Химия өнеркəсібі.
Химия өнеркəсібінің кəсіпорындары Қазақстанның біршама аймақтарында орналасқан. Өнеркəсіптің
əртүрлі салаларының, ауылшаруашылығының, халықтың мұқтажын қанағаттандыру үшін бұл өндірістің
шығаратын өнімдерінің түрі де, көлемі де аумақты.
Химия өнеркəсібі негізгі шикізат ретінде Оңтүстік пен Батыс Қазақстанның фосфорит қорларын,
мұнай мен мұнай өнімдерін, метеллургия өндірісінің қатты қалдықтары мен газ тастандыларын, Солтүстік
пен Оңтүстікке бар əртүрлі тұз қорларын, дəрілік қасиеті бар өсімдіктерді, т.б. қолданады. Қазақстанның
жер қойнауында Менделеев таблицасында келтірілген 107 элементтің 99 табылған, оның 78 зерттелген, 63
пайдаланылады.
Қазақстанда химия өнеркəсібінің қалыптасып дамуы Бөген мен Шаян өзендерінің жағалауларында
өсетін жусанның негізінде салынған Шымкенттің сантонин зауыты мен кішігірім сабын, желім жəне тұз
шығаратын кəсіпорындардан бастаған.
Ақтөбе аймағында фосфориттің үлкен қоры табылып, еліміздің солтүстігін ғана емес, Ресейдің де
көптеген шаруашылықтарын фосфор тыңайтқыштарымен көп жылдар бойы қамтамасыз етіп келеді. Ақтөбе
37
қаласында халықшаруашылығына үлкен маңызы бар деп химия зауыты мен хром қосылыстарын шығаратын
зауытты атауға болады. олар натрий бихроматын, сульфитін, пигментті бояулар шығарады.
Мұнай негізінде полиэтилен мен полипропилен шығаратын Атырау химия зауытының, ағылымға
берікті жəне көбіктенген сапалы полистирол өндіретін Ақтау пластмасса зауытының Қазақстан
экономикасының дамуына, сонымен қатар экономикалық байланыстардың шет елдермен экспорт пен
импорт негізінде кеңеюіне қосатын үлестері зор.
Химия өнеркəсібінде алынатын өнімдер, қолданылатын технологиялар жəне шикізат сантүрлі
болғандықтан, шығатын қалдықтардың түрі де, атмосфералық ауаны, су бассейндерін жəне топырақты
ластаушы компоненттер де алуан түрлі жəне көбісі өте улы заттар қатарына кіреді.(1-ші кесте)
1-ші кесте. Химия өнеркəсібінің əр өндіріс түріне сəйкес атмосфераға тасталатын негізгі
компоненттер.
Өндіріс
Атмосфераны ластайтын негізгі компоненттер
1
2
Азот қышқылы
Күкірт қышқылы
Тұз қышқылы
Қымыздық қышқылы
Сульфамин қышқылы
Фосфор жəне оның қышқылы
Сірке қышқылы
Күрделі тыңайтқыштар
Карбамид
Аммоний силитрасы
Суперфосфат
Сұйық хлор
Хлорлы əк
Поливинилхлорид шайыры
Тетрахлорэтилен
Ацетон
Аммиак
Метанол
Капролактам
Ацителен
Карбофос
Минеральді пигмент
Целлюлоза
NO,NO,NH
3
NOx, SO
2
, H
2
SO
4
HCl, Cl
2
NOx, C
2
H
2
O
4
(шаң)
NH
3
, NH(SO
3
NH
4
)
2
, H
2
SO
4
P
2
O
5
, H
3
PO
4
, HF, Ca
5
F(PO
4
) (шаң)
CH
3
CHO, CH
3
COOH
NO
2
, NO, NH
3
, HF, H
2
SO
4
, P
2
O
5
, HNO
3
NH
3
, CO, (NH
2
)
2
CO
CO, NH
3
, HNO
3
, NH
4
NO
3
(шаң)
HF, H
2
SO
4
(суперфосфат шаңы)
HCl,Cl
2
, Hg
Cl
2
,CaCl
2
(шаң)
Hg,HgCl
2
HCl,Cl
2
CH
3
CHO, (CH
3
)
2
CO
NH
3
, CO
CH
3
OH, CO
NO,NO
2
, SO
2
, H
2
S, CO
C
2
H
2
SO
2
, P
2
O
5
, H
2
S карбофос шаңы
Fe
2
O
3
, FeSO
4
SO
2
, H
2
S, Cl
2
, CH
3
SH, (CH
3
)
2
S
А.Ж. Ақбасова, Г.Ə. Сайнова Экология А.; 214-218 беттер
№17-18 дəріс
Тақырып Қоршаған ортаның негізгі ластаушылары- Металлургиялық өндіріс.
Қара металлургия.
Қара металлургияға темір жəне оның қорытпаларын өндіретін өндірістер жатады. Бұл өнеркəсіпбес
саладан тұрады: тау-кен, металлургия, ферросплав, отқа төзімді жəне металл сынықтарын өңдейді.
Қазақстанда қара металлургия саласында жұмыс істеп жатқан темір ( Соколов- Сарыбай, Лисаков, Қашар
кен байыту комбинаттары жəне Атасу кен басқармасы), хромит (Дон кен байыту комбинаты) , марганец
(Жезді кен басқармасы) рудаларын өңдейтін өндірістерді, екі ферросплав (Ақсу мен Ақтөбе) жəне
«Казогнеупор» (Рудный қаласы) зауыттары мен «Казвторчермет» (Алматы қаласы) өндірістік қоғамын
атауға болады.
Қара металлургия өндірісі атмосфералық ауаны, жер беті мен жер асты суларын, топырақты көптеген
зиянды улы заттармен ластап отырады. Барлық өнеркəсіп өндірістерінің арасында қоршаған табиғи ортаны
ластауда екінші орында келеді. Негізгі ластаушы компоненттер көміртек оксиді(43-67%), қатты заттар(15,5-
16,0%), күкірт оксиді(10,8-16,0%), азот оксиді(5,2-23,0%), көмірсутектер (3%-ке дейін). Орта есеппен 1 млн.
Тонна өнім шығарғанда қара металлургия зауыттарынан шаң-350, күкіртті ангидрид- 200, көміртек оксиді-
400, азот оксиді- 42 тонна/тəулігіне бөлініп отырады.
Қара металлургия саласында атмосфераны ластайтын негізгі көздерге жататын өндіріс түрлері мен
орындары 1- ші кестеде келтірілген.
38
1- ші кесте. Зиянды заттар шығаратын металлургиялық процестер.
Зиянды заттар бөлінетін операциялар
Ластаушы көздер
негізгі
қосымша
Агломерация жəне шекемтас
өндірісі
Агломерациялық шикіқұрамды
күйдіру, агломератты салқындату,
шекемтастарды күйдіру.
Шикіқұрамды майдалау,
күрсілдету жəне тасымалдау.
Домналық балқыту
Шикіқұрам материалдарын пешке
салу, шойынды балқыту жəне
құю.
Домналық цехқа шикіқұрамдық
материалдарды жəне руданы
сақтайтын аула мен эстакада
шанабына тасымалдау.
Болат балқыту
Болат балқыту жəне құю,
шикіқұрамдық материалдарды
пешке салу.
Оттекпен үрлеу, шикіқұрамды
сақтайтын аулада тасымалдау
жұмыстарын жүргізу.
Илек
Металды тазалау, қыздыру.
Металды қайшымен кесу,
тотыққан бөлшектерді жою,
металды өңдеу, салқындату.
Ферроқорытпалар
Ферроқорытпаларды балқыту,
пештен шығару, шикіқұрамды
материалдарды салу.
Түйіршіктеу, салқындату,
металды тасымалдау, кептіру,
қыздыру, ожауды тазалау,
электродты жұмсарту жəне
кокстау.
Қара металлургия суды көп мөлшерде қолданатын өндірістердің бірі, яғни еліміздегі бүкіл
өнеркəсіптің пайдаланатын суының 10-15%-тін құрайды. Қара металлургия өндірістерінен шыққан ақаба
суларда қалқыған қатты бөлшектер, май, сульфаттар, хлоридтер, темірдің қосылыстары, ауыр металдар жəне
т.б. ластаушы компоненттер болады.
Ірі металлургиялық орталықтардан атмосфераға жəне ақаба сулармен қоршаған ортаға тасталынатын
заттардың мөлшері нормадан бірнеше есе артып жатады. Металлургия өндірістерінің өздері жəне олардың
қалдықтары көптеген құнарлы жерлерді иеленеді.
Металлургиялық өндірістерде залалсызданатын жəне утилденетін қалдықтардың мөлшері 30-35%-тен
аспайды. Қалдықтарға металл кесінділері, домналық жəне коксты газдар жатады. Көп метариалдар шойын
мен болат алғанда айналымсыз шығынға ұшырап отырады.(2-ші кесте.)
2- ші кесте. Шойын өндірісінде жұмсалатын шикізат пен олардың қайтымсыз шығыны.
Шикізат
Қажетті материалдар
көлемі, т/т
агломератқа
Қайтымсыз
шығын, %
Шикізатты пайдалы
қолдану
коэффициенті.
Агломерат
Темір рудасы
Марганец рудасы
Əктас
Металл қосындылары
Айналымды жиынды
Кокс
1,72
0,074
0,04
0,037
0,028
0,015
0,049
3
4
9
1
-
-
1
0,39
0,38
0,33
0,41
0,42
0,42
0,41
А.Ж. Ақбасова, Г.Ə. Сайнова Экология А.; 2003 183-187 беттер
Түсті металлургия.
Түсті металлургияның Қазақстанның экономикасында атқаратын міндеті зор. Бұл саланың елімізде
пайда болғанына 250 жылдан астам уақыт өтті. 1917 жылы Қазақстанда түсті металлургия саласына
жататын 10 рудник жəне 3 зауыт қана болған. Ал қазір бұл ең дамыған өндірістердің біріне айналып отыр.
Қазақстанның түсті металдарының сапасы өте жоғары. өскемен мырышы, Балхаш пен Жезқазған
мысы Лондондағы металдар биржасында сапаларының өте жоғары болғандықтарына байланысты эталон
ретінде тіркелген. Шеттен келетін валюта табысының 27% осы өнеркəсіп саласының үлесіне тиеді.
Қазақстан жері түсті, асыл металдармен қатар 21 ғасырдың металдары деп аталатын сирек
металдармен де бай. Бірақ қазір оларды өндіретін кəсіпорындар саны жеткіліксіз, тиімді технология да
жоқтын қасы.
Республикада түсті металлургия саласына кіретін 7 саланың құрамында 28 ір кəсіпорын жұмыс
істейді.
39
1.
Қорғасын- мырыш саласы 12 кəсіпорыннан тұрады, оның 3-уі металлургиялық, ал 9-ы кен
байыту. Республиканың қорғасын- мырыш өндірістерінің руда қоры едəуір. Қорғасын мен мырыш өндіруде
біз дүниежүзі бойынша 5-ші орынға иеміз.
Бұл өндірістер биосфераның бапрлық бөлігін əртүрлі улы заттармен ластап, биологиялық ресурстарға
зиянын тигізіп отырады. Бұл қалдықтар иммунитет механизмын, генетикалық құрылысты, метаболикалық
алмасуды бұзады, мидың басқа да органдардың жұмыс атқару қабілетін тежейді.
Қорғасын зауыттары негізінде ауаны қорғасынмен, күкірт пен көміртек оксидтерімен, мышьякпен,
басқа да ауыр металдармен көп мөлшерде ластайтын көзге жатады.
2.
Мыс саласында 3 кəсіпорын бар. Қазіргі кезде мыс рудасы 17 кен орынынан алынады,
Қазақстан мыс өндіру бойынша дүниежүзінде 7 орында. өндірілетін мыстың 92% экспортқа шығарылады.
3.
Алюминий өндіру саласында 3 кəсіпорын бар. Алюминий өндірісінде шикізат ретінде боксит
қолданылады, одан глинозем, ал соңғыдан алюминий алынады.
Алюминий өндірісінде бокситтен əр тонна глинозем алған кезде 1-2,5 тоннаға дейін қалдық ретінде
шлам шығып отырады, сондықтан бұл жағдай осы саланың зауыттарына көп көлемді жер бөлуге мəжбүр
етеді. Бұл шламдардың құрамында 45%-ке дейін темір оксидтері, сонымен қатар көп мөлшерде кальций мен
натрий қосылыстары болады. Сондықтан бұл қалдықтар əрі қарай өңдеуге жатады, сілті, шойын мен цемент
алуға жұмсалады.
4.
Алтын өндірісі Қазақстанның алтын мен валюта қорын толықтыруға маңызы зор екені
баршаға белгілі. Алтын қорының мөлшері бойынша дүниежүзінде Қазақстан 6-шы орынға ие.
5.
Вольфрам- молибден өндірісі «Қазвольфрам» бірлестігінің басқаруында. Руда өндіретін
рудниктер негізінде Қарағанды облысында. Бірлестік вольфрам, қалайы- молиюден, висмут
концентраттарын шығарады.
6.
Титан- магний өндіретін комбинат Өскемен титан- магний комбинаты. Бұл металдардың
қоры елімізде жеткілікті.
7.
Сирек металдар саласының дамуына Қазақстанда барлық мүмкіншілік бар.
Қазақстанда уранға бай кен орындары кенінен таралған, бізде бүкіл дүниежүзіндегі бариттың 40%
шоғырланған.
Түсті металлургия өндірістерінің барлығы зиянды заттармен биосфераны ластап отыратын негізгі
ластаушы көздер. Жыл сайын атмосфераға тасталатын заттардың көлемі бірнеше млн. тонна. Көп мөлшерде
атмосфера күкірт, көміртек, азот оксидтерімен, ауыр металдармен ластанады. Ақаба суларда өте улы заттар-
цианидтер, ксантогенаттар, мұнай өнімдері, мышьяк, фтор, сынап, сурьма, сульфаттар, хлоридтер, нитраттар
кездеседі.
188-195 беттер
А.Ж. Ақбасова, Г.Ə. Сайнова Экология А.; 2003
№19-20 дəріс
Тақырып: Қоршаған ортаның негізгі ластаушылары. Өндіріс көздері.
Энергетикалық ресурстар жəне энергетика өндірістерінің қоршаған ортаға тигізетін əсері.
Энергетикалық ресурстарға барлық механикалық, химиялық жəне физикалық энергия көздерін
жатқызуға болады. энергетикалық ресурстар олардың табиғатына, алу жолдарына жəне басқа да нышанына
байланысты топтастырылады.(1-ші кесте)
1-ші кесте. Энергетикалық ресурстардың жіктелуі.
Бастапқы қоры
Екінші қоры
Сарқылатын( көмір, мұнай, тақтатас, табиғи газ,
жанғыш заттар)
Сарқылмайтын немесе қайтадан орнына
келетін(ағаш, гидроэнергия, жел жəне күн
энергиясы, геотермальдық энергия, жертезек,
термоядерлық энергия)
Көмірді іріктегенде жəне байытқанда шыққан
қосымша өнімдер, гудрон, мазут жəне мұнай
өндегенде шыққан қалдық өнімдер, ағаш
дайындағанда шыққан жаңқалар, тамырлар бұталар.
Жаңғыш газдар, тастанды газдардың жылуы,
салқындату жүйесінен шыққан ыстық су, күш
беретін өнеркəсіп құрылысының тастанды буы.
40
Жер қойнауындағы отын қоры болып көмір, мұнай, газ жəне уран рудалары болып саналады.
Көмірдің дүниежүзілік қоры 9-11 трлн. Тонна, оның ішінде 50% ТМД елдерінің жерінде шоғыпланған.
Жылына орта есеппен пайдалануға жерден алынатын мөлшер 4,2 млрд. тонна.
Дүниежүзілік мұнай қоры 840 млрд. тонна шартты отын көлемінде бағаланады, оның 10%-
анықталған, ал 90% болжамдық қорлар. Дүниежүзілік табиғи газ қоры 300-500 трлн. м
3
.
Жоғарыда көрсетілген отын түрлерін жер қойнауынан алған кезде жер беті келбетінің өзгеруі,
топырақтың құнарлы қабатының бұзылуы, атмосфера мен сулардың ластануы орын алады. (2-ші кесте)
2-ші кесте. Əртүрлі отын түрлерін қолданғанда атмосфераға тасталатын зиянды заттардың
мөлшері, г/ кВт*сағ.
Отын түрі
Ластаушы компонент
Тас көмір
Қоңыр көмір
мазут
Табиғи газ
Күкіртті газ
Азот оксидтері
Қатты бөлшектер
Фтор қосылыстары
6,0
21,0
1,4
0,05
7,7
3,4
2,7
1,11
7,4
2,4
0,7
0,004
0,02
1,9
-
-
Отынның химиялық құрамында қандай элементтердің қосылыстары болса, жаққанда солардың
оксидтері басқа да қосылыстары қоршаған ртаға таралады. Отын жаққанда табиғи ортаның ластануын
азайту үшн шаң-газ ұстайтың қондырғыларды қолданған орынды. Осындай қондырғылар зиянды заттардың
90-95% ауаға жібермеуге мүмкіндік туғызады. Оттықтан шыққан күл мен шлактардың үйінділерін сақтау
біраз жер көлемін қажет етумен қатар желмен ұшып литосфераның аумақты көлемін ластайды.
А.Ж. Ақбасова, Г.Ə. Сайнова Экология А.; 2003;
200-209 беттер
Жол-транспорттық комплекс. Атомдық электростанциялар. Пайдалы қазбалар өндірісі.. Ластаушы заттар топтамасы: газ
тəріздес, сұйық жəне қатты түрлері. Таралу көздері
№21-22 дəріс
Тақырып: Қоршаған ортаның негізгі ластаушылары. Өндіріс көздері.
. Жеңіл өнеркəсіп.
Жеңіл өнеркəсібіне зығырды, конопляны, кендірді, жүнді, жібек пен мақтаны бірінші өндеуден
өткізетін, мата шығаратын кəсіпорындар, тері зауыттары жəне халықтың мұқтажына қажетті тауарлар
өндіретін фабрикалар жатады.
Қазақстанда ең дамыған, халық мұқтажын өтеуді зор маңызы бар салаларға тігін, жүн, тоқыма, тері-
аяқкиім жəне халықтың мұқтажына қажетті бұйымдар шығаратын өндірістерді жатқызуға болады.
Соңғы жылдары ең құлдырап кеткен саланың бірі осы жеңіл өнеркəсібі, осыған сəйкес олардың
қоршаған ортаға тигізетін əсері де төмендеп отыр.
Бұл салада негізгі атмосфераны ластайтын көздер электролиз ванналары, шикізат тиейтін жəне
түсіретін жерлер, оларды майдалайтын диірмендер, араластырғыштар, кептіргіш барабандар, темір жəне
басқа металл бұйымдарын тегістеп өңдейтін станоктар, тоқитын жəне жүн түтетін машиналар, аң жəне
терілерін арнайы өңдейтін аспаптар мен бояйтын жабдықтар.
Жеңіл өнеркəсіп кəсіпорындарының ауаға шығаратын заттары күкірт диоксиді, көміртек, азот,
ванадий оксидтері, бензин, этилацетат, бутилацетат, ацетон, бензол, толуол, аммиак, күкіртті сутек, басқа да
қосылыстар мен қатты қалдықтар.
Бұл сала негізгі негативтік əсерді су объектілеріне тигізеді. Əсіресе улы заттар көп мөлшерде тоқыма
фабрикалары мен комбинаттарынан жəне тері илейтін процестерден шығады. Тоқыма өнеркəсібінен
тасталатын ағымды суларда қалқыған заттар, сульфаттар, хлоридтер , фосфор мен азот қосылыстары,
нитраттар, БАЗ, темір , мырыш, никель, т.б. кездеседі. Тері өнеркəсібінің ағымды суларында азоттың
қосылыстары, фенол, синтетикалық БАЗ, майлар, хром, алюминий, метанол, формальдегид болады.
Жеңіл өнеəкəсібі басқа жоғарыда қарастырылған өндірістерге қарағанда атмосфераны аз ластайды,
тастанды су мөлшері де көп емес 1% деңгейінде.
Тоқыма өндірісі мен жеңіл өнеркəсіп өндірістерінің санитарлық қорғау белдемі.
Өндіріс түрлері
СҚБ класы мен көлемі, м
Мақта тұқымдарын жəне мақтаны бірінші өндеуден
өткізетін цехтар
I,1000
Күкіртті көміртек немесе басқа да химиялық
заттарды қолданып мата өндейтін өндіріс орындары
II,500
41
Органикалық еріткіштерді қолдану арқылы жасанды
тері жəне пленкалы материалдар, клеенка алатын
кəсіпорындар
II,500
Маталар мен қағаздарды майлы жəне басқа лактар
түрімен өндейтін кəсіпорындар
III,300
Өсімдік талшықтарды бірінші өндейден өткізетін
кəсіпорындар
III,300
Ағарту, бояу жұмыстарын жүргізетін кəсіпорындар
III,300
Поливинилхлорид
пленкаларын,
аяқ-
киімнің
табанына қажетті резинаны шығаратын өндірістер
III,300
Жылына
300
тоннадан
артық
материал
шығармайтын, мата мен қағазға лак сіңіруге
бағытталған өнеркəсіптер
IV,100
Трикотаж, тор жасайтын өндірістер
V,50
Жібек тоқыма, тігін өндірістері
V,50
Кілем мен жасанды қаракөл терісін, аяқ- киім
шығаратын мекемелер
V,50
Органикалық еріткіштерді қолданбай аяқ-киімдік
картон шығаратын өнеркəсіптер
V,50
Жіп, мата, картон шығаратын, бұл процестарде
органикалық еріткіштерді қолданбайтын өндірістер
IV,100
А.Ж. Ақбасова, Г.Ə. Сайнова Экология А.; 2003 : 218-220 беттер
Тамақ өнеркəсібі.
Тамақ өнеркəсібінің кəсіпорындары өте көп имөлшерде ауылшаруашылығының, өзен мен теңіз
промыслдерінің өнімдерін өңдейді.
Қазақстанда тамақ өнеркəсібі 1000 жуық тамақ өнімдерінің түрлерін шығаратын көптеген салаларға
бөлінеді.
Ең дамыған сала ет өнеркəсібі , республикада бүкіл тағам өнімдерінің 32% еттен жасалады.
Барлық ірі қалаларда май, ірімшік жасайтын, басқа да сүт өнімдерін шығаратын кəсіпорындар
жеткілікті. Қант, шарап, арақ, сусын, өсімдік майын жасайтын орталықтар негізінде Оңтүстік аймақтарда
орналасқан.
Тамақ өнеркəсібінің кəсіпорындары қатты, сұйық жəне газды түрде заттарды қоршаған ортаға
тастауына байланысты ластаушы көздің бірі болып табылады. Атмосфераға зиянды заттар шығаратын
көздерге технологиялық пештер, буып-түйетін апараттар, сепараторлар, нейтрализаторлар, қабық
тазалағыштар, темекі кесетін машиналар, ет өндейтін өндірістер, еритін кофе мен цикорий дайындайтын
зауыттар, сүйек ұны мен желім дайындайтын кəсіпорындар, дəн жарғыш машиналар мен астық тазалайтын
орындар жатады.
Пісіру, қуыру, балық пен етті сүрлеу, томат қайнату, дəмдеуіштер мен кондитер өнімдерін дайындау
барысында организмге жағымсыз əсер тигізетін иістербөлінетініне байланысты бұл процестердің барлығы
зияндылығы бар деп есептелінеді.
Жыл сайын бұл өнеркəсіп миллиондаған текше метр суды қолданып, оның 70-80% көлемін ластанған
түрде қоршаған ортаға қайта жіберіп отырады. Бұлардың құрамындағы зиянды заттардың мөлшері бірнеше
мыңдаған тонна деңгеінде. Ақаба сулардың құрамында көбіне кездесетін заттар ас тұзы, жууға,
дезинфекциялауға қолданған қосылыстар, нитриттер, фосфаттар, сілтілер, шикізат пен жем қалдықтары, т.б.
Консерві шығаратын зауыттардан шикізат ретінде пайданылған жеміс- жидектің, көкөністердің, т.б.
өсімдіктердің 20-25% қалдыққа айналып, табиғи ортаға тасталынады. Сонымен қатар, ақ қаңылтырды
лактағанда қолданылған лак ерітінділері мен органикалық еріткіштер ауаға ұшып оны ластап отырады.
Кейбір ірі консерві зауыттарында, əсіресе жаз айларында, шикізатты уақытылы өндеп үлгере
алмағандықтарының салдарынан олардың біраз мөлшері бұзылып, қалдыққа айналады. Бұны да қоршаған
ортаны ластайтын жағдайлардың бірі деп есептеуге болады.
Қалдыққа айналған бөлікте бастапқы шикізаттың көптеген пайдалы қасиеттері сақталатын
болғандықтан, оларды жем, əртүрлі техникалық өнімдер шығару үшін қолданған жөн. Бірақ өкінішке орай,
бұл мəселе əлі толық шешімін таба алмай келеді. Жанама өнімдер мен қалдықтарды қосымша өндеп,
пайдалы қолдану мəселелері шешілмей зауыттардың маңайындағы экологиялық қалыптасқан жағдайдың
жөнделуі мүмкін емес.
Тамақ өнеркəсібінің атмосфералық ауаны ластауға қосатын үлесі көп болмағанымен, ерітінді
қалдықтарының біраз мөлшерде қоршаған ортаға тигізетін зияндылығы бар екені анық. Осыған байланысты
бұл салада ластанған суларды тазалап, қайта қолдануға қайтару, яғни ағымсыз технологияны жүзеге асыру
қажеттілігі бар екені сөзсіз.
|