Жануарлар экологиясы



Pdf көрінісі
бет2/19
Дата03.03.2017
өлшемі12,67 Mb.
#7245
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

стенабионттар 
тобын 
құрайды 
Мысалы  жылы  суда  тіршілік  ететін  төменгі  сатыдағы  шаянның  бір 
түрі  температураның  6°С-қа  ғана  ауытқуына  (+23  °С-тан  +29  °С 
аралыгында) төзе алады.
Температураның  кең  ауқымда  ауытқуына  төзімді  ағзалар 
эвритермділер. тар ауқымда ауытқуына төзімділер -  стенотермділер 
деп  аталады.  Сол  сияқты  қысымға  байланысты  атаганда  -   эврибат, 
стенобат; 
тұздылыққа 
төзімділігіне 
байланысты 
атағанда 
-  
эвригалиндер,  стеногалнндер делінеді.
Қандай  бір түрдің төзімділік  шегінен  фактордың  мәндік деңгейі 
артылып  кетсе  (немесе  жетпей  қалса)  ондай  фактор  шектеуші 
факторға  жатады.  Басқа  факторлар  ағза  үшін  қолайлы  болғанымен 
бір  ғана  фактор  төзімділіктің  төменгі  шегінің  деңгейіне  жетпесе 
немесе  жоғарғы  шегінің  деңгейінен  артылып  кетсе  ағзаның  тіршілік 
етуін  шектей  алады.  Түрдің  географиялық таралу  аймағының аумағы 
шектеуші фактордың эсеріне байланысты.
12

3  ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ЖАҒДАЙЫНА 
ЖАНУАРЛАРДЫН БЕЙІМДЕЛУІ
Тарнхи дамуының (эволюция) кезеңдерінде жануарлар қоршаган 
ортаның  эртүрлі  факторларына  біртіндеп  бейімделеді.  Бейімделу 
ғылыми тілде адаптация деп  аталады.  Бейімделуге, яғни адаптацияга 
қабілеттілік әрбір тірі ағзаға тэн  қасиет.
Қоршаған  ортада  тұрақты  кайталагі  тұратын  өзгерістер  кезінде 
(жыл  мезгіліне,  күн  мен  түнге  т.б.  байланысты  өзгерістер) 
жануарлардын  қалжырамай  тіршілік  етуіне  олардың  бейімделуге 
қабілеттілігі  көмегін  тигізеді.  Жануарларда  болатын  тұқым  қуалау, 
өзгеру  және  табиғи  жолмен  сұрыпталу  қасиетгері  жануарлардын 
бейімделу қабілетін пайда болдырады.
Жануарлардын  қоршаган  ортаның  жағдайына  бейімделуінің 
белсенді. енжар және қолайсыз жағдайдан жалтарыну деген  үш түрі
бар:
Белсенді  жолы:  қандай  бір  фактордың  әсеріне  ағза  өзінің 
қарсылыгын  жоғарылату,  фактордың  қалыпты  жағдайдан  ауытқуына 
қарамастан  агзаның  тіршілігіне  қажетті  барлық  қызметті  қалыпты 
жағдайда  сақтау  үшін  реттеу  жүйелерінің  қызметін  күшейту  т.б. 
белсенді  әрекеттер  арқылы  жүзеге  асады.  Мысалы,  сыртқы  орта 
шамадан  тыс  суытқан  кезде  немесе  шамадан  тыс  ыстық  кезде
сүтқоректілер  мен  қүстар  денесінің  температурасын  өзгертпеи, 
тұрақты 
мөлшерде  сақтау 
арқылы  жасушаларында  жүрілетін 
биохимиялык  реакциялардың бірқалыптылыгына жэрдемдеседі.
Енжар  бейімделу  -   жануарлар  өзінің  тіршілік  іс-әрекеттерін 
ортаның  факторларының өзгерісіне бағындыру арқылы бейжай  түрде 
икемделу  жолы.  Мысалы.  тіршілікке  қолайсыз  жағдайда  жәндіктер 
анабиоз  (жасырын  тіршілік)  күйге  түсіп  денесінде  жүрілетін  зат 
алмасу  үрдісін  барынша  төмендетуі  арқылы  (жәндіктер  мен 
омыртқалы  жануарлардын  қысқы  үзақ  үйқыға  кетуі)  қолайсыз 
жағдайды бейжай тұрғыда өткізуі.
Қолайсыз  әсерлерден  жалтарыну  -   жануарлардын  мінезінде 
және  тіршілік  айналымының  кезеңдерінде  қолайсыз  жағдайлардан 
қашқақтау  әдеттерінің  пайда  болуы  арқылы  қоршаған  ортаның 
қолайсыз  факторларына  кездеспеуге  бейімделуі.  Мысалы,  жылдын 
эртүрлі  мезгілдерінде  жануарлар  қоныс  аударып  қолайсыз  мекеннен 
қолайлы  мекенге  көшуі.  Мүндай  мекен  ауыстырып  көшу  жануарлар 
арасында  өте  жиі  кездеседі.  Жылдың  суық  мерзімінде  қүстар  жылы

жаққа  қайтып  көктемде  қайта  келуі,  жэне  жануарлардың  басым 
көпшілігінің  балалап  көбею  уақыты  жылдың  жылы  мерзіміне  сәйкес 
болуы,  кейбір жәндіктер қатерлі жағдайды сезінген  кезде өлі заттарга 
ұқсап  қимылсыз,  қозғалыссыз  (танатоза)  күйге  түсуі  барлығы  да 
қолайсыз 
факторларға 
үшырамау 
мүмкіндігін 
тудыратын 
экологиялық бейімделушілікті көрсетеді.
Бейімделу үш түрлі жолмен жүзеге асады:
-  Морфологиялық  бейімделу —жануарлардың дене  қүрылысы  мен 
пішінінде әртүрлі өзгерістер жүрілу арқылы ортаның жағдайына 
бейімделуі.  Мысал  ретінде  салқын  белдеуде  тіршілік  ететін 
құстар  мен  сүтқоректілердің  жүні  мен  түбіті  қыс  мезгілі 
жақындағанда  қалыңдап,  көктемде  күн  жылынысымен  түлеп, 
сирейтінін еске түсіріңіз.
-  Физиологиялық  бейімделу  -агзада  атқарылатын  іс-қызметтер 
жүйесіне  өзгерістер  жүрілуінің  негізінде  бейімделеді.  Мысалы 
шамадан  тыс  ыстық  кезде  жануарлар  демігіп,  тыныс  алуын
жиілету  арқылы  салқындаиды,  немесе  терлеп,  ағзаның  ішкі 
мүшелерінде  жиналган  ыстықты  буландырып  сыртқа  шыгаруы 
аркылы ыстық ортаға бейімделуі.
-  Этологиялық  (мінез-қылықтық)  бейімделу.  Шөлде,  ыстық 
аймақтарда  тіршілік  ететін  көптеген  жануарлар  күндіз  інде 
(немесе  басқадай  салқын,  көлеңке  жерлерде)  тығылып  жатып, 
түнде  белсенді  тіршілік  етеді.  Сондай-ақ  қысқы  үзақ  ұйқыга 
кету,  мезгілге  байланысты  қорегі  мол,  жылы  мекенге  көшу  т.б. 
мінездік  қүбылыстар  арқылы  жануарлар  фактордың  мезгілдік, 
тэуліктік өзгерісіне бейімделеді.
3.1  Температура факторыныц жануарларға әсері
Жануарларға ең қажетті фактордың бірі -жылулық.
Ағзалардын 
температурасы 
оларды 
қоршаған 
ортаның 
темперетурасына 
байланысты 
болады. 
Өйткені 
ағзалардың 
тіршілігінің 
негізін 
қалайтын 
зат 
алмасу 
реакцияларының 
жылдамдыгы 
мен 
бағыты 
сыртқы 
ортаның 
температурасына 
байланысты  өзгеріп  отырады.  Ағзаның тіршілігінің барлық  іс-әрекеті 
температурага  тэуелді  жүріледі.  Жер  шарының  суық  белдеуінде 
тіршілік ететін жануарлар қысқы  мезгіл басталарда ұзақ ұйқыға кетуі, 
күздің  аягына  қарай  сүтқоректілер  мен  құстардың  жүні  мен
14

қауырсынының 
қалыңдауы,  құстардың  жылы  жаққа  қаитуы, 
кеміргіштер  қыстық  азық  қорын  жинап,  інінің  аузын  бітеуі,  міне 
осының  бәрі  қыстың  қытымыр  суығынан  қорғану  үшін  жасалады. 
Жаз  басталасымен  жануарлар  түлеп,  жұмыртқалап,  телдей  бастауы  -  
жылы мезгіл басталғанының белгісі.
Тірі  ағзалардың  көбі  0-55°С  температураның  аралығында 
тіршілік  ете  алады.  0°С-тан  төмен  немесе  55°С-тан  жогары 
температурада  жасуша  цитоплазмасындағы  белоктар  (ақуыздар) 
үйып,  белоктың  құрылысы  бұзылатындықтан  ағзалар  тіршілік  ету 
мүмкіндігінен  айрылады.  Агзаның  денесінде  су  азайған  сайын 
температураның 
қалыпты 
жағдайдан 
ауытқуына 
төзімділігі 
жоғарылайды.  Өсімдіктің  тұқымы,  кейбір  жәндіктердің  споралары 
және  бактериялар  120-140°С  ыстыққа  жэне  -190-273°С  суыққа  төзе 
алады. 
Кейбір 
жайбасарлар 
(Тагсіі^гасіа)
 
мен 
кішкентай 
жұмырқұрттар  150°С  ыстыққа  да,  -270°С  суыққа  да  біраз  уақыт 
төзетіні  тәжірибе  арқылы  анықталған.  Кейбір  жұмырқұрттар  да  81°С 
қайнар  бұлақта,  кейбір  түрлі  шыбынның  дернәсілі  69°С  ыстық 
арасында,  ал ұлулар 47-50°С  ыстық бұлақтарда тұрақты тіршілік етіп 
дамып  жетіле  алатыны  белгіленген.  Жануар  зерттеуші  австриялық 
ғалым  Швейгер  Турцияның  Анатолия  аймағындағы  41-42°С-қа 
жететін,  күкіртті  ыстық  арасанда  еркін  жүзіп,  бейғам  тіршілік  ететін 
балықтың түрін алғаш тауып анықтаган болатын.
Жер  шарының  ең  суық  өлкелерінде  тіршілік  ететін  өте  суық 
температуралық факторға төзуге бейімделген жануарлар да кездеседі. 
Айталық,  Антарктика  құрлыгында  дерлік  тіршілік  жоқ:  мүнда 
тіршілік  етуге  жылылық  жетіспейді,  топырақ  түзілмеген(түзілуіне 
мүмкіндік  жоқ),  құрлықтың  беті  жаппай  мәңгі  мұзбен  қапталған. 
Мүнда  жылдың  көпшілік  мезгілінде  -80°С,  немесе  одан  да  суық 
болып  тұратынына  қарасмастан  мүз  баспаған  кішкентай  ғана 
жалаңаш  жерлерінде  ондаған  түрлі  омыртқасыз  жануарлар  мен 
төменгі сатыдағы қарапайым өсімдіктер кездеседі.
Енжар  тіршілік  сатысына  ауысқан  жануарлардын  денесінде 
судың 
мөлшері 
азаятындықтан 
температураның 
ысып, 
суып 
ауытқуына  олардың  төзімділігі  артады.  Мысалы,  Колорадо  қоңызы 
жазғы  енжар  тіршілігі  кезінде  58-60°С  ыстыққа  бірнеше  сағат 
бойында  төзе  алады.  Қысқы  үзақ  үйқыға  кетіп  енжар  тіршілік 
сатысына  енген  шатырқанат  көбелектің  жүлдызқұртын  (дернәсілін) 
бір  тәулік  бойында  -78°С  суықтыққа  үстаганда  ол  тастай  болып
15
%
і

сіресіп  қатса  даты  қайтадан  жылы  жерге  әкеліп  қойганда  «тіріліп» 
тіршілігін жалғастыра бастаған.
Температура 
факторын 
қапай 
қабылдауына 
байланысты 
жануарларды 
термофильдер 
яғни 
жылусүйгіштер 
және 
криофильдер 
яғни 
суықсүйгіштер 
деген 
екі 
топқа 
бөледі. 
Жылусүйгіш  жануарлар  сыртқы  ортаның  температурасының  төмен 
болуын қалайды, ал термофильдер жылылықты талғап тіршілік етеді.
Жануарлар жылу  энергиясын  біріншіден,  сыртқы ортадан  алады 
(күн  энергиясы,  жердің-ішкі  жылулығы).  Сонымен  қатар 
зат 
алмасу 
реакцияларынан бөлініп шыққан ішкі энергияны пайдаланады.
Денесіндегі  жылу  теңдестігін  (баланс)  сақтауға  сырттан  алатын 
және  ағзаның  өзінің  ішкі  реакцияларының  нәтижесінде  өндіретін 
энергия  көзінің  қайсысы  басым  болуына  байланысты  жануарлар  екі 
топқа 
бөлінеді: 
экзотермиялы 
(пойкилотермиялы) 
және 
эндотермиялы (гомойотермиялы).

Экзотермиялы  (немесе  пойкилотермиялы)  яғни  салқын  қанды 
жануарлар  (грекше 
«экзос»  —
  сырт, 
«пойкилос»
  -  өзгермелі, 
ауыспалы).  Салқын  қанды  жануарлардың  денесінің  температурасы 
тұрақты 
емес, 
сыртқы 
ортаның 
температурасының 
өзгеруіне 
байланысты өзгермелі болады.
Құстар  мен  сүтқоректілерден  басқа  барлық  жануарлар  салқын 
қандылар  (пойкилотермиялы)  тобына  жатады. 
Салқын 
қанды 
жануарлардың  жылу  алмасуының  негізгі  ерекшілігі  —  оларда  зат 
алмасу  үрдісі  карқынсыз  болатындықтан  денесінен  бөлінетін  ішкі 
энергияның  мөлшері  аз,  сондықтан  жылу  энергиясының  басым 
копшілігін  сыртқы  ортадан  (күн  энергиясы  және  жердің  қызуынан 
бөлінген 
энергия) 
алады. 
Сапқын 
қандылардың 
денесінің 
температурасы  сыртқы  ортаның  температурасына  тікелей  тэуелді 
болуы  міне  осыган  байланысты.  Бірақ  та  олардың  денесінің 
температурасы  сыртқы  ортаның  температурасымен  дәл  бірдей  емес, 
азды-көпті  мөлшерде  өзгеше  болады.  Суық  кезде  олардың  денесінің 
температурасы 
қоршаған 
ортаның 
температурасынан 
жогары, 
ыстықта ортаның температурасынан томен  болады.  Көбелек, түктіара 
тэрізді  жәндіктердің  денесінің  температурасы  олар  ұшпай  тыныш 
отырган  кезде  сыртқы  ортаның  10°С-тық  температурасынан  0,4°С-
0,8°С  қана  жоғары  (10,4°С-10,8°С)  болган.  Ал  олар  жылдам  ұшып 
белсенді  қозгалған  кезде  денесінің  температурасы  36-40°С-қа  дейін 
жетіп,  ортаның  температурасынан  (10°С)  элдеқайда  артылатыны 
дэлелденген.  Сапқын  қанды  жануарлардың  зат  алмасу  үрдісі  қанша
16

баяу,  қарқынсыз  жүрілсе  де  одан  азды-көпті  эндогендік  (іштен 
өндірілетін)  энергия  бөлініп  шығады.  Осы  энергияның  нәтижесінде 
денесінің температурасы  ортаның температурасынан жоғары болады. 
Ал  денесінің  температурасы  сыртқы  ортаның  температурасынан 
төмен болуы -  ішкі секреция бездерінен бөлінген гормондардың әсері
денесін салқындатып реттеуіне байланысты.

Эндотермиялы  (немесе  гомойотермиялы)  яғни  жылы  қанды 
жануарларга  сыртқы  ортаның  температурасына  тәуелсіз,  денесінің 
ішкі  температурасын  тұрақты  сақтайтын  жануарлар  жатады  (грекше 
«эндос»  -  ішкі,  «гомойос»  -  ұқсас,  бірдей  деген  ұгымды  білдіреді). 
Бұлар — құстар мен сүтқоректілер.
Гомойотермді 
жануарларда 
зат 
алмасу 
қарқынды 
жүрілетіндіктен,  оның  нэтижесінде бөлінетін  энергия  да мол  болады. 
Бүл  энергия  тек  ішкі  қызметтерді  гана  атқаруга  емес,  денесінің 
температурасын түрақты деңгейде сақтап түруга да жүмсалады.  Жэне 
денесінің  жылуын  сыртқы  ортага  таратпай  үстап  түруына  олардың 
жүні  мен  түбіті,  қауырсыны  үлкен  рөл  атқарады.  Жүні  мен 
қауырсыны  сыртқы  ортаның  суыгы  мен  ыстыгын  денесінің  ішкі 
мүшелеріне  өткізбеуге  де  көмегін  тигізеді.  Сондықтан  ортаның 
температурасы 
өзгерсе 
де 
гомойотермді 
жануарлардың 
температурасы  өзгермей,  түрақты  деңгейде  сақталады.  Олардың 
денесіндегі  жылу  теңдестігін  сақтауға  өзіндегі  зат  алмасу  үрдісінен 
өндірілген  жылу  негізгі  рөл  атқарады,  сыртқы  ортаның  денесін 
қыздыратын жылу елеулі үлес қоспайды.  Сондықтан да гомойотермді 
жануарларды эндотермді немесе денесі іштен жылынатын (ішкі жылу 
көзі  арқылы  денесінің  температурасын  реттейтін)  жануарлар  деген 
қабат атаумен атайды.
Гомойотермді  (эндотермді)  жануарлар  өз  денесінен  бөлініп 
шыккан  жылумен  қамтамасыз  етілумен  қатар,  жылуды  қанша 
мөлшерде  өндіріп,  қанша  мөлшерде  жүмсауды  кез-кезінде дэлме-дэл 
реттеуге  қабілетті.  Сондықтан  да  олардың  температурасының 
түрақтылыгы  өзгермейді.  Эндотермділіктің  нәтижесінде  жануарлар 
сыртқы  ортаның  температурасына  тәуелді  болмай,  еркін  тіршілік 
етуіне  айтарлықтай  жол  ашылатындықтан  эндотермділік  қасиетінің 
жануарлар үшін маңызы зор.
Осындай  ретаеуінің  .нэхижесінде_  эндотермді  жануарлардың 
денесінің  температурасы  жоғарымөлш ерде  болады  және  түрақты 
сақталады.  Қал$птйгы^ ? д а й д а   қүстардың  ішкі  температурасы

сапасына  байланысты  38-43,5°С  аралығында  ауытқиды.  Сүтқоректі 
жануарлардын  дене  температурасы  құстардан  төменірек  (36-37°С) 
жэне эртүрлі  топтың сүрқоректі  жануарларының дене температурасы 
бірдей 
емес: 
біртесіктілердің 
(Мопоігетаіа)
 
тік 
ішегінің 
температурасы  30-33°С  (ішкі  температураны  эдетте  тік  ішектің 
температурасын  өлшеу  арқылы  зерттейді),  қалталылардың  ішкі 
температурасы  -  34°С,  кеміргіштерде  -   35-39,5°С,  түяқтылар  мен 
жыртқыштарда — 35,2 - 39°С.
Гомойотермді  сүтқоректілердің  кейбіреуі  жылдың  қолайсыз 
мезгілінде  қысқы  үзақ  үйқыға  кетеді.  Қысқы  ұзақ  үйқы  кезінде 
олардың  денесінің  температурасы  төмендейтіні  анықталған  (суыр, 
саршүнақ,  кірпі,  жарғанат,  қүстардан  -   үзынқанат  қарлығаш). 
Осылайша  денесінің 
температурасының 
түрақты 
жогарылығы 
жылдың  мезгіліне  байланысты  ауысып  отыратын  жануарлар  — 
гетеротермді 
(һеіегоя
  -   басқа,  әртүрлі)  немесе  эртүрлі  (өзгермелі) 
температуралы жануарлар тобын қүрайды.
3.1.1 Температура факторына жануарлардыц бейімделуі
Қоршаған  орта температурасының  өзгерістеріне эртүрлі жолмен 
бейімделу  арқылы  жануарлар  өздерінің  температурасының  оңтайлы 
(оптимум)  деңгейде  сақталуын  қамтамасыз  етеді.  Температура 
жағдайына  әртүрлі  жануарлар  әртүрлі  жолмен,  әртүрлі  деңгейдегі 
белсенділікпен  бейімделеді.  Ортаның  температурасының  өзгеруіне 
сэйкес  жануарлар денесінің температурасын  негізгі  үш  түрлі  жолмен 
реттеп бейімделеді. 
^  ”
1.  Химиялық  жолмен  реттеу  арқылы  бейімделу  -   ортаның 
температурасының  өзгерісіне  сэйкестіріп  денесінен  жылу  өндіру 
мөлшерін  белсенді  түрде  өзгертеді:  ыстықта  -   жылуды  аз  бөледі, 
суытса — көп бөледі.
2.  Денесінің  температурасын  физикалық  жолмен  реттеу  арқылы 
бейімделеді.  Денесінің  (эсіресе  жүнінің,  түбітінің,  терісіндегі  қабық, 
қабыршақтардың  жылу  өткізу  қабілетін,  түсін,  тыныс  алу,  қан 
айналым  жүйесін  өзгерту  арқылы  ішкі  жылуының  сыртқа  шығуын 
шектеп  жылуын  сақтау,  әйтпесе  керісінше,  денесіндегі  артық 
ыстықты  сыртқа  бөліп  шығару  қабілетін  жоғарылату  арқылы  іске 
асады.
3.  Мінез-құлықтық  өзгерістер  арқылы  реттеп  бейімделу. 
Жануарлар  мекен-жайдағы  өзінің  орнын,  орналасу  бағытын,  пішінін,
18

немесе  мінезі  мен  қозғалысын  әртүрлі  мөлшерде  өзгерту  арқылы 
ортаның  температурасын  өзіне  қолайлы  деңгейде  қабылдайды. 
Кейбір  жануарлар  тек  мінездік  өзгерістер  жасау  арқылы  ғана 
денесінің  жылу  теңдестігін  (жылу  балансын)  өте  қарқынды  реттей
алады.
Гомойотермдік жануарлармен салыстырғанда пойкнлотермді 
жануарларда 
зат 
алмасу 
үрдісінің 
қарқыны 
бәсең, 
баяу 
жүрілітіндіктен  олардың химиялық жолмен денесінің жылуын  реттеу 
мүмкіндігі  аз.  Физикалық  реттеу  арқылы  температура  өзгерісіне 
бейімделу  қабілеті де төмен.  Пойкилотермді  жануарлардың  өздігінен 
жылу  өндіру  қабілеті  төмен  болғандықтан  жылудың  тапшылығына 
қарсы  тұра алмайды.  Сондықтан  ортаның  температурасы  төмендеген 
кезде  олардың  тіршілік  іс-әрекеті  барынша  баяулап,  қозғалыссыз 
сілейген бейнеге айналады.  Осындай  белсенсіз жагдайда олар суыққа 
жақсы төзе алады.  Бүл жағдайдан қайтадан белсенді тіршілікке ауысу 
үшін  олар  сыртқы  ортадан  белгілі  бір  мөлшерде  жылу  сіңіріп  алуы 
қажет.  Салқын  қанды  жануарлар  күн  көзіне  қыздырыну  немесе 
керісінше,  көлеңкелі  салқын  жерге  орын  ауыстыру  арқылы  сыртқы 
ортадан  денесіне  сіңетін  жылудың  мөлшерін  реттей  алады.  Олар 
денесінің  температурасын  көбінесе  мінез-қүлықтық  өзгерістер  жасау 
арқылы реттейді.  Атап айтсақ, денесінің пішіні мен түрпатын өзгерту, 
микроклиматы  қолайлы  орынға  ауысу  т.б.  жолдармен.  Көптеген 
салқын  қанды  жануарлар  күндізгі  ыстықта  көлеңкелі,  салқын  жерді 
жағаттайды  да,  салқын  түссе,  күн  сәулесі  түскен  орынды  сағалайды. 
Кесіртке  мен  жыланның  шөлде  кездесетін  кейбір  түрлері  күндіз 
кызған  құмнан  қашқақтап  бүталардың  бұтағына  өрмелейді.  Ал 
көптеген  жәндіктер  және  жылан,  кесірткелердің  кейбір  түрлері 
қызған  ыстық  күннен  қорғанып  інге  кіреді.  Құмырсқа,  ара  тэрізді 
қоғамдық  жәндіктер  ішкі  температурасы  өздерінің  тіршілігіне 
қолайлы түрде реттеліп түратын үя жасап алады.
Жылы  қанды  (гомойотермді)  жануарлар  қоршаған  ортамен 
жылу 
алмасу 
үрдісін 
қарқынды 
жүргізу 
арқылы 
денесінің 
температурасын  жылдың  қай  мезгілінде  болса  да  тұрақты  сақтайды. 
Олардың  әрбірінде дене  температурасын  өзіне  ең  оңтайлы  мөлшерде 
сақтауға жәрдемдесетін  әртүрлі  амал  шаралар дамыған.  Атап  айтсақ, 
морфологиялық,  физиологиялық  және  мінез-құлыктық  бейімделудің 
кай-қайсысы  көптеген  түрде  кездеседі.  Осыған  сәйкес  қоршаған  орта 
температурасының  өзгерісіне  физикалық,  химиялық  жолмен  оңай 
бейімделе алады.
19

Денесінің температурасын әртүрлі  жолмен реттей  алатындыктан 
ит,  мысық  т.б.  жануарларды  44°С-тық  ыстық  бөлмеде  7  сағат  ұстап, 
содан  соң  температурасын  өлшеп  көргенде  олардың  тік  ішегінің 
температурасы  40-42°С-тан  аспаган.  Ал  Австралияның  шөлейт 
жазығында  мекендейтін  қызыл  кенгуру  мен  үлкен  сұр  кенгурулар 
сыртқы  ортаның  температурасы  44°С-қа  жетсе  де  денесінің 
температурасын  тұрақты  38°С  деңгейінде  сақтайтыны  айқындалған. 
Гомойотермді 
жануарлар 
ыстыққа 
төтенше 
төзімді 
екенін 
дэлелдейтін тагы бір мысал 1  агылшындық доктор Ч.  Блэгденнің итке 
жүргізген тэжірибесі.  Ол  126°С  ыстық жэне  құрғақ камераға бірнеше 
жолдастарымен  жэне  итпен  бірге  кіріп  45  минут  шыдап  тұрған. 
Олардың  өзімен  бірге  камераға  алып  келген  шикі  ет  пісіп,  суық  су 
қайнаған,  бірақ  адамдардың  да  иттің  де  денсаулығына  ешбір  зақым 
келмеген (Шмидт-Нильсен,  1972).
3.1.2 Салқын  қанды жануарлардыц дамып жетілуіне
температураның әсері
Қандай бір ағзаның ұрыгы дамып жетілу үшін белгілі бір
мөлшерде жылулықты қажет етеді.
Жылы  қанды  жануарларға  сүтқоректілер  мен  құстар  жататыны
бэрімізге  мэлім.  Құстардың  денесінің  тұрақты  температурасы 
сүтқоректілерден  де  жогары  -  42°С.  Олар  осы  артықшылыгын 
пайдаланып  жұмыртқасын  басып  —  денесінің  жылуымен  жылыту 
арқылы  дамытып  жетілдіреді.  Сүтқоректі  жануарлардың  ұрыгы 
анасының  құрсагында  дамитындықтан  олар  үшін  сыртқы  ортаның 
температурасының  эсері  мүлдем  жоққа  тэн.  Жылы  қанды  жануар 
денесінің  температурасының  түрақтылыгын  пайдаланып  ұрығының 
дамып 
жетілу 
үрдісін 
сыртқы 
ортаның 
температурасына 
тэуелділіктен  айырғаны — гомойотермділіктің тагы  бір артықшылыгы
деп көруге болады.
Салқын  қанды  жануарлардың  өсіп  жетілуі  тікелей  сырткы
ортаның 
температурасына 
тэуелді. 
Суықта 
салқын 
қанды 
жануарлардың  жүмыртқасы  да,  дернәсілі  мен  қуыршағы  да  өсіп 
жетіле  алмайды.  Себебі,  суықтың  эсерінен  зат  алмасу  үдерісі  тым 
баяулап  дамып  жетілуге  энергия  жетіспейді.  Және  ересектері  де 
белсенді тіршілік ете апмайды.
20

Сыртқы  ортаның  температурасы  белгілі  бір  деңгейге  жетіп 
жылынган  кезде  олардың  тіршілігі  қайта  сергіп,  дамып  жетіле 
бастайды.
Зат 
алмасу  үрдісі  қалыпты  мөлшерге  жетіп,  дамып  жетіле 
бастау  эртүрлі  сапқын  қанды  жануарларда  эртүрлі  температурадан 
басталады.  Осылайша  белсенді  тіршіліктің  басталу  температурасын 
табалдырык 
температура 
немесе 
дамып 
жетілудің 
әуелгі 
температурасы  деп  атайды.  Сыртқы  ортаның  температурасы  әуелгі 
(табалдырық)  температура  деңгейінен  жоғарылаған  сайын  дамып 
жетілу 
үрдісі 
қарқындап 
жануарлардын 
эрбір  даму 
сатысы 
жылдамдайды,  тез  жетіліп  есейеді. 
Мысалы, 
патшабалықтың 
уылдырығы 
0°С-тан 
дами 
бастайды. 
Оның 
уылдырығы, 
температурасы  тұрақты  +2°С  суда  205  тәулік,  +5°С  суда -   82  тәулік, 
+10°С  суда  41  тэулікте  жетіліп  шабақ  болып  шығады.  Майшабақтың 
уылдырыгы  +2°С  суда  45-50  тэулік,  +16°С  суда  6-8  тэулік  дамып 
шабаққа  айнапады.  Шөп  бақаның  уылдырығы  +9°С  суда  30  тәулік, 
+21 °С суда 8 тәулік дамып бақашабақ жетіліп  шығатыны анықталган. 
Сондай-ақ  беде сұркөбелегінің жүмыртқасы ауаның тәуліктік орташа 
температурасы  18°С  кезде  9  тәулікте  жетіліп  дернәсіл  сатысына 
өтеді, ап тэуліктік орташа температурада 23°С болса екпінді дамып,  7 
тәулікте дернәсіл жетіліп шығады.
Келтірілген  мысалдардан  белгілі  бір  түрдің  дамып  жетілуіне 
қажетті  температураның  жинақ  қосындысы  барлық  жағдайда  бірдей 
екенін  көреміз. Дәлірек айтқанда,  патшабалықтың уылдырығы:
а) +2°С-та 205 тәулікте жетіледі температураның қосындысы 410°С.
б) 5°С-та 82 тәулік, қосындысы - 410°С.
в)Л0°С-та 41  тәулік, қосындысы тағы да 410°С.
Сонымен,  салқын  қанды  жануарлардын  дамып  жетілуінің  эрбір 
сатысы  жүрілу  үшін  олар  сыртқы  ортадан  белгілі  мөлшерде  жылуды 
өзіне  сіңіруі  қажет.  Бүл  жылу  қарқынды  температуралардың
косындысымен 
өлшенеді. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет