316 IІ БӨЛІМ. Əлеуметтік-экономикалық статистика
1 3 - е с е п . ҚР халқының жас топтарының динамикасы туралы 1 қаңтарға
қалыптасқан жағдай бойынша келесі деректер берілген, мың адам:
Көрсеткіш
2004 ж.
2005 ж.
Бүкіл халық
оның ішінде:
еңбекке қабілетті жастан жас
еңбекке қабілетті жаста
еңбекке қабілетті жастан жоғары
14951,2
4064,7
9318,4
1568,1
15074,8
4012,6
9488,8
1573,4
Əрбір жыл үшін мыналарды есептеңіз:
1. Еңбекке қабілетті халықтың орнын басу коэффициентін (пайызда).
2. Еңбекке қабілетті халықтың зейнетақы жүктемесінің коэффициенті (пай-
ызда).
3. Еңбекке жарамды халықтың жалпы жүктемесінің коэффициенті (пай-
ызда).
4. Бүкіл халықтағы еңбекке қабілетті халықтың үлесін (пайызда). Эко-
номикалық қорытынды жасаңыз.
Жауабы: 2005 ж. 1) 42,2; 2) 16,6; 3) 58,8; 4) 62,9.
14 - е с е п. Аймақ экономикасының салалары бойынша жыл бойынша келесі
деректер берілген, мың адам:
1. Жыл басындағы қызметкерлердің тізімдік саны
– 507
2. Жұмысқа қабылданған қызметкерлердің саны
–
111
3. Жұмыстан кеткен қызметкерлердің саны,
– 126
оның ішінде өз еркімен жəне
еңбек тəртібін бұзғаны үшін босатылғаны
– 7
4. Жыл бойы тұрақты жұмыс істеген қызметкерлердің саны – 454
Мыналарды анықтаңыз:
1. Қызметкерлердің орташа тізімдік санын (мың адам).
2. Жұмысқа қабылдау бойынша айналым коэффициентін (пайызда).
3. Жұмыстан кету бойынша айналым коэффициентін (пайызда).
4. Жұмыста тұрақтамаушылық коэффициенті (пайызда).
5. Жұмыс күшінің орнын басу коэффициенті (пайызда).
6. Тұрақтылық коэффициенті (пайызда).
Жауабы: 1) 499,5; 4) 15,0;5) 88,1; 6) 92,3.
15 - е с е п. Экономика салалары бойынша жыл ішіндегі келесі деректер беріл-
ген, адам:
1. Қызметкерлердің жыл басындағы тізімдік саны
– 177590
2. Жұмысқа қабылданған:
– жұмыспен қамту жəне жұмысқа орналастыру
қызметтерінің жолдамасы –
17820
– кəсіпорынның бастамасы бойынша
– 12310
– басқа кəсіпорындардан аудару тəртібімен –
900
– жоғары жəне арнайы орта оқу орындарын
аяқтағаннан кейін
– 7540
15-тақырып. Халық жəне еңбек статистикасы 317
3. Жұмыстан кеткен:
– ұлттық армияға кеткендер
–
6820
– өндірістен қол үзіп оқуға түскендер
– 3030
– жалға алу шарты мерзімінің аяқталуы
–
7050
– зейнетке шығу (жасы жəне мүгедектік бойынша)
–
8440
– басқа кəсіпорындарға ауысу
–
2870
– штат қысқару
–
24780
– қызметкердің өлімі
–
3660
– өз еркі бойынша– 1800
– жұмысқа шықпау жəне еңбек тəртібін басқадай бұзу
– 1360
4. Есепті жылы тұрақты жұмыс істеген қызметкерлердің саны – 132820
Мыналарды анықтаңыз:
1. Қызметкерлердің жыл соңындағы тізімдік санын (адам).
2. Қызметкерлердің орташа тізімдік санын (адам).
3. Қызметкерлердің айналымының абсолюттік көрсеткіштерін (адам).
4. Жұмысқа қабылдау бойынша айналым коэффициентін (пайызда).
5. Жұмыстан кету бойынша айналым коэффициентін (пайызда).
6. Жұмыста тұрақтамаушылықты (пайызда).
7. Жұмыс күшінің орнын басу коэффициентін (пайызда).
8. Тұрақтылық коэффициентін (пайызда).
Жауабы: 1)156350; 2) 166970; 6)1,9; 7) 64,5; 8) 85,0.
15.4.2. Тест тапсырмалары
1. Туристік жолдамамен бір айға Германияға кеткен Қазақстан
Республикасының азаматтары халық санағы кезінде қай кате-
горияларға жатқызылады?
1) тұрақты жəне нақты халық;
2) тұрақты жəне уақытша кеткен халық;
3) нақты жəне уақытша кеткен халық;
4) заңды жəне тұрақты халық;
5) нақты жəне заңды халық.
2. Қаланың тұрақты халқы санақ жүргізілетін күні 1200, уақытша
кеткен адамның саны 67 адам, уақытша тұратын адамның саны 45
екені белгілі болса, қаланың санақ жүргізілетін сыни сəттеге нақты
халқының санын есептеңіз.
1) 1245;
2) 1222;
3) 1178;
4) 1088;
5) 1187.
3. Берілген бөлу деректері бойынша əйелдің модальдық жасын есептеңіз:
Жас, жыл
15–19
20–24
25–29
30–34
35–39
Жиыны
Əйелдердің саны
20
50
180
250
220
720
1) 26,8;
318 IІ БӨЛІМ. Əлеуметтік-экономикалық статистика
2) 31,76;
3) 31,2;
4) 32,8;
5) 30.
4. Ауданда есепті жылы 6400 бала, өткен жылы 6000 бала туды. Есеп-
ті жыл ішінде бір жасқа дейін жастағы 2000 бала шетінеді. Нəресте
өлімінің коэффициентін есептеңіз (промилледе):
1) 30,81;
2) 31,91;
3) 33,33;
4) 31,25;
5) 31,75.
5. Аудандағы халықтың саны жыл ішінде орташа саны 150 мың адам-
ды, оның ішінде 80 мың əйелді құраған жағдайда жалпы бала туу ко-
эффициентін анықтаңыз. 15-49 жастағы əйелдердің орташа саны – 42
мың адам. Туудың арнайы коэффициенті 38‰.-ға тең.
1) 1,596;
2) 10,6;
3) 53,3;
4) 52,2;
5) 19.
6. Халықтың орташа санын есептейтін дұрыс формуланы таңдаңыз:
1)
S
ж.с.
– S
ж.б.
2
2)
S
ж.с.
S
ж.б
3) S
ж.с.
– S
ж.б.
4)
∑
∑
i
i
i
t
t
S
5)
S
ж.с.
+ S
ж.б.
2
.
7. Соңғы жылы халықтың саны 5 млн адамды, ал халықтың өсу коэф-
фициенті 1,2 ‰-ды құраған жағдайда облыс халқының келешектегі
санын ғаламдық əдіспен санаңыз.
1) 5,006;
2) 6,201;
3) 6,0;
4) 0,24;
5) 5,5.
15-тақырып. Халық жəне еңбек статистикасы 319
8. 14
жастағы балалардың саны 9000 адамды, 14 жастағы балалардың
өмір шегіне жету коэффициенті 0,998, ал 15 жастағылардың – 0,996-ды
құраған жағдайда еңбекке қабілетті жасқа толатын халықтың саны-
на болжам жасаңыз.
1) 8946;
2) 9000;
3) 8982;
4) 9050;
5) 8000.
9. Экономикалық белсенді халық – бұл:
1) жұмыс істейтін халық;
2) жұмыспен қамтылған жəне жұмыссыз халық;
3) елдің бүкіл халқы;
4) жұмыс істейтін жəне жұмысы жоқ халық;
5) елдің еңбек ресурстары.
10. Еңбекке қабілетті халықтың орнын басу коэффициенті қалай есепте-
леді?
1) еңбекке қабілетті жас халықтың санымен;
2) еңбекке қабілетті жастан үлкен халықтың санымен;
3) еңбекке қабілетті жастан үлкен халық/еңбекке қабілетті жастағы
халықпен;
4) еңбекке қабілетті жастағыдан кіші халық/еңбекке қабілетті жастағы
халықпен;
5) арифметикалық орташа шама бойынша.
11. «Жұмыссыздық деңгейі» көрсеткіші не болып саналады?
1) орташа;
2) дисперсия;
3) абсолюттік;
4) қатысты;
5) өсім.
12. Келесі деректер бойынша еңбекке қабілетті халықтың жыл соңындағы
санын анықтаңыз, мың адам:
а) жыл басында: еңбекке қабілетті халық – 800, жұмыс істейтін зейнет
жасындағы адамдар мен жасөспірімдер – 30;
ə) жыл ішінде: еңбекке қабілетті жасқа толған еңбекке жарамды адам–
22, жұмысқа тартылған зейнеткер – 5; басқа облыстан келген еңбекке
қабілетті адам – 8;
б) кеткені: еңбекке қабілетті жастағы еңбекке жарамды адам – 18, зейнет-
кер мен жасөспірім – 6, басқа облысқа кеткен еңбекке қабілетті адам
– 15.
1) 828;
2) 858;
3) 800;
320 IІ БӨЛІМ. Əлеуметтік-экономикалық статистика
4) 826;
5) 797.
13. Жұмыс істейтін зейнеткерлер мен 14-16 жастағы жасөспірімдер
халықтың қай санына енгізіледі?
1) жұмыссыздар;
2) жұмыспен қамтылған;
3) экономикалық белсенді емес халықтың;
4) дербес жұмыс істейтін халықтың;
5) еңбекке қабілетті жастағы адамдардың санына.
14. Келесі белгілі деректер бойынша халықтың жұмыспен қамтылу коэф-
фициентін есептеңіз, мың адам: экономика саласында жұмыс істейді
– 6500; жұмыссыз – 780; еңбекке қабілетті жастағы өндірістен қол үзіп
оқитын оқушылар – 670; еңбекке қабілетті жастағы үй шаруасындағы
əйелдер – 700; жұмыс істемейтін зейнеткерлер – 20; жасөспірімдер
– 250.
1) 84,2;
2) 75,1;
3) 89,3;
4) 100;
5) 95,6.
15. Төмендегінің қайсысы жұмыс күші қозғалысы интенсивтілігінің
көрсеткіші болып табылады?
1) жұмысқа қабылданған қызметкерлердің саны;
2) жұмыстан босатылғандардың саны;
3) жұмыссыздықтың деңгейі;
4) қызметкерлердің орнын басу коэффициенті;
5) қызметкерлердің орташа тізімдік саны.
16-тақырып. Ұлттық байлық статистикасы 321
16.1.
Ұлттық байлық ұғымы,
оның құрамы
Елдің ұлттық байлығы – елде белгіленген уақыт кезінде (жыл соңында)
жинақталған, тауар өндіру, қызмет көрсету жəне адамдардың өмір сүруін
қамтамасыз етуге арналған экономикалық активтердің: қаржылық емес
жəне таза қаржылық активтердің жиынтығы. Экономикалық актив – бұл
меншік құқығы таратылатын жəне иеленуші оны иеленуден экономикалық
пайда (келешекте табыс) алатын объект. Экономикалық активтердің ҰШЖ
əдістемесіне сəйкес құрамы мен олардың жіктелімі 16.1-кестеде келтіріл-
ген. Экономикалық активтер қолданылуы нысаны бойынша қаржылық
жəне қаржылық емес активке жіктеледі.
Қаржылық активтер қаржылық емес активтерден айырмашылығы
олардың көпшілігі басқа институционалдық бірліктерге талап қояды,
яғни оларға институционалдық бірліктердің арасында орнайтын шартты
дебиторлық-кредиторлық қатынастардың негізіндегі қаржы міндеттеме-
лері қарсы тұрады. Қаржы лық активтер институционалдық бірліктердің
арасындағы шарттық дебиторлық-кредиторлық қатынастардың негізіндегі
қаржылық міндеттемелерден пайда болады. ҰШЖ сəйкес қаржылық актив-
тер мына екі өлшем бойынша жіктеледі:
1) құқықтық сипаттамалар, яғни кредитор мен қарыз алушының өзара
қарым-қатынастарының сипаттамалары;
2) өтімділік – бұл активтің айналымдылығы, оны беру, айырбастау
мүмкіндігі немесе активтің ақшаға айырбасталу жеңілдігі.
Монетарлық алтын, қолма-қол ақша мен аударылатын депозиттер ең
өтімді, ал сақтандыратын техникалық резервтер мен өзге шоттар ең өтімсіз
болып табылады.
1. Монетарлық алтын ақша-кредит мекемелерінде қаржылық актив
немесе халықаралық резерв түрінде сақталатын алтын. Оған «құндылықтар»
тобына жататын өнеркəсіптік пайдалануға арналған алтын кірмейді.
16-òà¿ûðûï
ҰЛТТЫҚ БАЙЛЫҚ
СТАТИСТИКАСЫ
21 – 3/10-09
322 IІ БӨЛІМ. Əлеуметтік-экономикалық статистика
Монетарлық алтын құрамы 995/1000 сынамасындағы монета, құйма жəне
кесек түрінде болады, ол Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) кепіл-
дік сертификатымен расталады. Монетарлық алтын – Қазақстан Респуб-
ликасы Ұлттық банктің немесе орталық үкіметтің ғана қаржылық активі,
халықаралық төлем құралы жəне оның иесінің мекемелік қарыз алушы-
сы болмайды. Мысалы, монетарлық алтын сатып алу ұлттық қаржылық
органның (ҚР Ұлттық банктің) қаржы есебінде активтің ұлғаюы жəне
əлемнің қалған елдерінің қаржылық есе бінде тиісінше активтердің азаюы
ретінде жазылады.
16.1. Ұлттық байлықтың құрамына кіретін экономикалық активтердің
ҰЖШ əдістемесі бойынша жіктелуі
Қаржылық емес активтер
Қаржылық активтер
1. Өндірілген
П. Өндірілмеген
1.1. Материалдық
2.1. Материалдық
1. Монетарлық алтын
1.1.1. Негізгі капитал
2.1.1. Жер
2. Қарыз алуға берілетін
арнайы құқықтар
1.1.2. Материалдық айналым
капиталының запасы
2.1.2. Жер қойнаулары 3.
Қолма-қол ақша
1.1.3. Құндылықтар
2.1.3. Культивациялан-
байтын биологиялық
ресурстар
4. Депозиттер
2.1.4. Жер астындағы су
ресурстары
1.2. Материалдық емес (негізгі)
капитал
2.2. Материалдық емес 5.
Акцияларды қоспағанда
бағалы қағаздар
1.2.1. Геолгогиялық барлау
жəне бұрғылау жұмыстарына
жұмсалғын шығын
2.2.1. Патенттелген
экономикалық объектілер
6. Займдар (несиелер)
7. Акциялар мен капиталға
үлестік қатысудың басқа
түрлері
1.2.2. Компьютерлік
бағдарламалық
қамтамасыздандыру
2.2.2. Қаржылық
емес активтерді
немесе басқа берілген
келісімшарттарды,
сатып алынған іскерлік
байланыстарды,
«гудвилдерді» жəне т.б.
жалға алу құқығы
8. Техникалық сақтандыру
объектілері
1.2.3. Көңіл көтеретін əдеби
жəне көркем туындылардың
түпнұсқалары
9. Дебиторлар мен
кредиторлардың өзге
шоттары
2. Қарыз алуға арнайы құқықтар (ҚАҚ) ХВҚ құратын халықаралық
резерв активтер. ҚАҚ жасалатын операциялар осы елдің жəне əлемнің
қалған елдерінің қаржы органдарының қаржылық есептерінде тиісінше жа-
зылады. ҚАҚ-ты тек ресми органдар, əдетте ХВҚ мүше-елдердің орталық
банктері ұстайды. Осы құқықтар ХВҚ қарыз алу құқықтары департамен-
тіне кіретін бір қатысушылардан басқаларға жəне ХВҚ белгілеген басқа
16-тақырып. Ұлттық байлық статистикасы 323
кейбір ұстаушылардан басқа ұстаушыларға беріледі. ҚАҚ əрбір ұстаушыға
басқа резерв активтерді, атап айтқанда шетел валютасын алуға кепілді жəне
шүбəсіз құқығын береді. ҚАҚ құны күн сайын валюта себеті (корзина) не-
гізінде анықталады.
3. Қолма-қол ақша айналыстағы жəне төлем құралы ретінде пайдала-
нылатын банкнота мен тиындардан (іс жүзінде айналыста пайдаланылмай-
тын ескерткіш монеталарды (тиындарды) қоспағанда) тұрады. Ұлттық жəне
шетел валютасындағы қолма-қол ақша барлық секторларда актив ретінде
болады. Айналысқа шығарылған қолма-қол ақша оны шығарған сектордың
міндеттемесі болып саналады.
4. Депозиттер – кəсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың,
халықтың салымы. Депозиттер аударылатын (ағымдағы шоттардағы, талап
етілмелі) жəне аударылмайтын (жедел, жинақ ақша) бөлінеді.
5. Бағалы қағаздар – ақшалай, ресми түрде ресімделген құжаттар. Осы
құжаттардың иесі оларды табыс ету немесе беру арқылы оларды шығарған
тұлғаға қатысты мүліктік құқықтарын растайды. ҚАҚ-та барлық бағалы
қағаздар келесі екі экономикалық категорияға бөлінеді.
5.1. Акциялар жəне капиталдағы үлестік қатысудың барлық түрлері
(үлестік міндеттемелер) – ол дербес категория ретінде қарастырылады (7).
5.2. Борыштық міндеттеме – қарыз алушы қарыз қаражат алғанда
кредит беретін алынған қарыз жөніндегі мəлімет пен оның шарттары
жазылған құжат. Борыштық міндеттеменің ерекшелігі – бұл оның белгі-
ленген мерзім өткеннен кейін белгіленген табысты қамтамасыз етіп иесі-
не қайтарылатыны. Борыштық міндеттемеге облигациялар, индекстелген
бағалы қағаздар, депозиттік сертификаттар, жекешелендірілген чектер
жатады.
6. Займдар (несиелер) – кредиторлар борышкерге тікелей беретін қар-
жы құралдары. Займ (несие) құжатпен ресімделеді жəне ол берілуге тиіс.
Оларға сауда кредиті мен алынатын жəне төленетін авансты қоспағанда
барлық несиелер мен аванстар жатады. Несиеге тұтынушылық кредит,
сатып алу мен бөліктеп төлеу, несиелер жəне коммерциялық кредитті
қаржыландыру, қаржы лизингі жөніндегі келісім жатады.
7. Акциялар мен капиталдағы үлестік қатысудың басқа түрлері
(пай) – иесінің акционерлік қоғамның меншігіндегі, əсіресе кəсіпорын күй-
зел генде, банкрот болған жағдайда үлесін растайды, сондай-ақ дивиденд
түрінде пайданың бөлігін алу құқығын беретін бағалы қағаз. Өзінің мəні
бойынша акция борыштық міндеттеме болып табылмайды.
8. Техникалық сақтандыру резервтер мекеменің келесі екі түрін
құрайды:
8.1. Сақтандыру мекемелері – өмірді сақтандырумен жəне сақ-
тандырудың басқа түрлерімен (қайғылы оқиғалардан, табысты қолдайтын,
324 IІ БӨЛІМ. Əлеуметтік-экономикалық статистика
автокөлік сақтандыру жəне т.б.) айналысатын компаниялар. Қаржылық
делдал ретінде сақтандыру мекемелері екі түрлі қаржы операцияларына
қатысады:
сақтандыру мекемелері сақтандыру полистерін ұстаушылардың
уақытша бос қаражатын қайта бөледі, сонымен бірге белгілі бір
оқиға орын алғанда сақтандыру төлемін төлеу жөнінде міндеттеме
қабылдайды;
сақтандыру мекемелері меншіктен табыс алу мақсатында сақтан-
дыру резервінің сақтандыру қаражатын инвестициялайды.
8.2. Зейнетақы қорлары жұмысшылар мен қызметкерлерді зейнет-
ақымен қамтамасыз ететін резерв құрады.
9. Дебиторлар мен кредиторлардың өзге шоттары сауда (ком-
мерциялық) кредитіне жұмыс үшін берілетін аванс, өзге дебиторлық
(кредиторлық) берешек жатады. Сауда кредиті тауарлар мен қызметтердің
құнының көлемінде есептеледі. Жұмыс үшін берілетін авансқа орындалған
жұмыс үшін (материалдық айналым капиталы қорының құрамында
аяқталмаған өндіріс ретінде ескерілетін) төленетін аванс немесе əлі орында-
луы тиіс жұмыс үшін төленетін аванс кіреді. Өзге дебиторлық (кредиторлық)
берешекке мерзімінде төленбейтін пайыздардың берешегі жатады.
Қаржылық емес активтерге жатпайтын барлық экономикалық активтер
қаржылық активтерді құрайды.
Қаржылық емес активтер шығу тегіне, «жасалу тəсіліне» қарамастан
өндірілген жəне өндірілмеген активтерге бөлінеді. Өндірілген қаржылық
емес активтер өндіріс процесінде пайда болады. Өндірілмеген қаржылық
емес активтер өндіріс үшін қажет, алайда олар өндіріс өнімі болып табыл-
майды.
Өз кезегінде өндірілген де, өндірілмеген де қаржылық емес активтер
материалдық жəне материалдық емес активке бөлінеді.
Барлық өндірілмеген материалдық активтердің табиғи шығу тегі
болады. Оларға жер (ғимараттар мен құрылыстардың астындағы, культи-
вацияланатын жер, жер жəне онымен байланысты жер үстіндегі су
қоймалары), жер қойнауы (көмірдің, мұнайдың, табиғи газдың, металл
рудаларының, металл емес пайдалы қазбалардың қорлары), культиваци-
яланбайтын биологиялық ресурстар (табиғи орман, жабайы аңдар), жер
астындағы су ресурстары жатады.
Өндірілген материалдық емес активтер – бұл адамның еңбегімен
жасалған жəне қайсы бір тасымалдағышқа жазылған жалпыға жа-
риялы емес ақпаратты білдіреді. Олардың құны тасымалдағыштағы
ақпараттың құнына байланысты. Осындай объектіге геологиялық-бар-
лау жəне бұрғылай жұмыстарына, ЭЕМ-ды компьютерлік бағдарламалық
қамтамасыздандыруға, көңіл көтеру, əдеби жəне көркем шығармалардың
түпнұсқаларына жұмсалатын шығын жатады.
–
–
16-тақырып. Ұлттық байлық статистикасы 325
Өндірілмеген материалдық емес активтер – өндіріс процесінен тыс
жасалатын, ал өндіріс процесіне байланысты бір институционалдық бірлік тен
екін ші бірлікке көшетін заңды, есептік нысандар. Ол патенттер, яғни жалға
алу құқығына немесе басқа да берілетін келісімшарттарға, сатып алынған
іскерлік байланыстарға, «гудвилге» берілетін құқықтар мен авторлық құқық
түрінде іске асырылады.
Өндірілген материалдық қаржылық емес активтер негізгі капиталға,
материалдық айналым капиталы мен құндылықтарға бөлінеді.
Құндылықтар – бұл өндіріс пен аралық тұтынуға арналмаған, өнер-
кəсіпте пайдалануға арналған экономикалық активтер (шикізат пен мате-
риалдан басқа), олар үй шаруашылықтарында, коммерциялық ұйымдарда,
мемлекеттік мекемелерде жинақтау құралдары ретінде сақталады.
Құндылықтар келесі топтардан құралады:
1. Бағалы металдар мен асыл тастар.
2. Антиквариат, өнер туындылары, топтамалар, зергерлік бұйымдар.
Құндылықтар уақыттың өтуіне орай өзінің құнын жоғалтпайды. Олар құн-
ды сақтау құралы ретінде сатып алынып сақталады.
Ұлттық байлықтың көлемін анықтау үшін шот деп аталатын баланс-
тық кестелер, яғни капиталмен жасалатын операциялардың шотының, қар-
жы лық есептің, актив пен пассив көлеміндегі басқа өзгерістер шотының,
қай та бағалау шотының ақпараты пайдаланылады. Ұлттық байлықтың
құрам дас элементтері жылдың басы мен соңындағы актив пен пассивтің
балан сын да көрсетіледі (16.2-кесте).
Достарыңызбен бөлісу: |