Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитеті



Pdf көрінісі
бет5/10
Дата03.03.2017
өлшемі1,98 Mb.
#7480
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

4.1.7.
 
ФЛОРА ЖӘНЕ ФАУНА 
 
Трасса  жоспары  Алматы  облысы  Іле  және  Жамбыл  аудандары  және 
Қордай,  Жамбыл  облысы  Мойынқұм  және  Шу  аудандарының  аумағында 
жатқан Жусандалы қорық аумағынан өтеді. 
 

Флора 
Жол өте үлкен аумақты алып жатқан (2 757 500 гектар) Жусандалы қорық 
аумағынан  өтеді.  Төмендегі  сурет  трасса  жоспарын  (екі  сары  жолақтың 
ортасында қызыл жолақ) әзірше ол қорық сыртында және жануарлардың пайда 
болу  орындары  көрсетілген.  Шекара  маңында:  жайран,  қасқыр,  қоян,  шағал, 
түлкі,  жазық  түлкісі  пайда  болуы  мүмкін.  Сондай-ақ  (4.6.  және  4.7.) 
жануарлардың  орналасуы  солтүстік  пен  батысқа  қарй  орналасқан,  сондықтан 
трасса  жоспары  облысында  пайда  болуы  байқалған  жоқ.  Көпірлер,  су 
құбырлары және мал айдау жолдары жануарлардың кездейсоқ көшуіне септігін 
тигізеді. 
 
Сурет  4.6.
  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сурет 4.7. 
 
 

 
Жусандалы  да  200  түрге  жуық  (Березовиков  1999  ж.),  соның  ішінде  83 
ұясалушы  және  100  аса  келіп  кетушілерді  кіргізеді.  Ұя  салушы  түрлері 
Солтүстік  Еуразия  шөлді  аймағына  тән  Chlamydotis  undulate  (Вихляй),  Aquila 
heliaka,  Falko  naumanni  (Степная  Пустельга  құсы),  Burchinus  oedisnemus 
(Авдотка  құсы),  Charadrius  leschenaultia  (үлкентұмсықты  Зуек),  (Рябок  құсы), 
Charadrius  asiaticus  (Каспий  Зуегі  құсы),  Syrrhaptes  paradocus  (Саджа  құсы), 
Pterocles  orientalis  (Чернобрюхий  Зуек),  Calandrella  rufescens  (сұр  Бозторғай), 
Calandrella  brachydactyla  (кішкентай  бозторғай),  Hippolais  rama  (оңтүстік 
бормотушка  құсы),  Sylvia  nana  (шөл  дала  сандуғашы  құсы),  Oenanthe  deserti 
(шөл  дала  кеменкасы),  Cercotrichas  galactotes  (Тугайлық  бұлбұл),  Lanius 
pallidirostris (сұр сауысқан), Corvus ruficollis (шөл қарғасы), Rhodospiza obsolete 
(шөл  құнағы),  Emberiza  bruniceps  (сары  торғай).  Құстардың  пайда  болуы 
мүмкін жерлері 4.8. және 4.9. суреттерде көрсетілген. 
Сурет4.8.
 
Сурет 4.9. 

 
Флора  
Жобаланған трасса жоспары шөл жазық дала суармалы және суармайтын 
егін  шаруашылығы,  сондай-ақ  қой  сен  ірі  қара  шаруашылығы  бар  жерлер. 
Өсімдік  тұқымдастардан  негізінен  жусаннан  тұрады.  Аз  күндік  өсімдіктерде 
баданалы қоңырбас, от, ұсаққияқ, көкнәр бар. 
Келесі түрлер Жусандалының көп бөлігінде табылған. 
Жойылып бара жатқан өсімдік түрлер: 

 
Регель  қызғалдағы  –  Tulipa  regelii  Krasn  (Liliaceae).  Мәртебесі  – 
жойылып бара жатқан, аз, санаулы; 

 
Курчавка  Вальковатолистая  –  Atraphaxis  teretifolif  (V.Pop)  Kom 
(Polygonaceae) 

 
Бетбақ  дала  ешкі  маясы  -  Silene  betpakdalensis  Bajt. 
(Caryophyllaceae). Мәртебесі – аз, қалдық түрлер; 

 
Недзвецкия  семиреченская  -  Niedzwedzkia  semiretschenskia 
B.Fedtshc  (Bignoniaceae).  Өте  аз,  жоғалып  бара  жатқан,  қалдық 
түрлер. 
 
Санаулы  өсімдіктер түрі: 

 
Альберт қызғалдағы - Tulipa albertii Regel (Liliaceae). Санаулы түр; 

 
Қаратау селеуі - Stipe karataviensis Roshev (Poaceae). Қысқарып бара 
жатқан санулы түр; 

 
Грейг  қызғалдағы  -  Tulipa  greigli  Regel  (Liliaceae).  Аз,  қысқарып 
бара жатқан түр; 


 
Колпаков  қызғалдағы  -  Tulipa  kolpakowskiana  Regel  (Liliaceae). 
Мәртебесі - өте аз санаулы, саны өте азайып барады. 

 
Иридоктиум  Колпаковского  -  Iridoktium  kolpakowskianum  (Regel) 
Rodion.Мәртебесі - саны өте азайып барады. 

 
Смолевка  Муслима  -  Silene  muslimii  Pavl  (Caryophyllaceae) 
Мәртебесі – аз, санаулы түр; 

 
Штубендорфия  тонкая  -  Stubendorffia  grasilli  (Pavl)Мәртебесі  –  аз, 
санаулы түр, шектеулі жерде ғана кездеседі; 

 
Астрагал  ложноракитниковый  -  Astragalus  pseudocytisoides  M.Pop 
Мәртебесі – аз, өте санаулы; 

 
Тауқұм феруласы - Ferula taukumika Bajt. (Apiaceae)Мәртебесі – аз, 
өте санаулы; 

 
Титов  акантолимоны  -  Acamtholimon  titovii  Lincz  (Limoniaceae) 
Мәртебесі – аз, өте санаулы, соңғы кезде тіпті азайып барады

 
Мытник 
Чу-Илинский 

PedukularisczuiliensisSemiotr. 
(Scrophulariaceae)Мәртебесі – аз, өте санаулы; 

 
Канкриниелла  Крашенинникова  -  Cancriniella  krascheninnikovii 
(N.Rubtz) Tzvel. (Asteraceae)Мәртебесі – аз, өте санаулы; 

 
Наголовадка мощная - Jurinea robusta Schrenk (Asteraceae)Мәртебесі 
– аз, өте санаулы; 

 
Козлец 
хантавский 

Scorzonera 
chantavika 
Pavl. 
(Asteraceae)Мәртебесі – аз, өте санаулы, тез қысқарып бара жатқан 
түр; 
Көп тараған, бірақ Жоба жерлерде аз кездесетін түр: 

 
Кавказ  каркасы  -  Celtis  caucasica  Willd  (Celtaceae)  Мәтебесі  –  көп 
таралған, бірақ солтүстік-батыста аз кездеседі. 
Айта кетерлігі, жол қолданыстағы жолға қолданылатындықтан қоршаған 
ортаға айналадығы табиғатқа әсер етпейді, сондай-ақ жоба жүргізілетін жерлер 
көбіне  адам  факторы  бар  жерлерде,  сондықтан  жабайы  табиғатқа  қарағанда 
адам қызметі бар жерлерге аса қатты зиян келмейді. 
Флора және фауна: зерттеу әдіснамасы 
Кеңесшілердің  зерттеу  қорытындысына  сәйкес  трасса  сезімтал  флора 
және фауна ортасына өтеді. Қоғамдық тыңдау барысында 1 учаскедегі жабьайы 
жануарлармен болатын мәселелер талқыланды. 

Қоршаған  ортаны  қорғау  бойынша  мамандар  тобы  жобалаушылар  және 
өзгеде сарапшылармен бірге бірнеше рет учаскені аралады. Алматыда да өзгеде 
сарапшылар мамандармен кездесті. Интернет көздері арқылы Құрт-Бурубайтал  
ауданындағы мәселелер түсіну үшін зерттеулер жүргізілді. 
 
 
4.1.8.
 
ЖЕКЕ МӘДЕНИ РЕСУРСТАР 
 
Белгілі  мәселелердің  бірі  -    бұлавтомобиль  жолдарын  салу  барасындағы 
тарихи  және  мәдени  ескерткіштерті  сақтап  қалу,  оған  құрылымдар,  ескі 
орындар және халық өмірінің тарихи кезеңдерімен байланысты өзге де жерлер. 
«Археологиялық Экспедиция» ЖШС-нің жүргізген Археологиялық  зерттеулер 
қорытындысына  сәйкес  2295-2335  км  «Астана-Қарағанды-Балқаш-Қапшағай-
Алматы» республикалық маңызы бар автомобиль жолын қайта құру Қазақстан 
Республикасының  «Тарихи-мәдени  мұра  обьектілерін  пайдалану  және  қорғау 
туралы» Заңының 39 бабын сақтағанда ғана рұқсат беріледі. Яғни, автомобиль 
құрылысы  аумағында  орналасқан  археологиялық  ескерткіштерді  толық 
зерттеген соң және оларды Мемлекеттік есептен шығарған соң. 

 
Тарихи-мәдени мұра обьектілерін табу бойынша жерлерді алмастан 
бұрын зерттеу жұмыстары жүргізілуі керек; 

 
Тарихи, ғылыми және өзгеде құндылықтарды тапқан жағдайда жеке 
және  заңды  тұлғалар  жұмысты  тоқтатып,  уәкілетті  органдарға 
хабарлама беру керек

 
Тарихи-мәдени  мұра  обьектілері  бар  жерлерге  жұмыс  жүргізуге 
тыйым салынған. 
Осы  заңның  аясында  Оңтүстік  Қазақстан  облысында    1  учаске  айналасына 
қолданыстағы  автожол  осінен  100  м  оңға  және  100  м  солға    зерттеулер 
жүргізілді. (ары қарай- бұру жолағы). 
Зерттеу  жалпы  ұзындығы  40,0  км,  200  м  оң  және  200  м  сол  жақ  бөлікті  қоса 
алғанда жүргізілді. (ар қарай – сараптама аумағы). 
Аумақ сараптама жүргізу барысында 8 тарихи-мәдени мұра обьектісі табылды. 
(ары қарай – ТММ обьектілері) 

 
2 ТММ обьектілері архелогия ескерткіштері (№№6, 7) 

 
6 ТММ обьектілері заманауи еске алатын ескерткіштер (№№1-5, 8) 
 

№ 
ТММ обьектілері 
Географиялық 
координаттары 
Трасса 
осінен 
орналасуы 
ТММ обьектілерінің 
сипаттамасы 
 
1 учаскенің 
бастапқы нүктесі 
43 Т539648.57 
4908051.01 
2295 км 
трасса М36 
 

Заманауи еске 
алатын ескерткіштер 
43 Т541045.38 
4907831.30 
трасса М36-
дан оңға
 
Студенов Игорь 
Петровичке 1961-1993 
қойылған 

Заманауи еске 
алатын ескерткіштер
 
43 Т549519.06 
4902718.59
 
трасса М36-
дан оңға
 
Складанюк Галина 
Павловнаға 1960-1993 
қойылған 

Заманауи еске 
алатын ескерткіштер
 
43 Т555413.91 
489621.72
 
трасса М36-
дан оңға
 
Деров Павл 
Петровичке 1927-1981 
қойылған 

Заманауи еске 
алатын ескерткіштер
 
43 Т556228.49 
4896373.25
 
трасса М36-
дан оңға
 
Джадраева Зарем 
Мұқашқызына 1983-
2005 қойылған 

Заманауи еске 
алатын ескерткіштер
 
43 Т557413.71 
4895837.37
 
трасса М36-
дан оңға
 
«адал ит Чипке» жазуы 
бар итке қойылған 

Жалгыз қорған 
43 Т562936.84 
4892888.79
 
трасса М36-
дан оңға
 
Жоспарында шеңберлі, 
тас пен топырақтан
жеңіл сыланған. 
Диаметрі 13 м, биіктігі 
0,3. Сыртқы жағының 
етегінде ені 0,8 м, 
тереңдігі 0,2 м-ге дейін 
шұңқыр қазылған 

Қорған ескі қорымы  43 Т564370.19 
4891853.56
 
трасса М36-
дан оңға
 
ОБ-СШ сызығына 
созылған 5 қорғаннан 
тұрады. Тас пен жерден 
қаланған, жоспарында 
шеңбер 
тәрізді.диаметрі 11-ден 
15-ке дейін, биіктігі 
0,1-0,3 ке дейін. 

Заманауи атаусыз 
мола 
43 Т564864.16 
4891753.51
 
трасса М36-
дан солға 
Темір қоршау. 
Мұсылмандық жерлеу. 
атаусыз 
 
Учаскенің соңғы 
нүктесі 
43 Т572681.85 
4886660.62 
2335 км 
трасса М36 
 
 
ТММ обьектілерін сақтауды қамтамасыз ету барысында ұсынылады: 

1.
 
№6 және 7 обьектілерге (автожол құрылысының барлық кезеңіне 50 м 
ге дейін қорғаныс аймағы ретінде қорғаныс қоршауларын орнату) 
2.
 
№1-5,  8  обьектілеріне  (жергілікті  атқарушы  органдармен  автожол 
құрылысы аяқталғанша қорғаныс іс шараларын қарастыру) 
3.
 
Автожол  құрылысы  барысында,    Қазақстан  Республикасының 
02.07.1992 жылғы  «Тарихи-мәдени мұра обьектілерін пайдалану және 
қорғау  туралы»  Заңына  сәйкес  қауіпсіздік  шараларын  жасап,  тағы 
қосымша  тарихи  қалдықтар,  сүйектер  және  тб  заттарды  тапқан 
жағдайда жұмысты тоқтатып жергілікті атқарушы органдарға немесе « 
Археологиялық экспертиза» ЖШС-не хабар беру керек. 
Әлеуметтік-экономикалық мінездеме 
Жол  негізінен  халқы  аздау  ауылды  жерлерден  өтеді.  Жол  учаскесінің 
өтетін екі ауданның халық саны: 
Кесте 4.3 1 учаскедегі аудан халқы 
Аудан  
Халық (2011) 
Жамбыл 
126 108 
Іле  
154 124 
 
Жамбыл ауданы 
Қастек (қазіргі Жамбыл) ауданы 1928 жылы 3 қыркүйекте құрылған. 
Жамбыл  Жабаевтың  75  жылдығына  орай  Қазақстанның  орталық 
атқарушы комитетінің 19.05.1938 жылғы қавулысына сәйкес Жамбыл ауданына 
ауыстырылды. 
Қазақстан 
Республикасының 
Жоғарғы 
Кеңесінің 
Президиумында  4  мамыр  1993  жылы  Джамбул  ауданы  Жамбыл  ауданына 
айналды. 
№11-680  1993  жылдың  29  қарашасында  Жамбыл  аудандық  халық 
депутаттары  Кеңесінің  шешіміне  сәйкес  аудандық  және  21  ауылдық  Кеңес 
қызметі  мерзімінен  бұрын  тоқтатылды.  Орнына  бас  аудандық  әкімшіліктің 
өкілдері  келді.  1994  жылдың  қаңтарынан  бастап  №1-6  6  қаңтар  1994  жылғы 
аудан кеңесінің шешімімен ауылдық әкімшіліктер құрылды. 
№3-46  1996  жылғы  5  наурыздағы  Жамбыл  ауданы  әкімінің  шешімімен 
аудандық және ауылдық әкімшіліктер аудан әкімі аппараты және ауылдық және 
поселкелік округ әкімі аппараттарына айналды. 

1997  жылы  23  мамырдағы  ҚР  Президентінің  Жарлығына  сәйкес  Құрт 
ауданы және Айдарлы, Бозой, Теміржол, Сарытауқұм ауылдық округтері және 
Үлкен поселкелік округ Жамбыл ауданының құрамына берілді. 
Аудан құрамына 23 ауылдық және 1 поселкелік округ кіреді.  
Жамбыл ауданы Алматы облысының батысында орналасқан. Ауданы 19,3 
мың кв. Км, онда 61 елді мекен бар. 
Халық  саны  2013  жылдың  1  қаңтардағы  мәлімет  бойынша  136 800 
адамды құрайды. 30 ұлт өкілі бар. 
Аудан орталығы Ұзынағаш ауылы, 38 589 халқы бар. 
Жамбыл  ауданы  аграрлы  бағыттағы  аудан.  Маңыздысы  Алматы 
қаласының маңында орналасқан. 
Пайдалы қазбалар 
Қастек,  Шынасылсай  жерлерінде  алтын,  күміс,  қорғасын  және  цинк 
қорлары  бар.  Шынасылсайда  цемент  шикізаттары,  қиыршық  тас  өндіріледі. 
Қарғалы аулының маңында қиыршық тас-құм қоры бар. 
Су ресурстары 
Үлкен  өзендер  –  Ұзынқарғалы,  Құтырған,  Жиренайғыр,  Қарақастек, 
Жаманты, Қастек. Үлкен поселкесі Балқаш көлінің жиегінде. 
Ауыл шаруашылығы 
2013 жылы ауыл шаруашылық өнімі 21681,4 млн. теңгені құрады немесе 
2002 жылғы деңгейге қарағанда 4,7 % (4627,9 млн.теңге)  
Егін  өнімдерімен  91,1  мың  га  алып  жатыр.  Жаңа  технологияларды 
қолдану арқылы 6,4 мың га жетсе, ылғал сақтау технологияларымен 6,5 мың га, 
тамшылап өсіру арқылы 20 га дейін жетіп отыр. 
Жылдан  жылға  көкөніс,  май,  картоп,  жүзім  өндірісі  көбеюде.  Аудан 
бойынша 293 га бақша бар. Жыл сайын жаңа бақша егу жүргізіледі. 2011 жылы 
11  дақыл  түрі  егілді.  Маусымдық  ауысымдарда  халықты  үнемі  көкөніспен 
қамтамасыз  ету  үшін  жылыжайлар  бар.  Бүгінгі  күні  4,58  га  орналасқан  71 
жылыжай бар. 
Мал  шаруашылығында  16  субьект  бар.  Ірі  қара  13,05  пайыз,  қой  10,5 
пайыз, жылқы 12,5 пайыз. 

Өндіріс 
2013 жылы өндіріс өнімі 7 763,8 млн. тенгені құрады. 
Тау  кен  өндірісі  13,4  пайызды  құрап  отыр.  Электр  қамтамасыз  ету,  газ 
беру, 7,9 пайыз, сумен қамтамасыз ету, қалдықтарды, қаоқыстарды шығару 1,6 
пайызды құрады. 
Автомобиль жолдары және көлік 
Аудандағы автомобиль жолдарының пайдалану ұзындығы 1318 км, оның 
412  км  республикалық  маңызы  бар  жолдар,  659  облыстық  және  247  км 
жергілікті.  12  көпір  және  511  су  өткізетін  құбырлар  бар.  Асфальт-бетон 
жамылғысы  бар  жолдар  69  км  (10  пайыз),  қара  тас  жолдары  561  км  (85 
пайыз)қиыршық  тас  жолдары  9  км  (1  пайыз),  жамылғысыз  22  км  (3  пайыз) 
құрайды. Яғни 86 пайыз жол жақсы жағдайда, қанағаттананрлық 11 пайыз және 
қанағаттанарлықсыз  30пайыз.  Жол  белгілерімен  тек  аудан  орталығы  және 
республикалық  маңызы  бар  жолдар  қамтамасыз  етілген.  Жыл  сайын  ауданда 
орташа  кезеңдік  жол  ды  жөндеу  жұмыстары  жүргізіледі.  Ауданда  қалааралық 
20  бағыт  бар,  1  автостанция.  Жолаушыларды  және  жүкті  тасымалдаумен 
«ТРАНСЕРВИС» ЖШС жұмыс жасайды. 
Жамбыл ауданы арқылы ұзындығы 110 км теміржол магистралі өтеді. 
Мәселелер: 

 
Автомобильдер  паркінің  ескіруінің  жоғарғы  деңгейі  –  12  жылдан 
астам; 

 
Ауданішілік бағыттарының болмауы

 
Такси тұрағының жоқтығы. 
2241-2295  км  (81  км)  «ТОП  Геодезия»  ЖШС-нің  және  2295-2335  км  (40 
км)  «Каздорпроект»  ЖШС-нің  учаскелері  бойынша  2  км  жерде    Алматы 
облысының  Жамбыл  ауданының  «Қаншеңгел»  поселкесі  орналасқан. 
«Қаншеңгел»  қазақтың  «қалың  шеңгел»  «қалың  қопа»  сөзінен  шыққан.  Бірақ 
екінші  жағынан  ертеде  бұл  жерлерде  қанды  соғыс  көп  болған  содан  жау 
қанынан    шөптің  барлығы  қанға  боялған  деседі.  18  ғасырдың  басында  осы 
жерден 60 км жерде жоңғарлармен Ұлы Аңрақай қақтығысы өткен. Жергілікті 
тұрғындар  мен  қарт  кісілер  бұл  жер  қасиетті  дейді.  Советтік  кезде  бұл  жерді 
шопандар  қыстаудан  жайлауға  және  керісінше  тоқтап  түнейтін  жер  ретінде 
пайдаланған.  Жеңіл  авиацияның  жаздық  қонатын  жолағыда  болған,  Совет 
Одағы  құлаған  соң  жойылған.  Бұл  жерде  тіпті  Москвамен  байланысты 

қамтамасыз етіп отырған өте үлкен байланыс станциясы болды, өкінішке орай 
қазір олда жоқ. 
Қопа  –  Алматы  облысы  Жамбыл  ауданындағы  ауыл.  Самсин  ауылдық 
округінің  құрамына  кіреді.  Ұзынағаш  ауылынан  53  км  солтүұстік-батыста 
орналасқан. 1999 жылы 531 адамнан (260 ер және 271 әйел) тұрған. 2009 жылғы 
санақ бойынша 570 адам (299 ер және 271 әйел) тұрады. 
Топар  –  Алматы  облысы  Балқаш  ауданы  ауылы.  Топар  ауылдық  округі 
әкімшілік орталық және жалғыз елді мекен. 1999 жылы 1327 (696 ер және 631 
әйел)  адам  болса,  2009  жылғы  мәліметте  1305  (680  ер  және  625  әйел)  адам 
тұрады. 
Ашысу 
– 
Алматы 
облысы 
Жамбыл 
ауданындағы 
ауыл. 
Сарытауқұмауылдық  округі  әкімшілік  орталық  және  жалғыз  елді  мекен.  1999 
жылы 621 (327 ер және 294 әйел) адам тұрса, 2009 жылғы мәлімет бойынша 340 
(173 ер және 167 әйел) адам тұрады. 
Айдарлы  -  Алматы  облысы  Жамбыл  ауданындағы  ауыл.  Айдарлы 
ауылдық  округі  әкімшілік  орталық  және  жалғыз  елді  мекен.  1999  жылы  1246 
(659 ер және 587 әйел) адам тұрса, 2009 жылғы мәлімет бойынша 1251 (623 ер 
және 628 әйел) адам тұрады. 
Барлық айтылған жерлерде мал шаруашылығы, көбіне түйе, жылқы және 
усақ  мүйізді  мал  бағумен  айналысады.  Жер  учаскелер  жайылым  ретінде,  ал 
құнарлы топырағы бар жерлер бақша өнімдерін шығару үшін пайдаланылады. 
Іле  ауданы  Алматы  облысының  орталық  бөлігінде  орналасқан  және 
солтүстік-шығысында  Балқаш  ауданымен,  батыста  Қарасай  және  Жамбыл 
аудандарымен,  ал  оңтүстік  шығысында  Алма-Ата  қаласының  жерлерімен, 
шығысында Талғар ауданымен шекаралас. 
Аймақтың  80  пайызы  шөл  және  шөлді  жазық  аумақта  орналасқан: 
Сартауқұм  және  Плато  Қараой  құмдары.  Плато  Қараой  егінге,  ал  Сартауқұм 
қыстау мен жайлауға пайдаланылады.  
Ауа  райы  тез  өзгергіш,  қаңтар  айының  орташа  температурасы  -7-9ºС, 
шілде де 22-25 ºС. Жылдық жауын 200-3500 мм құрайды. 
Аймақ шекарасында Іле, Қаскелең өзендері өтеді, Үлкен Алматы каналы 
қойылған, солтүстігінде Қапшағай су қоймасы бар. 
Жері ақшыл сұр, боз топырақ. 

Сексеуіл,  қамыс,  ши,  жусан,  бетеге,  теріскеп,  ащышөп,  жиде  өседі. 
Қасқыр, түлкі, қарсақ, қабан, қоян өмір сүреді. 
1928  жылы  17  шілдеде  Іле  ауданы  Қарғалы  ауданы  деп  аталған.1970 
жылы  «Ильич  жолы»  аудандық  газеті  таралды.  Қазақтар  54,6%,  орыстар  – 
30,1%, ұйғырлар – 1,7%, ауданы 7800 км кв.-ты құрайды. 
Экономикасы.  Аудан  аймағынан  Алма-Ата  –  Семей  темір  жолы, 
автомобиль жолы Алма-Ата-Қапшағай өтеді.  
1987  жылғы  мәліметте  ауыл  шаруашылық  435,5  мың  га,  оның  ішінде 
435,5  жайылым,136,7  мың  га  жыртылған  жерлер.  Егін  жерлері  84,6  мың  га, 
техникалық (қант қызылшасы) 3,4 мың га, бақша өнімдері 1 мың га, жүзім 600 
га,  ағаш-жидек  300  га  алып  жатыр.  1985  жылы  ірі  қара  32  мың  бас,  қой-ашкі 
196,1 мың, шошқа 68 мың, жылқы 3,2 мың, құс 1,6 миллионды құраған. 
Өндіріс.  Алматы  қант  заводы  қазір  «Алматы  қант»  корпорациясына 
кіреді.  Кірпіш  заводы  қазір  жоқ,  ол  жерде  мұнай  өнімі  қоймасы,  1991  жылы 
1000  аса  адам  жұмыс  жасаған  «Қазмрамор»  заводының  орнында  «Ассыл  тас 
және  К»  кәсіпорны,  «Фрут  Ай»  сусын  заводы,  «Тума»  универсалды  базасы, 
«АлматыАулҚұрылысы  «Бент»  құс  фабрикасының  құрамында.  Шығысында 
Боралдай аэропорт орналасқан. 
Ақшы – Алматы облысы Іле ауданының ауылы. Курт ауылдық округінің 
әкімшілік  орталығы.  Құрт  өзенінің  оң  жағалауында  ,  82  км  Өтеген  батыр 
поселкесінен  оңтүстік  шығысына  қарай,  теңіз  деңгейінен  507  метр  биіктікте 
орналасқан. 
1999 жылы халық саны 4662 (2300 ер және 2362 әйел) адам. 2009 жылғы 
мәлімет бойынша 5646 (2800 ер және 2846 әйел) адам. 
Учаскені аралау: ҚОӘБ үшін жауапты қоршаған ортаны қорғау мамандар 
тобы Құрт-Бурубайтал трасса учаскесіне барды. 

 
10 
шілде:инженер-жобалаушылар 
мен 
АЖК 
облыстық 
департаментінің  өкілдерімен,  сондай-ақ  ДБ  социологымен  аралап 
қайтты.  Бұл  бірінші  бару,  трасса  бағыты  және  жобаға  әсерлерді 
қарау үшін. 

 
7  тамыз:  трасса  маңындағы  ауыл  шаруашылық  жерлерді  және 
қосымша  мал  айдау  қажеттіліктерін  қарау  үшін  инженер-
жобалаушылармен бірге барды. 
Талқылау өтті: 


 
Жұбаниязов  Жанибек  Бисенғалиұлы,  «ОХОТЗООПРОМ»  бойынша 
РМКК,  республикалық  маңызы  бар  Жусандалы  мемлекеттік  қорық 
аймағы, директор орынбасары 
Жобалаушылармен кездесу: 

 
Сұлтанбек Каримов, «Каздорпроект» ЖШС, бас директор, 1 учаске жоба 
бас инженері (аралау барысында және қоғамдық тыңдауда бірге жүрді) 

 
С.Ю.  Ященко,  «Дорис»  ЖШС,  2  учаске  жоба  бас  инженері  (аралау 
барысында және қоғамдық тыңдауда бірге жүрді) 
Қолданылған интернет саиттары: 

 
Ru.wikipedia.org 

 
Redbookkz.info 

 
Caspionet.kz 

 
Greensalvation.org 

 
Unesko.org/en/tentativelists 

 
Birdlife.org/datazone/sitefactsheet 

 
Egov.kz/wps/portal 

 
En.wikipedia.org/wiki/endangered_species 

 
Iucnredlist.org 

 
Wwf.panda.org 
Cондай-ақ бірнеше туризм сайттары Алматы өңірінің жабайы табиғаты туралы 
ақпарат алу үшін пайдаланылды. 
Қорытынды:  жоба  аймағымен  және  жоба  трассасымен  таныс  әртүрлі  адамдар 
мен көздерден ақпараттар алынды. 
 
 
 
 
 
 
 
 

4.2.
 
ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРДІ БАҒАЛАУ: 1 УЧАСКЕ 
4.2.1.
 
КІРІСПЕ 
 
Автомобиль жолдарын салу кезіндегі негізгі қоршаған ортаға әсер түрлері 
болып табылады: 

 
Автомобиль қозғалтқышындағы газдардар ауаның ластануы; 

 
Құрылыс жұмыстарында қолданылатын жол-құрылыс машиналары 
мен механизмдердің табиғи ортаны ластауы; 

 
Әр түрлі құрылыс қызметіндегі техника мен құрылғылардың шуы

 
Жол-құрылыс  материалдарын  алу,  топырақты  дайындау  және  жол 
киімдері арқылы өндірістік қызмет өнімдерімен ластау; 

 
Әр  түрлі  жол  жанындағы  өсімдік,  су  көздерінің  беті,  топырақ 
беттерінің ластану мүмкіндігі; 

 
Жануарлардың  өмір  сүру  ортасы  және  құстардың  ұя  салу 
орындарының өзгеруі. 
 
Жұмыс  жүргізу  барысындағы  ауаның  ластануы,  шу  деңгейінің  әсері  
жолмен арақашықтыққа байланысты. 

 
Жаңа  бағытпен  жүретін  барлық  көлік  құралдарының  шу  деңгейі 
мен ауаның ластануы; 

 
Өнеркәсіптік  және  тұрмыстық  шығындыларды  көму  нәтижесінде 
жол топырағының шаңмен ластануы; 

 
Жолдағы жануарлар мен құстардың өлім жағдайы

 
Абайсызда қозғалыс бағыттарының бұзылуы; 

 
Жүру  бөлігіндегі  жоғарғы  ағынның  ластануы  және  өзге  де 
ластанулар. 
 
Әсер аймағы 
Әсерді сынау үшін автожолдарға аумақ беріледі: 
1)
 
Әсер  аумағы:  3000  метр,  жолға  әсер  ететін  (мысалы  шу,  шаң,  ауаның 
ластануы); 
2)
 
Қорғаныс  жолағы:  жоғары  маңыздылығы  бар  жолақпер  бөлінген  аумақ. 
Кейбір кезде әсер көп болуы ықтимал: топырақтың ластануы шу және ауа 
сапасы; 
3)
 
Резервті – технологиялық жолақ: аяқ  асты  жағдайларға байланысты жол 
жиегіне қойылатын жолақ. Маңызды әсерлер құрылыс кезеңінде болады. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет