Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитеті



Pdf көрінісі
бет8/10
Дата03.03.2017
өлшемі1,98 Mb.
#7480
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

4.3.9.
 
ҚАЛДЫҚТЫ БАРЫНША АЗАЙТУ 
 
Жобаның дайындық жұмыстары кезінде арнайы қойма және қоқыс 
салынатын жерлер көрсетілуі керек. 
    Мердігерлердің  қоқысқа  бөлек  ыдысы  болуы  шарт.  Екінші  санатқа 
жататын  қалдықтар  бөлек.  Нормативтерге  сәйкес  жүзеге  асырылатын 
қоқыстарды  шығарғану  үшін  Мердігер  жауапты.  Көрші  аумаққа  апаруға, 
келісімінсіз көршінің жеріне төгілсе де жауапты. 
    Өртеугеде  арнайы  органдардың  келісімі  болмай  бірде  бір  затты  өртеуге 
тыйым салынған. Құрылыс біткен кезде қоқыс басқада құрылымдар учаскеден 
алып  тегістелуі  керек.  Барлық  өртеу  жұмыстарына  тиісті  рұқсат  қажет. 
Медициналық қалдықтар бөлек арнайы орындарға апарылады. 
Құрылыс  аяқталған  соң  орындардың  барлығы  қоқыстардан  тазартылуы 
керек. Ешқандай қоқыс қалмауы тиіс. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

5.
 
2  УЧАСКЕ 
 
5.1.
 
ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРДІ БАҒАЛАУ: 2 УЧАСКЕ 
 
5.1.1.
 
ЖАЛПЫ СИПАТТАМА 
 
Орталық-оңтүстік 
«Астана-Қарағанды-Балқаш-Қапшағай-Алматы» 
дәлізінің  «Құрты-Бурылбайтал»  жол  учаскесі  республикалық  маңызы  бар 
автомобиль жол учаскесі «РФ шекарасы (Екатеринбургке)-Алматы» Астана мен 
Алматы  қалаларын  қосатын  негізгі  магистральды  жол  болып  табылады. 
Алматы облысы арқылы Іле және Жамбыл аудандарымен өтеді. 
 
2  учаске  (2335  км-2382  км).  Бұл  учаске  Құрты  поселкесінен  бастап 
Алматы-Астана  жұмыс  жасап  тұрған  трасса  арқылы  өтеді.  Әкімшілік  бөлінісі 
бойынша  жоспарланушы  учаске  Алматы  облысы  Іле  және  Жамбыл 
аудандарының  аумағы  арқылы  өтеді.  Жолдың  тығыз  инфрақұрылымды  желісі 
және  құрылыс  жүрмеген  орындарда  ауыл  шаруашылық  қызметі  бар  бірнеше 
ауылдары бар. Жобадағы  жол учаскесінің ұзақтығы 45 км. 
Автожолға  қиылысатын  негізгі  ағын  су  Қастек  және  Жетіжол  солтүстік 
бөктерінің  жоталарынан  бастау  алатын  және  қосылу  салдарынан  Қопа, 
Жиренайғыр, Ақсенгір, Жыңғылды сияқы көптеген салаларға айналатын Құрты 
өзені.  Гидрологиялық  қатынаста  трасса  жоспарының  ауданы  бойынша  су 
қоймасы салынған плотинасы бар тек Құрты өзені ғана зерттелді. Құрты өзені 
арқылы  өтетін  2002  жылы  салынған  2377+400  км-ге  көпір  қайта  құрылып 
қосымша екі жолақ үшін жаңа көпір салынады. 
Сондай-ақ  трасса  жоспары  2349+150  км-ге  Бырыөзек  (Өтеген)  өзенін 
қиып өтеді. Бұл көпір 1974 жылы жол қиылысындағы кезеңдік ағын сулар үшін 
салынған және ол қазір апаттық жағдайда. Жобаны жобалау кезінде бұл көпірді 
жаңадан салуы мүмкін. 
Учаскенің орташа деңгейі – өзне деңгейінен 600 м-де, ең аз мөлшері – 560 
метр және ең көбі – 640 метр. 
Жергілікті жері жазық. Аймақтың сейсмикалық белсенділігі 9 балл  – ҚР 
ҚНжЕ  2.03.-30.2006.  трасса  жоспарының  аймағындағы  жер  қабаты  әлсіз, 
шырыш қабатының күштіліг 20 см-ге дейін. 
Сурет 5.1.: Алматы облысының ситуциялық картасы 
 

Алматы  облысының  жалпы  ауданы  428,0  мың  кв.м  құрайды.  Облыстың 
әкімшілік  орталығы  Талдықорған  қаласы.  Облыста  16  аудан,  10  шағын 
қала, 15 поселке, 759 ауыл бар. 
Облыстың халық саны 1 631,4 мың адам (Алматы қаласынсыз) 
Жоба бойынша учаскенің ұзындығы 40 км (сурет 5.2.) 
1)
 
Жамбыл ауданы – жоба бойынша ұзындығы 24 км. 
2)
 
Іле ауданы - жоба бойынша ұзындығы 21 км. 
 
Сурет 5.2. 1 учаскенің орналасуының ситуациялық сызбасы. 

 
 
Кесте  5.1.1.  Орталық-оңтүстік  «Астана-Қарағанды-Балқаш-Қапшағай-
Алматы» дәлізінің «Құрты-Бурылбайтал» жол учаскесі республикалық маңызы 
бар  автомобиль  жол  учаскесі  «РФ  шекарасы  (Екатеринбургке)-Алматы»  2335-
2380 км қайта құруды жүргізудегі жанасу тізімдемесі 
 
№ 
Б
ағыт 
 
ПК+
 
С
ол 
 
Оң
  
Град. бұрышы
 
Қ
ос
алқ
ы
 жол 
са
на
ты
 
Ж
үру бөлі
гін
ің
 
ен
і, м 
 
Е
лді
 м
ек
ен
ге
 
де
йін
гі 
ара
қа
шықт
ық, к
м
 

Шаруа 
қожалығы  
303+76 
 

90 

8,00 
0,5 

Ұзынағаш п.  405+00 
 

15 
IV 
10,00
 
36 

Ақшы п. 
441+50 

 
33 
IV 
8,00
 
11 

Құрты п. 
449+23 
 

71 

8,00 
2 км 
Барлығы    
1 дана  3 дана   
 
 
 
 
 
5.1.2.
 
АУА РАЙЫ 
 
4.1.2
 
пунктіндегі 1 учаскедегі сияқты 
 
5.1.3.
 
 БЕДЕР МЕН КӨРІНІС 
 
4.1.3
 
пунктіндегі 1 учаскедегі сияқты 

 
 
5.1.4.
 
ТОПЫРАҚ ЖӘНЕ ТОПЫРАҚ ШЫҒАРУШЫ ТҮРЛЕР 
 
4.1.4
 
пунктіндегі 1 учаскедегі сияқты 
 
5.1.5.
 
ЖЕР  РЕСУРСТАРЫ 
2  учаске  Нұрлы  поселкесінің  жанынан  өтеді.  Нұрлы  поселкесінің 
шығысына  қарай  суармайтын  жайылымға  жарамсыз,  қолданылмайтын 
жартылдай шөлді аймақ. Аймақтағы жерлер құрылыс үшін алынады. Ол жерде 
алынатын тұрғын үйлер жоқ. Алыну бітіп қалды, барлығы есепте көрсетілген. 
Барлық учаскелерде әлі алынбаған жер учаскелері бар (86 жер учаскесі)  
Көптеген жерлер алынды, олар үшін өтемақылар төленді. 
 
Кесте 5.2. жол құрылысы үшін алынуға жататын жерлер 
 
Аудан  
Жер иелері саны  Жер ауданы (га)  Ескерту  
Еңбекшіқазақ 
470 
491,72 
Бір бөлігі 1 учаскеде 
Ұйғыр  

3,38 
Бір бөлігі 3 учаскеде 
 
Жер иелері немесе арендаторлармен келісім жүргізу арқылы мердігерлер 
уақытша қолдануға барлық жерлерге рұқсат алады. 
Жер  заңнамасын  сәйкес  барлық  уақытша  пайдаланылған  учаскелердің  
топырақ құнарлығы қалпынга келтірілуі керек. 
 
 
5.1.6.
 
ГИДРОЛОГИЯЛЫҚ МІНЕЗДЕМЕ 
 
4.1.6
 
пунктіндегі 1 учаскедегі сияқты 
 
5.1.7.
 
ФЛОРА ЖӘНЕ ФАУНА 
 
4.1.7
 
пунктіндегі 1 учаскедегі сияқты 
 
5.1.8.
 
ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ МІНЕЗДЕМЕ 
 
Әлеуметтік-экономикалық мінездеме 
Жол  негізінен  халқы  аздау  2  ауылды  жерлерден  өтеді.  Жол  учаскесінің 
өтетін екі ауданның халық саны: 
Кесте 5.3  2 учаскедегі аудан халқы 
Аудан  
Халық (2011) 
Іле  
154 124 

Жамбыл 
126 108 
 
5.1.9.
 
ЖЕКЕ МӘДЕНИ РЕСУРСТАР 
 
Белгілі мәселелердің бірі -  бұл автомобиль жолдарын салу барасындағы 
тарихи  және  мәдени  ескерткіштерті  сақтап  қалу,  оған  құрылымдар,  ескі 
орындар және халық өмірінің тарихи кезеңдерімен байланысты өзге де жерлер. 
«Археологиялық Экспедиция» ЖШС-нің жүргізген Археологиялық  зерттеулер 
қорытындысына  сәйкес  2295-2335  км  «Астана-Қарағанды-Балқаш-Қапшағай-
Алматы» республикалық маңызы бар автомобиль жолын қайта құру Қазақстан 
Республикасының  «Тарихи-мәдени  мұра  обьектілерін  пайдалану  және  қорғау 
туралы»  Заңының  39  бабын  сақтағанда  ғана,  яғни,  автомобиль  құрылысы 
аумағында орналасқан археологиялық ескерткіштерді толық зерттеген соң және 
оларды Мемлекеттік есептен шығарған соңрұқсат беріледі. 
1.
 
Тарихи-мәдени  мұра  обьектілерін  табу  бойынша  жерлерді 
алмастан бұрын зерттеу жұмыстары жүргізілуі керек; 
2.
 
Тарихи,  ғылыми  және  өзгеде  құндылықтарды  тапқан  жағдайда 
жеке  және  заңды  тұлғалар  жұмысты  тоқтатып,  уәкілетті 
органдарға хабарлама беру керек; 
3.
 
Тарихи-мәдени мұра обьектілері бар жерлерге жұмыс жүргізуге 
тыйым салынған. 
Зерттеу  нәтижелеріне  сәйкес  тарихи  мәдени  мұралар  табылған  жоқ.  Бұл 
учаскеде автомобиль жол құрылысы үшін шаруашылқ жүргізуге рұқсат. 
 
5.2.
 
ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРДІ  БАҒАЛАУ: 2 УЧАСКЕ 
 
5.2.1.
 
КІРІСПЕ 
 
Автомобиль жолдарын салу кезіндегі негізгі қоршаған ортаға әсер түрлері 
болып табылады: 

 
Автомобиль қозғалтқышындағы газдардар ауаның ластануы; 

 
Құрылыс жұмыстарында қолданылатын жол-құрылыс машиналары 
мен механизмдердің табиғи ортаны ластауы; 

 
Әр түрлі құрылыс қызметіндегі техника мен құрылғылардың шуы; 

 
Жол-құрылыс  материалдарын  алу,  топырақты  дайындау  және  жол 
киімдері арқылы өндірістік қызмет өнімдерімен ластау

 
Әр  түрлі  жол  жанындағы  өсімдік,  су  көздерінің  беті,  топырақ 
беттерінің ластану мүмкіндігі; 

 
Жануарлардың  өмір  сүру  ортасы  және  құстардың  ұя  салу 
орындарының өзгеруі. 

 
Жұмыс  жүргізу  барысындағы  ауаның  ластануы,  шу  деңгейінің  әсері  
жолмен арақашықтыққа байланысты. 

 
Жаңа  бағытпен  жүретін  барлық  көлік  құралдарының  шу  деңгейі 
мен ауаның ластануы; 

 
Өнеркәсіптік  және  тұрмыстық  шығындыларды  көму  нәтижесінде 
жол топырағының шаңмен ластануы; 

 
Жолдағы жануарлар мен құстардың өлім жағдайы; 

 
Абайсызда қозғалыс бағыттарының бұзылуы; 

 
Жүру  бөлігіндегі  жоғарғы  ағынның  ластануы  және  өзге  де 
ластанулар. 
 
Әсер аймағы 
Әсерді сынау үшін автожолдарға аумақ беріледі: 
4)
 
Әсер  аумағы:  3000  метр,  жолға  әсер  ететін  (мысалы  шу,  шаң,  ауаның 
ластануы); 
5)
 
Қорғаныс  жолағы:  жоғары  маңыздылығы  бар  жолақпер  бөлінген  аумақ. 
Кейбір кезде әсер көп болуы ықтимал: топырақтың ластануы шу және ауа 
сапасы; 
6)
 
Резервті – технологиялық жолақ: аяқ  асты  жағдайларға байланысты жол 
жиегіне қойылатын жолақ. Маңызды әсерлер құрылыс кезеңінде болады. 
 
Кесте 5.4 – Әсер аумағының, қорғаныс жолағының және резерв-
технологиялық жолақ бағытты өлшемдері 
 
Әсер сыналатын аумақ атауы 
Экологиялық класс жолы үшін 
жол жиегінен арақашықтығы, м 
І 
ІІ 
ІІІ 
Әсер аймағы 
3000/1500 
2000/1000 
600 
Қорғаныс жолағы 
250/150 
150/90 
60/30 
Резервті-технологиялық жолақ 
30 
12 

 
5.2.2.
 
АТМОСФЕРАЛЫҚ  АУАҒА ӘСЕРІН  БАҒАЛАУ 
 
Құрылыс және пайдалану кезеңі 
 
 
Құрылыс  бойынша  жүргізілетін  шаруашылық  қызметі  және  әрі  қарайғы 
құрылыс  кезеңінде  автожол  учаскесін  пайдалану  эмиссиямен  жүріп  ауаны 
ластаушы заттардың жер қабатына сіңуімен автомобильдің трассада жүріп бара 
жатқандағы қозғалтқыш шығындыларымен  жүреді. 
5.5  кестесінде  Жылдамдықты  трассаны  пайдалану  және  құрылыс 
кезіндегі  атмосфераға  эмиссияның  бөлінуінің  көздерінің  мінездемесі  және 
атауы туралы жұмыс түрлерінің тізімі келтірілген. 
 

Кесте 5.5. – атмосфераға шығарылатын шығындылар көздерінің 
мінездемесі 
 
Жұмыс түрлері 
Эмиссияның бөліну 
көздернің мінездемесі мен 
атауы 
Атмосфераға бөлінуі 
мүмкін эмиссиялардың 
атауы 



Жол құрылысы 
Машиналар мен 
механизмдердің жұмысы 
барысында құрылыс 
материалдары мен топырақ 
шаңының бөлінуі 
Органикалық емес шаң 
Автомобильге жанатын 
жанармай өнімін бөлу 
Азот диоксиді, күйе, көміртек 
оксиді, бенз(а)пирен, 
көмірсутектер 
Балқытып біріктіру 
жұмыстары 
Темір оксиді, марганец және 
оның байланыстылығы, фтор 
сутегі 
Сырлау жұмыстары 
Уайт спирит, ксилол 
Жолды пайдалану  Автомобильге жанатын 
жанармай өнімін бөлу 
Азот диоксиді, күйе, күкірт 
диоксиді, көміртек оксиді, 
С12-С19 көмірсутегі, 
қорғасынды біріктіру 
 
Автомобиль 
көліктерінің 
қозғалтқыштарының 
шығындыларының 
құрамын улы газдар құрайды:азот диоксиді, көмірсутектер, қатты заттар (күйе), 
күкірт диоксиді, көміртек оксиді, қорғасынды біріктіру. 
Бөлінгіш  газдар  нәтижесінде  ауа  ортасының  ластану  деңгейін  бағалау 
компьютерлік бағдарламаға негізделген.  
Ластану  болғанда  Қазақстан  Республикасының  Денсаулық  сақтау 
министрлігімен 18.09.2004 жылғы, 03.12.2004 жылғы №841 №3076 СанПиН-ге 
сәйкес бекітілген 
Есептеулер 5.6. кестесінде берілген 
 
Кесте  5.6.  –  автомобиль  шығындыларының  жайылу  есептілігінң 
қорытындысы 
 
Шығынды 
түрлері 
Жол 
бөлігінің 
жиегінен 
20 
м 
арақашықтықтағы 
атмосферадағы 
ластану, мг/м ³ 
Межелі 
ықтимал 
шекті 
бірреттік 
төгінді  және 
МЫТ, мг/м ³ 
Қоныстанған 
жерлердегі 
ауаға  бөлінген 
газдардың  орта 
тәуліктегімежелі 
ықтимал 
төгіндісі, мг/м ³ 
Қауіптілік 
класы 





Көміртек 
0,056 
5,0 
3,0 


тотығы 
Көмірсутектер   0,011 
1,0 
1,5 

Азот қышқылы  0,0056 
0,085 
0,04 

Қорғасынды 
біріктіру 
0,000032 
0,0010 
0,0003 

 
Құрылыс және пайдалану кезеңі бойынша қорытынды: 
Құрылыс кезеңі: Құрылыс және пайдалану кезеңі бойынша атмосфералық 
ауаға шығындылар есебінің қорытындысы қазақстандық заңнамада белгіленген 
шекте болды. Жол құрылысының жазық жерде өтуіне орай, кей жерлер сезімтал 
аймақ  болғанынан  өзге  жерлерге  зиянды  әсер  ең  аз  мөлшерде  болды. 
Қазақстадық  және  халықаралық  (мысалы,  БДҰ)  лимиттерге  сәйкес  құрылыс 
кезінде  жиі  мониторинг  жүргізілуі  керек.  Жергілікті  табиғатты  қорғау 
орындары  мен  құрылыс  бақылауы  бойынша  кеңесшіге  есеп  беретін  мердігер 
мониторинг үшін де жауапты. 
Пайдалану:  есептеу  нәтижелері  көрсеткендей  көліктің  атмосфералық 
ауаға әсері межелі ықтимал төгілімнен аспайды екен. Зиянды заттар төгінділері 
ауаға зиянын тигізбейді. 
 
 
5.2.3.
 
ШУ МЕН ДІРІЛ ДЕҢГЕЙІН БАҒАЛАУ 
 
Құрылыс кезеңі 
Жол  құрылысы  кезңіндегі  технологиялық  процестер  шудың  көзі  болып 
табылады  және  адам  денсаулығына  теріс  әсерін  тигізеді.  Шудың  болуы 
құрылыс жүріп жатқан жер мен тұрғын үйлер аймағының арақашықтығындағы 
жұмыс  жасап  жатқан  техникалық  құрылығылардың  түріне  байланысты. 
Әсіресе,  бульдозер,  дірілдегіш,  компрессор,  экскаватор,  дизельді  көліктер  шу 
шығарады.  Құрылыс  жұмыстары  кезіндегі  шу  уақытша    болсада,  адамға  теріс 
әсер етеді. 
Негізгі  проблема  карьерде  жұмыс  істейтін  үлкен  жүк  таситын 
машиналар  шуы,  ол  жерде  олардың  жылдамдығы  шектеулі  және  ұзақ  уақыт 
бойына бір жерде қозғаусыз тұрады. Шу деңгейі 75-90дБ аралығында болады. 
Негізі  бекітілген  шу  нормасы  70-80дБ.  80  дБ  артық  шу  қауіпсіздік 
белгілерін  қою  керек.  Шуды  азайту  үшін  машина  капоттары  көп  қабатты 
резиналар, поролонменмен жабылу керек. Бұл 5 дБАға шуды азайтады. 
 
Қорытынды: Құрылыс кезеңі 
 
Тұрғын  үй  немесе  сезімтал  аймақтарға  шудың  шектеулі  әсері  тиеді. 
Мейілінше  нормативтік  құжаттарда  көрсетілген  шу  деңгейінен  төмен  болады. 
Құрылыс жұмыстарының жүруіне орай көлік ағыны да көп болады. 
Жобалаушымен  2  учаскедегі  карьерлер  орны  анықталды.  Мердігер 
Инженер  және  экология  бойынша  жергілікті  органдар  кеңесімен  ең  ыңғайлы 
жолды ұсынады. Карьерлерге қосымша жолдар үлес қосады. 

Шудың әсері болмас үшін мердігер барлық мүмкін болатын шу деңгейін 
зерттереп  отыруы  керек  және  құрылыс  кезінде  осыған  орай  мониторинг 
жүргізеді.  Қосымша  жолдарды  көлік  ағымы  көп болады,  құрылыс  басталғанға 
дейін мердігер көлік санын анықтайды.  
 
Пайдалану кезеңі 
 
Шу  деңгейіне  ең  көп  әсер  ететін  көлік  факторы:  қозғалыс,  машина 
түрлері, 
автомобильдердің 
пайдалану 
жағдайы, 
автожол 
жағдайы. 
Автомобильдегі шу көзі оның қозғалтқышы мен шинасы болып табылады. Өте 
шулы  көлік  түрі  жүк  автомашиналары  мен  дизельді  қозғалтқышы  бар 
автопоездар. 
Шудың  межелі  ықтимал  шу  деңгейі  (МЖД)  –  бұл  күнделікті  жұмыс 
жағдайындаауру  тудырмайтын  немесе  адам  денсаулығына  зардап  тигізбейтін 
немесе кейінгі ұрпаққа зардап тигізбейтін фактор деңгейі. 
Шудың МЖД Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 
3.12.2004  жылғы  №841  «Тұрғын  және  қоғамдық  ғимараттарда  және  құрылыс 
салу аумағындағы шу деңгейінің нормативтеріне» сәйкес қабылданған. 
Автомобиль  көлігінен  пайда  болатын  шудың  шекті  деңгейінің  ықтимал 
мәні – 70 дБА, жоғарыда көрсетілген норомативке сәйкес қабылданған. Талдау 
қорытындысында  жолға  дейінгі  аралықтағы  шу  нормасы  70  дБА  бөгетсіз  20 
метр,  бөгетпен  10  метрді  құрайды    және  тұрығылықты  халыққа  теріс  әсер 
тигізбейді. 
 
 
Пайдалану кезеңі бойынша қорытынды: 
 
Пайдалану  барысында  шу  деңгейі  барынша  төмендетіледі,  ол  бөгеттер, 
жасыл ағаштар, ландшафт элементтері арқылы. Мұндай қолданыс Дүниежүзілік 
Банкпен  қаржыландырылған  «Оңтүстік-Батыс  жолдары  жобасында»  ұтымды 
қолданылған.  Әрдайым  шу  деңгейіне  мониторинг  жасап  және  жоба  трассасы 
және оған қосылған жолдардың мінездемелерін белгілеп отыру керек. Егер шу 
деңгейін әлде де төмендету керек болатын болса ол жоба бюджетіне қосылады. 
 
5.2.4.
 
СУ ОБЬЕКТІЛЕРІНЕ ӘСЕРІН БАҒАЛАУ 
 
Бұл бөлім 1) құрылыс және пайдалану үшін судың қолжетімділігі және 2) 
осы  аймақтың  су  көздеріне  (жоғарғы  және  жер  асты)  әсер  етуі  мүмкін, 
ластануды қосқандағы сипаттамаларды айтады. 
 
Құрылыс кезеңіндегі су қажеттілігі 
Обьект  құрылыс  кезінде  су  шаруашылық  қажеттілікке,  өндірістік 
қажеттілікке және құрылыс жұмысшыларының ішуі үшін қажет. 

Өндірістік қажеттілікте бетон мен еріту үшін, есепке сәйкес құрылыстың 
барлық  кезеңіне    бұл  қажеттілікке  160131  куб.м  су  керек.  Құрт  өзенінің 
190080м.куб/күніне екенін ескерсек, су жетпейтін қауіп болмайды. 
Шаруашылық-ішуге  арналған  су  шығыны  ҚР  бекітілген  заңнамасына 
сай  жүзеге  асырылады.  Бір  жұмысшыға  күніне  –  27  л/тәулігіне  су  шығыны 
есептелген (ҚНжЕ 2.04. 01-85) 
 
Құрылыс кезеңіндегі су ресурстары бойынша қорытынды 
Құрылыс  кезеңіне  су  жететін  болғандықтан  су  көздерінің  жалпы 
деңгейіне және өзге су көздеріне әсер болмайды деп қорытындылауға болады. 
 
Пайдалану кезеңіндегі су қажеттілігі 
Су тазалау мен пайдалану үшін жиналады және де жол оқиғасынан кейін 
тазалау үшін қажет. Су жол бойындағы демалыс/сервис орындарынада қажет. 
 
Су көздерінің ластануы 
 
Ластану келесі негіздер бойынша болуы мүмкін: 

 
Ластанған  судың  жер  асты  суларына  не  суы  бар  жерлерге  ағып 
жиналуынан; 

 
Пайдаланылған лас судың өзендер мен ағын суларға ағуы; 

 
Карьерлердегі жер асты суларының ластануы; 

 
Құрылыс алаңындағы пайдаланылған сулардың әсері 
 
Құрылыс  және  пайдалану  кезеңінде  судың  ластануының  көздері  кең 
тараған.  Әртүрлі  зиянды  заттар  болуы  мүмкін:  ауыр  металдар,  майды 
өртегендегі күл, көлік дөңгелектерінің бөліктері, цемент, құрылыс химикаттары 
және тб. 
 
Ластану  көзі  жанар  май  станциялары,  техникалық  қызмет  көрсету 
станциялары болуы мүмкін. 
 
Сонымен қатар көк тайғақта пайдаланылатын тұздың да әсері көп, жауын 
сулармен араласып топыраққа енеді. 
 
Қорғасын құрамы бар әр түрлі заттардың күліде зияны мол. 
 
Жер  асты  көздерінің  ластануы  бойынша  қорытынды:  құрылыс  және 
пайдалану кезеңі 
 
1  және  2  учаскелердегі  жер  асты  суларының  деңгейінен  құрылыс  және 
пайдалану  кезеңінде  жер  асты  су  көздерінің  ластануы  болмайды  деген 
қорытындыға  келуге  болады.  Пайдалану  кезеңінде  жер  асты  су  көздерінің 
ластануы болмайды, егерде жобаға ол туралы талаптар енгізілсе. 
 
Пайдалану кезеңіндегі жер үсті суларының ластануы 
 
Осы жобадағы жол суларын бұру жүйесі брнеше құрылымдар мен бөлек 
іс шаралардың қолданылуымен жолдардың су шайып, су алып кетуінен сақтау 
әрекеттері жасалады. 

Су  өткізетін  құқрылымдар  жол  бойында  кездесетін  су  ағындары, 
каналдар  қиылысқан  жерлерге  орнатылады.  Бұл  жобадағы  құбырлар  шеңбер 
және тікбұрышты. Қосымша 1.4 
Жоба  жоғары  дәрежеде  инженер  тәжірибесімен  орындалғанмен,  кейбір 
проблемалар құрылыс барысында немесе құрылыс аяқталған соң пайда болуы 
мүмкін. Қай  мәселел  болмасын  ерте  кезден алдын алу  керек,  су  бұрылыстары 
жүйесі пайдалану кезеңінде жүргізілу керек. 
 
Автомобиль жолдарындағы науалардың ластануы 
 
Автомобиль  жолдарындағы  науалардың  ластануын  бағалау  және  оны 
тазарту  су  обьектілеріне  заттардың  шекті  рауалы  шығарындысының  есебімен 
жүргізіледі.  Көпірден  Құрты  өзеніне  суларды  ағызу  мәселелсі  бойынша 
инженерлік шешім қаралып, бөлшекті жоба жасалады. 
 
Жер үсті суларының ластануы бойынша қорытынды:пайдалану кезеңі 
Пайдалану  кезеңінде    барлық  нормалар  меніс  әрекеттер  сақталса  су 
көздеріне теріс әсер тимейді. 
 
 
Карьерлер 
 
Жобалушылар әлеуетті карьерлерді анықтады, бірақ ол келісілген жоба 
бөлігі  болып  табылмайды,  себебі  Мердігер  карьерлерді  таңдау  бойынша  
қорытынды шешім қабылдайды. 
 
Құрылыс  лагерлері 
 
Құрылыс  лагерлерінде  жұмысшылардан  едәуір  қоқыс  жиналады. 
Мұндай жұмыс көлемі барысында учаскеде бір мезетте жүздеген және оданда 
көп адам болуы ықтимал. Обьектідегі ықтимал адам саны 600 адамды құрайды. 
Бұл кезеңде жұмысшы поселкілерін анықтау мүмкін емес. Себебі 2 учаске ауыл 
шаруашылық  жерлерден  өтеді,  жер  мен  жер  асты  суларын  ластанудан  сақтау 
керек.  Сондықтан  қоқыс  шығару  қамтамасыз  етілу  керек,  жұмыс 
поселкелерінің жобасындақарастырылу керек. 
 
Су обьектілеріне әсер бойынша қорытындылар 
 
Жер  асты  және  жер  үсті  суларына  әсер  күтіліп  отыр.  Жерге  қазба 
жұмыстары  жүргізілсе  су  балансына  әсер  болар  еді,  бірақ  бұл  күтілмейді.  Су 
алу қаупінен сақтайтын құбырлар қаншалықты қажет болса сонша салынады. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет