Жануарлар экологиясы



Pdf көрінісі
бет17/19
Дата03.03.2017
өлшемі12,67 Mb.
#7245
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

202

жайылған  шашақ  тамырлы,  немесе  топырақтың  ылғалды  терең 
қабатына дейін жететін, жақсы дамыған  кіндік тамырлы болу арқылы 
морфологиялық, физиологиялық жолмен бейімделеді.
Шөл  белдемінде:  1)  жауын-шашынды  кезде  тез  өсіп  тұқымын 
таратып  үлгеруге  бейімделген  эфемер  біржылдық  өсімдіктер  өседі. 
Мысалы, 
жауылша 
(Аіуззит),
 
бөденешөп 
(Уегопіса),
 
ебелек 
(Сегаіосагрщ)
  туыстарына  жататын  эфемерлер;  2)  тамырына, 
сабағына,  жапырақтарына  суды  мол  жинап,  оны  қуаңшылық  кезде 
үнемдеп  пайдалануға  бейімделген  суккулент  өсімдіктер.  Мысалы, 
Америкалық  шөлдерге  кең  таралған  кактус 
(Сегеиз),
  опунция 
(Орипгіа)
  жэне  Азиялық  шөлдерге  тэн  көптеген  түрлі  шырынды 
сораңдарды 
(Заһоіа)
  атауға  болады;  3)  діңі  қысқа,  бұтақтары  көп 
салаланған,  жапырақтары  қалың  шөл  бұталары.  Бұган  мысал  ретінде 
сексеуіл 
(Наіохуіоп),
  жүзгін 
(Саііщопит)
  т.б.  коптеген  бүталарды 
атауға  болады;  4)  шымқабат түзетін  көпжылдық  астық түқымдастар: 
бұлардың  тамырлары,  тамырсабақтары  топырақпен  бірге  өзара 
ұйысып нығыз біткен шымқабатын түзеді, ылғалдың булануын азайту 
үшін  жапырағы  түтікше  тәрізденіп  ширатыла  бүктеледі.  Мысалы, 
шөлдің  жатаган  боздары 
(Зііра  §Іагеоза,  8.  §оЪіса,  8.  саріііаіа), 
бидайық 
(А^горугит)
 қатарлы өсімдіктер.
Шөл  белдемінің  жануарлар  әлемі  айтарлықтай  алуантүрлі. 
Омыртқасыз  жануарлардан  шөлге  тэн  өкілдерінің  бірі  -   сары 
құршаян 
(Виіһш  еиреиз).
  Ол  күндіз  тастың  асты,  бүтаның  түбі  т.б. 
көзге  шалынбайтын  жерде  бұғып  жатады  да,  түнде  жем  іздеп
белсенді тіршілік етеді.
Жәндіктерден  саяқшегірткелердің 
(АсгШШае),
  қарақоңыздардың 
(Тепеһгіопісіае)
  көптеген түрлері кездеседі 
(30-сурет).
Қосмекенділер 
(АтрһіЬіа)
  шол белдемінде жоққа тэн. Орта Азия 
мен  Қазақстанның  шөлінде  гана  қуаңшылыққа 
төзімді 
жасыл
қүрбақа 
(Ви/о  уігігііз)
  кездеседі.
Шөл  белдемінде  бауырымен  жорғалаушылардың 
(Керііііа) 
коптеген  түрі  тіршілік  етеді.  Бауырымен  жорғалаушылар  — жылу 
сүйгіш  жануарлар,  ыстық  кезде  інге  кіріп  салқындайды, денесінің 
ылғалын  терісінің  қабыршықтары  буландырмай  жақсы  сақтайды, 
колайсыз  мезгілді  (қыста  жэне  жаздың  аса  ыстық,  қуаң  кезінде) 
анабиоз  күйге  түсу  арқылы  шығынсыз  өткізеді,  аштыққа  аса 
төзімді.  Міне  осы  сипаттары  шөл  белдемінің  куаң  да  қатаң 
экологиялық 
жағдайына 
қарамастан 
онда 
бауырымен 
жорғалаушылардың  кең  таралуына  мүмкіндік  туғызады.
203
к

Шөл 
белдемінде 
жармасқы 
кесірткелер 
тұқымдасы 
(Секкопісіае)
 
мен 
ешкемер 
(А&атісіае)
 
тұқымдас 
кесірткелер
көптеп  кездеседі 
(30-сурет).
Жармасқы 
тұқымдас 
кесірткелердің 
саусактарында 
жэне
құйрығының  астыңғы  бетінде 
қандай  да  бір 
қатты  денеге 
жабысатын 
тілімшелері 
болады.  Сондықтан 
олар 
қандай 
да 
жылтыр  заттан  таймайды,  тіпті  әйнектің  астыңғы  бетіне  бір 
саусағымен  ғана  жабысып  салбырап  тұра  алады.  Орта  Азия, 
Қазақстанның  шөл  өлкелерінде  жылтыр  жармасқы 
(Тегаіозсіпсиз 
зсіпсиз)
  кездеседі.  Ол  құмды  шөлдерде  мекендейді.  Шағыл  құм, 
құмтөбешіктерде  тереңдігі  90см-ге  жететін  ін  қазып,  күндіз  інде 
жатады.  Ымырт  жабылысымен  інінен  шығып,  әртүрлі  жәндіктерді 
аулап  жейді:  шегіртке,  шекшек,  үлкен  қоңыздармен  қоректенеді. 
Гобидың 
шөлінде 
кездесетін 
Пржевальский 
жармасқысының 
(Тегаіозсіпсш 
рггем/аһкіі)
 
ішін 
жарып,  қорегінің 
құрамын 
зерттегенде  ол  эртүрлі  жәндіктермен  қатар  қүршаян 
(Зсогріопвз), 
түкті  бүйімен 
(ЗоЩщае)
  де  қоректенетіні  айқындалған.
Ешкіемерлер 
тұқымдасынан 
шөл 
белдемінде 
батбат 
(Рһгупосерһаіиз)
  туысына  жататын  кесірткелер  кеңінен  тараған. 
Әсіресе 
иірқұйрық 
батбат 
(Рһ.^иііаіиз),
 
тақыр 
батбаты 
(Рһ. һеііозсориз),
  шұбар 
батбат 
(Рһ.  уегзісоіог)
 
кесірткелер 
қиыршықтасты,  тастақты 
шөлдерде  басым 
кездеседі.  Бүлардың 
әрқайсысы  өзінің  түсін  тастың, топырақтың  түсіне  сэйкес  өзгертіп
қорғанады.
Еуразияның  құмды  жэне  тастақты  шөлдерінде  жиі  кездесетін 
кесірткелердің  тағы  бір  тобын  кесірлер  туысы 
(Егетіаз)
  қүрайды. 
Шөл  өлкесіне  зытпа  кесір 
(Е.  уеіох)
 
жақсы  бейімделген.  Зытпа 
кесірлердің  эрбіреуі  өздеріне  тиесілі  мекен  иеленеді.  Мекеніне 
бірнеше  ін  қазып  дайындайды. Қауіп  қатер  кезінде  сол  ініне  кіріп 
қорғанады.  Мекенін  жэне  індерін  басқа  кесірткелерден  қорғайды. 
Олар  жәндіктермен  жэне  тұқым, жеміс-жидекпен  қоректенеді.

/
2
?
4
6
7
а
ч .
9
10
30-сурет. Шөл белдемінде мекендейтін жануарлар:
1- сасык кара коңыздар (бляпс)*,  2- сары  құршаян: 3- батпат кесіртке; 4- кесір 
кесіртке; 5- каспий тасбакасы; 6- ұбак; 7- жорга дуадақ;  8- тырду; 9- жүнбалық
қосаяқ;  10- шұбар күзен.
і
205
\

Шөлді  ө л кеде  мекендейтін  кесірткелердің  ең  ірісі  кесел 
немесе  варан  кесірткелерінің  тұқымдасына  жатады.  Ең  ірі  кесел 
кесіртке  —  Индонезияның 
Комодо 
аралында 
тіршілік 
ететін 
Комодо  кесел  кесірткесі  — 
Үагапш  Котосіоепзіз.
  Оның  денесінің 
үзындығы  3  метрден  астам,  салмағы  140кг-ға  жетеді.  Ол  шөлде 
емес,  орманда  бұғы,  жабайы  шошқа  т.б.  ірі  аңдармен  қоректеніп 
тіршілік  етеді.  Шөлде  тіршілік  ететін  кесел  кесірткелерінің  ең 
ірісі  Австралияның  шолінде  кездесетін  алып  кесел 
(V.  £і%апіеиз) 
атты  кесіртке  оның  үзындығы  2,5  м, салмағы  ІІОкг-ға  жетеді.
Солтүстік  Африка,  Орта  Азия,  Оңтүстік  Қазақстанның  шөл 
белдемінде  сұр  кесел  немесе  шөл  кеселі 
(У.§гі$еш)
  атты  кесел 
кесірткенің  түрі  таралған.  Оның  ұзындығы  құирығымен  қосқанда 
1,6м,  салмағы 
2,5-Зкг.  Орталық 
жэне 
Орта 
Азия 
жерінде 
кездесетін  кесірткелердің  ең  ірісі  болып  табылады.  Ол  минутына 
100-120 
метрге  дейін 
жылдамдықпен 
жүгіре 
алады.  Әртүрлі 
жәндіктермен, 
өрмекшілермен 
әсіресе 
кесіртке, 
жылан, 
кеміргіштермен 
жэне 
құстың 
жұмыртқа,  балапандарымен 
қоректенеді.  Қыста  інінің  аузын  топырақпен  бітеп  қысқы  үйқыға
кетеді.
Шөл 
кеселі 
Қазақстанның 
жэне 
Халықаралық 
қызыл
кітабына  тіркелген.
Жыландардан  шолде  құм  айдаһаршасы 
(Егух  тіііагіз)
  жиі
кездеседі.  Ол  көбінесе  құм  астында  жасырын  тіршілік  етеді.
Құмға  сүңгіп  кіріп,  құмның  астымен  еркін  қозғалып  жүре  алады.
Аулайтын  аңын  аңдып  ұстау  үшін  денесі  түгелдей  қүмға  көміліп
жасырынады,  тек  көзі  мен  мүрны  ғана  көрініп  қозғалыссыз
жатады.  Маңайына  құмтышқан,  кесіртке  т.б.  жеміне  жарамды
жануарлар  таяп  келгенде  ғана  құмнан  дереу  ытқып  шығып,
денесімен  2-3  орап  үстап  алады.  Кейде  кеміргіштердің  ініне  кіріп
те  аулайды.  Айдаһарша  -   усыз  жылан.  Оны  кейбір  жыртқыш
құстар, кірпі  ұстап  жейді.
Шөл  белдемінің  құстарында  да  денесінің  ылгалын  үнемдеуге
және 
жазғы 
ыстыққа 
төзімділігін 
жақсартуға 
бағытталған 
бейімделушілік 
байқалады.  Шөлге 
бейімделген 
құстар 
да, 
бауырымен  жоргалаушылар  да  өте  қою  несеп  шығарады,  оның 
көбін  зэр  қышқылы  қүрайды.  Бұның  нәтижесінде  несеппен  бірге 
сыртқа  бөлінетін  сұйықтың  мөлшері  азаяды.  Су  ішу  арқылы 
қажетті 
ылғалды 
қамтамасыз  ететін 
құстар 
жылдам 
үшуға 
қабілетті,  ұзақ  ұшуга  төзімді  болуының  арқасында  күн  сайын
206

алыстағы  сулы  жерге  ұшып  барып  келу  мүмкіндігін  иеленген. 
Бұндай 
құстардың 
нағыз 
мысалы 
ретінде 
бұлдырық 
тұқымдастарды 
(РіегосІеіШае)
  атаймыз.  Шөл  белдемінде  таралған 
ақбауыр  бұлдырық 
(Ріегосіез  аісһаіа),
  қарабауыр  бұлдырық 
(Р. 
огіепіаіез),
  убақ 
(Зуггһаріез  рагаёохш )
  қатарлы  бұлдырықтардың 
қанаты  ұзын, жақсы  жетілген,  күн  сайын  ұзаққа  ұшып  барып  су 
ішіп 
қайтады.  Олар  жер 
бетінде 
жоргалай 
жүгіріп 
қорегін 
(өсімдіктің  тұқымы,  жәндіктер) 
тауып 
жейді.  Қызған 
құмнан 
табанын  қорғайтын  мүйізденген  қалың  тері  қабаты  дамыған, 
тұягының  түбіне  дейін  нығыз  жүнмен  қапталған.  Осының  бәрі 
бұлардың  құмды, тастақты  шөлге  жақсы  бейімделгенін  дәлелдейді. 
Шөлдің  негізгі  бір  құсы  -   жорға  торғай 
(Росіосез  рапсіегі).
  Ол 
бұталы  шөлде  мекендейді.  Жұмыртқа  баспаған  кезінде  аздап  қана 
орын  ауыстырады,  негізінде  отырықты  құс.  Ол  көбінесе  тұқым, 
жемістермен,  аздап 
жэндіктермен 
және 
ұсақ 
кесірткелермен 
қоректенеді.  Қысқа  дайындық  ретінде  қоректік  қор  жинап  оны 
бұталардың  түбіне  көміп  сақтайды.  Цайдамның  жэне  Гобидың 
шөлінде  моңғол  жорға  торғайы 
(Р.һепсіегзопі)
  мекендейді.
Сүтқоректілер  шөлде  тіршілік  ету  үшін  физиологиялық, 
морфологиялық,  экологиялық 
тұрғыдан 
жан-жақты 
бейімделу 
қажеттілігі  туындайды.  Өйткені  олардың  көбі  апысқа  сапар  шегіп 
суатты 
жерлерге 
жиі 
барып 
түруга 
қабілетсіз.  Тек 
түяқты 
жануарлар  ғана  күн  сайын  суат  іздеп  сапар  шеге  алады. 
Сүтқоректілер:  а) сүйық  несеп  бөліп  шығарады;  б) ыстықта  терлеу 
арқылы  жэне  ентіге  тыныс  алу  (полипноэ)  арқылы  олар  ішкі 
ыстығын  сыртқа  шыгарып  салқындайды. Осының  бәрінде  олардың 
денесінен  несеппен,  термен,  деммен  бірге  көп  ылғал  бөлініп 
шыгады.  Сондықтан  да  сүтқоректілердің  шөлге  бейімделу  жолы 
күрделі.
Кеміргіштерден  шөлде  ең  кең  таралған  топ -  қосаяқтар  тобы 
(Оіросіісіае).
  Артқы  аяғы  мен  қүйрығы  аса  ұзын  бүл  кеміргіштер 
алга  үмтыла  секіріп  қозғалады.  Тек  артқы  кос  аяғымен  ғана 
секірген  кезде  қүйрығы  қозғалысының  бағытын  реттеушілік  рөл 
атқарады.  Шөлейт 
өлкеде 
эволюциялық 
үзақ  дәуірді 
кешу 
барысында  қосаяқтарда  физиологиялық  таңғажайып  құбылыстар 
пайда  болған. Денесіндегі  ылғалды  үнемді  жүмсауға  бейімделіп:  1) 
өте  қою  несеп  бөліп  шығарады, несебі  адамның  несебінен  3-4  есе 
қою;  2)  қою 
дәретінің 
құрамындагы 
судың 
мөлшері 
басқа 
сүтқоректілердікінен  элдеқайда  аз;  3)  қосаяқтар  терлемейді.  Терлеу
207

арқылы  денесін  салқындату  мүмкіндігі  жоқ  болғандықтан  олар 
ыстықтамауға  тырысады.  Соған  байланысты  күндіз  інде  жатып, 
түнгі  салқында  інінен  шығып  қоректенеді.  Қосаяқтар  әртүрлі 
өсімдіктердің 
тамырын,  тамыр 
түйнегін,  қызғалдықтардың 
пиязшығымен  және  тұқымымен  қоректенеді.  Қорегін  қорытқан
ф
кезде  зат  алмасу  үрдісінен  бөлініп  шыққан  суды  қанағат  етіп 
өмір  сүреді.  Орталық  Азияның  шөл,  шөлейт, қуаң  дала  белдемінде 
секіргіш  қосаяқ 
(Аііасіа^а  зіЪігіса),
  қүмайт  шөлдерде  кіші  қосаяқ 
(А.  еіаіег),
  жүнбалақ  қосаяқ 
(Оіриз  $а%іПа)
  жиі  кездеседі 
(30- 
сурет).
Шөлде 
тұрақты 
кездесетін 
кеміргіштерге 
құмтышқандар 
(ОегЫІІіпае)
 
жатады.  Солтүстік 
Африканың 
шөлді 
өлкелерін 
ергежейлі  қүмтышқан 
(СегЪіІІш  ^егЬПІш)
  мекендейді. Олардың  аз- 
аздаған дарақтары  бір  жерге  топтасып  колониялы  тіршілік  етеді
Азиялық 
шөлдерде 
кең 
тараған 
қүмтышқандар  -   кіші 
қүмтышқан 
(Мегіопез  тегійіапш),
  үлкен  қүмтышқан 
(КһотЬотуз 
орітиз).
  Кіші  қүмтышқан  қүмайт  шөлдерді  таңдап  мекендейді. 
Қыста  бір  інге  он  шақтысы  жиналып  бірге  қыстайды.  Оба 
ауруының  табиғи  ошағын  өзіне  сақтайтындықтан  зиянды.
Үлкен  қүмтышқан  құмайт,  балшықты,  тастақты  шөлдердің 
қай-қайсысында  кең  тараған. Топ  түзіп  колониялық  тіршілік  етеді. 
Інін  өте  терең  және  күрделі  етіп  қазады.  Бір  колонияның  інінің 
аузы  бірнеше  жүзге  жетеді.  Осылайша  ін 
қазу  арқылы  құмды 
босатып,  қүмның 
көшуіне 
ықпалын 
тигізеді.  Оба 
ауруының 
микробын  өзінде  сақтап  таратушы  ретінде  зиянды.
Шөл,  шөлейт 
мекендерде 
көптеп 
тіршілік 
ететіндердің 
қатарына  тұяқты  жануарлар  жатады.  Тұяқты  жануарлардың  денесі 
ширақ,  аяғы 
ұзын.  Олар 
ұзақ 
жолға 
шалдықпай 
жылдам 
қозгалады.  Осындай  қасиетіне  сәйкес  олардың  шалғайдағы  суатқа
барып  су  ішіп  тұруға  мүмкіндігі  мол.
Тақ  түяқтылардан 
шөлде  қүлан,  Пржевальский 
жылқысы 
мекен  етеді.  Олар  күніне  40-50  шақырым  жол  жүріп  суатқа 
барып  қайтады.  Пржевальский  жылқысын  моңғолияның  далалық 
жэне  шөлейт  өлкелеріне  қайта  жерсіндірудің  (реакклиматизация) 
нәтижесінде 
Гобидің 
шелінде 
Пржевальский 
жылқысының 
табыны қайта  қалыптаса  бастады.
Айыртұяқтылардан  шөлде  киіктер  кездеседі.  Шөлге  жақсы 
бейімделген,  аса  төзімді  жануарлар  -   көнтабандылар 
(Туіоросіа) 
қатарына  жататын  түйелер 
(Сатеіісіае).
  Екі  өркешті  түйе 
(Сатеіиз
208

Ьасігіапиз)
 
Моңғолияда,  Қазақстанда 
жэне 
Орта 
Азияның 
солтүстік  өлкелерінде  өсіріледі.  Оның  моңғолша  хавтагай  немесе 
түйекиік 
деп 
аталатын 
табиғи 
тағы 
күйдегі 
жабайы 
түрі 
Моңғолияның 
оңтүстігіндегі 
Гобидің 
шөлінде 
мекендейді. 
Хавтагай  немесе  түйекиіктер  XV  ғасырға  дейін  Гобидан  бастап 
Орта  Азия,  Қазақстанның  оңтүстік  өлкелеріне  дейін  өріс  алып 
кең  таралганын  қазбадан  табылған  олардың  сүйектері  дәлелдейді. 
Жалғызөркеш  түйе  немесе  нар  түйелер 
(Сатпеіш  сіготесіапиз) 
Африкада  жэне  Орта  Азияның  оңтүстік  бөлігінде  тек  қолға
үиретілген  күиде  гана  кездеседі.
Әдетте  сүтқоректі  жануарлар  денесіндегі  судың  20%-нан 
айырылса  өледі,  ал  түиелер  денесінің  суының  40%-ын  кеміткенде 
ғана  өлімге  үшырайды.  Түйенің  тағы  бір  гажайыбы  -   денесінің 
температурасын 
реттеу 
қабілеттілігінде.  Басқа 
сүтқоректі 
жануарлар  тәрізді  түйе  де  ыстық  кезде  терлеу  арқылы  денесінің 
ішкі 
ыстыгын 
сыртқа 
шығарып 
салқындайды.  Бірақ 
басқа 
жануарлар  денесінің  қызуы  37-37,5  градусқа  жеткенде-ақ  терлей 
бастайды.  Ал 
түйе 
денесінің 
температурасы 
40-41 
градусқа 
жеткенше  терлемейді.  Бұл  да  түйенің  денесіндегі  суды  (ылғалды) 
тез  буландырмай, үнемді  жүмсауға  қабілеттілігінің  дәлелі.
Қорыта 
келгенде 
шөл 
жануарларына 
төмендегідей 
ерекшеліктер 
тән:  1)  ылғалдың,  судың 
тапшылық  жағдайында 
тіршілік  ететіндіктен  шөл  жануарларының  барлығы  денесінің 
ылғалын  қандай  да  бір  жолмен  үнемдеуге  бейімделген;  2)  қыста 
ұзақ  ұйқыға  кететін  жэне  жазғы  ыстық,  қуаң  кезде  де  анабиоз 
күйге  түсіп,  бұйыгып  өткізетін  жануарлардын  иеленетін  үлесі 
мол;  3)  үрпақ 
шашып 
көбеюінде 
маусымдық 
көрініс 
айқын 
байқалады: тек  ылғалды, жылы  маусымда  гана  жаппай  көбейеді; 4) 
қыста  ұзақ  ұйқыга  кетіп  жатып  қалмай  белсенді  тіршілік  ететін
жануарлардын  ішінде  қысқа  арнап  азық  қорын  жинап  сақтайтын 
жануарлар  көп  кездеседі.
Міне  осының  бәрі  шөлдің  қатаң  табиғатына  төзіп  тіршілік
етуге  мүмкіндік  береді.
209

Алабұта -  Марь -  
Сһепоросііит
Алқа тұқымдасы — Пасленовые — 
Зоіапасеае
Арпабас -  Костер -  
Вготиз 
Арша -  Можжевельник — 
іипірегиз 
Асжапырақ — Шпинат — 
Зріпасіа 
Астықтұқымдастар -  Злаки -  
Огатіпеае 
Әлпеншек — Рододендрон — 
Кһосіосіепсігоп 
Балдырган -  Борщевик -  
Негасіеит 
Балқарағай — Лиственница — 
һагіх 
Беде -  Клевер -  
Тгі/оііит 
Бетеге -  Овсяница -  Ғ
езіиса 
Бидайык -  Пырей -  
к& оругоп 
Боз(селеу) -  Ковыль -  8
ііра
Бөденешөп — Вероника — 
Vегопіса 
Бүлдірген -  Земляника -  
Ғга^агіа 
Гүлбұршак -  Ракитник -  
Су Шиз 
Дала шиесі -  Физалис - 
Рһузаііз 
Ебелек -  Рогач -  
Сегаіосагриз
Емен -  Дуб -  
диегсиз 
Жатаған кайын — Береза — 
Веіиіа папа 
Жауылша -  Бурачек -  
Аіуззит 
Кәріқыз -  Липучка - 
Ьарриіа
Кеуел тұкымдастар -  Каперцовые - 
СарраШасеаІ
Көкжидек -  Голубика -  
Уассіпіит  ііщіпозит
Көктерек -  Осина - 
Рориіиз
Кайың -  Береза - 
Веіиіа
Қалақай -  Крапива - 
Ш іса
Қарағай -  Сосна - 
Ріпиз
Қараған -  Карагана - 
Сага%апа
Жоңышка -  Люцерна -  
Мейіса^о
Жөке -  Липа -  
Тіііа 
Жусан -  Полынь -  
Агіетізіа 
Жүзгін -  Жузгун -  
Саііщопит 
Итмүрын -  Шиповник -  
Воза 
Итошаған -  Череда -  
ВШепз 
Итшомырт -  Крушина -  
Кһатпиз 
Кактус -  Кактус -  
Сегеиз 
Қаракат -  Смородина -  
КіЬез 
Қиякөлең -  Осока -  
Сагех
Өсівдіктердін казакша, орысша, латынша атгарыяын тіэімі
210

Қурай -  Бурьян -  
Кһеит
Құртқашаш -  Касатик (ирис) - 
Ігіз
Қусы ксүт -  Молочай -  
ЕирһогЬіа
Қызғалдак -  Тюльпан -  
Тиііра
Қызылкайың -  Г раб -  
Сагріпш
Қызылша -  Свекла -  
Веіа
Қыналар -  Лишайники -  
Ьісһепез
Қыша -  Г орчица -  
Зіпаріз
Мүкжидек -  Клюква —
 
Уассіпіит охусоссиз
Самырсын -  Пихта -  
АЫез
Самырсын карағай -  Кедр -  
Сасігш
Селеу (Боз)
 -  
Ковыль
 - 
Бііра
Сексеуіл -  Саксауыл -  
Наіохуіоп
Соран -  Солянка -  
Заізоіа
Сүйсін — Ятрышмик
 - 
Огсһіз
Тал -  Ива * 
Заііх 
Таран -  Горец —
 
Роіу&опит 
Тасжарған -  Камнеломка -  
5ахі/га%а 
Терек -  Тополь -  
Рорміш 
Тобылгы -  Сперей -  
Зрігаеа 
Түйетікен -  Чертополох -  
Сагсіиз 
Үшкат -  Жимолость -  
іопісега 
Үйеңкі -  Клен -  
Асег 
Шаған -  Ясень -  
Ғгахіпиз 
Шамшаг -  Бук -  
Ға%ш
Шашакгүлділер тукымдасы -  Резедовые -  
Кезесіасеае 
Шәнкіш -  Калина -  
Уіһчгпит 
Шисабак -  Топконог -  
Коеіегіа 
Шырша — Ель - 
Рісеа
211

Азқылтанақты бунаққұртгар -  Малощетинковые кольчатые черви - 
ОМосһаеіа
Айдарлы түлен - Хохлач -  
Сузіорһога 
Айдарлы үйрек -  Мандаринка -  Аіх §а1егіси1аіа 
Айдарлы шымшык — Синица хохлатая — 
Р.  сгізіаіиз 
Айдарсыз сүңгуір (үйрек) — Чернеть морская — 
Нугоса тагііа
Алақоржын — Пеструшка - Ь.а£цгиз
Алып ызгылдаң
 -  
Жужелица большая
 -  
Тарһохепиз %і%аз
Ақ аю -  Медведь белый -  
і/гзиз тагііітиз
Ак жапалак — Белая (полярная) сова — 
Мусіеа зсапсііаса
Ак каз -  Гусь белый -  
Апзег саегиіезсепз
Ак қоян- Заяц-беляк -  
Ьериз іітігіиз
Ак торғай -  Пуночка -  
Ріесігорһепах ппаііз
Ак түлкі -  Песец -  
Аіорех Іа%огиз
Ак тырна —
 Журавль белый (илистерх) — 
Сігиз Іеисо^екапиз
Ак шагала —
 Чайка белая — 
Ро%орһіІа аІЬа
Акбас тырна -  Журавль- красавка -  
АпіһгороМез \іг%о
Акбауыр бүлдырық — Белобрюхии рябок — 
Ріегосіез аісһаіа
Ақбөкен (жезкиік) -  Сайгак -  
5аі%а Іаіагіса 
Ақкіс -  Горностай — 
Мизіеіа егтіпеа
Аккалак -  Ласка -  
Мизіеіа пічаііз
Аккұмырсқа -  Т ермит - 
Ізоріега
Аккұр -  Белая куропатка -  
іа%ориз Іа%ориз
Ақмаңдай каз -  Гусь белолобый 
-А п зег апзег
Аксаха -  Сиг - 
Соге%опиз 
Аксұңқар -  Кречет -  
Ғаісо %уг/а1соп 
Алабұга -  Окунь -  
Регса/Іт іаііііз 
Алагүлік коңыздар -  Нарывник - 
МеІоШае 
Аламан -  Хомяк обыкновенный -  
Сгісеіиз сгісеіиз 
Албырт -  Кумжа - 
Заіто ігиііа
Алмұрт жемісжемір көбелегі — Плодожорка грушевая — 
Ьазреугезіа 
ругһюга
Асцидия -  Асцидия - 
АзсШіае
Асшаяндар -  Креветки - 
РапсІоШае
Атқыш қоңыз -  Жук -  бомбардир - 
Вгасһіпиз
Бакбакыл бака -  Квакша -  дальневосточная -  
Нуіаіаропіса
Бал ара -  Медоносная пчела - 
АрШае
Балалагыш кесіртке -  Ящерица живородящая -  
Ьасегіа үіүірага 
Басаяқты былқылдакденелілер -  Г оловоногие моллюски -

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет