Халықаралық ғылыми-көпшілік журнал Международный научно-популярный журнал



Pdf көрінісі
бет18/50
Дата06.03.2017
өлшемі4,75 Mb.
#7753
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   50

Байжуманов Болат Шаймерденович
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ аға оқытушы, Түркістан қаласы
Анарбаев Алмас Казбекович
п.ғ.к.,  Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ доценті, Түркістан қаласы
ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Түйін. Мақалада үдерістің тиімділігі дене мәдениетіне оқытып, үйретудің әдістері мен құралдарының қайсы 
түрін қолдану адам ағзасының биологиялық ерекшеліктері мен спорттық медицина талаптарын білуге, басқа пәндер 
бойынша үлкен білім көлемін меңгеруге, жақсы және өте жақсы жағдайда дене даярлығын бабында сүйемелдеуге, 
алға қойылған мақсатқа сәйкес оқу қызметінің сапасын арттыруға,  білім беру жүйесінде дене мәдениеті жалпы 
педагогикамен тығыз бірлікте болуға, Олар бір-бірін толықтыра отырып, бірегей мақсатқа жетуді, яғни дені және 
жаны сау, рухани бай, жоғары біліктіліктегі мамандар даярлауды жүзеге асыру сипатталған.
Кілтті сөздер: Әдістемелік еңбектерге теориялық талдау жасау, тәжірибелік-экперименттік жұмысы, ста-
тистикалық әдістер.
Резюме. В статье рассматривается эффективность процесса обучения физической культуре, биологические осо-
бенности организма человека и требований спортивной медицины должен знать, какого вида применения методов 
и средств обучения, к усвоению объема знаний по другим предметам, в статье очень хорошо и в хорошем состоянии 
сопровождение физической подготовки, повышение качества учебной деятельности в соответствии с поставленной 
целью, общей педагогики физической культуры в системе образования в тесном единстве быть, Они друг друга до-
полняя, уникальное достижение цели, т. е. здоровых физически и на душе, духовно богатой, описанных осуществлять 
подготовку специалистов высокой квалификации.
Ключевые слова: Создание методических трудах теоретического анализа, опытно-экперименттік работа, ста-
тистические методы.
Summary.  The article discusses the efficiency of the process of teaching physical culture, the biological characteristics of 
the human body and requirements of sports medicine should know what type of methods and means of learning, to assimilate 
knowledge in other subjects, the article is very good and in a good state of maintenance of physical preparation, improvement 
of quality of educational activity in accordance with the purpose, General pedagogy of physical culture in the education system 
in close unity, complementing each other, achieving a unique goal, i.e. healthy physically and on the soul, spiritually rich, and 
described to carry out preparation of specialists of high qualification.
Keywords: Creation of methodological papers theoretical analysis, experimental experiments work, statistical methods.
Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерін-
дегі  білім  беру  үдерісі  қосымша  спорттық  білім 
беру  үдерісі  ретінде  қарастырылады.  Спорт  мек-
тептеріндегі қосымша спорттық білім берудің мақ-
саттары келесі міндеттерді жүзеге асыруды алдын 
ала айқындайды:
• спорттық қызметтің қандай да бір қызықты-
ратын  түрлерінің  есебінен  негізгі  білім  түрлерін 
дамыту;
•  шұғылданушыларды  (оқушы,студент)  толық 
жабдықталған,  қолайлы,  қуаныш  сезімі  ұялай-
тын, яғни «күтілмеген нәтижелі жағдай» және қа-
рым-қатынасты  жақсаратын  ортамен  қамтамасы-
здандыру;
• дербес білім алу жолын таңдауына көмектесу 
(дене  мәдениеті  мен  спортты  меңгеруі  бойынша 
алға жылжу аясы).
Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерін-
дегі  қосымша  спорттық  білім  берудің  әлеуметтік 
маңыздылығы жеке тұлғаның кешенді дамуы мақ-
саттарының  келесі  кешенімен  қамтамасызданды-
рылады:
• қосымша бағдарламалар арқылы іске асыры-
латын танымдық дамумен;
• жеке тұлғалар арасындағы өзара қарым-қаты-
нас тәжірибесі кіретін, әлеуметтік бейімделумен;
• әлеуметтік бастамалардың дамуымен;
•  кәсіби  (профильді)  бағдарламалар  арқылы 
спорттық  қызметті  сапалы  түрде  және  нәтижелі 
таңдаумен;
•  спорттық  дайындықты  кәсібилікке  дейін 
бағдарлаумен;
• әртүрлі спорт түрлерінен деңгейі мен мазмұ-
ны  бойынша  әртүрлі  бағдарламаларды  меңгеру 
арқылы оқушылардың шығармашылық потенциа-
лын ашумен;
•  бос  уақытты  ұйымдастырудың  құралдары 
мен  формаларын  таңдауға  мүмкіндік  туғызатын 
бағдарламалардың  әртүрлігі  бейнедегі  танымдық 
проблемалар  жиынтығы  (пролематика)  бойынша 
жалпы  мәдениетті,  оның  ішінде  қызметтік  бос 
уақытты тиімді өткізу мәдениетін дамытумен бай-
ланысты.
Білім  беру  мақсаттары  өзінің  дамуын  оқу  ма-
териалының  мазмұнынан  оқыудың  білім  беру 
бағдарламаларын дұрыс құрудан алады. Дене мә-
дениеті мен спорт саласындағы спорт мектептерін-
де қосымша білім беру бағдарламасының мазмұны 
мыналарды алдын-ала қарастырады:
  •  жеке  тұлғаның  спорттық  шығармашылыққа 
және спорттағы өз қажеттіліктерін орындау моти-
вацияларын дамыту;

120
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
•  оқушылардың  қарым-қатынастық  қабілет-
терін, дербестігін, жеке мәдениетін дамыту;
•  шұғылданушылардың  (оқушы,студент)  дене 
және ақыл,ой дамуын түзету;
• балалар мен жас жеткеншектердің асоциаль-
дық мінез-құлық, іс әрекетінің алдын алу шарала-
ры.
Дене  мәдениеті  бойынша  балалар  мен 
жасөспірімдер спорт мектептерінде жеке тұлғаның 
өзін-өзі еркін анықтау аясы ретінде қосымша білім 
беруді  тиімді  ұйымдастырудың  жағдайы  оқушы-
лардың  білім  алу  қажеттіліктерінің  мотиві  мен 
мазмұны бойынша әртүрлі қанағаттандыратын ва-
риативті және дифференциалды оқу бағдарламала-
рын жүзеге асыру болып табылады.
Шұғылданушылардың  басты  қажеттіліктеріне 
мыналар жатады:
•  оқушылардың  өздерінің  жеке  қабілеттерін 
тамытуға, сол сияқты олардың өз таңдаған спорт-
тық  қызметіне  қызығушылығы  өздігінен  жүзеге 
асыруға,  өзін-өзі  жетілдіруге  және  өзін-өзі  дамы-
туға ұмтылуы ретінде алдын ала келісілген шығар-
машылық (креативті) қажеттіліктер;
•  спорт  түрлері  бойынша  негізгі  білім  беру 
бағдарламасына кірмейтін білім көлемін арттыруға 
ұмтылумен анықталатын спорт мектебі оқушыла-
рының танымдық қажеттіліктері;
•  өз  қатарларымен,  ересектермен,  әріпте-
стерімен,  педагогтармен,  жоғары  дәрежелі  спорт-
шылармен  қарым-қатынаста  жүзеге  асырылатын, 
коммуникациялық (қатынастық) қажеттіліктер;
• қосымша білім алу нәтижесінде жеке пробле-
маларын  шешу  қызығушылығымен  пайла  бола-
тын, оқып, үйрену немесе қарым-қатынас аясында 
жатқан компенсаторлы қажеттіліктер;
• кәсіпке дейінгі және кәсіби спорттық дайын-
дыққа  белгілеумен  байланысты  кәсіби  бағдарлық 
прогматикалық қажеттілік;
•  қол  бос  кездерді  мазмұнды  ұйымдастыруға 
ұмтылумен байланысты бос уақыт қажеттілігі.
Оқу  материалдарының  мазмұнында  шұғыл-
данушылардың  (оқушы,  студент)  жоғарыда  көр-
сетілген қажеттіліктерді жүзеге асыру барысында 
балалар мен жасөспірімлер спорт мектептеріндегі 
оқу-тәрбие  үдерісін  басқаруды  ұйымдастыруды 
жетілдірудің  негізгі  бағыты  ретінде  нормативтік 
құжаттарды  өңдеп  дайындау  қарастырылуы  мүм-
кін.
Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерін-
де  шұғылданатындарды  спорттық  дайындаудың 
өзгеше  ерекшелігі  бағдарлама  мазмұнына  енген 
барлық  теориялық  білімдер  спорттық  практикада 
сынақтан  өткізіледі,  спорттық  қызметтің  әртүрлі 
салаларында  танымдық,  қатынастық,  әлеуметтік 
өздігінен жүзеге асыру тәжірибесіне ұласады.
Мысал  түрінде  мұндай  дайындыққа  тури-
стік-өлкетану бағытын келтіруге болады.
Практикада  жинақталған  мектептен  тыс,  сол 
сияқты  қосымша  спорттық  білім  беру,  туристік- 
өлкетану  бағыты  қоршаған  әлемді  іс  жүзінде  та-
нып, білуге мазмұндық түрі бойынша оқушылар-
ды  қызықтырып,  тартудың  ұқсастарын  жеткілікті 
дәрежеде шартты айырмалайды.
Туризм 
және 
өлкетану 
оқушыларды 
тұрғылықты  ортасының  (аймақ,ел)  табиғат  және 
мәдени ерекшеліктерін түсінудің өзара толықтыра-
тын екі жолы болып табылады.
Туризм мен өлкетануға бөлінуінің шарттылығы 
аймақтың  табиғат  және  мәдени  ерекшеліктері 
есепке  алынып  туристік  жұмыстардың  құрылуы 
бағдарламадағы  жалпы  жорықтардың  санымен 
байланыстырылады, ал өлкетану жұмыстары өзіне 
туристік жұмыстардың жорық, саяхат сияқты түр-
лерін ендіреді.
Сол сияқты туризм мен өлкетанудың бір бағыт 
аясындағы өзара толықтырылуы практикалық-қол-
данбалы, сол сияқты жұмыстар орындалатын елді 
мекенде  игеру  тәсілдері  бойынша  әртүрлі  қажет-
тіліктерін  қанағаттандыру  үшін  жағдай  жасауды 
қамтамасыз етеді.
Қосымша білім беру бағыты ретінде туризмнің 
негізінде спорттық қондарғыларды пайдаланумен 
әртүрлі  дәрежедегі  күрделілікпен  жорықтар  мен 
саяхаттар ұйымдастыруда жатыр.
Туризм  бойынша  бағдарламалар  кәсіби  кол-
ледждер мен кәсіби мектептердің оқушылары мен 
орта  және  жоғары  сынып  жасындағы  балаларға 
басымырақ  белгіленіп,  есептелген.  Бағдарлама-
лар оны дайындаған жетекшілердің мамандығына, 
оқушылардың қызығушылық ынтасына, жергілікті 
жағдайларға барынша әртүрлі бағыттағы бейнеде 
болуы мүмкін.
Солай  болғанмен  туризм  бойынша  бағдар-
ламалардың  көпшілігі  техникалық  қауіпсіздік 
ережелері  мен  алғашқы  медициналық  көмекті, 
тұрғылықты  жерді  бағдарлау  ережелерін  меңге-
руден тұратын жорыққа және саяхатқа теориялық 
және  практикалық  дайындықты  ендіреді.  Туризм 
бойынша  бағдарламалар  дене  дайындығы,  спорт-
тық  жаттығуларды  өткізу  бойынша  шығылдану 
сабақтарын алдын ала қарастырады. Туризм бой-
ынша  бағдарламаның  мазмұнында  сонымен  бірге 
оған туған өлкені таныстыратын туристік мүмкін-
діктері мен өлкетануды практикалық-бағдарлаудан 
білімі болуы да кіреді.
Өзінің  бағыттылығы  бойынша  балалар  мен 
жасөспірімдер спорт мектептерінің педагогикалық 
бағдарламалары  негізгі  үш  түрге  бөлінуі  мүмкін: 
білім беру, оқу және бос уақытты тиімді пайдалану.
Мұндай  бағдарламаның  идеологиясы  төтенше 
әртүрлі бейнеде, оның негізгі сипаттамалары келе-
сі үлгілік құрылымда ұсынылуы мүмкін:
•  жасы  бойынша:  мектеп  жасына  дейінгілер, 
бастауыш,  орталау,  орта  мектеп  оқушылары  мен 
жасжеткеншектер үшін;
•  жынысы  бойынша:  аралас,  ер  балалар  үшін, 

121
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
қыздар үшін;
•  созылу  ұзақтығы  бойынша:  бір  жылдық,  екі 
жылдық және т.б.;
•  іске  асыру  формалары  бойынша:  топтық, 
жеке;
• спорттық қызмет түрі бойынша.
Спорттық  қызмет  түрі  бойынша  балалар  мен 
жасөспірімдер  спорт  мектептерінің  спорттық 
бағдарламалары мамандық саласы және көп сала-
лы болып бөлінеді.
Меңгеру  деңгейі  бойынша  бағдарламалар 
мыналарға бөлінеді: жалпы мәдени, тереңдетілген, 
кәсібі бағдарланған және т.б.
Қосымша  спорттық  білім  беру  бағдарламасы-
ның бірқатар жіктелуі бар.
Бағдарламалық  жобалауды  бастауға  кірісер 
алдында педагогқа бағдарламаның «негізгі бағыт-
тылығын»  бірден айқындау ұсынылады.
Әдетте бағдарламаның мына төрт түрі айырма-
ланады: 
Бағыт көрсету, хабардар ету. Мұндай бағдарла-
малардың негізгі бағыты балалардың дене мәдени-
еті  мен  спорттың  қандай  да  бір  саласы  бойынша 
жеке  тұлғалық  хабардарлық  бағдарын  қалыпта-
стырумен байланысты.
Маңызды, күрделі, іргелі: Мұндай бағдарлама-
лардың мақсаты – қандай да бір спорттық саладан 
маңызды білімді меңгеру.
Қолданбалы  (технологиялық).  Бұл  бағдарлама 
түрінің басты мәні қандай да бір спорт түрі бой-
ынша балалардың белгілі бір қызмет тәсілдері мен 
біліктіліктер  жиынтығын  меңгеруі  үшін  жағдай 
жасау болып табылады.
Ақпараттық. Курстың мақсаты - әрбір баланың, 
жасөспірімнің иелігіне қандай да бір спорт саласы 
туралы  ақпараттар  ағымын  беруге  мүмкіндік  жа-
сау.
Бос  уақытын  тиімді  өткізу  бағдарламалары  – 
бұл  бағдарламалар  спорт  мектептерінде  тұрақты 
негізде  оқитын  тәрбиеленушілерге,  сол  сияқты 
шұғылдануға  кезеңдермен  қатысатындарға  арна-
лады.
Қазіргі кезде балалар мен жасөспірімдер спорт 
мектептеріндегі  спортшыларды  дайындаудың  іс 
тәжірибесінде балалардың бос уақыттарын тиімді 
пайдалану бағдарламасына үлкен маңыз берілуде.
Бұл  бағдарлама  балалардың  жалпы  көпшілік 
спорттық мерекесі ретінде ұйымдастырылуы, және 
аз  адаммен  орындалатын  сипатта  (камералы)  бо-
луы да мүмкін.
Бос  уақытты  тиімді  пайдалану  бағдарлама-
ларының  мазмұн  мен  ауқымдылығы  бойынша 
ұйымдастырушы  ретінде  жекелеген  жаттықты-
рушылардың,  педагогтардың  қатысулары  мүмкін. 
Балалар  бұл  бағдарламаларға  барлық  уақытта 
белсенді  қатысады,  олардың  ішінен  қабілеттерін 
дұрыс педагогикалық басшылыққа сәйкес ұйымда-
стырушылық міндет жүктелуі мүмкін. Балалардың 
бос  уақытын  тиімді  өткізу  бағдарламалары  ба-
лар ұжымдарында тәрбиеленушілердің олар үшін 
бағдарламаға  дайындалып,  қатысу  өз  сапаларын 
дамытудың маңызды қозғаушы күші болып табы-
латын  шығармашылық  жетістіктерін  көрсетеді. 
Бос уақытты ұтымды өткізу жеке тұлғаның таным-
дық, қарым-қатынас, шығармашылық аясын еркін 
таңдауы болып табылады.
Басқа қызмет түрлеріне қарағанда балалардың 
бос  уақыттарын  тиімді  өткізу  әлеуметтік  норма-
лармен және ережелермен аз дәрежеде шектелген. 
Солай  бола  тұрса  да  мемлекеттік  және  қоғамдық 
институттардың бұқаралық ақпарат құралдарының 
дәстүрлі  ықпалында  болады.  Бұл  бағдарламаның 
мазмұнына  әртүрлі  әлеуметтік  құрылымдардың 
ықпал  етуі  позитивті  және  қайшы  келуі  мүмкін, 
яғни жеке тұлғаның өзін-өзі көрсету аясының шек-
телуіне немесе керісінше кеңеюіне мүмкіндік жа-
сайды.
Балалар  демалысын  тиімді  өткізудің  потенци-
алы кең ағарту, танымдық, рекреациялық, шығар-
машылық  мүмкігдіктері  болып  табылады,  яғни 
оларды  меңгеру  бос  уақыттың  құрылымы  мен 
мазмұнын байытады, жеке тұлғаның жалпы мәде-
ниетін дамытады.
Бос  уақытты  үйлесімді  тиімділікпен  өткізу 
спорт мектептері қызметінің дәстүрлі бағыты бо-
лып табылады.
Балалардың  бос  уақыттарын  дұрыс  ұйымда-
стыруға терең мағына беріп назар аудару оқушы-
лардың  сабақтан  бос  уақыттарын  оның  жеке 
тұлғалық  дамуына  дұрыс  әсер  ететін  шұғылдану 
түрлерімен және формаларымен толықтыру олар-
дың  жағымсыз  топтарға  қатысу  мүмкіндіктерін 
азайтады, зиянды және қауіпті дағдылардан аулақ 
болуына ықпал етеді.
Бұл бағдарламалар балалардың мектеп жасына 
дейінгілерінен ересектерге дейін барлық жастағы-
лар  санаттары  үшін  жобаланып,  дайындалады. 
Олардың мақсаттары бос уақытты мәдениетті өт-
кізуді  қалыптастырумен  байланысты  мына  мін-
деттер кешенін іске асыруға бағытталған: оқушы-
ларды  ойын,  жарыстар  әлеміне  қызықтырып 
тарту,  таным,  білім  беру,  қарым-қатынас  арқылы 
бос уақытты тиімді пайдалануды ұйымдастырудың 
дәстүрлік және инновациялық тәжірибесін меңге-
ру. Бұл әртүрлі әлеуметтік маңызды нормалар мен 
құндылықтарға жеке тұлғаның бағыттылығын бол-
жалдайды.
Балалардың  сабақтан  бос  уақыттарын  тиімді 
пайдалану  бағдарламаларын  дене  мәдениеті  мен 
спорт саласында потенциалды мүмкіндеріне мына 
тапсырмалар жатады:
• өзін-өзі жетілдіру;
• әлеуметтік-тарихи ортақ мүддегілікке жататы-
нын сапалы ұғыну;
• жалпы адамзаттың адамгершілік құндылықта-
рын сақтау;

122
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
әлеуметтік белсенділік;
• спорттық жоғары жетістіктерге жетуге бағыт-
тылық.
Балалардың  сабақтан  бос  уақыттарын  тиімді 
пайдалануға  арналған  бағдарламалар  білім  беру 
бағдарламаларына  қарағанда  адамның  дене  дай-
ындығын, интелектуалдық, әсерленушілік мүмкін-
діктерін жоғары дәрежеде көрсетеді.
Егер білім беру бағдарламасында қызметтің ба-
сты түрі танымдық қызмет болса, онда демалысты 
тиімді өткізу бағдарламасында оқу-тәрбие үдерісін 
жетілдіруде үлкен маңызға ие ойындық қызмет бо-
лып табылады.
Бос  уақытты  тиімді  пайдалану  бағдарлама-
сындағы  ойындық  қызмет  формалары  барынша 
көп  бейнелі.  Бұларға  мазмұндық-рөлдік  ойын-
дар,  ойындық  еліктеу  (имитациялық)  үлгілеулері, 
демонстрациялық,  театрландырылған  ойындар, 
ойын-конкурстар  жатады.  Бұл  бағдарламаларда 
қазіргі  кездегі  ойындардың  негізгі  түрлері  мен 
тренингтер, яғни оның ішінде мына төмендегілер 
пайдаланылады:
• дене және психикалық;
• интеллектуалдық-шығармашылық;
• әлеуметтік;
• кешенді.
Ойындық  технологиялар  бос  уақытты  тиімді 
пайдалану бағдарламасының көрністік, динамика-
лық сипатын, оның мазмұнын сезіммен қабылдау 
бағдарын алдын-ала анықтайды.
Қорыта айтқанда бұл бағдарламалардың неме-
се  технологиялардың  стандартты  бағдарламалар-
дан  айырмашылығы,  олар  оқушыларға  спорттық 
қызметті белсенді меңгерудің құралы мен мүмкін-
дік жағдайын белгілейді, яғни оларға өзін және өз 
күшін байқап көруге, қызықты шығармашылықпен 
шұғылдануға  және  қарым-қатынас  жолдарын  із-
деуге  өз  ісін  таңдауға  және  оны  айқын,  айтар-
лықтай  нәтиже  түрінде  лайықты  аяқтауға,  ойлап 
табушылық, фантазияларды еркін көрсетуге мүм-
кіндік туғызатыны қарастырылған.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Ахмедзянов М. Н. Физическое воспитание учащихся в деятельно¬сти начинающего педагога: учеб-
ное пособие. Челябинск. 1997.-60с. Баранов В. А.,
2.  Каинова Э. Б. Совершенствование учебно-воспитательного про¬цесса в средних профессиональных 
образовательных учреждениях. М.: ИПР СПО, 2000.- 205с.
3. Краевский В. В. Воспитание или образование? // Педагогика. 2001.- №3.-235с.
4. Кузин В. В. Экономика физической культуры и спорта: Учебник для вузов. М.: Спорт Академ Пресс, 
2001.-95с.
4. Венглинский Г. П., Столяр К. Э. Теория и практика физической культуры в вузе. М., 2004.-30-35с.

123
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
Баетов Көпжасар Дүрменұлы
Филос.ғ.к.,  ХҚТУ профессоры 
Баетов Биназар Көпжасарұлы
Дене шынықтыру және спорт ғылымдарының  магистрі, аға оқытушы, Түркістан қаласы
ТАҢДАҒАН СПОРТ ТҮРІНЕ САНАЛЫЛЫҚ ПРИНЦИПТЕРІН ПАЙДАЛАНУ НЕГІЗДЕРІ
Түйін. Бұл мақалада таңдағанспорт түрінде принциптердің негізгі талаптары берілген. Сонымен қатар оқы-
тып үйрету принциптері де толығымен қамтылған. Сауықтыру бағытындағы принциптер дене тәрбиесі сабағын 
ұйымдастырып өткізу мәселесі алға тартылған. Және де принциптердің реттік орындалу тәртібі көрсетілген. Сон-
дықтан да оқушыға барлық педагогикалық істерді еркін бағыну емес, оқушы өзінің белсенділігін жеке ұмтылыс-тал-
пынысын көтеру есебінде бағалайтындай етіп ұйымдастыру қажеттілігі баяндалған. 
Резюме. В этой статье рассматриваются вопросы касающееся основам принципов в выбранном виде спорта. 
Принципы оздоровительного характера рассматривается в ходе проведения урока физической культуры. Таким обра-
зом в статье показано не только не послушание учащихся педагогической деятельности, а свободно-активное стрем-
ление их в оценке организационнных необходимостей. 
Summary. In this article, the basic conditions are principles of selected sports. Also considered principlesof learning.
The principles in thr area of improving the organizing fnd carrying out physical education.Also, pursuant to the principles 
represented by ordinal.Therefor, the student must not fully obey the pedagogical measures, the must develop the activity and 
real.
Қандай бір мақсаттарды шешпесін, әрбір дене 
шынықтыру  мұғалімі  дене  тәрбиесі  жүйесінің 
принциптерін  басшылыққа  алуға  міндетті.  Прин-
циптердің  әрқайсысының  толықтай  орындалуы 
оқытушының қызметіне байланысты. Принциптер 
әр сабақ сайын бір мезгілде, жас ерекшеліктеріне 
қарамастан,  дене  тәрбиесі  жүйесіне  сүйене  оты-
рып, жүзеге асырылуы тиісті.
Сауықтыру  бағытындағы  принциптер  дене 
тәрбиесі  сабағын  ұйымдастырып  өткізу  кезінде 
мұғалімнің балалардың денесін дамыту, сауықты-
ру қызметтерін басшылыққа алуы деп білеміз. Бұл 
принциптерді талдайтын болсақ, дене тәрбиесінің 
көмегімен  біріншіден,  қазіргі  өмір  жағдайында 
пайда  болатын  қозғалыс-қимыл  белсенділігінде-
гі  кемістіктерді  өтеу,  екіншіден,  ағзаның  қызмет 
атқару мүмкіндігінің жұмыс қабілеттілігін артты-
ру және оның қолайсыз күштердің әсерлеріне қар-
сылығын жетілдіруді айқындайды. [1].
Бұл  принциптер  төмендегі  негізгі  талаптарды 
орындағанда ғана жүзеге асады: 
1.Сауықтыру  бағалылығы  бар  ғылыми  негіз-
делген дене тәрбиесінің құралдары мен әдістерінің 
қолданылуы  керек.  2.  Денеге  түсетін  жүктеме 
оқушылардың  орындау  мүмкіндігіне  байланысты 
жоспарлануы  тиіс.  3.  Дәрігерлік-педагогикалық 
бақылау кез келген оқу-тәрбие жүйесінде міндетті 
қызмет болуы тиіс. 4. Санитарлық-гигиеналық та-
лаптарын үнемі сақтау, күнді, ауа мен суды тиімді 
пайдалану  –  міне  мұның  бәрін  дене  жаттығула-
рымен шұғылданғанда еске алып отыру керек.
Жеке  тұлғаның  жан-жақты  даму  принципі 
қоғамдағы адамды тәрбиелеу жүйесінің мақсатын 
айқындайды. Дене тәрбиесінде бұл принциптер екі 
негізгі талаптың орындалуын қарастырады: 1.Дене 
тәрбиесінің  міндеттерін  шешу  ақыл-ой,  еңбек, 
адамгершілік және эстетикалық тәрбиемен тығыз 
байланыста жүргізілуі керек. 2.Дене тәрбиесі бой-
ынша  жүргізілетін  жұмыстарды  жоспарлағанда 
дене  қабілеттілігінің  келісімді,  үйлесімді  дамуы, 
қозғалыс  біліктілігі  мен  дағдысы  және  арнаулы 
біліммен  қарулануы  қамтамасыз  етілетіндей  етіп 
жоспарлануы қажет.
Еңбек,  қорғаныс  іс-тәжірибесі  мен  байланыс 
принципі тәрбиенің барлық жүйесінің қолданбалы 
бағытын білдіреді. Бұл принциптің шешілуі мына 
талаптарды  орындау  арқылы  жүзеге  асырылады: 
1. Дене тәрбиесінің мазмұны бәрінен бұрын өмір-
ге қажетті жүру, жүгіру, секіру, жүзу т.б. кезіндегі 
біліктілік  пен  дағдыларын  қалыптастыру  қажет. 
Дене  тәрбиесінің  бұл  талаптары  оқу  бағдарла-
маларында  жүзеге  асырылған.  2.  Дене  тәрбиесі 
арқылы адамның жан-жақты дене дайындығы кең 
көлемде жүргізілуге тиісті, өйткені оның қабілет-
тілігі  әр  түрлі  еңбек  және  әскери  істерді  игеруге 
мүмкіншілігі  болатындай  дәрежеде  болуы  қажет. 
3. Еңбекке және Отан сүйгіштікке тәрбиелеу ісінде 
дене  жаттығуларымен  шұғылдануды  кең  көлемде 
пайдалану қажет. [2].
Дене  тәрбиесі  жүйесінің  принциптері  өзі-
нен-өзі  іс-тәжірибелік  жұмыстарға  енуі  мүмкін 
емес.  Оны  жүзеге  асыруға  тиісті  деңгейде  эко-
номикалық,  материалдық,  техникалық,  әлеумет-
тік  және  мәдени  негіз  болатындай  жағдай  қажет. 
Аталған принциптердің іс жүзінде іске асырылуы 
осы мәселерге тәуелді. Бұлай болмаған жағдайда, 
принциптер  ұрандалған  даңғазаға,  қиялға  айна-
луы мүмкін. Мысалы, көпшілікті қамтитын "дене 
шынықтыру шараларын жалпы халықтық дүниеге 
айналдырамыз", - деген ұран қажетті материалдық 
база, спорттық құрал жабдықтар болмаған жағдай-
ларда  дене  шынықтыру  саласындағы  қызметкер-
лерді  көзбояушылыққа  итермелейді.  Ал  мұндай 
жұмыстан нәтиже болмайтыны ақиқат. [3].

124
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
Саналылық  принципі.  Дене  жаттығуларын 
үйретуде  саналылық  принципінің  таратылуына 
айтарлықтай  үлес  қосқан  атақты  орыс  ғалымы 
П.Ф.Лесгафт  болды.  Ол  "мектеп  жүйесінде  оқып 
жүрген  баланың  күшін  ғана  дамытып  қоймау  ке-
рек,  ең  бастысы  өзін-өзі  басқару  дағдысын,  со-
нымен  қатар  оны  өз  қызметінде,  өмірінде  тиімді 
пайдалану  дағдысын  қалыптастыру  керек",  -деп 
атап көрсетті. Сондықтан да әуелі баланы саналы 
түрде адам ағзасындағы бар әр түрлі қозғалыстар-
ды жасауға үйрету қажет. Оқытып үйрету әдісі ба-
лалардың ақылының дұрыс даму кезеңінде қолда-
нылатын әдіске сәйкес келуі керек.
Принциптерді  жүзеге  асыру  шағында  мұғалім 
балаларды  мына  сұрақтарға  жауап  беретіндей 
дәрежеге жеткізуге міндетті: дене жаттығуларымен 
шұғылдану  неге  қажет?  Дене  жаттығуларының 
қайсысын орындау қажет? Дене жаттығуларын қа-
лай орындау керек? Неге тек осылай ғана орындау 
қажет? Мұндай сұрақтарға жауапты балалар оқы-
тып  үйретуге  дейінгі  ұйымдасқан  жағдайда  ғана 
ала алады. 
Біріншіден,  балалар  өздерінің  оқу  қызметінің 
мақсатын  түсінуі  керек.  Ол  үшін,  бұл  қызмет-
тің  саналы  түрде  қажеттілігі  тәрбиеленуге  тиісті. 
Оңдай  қажеттілігінің  болуы  мұғалімге  баланың 
қозғалысқа деген табиғи қажеттілігі мен дене тәр-
биесімен  ұйымдасқан  түрде  шұғылдануға  деген 
ынтасының  бар  немесе  жоқ  екендігін  білуін  мін-
деттейді.
Оқушының  дене  тәрбиесімен  шұғылданудағы 
мақсаты мұғалімнің алдына қойған мақсаттармен 
дәл келе бермейтіндігі түсінікті. Оқушы жасайтын 
істі (оның мақсаты жекелеген дене жаттығуларын 
орындағаны  үшін  жоғары  баға  алумен  шектелуі 
мүмкін)  мұғалім  ең  жоғары  деңгейдегі  қоғамдық 
маңызы бар мақсатты үнемі алға қояды (оның ең 
жоғарғысы - өсіп келе жатқан жас буынды жоғары 
өнімді еңбек етуге және Отанды қорғауға даярлау). 
Кейбір  жағдайларда  мақсаттардың  дәл  келетін-
дігі  де  жоққа  шығарылмайды.  Мысалы,  мұғалім 
оқушыларды сынаққа дайындау мақсатын өз алды-
на қояды, ал сол сынақты тапсырам деуші оқушы-
лар  оған  дайындалады.  Осындай  үйлесімділік 
өте  қажет,  бірақ  оған  қол  жеткізу  қиын,  әсіресе, 
жоғарғы қоғамдық маңыздылығы бар мақсат бол-
са,  онда  ұзақ  уақыт  бойы  тәжірибелік  әсер  етуді 
қажет етеді. Мақсатты принциптердің сәйкес кел-
меген  уақытында  мұғалім  оқушының  нақты  мақ-
сатты бағытын пайдалана отырып, жоғары деңгей-
дегі оған жетудің уақытша мерзімін белгілеуі тиіс. 
Осыған байланысты болашақ Президенттік сына-
маларын тапсыруға дайындау және жақын кезеңге 
белгіленген мақсаттарды айыра білу жөн (мысалы, 
бірінші тоқсанда мектеп бағдарламасының талап-
тарын  орындауға  дайындалу).  Осындай  бөлудің 
барлық шарттылығы әр оқушының жақын арадағы 
мақсаттарын тиімді пайдалану арқылы оны бола-
шақ  ұжымдық  мақсаттарға  жеткізуге  мүмкіндік 
береді. [4].
Екіншіден, оқушылар қойылған мақсатқа жету 
үшін  іске  асыруға  тиісті  оқу  міндеттерін  саналы 
түрде түсінуі керек. Егер балада өзінің қажеттілі-
гін  қанағаттандыруға  ұмтылыс  нәтижесі  есебін-
де бір не өзге мақсат пайда болса, алға қойылған 
мақсатқа жету үшін шешуге тиісті міндетгі түсіну-
ге,  әдетте  мұғалімнің  белсенді  түрде  араласуын 
талап етеді. Қыз бала жақсы, сымбатты, сұлу де-
нені қалыптастыруға ұмтылыс білдіреді делік. Бұл 
мақсатқа  қалай  жетуге  болады?  Бұл  үшін  қандай 
міндеттерді  шешуге  тиісті  екендігі  жөнінде  тек 
мұғалімнің көмегі арқылы ғана көзі жетіп, түсіне 
алады.  Сол  дене  жаттығуының  не  үшін  орында-
латынын  оқушының  білмеуі  қозғалыс  дағдысын 
қалыптастыру мүмкіншілігінің сапасы мен қарқы-
нын шапшаң төмендетеді. Мысалы, дене жаттығу-
ларын тек мұғалімнің талап етуі бойынша үйрен-
се,  сынақ  кезінде  үйренушінің  жоғары  баға  алуы 
күмән келтіреді. [5].
Мақсат сияқты міндеттердің маңыздылығының 
да әр түрлі деңгейі болады. Оның кейбіреулері не-
гізгі, екіншілері, қосалқы болады. 
Үшіншіден, қабылдайтын білім мен үйренетін 
жаттығудың  қолданбалы  бағасын  окушының 
түсінуіне  қол  жеткізу  керек.  Мұндай  кезең  ұзак 
және күрделі болғанымен, аса маңызды болып ке-
леді. Қорытындысында дене жаттығуларын балаға 
жеке мақсат емес, қажетті жағдай - құрал есебінде 
бағалауға мүмкіндік береді. Денсаулықты жақсар-
ту,  жұмыс  қабілетін  арттыру  құралы  ақырында, 
баланың  өзін  өмірге  дайындау  кұралы  болып  та-
былады.  Спорттық  нәтижені  еңбекке  және  Отан 
қорғауға өзінің дайын екендігінің көрсеткіші емес, 
жеке  артықшылықты  калыптастырудың  әдісі  деп 
есептейтін жас спортшы үшін осындай сенімділік 
қажет. Бұдан бөтен де, дене жаттығуларының қол-
данбалы  маңыздылығын  түсіну  оларды  қолдану-
дың  аясын  кеңейтеді  және  кейбіреулерін  өмірлік 
кездейсоқ жағдайларда (ситуацияларда) қолдануға 
мүмкіндік жасайды.
Төртіншіден,  жеке  қимылдарды  бөлектеуге 
және жинақтауға, қозғалысты, қимылды, қозғалы-
стың жеке өлшемдерін сапыстыруға, ақырғы нәти-
же  үшін  олардың  мақсатын  түсіне  білуге  үйрете 
отырып, оқушылар санасын жетілдіретіндей оқы-
тып  үйретудің  әдістерін  пайдалану  қажет.  Соңғы 
нәтижеде мұның өзі дене жаттығуларының әдісін 
тиімді  меңгеруге  әкеледі.  Оқушылардың  саналы 
қызметін арттыруға әр түрлі жолдармен жетуге бо-
лады: 
                                

125
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Әбділлаев Ә.К. Дене мәдениетінің ілімі және әдістемесі. – Түркістан: «Тұран» баспаханасы, -2007. – 47 б.
2. Лесгафт П.Ф. Избранные труды. – М.: Физкультура и спорт, -1987.
3. Байсерке Л. Эффективность процесса обучения в вузе. - Вестник АГУ, - 2000. 
4.   «Life Journal – Acta Zhengzhou University Overseas Edition Life Journal; Introduction; iSSN: 1097-8135; Impact 
Factor 2012: 0.165»
Teacher  and  Classroom  Context  Effects  on  Academic  Achievement  of  Primary  School  Students  Mehmet  Korkmaz, 
Bagdat Mukhtarovich Baimukhanbetov, Abdykalyk Kosherbaevichm Serik Bayankulovich Aknazarov, Saltanat Tynysbekovna 
Nyshanova 
5. www.youtube.com
4. Korkmaz M., Baimukhanbetov B. M., Abdyllaev A.K., Aknazarov S.B., Nyshanova S.T. Okytushy men Bastauysh mektep 
okushysy akademiyalyk kol zhetkyzuge asery. –«Omyr zhurnaly Life zhurnalynyn Shenzhou universitety sheteldyk redaksiada 
aktysy; Kirispe; ISSN: 1097-8135; impact factor 2012: 0,165».
4.  Коркмаз М., Баймұханбетов Б. М., Әбділлаев А.К., Ақназаров С. Б., Нышанова. С. T.  Оқытушы мен бастауыш 
мектеп оқушысы академиялық қол жеткізуге әсері. - «Өмір журналы - Лифе журналының Чжэнчжоу университеті 
шетелдік редакцияда актісі; Кіріспе; ISSN: 1097-8135; имфакт фактор 2012: 0,165 «

126
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
ӘОЖ: 796.07

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет