5-тақырып. Абсолюттік жəне қатысты шамалар 85
Картограммалар картада қоюлығы əр түрлі түс немесе нүкте түрінде
көрсетілетін деректерден құралады жəне тиісінше бедерсіз бір түстіге жəне
нүктелікке бөлінеді.
Картодиаграммаларда карталарда орналасқан əр түрлі диаграммалар
немесе белгі-денелер көрнекі түрде көрсетілген. Бұл орайда диаграмманың
көлемі сол немесе басқа əкімшілік-аумақтық бірлікке қатысты деректердің
ауқымын білдіреді.
5.1-сурет. Сызықтық диаграмманың мысалы
Структура потребительских расходов домохозяйств в
2004 году
Продовольственны е
товары
Непродовольственны е
товары
Платны е услуги
Үй шаруашылықтарының тұтынушылық шығынының
2004 жылдағы құрылымы
Азық-түлік тауарлары
Азық –түлік емес тауарлар
Ақылы қызметтер
5.2-сурет. Секторлық (дөңгелек) диаграмманың мысалы
48,5
51,1
48,1
59,8
61,3
68,6
57,1
60
40
20
0
20
40
60
80
Ешқашан жұмыс істемеген
Ерлер
Əйелдер
жыл жəне 5-тен
жыл жəне одан көп
6-дан бастап 12 айға дейін
3-тен бастап 6 айға дейін
1-ден бастап 3 айға дейін
1 айдан кіші
51,5
48,9
51,9
40,2
38,7
31,4
42,9
86 I БӨЛІМ. Статистиканың жалпы теориясы
Салыстырылатын құбылыстардың көлемін көрсету үшін көбінесе
дұрыс геометриялық дене (квадрат немесе шеңбер) түріндегі жəне ауданы
көрсеткіштердің көлеміне үйлесімді диаграммалар пайдаланылады.
Екі ауқымда салыстыру үшін Варзар белгісі (оларды ұсынған орыс ста-
тистигі В.Е. Варзардың тегі бойынша) деп аталатын тік бұрыш диаграммалар
пайдаланылады. Əдетте олар егер кейбір көрсеткіш екі басқа көрсеткіштің
көбейтіндісі болған жағдайда қолданылады (мысалы, бидайдың жалпы
түсімі егістік ауданының өнімділікке көбейтіндісіне тең болады).
Өзін-өзі тексеруге арналған
сұрақтар
1. Қандай көрсеткіштер жинақтап қорытылған деп аталады? Олар
қалай алынады?
2. Жинақтап қорытылған көрсеткіштердің түрлерін атаңыз. Мысал
келтіріңіз.
3. Абсолюттік статистикалық шама деп не аталады жəне олардың
маңызы қандай? Мысал келтіріңіз.
4. Абсолюттік шаманың жіктелімін атаңыз. Мысал кел тіріңіз.
5. Абсолюттік статистикалық шамалар қандай өлшем бірлігінде
көрсетіледі? Мысал келтіріңіз.
6. Қатысты шама деп не аталады? Статистикада қатысты шама
қандай рөл атқарады?
7. Қатысты шаманың қандай түрлерін білесіз? Мысал кел тіріңіз.
8. Интенсивтілік көрсеткіштері басқа қатысты шамадан қалай ерек-
шеленеді?
9. Қатысты статистикалық шамалар қандай өлшем бірлігінде
көрсетіледі? Мысал келтіріңіз.
10. Статистикалық графиктердің маңызы неде?
11. Графиктің негізгі элементтері қандай?
12. Статистикалық графиктердің негізгі түрлерін сипаттаңыз.
13. Картограмма мен картодиаграмманың ерекшелігі неде?
Ұсынылатын əдебиет
1. Авров А.П. Аврова Ю.А. Общая теория статистики. Основы курса: Учеб-
ное пособие. 2-ое изд. доп. – Алматы, 2004. – 112с.
2. Сиденко А.В., Попов Г.Ю., Матвеева В.М. Статистика: Учебник.–
М.: Дело и сервис, 2000. – 464 с.
5-тақырып. Абсолюттік жəне қатысты шамалар 87
3. Елисеева И.И., Юзбашев М.М. Общая теория статистики: Учебник. –
3-е изд. / Под ред. чл.-корр. РАН И.И. Елисеевой. – М.: Финансы и статис-
тика, 1998. –368 с.: ил.
4. Теория статистики: Учебник для вузов / Под ред. Р.А. Шмойловой. –
М.: Финансы и статистика, 1996.
5. Ефимова М.Р., Петрова Е.В., Румянцев В.Н. Общая теория статистики:
Учебник для вузов. – М.: ИНФРА-М, 1998.
6. Статистика: Курс лекций для вузов / Под ред. В.Г. Ионина. – М.: ИНФ-
РА-М, 1996.
7. Гусаров В.М. Теория статистики: Учебное пособие для вузов. – М.: Ау-
дит, ЮНИТИ, 1998.
8. Гусаров В.М. Теория статистики: Учебное пособие. – М.: ИННТИ, 2000.
9. Ряузов Н.Н. Общая теория статистики: Учебник для студ. экон. спец. вузов.
– 4-е изд., перераб. и доп. – М.: Финансы и статистика, 1984. – 343 с.: ил.
10. Общая теория статистики: Учебник / Т.В. Рябушкин, М.Р. Ефимова и
др. – М.: Финансы и статистика, 1981.
11. Общая теория статистики: Учебник / Г.С. Кильдишев, В.Е. Освиенко,
П.М. Рабинович, Т.В. Рябушкин. – М.: Статистика, 1980.
12. Статистический словарь / Гл. ред. М.А. Королев. – 2-е изд., перераб. и
доп. – М.: Финансы и статистика, 1989.
5.5.
Практикум
5.5.1. Ізденуге арналған сұрақтар
1. Статистикадағы жинақтап қорытылған көрсеткіштердің мазмұнын
сипаттаңыз, жіктеуішті келтіріңіз. Оларды алу тəсілдерін атаңыз.
2. Абсолюттік шаманың жинақтап қорытылған статистикалық көрсеткіштер
ретіндегі мағыналарын сипаттаңыз, олардың жіктелімі мен мысалдарын
келтіріңіз.
3. Абсолюттік статистикалық көрсеткіштерді өлшеу бірлігінің жіктелу схе-
масын жасаңыз жəне оны сипаттаңыз. Мысал келтіріңіз.
4. Қатысты шаманың жинақтап қорытылған статистикалық көрсеткіш ретін-
де анықтамасын беріңіз, олар көрсетілетін нысанды сипаттаңыз, мысал
келтіріңіз.
5. Қатысты шаманың түрлерінің жіктеуішін келтіріңіз. Оларды қатысты
шаманың жекелеген түрлерінің мысалында көрсетіңіз.
6. Қатысты статистикалық шаманың қандай өлшем бірлігінде көрсетілеті-
нін сипаттаңыз. Жауапты мысалдармен толықтырыңыз.
7. Статистикалық графиктер не үшін қажет? Олардың негізгі элементтері
мен түрлерін келтіріңіз.
8. Windows
операциялық жүйесінің Microsoft Excel кеңсе бағдарламасын-
дағы статистикалық диаграммалардың стандартты түрлерін сипаттаңыз.
88 I БӨЛІМ. Статистиканың жалпы теориясы
5.5.2. Типтік есептерді шығару мысалдары
1 - м ы с а л . Зауыт бойынша 1 кг өнімнің нақты өзіндік құны өткен жылы
54 теңгені құрады. Ағымдағы жылы зауыт 1 кг өнімнің өзіндік құнын 52 теңгеге
дейін төмендетуді жоспарлап отыр.
Зауыттың жоспарын салыстырмалы көрсеткіштерде көрсетіңіз. Олар қатысты
көрсеткіштердің қай түріне жатады?
Ш е ш у і : Жоспарланған көрсеткіштерді нақты қол жетіскен көрсеткіштер-
мен салыстыру жоспарлы тапсырманың көрсеткіштеріне жатады. Біздің жағдай-
да 1 кг өнімнің өзіндік құнын 54-тен 52 теңгеге дейін төмендету өзіндік құнның
3,7%-ға қысқаратынын білдіреді, яғни 100 – 52/54 × 100.
2 - м ы с а л . Зауыт басшылығы ағымдағы жылы жұмыс істейтіндердің орта-
ша саны 680 адамның 17 млн теңгенің өнімін шығаруын жоспарлаған болатын, ал
іс жүзінде жұмыс істейтіндердің орташа саны 673 адам 18,56 млн теңгенің өнімін
шығарды.
Зауытта жоспардың орындалу көрсеткіштерін анықтаңыз: а) өнім шығару
бойынша; ə) жұмыс істейтіндердің саны бойынша; б) еңбек өнімділігі бойынша.
Ш е ш у і : Есептелген нəтижелерді кестеде көрсетеміз:
Көрсеткіштер
Жоспар
Нақты
Өсу қарқыны
Өнім шығару, млн теңге
17,00
18,56
109,2
Жұмыс істейтіндердің саны, адам
680
673
99,0
Еңбек өнімділігі, мың теңге/адам 25,0
27,6
110,3
3 - м ы с а л .
Төменде келтірілген деректер бойынша Қазақстанның республикалық
бюджетінің 1970, 1975, 1980 жылдардағы шығын құрылымының қатысты шамасын
(млрд рубль) есептеңіз:
Шығын бабы
1970 ж.
1975 ж.
1980 ж.
Барлығы, оның ішінде:
154,6
214,5
276,4
халық шаруашылығына
74,6
111,6
151,4
əлеуметтік мəдени іс-шаралар мен ғылымға
55,9
77,1
92,8
қорғанысқа
17,9
17,4
17,2
басқаруға
1,7
2,0
2,4
Қазақстанның республикалық бюджетінің құрамында қандай ілгерілеу
болғанын анықтаңыз.
Ш е ш у і: Құрылым көрсеткіштерінің нəтижелері келесі кестеде келтірілген:
Шығын бабы
1970 ж.
1975 ж.
1980 ж.
Барлығы, оның ішінде:
100,0
100,0
100,0
халық шаруашылығына 48,3
52,0
54,8
əлеуметтік мəдени іс-шаралар мен ғылымға
36,2
35,9
33,6
қорғанысқа
11,6
8,1
6,2
басқаруға
1,1
0,9
0,9
5-тақырып. Абсолюттік жəне қатысты шамалар 89
Кестеден 10 жыл ішінде бюджеттің халық шаруашылығына жұмсалған шығын
үлесінің ұлғайғаны көрінеді. Сонымен бірге басқа баптар бойынша шығындардың
өзіндік салмағы кеміген. Əсіресе қорғанысқа жұмсалған шығынның үлесі
айтарлықтай қысқарған (екі есеге жуық).
4 - м ы с а л . Зауытта ағымдағы жылдың басына қалыптасқан жағдайға орай
тізім бойынша 21000 адам, əкімшілік-басқару қызметкері ретінде – 150 адам жұмыс
істейді.
Зауыттағы жұмысшылардың саны мен əкімшілік-басқару қызметкерлерінің
саны арасындағы арақатынасты есептеңіз. Есептелген қатысты көрсеткіш не деп
аталады?
Ш е ш у і: Бүтіннің екі бөлігінің арақатынасы үйлестіру көрсеткіші болып
табылады. Бұл жағдайда ол 2100 : 150 = 14-ке тең.
5 - м ы с а л . Аудан халқының орта жылдық саны былтырғы жылы 31 550
адамды құрады. Ауданның көлемі 997 шаршы метрге тең. АХАТ өткен жылы 495
бала туу фактісін тіркеді.
Мынаны анықтаңыз: а) аудан халқының тығыздығын; ə) туу коэффициентін
(халықтың 1000 адамына шағылған орташа жылдық санына қатынасы бойынша
анықталады). Осы көрсеткіштер қатысты шаманың қай түріне жатады?
Ш е ш у і: Кестеде бастапқы деректер мен есептік көрсеткіштерді келтіреміз:
Көрсеткіш
Мағына
Аудан халқының саны, адам 31550
Ауданның көлемі, шаршы метр
997
Жыл ішінде туған бала саны, адам
495
Аудан халқының тығыздығы, адам/шаршы метр
31,6
Туу коэффициенті, промилле
15,7
Осы көрсеткіштер даму интенсивтілігінің көрсеткіші түріне жатады.
6 - м ы с а л . Өнімнің жекелеген түрінің мына саны шығарылды (мың т): кір
сабын 60%-дық – 30,0, кір сабын 40%-дық – 40,0, иіс сабын – 25,0, кір жуатын
ұнтақ – 15,0.
Қайта есептеу коэффициенті 60%-дық кір жуатын сабын бойынша – 1,75, 40%-
дық бойынша – 1, иіс сабын бойынша – 1,75, кір жуатын ұнтақ бойынша – 0,5 деп
алып өндірістің шартты бірліктегі жалпы көлемін анықтаңыз.
Ш е ш у і: Өнімнің əр түрі бойынша өндірістің көлемін шартты бірлікте есеп-
теу үшін тиісті коэффициенттерді көбейту, содан кейін алынған көбейтінділерді
қосу қажет. Келесі кестеде бастапқы деректер мен есеп келтірілген:
Өнімнің атауы
мың тонна
коэффициенттер
шартты бірлік, мың тонна
60%-дық кір сабын
30,0
1,75
52,50
40%-дық кір сабын 40,0
1,00
40,00
Иіс сабын
25,0
1,75
43,75
Кір жуатын ұнтақ
15,0
0,50
7,50
Барлық өндіріс көлемі 110,0
143,75
90 I БӨЛІМ. Статистиканың жалпы теориясы
Бұл жерде өндірістің шартты бірлікте есептелмеген көлемі де келтірілген. Бұл жүк
тасымалдау көлемін бағалау үшін қажет. Ал шартты бірлікте есептеу шығарылған кір
жуатын ұнтақтың көлемін 40%-дық кір сабынға шағып бағалауға мүмкіндік береді.
7 - м ы с а л . Зауыт басшылығы кезекті жылы өндірістің көлемін 5%-ға
ұлғайтуды жоспарлады, ал нақты өсу қарқыны 7%-ды құрады. Жылдық өсу жəне
өнім өндіру жоспарының орындалуының қатысты шамасын анықтаңыз.
Ш е ш у і : Өнімнің өсу жоспарын бағалау үшін нақты өсуді жоспарланған
өсуге бөлу (7 : 5) қажет. Өнім шығару жоспарын орындау үшін нақты көлемдерді
жоспарланған көлемдермен арақатынасын (107 : 105) белгілеу қажет. Кестеде
бастапқы деректер мен есепті келтіреміз:
Көрсеткіштер
Мағына
Өнімнің өсу жоспары, %
5,0
Өнімнің нақты өсуі, %
7,0
Өнімнің өсу жоспарының орындалуы , %
140,0
Өнім шығару жоспарының орындалуы, %
101,9
8 - м ы с а л . Кəсіпорында жыл басында 3120 жұмысшы жəне 285 инженер-
лік-техникалық қызметкер (ИТҚ) болды. Жыл ішінде 192 жұмысшы мен ИТҚ
жұмыстан босатылды, ал жұмысқа 56 жұмысшы мен 41 ИТҚ қабылданды.
Жылдың басы мен соңында жұмысшылар мен ИТҚ арақатынасын сипаттай-
тын қатысты шаманы анықтаңыз.
Ш е ш у і : Жылдың басында жұмысшылар мен ИТҚ арақатынасы (үйлестіру
көрсеткіші) 3120 : 285 = 10,9-ға тең болды. Жылдың соңындағы осы көрсеткішті
анықтау үшін баланстық есепті орындау, яғни жылдың басындағы жұмысшылар
мен ИТҚ санынан жұмыстан босатылғандардың санын алып тастау жəне жұмысқа
қабылданғандардың санын қосу қажет. Кестеде бастапқы деректер мен есепті кел-
тіреміз:
Жылдың
басында
Жұмыстан
босатылғандар
Жұмысқа
қабылданғандар
Жылдың
соңында
Жұмысшылардың саны
3120
192
56
2984
ИТҚ саны
285
16
41
310
Жұмысшылар мен ИТҚ
санының арақатынасы
10,9
9,6
Жыл соңында үйлестіру коэффициентінің 9,6-ға дейін төмендегені көрінеді.
5.6.
Өзіндік жұмысқа арналған
тапсырмалар
5.6.1. Есептер
1 - е с е п . Кəсіпорында еңбектің өнімділігі өткен жылы 1500 мың теңгені
құрады. Ағымдағы жылы кəсіпорын еңбек өнімділігін салыстырмалы бағамен
4%-ға ұлғайтуды жоспарлап отыр.
5-тақырып. Абсолюттік жəне қатысты шамалар 91
Кəсіпорын өнімі бағасы жылына орташа 10% деңгейінде өседі деп күтілген
жағдайда, бір жұмысшыға шаққанда шығарылатын өнімнің қолданыстағы бағадағы
жоспарланатын деңгейін анықтаңыз.
2 - е с е п . Фирманың басшылығы ағымдағы жылы өнім шығару үшін 20 млн
теңге жұмсап 35 млн теңгенің өнімін шығаруды жоспарлады. Іс жүзінде осы жылы
кəсіпорын өнім шығаруға 21 млн теңге жұмсап 36 млн теңгенің өнімін шығарды.
Зауытта жоспардың орындалу көрсеткіштерін анықтаңыз: а) өнім шығару
бойынша; ə) өнім өндірісіне жұмсалған шығын бойынша; б) өнімнің табыстылығы
бойынша (өндіріске жұмсалған шығынға пайданың пайыздағы қатынасы).
3 - е с е п . Төменде келтірілген деректер бойынша Қазақстанның республи-
калық бюджетінің шығын құрылымының қатысты шамасын есептеңіз (млрд
теңге):
Шығын бабы
1995 ж.
1999 ж.
2003 ж.
Барлық шығын, оның ішінде:
260,2
468,4
1068,4
жалпымемлекеттік қызметтерге
10,1
28,9
65,3
қорғанысқа
10,8
17,2
47,5
қоғамдық тəртіп пен қауіпсіздікке 17,5
32,5
91,6
білім беруге
45,8
78,5
149,0
денсаулық сақтауға
30,0
44,8
89,8
əлеуметтік қамтамасыз ету мен əлеуметтік көмекке 7,8
159,1
239,2
мəдениетке, спортқа жəне ақпараттық кеңістікке 6,9
12,2
33,8
Қазақстанның республикалық бюджетінде қандай өзгерістер болғанын
анықтаңыз.
4 - е с е п . Адам дамуы жөніндегі 2005 жылдың есебінде Ресейде жан басына
шаққанда ЖІӨ өндіру көлемі сатып алу қабілетінің тепе-теңдігі (СҚТ) бойынша
8230 АҚШ долларын құрады. Қазақстанда осы көрсеткіш СҚТ бойынша 5870 дол-
лар деңгейінде болды.
Ресей мен Қазақстанда жан басына шаққанда ЖІӨ өндіру көлемдерінің
арасындағы арақатынасты есептеңіз. Есептелген қатысты көрсеткіш не деп ата-
лады?
5 - е с е п . Республика халқының орташа жылдық саны 2004 жылы 15013,0
мың адам болды. Республиканың көлемі 2724,9 мың шаршы метрді құрайды.
АХАТ органдары жыл ішінде 273,0 мың бала туғанын жəне 152,3 мың адамның
қайтыс болғанын тіркеді.
Мыналарды анықтаңыз. а) республика халқының тығыздығы; ə) туу жəне
қайтыс болу коэффициенттерін (1000 адамға шаққанда). Осы көрсеткіштер қатысты
шаманың қай түріне жатады?
6 - е с е п . Кондитерлік фабрика бір айда мына өнім түрлері мен көлемін (мың
тонна) шығарды: шоколад – 10, салмасы бар шоколад кəмпит – 30, карамель –
50 жəне мармелад – 40.
92 I БӨЛІМ. Статистиканың жалпы теориясы
Салмасы бар шоколад кəмпит шығару бірлігі, сондай-ақ өнімнің басқа да
түрлері үшін келесі коэффициенттерді, яғни шоколад – 1,5; карамель – 0,6; мар-
мелад – 0,5-деп қабылдап шығарылған кондитерлік бұйымның шартты бірліктегі
жалпы көлемін анықтаңыз:
7 - е с е п . Қазақстанның жалпы ішкі өнімін (ЖІӨ) екі еселеуді қамтамасыз
ету үшін 2000 жылмен салыстырғанда 2010 жылы ЖІӨ өсуінің орташа жылдық
қарқыны 7,2%-ды құрауға тиіс. Іс жүзінде республиканың ЖІӨ өсімі 2004 жылы
9,6%-ды құрады.
ЖІӨ өсімінің жылдық жоспары орындалуының қатысты шамасын,
сондай-ақ жоспарланғанмен салыстырғанда нақты көлемнің асуын анықтаңыз.
8 - е с е п . Кəсіпорынның негізгі құрал-жабдығының құны жыл басында 350
млн теңгені, ал жұмыс істейтіндердің саны – 100 адамды құрады. Жыл ішінде
35 млн теңгенің негізгі құрал-жабдығы кетті жəне 85 млн теңгенің жаңа құрал-
жабдығы енгізілді, ал жұмыс істейтіндердің саны 8 адамға ұлғайды.
Жылдың басымен салыстырғанда жылдың соңында қалыптасқан жағдай бой-
ынша қормен жарақтандырылу (негізгі құрал-жабдық құнының жұмыс істейтін-
дердің санына қатынасы) қалай өзгергенін анықтаңыз. Қормен жарақтандырылу
қатысты шаманың қай түріне жатады? Өзіндік құнның өзгеруін сипаттайтын
көрсеткіш қатысты шаманың қай түріне жатады?
5.6.2. Тест тапсырмалары
1. Жиынтықтың бірліктерін жалпы жəне топ бойынша сипаттайтын
көрсеткіштер... деп аталады.
1) абсолюттік;
2) қатысты;
3) орташа;
4) талдап қорытылған;
5) аналитикалық (талдамалы).
2. Əлеуметтік-экономикалық құбылыстардың ауқымын көрсететін
көрсеткіштер... деп аталады.
1) синтетикалық;
2) абсолюттік;
3) қатысты;
4) орташа;
5) аналитикалық.
3. Жиынтық сипаттама белгісі бойынша абсолюттік шаманың
құрамында ... көрсеткіштері болады.
1) жиынтық саны мен белгі көлемінің;
2) мезеттік жəне аралық;
3) бастапқы жəне қайталама;
4) сипаттамалық жəне аналитикалық;
5) табиғи жəне құндық.
5-тақырып. Абсолюттік жəне қатысты шамалар 93
4. Даму процесінің сипаттамасы бойынша көрсеткіштердің келесі
түрлері болады:
1) тікелей жəне кері;
2) бастапқы жəне қайталама;
3) сипаттамалық жəне аналитикалық,
4) абсолюттік жəне қатысты;
5) мезеттік жəне аралық.
5. Абсолюттік статистикалық көрсеткіштерді өлшеу бірлігіне келесінің
қайсысы жатпайды?
1) киловатт, сағат, тонна, километр;
2) киловатт-сағат, тонна-километр;
3) шартты отын тоннасы, шартты банктер;
4) мың теңге, АҚШ доллары;
5) шаршы метрге шағылған адам, жан басына шағылған АҚШ доллары.
6. Əр түрлі елдерде кедейшіліктің немесе жұмыссыздықтың деңгейін си-
паттайтын көрсеткіштер... жатады.
1) синтетикалық көрсеткішке;
2) абсолюттік көрсеткішке;
3) қатысты көрсеткішке;
4) орташа көрсеткішке;
5) аналитикалық көрсеткішке.
7. Қатысты шамаларды есептеу үшін ... талабы қойылады.
1) көрсеткіштерді бір өлшем бірлігінде көрсету;
2) көрсеткіштерді салыстырмалы бағаларда көрсету;
3) салыстырылатын көрсеткіштерді əдіснамалық салыстыру;
4) салыстырылатын көрсеткіштердің бір аумаққа қатынасы;
5) салыстырылатын көрсеткіштердің бір уақыт кезеңіне қатынасы.
8. Əр түрлі объектілерді немесе аумақтарды сипаттайтын аттас абсо-
люттік шаманың қатынасы... деп аталады.
1) жоспарлы тапсырманың көрсеткіші;
2) даму интенсивтілігінің көрсеткіші;
3) үйлестіру көрсеткіші;
4) салыстырудың қатысты шамасы;
5) құрылымның қатысты шамасы.
9. Даму интенсивтілігінің қатысты шамасына... көрсеткіші жатады.
1) ЖІӨ өндірісіндегі өнеркəсіптің үлесі;
2) халықтың жан басына шағылған ЖІӨ өндірісі;
3) энергияның шартты отын тоннасындағы шығыны;
4) ЖІӨ өндірісінің өсу қарқыны;
5) əкімшілік-басқарушылық қызметкерлердің бір бірлігіне шағылған
жұмысшы саны.
|