4.2.7.
ӘЛЕУМЕТТІК ОРТАҒА ӘСЕРІН БАҒАЛАУ
Құрылыс және пайдалану барысындағы шу, ауа және судың ластануынан
жақын жерде тұратын тұрғылықты халыққа әсері болуы, яғни адам
денсаулығына: қарттар, науқастар мен балаларға әсерін тигізуі мүмкін. Бірақ
жоғарыда айтылғандай мұндай әсерлер айтарлықтай болмайды делінген.
Құрылыс барысында жерлерді алу халықтың кірісі мен өмір сүру
деңгейіне әсер етуі мүмкін. 1 учаске жол құрылысында мұндай жағдай жоқ. Бұл
мәселе қоныс аудару бойынша әрекет жоспарында қарастырылған. Автомобиль
жолдары комитеті жол маңынан демалыс орын қарастыру маңызды деп
санайды. Дүкен, қонақүй, жанар жағар май станцияларының болуы жергілікті
халыққа да пайда әкеледі. Ол үшін ақпараттық белгілер қою керек. Бұл 4.3.6
бөлімінде көрсетілген.
Қазақстанда бизнесті жоғалтқан үшін өтем ақы төлеу қаралмаған. Бұл ДБ
операциялық саясатында да жоқ. Тек Ұлыбританияда дәлелдеу арқылы ғана
салық орындарынан жеңілдік ала алады.
Қандай ауа райы болмасын тез, жылдам, қауіпсіз жол арқылы Қазақстан,
Қытай, Ресей арасында, сондай-ақ Еуропа және орталық Азия мемлекеттеріне
жүктерді қауіпсіз тасымалдауға болады. Бұл елдерде өндірілген тауарлар тез
жеткізіліп отырады. Ауыл шаруашылық өнімдері негізгі жұмыс. Жұмыс
күшіде қиындықсыз осы елдер арасымен жүре алады. Жұмысқа тұру мен
бизнесті дамытуға зор мүмкіндік туары сөзсіз.
Әлеуметтік-экономикалық ортаға әсер бойынша қорытынды:
құрылыс және пайдалану кезеңі
Аздаған келеңсіздіктер болуы мүмкін, бірақ трасса салынып болған
соңәлеуметтік-экономикалық ортаға жақсы әсер тигізеді.
4.2.8.
ЖЕКЕ МӘДЕНИ РЕСУРСТАРҒА ӘСЕРІН БАҒАЛАУ
Аумаққа археологиялық зерттеулер алдын ала жүргізілуі керек. Аумақ
сараптама жүргізу барысында 8 тарихи-мәдени мұра обьектісі табылды. (ары
қарай – ТММ обьектілері)
2 ТММ обьектілері архелогия ескерткіштері (№№6, 7)
6 ТММ обьектілері заманауи еске алатын ескерткіштер (№№1-5, 8)
Қазақстан
Тәжірибесіне орай
ғылыми
мақалаларды
жариялау
қалыптасқан, солай білімнің дамуына және Орталық Азиаттық аймақ пен
Қазақстан тарихы бойынша септігін тигізері анық. ТММ обьектілерін сақтауды
қамтамасыз ету барысында ұсынылады:
4.
№6 және 7 обьектілерге (автожол құрылысының барлық кезеңіне 50 м
ге дейін қорғаныс аймағы ретінде қорғаныс қоршауларын орнату)
5.
№1-5, 8 обьектілеріне (жергілікті атқарушы органдармен автожол
құрылысы аяқталғанша қорғаныс іс шараларын қарастыру)
6.
Автожол құрылысы барысында, Қазақстан Республикасының
02.07.1992 жылғы «Тарихи-мәдени мұра обьектілерін пайдалану және
қорғау туралы» Заңына сәйкес қауіпсіздік шараларын жасап, тағы
қосымша тарихи қалдықтар, сүйектер және тб заттарды тапқан
жағдайда жұмысты тоқтатып жергілікті атқарушы органдарға немесе «
Археологиялық экспертиза» ЖШС-не хабар беру керек.
Жалғыз қорғанды зерттеудің өзіне бір маусым қажет. Ескі қоныс табылуы
екіталай, оған екі маусымдық уақыт керек.
Құрылыс пен пайдалануға тарихи және археологиялық әсер
қорытындысы
Жоғарыда айтылған шараларды ұстанған жағдайда құрылыс
жэұмыстарының әсері болмайды.
4.2.9.
ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ МЕН ЭСТЕТИКАҒА ӘСЕРІН БАҒАЛАУ
Жол қауіпсіздігі
Қолданыстағы және жаңа жолдар үшін маңыздысы қауіпсіздік және
жүргіншілер қатысуымен болатын апаттар болып табылады.
Жаңа жолдың салынуымен көлік кептелістері мен жүргіншілердің
қатысуымен болатын апаттар саны азаяды деп күтілуде. Трассада жүру
жолақтардың көбеюі мен жолдың кеңдігінен оңайырақ болады.
Бірақ әлде де жаяу жүргіншілер үшін қауіптілік бар. Фермерлер,
шопандар, жұмысшылар жүргіншілер жолымен жүруге тура келеді, әр ауыл
маңында бірнеше белгі қойылады. Қажетінше бағдаршамдар, жатын
полицейлер сияқты белгілер қойылады.
Бұл шаралар жобада қаралған орналасуы мен орындары халықпен құрылс
басталғанша дейін талқыланады.
Эстетика
Жобаланушы трасса әдемі ланшафттармен өтеді. 1 учаске ландшафтында
оңтүстікке қарай 10 км Алматы тауларының әдемі көрінісі көрінеді.
Сондықтанда табиғи ландшафты сақтап қалу маңызды. Жоба еш ландшафтқа
мейілінше зиян тигізбейді және әдемілікті азайтпайды.
4.2.10.
ҚАЛДЫҚТЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ
Құрылыс кезеңіндегі қалдықтың пайда болуы
Құрылыс және пайдалану барысында құрылыс қалдықтары пайда болады:
Инертті материалдар, құмды-қиыршық тас қоспасы, бетон, қиыршық тас
құрылыс материалы ретінде толтыру, жасау және ландшафт үшін
пайдаланылуы керек;
Зиянды және қауіпті заттар, яғни жанар май ыдыстары, құрылыс
химикаттары, қара метал ломдары, электрод қалдықтары болуы мүмкін.
Мұндай заттар Қазақстан нормаларына сәйкес жойылуға жатады;
Құлатқан ағаштар және өзгеде органикалық заттар белгілі бір орынға
жиналуы, сақталуы және жергілікті халыққа сатылуы мүмкін, отын
ретінде.
Кесте 4.9. Құрылыс қалдықтарының пайда болуы
№ Атауы,
қалдық түрі
Жіктелуі
Сақтау және жою әдісі
Қалдық
көлемі,
т/кезең
1
2
3
4
5
1
Құрылыс
қоқысы
GG170 жасыл тізім
Құрылыс, құрылыс алаңы,
аумақты жаңарту
Арнайы полигон
2,9
2
Өтелген
майлар
АС030 Янтарлы тізім
Арнайы ұйымдармен
жоюға
2,864
3
Электрод
қалдықтары
GА090 жасыл тізім
Арнайы ұйымдармен
жоюға
0,00153
4
Ысу
материалы
АС030 Янтарлы тізім
Арнайы ұйымдармен
жоюға
0,01145
5
ТБО
GА060 жасыл тізім
Полигон
388,74
Пайдалану кезеңіндегі қалдықтардың пайда болу есебі
Пайдалану кезеңіндегі қалдықтардың пайда болуы негізінен қиыршық тас
және қысқы уақыттан қалған қалдық тұз, асфальт, бетон және жол
құрылысынан қалған қиыршық тастан болады. Бұл қалдықтардың зияны
жоқ. Барлығын орын орнына апарып игрсе қайтадан пайдалы болады.
Қоқыс сонымен бірге жол пайдаланушыларданда болады.
4.3.
СЫРТҚЫ ӘСЕРДІ ЖЕҢІЛДЕТУ БОЙЫНША ІС ШАРАЛАР: 2
УЧАСКЕ
4.3.1.
АТМОСФЕРАЛЫҚ АУАҒА ӘСЕРДІ ЖЕҢІЛДЕТУ БОЙЫНША ІС
ШАРАЛАР
Пайдаланылған газды төмендету бойынша шаралар
Құрылыс жұмыстары кезіндегі автомобиль қозғалтқышының
пайдаланылған газ саны мен құрамы мына жағдайларға байланысты:
Автомобильдер мен жол машиналарының қозғалтқыштарының
техникалық жағдайы және ерекшеліктері, қозғалу белсенділігі және
автомобиль құрамы
Жол жағдайлары: қисық жолдар радиусы, жол бөлігінің ені, көрініу
жағдайы, жол бетінің тегістігі мен еместігі, жол қиылыстары мен
қосымша қосылатын жолдар, темір жол өткелдері
Жүргізушілердің автомобиль қозғалыс режимін таңдауы
Метеорологиялық жағдайлар: жел бағыты мен жылдамдығы, ауа
температурасы мен ылғалдылығы, күн радиациясының белсенділігі,
және тб.
Құрылыс кезеңіндегі жеңілдету шаралары
Автожолдарды қайта салу кезіндегі ластану көзі бойынша ластанатын
заттардың шоғырлануы шекті нормалардан аспауы керек (СанПиН №3.03.015-
97) Автомобиль шығындыларының зияндылығын төмендету шараларына:
Құрылыс техникасы мен құрылымын және оған жөндеу
жұмыстарын өндіруші талаптарына сай ұстауды қамтамасыз ету;
Дизельді қозғалтқыштардың техникалық жағдайын жүйелі
қадағалау, себебі ондағы пайдаланылған газ көп күл жинайды;
Ыстық асфальтты-бетонды қоспаларды қолдану кезінде
механизмнің бір қалыпты жұмыс жасауын қамтамасыз ету;
Жол маңында сезімтал аймақтардың болмауына байланысты түнгі
жұмысқа шектеу жоқ;
Құрылыс кезеңінде үнемі атмосфералық ластану мониторингі
жүргізіліп отырылуы керек.
Пайдалану кезеңіндегі жеңілдету шаралары
Жол жобасын жақсарту. Жоғарғы жылдамдықтағы қозғалысты
қамтамасыз ету үшін радиусты көбейту, көріністі жақсарту және
зиянды заттар бөлінісін қысқарту;
10 пайыздан аспайтын жол бетіндегі еңісті қамтамасыз ету және
көрініс техникалық санатқа сай келуі керек. Бұл талаптар жобаға
қосылған.
Жол белгілері, бөгеттерді қоршауларды қою тоқтаусыз қазғалысты
қамтамасыз етеді және пайдаланылған газдың бөлінуін азайтады.
Пайдаланылған газдағы зиянды заттарды азайтудың тиімді жолы
автомобильдердің төменгі газбен жүруі, ол 4-10 есеге азайтады.
Заңнамаға сәйкес әр автомобиль жылына бір рет техникалық
қараудан өтуі тиіс,сертификаты үнемі көлікте болуы шарт және
полиция қызметкерімен тексерілуі керек;
Қазақстанда қорғасыны жоқ жанар майды қолдану көбейіп келеді,
ол қоршаған ортаға қорғасынның бөлінуін азайтады;
Пайдалану кезеңінде елді мекендерге және жұмысшыларға әсері
жоқтығы туралы атмосфералық ауаның ластануының мониторингі
жүргізілуі керек.
Құрылыс және пайдалану кезеңіндегі шаңсыздандыру бойынша шаралар
Құрылыс кезіндегі негізгі мәселе шаң, ол дайындық және құрылыс
қызметі нәтижесінде пайда болады, учаскені дайындау қиыршық тас пен
цемент тасымалы, топырақтағы жұмыс, жолсыз жерлердегі цемент тасымалы.
Шаңды төмендету үшін:
Шаң көп болатын жерді тазалап, су сеуіп отыру. Шаңды
материалдарды таңдау кезінде кальций хлоридке көп мән беру;
Топырақ жолдарды кезеңдік ылғалдандыру 2л/м.кв;
Шаң көтерілетін жерлерде жылдамдықты азайту;
Шаң көтерілетін материалдарды брезент жамылғымен не қаптарда
тасымалдау.
4.3.2.
ШУ МЕН ДІРІЛ ДЕҢГЕЙІН ТӨМЕНДЕТУ БОЙЫНША ШАРАЛАР
Автомобильдің авто жолдағы шу деңгейі ҚР СанПин №841 3.12.2004
жылғы бекітілген норма 70дБА-дан аспауы тиіс.
Құрылыс кезеңіндегі шу деңгейін төмендету бойынша шаралар:
Жол құрылыс кезінде автомобильдердің көптігінен шу деңгейіде жоғары,
әсіресе бульдозер, скрепер, пневматикалық балға, вибраторлардың шуы өте
жоғары.
Көлік шуылын азайту шаралары:
Құрылыс кезінде көлік қозғалыс жылдамдығын 60 км/сағ-қа
төмендету 7 дБА-ға азаяды;
Жөндеу жұмыстары өндірісін күндізгі уақытта жасау;
Жол көліктерінің қозғалтқыштарын қорғаушы поролон терілермен,
резинамен және өзгеде дыбыс басқыш заттармен қаптау;
Аз қозғалатын құрылғыларды шу деңгейі 70 пайызға азаятын дауыс
шықпайтын алаңдар немесе палаткаларда орналастыру;
Жол құрылысы жұмысы жүріп жатқан жердегі шу деңгейі 80дБА-
дан асатын жерлер қауіпсіздік белгілерімен белгіленуі тиіс,
жұмысшылар жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілуі
керек.
Арнайы
жұмыс
аумақтары,
бетонараластырғыш
сезімтал
аймақтардан алыс орналастырылуы керек.
Сезімтал аймақтар орналасқан жерлерге үнемі шу деңгейінің
мониторингі жүргізіліп отырылуы керек
Пайдалану кезеңіндегі шу деңгейін төмендету
Пайдалану кезіндегі шу есептемесі қозғалыс кезіндегі шу нормадан
аспайтындығын көрсетті.
Дірілді төмендету бойынша шаралар
Діріл беру жұмыстары көбіне көпір құрылысы жерлерінде болады.
Сезімтал аймақтардан алыс болса, қоғамға әсеріде аз. Бұл құрылыс
жұмысшыларына әсер етеді, сондықтан олар жиі үзіліс арнайы жабдықпен
қамтамасыз етілуі керек.
4.3.3.
СУ ОБЬЕКТІЛЕРІНЕ ӘСЕРДІ ЖЕҢІЛДЕТУ БОЙЫНША ІС
ШАРАЛАР
Құрылыс
Жер асты және үстіңгі суларға аздаған әсер болады. Ешқандай жер асты
жолдары салынбайды. Жол асты құбырлар салынады, олар су алып кетпеуі
үшін қойылады.
Мердігер барлық рұқсатнамаларды алуға жауапты. Су көздері арнайы
рұқсатсыз қолданылмайды.
Пайдалану
Пайдалану кезеңінде жобада су өткізетін каналдар мен жол бөлігіне
салынатын су құбырлары қаралған. Жол сулары жол жиегі блоктары арқылы су
жилғыш құдықтарға барады, онда тазартылады.
Жұмысшы поселкесіндегі ағын суларды шығару
Санитарлық-эпидемиологиялық
қызмет
және
балықты
қорғау
органдарының рұқсатымен жүргізіледі. Ол үшін 3 м тереңдіктегі ор қазылып
1,5 м темір бетонды сақина орнатылады. Түбі бетонданылады.
Жер үсті және ағын суларды қорғау
Су қорғау аймақтарында өзендерді ластауға тыйым салынған, қоқыс,
өндіріс қалдықтарын тастау, тұрақ, жанар май құю, көлікті жууға.
Су қорғау аумағы кішкен көлдердн 100 м, үлкен өзендерден 500 м.
Құрылыс кезіндегі жеңілдету бойынша арнайы шаралар:
Құрылыс учаскелерінің барлығын су тасқынын азайту үшін жақсы
басқару;
Судың ластануының алдын алу үшін құрылыс учаскелерінің
барлығын жақсы басқару;
Жобадағы барлық жер үсті сулары қорғалуы керек;
Лагерлердегі ағын сулар жер үсті суларына қосылмас бұрын
тазартылуы керек;
Әжетхана қалдықтары арнайы тазартылатын орынға апарылу керек.
Рұқсатсыз су жинауға тыйым салынған.
4.3.4.
ТОПЫРАҚТЫҢ ЛАСТАНУЫ МЕН ЭРОЗИЯНЫ АЗАЙТУ
БОЙЫНША ІС ШАРАЛАР
Топырақ эрозиясы
Ең алғашқы жұмыс тардың бірі – ол жерді эрозиядан сақтау және алдын
алу. Бірақ ондай жағдайлар орын алмауы мүмкін, дегенмен эрозияны
болдырмау мақсатымен құрылыс жұмыстары жүргізілуі керек.
Топырақ құнарлығын қалпына келтіру
Құрылыс барысында жерлерді пайдалану оның құнарлы бөлігін жоюы
мүмкін, сондықтан экожүйені сақтау үшін ландшафты, ондағы өсімдіктерді
сақтау керек.
Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес пайдалануға алынған
жерлер ауылшаруашылығы қызметіне жарамды болып қайта қайтарылуы керек.
Қалпына келтіру шаралары:
Құмды қиыршық тасты қоспаны 20 см бульдозермен алу және
экскаватордың алуы үшін 50 м-ге үю 1 км тасымал үшін көлікке
тиеу (3500х0,20)
Жол бетін бульдозермен жоспарлау;
Бульдозермен терең топырақастын үгіту;
Бульдозермен дайындалған жерге қайта құнарлы топырақты салу
Құрылыс аяқталғаннан кейінгі учаскедегі іс шаралар:
Егін егуге дейінгі жердің культиватормен дайындалуы;
Көпжылдық шөптерді егу: жоңышқа – 25 пайыз 18 кг/га+30 пайыз,
райграс – 75 пайыз 35 кг/га + 30 пайыз
Жол жиегіндегі ең жақсы көпжылдық өмісдік еркекшөп және эспарцет.
Еркек шөп шөлге мығым көпжылдық өсімдік. Эспарцет қысқа және шөлге
төзімді көпжлдық өсімдік. Ерте көктемде шыға бастайды, мал жақсы жейді.
Топырақтың ластануы: құрылыс кезеңі
Топырақты ластамас үшін келесі шаралар қолданылуы керек
Май және өзгеде заттардың жерге ақпауы, орын алған жағдайда дереу
топырақтың бүлінбеуін қадағалау;
Құрылыс материалдарын тек арнайы жерде сақтау;
Құрылыс қоқыстарын арнайы орынға шығару;
Құрылыс алаңдарын бұзу;
Бос учаске жерлеріне құнарлы топырақ жаю.
Топырақтың ластануы: пайдалану кезеңі
Пайдалану кезеңінде топырақтың ластануын барынша азайту керек.
Барлық сұйық заттарды жолдан алу және арнайы орынға апару. Жолдың
тазалануын қамтамасыз етудегі жауапкершілік.
4.3.5.
ФЛОРА МЕН ФАУНАҒА ӘСЕРДІ ТӨМЕНДЕТУ БОЙЫНША
ШАРАЛАР
Құрылыс және пайдалану кезеңі қоршаған ортаға жануарлар мен
өсімдіктер әлеміне әсер етеді. Атмосфералық ластану, шу мен діріл, су алулар
мен жел, су эрозиясының қоршаған ортаға әсері зор.
Флора мен фаунаға теріс әсер тимес үшін келесі табиғатты қорғау
шараларын жасау қажет:
жануарлар мен өсімдіктер әлеміне әсер ететін шу мен дірілді
барынша азайту;
тұз және өзге де химиялық заттардың қолданылуын қысқарту. Тұз
бен химиялық заттарды құм мен қиыршық тасқа ауыстыру
көктайғаққа қолданылатын зиянды заттардың жеңілдеу түрлерін
пайдалану (кальций хлорид)
үнемі тазартылып, ылғалдандырылған жол шаңның болмауының
алдын алады.
Шаңның ұшуы өсімдіктер әлемі үшін қауіпті, жапырақтар құрылымын
бұзып тез шіріп өлуіне әкелед. Ағаштарды кесу, қайта егу бұл жобада
қарастырылмаған. Су алу жағдайлары болмас үшін құбырлар салынған.
Фаунаға әсерді жеңілдету бойынша ерекше шаралар
Трасса жанында не жақын жерлерде жауарларға қауіп төнбейтіндігі
туралы Мердігер кепіл беру керек. Ондай жағдайларды мердігер есепке алып,
мониторинг жүргізіп, болған оқиғаны жергілікті әкімшілікке хабарлап отыруы
керек. Қандай жағдай болмасын жануарлардың жарақаттануы немесе өлуі
туралы есептер әкімшілікте болуы керек.
4.3.6.
ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОРТАҒА ӘСЕРДІ
ТӨМЕНДЕТУ БОЙЫНША ШАРАЛАР
Жергілікті бизнес
Қолданыстағы жолдың жанындағы жергілікті халықтың шаруашылық
қызметіне трасса құрылысы ісер етуі мүмкін. Себебі ол жерлерде уақытша
және тұрақты коммерциялық қызметтер дүкендер, ресторан, қонақүй, жанар
май тұрақтарын қосқанда дамып келеді. Әсіресе Алматыға жақын жерлерде
дамыған. Жоба нәтижесінде осы кәсіпкерлер пайдасынан айырылуы мүмкін.
ДБ саясатында мұндай жағдайларға өтемақы төлеу қаралмаған.
Алайда, мұның орнын толтырудың бірнеше әдісі бар:
-
Жергілікті бизнесті дамытуға учаскелер ұсыну. Алматы облыстық
АЖК департаментінен алынған ақпаратқа сәйкес осы жолдар жанынан
демалыс орындары/ сервис орталықтары ашылады. Бірақ бұл
инфрақұрылымның дамуы сәл кейінірек орын алады.
-
Осы қызметтердің көрсетілетін орны белгіленген жол белгілерін
орнату (дүкендер, ресторан, қонақүй, жанар май тұрақтарын)
-
Құрылыс аяқталған соң және демалыс/сервис орындары ашылғанға
дейін сатушылар рұқсат берілген жерлерді алып дайындайды. Бірақ ол
жол белгілеріне кедергі келтірмеу қажет.
Мал айдалатын жерлер
Алғашқы қоғамдық тыңдау кезінде фермерлер мал жайылымы жерлерді
уайымдады. Проблема малдың күнделікті айдалым жолына қалыптасуы.
Жобаға 36 мал айдалым жерлері және ауылшаруашылық техникасы жүретін
жолдар кірген.
Жол құрылыс үшін қажетті жердің барлығы алыну керек. Барлық
арыздар мен шағымдар тіркелуі керек.
4.3.7.
ЖЕКЕ МӘДЕНИ РЕСУРСТАРҒА ӘСЕРДІ ЖЕҢІЛДЕТУ
БОЙЫНША ІС ШАРАЛАР
Трасса жоспарының орталығынан 2 км жерде барлық тарихи учаскелер
және мемориалды ескерткіштер және оларды қорғау аумақтары орналасқан.
4 қорған жол құрылысы әсеріне енбейді және олар 150, 300, 450, және
600 м трасса осінен арақашықтықта жатыр. Бұл қорғандар бұзылу,
обьетілерінің ұрлануға ұшырамас үшін: 1) қорған аумағын қорғау; 2)
молаларды қазып, қоғамдық көруді қамтамасыз ету. Егер жарияласа ұрлау
ойлары тумас еді. Бірақ құрылыс жұмыстары кезінде ол жерге бару трасса
арқылы емес қосымша жолдар арқылы түседі. Археологиялық институтқа
қандайда бір шешім қабылдап шара қолдануына тура келеді.
Құрылыс барысында табылған ондай жағдайлар ҚР «Тарихи мәдени
мұра обьектілерін қорғау мен пайдалану туралы» Заңының 39 бабы 2
тармағына сәйкес жүргізілуі керек.
Табылған қорғанды зерттеуге, егер ескі орындар табылса, оған екі
маусымдық уақыт керек.
4.3.8.
ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫ ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЭСТЕТИКА
БОЙЫНША ІС ШАРАЛАР
Жол қауіпсіздігі
Трасса жобасы төмендегіні қамтиды:
1)
Бөлек жол бөліктері;
2)
Шектеулі жолдан түсулер;
3)
Белсенді қозғалыстан кептелісте көп деңгейлі жолдар
4)
Көлденең және тігінен жақсы көрініс;
5)
Жол сызықтарының анықтығы;
6)
Моторланбаған көлік пен жаяу жүргіншілердің жоқтығы
7)
Аяқасты кедергі басылатын белгі
8)
Жарықтың жақсы түсуі
9)
Ақпарттық және ескерту белгілерінің анықтылығы
10)
Қорғаныс қошаулар, бекіністер халықаралық тәжірибеге сай
Камера орнатуда қарастырылған.
Жаяу жүргіншілер
Жобамен қарастырылмаған. Қажеттілігі болса қарауға жатады. Жол
қиылыстарының жиегіне ескерту және ақпарттық белгілер, жарықпен
қамтамасыз ету керек.
Эстетика
Эстетика мақсаты жоба, құрылыс және пайдалану сапасы. Оны
төмендегіше қамтамасыз етуге болады.
Жол жобасы мен оның құрылысы жоғарғы сапалы болуы керек,
ландшафтты сақтау арқылы
Жол табиғи ландшафтпен өзара байланысты салыну керек.
Бұл екеуі жобаға кірістірілген.
Достарыңызбен бөлісу: |