Министерство сельского хозяйства республики казахстан



Pdf көрінісі
бет32/42
Дата03.03.2017
өлшемі3,78 Mb.
#7247
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   42

i
)қандай дəрежеде əсер етуін анықтау болып табылады жəне бұл мəселе 
төмендегідей формула арқылы анықталады: 
Y  = a

+ a
1
x
1
 +  a
2
x
2
 +a
3
x
3
 +a
4
x
4
 +a
5
x
5
                                     (1) 
Бұл  жерде:  
Y  - мақтаның бір гектардан алынатын өнімділігі (ц/га);
 
x
1
 - егіске енгізілген азот тыңайтқышы көлемі (кг/га); 
x
2
 - егіске енгізілген фосфор тыңайтқышы көлемі (кг/га); 
x
3
 - егіске енгізілген калий  тыңайтқышы көлемі (кг/га); 
x
4
 - егістіктің суарылу дəрежесі ( мың куб м /га); 
x
5
 - мақта өндірісінің механизацияландыру дəрежесі (1000 га егістікке тура келетін 
техниканың саны);  
a
0                       
теңдеудің  еркін мүшесі;  
a
1 , 
a
2, 
a
3......  
корреляция   теңдеуінінің   коэффиценттері.  
   Осы  формулаға{1}  негізделіп  орындалған  есептеулер  жəне  оның  алдағы  кезеңге 
жасалған  экстраполяциясы  төмендегідей  нəтижені  көрсетті.  Мақта  комплексі  өнімдері 
экспортының болжам көрсеткіштерінің  бірінші варианты («инерциялық варианты») оған 
сəйкес  егер  аймақтағы  мақта  комплексі  осы  кезге  дейінгі  (2011-2014 ж.ж.)  қалыптасқан 
өндірістік  үрдісті  жалғастыра  берсе,  онда 2018 жылға  келіп  мақтаның  жалпы  өнімі 2014 
жылға  қарағанда 28,3 пайызға  дейін  қысқаруы  мүмкін,  бұл  сəйкесінше  мақта  талшығын 
өндіру 32,5 пайызға дейін азаюына келіп соғады 

247 
 Мақта  комплексінің  мұндай  даму  траекториясы,  мемлекет,  оның  ішінде  аймақтық 
мүдделерге  жауап  бермейді,  сондықтан  мақта  шаруашылығын  ғылыми  тұрғыдан 
негізделген  өндіріс  параметрлері  бойынша  қайта  ұйымдастыру  қажет[3].  Мəселен, 
минералды  тыңайтқыштар  енгізуді  нормативті  деңгейге  жеткізу  шаралары,  егісті  суару 
дəрежесін  көтеру,  агротехникалық  шараларды  негізінен  механизацияландыру  арқылы, 
мақта  комплексін  дамытудың  екінші  «мобилизациялық»  вариантын  жүзеге  асыруға 
болады.  ОҚО  жағдайында  су  тапшылығы  бар  болғандықтан  суды  неғұрлым  үнемдеп 
пайдалану  жөніндегі  технологияларды  ендіру  мықтап  қолға  алынуы  қажет.  Аймақта 
тамшылатып  суару  тəсілін  жалпы  егіс  көлемінінің40-45 %-на  ендіру  жоспарланып  отыр. 
Осының  нəтижесінде, 558 млн.  текше  метр  су , 2000 тонна  минералды  тыңайтқыш 
үнемделіп, дақылдардың өнімділігі жоғарылайды. 
Аталған ресурстар тиімді пайдаланылса, 2018 жылы 2014 жылғы деңгейге қарағанда 
мақтаның жалпы өнімі 2 есеге, талшық көлемі 2,3 есеге   арттырудың толық мүмкіндіктер 
бар.  Мақта  талшығы  көлемінің  артуына  қарамастан,  пікірімізше,  оның  ішкі  нарықтағы  
қайта өңдеу үлесін  арттыру тиімдірек болады, сондықтан мақта талшығы экспортын 20-
22% дейін төмендету  макроэкономикалық тұрғыдан жоғары пайда алып келеді.  
Пікірімізше, мақта шаруашылығын тиімді басқарудың жаңа формасына өту - қазіргі 
ұсақ  фермер  қожалықтарын  ірі  шаруа  кооперативтеріне  біріктіру  арқылы  жүзеге 
асырылуы мүмкін.  
Мақта  кешені  өнімдерін  халықаралық  нарыққа  жеткізу  жəне  оны  пайдалы  сатуға 
жол  ашатын,  қазіргі  заман  талаптарына  толық  жауап  беретін        – маркетинг
концепциясын[2] даярлау жəне оны агрокомплекстің күнделікті қызметінде қолдану үлкен 
маңызға ие. 
   Пікірімізше, мақта кешені маркетингі негізгі екі бағыт бойынша жүргізілуі мүмкін: 

экспортқа  тауар  шығаратын  өнім  түрлерін  дамыту  жəне  экспортты
əртараптандыру,  халықаралық  нарықтарда  аймақ  мақта-мата  өнімдеріне  сұранымды 
молайту  жəне  кешен  өнімдерінің  абыройын  көтеруге    бағытталған  сыртқы  сауда 
маркетингі; 

саланың  болашақ  экономикалық  өсіміне  серпін  беретін  алғышарттар  мен
негіздерді қалыптастыру, жергілікті тұтыну талаптарын қанағаттандыруға бағытталған 
жəне  мақта  талшығының  еліміз  ішінде  қайта  өңдеуге  ынталандырушы – ішкі  нарық 
маркетингі. 
Қазіргі  заманауий  маркетинг  зерттеулері  тауар  өндірушілері  мен  тұтынушылар 
арасындағы  барлық  звенолардың,  басқыштардың  қызметін  объектив  бағалап  отыруы 
керек. Сонымен, мақта маркетингі тек қана, өнім сатумен шұғылданатын тізім деп түсіну 
дұрыс  емес.  Қазіргі  кезде  қызмет  етіп  отырған  мақта  маркетингі,  еліміздегі  мақта 
өнімдерін  «кімге,  кандай  көлемде  жəне  қандай  бағада»  сату  мəселесін  шұғылданумен 
шектелместен, жалпы мақта кешенінің экономикалық жоғары тиімділікпен жұмыс істеуін 
қамтамасыз ету міндеттерін орындауы қажет. 
Əдебиеттер 
1. Сейдахметов  А.С.  Куква  И.  Н.,  Нургалиева  К.К.  Экономическая  оценка
сельскохозяйственного потенциала агробизнеса. Алматы, «Экономика» 2006- 256 с. 
2. Фишер  Г.  Маркетинг  узбекского  хлопка-  некоторые  заметки// Cottonoutlook,
Cotlooklimited. Specialedition,ICAC, 55 –thPlenarymeeting. Uzbekistan 96, c.46- 51 
3. Челекбай  А.Д.  Риск-менеджмент  в  денежно-кредитной  и  инвестиционной
деятельности:теория,  мировой  опыт  и  практика  Казахстана,  Алматы, «Экономика»     
2007.- 312 с. 
4. Cotton World statistics, bulleten of the ICAC, the USA- “Cotton” review of the world
situation, ICAC, 2014 

248 
 
В  статье  анализируется  хлопковый  комплекс  Казахстана  и  разработаны  меры  по 
развитию  экспортного  потенциала  региона.  Предлагаются  «инерционный»  и 
«мобилизационный» варианты развития 
 
The article deals with the cotton complex of  Kazakhstan and the measures for 
development of  export potential of the region are worked out by the author. The “inversion” and 
“mobilizing” variantsofdevelopmentareoffered. 
 
 
 
 

249 
АГРОИНЖЕНЕРНЫЕ ПРОБЛЕМЫ 
ƏОЖ   378.09 
Жақсылықова Н.Е., Сағидолла Н. 
Қазақ ұлттық аграрлық университеті  
БОЛАШАҚ КƏСІПТІК ОҚЫТУ ПЕДАГОГЫНЫҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫС ПРОЦЕСІ 
Аңдатпа 
Бұл мақалада кəсіптік оқыту, болашақ кəсіптік оқыту педагогының өзіндік жұмыс 
процесі жəне жалпы өзіндік жұмыс ұғымдарына сипаттама келтірілген. 
Кілт сөздер: өзіндік жұмыс, өзіндік жұмыс процесі, өзіндік іс-əрекет. 
Кіріспе 
Кəсіптік оқыту – оқыту процесінің бір тармағы ретінде кəсіптік білім беру жүйесін 
жетілдірумен  қалыптасып,  білім  берудің  негізгі  бірден  бір  жолы  болып  табылады. 
Кəсіптік оқытудың басты  мақсаты – болашақ маман иесінің кəсіби білімділігін арттыру. 
Яғни  болашақ  маман  иесі  мен  инженер – педагогтың  кəсіп  бойынша  ғылыми – 
техникалық  ілімді  игеру  мен  кəсіптік  білік,  дағды  қалыптастырудағы  бірлескен  іс–
əрекеттері. Қазіргі заман талабына сай бəсекеге қабілетті мамандар даярлау мен олардың 
біліктілігін  арттырудың  жаңа  тұжырымдамалары  əзірленіп,  оқыту  əдістері  мен  оны 
ұйымдастыру формалары жетілдіру үстінде. Кəсіптік оқыту осындай мəселелерді шешіп, 
егемен  елімізге  білікті  мамандар  дайындауда.  Кəсіптік  оқыту  педагогының  күрделі  де 
маңызды бір мəселесі студентті болашақ мамандығына оңтайландыру, кəсіптік біліктілігін 
дамыту,  іскер  жəне  құзіретті  мамандар  дайындау  болып  табылады.  Білікті  педагог,  өз 
ісінің білгір маманы болу үшін, ғылымды игеріп қана қоймай оны практикалық тұрғыда 
өмірге  қолдана  білуі  қажет.  Қазіргібілім  деңгейі  дамып  жатқан  уақытта,  білімнің 
ақпараттық  үлгісін  толықтай  қуып  жету  өзінің  өзектілігін  жоғалтады.  Оқытудың  негізгі 
мақсаты – білім сапасын меңгере алмауы жеке тұлғаның дамуы жəне оның белсенді ой–
өрісін  қалыптастыруда  өзгереді.  Сондықтан  бірінші  орынға  болашақ  педагогтың  өзіндік 
жұмысы  тұрады.  Осыған  байланысты  жоғары  оқу  орындарындағы  оқытушылардың 
міндеті  маманның  кəсби  іс–əрекетінде  орын  алатын  құзіреттілікті  қамтамасыз  ету  үшін 
оған өзіндік оқу–танымдық іс–əрекетін ұйымдастыруда көмек көрсету мен жағдай жасау 
болып  табылады.  Қоғам  жоғарғы  кəсіптік  білім  жүйесінің  алдына  жаңа  мақсаттар  мен 
тапсырмалар  қояды.  Кəсіби  біліктілігі  бар  мамандар  ғана  емес,  сонымен  қатар  жеке 
өмірінің  өзіндік  мақсатының  стратегиясынқұра  білетін,  өз  еркімен  білім  іздеуге  жəне 
жылдам  өзгеретін  жағдайда  қалыптасуға  қабілетті,  кəсіби  өсуге  жəне  нарықтық 
қатынастар жағдайындағы мансапқа дайын мамандар сұранысқа ие. Мұндай  жағдайларда 
болашақ  педагогтардың  өзіндік  жұмысына  жəне  кəсіби  дайындық  кезеңіне  қойылатын 
талаптар  едəуір  жоғарылайды.  Қазіргі  заман  талабы  қоғамға  өз  бетімен  жұмыс  атқара 
алатын,  өздігінен  алдына  мақсат  қойып  жəне  оған  жетудің  əдіс – тəсілдерін 
шығармашылықпен анықтап, қолдана алатын кəсіби маман тұлғасы болуы керек. Осындай 
тұлғаның дамуына бағытталған білім берудің негізі – тұлғаның өздігінен білім алу, өзін – 
өзі тəрбиелеу, өзін – өзі жетілдіру процестері жатады [1].  
Осы проблемалардың мəні мынадай тенденциялармен шартталады, өз кезегінде біз 
екі  топқа  жинадық:  халықаралық,  отандық.  Халықарарлық  тенденцияларға  біз  жалпы 
жахандық  ақпараттандыру  негізінде    қоғамның  жаңа  даму  түрі  –білімді  қоғамды 
жатқызамыз.  Бұл  мəтінде  Л.М.Сухорукова  ақпараттық  қоғамда  қызметкердің  «жаңа 
қажеттіліктері» қалыптасады, деп белгілейді: 

250 
 
-  кең  қызмет  саласында  жан-жақты  дайындығы  бар  немесе,  бірнеше  мамандықты 
игерген адамдар; 
-  барлық  еңбек  жолындағы  үздіксіз  білім,  қызметкердің  тұрақты  өздігінен  жетілуі, 
оның кəсіби жинақылығының қажеттілігі; 
- еңбек нарығында сұранысқа ие емес мамандарды қайта даярлау немесе біліктілігін 
жоғарылату [2]. 
Отандық тенденцияларға біз келесілерді жатқызамыз:  
1) болашақ маман иелері мен оқытушылардың өз білімдерін тұрақты түрде жетілдіру 
талап  етілген  кездегі,  үздіксіз  білім  идеясының  құндылығы; 2)  білім  беру  үдерісі 
ұйымдарындағы  өзгерістер,  болашақ  педагогтардың  өзіндік  жұмыстарының  үлесінің 
өсуінен аудиториялық жүктеменің қысқаруы;  
3)  білім  іздеуге  бағытталғанболашақ  педагогтардың  өзіндік  əрекеттерге  оқыту 
процесіндегі салмақтың ауысуы;  
4)  білімге деген қатынастың өзгерісінен – олар зияткерлік капиталға айналады. 
Аталған тенденцияларды жоғарғы кəсіптік білім жүйесіндегі болашақ мамандарды 
оқыту  стратегиясының  мазмұнын  құру  кезінде  ескеру  қажет.  Нақты  осы  өзгерістермен 
жоғарғы  мектептердің  жалпы  мемлекеттік  мақсатына  жоғары  білімді,  білікті,  кəсіби 
қызметінде  жеке  стилі  дамыған  мамандарды  даярлау  кіреді.  Көріп  отырғанымыздай 
болашақ  кəсіптік  оқыту  педагогының  өзіндік  жұмысы  жоғарғы  оқу  орнының  оқу 
процесімен  тығыз  байланысқа  айналып    келеді.  Бұл  проблеманың  ерекше  маңыздылығы 
өзіндік  жұмыстың  түрлері  мен  тəсілдерін  меңгерген  оқытушы,  өзінің  шəкірттерін 
оқытудың барлық сатыларында, өзіндік, зерттеу, жобалау əрекетінде іске асыруғаболашақ 
оқытушыны  кəсіби  даярлау  кезінде  орын  алады.  Сол  себепті  де  ең  алдымен  болашақ 
кəсіптік  оқыту  педагогының  өзіндік  жұмыс  процесін  қарастырмастан  бұрын  «өзіндік 
жұмыс» ұғымына тоқталып кетсек. 
Ғылыми  əдебиеттерде  «өзіндік  жұмыс»  түсінігінің  көптеген  анықтамалары  бар. 
К.Д.  Ушинскийден  бастап,  қазіргі  заманғы  зерттеулер  В.П.Беспалько,  В.В.Краевский, 
П.И.Пидкасистый  жəне  басқаларын  қоса  алғанда,  ғалымдардың  еңбектерінде 
студенттердің өзіндік іс – əрекеттерінде маңызды сипаты зерттеледі. Бұл мəселеге сəйкес 
көптеген  ғалымдар,  мысалы,  Е.Б.  Ястребова,  М.И.  Ерецкий,  М.Г.  Гарунов,  Р.А.  В.П. 
Блохина,  Сабодашев,  А.  Вербицкий  т.б  ғалымдар  үлкен  мəн  беріп,  зерттеген.  Солардың 
бірі С.А. Коненконың  зерттеуіндегіұсыныстарға жүгінсек, өзіндік жұмыстың құрылымы 
халық  арасындағы  білім  уағыздаушы  қоғам  ұйымдастырушыларының  іс–əрекетімен 
байланысты болған, бұл мəселе 19 ғасыр 50 жылдарының соңында көтерілді. 
Қазіргі заманғы дидактикада «өзіндік жұмыс»  туралы бір мағыналы түсінік жоқ. Белгілі 
педагогикалық  сөздіктердің  өзінде    бұл  анықтама  əртүрлі  беріледі.  Г.М.Коджаспирова 
жəне  А.Ю.Коджаспиров  редакциясының  педагогикалық  сөздігінде  өзіндік  жұмыс  оқу 
əрекетінің бір түрі ретінде қарастырылады [3]. 
Ал  кəсіптік  білім  берудегі  С.М.Вишнякова  шығарған  сөздікте  өзіндік  жұмыс 
теориялық білім беруді ұйымдастырудың бір түрі ретінде қарастырылады [4]. 
П.Т.Пидкасистый  оқытушының  оқытудың  шартты    жүйесін  ұйымдастырудағы  өзіндік 
жұмыс  астарында,  оқу  пəні  жəне  оны  оқыту  əдісінің  мазмұнына  сəйкес  құрылған,  өзара 
байланысты оқу тапсырмаларының жиынтығы ретінде шығатынын түсіндіреді [5].  
В.Сенашенко,  Н.Жалнина  болашақ  кəсіптік  оқыту  педагогының  өзіндік  жұмысын 
əртүрлі  қырынан  қарастырады.  Біріншіден,  оқытудың  түрі  мен  əдіс  тұтастығы  ретінде. 
Екіншіден,  оқу-тəрбиелік  жəне  ғылыми-өндірістік  жұмыстың  тұтастығы  ретінде. 
Үшіншіден,  болашақ  маман  иесі  оқытушымен    ынтымақтастығы  ретінде.  Төртіншіден,  
дербес білім алудың бір түрі ретінде [6]. 
М.А.Цыварева  өзіндік  жұмыстың  жаңғырудан  түрленуге  дейінгі  өзгеретін  жүйе 
құрушы  белгісін  анықтады.  Бұл  жүйенің  негізгі  элементтері:  мақсат,  мазмұн, 
ұйымдастыру жəне басқару амалдары, бақылау [7]. 

251 
С.В.Алексеев,  С.Г.Вершловский,  М.Д.Матюшкин  өзіндік  жұмысқа  төмендегідей 
сипаттамалар  береді:  ой  еңбек  мəдениетінің  жоғары  дамуы,  өзіндік  жұмыстың  əдістері 
мен  дағдыларын  үйрену,  өз  уақытын  дұрыс  пайдала  білу,  қажетті  ақпаратты  жинақтау 
жəне меңгеру [8]. 
В.А.Елизарова өзіндік жұмысты болашақ педагогтың интерактивті білімді меңгеруі 
бойынша  жəне  тікелей  оқытушының  жетекшілігімен  кəсіби  жолында  практикалық 
тəжірибе жинауы мақсатты ұйымдасқан процесс деп қарастырады [9]. 
"Қарастырылып  отырған  нысанға  қатысты  толығырақ  ұғымды,  мұғалімнің 
қатысуынсыз,  бірақ  арнайы  ұйымдастырылған  уақытта  оның  құрған  тапсырмасымен 
орындалатын  жұмыс,  сондай-ақ  тапсырмадағы  қойылған  мақсатқа  жетуге  саналы  түрде 
ұмтыла отырып нəтиже алу",- деп Б.П.Есипов өзіндік жұмысты көрсетеді[10]. 
Өзіндік  жұмысты — студенттің  білімді  қабылдауы  мен  игеруі,  дағдының 
қалыптасуы жəне оқытушының жетекшілік ролі ескерілетін жəне студенттің кəсіби маман 
болуы,  қоршаған  ортаға,  өз  қызметіне  шығармашылық  көзқарас  қалыптастыруы  үшін 
қажетті оқу іс-əрекеті  деп,  В.П.Быкова өз еңбегінде көрсетеді. 
Осы  келтірілген  ғалымдардың  пікірлерін  қорыта  келе  «Өзіндік  жұмыс»  түсінігін 
ұғындырудың  əртүрлігіне  қарамастан,  ғалымдардың  ортақ  назарында  мынадай 
сипаттамалар қалады: 
- оқу қызметінің маңызды элементі; 
- оқу жағдайын жасау жүйесі; 
- теориялық оқуды ұйымдастыру түрі; 
- оқу қызметінің түрі; 
- жоғары оқу нəтижелеріне жету екпіні; 
- танымдық жəне зерттеу қызметінің синтезі; 
- əлеуметтік-жеке құндылық. 
Қазіргі  таңда  қоғам  қабілетті,  дарында  тұлғаларды  қажет  етеді.  Білім  беру 
жүйесінің даму деңгейі қоғамдық дамудың дəрежесі екені анық. Осы заманғы ақпараттық 
технологияларды  игеру  болашақ  педагогтарды  даярлау  ісінде  міндетті  кілт  деуге 
болады.Болашақ  кəсіптік  оқыту  педагогының  өзіндік  жұмысының  басқа  жұмыстардан 
ерекшелігі – болашақ  педагог  өз  алдына  мақсат  қояды,  оған  жету  үшін  жұмыс  түрін, 
тапсырманы  таңдайды.  Болашақ  педагог  пен  оқытушы  арасындағы  қатынасты  болашақ 
педагогтың  белсенділігімен  оның  өз  бетімен  білім  алуға  ұмтылуы  бағытына  өзгерту 
жұмыстарын  ұйымдастыру,  сонымен  қатар  осыған  сəйкес  болашақ  педагогтың  өзіндік 
жұмысын  ұйымдастырудың  тиімді  əдіс – тəсілдерін,  формаларын,  түрлерін,  құралдарын 
жұрыс таңдау мен қолдану болашақ педагогтың өздік жұмыс нəтижесіне ықпал жасайды. 
Болашақ  педагогтардың  өзіндік  жұмысының  тиімділігін  жəне  оны  орындауға  олардың 
ынтасын  арттыруда  дидактикалық  құралдары  мен  жаңа  ақпараттық  технологияларды 
қолданудың маңызы зор. Əрбір өзіндік жұмыстың мақсаты айқын, түсінікті, оның көлемі 
мен  мазмұны  оқу  мақсатына  сай,  болашақ  маманды  орындауға  ынталандыратындай 
жасалып, оны орындауға оның жағдайы мен мүмкіндігі болуы тиіс. Болашақ педагогтың 
өзіндік  жұмысының  тапсырмалары  алған  білімді  жаңа  жағдаятта  қолдануды,  жаңадан 
өздігінен білім алуды қажет ететіндей, студенттің танымдық қабілеттерін арттыратындай 
болуы қажет. 
Əдебиеттер 
1. Əбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. Дарын – Алматы-2004.-55 б.
2. Сухорукова  Л.М.Управление  знаниями  как  стратегия  развития  факультета
повышения квалификации и профессиональной переподготовки работников образования. 
М: Мини – тайм,2008.82 б. 
3. Коджаспиров 
Г.М., 
Коджаспиров 
А.Ю.Педагогическый 
словарь. 
М.:
Издательский центр «Академия», 2001. – 176 б. 

252 
 
4.
 
Вишнякова С.М.Профессиональное образование: Словарь. –М.: НМЦСПО 1999. – 
538 б. 
5.
 
ПидкасистыйП.И.Педагогика. – М.: 2003. – 486 б. 
6.
 
Сенашенко  В.,  Жалнина  Н.Самостоятельная  работа  стедентов:  актуальные 
проблемы. – М.: 2006. – 104 б. 
7.
 
Цыварева  М.А.Организация  самостоятельной  работы  студентов – будущих 
учителей с учетом характера их познавательной деятельности. –М.: 2012. – 23 б. 
8.
 
Алексеев  С.В.Самостоятельная  работа  слушателей  в  системе  подстипломного 
образования. 2003. – 41 б. 
9.
 
Елизарова  В.А.Самостоятельная  учебно – познавательная  деятельность 
обучающихся как социально – личностная ценность. 2013. – 107 б. 
10.
 
Есипов  Б.П.  Самостоятельная  работа  учащихся  на  уроках. — М.:  Учпедгиз, 
1961. — 239 б. 
 
 
Жаксылыкова Н.Е., Сагидолла Н. 
 
ПРОЦЕСС САМОСТОЯТЕЛЬНОЙ РАБОТЫ БУДУЩЕГО ПЕДАГОГА 
ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО ОБУЧЕНИЯ 
 
       В  этой  статье  приведена  характеристика  понятий  профессиональное  обучение
процесс  самостоятельной  работы  будущего  педагога  профессионального  обучения  и 
самостоятельная работа. 
       Ключовые  слова:  самостоятельная  работа,  самостоятельнаядеятельность,  процесс 
самостоятельной работы. 
 
Zhaksylykova N.E., Sagidolla N. 
 
PROCESS OF INDEPENDENT WORK OF THE FUTURE TEACHERS  
OF VOCATIONAL TRAINING  
 
       This article shows the characteristics of the concepts of professional training, the process of 
independent work of the future teacher training and self-study. 
       Keywords: independent work, self-employment, the process of self-study. 
 
 
ƏОК 336.273.22 
 
Зұлхарова Д.Ш., Сейдалиева Г.О. 
 
Қазақ  ұлттық  аграрлық  университеті, Алматы 
 
БАНКТІҢ НЕСИЕ БӨЛІМІНІҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН ҚҰРУ 
 
Аңдатпа  
Мақалада  экономикадағы  ақпараттық  жүйелерді  құрудың  өзектілігі,  құрастырылып 
жатқан жүйе талаптары жəне олардың өміршеңдігінің қорлары қарастырылған.  
Кілт  сөздер:  ақпараттық  жүйе,  ақпараттандыру,  ақпараттық  жүйелерге  қойылатын 
талапатар, экономикалық басқару. 
Кіріспе  
Қазіргі  уақытта  банктік  жүйеде  банк  клиенттерінің  несиеге  қабілеттілігін  бағалау 
мəселесі  өзекті  болып  отыр.  Дұрыс  шешім  қабылдаудың  нəтижесі - несие  беру  туралы 

253 
мəміле  жасаулардан  көлемді  пайда  табуға  жəне  қаржылық  шығындардың  болмауына 
мүмкіндік  береді.  Банк  қызметкері  несие  алушының  қаржылық  жағдайын  нақты 
анықтауға  мүмкіндігі  аз,  себебі  шешім  қабылдауға  көптеген  факторлар  септігін  тигізеді. 
Ал ақпараттық жүйе бұл бағыттағы жұмысқа айтаралықтай əсер етеді. 
Заманауи  ақпараттық  технологиялар  банк  құрылымдарының  қызметін  үйлестіріп, 
банкаралық байланыстарды кеңейтіп, бірнеше мемлекеттің қаржы рыногында бір мезгілде 
əрекет ету мүмкіншілігін ұсына алады. 
Банктің  пайда  болуы  мен  дамуы  тауар-ақша  қатынастарының  дамуымен  тығыз 
байланысты.  Банктер  кəсіпорындардың,  фирмалардың,  компаниялардың,  сонымен  қатар 
тұрғындардың  уақытша  пайдаланылмай  бос  тұрған  қаражаттарын  жинақтап,  қажет 
етушілерге  өсіммен  уақытша  кредит  беру  арқылы  қаржы  мұқтаждығын  өтейді.  Банктің 
ақпараттық  жəне  өзге де  технологияларының  ақпараттық  қосымшасын  құру стратегиясы 
міндеттерді  жедел  түрде  шешуге  əсерін  тигізуде.  Клиенттерге  қызмет  көрсетуді 
автоматтандырудың  басым  бағыттары  банктердің  бəсекелестік  позициясына  əсер  етеді. 
Олар: қосымша шығындарды кеміту жəне қызмет көрсету сапасын арттыру. 
Несие  өнімнің  өндірілуі,  өткізілуі  мен  тұтынылуы  үрдісіне  жəне  ақша  айналымы 
саласына  əсерін  тигізеді,  яғни  өнімді  өндіру  мен  өткізу  үрдістерінің  кедергісіз  болуына 
ықпал  етеді.  Өндірістің  маусымдылығына  орай  туындаған  қаражатқа  деген  қажеттілікті 
уақытша қанағаттандыруда, өндірісті кеңейтуде пайдалану үлкен рөл атқарады. 
Ақпараттық  қосымша – қолданушымен  тікелей  байланыс  жасауға  негізделген, 
қолданушылардың тапсырмасын орындауға арналған программа. 
Қолдану  аймағына  жəне  функцияларына  байланысты  ақпараттық  қосымшаларға 
келесі талаптар қойылады: 

 
ақпараттық  қосымша  ақпараттарды  жинауға,  өңдеуге  жəне  сақтауға  арналған. 
Сондықтан  ақпараттық  қосымшаның  сақтау  ортасы  мен  мəліметтерге  қатынасы  оның 
негізі  болып  табылады,  сақтау  ортасы  сəйкес  аймаққа  қатысты  жəне  сақтау  деңгейі 
сенімді болуы керек. 

 
ақпараттық  қосымшаның  интерфейстері  қолданушы  үшін  оңай  игерілетін  жəне 
ыңғайлы  болуы  тиіс,  қазіргі  кездегі  ақпараттық  қосымшаларда  дамыған  графикалық 
интерфейстің болуы міндетті болып саналады [1]. 
Мəліметтер  базасы  дегеніміз  ақпараттарды  сақтау  үшін  арналып  ұйымдастырылған 
құрылым. Алғашқы кезде, яғни, мəліметтер базасы түсінігі қалыптаса бастаған жылдары, 
бұл базаларда тек қана мəліметтер сақталып жүрді. Бірақ бүгінгі күнгі мəліметтер базасын 
басқару  жүйелері  (МББЖ)  өз  құрылымында  тек  қана  мəліметтерді  ғана  емес,  сонымен 
қатар  тұтынушылармен  немесе  басқа  да  программалық-ақпараттық  кешендермен  қарым-
қатынас  жүзеге  асырылатын  əдістерді  (яғни,  программалық  код)  де  орналастыруға 
мүмкіндік береді. Осылайша біз қазіргі заманғы мəліметтер базасында тек қана мəліметтер 
ғана емес, сонымен бірге ақпарат та сақталатындығын айта аламыз [2]. 
Егер, мысалы, ірі банктің мəліметтер базасын қарастыратын болсақ, бұл анықтаманы 
оңай  түсіндіруге  болады.  Бұнда  клиенттер  туралы,  олардың  мекен-жайлары,  кредиттік 
тарихы,  есеп  шоттарының  жағдайы,  қаржылық  операциялары  туралы  мəліметтер 
сақталады. Бұл базаға банктің көптеген қызметкерлері кіре алады. Бірақ олардың ішінде 
бұл  базаға  толықтай  ие  болып,  оған  өзі  жеке  өзгерістер  енгізе  алатын  адам  жоқ. 
Мəліметтерден  басқа  базада  əр  түрлі  əдістер  мен  жабдықтар  бар,  ол  əрбір  қызметкерге 
оның қызметіне кіретін мəліметтермен ғана жұмыс жасауға мүмкіндік береді. 
           Желілік  модель  де  мəліметтерді  граф  түрінде  ұсынуға  негізделген.  Бірақ 
иерархиялық  модельде  ұрпақ  түйін  тек  бір  ғана  аталық  түйінді  иемдене  алатын  болса, 
желілік модельде көптеген аталық түйінді иемдене алады (1-сурет). 

254 
 
 
 
1-сурет – «Несие бөлімі» байланысы 
 
Навигациялық  əдістер  қосымшаларға  мəліметтер  базасының  кестелеріндегі 
жазбаларға  жəне  жеке  үяшықтарға  тез  қатынау  жасау  артықшылығын  береді. BDE-нің 
негізінде Borland фирмасының МББЖ-сы мен жұмыс істейтін программистерге бұрыннан 
таныс Integrated Database API (IDAPI) технологиясы жатыр.  BDE жəне Borland SQL Links 
драйверлері арқылы  SQL-серверімен қатынас жасай алады. 
Несие бөлімінің блок сұлбасы 2- суретте көрсетілген. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
2 – сурет – Несие бөлімінің блок сұлбасы 
Несие бөлімі 
Несиелік келісімшартты
м
əлімттер базасына тіркеу 
Негізгі т
өлем есебі 
На
қты төлемдерді қадағалау 
Несие т
өлемін 
кешіктірушілерді анықтау 
жəне айыппұл салу 
Жо
ғарғы пайызды төлемдерді 
есептеу
Есеп беру кезінде 
тізімдемелерді дайындау
 
иə 
иə 

255 
«Жеке тұлғаларға несие беру жұмысын есепке алу» терезесі 3-суретте көрсетілген.  
3-сурет – «Жеке тұлғаларға несие беру жұмысын есепке алу» терезесі 
Құрастырылған  қосымша  келесі  қызметтерді  орындауға  мүмкіндік  береді:  банк 
клиенттері кредиттер туралы мəліметтерді алу, клиенттің арызын қабылдау, келісім жасау, 
клиенттің  айлық  төлемін  баспаға  шығару,  олардың  төлемдерін  қабылдау  жəне  т.б. 
Құрылған  ақпараттық  қосымша  банктің  кредиттік  бөлімінің  қызметкерлерінің  жұмысын 
анағұрлым жеңілдетеді. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет