Оқулық Алматы 2010 ббк 65. 051 Ш 78



Pdf көрінісі
бет36/63
Дата06.03.2017
өлшемі2,85 Mb.
#7643
түріОқулық
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   63

15-тақырып. Халық жəне еңбек статистикасы        299

Еңбекке қабілетті 

халықтың табиғи 

кету коэффициенті 

=

Халықтың табиғи кету саны



× 100

Еңбекке қабілетті халықтың 

орташа жылдық саны

Еңбекке қабілетті 

халықтың көші-

қонмен толығу 

коэффициенті 

=

Еңбекке қабілетті халықтың көші-



қонмен толықан саны 

Еңбекке қабілетті халықтың орташа 

жылдық саны 

Еңбекке қабілетті халықтың 

көші-қонмен кету 

коэффициенті

=

Халықтың көші-қонмен кету саны 



× 100

Еңбекке қабілетті халықтың 

орташа жылдық саны

15.2.3. Жұмыс істейтін халықтың жəне жұмыс 

күші құнының қозғалыс статистикасы

ҰШЖ-де  жұмыспен  қамтылған  (жұмыс  істейтін)  халық  жалдама-

лы  қызметкерлер  жəне  жалдамалы  емес  немесе  дербес  жұмыс  істейтін 

қызметкерлер деп екі категорияға бөлінеді (15.1-сурет). 

Қызметкерді  тиісті  категорияға  жатқызу  оның  сыйақыны  ненің  не-

гізінде алатынына негізделеді. Жалдамалы қызметкерлер – кəсіпорынның 

(ұйымның)  басшысымен  шарт  (келісімшарт)  жасасқан  азаматтар.  Олар 

еңбек шартына сəйкес жұмыс істейді жəне кəсіпорыннан еңбекақы немесе 

лауазымдық жалақы нысанындағы кəсіпорынның қосылған құнының бөлігі 

болып табылатын сыйақы алады. 

Жалдамалы емес қызметкерлер (өздері дербес жұмыс істейтіндер) – үй 

шаруашылықтары мүшелерінің корпоративтік емес кəсіпорындарында та-

быс  алатын  кəсібі  бар  немесе  өздерінің  есебінен  дербес  жұмыс  істейтін 

азаматтар. Ол еңбек шартын жасамай жұмыс істей отырып, еңбекақы емес 

аралас табыс нысанындағы сыйақысын алады. 

ҰШЖ-де  жалдамалы  қызметкерлер  əлеуметтік  мəртебесі  бойынша 

жұмысшылар  мен  қызметкерлер  деп  аталатын  екі  категорияға  бөлінеді. 

Жұмысшыларға материалдық құндылық шығарумен айналысатын, жөндеу 

жұмыстарын  орындайтын,  жүктер  мен  жолаушыларды  тасымалдайтын 

жұмыскерлер жатады. Қызметкерлердің үш тобы, яғни басшылар, маман-

дар (инженерлік-техникалық, экономикалық, агрономиялық) жəне басқа да 

қызметшілер  (құжат  дайындаумен  жəне  ресімдеумен  айналысатын,  есеп, 

бақылау жүргізетін, техникалық қызмет көрсететін) болады. 


300       IІ БӨЛІМ. Əлеуметтік-экономикалық статистика

Жұмыс күші қозғалысының абсолюттік көрсеткіштері: 

осы кезеңде жұмысқа қабылданған қызметкерлердің саны; 

осы кезеңде жұмыстан босатылған қызметкерлердің саны.

Жұмыс  күші  қозғалысы  интенсивтілігінің  қатысты  көрсет кіш-

тері:

Жұмысқа қабылдау 

айналымының 

коэффициенті 

=

Жұмысқа қабылданған 



қызметкерлердің саны 

× 100


Қызметкерлердің орташа тізімдік саны 

Жұмыстан кету 

айналымының 

коэффициенті

=

Жұмыстан барлық себептер бойынша кеткен 



қызметкерлердің саны 

× 100


Қызметкерлердің орташа тізімдік саны 

Жұмыс күшінің 

орнын басу 

коэффициенті 

=

Кезеңде жұмысқа қабылданған 



қызметкерлердің саны 

× 100


Кезеңде барлық себептер бойынша жұмыстан 

босатылған қызметкерлердің саны

Егер орнын басу коэффициентінің мағынасы 100%-дан асса, онда бұл 

қызметкерлердің  жұмыстан  босатылуына  байланысты  жұмыс  күшінің 

ысырабы  толықтай  өтелетінін  жəне  жаңа  жұмыс  орындары  пайда  бола-

тынын  білдіреді.  Егер  орнын  басу  коэффициентінің  мағынасы 100%-дан 

аз  болса,  бұл  керісінше,  қызметкерлердің  жұмыстан  босатылуына  байла-

нысты  жұмыс  күшінің  ысырабы  өтелмейтінін  жəне  жұмыс  орындарының 

қысқартылатынын білдіреді. 

Мамандардың 

тұрақсыздық 

коэффициенті 

=

Өз тілегі бойынша, жұмысқа келмегені жəне 



еңбек тəртібін бұзғаны үшін жұмыстан 

босатылғандардың саны

× 100

Қызметкерлердің орташа тізімдік саны



Тұрақтылық

(мамандардың 

орнықтылық) 

коэффициенті 

=

Бүкіл есепті кезеңде тұрақты жұмыс істеген 



қызметкерлердің саны 

× 100


Қызметкерлердің кезең соңындағы тізімдік саны 

Жұмыс  уақытының  көрсеткіштері.  Жұмыс  уақыты  –  қызметкер 

жұмысты немесе басқа да еңбек міндеттерін орындаған немесе орындауға 



15-тақырып. Халық жəне еңбек статистикасы        301

тиіс  уақыттың  ұзақтығы.  Жұмыс  кезеңінің  ұзақтығы – күнде  (К),  жұмыс 

күнінің ұзақтығы – сағатта (С) есептеледі. Жұмыс уақытына келесі үш ка-

тегория кіреді: 

қалыпты  жұмыс  уақыты  (сағаттық) – заңнамада  немесе  ұжымдық 

шартта  белгіленген  жұмыс  уақытының  ұзақтығымен  анықталады, 

кезеңдегі жұмыс күнінің жəне күндегі (аптадағы) сағаттың санымен 

өлшенеді; 

қалыпты  (жұмыс  уақытынан  тыс)  жұмыс  істелген  жұмыс 

уақыты – көтеріңкі  ставкамен  төленеді  жəне  осы  кəсіпорындағы 

жұмысшыларды осы санаты үшін ерекше болып саналады;

нақты жұмыс істеген уақыт – қалыпты жұмыс уақыты ішінде жəне 

жұмыстан тыс уақытта істелген уақыт; оған – жұмыс орнына қызмет 

көрсету  жəне  жұмысқа  дайындау  үшін  сол  жерде  өткізген  уақыт, 

кызметкердің  қалауынан  тыс  жұмыс  орнында  жұмыссыз  тұрған 

уақыт,  жұмыс  кезінде  демалу  үшін  бөлінген  қысқа  үзіліс  уақыты; 

күнмен саналатын – жұмысқа нақты шыққан күннің саны кіреді. 

Жұмыс  істемеген  уақыт  –  орынды  себептермен  пайдаланылмаған 

уақыт  (ауру,  демалыс  жəне  заңда  рұқсат  берілген  басқадай  себеппен 

жұмысқа шықпау) жəне орынсыз себептермен – жұмыс уақытын жоғалту 

(жұмыссыз тұру, жұмысқа шықпау).



Жұмыс уақытының қоры – жұмысшылардың өнім өндіруге жұмсала-

тын  уақыт  шығыны;  адам-күнмен  (ад.-күн)  жəне  адам-сағатпен  (ад-сағ.) 

есептеледі. 

Күнтізбелік  уақыт  қоры – белгіленген  күнтізбелік  күн  саны  мен 

қызметкерлердің орташа тізімдік санының көбейтіндісі. Адам-күнмен жəне 

адам-сағатпен  есептеледі.  Күнтізбелік  қорды  адам-сағатпен  есептегенде 

адам-күндегі қор жұмыс күнінің орташа қалыпты ұзақтығына көбейтіледі. 

Табельдік  қор  –  демалыс  пен  мереке  күндері  есепке  алынбай  жұмыс 

күндерінің ықтимал санына сəйкес есептелген жұмыс уақытының қоры. 



Жұмыс уақытының барынша көп ықтимал қоры (қолда бар уақыт) – 

еңбек заңнамасына сəйкес белгіленген кезең ішінде жұмыс істеуге болатын 

барынша көп жұмыс уақыты (кезекті демалыс уақыты есептелмеген). 

  Жұмыс  істелген  уақыт  қоры – жұмыс  уақытының  өнім  өндіруге 

жұмсалған  нақты  шығынын  білдіреді.  Ол  жұмыс  уақыты  мен  жұмыстан 

тыс  уақытта  жұмыс  уақытын  пайдаланудың  ағымдағы  есебінің  негізінде 

анықталады.  Жұмыс  істелген  уақыт  қоры  адам-сағатта  жəне  адам-күнде 

есептеледі. 



Жұмыс  уақытын  пайдалану  көрсеткіштері.  Жұмыс  уақытын  пай-

далану  коэффициенттері  –  жұмыс  уақытын  пайдалану  дəрежесін  көр-

сетеді  жəне  жұмыс  уақытының  (күннің  немесе  кезеңнің)  нақты  (орташа) 

ұзақтығының оның белгіленген ұзақтығына қатынасы ретінде есептеледі. 





302       IІ БӨЛІМ. Əлеуметтік-экономикалық статистика

Жұмыс  уақытының  қорларын  (күтізбелік,  табельдік,  барынша  көп) 

пайдалану  коэффициенттері  –  жұмыс  уақытының  қорларын  пайдалану 

дəрежесін көрсетеді жəне жұмыс істелген уақыт қорын жұмыс уақытының 

теориялық  тиісті  ықтимал  қорына  бөлуден  алынған  бөлінді  ретінде 

анықталады. 

Уақыт қорлары

Жұмыс уақытын пайдалану 

1. Күнтізбелік уақыт қоры

2. Мереке жəне демалыс 

3. Табельдік уақыт қоры (1-бет-2-бет)

4. Кезекті демалыстар 

5. Уақыттың барынша көп ықтимал 

қоры 


(3-бет – 4-бет)

6. Нақты жұмыс істелген уақыт, барлығы, оның 

ішінде: 

 6.1.Жұмыс уақыты 

 6.2. Жұмыстан тыс уақыт 

7. Орынды себептермен пайдаланылмаған уақыт 

8. Əкімшілік демалыстар 

9. Жұмыс уақытының ысырабы

 9.1 Əкімшіліктің рұқсатымен жұмысқа шықпау 

 9.2. Жұмысқа себепсіз шықпау 

 9.3. Күні бойы жұмыссыз бос тұру 

 9.4. Ауысым ішінде жұмыссыз бос тұру 

10. Еңбек даулары себебінен жұмысты тоқтату 

11. Барлық жұмыс істелген жəне барлық себептер 

бойынша пайдаланылмаған жұмыс уақыты 

(5 + 6 + 7 + 8 + 9 б.),

оның ішінде жұмыс уақыты шектерінде 

(11-бет – 6.2)



Еңбек өнімділігінің көрсеткіштері. Еңбек өнімділігі – еңбектің еңбек 

шығынының  бірлігіне  өнімнің  белгіленген  санын  өндіру  қабілеті.  Өнімді 

статистиканың  жалпы  теориясы  тарауында  қарастырылғандай  натуралды 

(заттай),  шартты  жəне  ақша  бірлігінде  өлшеуге  болады.  Еңбек  шығыны 

еңбек түрінде, яғни адам-сағатта, адам-күнде, жұмыс істейтіндердің немесе 

жұмысшылардың (адам) санымен есептеледі. 



Қоғамдық еңбектің өнімділігі – ЖІӨ-нің экономикалық белсенді орта-

ша жылдық санына қатынасы ретінде анықталады. 

Еңбек  өнімділігінің  көрсеткіштері  тікелей  жəне  кері,  табиғи  жəне 

құндық, жеке жəне жалпы (жиынтық), еңбек өнімділігінің динамикасы мен 

факторларының көрсеткіштеріне (индекстері) бөлінеді. 

Еңбек өнімділігінің тікелей көрсеткіші 

)

( – еңбек шығынының бір-



лігін өндіруге жұмсалған еңбектің мөлшері. 

Еңбек өнімділігінің кері көрсеткіші – жұмсалған еңбек (t) – өнім бір-

лігін өндіруге жұмсалған еңбектің мөлшері. 

Еңбек  өнімділігінің  натуралды  (заттай)  көрсеткіштері – жұмыс 

уақытының  бірлігінде  немесе  бір  қызметкер  өндірген  өнімнің  натуралды 

(заттай)  түрдегі  (

q

)  мөлшері.  Ел  деңгейінде  немесе  жекелеген  өндірістің 

деңгейінде біркелкі өнім түрлері бойынша ғана есептеледі. 


15-тақырып. Халық жəне еңбек статистикасы        303

Еңбек өнімділігінің құндық көрсеткіштері – жұмыс уақыты бірлігінде 

немесе бір қызметкер өндірген өнімнің құны. 

Еңбек өнімділігінің жеке көрсеткіштері – нақты жұмысшының белгі-

ленген уақыт кезеңінде істеген нақты жұмыс түрінің өнімділігін көрсетеді. 

Еңбек өнімділігінің жалпы (жиынтық) көрсеткіштері – көп жұмысшы-

лардың  (жұмыс  істеушілердің)  осы  уақыт  кезеңінде  бір  немесе  бірнеше 

жұмыс түрін істеген кездегі өнімділігін көрсетеді. Жұмысшының (қыз мет-

кердің) жұмыс уақыты бірлігіндегі орташа өнімділігі ретінде есептеледі. 

Орташа сағаттық өндірім – жұмысшы бір сағат нақты жұмыс істеп 

өндірген  өнімнің  орташа  көлемі.  Кезең  ішінде  өндірілген  өнім  көлемінің 

осы кезеңде жұмысшы істеген адам-сағат санына қатынасы ретінде есеп-

теледі. 


Орташа күндік өндірім – бір жұмыс күні ішінде өндірілген өнімнің ор-

таша көлемі. Кезең ішінде өндірілген өнімнің көлемі кəсіпорынның барлық 

жұмысшылары  нақты  жұмыс  істеген  адам-күн  санына  қатынасы  ретінде 

есептеледі. 



Жұмысшының  (қызметкердің)  орташа  айлық  (тоқсандық,  жылдық) 

өндірімі – бір  жұмысшы  (қызметкер)  ай  (тоқсан,  жыл)  ішінде  өндірген 

өнімнің орташа көлемі. Ай (тоқсан, жыл) ішінде өндірілген өнім көлемінің 

тиісті кезеңдегі жұмысшылардың (қызметкерлердің) орташа тізімдік саны-

на қатынасы ретінде есептеледі. 



Өнімділіктің  жеке  индексі  –  жұмысшылардың  өндірімінің  жеке  көр-

сеткіштерінің  немесе  өнімнің  нақты  түрін  өндіруге  жұмсалатын  еңбектің 

өзгеруін көрсетеді. 

Өнімділіктің  жиынтық  (жалпы  жəне  топтық)  индекстері – 

жиынтықтың  (кəсіпорынның,  өңірдің,  елдің  барлық  жұмысшыларының, 

жұмыс  істейтіндерінің)  барлық  бірлігі  өнімділігінің  бірлесіп  өзгеру 

нəтижесін  көрсетеді. «Экономикалық  қызмет  нəтижелері  тиімділігінің 

статистикасы»  тақырыбында  қарастырылған  индекстердің  формулалары 

бойынша есептеледі. 



Жұмыс  күші  құнының  көрсеткіштері.  Жұмыс  күшінің  құны 

қызметкердің жəне оның отбасының күнкөріс құнын білдіреді. Кəсіпорын 

жұмыс күшіне жұмсайтын шығынның құнына: 

еңбекақы  қоры  (кəсіпорын  қызметкерлерге  еңбекақы  төлеу  үшін 

ақшалай жəне натуралды (заттай) нысанда есептеген сома); 

кəсіпорынның  қызметкерлер  тұратын  тұрғын  үйге  жұмсайтын 

шығыны; 

қызметкерлерді əлеуметтік қамтамасыз етуге жұмсалатын шығын; 

кəсіптік оқытуға жұмсалатын шығын;

мəдени-тұрмыстық қызмет көрсетуге жұмсалатын шығын;

жұмыс күшін пайдаланумен байланысты шығын;







304       IІ БӨЛІМ. Əлеуметтік-экономикалық статистика

жұмыс күшін ұстауға арналған басқа да шығыс (жұмыс орнына ке-

луді  төлеу,  тегін  берілген  формалық  киім-кешектің,  сүттің,  тамақ 

өнімдерінің құны, іссапар шығындары жəне т.б.) кіреді. 

Жалдамалы  қызметкерлерге  еңбекақы  төлеу  сияқты  ең  маңызды 

көрсеткіш əлеуметтік-экономикалық нəтижені, кəсіпорын қызметінің, эко-

номика салаларының тиімділігін көрсетеді. 

ҰШЖ-де  жалдамалы  қызметкерлерге  еңбекақы  төлеу  жұмыс  беруші 

жалдамалы қызметкерге есепті кезеңде орындалған жұмыс үшін төлейтін 

ақшалай немесе натуралды (заттай) нысандағы сыйақыны білдіреді. Ол екі 

бөліктен тұрады: 

қолма-қол ақшамен жəне табиғи нысанда төленетін еңбекақы;

əлеуметтік сақтандыруға аударылатын аударымның сомасы. 

Еңбекақы  туралы  ақпарат  жұмыс  күшіне  жұмсалатын  шығынды 

анықтау, ҰШЖ-де табыс пайда болатын шотты жəне салааралық балансты 

жасау, сондай-ақ жалпы ішкі өнімді бөлу əдісімен есептеу үшін қажет. 



Қолма-қол ақшадағы еңбекақыға:

жұмыс нəтижелері бойынша жалақы, тариф, ставкалар бойынша не-

гізгі төлем; 

жұмыстан тыс уақыттағы, түнгі уақыттағы, демалыс күндері жұмыс 

істегені үшін төленетін қосымша төлем;

жұмыстың зияндылығы, шет елде жұмыс істегені үшін үстемеақы; 

жыл  сайынғы  еңбек  демалысының  немесе  өндірістің  уақытша 

кідірісіне байланысты төленетін төлем; 

кəсіпорын жұмысының жалпы нəтижелерімен байланысты біржол-

ғы сыйақылар немесе басқа да төлемдер; 

кəсіпорын  беретін  комиссиялық  ақы,  ақшалай  сыйлық,  қызмет 

көрсету үшін шайлық ақы кіреді. 



Ақшалай нысандағы еңбекақыға:

сапарға бару, құралдарға, жабдықтарға жəне т.б.(егер олар аралық 

тұтыну  ретінде  қарастырылса)  жұмсалған  шығысты  өтеу  ретіндегі 

сомалар;


көп  балалы  отбасыларға,  үйлену  тойына,  білім  алуға  берілетін 

жəрдемақы;  ауру,  жарақат  алу,  жүктілік  пен  бала  туу  жөніндегі 

төлемдер;  жұмыссыздық,  мүгедектік,  қайғылы  оқиға  салдарынан 

асыраушысынан айырылуға байланысты берілетін жəрдемақы (егер 

олар жұмысқа қатысты емес жəне əлеуметтік жəрдемақы болса); 

салықтар  (олар  ғимаратқа,  жерге  жəне  өндірісте  пайдаланылатын 

басқа да активтерге салынатын салық ретінде қарастырылады) кір-

мейді.


натуралды (заттай) нысандағы еңбекақы – еңбек үшін тауарлар мен 

қызметтер түріндегі келесі натуралды (заттай) нысандағы сыйақы: 

тамақ пен сусын; 











15-тақырып. Халық жəне еңбек статистикасы        305

үй  шаруашылығының  барлық  мүшелері  пайдаланатын  тұрғын  үй 

қызметтері;

формалы киім, қызметкерлер жұмыс уақытынан тыс киетін арнайы 

киім; 

қызметкерлер жеке пайдаланатын автокөлік қызметтері;



əлеуметтік қамтамасыз ету бағдарламалары бойынша сақтандыруды 

қоспағанда аурудан сақтандыру мен басқа да сақтандыру түрлері; 

теміржолмен  жəне  əуе  жолдарымен  тегін  жүру,  шахтерлерге  тегін 

көмір беру;

жалдамалы  қызметкерлер  мен  олардың  отбасына  спорт  құрылыс-

тарын ұсыну. 



Əлеуметтік  сақтандыруға  аударым  сомалары  олардың  жалдамалы 

қызметкерлеріне қызметкерлердің табысына немесе əл-ауқатына жағымсыз 

ықпал ететін белгілі бір жағдайларда əлеуметтік жəрдемақы алу құқығын 

қамтамасыз етуге арналған. Əлеуметтік сақтандыруға аударым нақты жəне 

шартты түрде есептелген аударымға бөлінеді. 

Əлеуметтік  сақтандыруға  нақты  аударым  жалға  алушылар  жалда-

малы қызметкерлердің пайдасына үшінші тұлғаларға, мысалы, əлеуметтік 

қамтамасыз ету қорларына, сақтандыру корпорацияларына немесе басқа да 

институционалдық бірліктерге аударымды білдіреді. 



Əлеуметтік  сақтандыруға  шартты  түрде  есептелген  аударымды 

жалға алушылар үшінші тараптың қатысуынсыз өз қызметкерлеріне неме-

се олардың асырауындағы адамдарға өз ресурстарынан тікелей аударады. 

Экономика  деңгейінде  жалдамалы  қызметкерлердің  жалпы  еңбек-

ақысына мыналар кіреді: 

институционалдық  резидент-бірліктер  бойынша  резидент-қызмет-

керлерге төлейтін еңбекақы; 

жалға  алушы-резиденттер  бейрезидент-қызметкерлерге  төлейтін 

еңбекақы; 

резидент-институционалдық  бірліктер  резидент-қызметкерлерге 

төлейтін еңбекақы мен шетел елшіліктерімен консулдықтарда жал-

данып жұмыс істейтін, шетелге гастрольге шығатын əртіс жəне т.б. 

Қазақстан  Республикасы  азаматтарын  əлеуметтік  сақтандыруға 

аударым. 



Өзін-өзі тексеруге арналған 

сұрақтар

1. «Тұрақты»  халық», «нақты  халық»  деген  ұғымдардың  арасын-

дағы айырмашылық қандай? 







20 – 3/10-09



306       IІ БӨЛІМ. Əлеуметтік-экономикалық статистика

2.  Халық статистикасында бақылау объектісі не болып табылады? 

3. «Еңбекке  қабілетті  жастағы  халықтың  саны»  жəне  «еңбекке 

қабілетті  жастағы  еңбекке  жарамды  халықтың  саны»  деген 

ұғымдардың арасындағы айырмашылық қандай? 

4.  ҚР-да 1999, 2009 жылдары  жүргізілген  халық  санақтарында 

бақылау объектісі нің ерекшелігі неде? 

5.  Халық туралы ақпараттың негізгі көздерін атаңыз. 

6.  Халықтың  табиғи  қозғалысының  негізгі  көрсеткіштерін  атап 

көрсетіңіз.  

7.  Халықтың көші-қоны қандай көрсеткіштермен сипатталады? 

8.  Медиананың формуласын, оны пайдалануға қойылатын талаптар-

ды баяндап жазыңыз. 

9.  Халықтың  санын  болжаудың  қандай  статистикалық  əдістерін 

білесіз? 

10.  Экономикалық белсенді халықтың құрамы қандай? 

11.  Халықтың жұмыспен қамтылу деңгейі қалай есептеледі? 

12.  Халықтың  өмірдің  шегіне  жету  кестесінің  маңызына  сипаттама 

беріңіз. 

13.  Еңбекақыға төлемнің қандай түрлері кірмейді? 

14.  Жұмыс күшіне жұмсалатын шығынның құны қалай анықталады? 

Ұсынылатын əдебиет

1.  Гусаров В.М. Статистика. – М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2001.

2.  Методологические  положения  по  статистике. – Алматы:  Агентство 

РК по статистике, 2005.

3.  Социально-экономическая статистика: Учебное пособие / А.М. Елемесо-

ва, К.К. Бельгибаева, Е.М. Кииков, Г.М. Молдакулова. – Алматы: Эконо-

мика, 1999.

4.  Статистика: Учебное пособие / Под ред. В.Г. Ионина. – М.: ИНФРА-М, 

2003.

5.  Экономическая статистика: Учебник/ Под ред. Ю.Н. Иванова. – М.: ИН-

ФРА-М, 1999.

6.  Демографический  ежегодник  Казахстана. 2004. – Алматы:  Агентство 

РК по статистике, 2005.

7.  Казахстан сегодня. – Алматы: Агентство РК по статистике, 2005.

15.3.

Практикум

15.3.1. Ізденуге арналған сұрақтар

1.  Халық санағында халықтың қай категориялары ескеріледі? 



15-тақырып. Халық жəне еңбек статистикасы        307

2.  Халықтың жалпы қозғалысына қандай процестер кіреді? 

3.  Халықтың  табиғи  жəне  көші-қон  қозғалысының  коэффициенттері 

статистиканың  жалпы  теориясы  курсында  айтылмаған  мөлшердің  қай 

түріне жатады? 

4.  Еңбекке қабілетті халықтың ұдайы өндіріс көрсеткіштері қалай есептеледі? 

5. «Жасты жылжыту» əдісінің кемшілігі неде? 

6.  Халықтың табиғи жəне көші-қон қозғалысы болжаудың қай түрінде ес-

керіледі? 

7.  Статистикада кім жұмыссыз болып саналады? 

8.  Орташа шама формуласы неге байланысты таңдалады? 

9.  Хронологиялық  орташа  формуласы  бойынша  есептеу  үшін  халықтың 

саны туралы қандай мəлімет қажет? 

10.  Халықтың  өсу  қарқынының  орташа  шамасын  есептегенде  орташа 

шаманың қай формуласы қолданылады? 

11.  «Халық», «экономикалық белсенді халық», «экономикалық белсенді емес 

халық» деген ұғымдардың саны мен сапасының ерекшеліктерін атаңыз. 

12.  Жұмыс күшінің құны деген не? 

13.  Еңбекақы қандай бөліктерден, элементтерден құралады?  

14.  Еңбекақыға төлемнің қандай түрлері кірмейді? 



15.3.2. Типтік есептерді шешу мысалдары

1 - м ы с а л .   Халық  санағы  жүргізілген  сыни  сəтте  келесідей  жағдай  қал-

ыптасты: 

–  Алматы  қаласындағы  Мақатаев  көшесіндегі  көпқабатты  №75  үйде 300 

адам тұрақты тұрады;

–   Алматы қаласының азаматы А.Ж. Төреханов туристік жолдамамен Түркияға 

3  апта  мерзімге  кетті.  Сонда  санаушы  А.Ж.  Төрехановты  тұрақты  жəне 

нақты тұрғынға жатқызып жазуға міндетті (өйткені санақ тек ҚР аумағын 

ғана қамтиды);

–  Алматы қаласының азаматы И.С. Иванов əйелімен екеуі Астана қаласына 

10  күн  мерзімге  іссапарға  кеткен.  Бұл  жағдайда  Алматы  қаласының  са-

наушысы  Ивановтарды  тұрақты  жəне  уақытша  жоқ  ретінде,  ал  Астана 

қаласының санаушысы – уақытша тұратын жəне нақты тұрғын ретінде тір-

кейді; 

–  Ақтөбе қаласының азаматы П.С. Квон осы үйдің № 28 пəтерінде тұратын 



туыстарына үш күнге қонаққа келді. 

Осыған ұқсас есептерді келесідей баланстық кесте түрінде шешкен қолайлы: 

 

Көрсеткіш



ТХ

УКелг. УКетк. НХ

1

2

3



4

5

1. Тұрақты нақты тұратын, адам



300

-

-



300

2. Төреханов А.Ж Түркияға туристік жолдамамен кетті

1

-

-



1

3. Иванов И.С. əйелімен Астана қаласына іссапарға кетті

2

-

2



-

4. Квон П.С. Ақтөбе қаласынан №28 пəтерге үш күнге қонаққа 

келді

-

1



-

1

Жиыны



303

1

2



302



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет