Курс – 2 Семестр – 3 Кредит саны -3



Pdf көрінісі
бет6/17
Дата03.03.2017
өлшемі0,83 Mb.
#7335
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Топырақ  –  барлық  материалдық  игіліктер  көзі.  Ол  азық  –түлік,  малға  жем,  киім  үшін  талшық,  құрылыс 

материалдарын береді. 

 Топырақ ешнəрсеге айырбасталмайтын табиғи ресурс. 

 Топырақ басқа организмдер сияқты үнемі өсу, даму жəне өзгеру үстінде болады. онда үздіксіз түзілу жəне 

бұзылу процестері жүріп жатады. Су, жел, антропогендік факторлардың топырақ пен оның қабаттарын бұзу, 

беткі  құнарлы  қабатының  сумен  шайылуы,  желмен  ұшу  құбылыстары  эрозия  деп  аталады.  Топыратқа 

эрозиялық процестер көбейіп, өздігінен тазару  қабілеті нашарлап, құнарлылығы кемуде. 

Эрозиялық  процестердің  байқалу  сипатына  қарай  қалыпты,  не  геологиялық  жəне  жылдам,  не 



антропогендік эрозия болып бөлінеді. 

Кең  таралған  эрозиялардың  түрлері:  жазықтық,  сызықтық,  дефляция,  ирригациялық,  өндірістік  , 

абразия, жайылымдық. 

Жазықтық  эрозия-    тау  беткейлеріндегі  жоғары  горизонттағы  топырақтардың  жаңбыр,  еріген  қар 

суларымен шайылуы. 



Сызықтық  эрозия-  тау  беткейлері  топырақтарының  жаңбыр,  еріген  қар  суларының  əсерінен  терең 

жыралар мен жылғалар түзіп шайылуы. 



Дефляция- топырақтың жоғарғы құрғақ, құнарлы қабатының бөлшектерінің  желмен ұшуы. 

Ирригациялық  эрозия-  суармалы  егін  шаруашылығымен  айналысатын  аудандарда  байқалып, 

топыраққа  көп  мөлшердегі  су  массасының  берілуіне  байланысты  болады.  бұл  су  топыраққа  сіңіп 

үлгермейді  де,  топырақ  бетімен  ағады.  Су  жіберілетін  егістік  жер  аз  ғана  болса  да,  тегіс  болмаса 

топырақтың қарашірігі сумен бірге төменге қарай жуылып, ағып кетеді. Ирригациялық эрозия кезінде 

бір уақытта эрозия да, топырақтың сортандауы да жүреді. 

Өндірістік  эрозия-  пайдалы  қазбаларды  өндіру  кезінде,  əсіресе  ашық  əдіспен  өндіруде  ,  тұрғын  үй  , 

өндіріс орындарының құрылысын, жолдар, газ жəне мұнай трубопроводтарын салу кезінде байқалады. 



 Абразия кезінде жыртылатын жəне мал жайылатын жерлердіңауданы кемиді. 

Механикалық эрозия

Литосфераға күшті техногендік əсер екі бағытта жүреді: 

1. ландшафтың өзгеруі жəне жойылуы. 

 

2.топырақтың ластануы жəне деградациясы. 



№7 дəріс 

32 

 

Тақырып. Қоршаған ортаны ластаушы заттар. 



Тірек сөздер: əдістер, көміртек оксиді, күкүрт диоксиді, күкүртсутек; азот оксидтері, аммиак, галогендер 

Дəрістің  мазмұны:    Адамдардың  шарушылық  қызыметі  қазіргі  кезде  биосфераы  ластаушылардың  негізгі 

көзі болып табылады. 



Ластану – ортаға оған тəн емес химиялық, физикалық не биологиялық агенттердің өтуі немесе пайда болуы  

немесе қарастырылған заттар концентарацияларының пайда болуы. 



 Биосфераның ластануын жергілікті,  аймақтық (региондық) жəне əлемдік деп бөледі 

Жергілікті  ластану-бір жердің шеңберінен аспайды ( өндірістік ірі қалаларға, пайдалы қазбалар өндіретін 

райандарға тəн).   Аймақтық (региондық)  ластану –үлкен аймақты ластайды. Əлемдік ластану   қай жерде 

шығарылса да қоршаған ортада əлемдікаумақта тарайтын қабілеті бар ластану.  Көпшілікжағдайда 

атмосфералық шығарындылармен  болады. 

 Ластануды  табиғи ( жулкан, өрттер т.б.) жəне  антропогенді) деп бөледі.  

Қоршаған  орта  ластаушылар  агрегаттық  күйіне  байланысты:  газ  жəне  бу  тəрізді,  сұйық,  қатты  жəне 

аралас (тастандылар) шығырындылар, ал шығарылу масштабына қарай 6 топқа бөлінеді:0,01; 0,01-0,1; 0,1-

1,0; 1,0-10; 10-100 жəне 1000 т/тəулік. 

Табиғатына байланысты: - 

механикалық – шаң, су мен топырақтың қатты бөлшектері мен əр түрлі заттар. 

химиялық- əртүрлі химиялық қосылыстар мен элементтер. 

биологиялық-  адам  əсерімен  пайда  болған  жəне  түрлі  органикалық  кері  əсерлері  бар  организмдер 

түрлері. 

Ластаушы көздерін келесі топқа бөледі: 

1. 

физикалық-  радиоактивті  заттар,  электромагнитті  толқындар,  жылу,  шулар  жəне 



тербелістер. 

2. 


химиялық  ластану-  көміртегі  өнімдері,  күкірт,  көмірсулар,  шайынды  сулар, 

пестицидтер,гербицидтер, фторлы қосылыстар, ауыр металлдар, аэрозольдер. 

3. 

биологиялық ластану- ауру қоздырғыш бактериялар мен вирустар, т.б. 



4. 

эстетикалық  зиян-  табиғаттың  сұлу  ландшафтарының  бүлінуі,  орман-  тоғайлардың 

жойылуы, т.б. 

Ластаушы көздері- үздіксіз жəне периодты əсер етуші болуы мүмкін. 

Ластануды  экологиялық  тұрғыдағы  белгісіне  қарай  тұрақты  бүлінбейтін  жəне  табиғи  химико- 

биологиялық процестер əсерінен бұзылатын ластану деп бөледі. 

Техносфера-  жасанды  обьектілер  мен  адам  іс-  əрекетінен  өзгерген  табиғи  обьектілер  жиынтығы 

болып табылады. 

Биосферадағы ластану кезеңін 3 топқа бөлеміз: 

-ластаушы заттардың таралуы. 

- ластағыштардың биомассаға енуі. 

- ластағыш заттардың биологиялық топтануы. 

 Табиғи  экожүйеге  жəне  адамға  өте  қауіпті  ластаушылар  химиялық  (  аэрозолдер,  ауыр  металдар, 

пестецидтер, платмассалар , детергентер жəне т.б.) болып табылады. 

Қоршаған  ортаның  химиялық  ластануыныңкейбір  түрлері  қазіргі  кезде  глобальді  экологиялық 

проблемалар    туғызып  отыр.  Олар:  «  Жылу  эффектісі»,  «  Озонның  жұқаруы»,    «  қышқыл  жауындар», 

«Фотохимиялық  тұмшалар» жəне олар туғызатын  аурулар. 

Диоксиндер-  хлорорганикалық  жоғарғы  токсинді  қосылыстар.  Диоксиндер  –  химиялық  инертті 

Диоксиндер    суда    ерімейді  бірақ  органикалық  еріткіштер  мен    майларда  жақсы  ериді.  Қоршаған  ортада 

тұрақты, адамдар жəне басқа тірі ағзалар ұшін өте улы.  

Диоксиндерді түзу көздері: химиялық  өндіріс, целлюлоза- қағаз өнеркəсібі,  автомобиль –транспорт; 

қоқысжандыратын заводтар. 

Беттік активті заттар (БАЗ) тек су ресурстарыныңғана емес жер бетініңэкожүесініңластаушысы болып 

табылады. 

Зиянды заттар: СО2; СО ;  

Жалпы  отын  жаққан  кезде  көміртегінің  екі  оксиді  түзіледі.  Екеуіде  ластағыш  газдар.  Оның  бірі 

көміртегі  диоксиді-  улы  емес,  ал  монооксид  улы  болып  келеді.  Ол  адамның  қаныңдағы  гемоглобинмен 

қосылып зиянды қоспа түзіп, ауру туғызады. 

Соңғы  жылдары  атмосферадағы  көміртегі  оксидтері  тез  көбейіп  өсімдіктерде  жүретін  фотосинтез 

процесін  жылдамдатуда.  Нəтижесінде  атмосферада  жылу  эффектісін  туғызуда.  Ал  жылу  эффектісі  өз 

кезегінде жер шары климатының орташа температурасын көтеріп, ауа райының өзгеруі, қауіпті апаттардың 

тууына себеп болып отыр. 

Жер  шарының  осылайша  жылып  кетуі  дүниежүзілік  мұхиттардың    деңгейін  1,5  метрге  көтеріп, 

планетамызда «топан су» қаупін туғызары сөзсіз. 



33 

 

NOx- олар ормандағы өрттерден, ірі өнеркəсіп орындарынан бөлінетін заттар төңірегінде жиналады; 

жыл сайын 10 млн. тонна азот оксиді шығарылады. Ол одан əрі су буымен реакцияға түсіп, азот қышқылын 

түзеді.    Азот  қышқылы  табиғатта  нитраттарға  айналып,  одан  жауын  құрамында  жер  бетіне  түседі. 

Нəтижесінде, бүкіл тіршілкке зияның тигізеді. 

Адам баласы  Nox душар болған жағдайда тыныс жолдарының қабынуы, бронхит, ентікпе жəне өкпе- 

тыныс жолдарының ауруынан зардап шегеді. 

Атмосфераны ластаушылар: 

Автомобиль газдары, фреондар-озон қабатын бұзушылар;  

Негізгі сұрақтар жəне қысқаша мазмұны 

7.  Газдарды көміртек оксидтерінен тазалау 

8.  Газдарды күкүрт диоксидінен тазалау 

9.  Газдарды күкүртсутектен тазалау 

10.  Газдарды азот оксидтерінен тазалау  

11.  Газдарды аммиактан тазалау 

12.  Газдарды галогендерден тазалау 

 Газдарды  ластағыштардан  тазалау  үшін  адсобциялық,  абсорбциялық  жəне  каталитикалық  əдістерді 

қолданылады.    Көміртек  оксидінен,  күкүрт  диоксидінен  жəне  күкүртсутегінен  газдарды  тазалау  үшін  əр 

түрлі химиялық, физикаөхимиялық əдістерді қолданады.  

Ластағыштардың көздеріне байланысты газдарды азот оксидтерінен, аммиак газынан, галогендер жəне 

олардың қосылыстарынан əр түрлі əдістерді қолданып тазартуға болады 

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар

7.  Газдарды көміртек оксидтерінен тазалау негіздері мен əдістері қандай? 

8.  Газдарды күкүрт диоксидінен тазалау негіздері мен əдістері қандай? 

9.  Газдарды күкүртсутектен тазалау негіздері мен əдістері қандай? 

10.  Газдарды азот оксидтерінен тазалау негіздері мен əдістері қандай? 

11.  Газдарды аммиактан тазалау негіздері мен əдістері қандай? 

12.  Газдарды галогендерден тазалау негіздері мен əдістері қандай? 

№8- дəріс 

Тақырып: Ауыр металдар 

Дəрістің мақсаты: ауыр металдардың химиясымен таныстыру. 

Тірек сөздер: ауыр металдар, ауыр металдармен ластану 

Дəрістің мазмұны: ауыр металдардың негізгі қасиеттері, жіктелуі; ауыр металдардың сыртқы ортаға табиғи 

жəне  техногенді  түсу  жолдары;  а

уыр  металдардың  негізгі  геосфералардағы  миграциясы;  Қазақстан 

территориясының ауыр металдармен ластануы.  

 Атомдық массалары 50 атомдық бірліктен артық  металдр жатады.  

Н. Реймерс классифакациясы бойынша тығыздығы 8 г/ см



артық болатын металдар жатады. Ауыр 

металдардың қоршаған ортаға тұсуінің маңызды  көздері : табиғи көздері жəне техногенді.  



 

Өмір  сүру  үшін  өте  қажетті  ауыр  металдардың  өзі  концентрациясы  артық  болып  кеткен  жағдайда  адамға 

қауіпті болып саналады. Адам денсаулығына қауіптілік дəрежесі бойынша ауыр металдар 3 класқа бөлінеді. 

1-ші  өт (ерекше ) улы- (кадмий, сынап,  қорғасын, селен,  мырыш,) , 2- ші класс- улы ( кобалть, мыс, 

молибден,  никель,  сурьма,  хром)

      3-класс-  улылығы  төмен  (  барий,  ванадий,  вольфрам,    марганец, 

стронций).  

Берақ  табиғатта улы  жəне улы емес химиялық  элементер жоқ,  олардың ондай концентрациялары бар. 

Маңызды  техногендік  көздер:  түсті  жəне  қара  металлургия  өндірістері,  электростанции,  мұнай  мен  көмір 

жағатын өндірістер, автотранспорт, химия өндірісі.  



Негізгі сұрақтар жəне қысқаша мазмұны 

1.  Ауыр металдардың қасиеттері, жіктелуі 

2.  Ауыр металдардың сыртқы ортаға түсу жолдары 

3.  Техногенді көздері 

4.  Ауыр металдардың негізгі геосфералардағы миграциясы 

5.  Қазақстан территориясының ауыр металдармен ластануы  

Ортаға металдардың ену жолдары əр түрлі /металл бөлшектерді жоңқалау, коррозия, іштен жанатын 

қозғалтқыштардың,  жылу  энергетикасы  қондырғыларының,  т.б.  шығарындылары/;  олар,  негізінен,  терең 

жер  қабатынаң  алуынуы  ж/е  жер  бетінде  таралуы  арқылы  жиналады.  Бұл  орайда  антропогендік  химиялық 

реакция нəтижесінде табиғи қосылыстардаң металдардың босауының үлесі шамалы.    



Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар

1.  Ауыр металдардың биогеохимиялық қасиеттеріне сипаттама берініз 

2.  Ауыр металдардың жіктелуі неге байланысты 

3.  Ауыр металдардың сыртқы ортаға түсудің табиғи жəне техногенді көздерін анықтаныз 

4.  Ауыр металдардың негізгі геосфераларға түсу жəне миграция жолдары қандай? 


34 

 

Қазақстан территориясының ауыр металдармен ластану денгейіне баға берініз 



№13-14  дəріс  

Тақырып. Радиоактивті ластану.  

Дəрістің мақсаты: ластаушы факторлар радиобелсенділікпен таныстыру, диоксиндердің  

Дəрістің мазмұны:   

Радиоактивтік  туралы  түсінік.  Радиоактивтік  түрлері.  Мұнай  жəне  газ  кенорындарымен  байланысты 

радиоактивтік.  Көмірді  жағу  кезіндегі  радиактивтік  Космогенді  изотоптар. 

з

ымыран  –  ғарыштық 



техникасының  əсер  астында  Қоршаған  ортаның  химиялық  ластануы;  радиоактивтілік  –  ластандырушы 

фактор  ретінде;  р

адиоактивтіліктің  түрлері,  радиоактивті  қалдықтар,  Қазақстан  территориясының 

радиоактивті ластануы 

      Зымыран  –  ғарыштық  техникасы  –  Қ.  ортаға  тигізілетін  антропогендік  əсердің  бір  басты  көзі    ретінде 

саналады. Оның өзгішілігі – ол Жердің барлық геосфераларына əсер тигізеді, ж/е Қ. ортаға əсері - əр түрлі: 

акустикалық, жылулық, механикалық, химиялық, электромагниттік, радиоактивті.  

      Радиоактивтілік  –  қоршаған  ортаның  ерекше  ластаушы  түрі  -  кейбір  химиялық  элементтердің  ж/е 

олардың  изотоптарының  атом  ядроларының  өздігінен  иондаушы  сəуле  шығарып,  ыдырауы. 

Радиоактивтіліктің түрлері:  табиғи ж/е жасанды.   

Диоксиндер  мен  фурандар  химиялық,  целлюлоза-қағаз,  металлургия  ж/е  өнеркəсіптің  басқа  да 

салаларының  қосымша  ластағыш  заттары  болып  табылады.  Олар  сондай-ақ  өнеркəсіптік  ж/е  тұрмыстық 

қоқысты,  қорғасын  қосылыстары  бар  бензинді,  қозғалтқыш  отынын  ж/е  т.б.  жаққан  кезде  түзіледі.  Өте 

тұрақты  қосылыс  болғандықтан  /топырақтағы  жартылай  ыдырау  кезеңі  шамамен  10  жыл/  диоксиндер 

топырақта,  өсімдікте,  жануарда  ж/е  адамнында  организмінде  жиналады.  Қоршаған  ортаға  өнеркəсібі 

дамыған елдерде диоксиндер едəуір мөлшерде шығарылады. 



Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар

1.  Зымыран  –  ғарыштық  техникасының  əсер  астында  Қоршаған  ортаның  химиялық  ластануы 

қандай? 

2.  Радиоактивтілікке – ластандырушы фактор ретінде сипаттама берініз 

3.  Радиоактивтіліктін түрлері қандай? 

4.  Радиоактивті қалдықтарға сипаттама берініз 

5.  Қазақстан территориясының радиоактивті ластануы қандай? 

Қ.Р. Экологиялық  кодексінде радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптар көрсетілген. 



39-тарау. 

РАДИАЦИЯЛЫЌ 

МАТЕРИАЛДАРДЫ, 

АТОМ 

ЭНЕРГИЯСЫН 

ПАЙДАЛАНУЄА 

ЖЈНЕ 

РАДИАЦИЯЛЫЌ 

ЌАУІПСІЗДІКТІ 

ЌАМТАМАСЫЗ 

ЕТУГЕ 

ЌОЙЫЛАТЫН ЭКОЛОГИЯЛЫЌ ТАЛАПТАР 

Радиациялыќ  ќауіпсіздікті  ќамтамасыз  ету  саласындаєы  ќадаєалау  мен  баќылау  Ќазаќстан 

Республикасыныѕ атом энергиясын пайдалану туралы заѕнамасына сјйкес жїзеге асырылады. 

5.   


№16 дəріс 

Қоршаған ортаның негізгі ластаушылары . 

Көмір өнеркəсібі 

 

Қоршаған ортаға тигізетін əсеріне байланысты көмір өнеркəсібі күрделі өнеркəсіп салаларының бірі 

болып саналады. Көмірді негізгі пайдаланушылар: электрэнергетика -39 %; өнеркəсіп пен үй –жəй секторы -

35 %;коксхимия өнеркəсібі -14 %; ауылшаруашылығы -5 %. 

Қазақстанда  көмір  өнеркəсібі  ХІХ  ғасырдың  ортасынан  бастап  пайда  болды.  1855  жылдан  бастап 

Қарағанды бассейні, 1869 жылы Ленгір, 1895 жылы Екібастұз кен орындары игерілді. Тас жəне қоңыр көмір 

10  бассейнде,  149  кен  орында  орналасқан,  зерттелген  қор  мөлшері  200  млрд.  тонна  үстінде.  Шығыс 

Қазақстанда  Кендірлі  кен  орнының  көмір  қоры  1,6  млрд.  тонна,  көмірмен  қатар  бұл  жерде  отын  немесе 

химия  жəне  газ  өнеркəсіптерінде  шикізат  ретінде  қолдануға  болатын  4  млрд.  тонна  шамасында  жанатын 

тақтатастың да қоры бар.  

Өндірілетін  көмірде  қоспамен  жанбайтын  материалдар көп  болады.  олардың  құрамы  мен  мөлшері 

кен орнының жəне көмірдің түріне, оны алуға қолданылатын əдіске байланысты. Көмірдің ішінде саз, пирит 

жəне басқа да заттар кездеседі, бұлар көмірдің күлділілігін сипаттайды. 

Көмір  өндіру  процесінде  қоршаған  орта  шаң  мен  газбен  ластанып  отырады.  Осы  саланың  зиянды 

əсері кестеде келтірілген.  

Көмірді жабық əдіспен алғанда атмосфераны ластайтын негізгі компоненттер шаң мен газ түріндегі 

улы  заттар.  Мысалы,  2  млрд.  тонна  көмір  өңдіргенде  ауаға  27  млрд.  м

3

  метан  жəне  16,8  млрд.  м



3

  көмір 


қышқыл  газы  бөлінеді.  Жыл  сайын  шахталардан  атмосфераға  миллиондаған  тонна  шаң  тасталады.  Ал 

террикондарда  қалған  көмір  қалдығы  (5-20%),  пирит  (10%),  күкірт  (5%  -тен  жоғары)  тотығып,  жанғанда 

əртекше метрден ауаға 180 мг шамасында көміртек пен күкірт оксидтері бөлінеді. 

 


35 

 

Қатты отынды жер қойнауынан алғанда, оны дайындағанда, тасымалдағанда жəне жаққанда 



биосфераға зиянды əсерін тигізетін факторлар. 

 

 



Əсердің түрі 

Тигізетін зардаптары 

Қорғау тəсілдері 

Атқылау жұмыстары 

Газ –шаң –ауа қосындысының 

атқылауы мүмкін 

Атқылау жұмысын жүргізу үшін 

қорған жасау 

Тау –кен шығарылған жерден 

бөлінген заттар, тау жыныстары 

үйінділерінен, ашық 

карьерлерден, автокөлік 

жолдарынан шығатын шаң мен 

газдар 


Ауаның шаң, метан, көміртек 

диоксиді, улы заттармен 

ластануы. Минералды тұздардың 

суаттарға түсуі 

Шаң ұстайтын қондырғыларды 

жəне шаң басатын əдістерді 

қолданып шаңды басу 

Террикондардың пайда болуы 

Ландшафтың бұзылуы, құнарлы 

жерлердің шаруашылық 

айналымынан шеттелуі, фауна, 

түр құрамының азаюы, көмір 

қалдықтарының жанып, түтіндеп 

ауаны ластауы 

Жерді рекультивациялару. 

Террикондарды автокөлік 

жолдарын салуға пайдалану 

Сақтаған кезде көмірдің тотығу 

мен өз бетімен жануы 

Түтін мен улы заттардың бөлінуі, 

отын сапасының төмендеуі 

Көмірді ауадан изоляциялау, 

көмір сапасын анықтайтын 

тексеру жүйесін орнату 

Көмірді тасымалдау 

Отын шығыны жəне 

атмосфераның ластануы 

Жабық вагондарды, құбырларды 

пайдалану 

Қатты отынды дайындау жəне 

жағу 

Көмір ұнтағының қопарылу 



қаіптілігі 

Конструкция мен жабдықтарды 

бекіту, қопарылысты болдырмау 

мақсатында ингибиторларды 

пайдалану 

 

 



Жабық  əдіспен  салыстырғанда  ашық  əдісті  қолданғанда  тіршілік  ортаға  көмір  алғанда  бөлінетін 

зиянды заттардың көлемі көбірек болады. 

Тіршілік  ортаны  ластайтын,  уландыратын  көздерді,  көмірдің  ысырапталуын  азайту  мақсатында 

прогрессивті бұрғылау, өңдеу технологияларын жасап, оларды іс жүзінде пайдалану барлық жағынан тиімді 

болып келеді. 

Алдағы  уақытта  шешімін  қажет  ететін  осы  саладағы  əлі  күнге  дейін  орын  алып  келе  жатқан 

проблемаларға мыналарды жатқызуға болады: 

•  кен  орындарынан  шығатын  қышқылданған,  тұзданған  ақаба  суларды  тазалайтын  тиімді  əдістер 

табу мен қатар оларды іс –жүзінде кең пайдалану; 

• кішігірім қазандықтарды жою; 

• бұзылған жерлердң рекультивациялау; 

• айналма технологияны кеңінен қолданылып, жұмсалатын таза судың мөлшерін төмендету; 

• қатты қалдықтарды шикізат ретінде басқа өндіріс салаларында қолдану жолдарын табу. 

А.Ж. Ақбасова, Г.Ə. Сайнова Экология А.; 212-214 беттер 



Мұнай өндірісі. 

Мұнай шығару өнеркəсібі. 

Қазақстан  мұнай  жəне  табиғи  газға  бай  елдің  бірі.    Мамандардың  бағалауына  қарағанда  Каспий 

аймағы  21  ғасырда  мұнай  мен  газ  беретін  дүниежүзіндегі  ең  ірі  қамсыздандырушылардың  бірі  болатыны 

анық. 


Пайдасы  мен  бірге  мұнай  өндірісінің  қоршаған  ортаға  тигізетін  зиянды  əсері  де  аз  емес.  Қоршаған 

ортаның ластануы іздеу- барлау жəне мұнай, газ өндіретін ұнғымалар құрылысынан басталады. 

Мұнайды алғанда табиғатқа тиетін зардаптар мынадай: 

•  Апатты жағдайлардың болуын азайту мақсатында көптеген шаралар қолдануға тиіс.  

•  Мұнайды жер бетіне шығару үшін біраз жер ресурстарының əртүрлі құрылыс обьектілерін салуға 

айналымнан шеттелуі, жер сұрқының бұзылуы, ластануы. 

•  Ластаушы  заттар  бөлініп,  атмосфераның  ,  жер  бетіндегі  жəне  жер  астындағы  сулардың, 

топырақтың олармен ластануы. 

•  Мұнаймен қоса жер бетіне жоғары минералды судың шығуы. 

•  Бұрғылауда шыққан қалдықтарды көму. 

•  Мұнайдың төгілуі. 


36 

 

Негізінде негативті əсерді мұнай шығаратын кəсіпорындар атмосфералық ауаға тигізеді. 



Бұрғылайтын  қондырғылар  мен  магистральдық  газ-  мұнай  тасымалдайтын  құбырлар  кездейсоқ 

апатты жағдайға ұшыратуы мүмкін, осы кезде қоршаған ортаның, əсіресе жер бетіндегі сулардың ластануы 

орын  алады.  Апаттық  жағдайдың  тууының  негізгі  себебі  тасымалдау  құбырының  коррозия  процесіне 

ұшырап,  жарылуы,  сонымен  қатар  құрылыс  техникасының  осы  құбырларды  басып  езіп  кетуіне  немесе 

технологиялық жəне құрылыстық ақаудың болуына да байланысты болып келеді. 

Мұнай  шығаратын  өндірістер  басқалармен  салыстырғанда  суды  көп  жұмсайтын  болғандықтан, 

олардың суаттарға жіберетін ластанған ақаба суларының көлемі де жеткілікті. 

Мұнай өндейтін өнеркəсіптер. 

Қазақстанда  мұнай  өндейтін  кəсіпорындар  1945  жылдан  бастап  жұмыс  істей  бастады.  Бірінші  іске 

қосылған Атырау мұнай өңдеу зауыты, ол 1959 жылға дейін тек сырттан əкелінген шикізатты өңдеді, яғни 

Түркіменстан мен Əзербайжанның мұнайын. Қазіргі кезде республикада жұмыс істейтін тағы да екі мұнай 

өңдетін  зауыт  бар  –Павлодар  мен  Шымкент  тұнай  өңдеу  зауыттары.  Ақтау  қаласында  мұнайдың  ілеспе 

газынан алынатын этан фракциясын өңдеп этилбензол,  стирол  жəне  полистирол шығаратын біріктірген ірі 

тоннажды  өндіріс  пен  пластмасса  зауыты  жұмыс  істейді.  Бұл  зауытта  бояуы  өңбейтін  алуан  түрлі 

пластмассалар алынады. 

Мұнай өңдейтін зауыттар ауа мен су бассейндерін ластайтын көздің бірі. Ластаушы заттар шығаратын 

негізгі  көздерге  –мұнайды  күкірттен  тазарту  мен  катализаторларды  регенерациялау  процестері, 

қыздырғыштар  жəне  қазандықтар  жатады.  Сонымен  қатар  мұнайдан,  одан  алынған  өнімдерді  сақтайтын 

ыдыстардан, су мен мұнай сепараторларынан əртүрлі заттар бөлініп, қоршаған ортаны ластап отырады. 

Мұнай  өңдейтін  өндірістің  кəсіпорындары  атмосфераны  көмірсутектермен  (73%),  күкіртті  оксидпен 

(18%),  көміртек  оксидімен  (7,0%),  азот  оксидімен  (2%)  ластайды.  Бұл  кəсіпорындар  көп  мөлшерде  суды 

қажет  етеді,  ал  олардан  шыққан  ақаба  суларда  көп  мөлшерде  мұнай  өнімдері,  сульфат,  хлорид,  азот 

қосылыстары, фенол, ауыр металдардың тұздары болғандықтан, суаттар осы заттармен ластанып отырады. 

Топырақты да ластайтын осы қосылыстар. 



Мўнай-газ ќўбырларын жобалау мен салу   кезіндегі экологиялыќ талаптар 

      1. Мўнай-газ ќўбырларын жјне оларды сїйемелдеу объектілерін теѕіз деѕгейініѕ кґтеріліп-ќайтып 

ауытќуыныѕ јсер ету аймаєында жобалау мен салу олардыѕ еѕ жоєары ауытќу шегі ескеріле отырып 

жїргізілуге тиіс. 

      2. Мўнай-газ ќўбырларындаєы автоматты бекіту ысырмаларын жобалау мўнай-газ ќўбыры тўтастыєыныѕ 

бўзылу ыќтималдыєына байланысты тјуекелдердіѕ баєалануы ескеріле отырып жїргізілуі ќажет. 

      3. Мўнай-газ ќўбырларын салу кезінде теѕіз тїбі бўзылу кґлемініѕ барынша аз болуын ќамтамасыз ететін 

техникалыќ ќўралдар мен жабдыќтар ќолданылуєа жјне ќалќыма заттардыѕ су ќабатында таралуын 

тўмшалайтын технологиялар мен јдістер пайдаланылуєа тиіс. 

      4. Каспий теѕізініѕ солтїстік бґлігіндегі мемлекеттік ќорыќ аймаєында мўнай-газ ќўбырларын 

жылжымалы мўздардан, кемелер зјкірінен жјне техногендік сипаттаєы басќа да сыртќы јсерден 

заќымданудан ќорєауды ќамтамасыз ететін тереѕдікте тарту міндетті болып табылады. 

      5. Мўнай-газ ќўбырларыныѕ бойымен ќўбырдыѕ шеткі сызыќтарыныѕ осінен јрбір жаєынан бес жїз метр 

ќашыќтыќтаєы, параллель жазыќтыќтар арасында орналасќан, су їстінен тїбіне дейінгі су кеѕістігініѕ 

учаскесі тїрінде кїзет аймаєы белгіленуге тиіс. 

      6. Мўнай-газ ќўбырларын гидрологиялыќ сынау кезінде суды аєызу Каспий теѕізініѕ солтїстік бґлігіндегі 

мемлекеттік ќорыќ аймаєы шекарасынан тысќары жерде жїргізілуге тиіс. 

  268-бап. Мўнай операциялары объектілерін консервациялау 

                мен жоюєа ќойылатын экологиялыќ талаптар 

А.Ж. Ақбасова, Г.Ə. Сайнова Экология А.;       209-212 беттер 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет