5.
2 УЧАСКЕ
5.1.
ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРДІ БАҒАЛАУ: 2 УЧАСКЕ
5.1.1.
ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
5.1.2.
АУА РАЙЫ
5.1.3.
БЕДЕР МЕН КӨРІНІС
5.1.4.
ТОПЫРАҚ ЖӘНЕ ТОПЫРАҚ ШЫҒАРУШЫ ТҮРЛЕР
5.1.5.
ЖЕР РЕСУРСТАРЫ
5.1.6.
ГИДРОЛОГИЯЛЫҚ МІНЕЗДЕМЕ
5.1.7.
ФЛОРА ЖӘНЕ ФАУНА
5.1.8.
ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ МІНЕЗДЕМЕ
5.1.9.
ЖЕКЕ МӘДЕНИ РЕСУРСТАР
5.2.
СЫРТҚЫ ӘСЕРДІ ЖЕҢІЛДЕТУ БОЙЫНША ІС ШАРАЛАР: 2
УЧАСКЕ
5.2.1.
КІРІСПЕ
5.2.2.
АТМОСФЕРАЛЫҚ АУАҒА ӘСЕРІН БАҒАЛАУ
5.2.3.
ШУ МЕН ДІРІЛ ДЕҢГЕЙІН БАҒАЛАУ
5.2.4.
СУ ОБЬЕКТІЛЕРІНЕ ӘСЕРІН БАҒАЛАУ
5.2.5.
ТОПЫРАҚ ЖӘНЕ ТОПЫРАҚ ШЫҒАРУШЫ ТҮРЛЕРГЕ ӘСЕРІН
БАҒАЛАУ
5.2.6.
ФЛОРА МЕН ФАУНАҒА ӘСЕРІН БАҒАЛАУ
5.2.7.
ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОРТАҒА ӘСЕРІН БАҒАЛАУ
5.2.8.
ЖЕКЕ МӘДЕНИ РЕСУРСТАРҒА ӘСЕРІН БАҒАЛАУ
5.2.9.
ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ МЕН ЭСТЕТИКАҒА ӘСЕРІН БАҒАЛАУ
5.2.10.
ҚАЛДЫҚТЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ
5.3.
СЫРТҚЫ ӘСЕРДІ ЖЕҢІЛДЕТУ БОЙЫНША ІС ШАРАЛАР: 1
УЧАСКЕ
5.3.1.
АТМОСФЕРАЛЫҚ АУАҒА ӘСЕРДІ ЖЕҢІЛДЕТУ БОЙЫНША ІС
ШАРАЛАР
5.3.2.
ШУ МЕН ДІРІЛ ДЕҢГЕЙІН ТӨМЕНДЕТУ БОЙЫНША ШАРАЛАР
5.3.3.
СУ ОБЬЕКТІЛЕРІНЕ ӘСЕРДІ ЖЕҢІЛДЕТУ БОЙЫНША ІС ШАРАЛАР
5.3.4.
ТОПЫРАҚТЫҢ ЛАСТАНУЫ МЕН ЭРОЗИЯНЫ АЗАЙТУ БОЙЫНША
ІС ШАРАЛАР
5.3.5.
ФЛОРА МЕН ФАУНАҒА ӘСЕРДІ ТӨМЕНДЕТУ БОЙЫНША
ШАРАЛАР
5.3.6.
ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОРТАҒА ӘСЕРДІ ТӨМЕНДЕТУ
БОЙЫНША ШАРАЛАР
5.3.7.
ЖЕКЕ МӘДЕНИ РЕСУРСТАРҒА ӘСЕРДІ ЖЕҢІЛДЕТУ БОЙЫНША ІС
ШАРАЛАР
5.3.8.
ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫ ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЭСТЕТИКА БОЙЫНША ІС
ШАРАЛАР
5.3.9.
ҚАЛДЫҚТЫ БАРЫНША АЗАЙТУ
6.
ИНСТИТУЦИОНАЛДЫ ТАЛАПТАР
6.1.
ҰЙЫМДАРДЫҢ РӨЛДЕРІ МЕН МІНДЕТТЕРІ
6.2.
ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ДАМУ МИНИСТРЛІК
7.
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАСҚАРУ, МОНИТОРИНГ ЖОСПАРЫ
ЖӘНЕИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚ
7.1.
ҚОРШАҒАН ОРТА МОНИТОРИНГІНІҢ ЖОСПАРЫ
7.2.
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ БАСҚАРУ ЖОСПАРЫ: МОНИТОРИНГ ЖӘНЕ
ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚ: 1,2 УЧАСКЕ
КІРІСПЕ
1.
САЯСИ НЕГІЗДЕР МЕН ЗАҢНАМА
1.1.
НЕГІЗГІ ЗАҢНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕР
Қазақстанда қоршаған ортаны қорғау Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігімен реттеледі, бұл министрлік 2014 жылы тамыз
айында Қазақстан Республикасының үкіметін қайта құру барысында құрылған.
Министрлікке Қазақстанның Мұнай және газ министрлігінің, Индустрия және
жаңа технологиялар министрлігінің және Қоршаған орта және су ресурстары
министрлігінің міндеттері мен өкілеттіліктері берілген. ҚР Экологиялық
кодексі 2007 жылы 9 қаңтарда қабылданған. Ол табиғат қорғау қызметін
реттейтін негізгі заңи құжат болып табылады. Үш негізгі Заңның (Қазақстан
Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңы, Қазақстан
Республикасының «Экологиялық сараптама туралы» Заңы, Қазақстан
Республикасының «Атмосфералық ауаны қорғау туралы» Заңы) күші жойылып,
нәтижесінде бірыңғай Экологиялық кодекске біріктірілді. Сонымен қатар, осы
Экологиялық кодекс қабылданғаннан кейін 80 нормативтік заң актілерінің күші
жойылды.
1.2.
ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРДІ БАҒАЛАУ
ҚОӘБ-ға қатысты талаптардың барлығы Экологиялық кодексте айтылған.
ҚОӘБ есебін дайындау үшін негізгі құжат Қазақстан Республикасының
Қоршаған орта министрімен 28 маусым 2007 жылғы бекітілген №207-п санды
«Жоспарлау алдындағы, жоспарлау, жобалау алдындағы және жобалау
құжаттамасын әзірлеу кезінде көзделіп отырған шаруашылық және өзге де
қызметтің қоршаған ортаға әсеріне бағалау жүргізу бойынша Нұсқаулық»
болып табылады.
Нұсқаулыққа сәйкес 4 кезең бар:
Экологиялық шартқа шолу;
Алдын ала ҚОӘБ;
ҚОӘБ;
«Қоршаған Ортаны Қорғау» бөлімі
ҚОӘБ процесінің «Экологиялық шартқа шолу» атты бірінші кезеңіне
құрылыс жүргізуге жоспарланған аумақтағы табиғи және әлеуметтік-
экономикалық ортаның жалпы мінездемесінің сипаттамасы, осы аумақтың
қолданылу талдауы мен ҚОӘБ-дың негізгі бағыты кіреді. ҚОӘБ –ң бұл кезеңі
зерттеулерге, қолжетімді материалдар мен басқа арнайы әдебиеттерге, жобаны
сипаттауда негізделеді. Бұл кезеңнің мақсаты қоршаған ортаның жалпы
жағдайын бағалау, қоршаған ортан қорғау бойынша негізгі мәселелерді
анықтау, жоба аумағының өлшемі мен орналасу орны үшін ең жақсы нұсқа
таңдау, ҚОӘБ –ң екінші кезеңі үшін жұмыс көлемін анықтау.
ҚОӘБ процесінің «Алдын ала ҚОӘБ» атты екінші кезеңі табиғи және
әлеуметтік-экономикалық ортаның өзгеруі мүмкін белгілерін анықтайды.
Мақсаты – жоба аумағындағы қоршаған орта жағдайын бағалау, жобаның
мүмкін болатын әсерін анықтау және сол әсерлерді жеңілдету бойынша
шаралар дайындау. Бұл кезеңнің қорытындысы жобаның технико-
экономикалық негіздемесіне кіргізілуі керек. Шешім қабылдауға әсер ететін
барлық материалдар процедура шеңберінде «Экологиялық Сараптама (ЭС)»
сияқты табиғатты қорғау органдарымен тексерілуі керек. Экологиялық
Сараптама І экологиялық санаттағы жобалар үшін және оның аумақтық
бөлімшелерінің ІІ, ІІІ санаттары үшін Энергетика министрлігімен жүргізіледі,
ал 2007 жылдан бастап ІҮ санаттағы кәсіпорындар үшін жергілікті органдармен
(қоршаған ортаны қорғау бойынша аумақтық департамент) жүзеге асырылады.
Сырттан сарапшылар көмегіне жүгінуге болады, бірақ олар тек кеңес беру
ролін
атқарады.
Бұл
сарапшылардың
қызметтік
ақысы
жобаны
дайындаушылармен төленеді: қоғамдық сараптама тәуелсіз сарапшылармен де
жүргізілуі мүмкін. Бірақ қорытынды құжаттар (сараптама қорытындылары мен
рұқсатнамалар) көпшілік қарауына жатпайды, кейде тіпті учаскелердегі
инспекторларға да.
Экологиялық кодекстің 36 бабына сәйкес «Қоршаған ортаға әсердi бағалау
қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына тiкелей немесе жанама әсер
етуi мүмкiн болатын кез келген шаруашылық және өзге де қызмет түрлерi үшiн
мiндеттi болып табылады». Жария тыңдауын өткізу 2007 жылғы «Жария
тыңдаулар өткізу қағидаты туралы» Министр Бұйрығымен реттеледі. ҚОӘБ
және Мемлекеттік экологиялық сараптама (МЭС) екеуі өзара байланысты
рәсім. Әзірлеуші ҚОӘБ рәсімін өткізу керек, ол жеке лецензиясы бар
компаниялар жүзеге асырады және ҚОӘБ-тың барлық құжаттамасы үшін жауап
береді. ҚОӘБ тәртібі екі фазалық: ҚОӘБ және МЭС. ҚОӘБ дайын болған бойда
әзірлеуші МЭС-ке беру керек. Құзырлы органдар құжаттар сапасын тексеріп, өз
бағасын беріп екі құжатты да қайтарады. Бағалау барысында процеске
қатысушы халық пен органның ойы мен көзқарасы ескеріледі. ҚОӘБ
процедурасы қалдықты шығаруға рұқсат алғанға дейін орындалады және
әзірлеуші ҚОӘБ есебін және қалдықты шығаруға рұқсат алу арызына тіркелген
сараптама есебін тапсыру керек. ҚОӘБ процедурасы екі айға дейін және МЭС
үш айға дейін созылады. Жобадан кейінгі талдау міндетті болып табылады
және бір жыл өткен соң уәкілетті органдармен орындалады.
Мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң шешімінсіз жобаны жүзеге
асыруға немесе олардық банктермен қаржыландыруға немесе өзге де қаржы
институттарымен жүзеге асыруға тиым салынған. Мемлекеттік экологиялық
сараптаманың жобаға берілетін оң шешімі берілген күннен бастап бес жылға
жарамды.
Жаңа жобалар болған жағдайда жердің бөлінуі Әкімдіктермен
орындалғанымен табиғатты қорғау органдарымен келісілуі керек. Бұл кезеңде
қоршаған ортаның жалпы жағдайы бағалануы керек және экологиялық
сараптама өткізу туралы арызымен қорытындылар ұсынылуы керек. Осы
мақсаттарға байланысты халықпен талқылау үшін тыңдаулар өткізілуі
қажет.Үлкен жобалар үшін үлкен зерттеулер өткізіледі. Технико-экономикалық
негіздеме қоршаған ортаны қорғау бойынша барлық құжаттармен қоса
Экологиялық сараптамаға беріледі. Бұл экологиялық сараптама энергетика
Министрлігінің қызметкерлерімен немесе оның жергілікті деңгейдегі
департаменттермен жоба көлеміне қарай жүзеге асырылады.
«Алдын ала ҚОӘБ» оң қолдау алған есеп жобаны жүзеге асыру үшін
қажетті құралдарды алу үшін маңызды, сондықтан оған берілген оң не теріс
шешім маңызды. Келесі кезең толық ҚОӘБ есебі. Бұл жерде толық ақпарат
керек, яғни қалдықтардың шекті нормативтік есебі, төтенше жағдайдағы
жоспар, ластаушы заттардың мониторинг бағдарламасы және с.с. Егерде жоба
құжатында қандайда бір өзгерістер (технологиялық процестерде) болатын
болса, әзірлеуші ҚОӘБ материалдарында өзгертуі тиіс. Мұндай өзгерістер
уәкілетті органдармен келісілуі қажет.
ҚОӘБ жобадан кейінгі есеп 50 миллион АҚШ долларын құрайтын үлкен
жобалар үшін осы жоба бойынша жұмыстар басталғаннан кейін бір жылдан соң
дайын болуы шарт. Бұл жоба нәтижесінде қоршаған ортаның зиян
шекпегендігін дәлелдеу үшін керек.
Көпшілік тыңдауларды ҚОӘБ –тың барлық кезеңінде өзкізу керек.
Тыңдаулардың хаттамалары ҚОӘБ-тың бір бөлігі болып табылады. Қоғамдық
тыңдаулар өткізу сапасы мен әдісі халықаралық келісімдерде айтылғандай (
мысалы, Орхус конвенциясы) халықаралық тәжірибеге үнемі сәйкес келе
бермесе де, оны кеңінен Қазақстанда қолдану қоғамдық қатысу принципін алға
тартуға көмектеседі. Екінші қоғамдық тыңдау І санаттағы жоба талаптарын
қанағаттандыру үшін ұйымдастырылады.
ҚОӘБ процесін реттеуші заңдар мен нормативтер
Заңнама атауы
Күні және тіркелу нөмірі
Қоршаған
ортаға
эмиссиялар
нормативтерін анықтау әдістемесін бекіту
туралы
Қазақстан Республикасы Қоршаған
ортаны қорғау министрлігінің 2007
жылғы
21
мамырдағы
№158-ө
бұйрығымен бекітілген
Жоспарлау
алдындағы,
жоспарлау,
жобалау
алдындағы
және
жобалау
құжаттамасын әзірлеу кезінде көзделіп
отырған шаруашылық және өзге де
қызметтің қоршаған ортаға әсеріне
бағалау жүргізу бойынша Нұсқаулық
Қазақстан Республикасы Қоршаған
ортаны қорғау министрлігінің 2007
жылғы
28
маусымдағы
№204-ө
бұйрығымен бекітілген
"Жоспарлау алдындағы, жоспарлау,
жобалау алдындағы және жобалау
құжаттамасын әзірлеу кезінде көзделіп
отырған шаруашылық және өзге де
қызметтің қоршаған ортаға әсеріне
бағалау жүргізу бойынша нұсқаулықты
Қоршаған ортаны қорғау министрінің
2008 жылғы 20 наурыздағы N 62-ө
Бұйрығымен бекітілген
бекіту туралы" Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау министрінің
өзгеріс
Мемлекеттік
экологиялық
сараптама
жүргізу ереже
Қоршаған ортаны қорғау министрінің
2007 жылғы 28 маусымдағы N 207-ө
бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік
экологиялық
сараптама
жүргізу ережесін бекіту туралы Қазақстан
Республикасы Қоршаған ортаны қорғау
министрінің бұйрығына өзгерістер енгізу
туралы
Қазақстан Республикасы Қоршаған
ортаны қорғау министрінің 2007
жылғы 9 қазандағы N 296-ө Бұйрығы
«Қоғамдық тыңдауларды өткізу ережесін
бекіту туралы»
Қоршаған ортаны қорғау министрінің
2007 жылғы 7 мамырдағы № 135-ө
бұйрығы
Қоршаған
ортаға
әсерді
бағалау
Экологиялық жобалау, қадағалау және
дайындау
бойынша
лицензиялық
қызметке біліктілік талаптары әдістемелік
нұсқаулық
Қоршаған ортаны қорғау министрінің
2003 жылғы 21 қазандағы № 239-п
бұйрығымен бекітілген
Қоршаған
ортаға
әсерді
бағалау
Экологиялық жобалау, қадағалау және
дайындау
бойынша
лицензиялық
қызметке әдістемелік нұсқаулық
Қоршаған ортаны қорғау министрінің
2005 жылғы 10 ақпандағы № 51-п
бұйрығымен бекітілген
Лицензиялық жұмыстар мен қызметтер
түрлерін анықтау бойынша қоршаған
ортаны
қадағалау
бойынша
сарапшылардың қорытынды шешімі
Қоршаған ортаны қорғау министрінің
2004 жылғы 1 шілдедегі № 192-п
бұйрығымен бекітілген
«Қоршаған ортаны қорғау саласындағы
жұмыстарды орындау және қызметтерді
көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау
ережесін және оған қойылатын біліктілік
талаптарының нормалары»
Қоршаған ортаны қорғау министрінің
2007 жылғы 5 маусымдағы № 457-ө
бұйрығы
Қазақстан
Республикасының
Экологиялық кодексі
9 қаңтар 2007 ж. №212-п
«Қазақстанның
экология
мәселелері
бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер
мен
толықтырулар
енгізу
туралы»
Қазақстан Республикасының заңы
9 қаңтар 2007 ж. №213-п
Орнықтыорганикалықластағыштартуралы
Стокгольм
конвенциясын
ратификациялау
туралы»
Қазақстан
Республикасының заңы
7 маусым 2007ж №259-п
2007-2009 жылдарға арналған орнықты ҚР Президентінің бұйрығы 14 қараша
дамуға
көшу
тұжырымдамасы
(іс
шаралар жоспары)
2006 ж №216-п
Қазақстан Республикасының 2004-2015
жэылдарға
арналған
экологиялық
қауіпсіздігі бойынша Концепция
ҚР
Президентінің
бұйрығы
3
желтоқсан 2003 ж №1241
1.3.
КӨЛІК ЗАҢНАМАСЫ
2001 жылғы 17 шілдедегі «Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан
Республикасының заңы Қазақстан Республикасы Автомобиль жолдарын
басқарудың заңы, экономикалық және ұйымдастырушылық принциптерін
анықтайды. Автомобиль жолдары туралы заңы жобалау, құрылыс, жол
қозғалысы, жол өлшемдері және жер бөлу талаптарын қоса алғанда автомобиль
жолдарының дамуы мен пайдаланылуының барлық аспектілерін қарайды.
Жалпы қолданыс үшін жобалық жолдар үшін жолақтар өлшемінің бөлінуі
жалпы қолданыс үшін автомобиль жолдарына берілетін жерлер шеңберінде
санатына байланысты, яғни І техникалық санаттағы жолдар үшін – жол
белдігінен 35 м, ІІ техникалық санаттағы жолдар үшін – жол белдігінен 20 м, ІІІ
техникалық санаттағы жолдар үшін – жол белдігінен 15 м, ІV техникалық
санаттағы жолдар үшін – жол белдігінен 13 м, V техникалық санаттағы жолдар
үшін – жол белдігінен 12 м.жер жолақтары жол органдарының немесе
консесионерлердің билігі мен қолданылуында болады, және олар тек жол
дамытуға, абаттандыруға арналған.
1.4.
АТМОСФЕРАЛЫҚ АУА САПАСЫНЫҢ СТАНДАРТТАРЫ
Атмосфералық ауа сапасының стандарттары тұрғын және өндірістік
аумақтардағы зиянды заттардың мүмкін болатын құрамын бекітеді. Негізгі
терминдер мен атмосфералық ауаның ластануы бойынша түсініктер,
мониторинг бағдарламалары Мемлекеттік стандарт 17.2.1.03-84; «Табиғатты
қорғау. Атмосфера. Ластануды бақылаутерминдері мен анықтау»
Атмосфералық ауадағы зиянды заттар туралы ақпарат 18.08.2004 жылы ҚР
денсаулық сақтау министрімен бекітілген №629 «Атмосфералық ауаға
қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» бұйрығында көрсетілген.
Атмосфералық ауадағы зиянды заттарды тастау ҚР Үкіметімен бекітілген
процедуралар арқылы тек Атмосфералық ауаны қорғау саласындағы
мемлекеттік уәкілетті органдармен немесе оның аумақтық бөлімшелерімен
берілген арнайы рұқсатнама негізінде жүзеге асырылады.
Барлық түрдегі көлік құралдары (автобус, өзі аударғыш көлікті қосқанда)
төмендегі заң нормаларына сәйкес зиянды заттарды шығару деңгейін зерттеу
арқылы жылына бір рет техникалық қараудан өтуі керек.
1-2 Кесте. Атмосфералық ауаны қорғауды реттейтін құжаттар
Қоршаған ортаны ластағыш
заттардың шекті рауалы
шығарындылары мен төгінділері
нормативтерін келісу және бекіту
жөніндегі нұсқаулық
24.02.2004 жылғы ҚОҚМ №61-ө
бұйрығы
Әртүрлі өндірістермен атмосфераға
зиянды заттардың төгілу есептілігі
бойынша әдістемелік жинақ
Экология және биоресурс
министрлігінің 01.12.96 жылғы
Бұйрығы
Қоршаған ортаны қорғау саласы
бойынша әрекет етуші нормативтік
құқықтық актілер тізіміне қосылған,
ҚОҚМ –ның 27 қазан 2006 жылғы
№324-ө бұйрығы
Атмосфералық ауаға зиянды
(ластаушы) заттар шығарылуының,
атмосфералық ауаға зиянды
физикалық әсер ету мен олардың
көздеінің жүргізу ережелерін бекіту
туралы
ҚОҚМ –ның 4 тамыз 2005 жылғы
№217-ө бұйрығы
ШРШ нормативтерінің көлемін
есептеу "Кәсіпорынмен атмосфераға
шығарылатын зиян заттардың
шоғырлануын есептеу әдістемесі",
(НҚТ 211.2.01-97).
Экология және биоресурс
министрлігінің 01.08.1997 жылғы
Бұйрығы
Қоршаған ортаны қорғау саласы
бойынша әрекет етуші нормативтік
құқықтық актілер тізіміне қосылған,
ҚОҚМ –ның 27 қазан 2006 жылғы
№324-ө бұйрығы
Кәсіпорындан атмосфераға шыққан
зиян заттардың шоғырлануын
есептеу әдістемесі
ҚОҚМ –ның 18 сәуір 2008 жылғы
№100-ө бұйрығымен бекітілген (18
қосымша)
НҚР 211.2.02-97 "Қазақстан
Республикасының кәсіпорындарына
арналған атмосфераға шекті рауалы
шығарындылар нормативтерінің
жобаларын ресімдеу және мазмұндау
жөніндегі ұсынымдар"
Экология және биоресурс
министрлігінің 01.08.1997 жылғы
Бұйрығы және ҚОҚМ 06.072001
жылғы №156
Қоршаған ортаны қорғау саласы
бойынша әрекет етуші нормативтік
құқықтық актілер тізіміне қосылған,
ҚОҚМ –ның 27 қазан 2006 жылғы
№324-ө бұйрығы
Қазақстан Республикасының
атмосферасына зиянды
ТРжҚОҚМ –нің 21.12.2000 жылғы
№156-ө бұйрығы
1.5.
СУ САПАСЫ ЗАҢДАРЫ МЕН СТАНДАРТТАРЫ
Су ресурстарын және оны пайдалану саласындағы негізгі құжат 9 шілде
2003 жылғы №481 ҚР Су кодексі болып табылады. Осы құжатқа сәйкес,
«су объектілерін қорғау» - су объектілерін сақтауға, қалпына келтіруге
және ұдайы молайтуға, сондай-ақ судың зиянды әсеріне жол бермеуге
бағытталған қызмет.
І. 112 бапқа сәйкес су ресурстары:
1) зиянды қауiптi химиялық және уытты заттармен және олардың
қоспаларымен табиғи және техногендiк ластанудан, жылу, бактериялық,
радиациялық және басқа ластанудан;
заттардыңшығарындылар
нормативтерінің нұсқаулығы
Қоршаған ортаны қорғау саласы
бойынша әрекет етуші нормативтік
құқықтық актілер тізіміне қосылған,
ҚОҚМ –ның 27 қазан 2006 жылғы
№324-ө бұйрығы
Атмосфералық бөлінулердіңжалпы
есебін орындау үшін, автомобильдік
құралдармен атмосфераға зиянды
заттардың шығарылымын есептеу
әдіснамасы
РНД 211.2.02.07-2004
ҚОҚМ –ның 27 қазан 2006 жылғы
№324-ө бұйрығы
Қоршаған ортаны қорғау саласы
бойынша әрекет етуші нормативтік
құқықтық актілер тізіміне қосылған,
ҚОҚМ –ның 27 қазан 2006 жылғы
№324-ө бұйрығы
Қазақстан Республикасындағы
қолданылымдағы жанар май түрінен
келетін зала және атмосфераға
зиянды заттардың шекті шығарылуын
анықтау әдіснамасы
РНД 211.3.02.01-97
Экология және биоресурс
министрлігінің 09.07.1997 жылғы
Бұйрығы
Қоршаған ортаны қорғау саласы
бойынша әрекет етуші нормативтік
құқықтық актілер тізіміне қосылған,
ҚОҚМ –ның 27 қазан 2006 жылғы
№324-ө бұйрығы
Автомобиль кәсіпорындарынан
шығарылатын ластаушы заттардың
шоғырлануын есептеу әдістемесі
ҚОҚМ –ның 18 сәуір 2008 жылғы
№100-ө бұйрығымен бекітілген (3
қосымша)
Озонбұзушы заттарды қолдану және
газдардың атмосфераға шоғырлануы
көздерінің мемлекеттік есептілігінің
көздері
ҚРҮҚ 8 ақпан 2008 жылғы №124
2) қатты, ерiмейтiн заттармен, өндiрiстiк, тұрмыстық және өзге де
тектегi қалдықтармен қоқыстанудан;
3) сарқылудан қорғалуға тиiс.
ІІ. Су объектiлерi:
1) табиғи жүйелердiң экологиялық тұрақтылығының бұзылуын;
2)
халықтың
өмiрi
мен
денсаулығына
зиян
келтiрiлуiн;
3) балық ресурстары мен басқа да су жануарларының азаюын;
4)
сумен
жабдықтау
жағдайларының
нашарлауын;
5) су объектiлерiнiң табиғи молаю және тазару қабiлетiнiң төмендеуiн;
6) су объектiлерiнiң физикалық, химиялық және биологиялық
қасиеттерiне терiс әсер ететiн басқа да қолайсыз құбылыстарды
болғызбау мақсатымен қорғалуға тиiс.
ІІІ.Су объектiлерiнқорғау:
1) су объектiлерiн пайдаланудың кез келген түрiн жүзеге асыратын
барлық су пайдаланушыларға осы объектiлердi қорғау жөнiнде ортақ
талаптар қою;
2) жаңа техника мен экологиялық, эпидемиологиялық жағынан қауiпсiз
технологиялар енгiзе отырып, су қорғау iс-шараларын жетiлдiру және
қолдану;
3) су қорғау аймақтарын, су объектiлерiнiң қорғау белдеулерiн, ауыз
сумен жабдықтау көздерiн санитарлық қорғау аймақтарын белгiлеу;
4) су объектiлерiн пайдалану мен қорғауды бақылаудың мемлекеттiк және
басқа да нысандарын жүргiзу;
5) су объектiлерiн қорғау жөнiндегi талаптардың орындалмағаны үшiн
жауапкершiлiк шараларын қолдану арқылы жүзеге асырылады.
ІҮ. Орталық органдар және облыстың (республикалық маңызы бар қаланың,
астананың) жергiлiктi атқарушы органдары Қазақстан Республикасының
заңдарына сәйкес су объектiлерiн сақтау, олардың ластануын,
қоқыстануын
және
сарқылуын болғызбау,
сондай-ақ
аталған
құбылыстардың зардаптарын жою жөнiнде тұрақты даму принципiмен
үйлесiмдi
шаралар
қолданады.
Ү. Қызметi су объектiлерiнiң жай-күйiне әсер ететiн жеке және заңды
тұлғалар
Қазақстан
Республикасының
экологиялық заңнамасында
белгiленген
экологиялық
талаптарды
сақтауға
және
ұйымдастырушылық,
технологиялық,
орман-
мелиорациялық,
агротехникалық,
гидротехникалық,
санитарлық-
эпидемиологиялық iс-шараларды және су объектiлерiн ластанудан,
қоқыстанудан және сарқылудан қорғауды қамтамасыз ететiн басқа да iс-
шараларды жүргiзуге мiндеттi.
Кодекстің 116 бабындаерекше қорғалатын табиғи аумақтар жері мен
мемлекеттік орман қоры құрамына кіретін су объектілерін қоспағанда, су
объектілерін және су шаруашылығы құрылыстарын санитарлық-гигиеналық
және экологиялық талаптарға сәйкес күйде ұстау, жер үсті суларының
ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болғызбау, сондай-ақ өсімдіктер мен
жануарлар дүниесiн сақтау үшiн ерекше пайдалану шарттары бар су қорғау
аймақтары мен белдеулерi белгiленедi.
Су жүйесі/ресурсына әсер ететін қандайда бір жоба дайындалу
барысында су ресурстарын қорғау бойынша жергілікті органдармен келісілуі
керек. Су Кодексі алғашында 31 наурыз 1993 жылы қабылданған болатын
және әлі күнге дейін өз күшінде. Үкімет экономикалық және су саясаты
шегіндегісу секторын дамыту бойынша 2010 жылға дейінгі концепцияны
және ауыз су бойынша бағдарламаны бекіткен.
Су Кодексін даярлау барысында арнайы қажеттіліктерге арналған, су
пайдалану үшін, суды өрт сөндіруге қолдану үшін, әуе көлігі қажеттілігі үшін
су қоймаларын қолдануға рұқсат беру нормативтік актілерін қазақстан
республикасының Үкіметі бекіткен.
Атмосфералық ауа стандарттары сияқты су үшінде шекті қоюлану
мүмкіндігі қарастырылған. Ол ауыз суға қарағанда балық әлемі үшін қатаң.
Ауаға қарағанда судың ластануын салыстырудың бірнеше индексі бар. Ең көп
қолданылатын индекс бұл судың ластану индексі (СЛИ). Оны реттейтін негізгі
құжат санитарлық-эпидемиологиялық нормалар және «Жоғарғы суларды
ластанудан қорғау санитарлық-эпидемиологиялық талаптары» ережесі №3
02.03.2004 жылы Денсаулық сақтау министрімен бекітілген №506 285.06.2004
жылғы.
Суды қорғау саласы бойынша заңнамалық актілер төменде көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |