  жапырақ  жеп,  өсімдіктің  бойымен  жорғалап  қозғалып 
тіршілік  етеді.  Инеліктің  дернәсілі  -   суда,  ал  ересейіп  қанаттанған 
инелік  қүрлықта  үшып  жүріп  маса,  шыбын  жеп  қоректенеді.  Кей 
жағдайда  жануардың  өмірінің  барлық  кезеңдеріне  қажетті  кейбір 
қызметтері  тек  қане  жастық  кезеңінде  атқарылады.  Мысалы  толық 
түрлену  (гол о метабола)  арқылы  дамитын  көптеген  жәндіктер 
ересейген  сатысында  қоректенбейді.  Қоректену,  өсіп  жетіліуіне 
қажетті  энергиялық  қор  жинау  міндеті  дернәсілдік  сатысында
135

атқарылады.  Ересейіп  жетілген  дарақтары  тек таралу,  көбею  міндетін 
атқарады.  Бұл  айтылғандардан  біз  жануарлардың  биологиялық 
жасының  эрбір  кезеңінде  олардың  өз  популяциясына  атқаратын 
міндетінің маңызы эр түрлі  екенін  көреміз.
Жастық 
айырмашылығы 
популяцияның 
құрамындағы 
дарақтардың 
экологиялық 
алуантүрлілігін 
молайтады. 
Соның 
нәтижесінде  популяцияның  эртүрлі  факторлардың әсеріне  төзімділігі 
артады:  ортаның  жағдайы  қалыпты  шамадан  аса  көп  мөлшерде 
ауытқып  кеткен  кездің  езінде  популяцияда  аздаған  төзімді  дарақтар 
өлмей  қалып,  солар  көбейіп  өсу  арқылы  популяциянын  тіршілігін 
жалғастыру мүмкіндігі артады.
Жастық  құрамына  қарап  популяциянын  көбею  қарқыны,  өліп 
шығынға  ұшырау  дәрежесі,  ұрпақ  ауысым  жылдамдығы  қандай 
мөлшерде екенін аңғаруға болады.
Популяциянын  осу  жылдамдығы  популяциядағы  өлім  мен 
туудың  айырмашылыгы  арқылы  анықталады.  Өсу  қарқыны  да 
популяциянын  жастық  құрамына  әсерін  тигізеді. 
Жастық құрамды 
жастық  пирамида  түрінде  бейнелеп  көрсеткен  суретке  қарап  кез 
келген  популяциянын  қандай  сипатта  екенін  аңғаруға  болады  (19- 
сурет).
Тез  өсіп  бара  жатқан  популяциянын  пирамидасының  іргесі  кең, 
төбесіне  қарай  күрт  тарылып  жіңішкереді  (19-суреттің  а).  Бүл 
популяциянын  ішінде  жас  дарақтардың  саны  көп  екенін,  ұзақ 
жасаушылар  аз  екенін  көрсетеді.  Баяу  өсіп,  дарақтары  көп  жасайтын 
тұрақты  популяциянын  пирамидасы  (19-сурет,  б)  іргесінен  төбесіне 
қарай  біркелкі  баяу  жіңішкереді.  Ал  саны  азайып  бара  жатқан 
популяциянын  пирамидасының 
19-сурет, 
в) 
іргесі 
тар. 
Бүл 
популяцияда жас  ағзалар  аз  екенін,  популяцияда  кэрі  дарақтар  басым 
болғандықтан туу сирек екенін  мэлімдейді.
136

19-сурет Адам популяциясының жас жасау пирамидасы а -  халқының 
саны тез өсіп келе жатқан. адамдарының орташа жасы қысқа елде; б -  
халкының санынын өсімі баяу. адамдарының орташа жасы жоғары елде:  в -
халқы азайып бар жаткан елде.
8.3.3 П опуляцияның  кецістіктегі  қуры лы м ы
Популяцияны  құрайтын  дарақтар  мен  топтардың  популяцияның 
мекендеген 
аймағына  тарап 
орналасу 
сипаты 
популяцияның 
кеңістіктегі  құрылымы  деп  аталады.  Популяциядағы  дарақтар  мен 
олардың 
топтары 
көбінесе 
басқалардан 
оқшаулануға 
бейім 
болатындықтан  олардың  әрбіреуі  өзіне  тэн  кеңістік  жер  иеленеді. 
Мұны  мекен  меншіктену  принципі  деп  атайды.  Дарақтар  кеңістікте 
жеке  жеке  орналасумен  қатар  кейде  бірігіп  шогырлануга  да 
мәжбүрленеді.  Популяциядағы  дарақтардың  бір  жерге  шоғырланып 
топтасуы 
агрегация 
деп 
атайды. 
Агрегация 
популяциядагы 
дарақтардың  арасындағы  бәсекелестікті  күшейтеді.  Бірақ  ол  жалпы 
т о т ы ң   биоталық,  абиоталық  фактордың  әсеріне  төзу,  қарсыласу 
қабілетін 
жогарылатып 
популяцияның 
өміршеңдігін 
өсіреді. 
Шогырланудың  негізгі  түрлеріне жануарлардың колония,  үйір,  тобыр 
қүру  қүбылыстары  жатады.  Шогырланудың  нәтижесінде  олардың 
қоргану қарқындылыгы  артады.
Популяциядагы  дарақтардың  кеңістікте  тарап  орналасуын  үш 
тарапқа  бөледі:  біркелкі  (немесе  реттеліп  орналасу),  әркелкі 
(шогырланып,  топтасып,  ала  —  құла  орналасу)  және  кездейсоқ
137

орналасу  (20-сурвт).  Популяцияны  құрайтын  дарақтардың  арасында 
қарама  -   қарсы  қайшылықтар  бар  болса  бір  -   бірінен  белгілі  бір 
мөлшерде  оқшауланудың  эсерінен  біркелкі  орналасады.  Тіршілік 
етуге  ең  қолайлы  жерге  барлығы  топтасудың  нәтижесінде  немесе 
қандай  бір  тіршілік  іс-әрекетін  атқаруға  жиналудың  нәтижесінде 
әркелкі  орналасады.  Мысалы  балықтар  уылдырық  шашуга  қолайлы 
жерлерге  көптеп  шоғырлануы.  Егер  популяциядағы  дарақтар  бір 
жерге  топтасуға  талпынбаса  және  олардың  арасында  қайшылық 
туғызатын  қарым  қатынастар  болмаса  олар  популяцияның  басқа 
мүшелерінің 
қайда 
қалай 
орналасқанына  тәуелсіз, 
кеңістікте
кездейсоқ тарап орналасады.
• •
ф
  #
• •
•   г
• •
•  •
А  
Б 
В
20-сурет Популяциядағы дарақтардың әркелкі немесе үйме -  жүймелі (А ), 
кездейсоқ (Б) және біркелкі  (В) тарап орналасуының үлгісі.
Біркелкі  тарап  орналасқан  популяцияда  дарақтар  өзара  бірдей 
қашықтықта  мекендейді.  Олардың  орналасқан  орнының  аралық 
қашықтығы  бір  —  біріне  қысым  көрсетпей  тіршілік  етерліктей 
мөлшерде  болуға  тиіс.  Сол  мөлшерден  жақындап  кетсе  олардың 
арасында  қайшылық туады.  Бұдан  біркелкі  орналасудың  нәтижесінде 
популяциядағы  дарақтардың  арасындағы  бәсекелестік  азайып  және 
сол  мекендегі  оларға  қажетті  табиғи  қорларды  толық  пайдалануына 
мүмкіндік  туатынын  байқауға  болады.  Кеңістікке  мұндай  біркелкі 
тарап,  ретімен  орналасу  теориялық тұрғыдан  қарағанда толық мүмкін 
болғанымен  табиғатта  сирек  кездеседі.  Іс  жүзінде  егер  дарақтардың 
кеңістікте  орналасуының  бытыраңқылығы  дарақтардың  орташа  ара 
қашықтығынан  (ш)  кем  болса  (  52  :  ш<1  )  біркелкі  орналасу  деп 
саналады.  Мысалы  су  түбіндегі  ылай  батпаққа  бекініп  өзара  өте  жиі
138

орналасқан түтікше  құрттардың  (ТиЪфсісІае,  Оіщосһаеіа)  орналасуын 
біркелкіге жатқызуға болады.
21-сурет. Су түбіндегі батпакка біркелкі  ара кашықтыкта бекініп орналасқан
түтікше құрттар.
Егер  статистикалық  есеп  бойынша  дарақтардың  кеңістікте 
орналасуының 
бытыраңқылығы 
дарақтардың 
орташа 
арақашықтығына  шамамен  тең  (52  :  ш=1 
)  болса  ондай  орналасу 
(таралу)  әркелкі  (біркелкі  емес)  орналасуға  саналады.  Кеңістікте 
біркелкі  емес  таралу  жануарлардың  әртүрлі  жіктері  мен  топтарында 
жиі  кездеседі.  Дарақтарының  кеңістікте  орналасуы  кездейсоқ  түрге 
жататын  популяцияда  жоғарыдагы  қатынастың  (  62  :  т > 1 )  нэтижесі 
бірден көп (>  1) болады.
Кеңістікті 
пайдалану 
ерекшелігіне 
сэйкес 
қозғалыстағы 
(бекінбелі  емес)  барлық  жануарлар  отырықты  жэне  көшпелі  деп  екі 
топқа  бөлінеді.  Отырықты  тіршіліктің  артықшылығы:  бір  мекенде 
ұзақ  уақыт  мекендейтіндіктен  ол  мекеннің  бағыт  бағдарын,  қайда 
қоректік зат мол кездесетінін,  қай жерде жыртқыштардан жасырынып
139
П
ё

паналауға  қолайлы  екенін  біледі.  Отырықтылықтың  кемшілігі 
популяцияның 
тығыздығы 
көбейген 
кезде 
қоректік 
қордың
таусылуына ұшырауы мүмкін.
Бірге  тіршілік  ету  тұрғысынан  бір  популяцияның  құрамындағы
жануардарды 
жалғызданған, 
түқымтоптық, 
колониялық,
тобырлық, үйірлік 
тіршілік ететін жануарлар деп бөледі.
Жалғыздық 
тіршілікті 
жануарлардың 
популяциясындағы 
ағзалар  басқа ағзаларға тәуелсіз  және  бір  -  бірінен  жекеленген  түрде 
өмір  сүреді.  Мысалы  кірпілер,  шортандар  т.б.  Бірақ  жалғыздық 
тіршілік  қандай  бір  жануардың  тіршілік  айналымының  белгілі  бір 
сатысында 
кездеседі. 
Табиғи 
жағдайда  өмір 
бойы 
түтастай 
жалғызданып  тіршілік  ететін  жануар  кездеспейді.  Өйткені  ондай 
жағдайда  көбею  мүмкіндігі  болмас  еді.  Аталық,  аналық  дарақтармен 
үрпағының 
арасында 
тығыз 
байланыс 
дамыған 
жануарлар 
түқымтопты 
түрде  тіршілік  етеді.  Мысалы  аю,  арыстан,  үйрек, 
қаздар 
тэрізді 
үрпағына 
қамқорлық 
жасайтын 
жануарлар. 
Колониялық 
тіршілікке  ұзақ  уақытпен  немесе  уақытша  топтанып 
тіршілік  етудің  түрлері  жатады.  ¥ за қ   уақытты  колонияның  мысалы 
ретінде  суыр,  түйеқүлақ,  құмтышқандардың  бір  неше  үрпағы  бір 
жерге топ  құрып  тіршілік етуін  айтуға болады.  Маймақ қыздар тек үя 
салып  жүмыртқа  басатын  кезде  ғана  колонияға  уақытша  топтасып 
тіршілік  етеді. 
Тобыр 
деп  жануарлардың  қандай  бір  іс 
әрекетті 
атқару  кезінде  уақытша  бірігуін  атайды.  Мысалы  жауынан  бірігіп 
қорғану  үшін,  тамақ  табу  үшін,  жыртқыштар  тобымен  шабуылдау 
үшін,  ауып  көшу  үшін  (майшабақ)  жануарлар  тобыр  қүрады. 
Үйір 
деп тобырмен  салыстырғанда біршама үзақ уақытпен, немесе түрақты 
топ  қүрып  бірігу  аталады.  Үйірлі  жануарлардың  тіршілігінің  барлық 
іс-әрекеттері  (жауларынан  қорғану,  қорек  табу,  көшіп  қоныс 
ауыстыру,  көбею,  үрпақтарын  үйрету  т.б.)  үйірдің  ішінде  жүріледі.
Мысалы:  бүғы, жолақ жылқысы (зебра).
8.3.4 Популяцияның генетикалық қүрылымы
Популяцияның 
генетикалық 
құрылымы 
ең 
әуелі 
оның 
популяциялық  генофондының  аз,  көптігіне  байланысты. 
Генофонд 
деп  популяциядагы  барлық  дарақтардың  гендерінің  жиынтығын 
айтады.  Генофонд  біріншіден  түрдің  негізгі  сипатын,  екіншіден 
тіршілік  ету  ортасының  ерекшеліктеріне  популяцияның  бейімделген 
ерекшеліктерін  сипаттайды.  Генетикалық  құрылымның  генофондтық
140

қоры  популяциядағы  әрбір  дарақтың  әртүрлі  қасиеттері  мен 
белгілерінің өзгергіштік сипатын да мәлімдейді.  Сонымен  қатар әрбір 
дарактың  геномының  күрделілігі  де  популяцияның  генетикалық 
құрылымының  маңызды  көрсеткіштерінің  біріне  жатады.  Геном 
күрделілігі  дарақтың  эрбір  сипаттар  бойынша  гетерозиготтық
дәрежесіне байланысты.
Популяция  -   эволюциялық  үрдістің  қарапайым  бірлігі  деген 
үғым  тұрғысынан  алып  қарағанда  популяциядағы  ағзалардың  түрлік 
ерекшелігі жэне сұрыптаудың әсерінен популяцияның генофондының 
өзгерісінің 
маңызы 
зор. 
Жалпы 
популяцияның 
генетикалық 
құрылымы  сол  популяциядағы  эртүрлі  генотиптер  мен  аллелдердің 
сандық  қатынасымен  өлшенеді.  Популяциядағы  барлық  дарақтардың 
гендерінің  жиынтығы  генофонд  деп  аталады.  Генофонд  генотиптер 
мен  аллелдердің  популяцияда  кездесу  жиілігімен  сипатталады. 
Аллелдердің  кездесу  жиілігі  деп  белгілі  бір  геннің  аллелдерінің 
жиынтық  санынан  эрбір  аллелдің  иеленетін  сандық  үлесін  айтады. 
Барлық  аллелдердің  жиынтығының  қосындысы  бірге  тең:  р+ч=1 

мүндагы  р  -  доминант  аллелге  (А) тиесілі  үлес;  я  -  рецессив  аллелге
(а) тиесілі үлес.
Популяцияның  генетикалық  анықтамасы  бойынша:  «Бір  түрге 
ж ататы н, 
өзара  ж ы н ы сты қ  жолмен 
бөгетсіз 
ш ағы лы сы п 
көбейетін,  туған  үрпағы  да  көбеюге  қабілетті  агзалар  менделдік 
популяция  деп  аталады».  Менделдік  популяцияның  тұрақты 
тіршілік  етуінің  негізгі  тірегі  оны  қүрайтын  дарақтардың  жыныстық 
жолмен  көбеюі  нәтижесінде  өзара  тектік  ақпарат  алмасуына 
байланысты.  (Тектік  ақпарат  алмасу  дегенді  эртүрлі  жұп  гендерді 
яғни  гендердің әртүрлі жүбын алмасу деп үгынған жон).
Жыныстық емес жолмен  көбейетін, анығырақ айтқанда оздігінен 
ұрықтанатын  жануарлар,  оздігінен  тозаңданатын  осімдіктер  және 
партеногенез жолмен  көбейетін жануарлар өзара генетикалық (тектік) 
аппарат алмаса  алмайды.  Сондықтан  олар  менделдік  популяция  емес, 
бірге тіршілік етіп,  дараланып  көбейетін  ұрпақтардыц жиынтыгы  деп 
есептеледі.
Популяцияның 
сандық 
мөлшері 
әртүрлі. 
Популяцияны 
құрайтын  агзалардың  санына  қарай,  эсіресе  популяциядагы  кобеюге 
жарамды  үргашы  дарақтардыц  санына  негіздеп  төмендегідей  топқа 
бөледі:
а) 
100 -ден  аз көбею жасындагы дарақтары  бар  популяцияны -  
кіші популяция;
141

б) Ұргашылары  1000-нан  аз болса -  орташа популяция;
в) Ұрғашылары  10000-нан аз б о л с а - үлкен популяция;
г) Үрғашылары  100000-нан коп болса — аса үлкен  популяция. 
Популяцияның  сандық  мөлшері  үлкен  болған  сайын  популяциялық 
генетиканың  заңцылықтарына  жақсы  сәйкеседі.  Дарақтарыныц  саны 
мол,  олар  өзара  бөгетсіз  шағылысып  көбейетін  популяцияны 
панмиксиялық 
(гр.  рап  -  жаппай,  түгелдей;  шіх  —  қосылу, 
будандасу)  популяция  деп  атайды.  Панмиксиялық  популяция  түрдің 
ең  кіші  бөлігін  қүрайды.  Жоғарыда  айтылған  барлық  аллелдердыц 
жиілігінің  қосындысы  бірге  теңеседі 
(р+я  =  1) 
деген  заңдылылық 
Харди-Вайнберг  зандылығы  деп  аталады.  Ағылшын  математигі 
Г.Х.Харди,  неміс  дәрігері  В.Вайнбергтер  аллель  гендердің  жиілігін 
зерттеуі 
нәтижесінде 
анықтаған 
бүл 
зацдылықтың 
негізгі 
түжырымдамасы: 
«Популяциядагы  аллелдердің  салыстырмалы 
жиілігі  үрпақтан  үрпаққа  ауысқанда  түрақты  сақталады» 
деп 
дәлелдейді.  Популяция  төмендегі  талаптарға  сәйкес  болса  Харди- 
Вайнберг 
заңы 
қуаттылығын 
дәлелдеп 
жүзеге 
асады: 
1) 
популяцияның  саны  мол,  үлкен  популяция  болса;  2)  популяциядагы 
дарақтар  бөгетсіз  еркін  шағылысатын  болса;  3)  сүрыптау  жүрілмеген 
болуы  шарт;  4)  жаца  мутациялар  шықпаған  болуы  шарт;  5) 
популяцияга  жаңа  генотиптер  (дарақтар)  келіп  қосылмаған  жэне 
генотиптер (дарақтар) басқа жаққа шығып кетпеген болуы шарт.
Алдыцгы  буыннан  (үрпақтан)  келесі  буынга  жалгасқанда 
аллелдердің 
салыстырмалы 
жиілігі 
түрақты 
сақталады 
деген 
түжырымдама  популяциядагы  гомозигот  пен  гетерозиттардың  жэне 
доминант  пен  рецессивтердің  сандық  үлесі  түрақты  сақталады  деген 
түсінік  береді.  Мүны  бір  жүп  геннің  (аллелдің)  үрпақ  қуалау 
қүбылысы  арқылы  қарастырайық.  Егер  р+ч  =  1  теңдеудегі  р  =  А 
(доминант),  ц  =  а(рецессив)  гендер  деп  көрсек  жыныстық  жолмен 
жұптасу  кезінде 
(р+я)^  ^  
=  АА+2Аа+аа 
деген  аллелдер
жиынтығы  шығады.  Бұл  доминант  гомозигот 
(АА) 
және  рецессив 
гомозигот 
(аа) 
генотипті  дарақтардан  құралған  және  доминанттар 
мен  рецессивтердің  саны  тең  популяцияда  кездеседі.  Мұндағы 
доминанттар 
(АА 
және 
Аа) 
мен  рецессивтердің(аа)  сандық қатынасы 
75%   :  25%   немесе  3:1.  Егер  бірінші  буынның  доминант  гомозигот, 
доминант  гетерозигот жэне  доминант рецессив дарақтарына бөлінген 
гаметтердің  саны  бірдей  болса 
А 
жэне 
а 
қайталануы  немесе  жиілігі 
бірдей  болады.  Дарақтар  жұптасу  кезінде  бұл  гаметтер  басқа  ешбір 
фактордың  эсер  ықпалынсыз  таза  кездейсоқтық  жолмен  қосылу
142

арқылы  екінші  буын  түзілетін  болса ол  екінші  буынның  генотипінде 
0,25АА+0,50Аа+0,25аа 
деген 
Мендельдік 
қатынас 
орнауын 
негіздейді  жэне  генотипі  бірінші  буынның  генотипімен  бірдей, 
фенотипі  0,75А :  0,25а  немесе 3:1  қатынасты  құрайды.
Біздің  бұл  мысалдағыдай  бір  геннің  екі  аллелінің  жиілігі  тең 
болу  құбылысы  табиғи  жағдайда  өте  сирек  кездеседі.  Өйткені  ешбір 
бөгетсіз  жаппай  кездейсоқ  жұптасу  (яғни  панмиксиялық)  жолымен 
көбею  дарақтарының  арасында  мінездік  күрделі  қарым-қатыныс 
дамымаған  төменгі  сатыдағы  жануарларда  кездеседі.  Олардың өзінде 
де жаппай  жұптасып  генетикалық  материалдарын  (гендерін)  алмасуы 
ортаның эртүрлі факторларының әсеріне және дарақтардың кеңістікте 
біркелкі  емес  таралуына  байланысты  шектеулі  мөлшерде,  біркелкі 
емес жагдайда кездеседі.
Жоғарғы  сатыдағы  жануарларда  дэрежелік  (иерархиялық) 
қарым-қатынастың  салдарынан  популяцнядағы  дарақтар  жұптасып 
шағылысуға  бірдей  қатынаса  алмайды:  күші  басым,  сол  топтың 
ішінде  дәрежесі  жоғары,  үстем  дарақтар  жұптасу  қатынасында  да 
артықшылық  көрсетеді.  Мысалы  тауық  тектес  құстардан  жусан 
құрларға  жасаған  зерттеудің  нәтижесінде  олардың  күші  басым 
еркектері  гана  үйірге  түсіп  үрғашы  қүрлармен  жүптасатыны 
дәлелдеген.  Мұндай  құбылыс  сүтқоректілерде  де  жиі  кездеседі. 
Мысалы  теңіз  пілі  деп  аталатын  түлендердің  теңіз  жағасындағы 
үйірінде үстем еркек түлендер небэрі  4  пайызын  қүрағанымен барлық 
ұрғашы түленнің 85  пайызын үрықтандыратыны анықталған.
Айтылган 
мысалдардың 
бәрі 
популяциянын 
генетикалық 
құрамының  әртектілік (яғни  гетерозиготтылық) деңгейін  жоғарлатуға 
бағытталған.  Популяциядағы дарақтардың  генотипі  неғүрлым  әртекті 
(гетерозиготты)  болса  соғүрлым  популяциянын  генофондының 
алуантүрлілігі  жоғарлайды. 
Алуантүрлілік  жоғарылаган  сайын 
популяциянын 
өміршеңдігі 
жақсарады. 
Өйткені 
популяцияны 
құрайтын  дарақтар  эр  текті  болса  эр  біреуі  әр  түрлі  фактордың 
өзгерісіне  төзімді  болу  мүмкіндігі  көбейеді  де  популяциянын 
тұрақтылығы 
жоғарлайды. 
Міне 
сондықтан 
табиғи 
қалыпты 
жағдайдағы  популяцияларда  генофондының  әр  тектілігі  төмен, 
инбридингке  бейімділік  кездеспейді.  Өте  ерекше  жағдайда  тіршілік 
ететін  популяцияда  сирек  кездеседі.  Басқа  популяциялармен  араласа 
алмай  оқшауланып  қалған  және  мекендеген  ортасының  экологиялық 
жағдайы  тым  тұрақты  популяцияда  жақын  туыстас  жануарлар  өз 
ішінен  жуптасып  ұры қтануы   яғни  инбридингтің  (агыл:  іпһгеесІіп%
143
0

=  іп -  ішінде;  Ъ геейщ  -  өсіру)  әсерінен ұрпақтың тіршілік қабілетінің 
төмендеуі  байқалады.  Мысалы  жер  асты  суларын  мекендеп  үңгірлік 
тіршілікке  үйренген  АвТуапах  туысына  жататын  балықтар  көбінесе
жақын 
туыстарының 
уылдырығын 
ұрықтандыратындықтан 
дарақтарының  генотипі  көбінесе 
бір  текті  (гомозиготты) 
екені 
айқындалған.  Жер  астылық  суда  экологиялық  жағдай  тұрақты 
болғандықтан  олардың  популяциясы  жойылмай  тіршілік  етіп  келеді. 
Егер  ортаның  экологиялық  тұрақтылығы  аздап  болса  да  ауытқып 
өзгерсе  мұндай  гомозиготтылығы  басым  популяцияга  қауіп  төнуі
мүмкін.
Дарақтардың  әр  тектілігі  қалыптасу  арқылы  популяцияның 
тұрақтылыгы  мен  өміршеңдігі  жақсару  құбылысы  жануарларда  әр 
түрлі  жолмен  іске  асады.  Жоғарыда  аталған  орта  факторлары  мен 
иерархия 
үстемдігінен 
басқа 
эволюция 
барысында 
жақын 
туыстастардың  өзара  жүптаспауы  арқылы  гетерозиготтылықты 
сақтауга  себепші  болатын  көптеген  мінездік  ерекшеліктер  пайда 
болған.  Мысалы  жылқы  тұқымдастардың  (құлан,  Пржевальский 
жылқысы,  жолақ  жылқы,  квагт)  айгыры  өзінің  ұрыгынан  туған 
ұрғашы  құлын  байтал  жасына  жетіп  күйлей  бастағанда  оны  үйірімен 
бірге  қайырмай  қояды.  Оны  басқа  үйірдің  айгыры  бөліп  әкетіп
ұры қтан дырады.
Бір  аналыктан  туған  сарышұнақтың  балалары  қыста  інде  бірге
қыстап  шыгып,  келесі  жылдың  көктемінде  еркектері  бөлініп  300- 
400м  алыстап  барып  ін  қазып  орналасатыны  Канадалық  ұзынқұйрық 
сарышұнақка  жүргізген  зерттеуден  әйгілі  болган.  Сондай-ақ  тұяқты 
сүтқоректілерден  еліктің  бір  жерде  туған,  бірге  мекендейтін  еркек, 
ұрғашы  лақтары  бір  жасқа  толган  соң  алгашқы  мекенін  тастап,  жан- 
жаққа  тарап  кетеді.  Бұдан  баска  да  жұптасатын  қосарын  талгап 
жұптасу,  еркек  және  ұрғашы  дарактардың  жыныстык толысу  мерзімі 
сәйкеспеу  т.б  себептердің  нэтижесінде  популяцияда  әр  тектілік 
(гетерозиготтық) сақталады,  инбридинг етек алуына жол берілмейді.
8.4 Популяцияныц өзгсрмслі көрсеткіштері
Популяцияның  ішіндегі  әртүрлі  құбылыстардың  (туу,  өлу, 
қоныс  аудару  т.б) және сыртқы  ортаның  әртүрлі  әсерінің салдырынан 
популяциядагы  дарактардың  саны  мен  тыгыздыгы  үнемі  өзгеріп 
отырады. 
Популяцияның өзгермелі (динамикалык) көрсеткіштері 
белгілі 
бір 
уакыт 
аралыгында 
популяцияда 
жүрілген
144 
’  'Ж Ш ^ И И Н И В

қүбы лы старды   мәлімдейді.  Популяциялық  генетиканың  негізін 
қалаушылардың  бірі  С.С.Четвериков  бұл  өзгерістерді  «тіршілік 
толкыны» 
деп 
атаған. 
П опуляцияны ң 
негізгі 
өзгермелі
•  

көрсеткіш теріне  туу,  өлім-жітім,  популяцияны ң  өсім  қарқы н ы  
жатады. Табиги  популяциядагы бұл көрсеткіштерді тек ол популяция 
сол  түрдің  басқа  популяцияларынан  ерекше  оңашаланған  жагдайда 
ғана  толық  анықтауга  болады. 
Мысалы  аралда  мекендейтін 
жануарлардың  популяциясының  туу,  өлу  көрсеткіштері  мен  өсім 
қарқынын  анықтау  оңайга  түседі.  Басқадай  жагдайда  кейбір 
популяция  бірнеше  ондаган  гана  дарақтан,  ал  кейбірі  миллиондаған 
дарақтардан  құралады.  Жэне  кейбір  популяцияның  тараған  мекен 
орны  бір  неше  жүз  шаршы  метрден  аспайды,  ал  енді  біреулері 
көптеген 
мың 
шаршы 
километр 
аумақты 
иеленеді. 
Кейбір 
жануарлардың  популяциясында  туу  бірнеше  сағат  сайын  жүріліп 
(мысалы,  қарапайымдар)  популяцияның  саны  қысқа  мерзімде 
өзгеріске  түседі,  ал  кейбір  жануарлар  жылына  бір  рет,  2-3  жылда бір 
рет туады.  Сондықтан  популяциядагы туу,  өлім-жітім т.б  өзгерістерді 
анықтау  оңай  емес,  және  әрбір  жануарлардың  биологиялық  , 
экологиялық  ерекшеліктерін  біліп,  соган  сәйкес  зерттеу  жүргізуді 
талап етеді.
Егер  популяциядагы  дарақтардыц  кейбірінің  қоныс  ауыстырып 
басқа популяциядан  келіп  қосылуын  немесе басқа популяцияга кетуін 
ескермесек  популяцияның  саны  популяциядагы  туу  және  өлім-жітім 
көрсеткіштерінің сандық ара қатынасы арқылы анықталады.
Популяцияның 
өзгерімелі 
көрсеткіштерін 
сипаттау 
үшін 
төмендегі белгілер қолданылады:
N -  популяциядагы дарақтардың саны;
I — уақыт;
ДЫ/  Ді  -   Ідараққа  (агзага)  тиесілі  мөлшермен  есептегенде  оның 
санының  белгілі  бір  уақыттың  ішінді  өзгеруінің  меншікті  орташ а 
екпіні (жылдамдыгы).
Экологиялық  зерттеулерді  математикалық  әдістермен  оңцеп 
үлгілеу үшін жануарлардың санының белгілі бір уақыт аралыгындагы 
орташа екпінімен  қатар белгілі  бір уақыт бірлігіндегі  санының лездік 
өзгеріс  екпіні  қажет  болады.  Шексіз  қысқа  уақыт  ішінде  (Ді—»0) 
санының  өзгеру  мөлшерін  лездік  өзгеріс  екпіні  деп  атайды.  Уақыт (I) 
нөлге тақаган жагдайда Д белгісін |  белгісімен ауыстырып белгілейді. 
Олай болса:
145

сПЧ/си  -   популяциядағы  дарақтардың  жалпы  санының  белгілі  бір
уақыттағы лездік  өзгерісінің  екпіні; 
сПМЛШ  -  популяциядағы  1  дарақтың  санының  уақыт  бірлігінде
өзгеруінің  лездік  сыбағалы  екпіні.
Бұдан  популяциянын  санының  осу  (немесе  кему)  екпіні,  туу 
қарқыны  және  өлім  -   жітім 
жиілігінің  орташа  және  лездік
көрсеткіштері  болатынын  көреміз.
Туу 
қарқы ны . 
Көбеюдің  нэтижесінде  белгілі  бір  уақыт
бірлігінде  (ск)  популяцияда  жаңадан  туып  қосылған  ағзалардың
саны  туу  қарқынын  анықтайды.  Туу  қарқынының  ең  көп  жэне
деректі  қарқын  деген  екі  түрлі  көрсеткіші  бар. 
Ең  көп  немесе
максималды 
туу 
көрсеткіші 
-   ешбір 
шектеуші 
фактордың
эсеріне 
ұшырамаған 
жағдайда 
туудың 
ең 
жоғары 
сандық
мелшерін  көрсетеді. 
Деректі  туу  көрсеткіші 
-  туудың  жүзеге
асқан  деректі  санын  анықтайды.
Сонымен 
қатар 
туу 
көрсеткішін 
нақты лы  
туу 
және
сыбағалы  туу 
деп  екіге  бөледі.  Нақтылы  туу  немесе  абсолют 
туу  деген 
ұғымды  басқаша 
туу  жылдамдығы 
деп  те  ұғуға 
болады.  Ол 
белгілі 
уақыт 
өлшемінде 
популяцияға 
жаңадан 
қосылған  дарақтардың  санын  көрсетеді.  Популяцияға  белгілі  бір 
уақытта 
қанша 
жаңа 
дарақтың 
қосылуы 
популяциядағы 
дарақтардың 
бастапқы 
саны 
қанша 
болғанына 
байланысты. 
Сондықтан 
сыбағалы 
туу 
көрсеткішін 
яғни 
белгілі 
уақыт 
өлшемінде  (дг)  популяцияға  жаңадан  қосылған  дарақтар  санының 
(дмп)  популяциядағы  дарақтардың  бастапқы  санына  салыстырған 
көрсеткішті  пайдаланган  жон.  Бұл  Ь = ^ п /д т   қаТынасы  бойынша 
есептеледі.  Мұндағы  к  - популяциянын  бастапқы  саны.
Жануарлардын  көбею  әлеуеті  (потенциялы)  орасан  зор.  Бірақ 
тіршілік  ету  үшін  өте  көп  түрлі  қысымшылық  пен  қолайсыз 
жағдайларға 
ұдайы 
үшырап 
тұратындықтан 
әлеуетті 
көбею 
мүмкіндіктерінің  басым  көпшілігі  жүзеге  аса  алмайды.  Мысалы 
қолайлы  жағдайда  қарапайымдар  бірнеше  минут  сайын  бөлініп 
көбейер 
еді.  Жәндіктерден 
туу 
көрсеткіші 
ең 
жоғары 
деп 
саналатын 
аналық 
ақ 
құмырсқаның 
бір 
жылда 
салған 
жүмыртқасының  санын  жылдың  уақытына  белее  секунд  сайын 
бір  жұмыртқадан  келеді.  Нәлім  бір  жылда  4  млн  уылдырық, 
майшабақ 
өмір 
бойында 
8-75млрд.  уылдырық 
шашады.
Сүтқоректілерден  кит,  піл,  маймылдар  бір  ретте 

үрпақтан,
егеуқұйрықтар  20  шақтыдан  балалайды.
146

Үрпақ  шашу 
қабілеті 
қанша  жоғары  болғанымен  олар 
жыныс  жасушасы  кезінде, ұрықтың  даму  кезеңінде  және  туғаннан 
кейін  де  қоректік  заттың  жетіспеуінен,  бәсекелесудің  салдарынан, 
аурудың, 
тоғышарлардың, 
жыртқыштардың 
т.б. 
көптеген 
абиотикалық 
жэне 
биоталық 
факторлардың 
кері 
әсерінің 
салдарынан  өлім -  жітімге  көптеп  үшырайды.  Популяция  қалыпты 
жағдайда  тіршілік  етіп,  қоршаган  ортамен  тепе — теңдік  қатынасын 
тұрақты  сақтау  үшін  өлім  -   жітімнің  биологиялық  үлкен  әсері 
бар.
Өлім  -   жітімділік 
немесе 
өлім  — жітім  екпіні 
деп  уақыт 
бірлігінде  популяциядан  өліп  шығынданған  дарақтардың  сандық 
көрсеткішін 
атайды 
(жыртқыштардың,  аурудың,  кәріліктің 
әсерінен).  Бұл  популяциядагы  жалпы  өлім -  жітім  немесе  абсолют 
өлім  -   жітімнің  мөлшерін  көрсетеді.  Оны  өлім  -  жітім  екпіні  деп 
те  атауға  болады.  Өлім  -   жітім  екпінің  мөлшері 
/  *   қатынасы 
бойынша  анықталады.  Мұндағы 
-  уақыт  (^1)  бірлігінде  олімге
үшыраган  дарақтардың  саны.  Өлім  -   жітім  екпінін  популяцияның 
бастапқы  санымен  салыстырғандағы  сандық  мәні  сыбағалы  өлім  — 
жітім деп аталады. Оны  т  = 
N қатынасы арқылы  анықтайды:  т
- сыбағалы  өлім — жітім,  ^  — поп>'ляпиянын  оастапкы  саны
Туу  көрсеткіші  жоғары  болған  сайын  өлім  -   жітімге 
мол 
үшырайды.  Соның  нәтижесінде  популяцияның  шамадан  тыс  өсуі 
шектеліп, тұрақтылығы  сақталады.
Популяцияныц  өсу  қарқыны.  Популяциядагы  дарақтар 
санының  уақы т бірлігінде  өзгеру  көрсеткіші  популяцияның  өсу 
қарқы ны  делінеді. 
Популяцияның  өсім  қарқыны оң санды не  теріс 
санды  көрсетуі  немесе  нөлге тең  болуы  мүмкін.  Қандай  көрсеткіште 
болуы  туу,  өлім  жэне 
қоныс  аудару  (миграция)  қүбылысыныц 
сипатына  байланысты.  Туу  мен  көшіп  келіп  қоныстану  (иммиграция) 
популяцияның  өсімін  арттырады.  Өлім  мен  көшіп  кету  (эмиграция) 
популяцияның өсімін азайтады.
Популяциядагы 
дарақтардың 
өсу 
қарқынын 
(немесе 
популяцияның 
өсімі)  жаппы  яғни  нақты  (абсолют)  осім  және 
сыбагалы  (ягни  салыстырмалы)  өсімі  деп  бөледі.  Белгілі  бір  уақыт 
аралығында  (* ) 
популяциядагы  дарақтар  санының  (йк)  өзгерісі 
популяцияның жалпы немесе  нақты өсімі деп аталады: 
^ .
Популяцияның  өсімін 
оның  бастапқы  санымен  (к)
салыстырғандағы  сандық мэні  сыбагалы  (немесе салыстырмалы) өсім 
деп  аталады:  Л*/0*ОД.
147

Егер  популяиияга  смрткы  ортадан  ешбір  шектеуші  фактор  эсер 
егоссе  оный  саныныи  езгерісі  туу  екпіні  мен  влім  — жітім  екпінін 
айырмасына тея  келеді-  Вұл  керсеткіш  сыргтан  ешбір эсер болмаган 
жат дай да  популяциянын  тек 
езш е 
тәи  есімталдык  каснетт
сипаттайды.  Ол  яооуляияяяыя  меяшікті 
(туа  бгпсея)  есім 
каркыны  дел,  немесе  түрдія  бяоталык  алеуеті  деп 
аталады. 
Меншікті  өсім  каркыны 
(г)
  мы на  формула  аркылы  аныкталады.
сНт.
 -  
ё Н т ) /д й
1=  <*** /   <1*3*
Ь -ту>   каркыньмп- едш-жітЫ  каркыны.
Мандаты  г  керсеткіші  бір  жұл  жануардын 
I
 немесе  оір
дараюын; 
уакьгт 
біршіжае 
туатын 
д аагы и ьщ  
максимум 
мелшерін, ягни  биоталык  әлеуетін  кврсетеді 
,  ,
Жануарлардын  әрбір  түршвд  биоталык  әлеуеті(ягни  меншікті
всім  каргыны;  әралуан,  Мысалы  елік  вмір  бойында 
10-15 
лак 
табады.  трнхнна  кұрты 
1,8 
чын  дернэсіл.  аналык  оал  арасы  50 
мын  жұмыртка  табады, айбалык  3  млрд  уылдырык  шашады.  Егер
осы  урпактарынын  бэрі  дамып  жетілетін  болса  эрбір  популяцияда
күрт  өсу  жүріліп,  жануарлар 
аз 
—  ак  күннін  ішінде  әлемге 
сыймастай  квбейер  еді.  Алайда  тіршілік  сырткы  органын  ешбір
қысымынсьп  жүріямейдЬ 
____
£ гер  туу  мен  влім  — жггім  каркыны  тен  болтан  жағдайда
популяциянын  саны  тұракты  сакталады.  Егер  туу  өлім -  жгтімнен 
коп  болса  <Ь'т)
 
өсім  (г)  нөлден  көп  (г>0).  Онда  популяциянын 
саны  өседі.  Ал  егер  туу 
олім  -   жгтшнен  аз
 
болса  (Іг*т)
попу л%ци ядаты  даракгардыи  саны  кеми  бастайды- 

#
Популяциянын  өсімінін  негогі  екі  улгісі  бар. Оны 
)
  бейнелі 
жэне 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет