Халықаралық ғылыми-көпшілік журнал Международный научно-популярный журнал



Pdf көрінісі
бет19/50
Дата06.03.2017
өлшемі4,75 Mb.
#7753
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   50

Нарықбай Роллан Таженұлы
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ магистр-оқытушы, Түркістан қаласы
Анарбаев Алмас Казбекович
п.ғ.к., Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ доценті, Түркістан қаласы
ДЕНЕ МӘДЕНИЕТІНЕН  БІЛІМ БЕРУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Түйін. Мақалада үдерістің тиімділігі дене мәдениетіне оқытып, үйретудің әдістері мен құралдарының қайсы 
түрін қолдану адам ағзасының биологиялық ерекшеліктері мен спорттық медицина талаптарын білуге, басқа пәндер 
бойынша үлкен білім көлемін меңгеруге, жақсы және өте жақсы жағдайда дене даярлығын бабында сүйемелдеуге, 
алға қойылған мақсатқа сәйкес оқу қызметінің сапасын арттыруға,  білім беру жүйесінде дене мәдениеті жалпы 
педагогикамен тығыз бірлікте болуға, Олар бір-бірін толықтыра отырып, бірегей мақсатқа жетуді, яғни дені және 
жаны сау, рухани бай, жоғары біліктіліктегі мамандар даярлауды жүзеге асыру сипатталған.
Кілтті сөздер: Әдістемелік еңбектерге теориялық талдау жасау, тәжірибелік-экперименттік жұмысы, ста-
тистикалық әдістер.
Резюме. В статье рассматривается эффективность процесса обучения физической культуре, биологические 
особенности организма человека и требований спортивной медицины должен знать, какого вида применения методов 
и средств обучения, к усвоению объема знаний по другим предметам, в статье очень хорошо и в хорошем состоянии 
сопровождение физической подготовки, повышение качества учебной деятельности в соответствии с поставленной 
целью, общей педагогики физической культуры в системе образования в тесном единстве быть, Они друг друга до-
полняя, уникальное достижение цели, т. е. здоровых физически и на душе, духовно богатой, описанных осуществлять 
подготовку специалистов высокой квалификации.
Ключевые  слова:  Создание  методических  трудах  теоретического  анализа,  опытно-экперименттік  работа, 
статистические методы.
Summary. The article discusses the efficiency of the process of teaching physical culture, the biological characteristics of 
the human body and requirements of sports medicine should know what type of methods and means of learning, to assimilate 
knowledge in other subjects, the article is very good and in a good state of maintenance of physical preparation, improvement 
of quality of educational activity in accordance with the purpose, General pedagogy of physical culture in the education system 
in close unity, complementing each other, achieving a unique goal, i.e. healthy physically and on the soul, spiritually rich, and 
described to carry out preparation of specialists of high qualification.
Keywords: Creation of methodological papers theoretical analysis, experimental experiments work, statistical methods.
Оқытып, үйретуші педагог пен оқушылар ара-
сындағы  өзара  қарым-қатынастықтың  әлеумет-
тік-психологиялық теориясына көбінесе сүйенетін 
тиімді командалық жұмыстардың көптеген теори-
ялары бар.
Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерін-
дегі оқу-тәрбие үдерісін жетілдіру – бұл спорттық 
дайындық  деңгейін  арттыру  оқушылардың  ко-
манда  құрамында  бірлескен,  ортақ  қызметін  ұй-
ымдастыру, олардың спорттық рухын, жолдастық 
сезімін және өзара бір-біріне көмек беруге, жеңіске 
ұмтылуға тәрбиелеу.
Командалық  жұмыстың  негізі  жаттығу  бары-
сында,  сол  сияқты  жарыс  кездерінде  педагогпен 
оқушылар  арасындағы өзара  тиімді  түсіністік қа-
рым-қатынастыру  болып  табылады.  «Жаттығу», 
«жаттықтырушы»,  «команда»,  «жеңіс»  деген 
спорттық сөз ұғымдары дене мәдениеті мен спорт-
тың осы заманғы сөздігіне берік енді. Спорттағы 
мұдай  негізге  алынатын  сөз  ұғымдары,  мысалы, 
«команданың  бірлігі»,  «психологиялық  сыйы-
сушылық»,  «ұтымды  жұмыстық  жағдай»,  «пси-
хологиялық  реттеу  әдістері»,  «идеомоторлы  жат-
тығу»,  «демалыс  және  босаңсыту  аспаптары», 
«биологиялық»  сияқты  сөз  ұғымдары  кез  келген 
жақсы  нәтижелі  командалық  қызметтің  негізі  бо-
лып табылады және балалар мен жасөспірімдердің 
спорт мектептерінде кең қолданысқа ие болуда.
Дене мәдениеті мен спорт – бұл оқытып, үйре-
ту және тәрбиелеу, сол сияқты оқушылардың жеке 
тұлғалық  сапаларының  қалыптасуы  бойынша  ба-
тыл  стандартқа  келмейтін  шешімдерді  табуға  бо-
латын таң қаларлық өмір өрісі.
Жемісті спорттық команда – бұл бір-біріне өза-
ра  сенімділікке,  өзара  сыйластыққа  және  өзара 
көмектесуге  негізделген  адамдық  қарым-қатына-
стың тамаша үлгісі.
Спорттық  командалардың  ерекшеліктері  – 
спорттық  жарыстарда  жеңіске  және  табысты 
нәтижеге  жетуде  оның  мүшелерінің  бірін-бірі 
өзара  бақылауы  және  өзара  көмектесуі,  бірлесіп 
шешімге келуі. Балалар мен жасөспірімдер спорт 
мектептеріндегі командаларды барынша үйлесімді 
үлгілеу командалық жұмыстардың сипаттамасына 
таңдаған спорт түрінің барынша көп сәйкестігінің 
жағдайын  дұрыс  анықтау,  спорттық  командалар-
дың  озық  үлгідегі  технологияларын  пайдалану 
болып табылады. Спорттық команданың табысты 
нәтижелерін қалыптастырып дамытуда жаттықты-
рушының рөлі орасан зор.

127
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
Жаттықтырушының негізгі рөлі жоғары спорт-
тық  нәтижелерге  жетуге  оқу-тәрбие  үдерісін 
бағыттау,  спорт  жарыстарының  нәтижелерін  тал-
дау,  команданы  қолдау  және  сүймелдеу,  команда 
мүшелерінің көңіл-күйлерін қалыптастыру болып 
саналады.
Спорттық  командаға  қатысушы  мүшелерінің 
жеке  тұлғалық  сапаларын  дамыту  спорттық  жүк-
темелерге психологиялық және әлеуметтік бейім-
делудің  қозғаушы  күштеріне  сол  сияқты  команда 
ұжымындағы  қарым-қатынасқа  көп  жағдайда  ба-
ланысты  болады.
Спорт  мектептеріндегі  спорттық  жаттығу  са-
бақтарына  оқушылардың  бөлімделуінің  негізгі 
қозғаушы  күштеріне  дене  мәдениеті  мен  спортқа 
мотивациялық-құндылық қатынасы, спорттық қы-
зметке дайындық дәрежесі болып табылады.
Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерін-
дегі  командалар  оқушылардың  мінез-құлық,  іс 
әрекеттері  мен  қызығушылықтарының  мотиваци-
ясымен,  әрқайсысының  қызметі  мен  рөлін  анық 
айқындаумен, сол сияқты қатынас және жалпы ор-
тақ тіл табысу мөлшерімен, сыйысушылықпен, бір 
тектілігімен және біркелкілігімен, озат болуымен, 
мамандануымен және кері байланысымен, белгілі 
нормалар мен дәстүрлерімен сипатталады [1, 25б.].
Мотивациясы. Командада өз күші бойынша қы-
зығушылығы мен мақсаттары басым бірлескен қы-
зметте жалпы маңызды мотив болуы тиіс.
Командалық спорт түріндегі кез келген спорт-
шы  көп  жағдайда  өз  нәтижесін  команда  нәтиже-
сімен  байланыстырады.  Спортшы  үшін  команда-
ның аты, оның жеңістері және мәртебесі маңызды. 
Жалпы жүлде, жалпы награда, жалпы чемпиондық 
атақ осыдан туындайды. Спорттық командалардың 
көпшілігі  наградаларды  беру,  марапаттау  рәсімі, 
жеңімпаздарды символдық салтанатпен құттықтау 
үдерісімен ресімделеді.
Команда  мүшелерінің  рөлі  мен  қызметін  дәл 
анықтау.  Спорттық  команданың  әрбір  мүше-
сінің  өзі  сапалы  түрде  түсінетін  белгілі  рөлі  бо-
лады.  Спортшыны  рөлімен  идентификациялау 
(теңестіру),  бір  жағынан  өз  рөлінің  мағыналық 
жүктемесін анық түсінуіне басқа жағынан, коман-
дадағы міндетін үйлесімді тиімділікпен орындауға 
мүмкіндік туғызады.
Спортшы  сипаттамасының  функциональдық 
талаптарға  максимальды  сәйкестігі  спорттық  ко-
мандадағы міндетті рөлдерді бөлу кезендегі негіз-
ге алынатын жағдай болып табылатынын назарға 
алу маңызды.
Командадағы  қарым-қатынас  және  жалпы  тіл 
табу. Қатынастар дәл, анық, тиімді болады.
Жарыс басталар алдында команда мүшелеріне 
айқын міндеттер қойылады, ал аяқталғаннан кейін 
әрбір бөлімдеріне дейін талданады және қателері 
атап  көрсетіледі.  Спорттағы  қатынас  шектеулі, 
бірақ тиімді. Бұл, команда жетекшісі команда мү-
шелерімен  қатынасты  спорттағы  сияқты  шектеуі 
тиіс деген ұғымды бермейді. Дегенмен ол спортта 
қарым-қатынас үдерісіне үлкен маңыз берілетінін 
және барлық өзара әрекеттестік қажетті және жет-
кілікті қатынас кезінде жүретінін түсінуі тиіс.
Қосымша  мысал  ретінде  теңіз  командалары-
ның тілін өте жақсы меңгерген, теңіз флотындағы 
түсіністік келісімдегі командаларын келтіруге бо-
лады.
Сыйысушылық.  Балалар  мен  жасөспірімдер 
спорт мектептеріндегі спорттық командада физио-
логиялық, психологиялық және әлеуметтік сыйы-
сушылық айырмаланады. Алға қойылған мақсатқа 
жету  үшін  командаға  осы  параметрді  есепке  алу 
қажет.  Командаға  қатысушы  мүшелерінің  барын-
ша  жоғары  деңгейдегі  сыйысушылығы  (жалпы 
мақсат,  жалпы  адамгершілік  немесе  рухани  құн-
дылықтары). Ең төменгі деңгейдегі сәйкессіздіктің 
(жекелеген  мінез  сипаттарының  сәйкес  келмеуі, 
тамақтанудағы  жеке  тәбет,  мысалы,  биологиялық 
ырғақтылықтың әртүрлілігі) есептеуіне мүмкіндік 
туғызады.
Біртектілік 
(біркелкілік). 
Балалар 
мен 
жасөспірімдер  спорт  мектептеріндегі  спорттық 
командалар үшін спорт түрлері бойынша оқу-жат-
тығу  дайындығында  қалыптасуы  мүмкін  біркел-
кілік тән.
Спорттық командалардың біртектілігі қосымша 
біріктіруші  күш  болып  табылады.  Бұл  жағдайды 
команданы  жасақтауды  жобалау  барысында  еске-
ру қажет. Командаға қатысушы мүшелері үшін ең 
болмағанда маңызды және мойндалған бір параме-
трі бойынша ол біртекті болуы тиіс.
Теңдік. Егер балалар мен жасөспірімдер спорт 
мектебінде  жастары,  білім  деңгейі  және  спорт-
тық тәжірибелері әртүрлі спортшылардан команда 
құрылса, олардың әрқайсысы үшін өз қабілеттерін 
бірдей көрсету және тең құқықта қатысу мүмкін-
діктері болуын назарда ұстау қажет.
Спорттық  команданың  негізгі  қасиеті-теңдік. 
Алайда, қақпашыны шабуылшыға қарағанда маңы-
зды деп түсінуге ешқашанда жол беруге болмайды. 
Команда  мүшелерінің  статусын  анықтау  кезінде 
мұны назарда ұстау қажет.
Жаттықтырушының рөлі. Спорттық командада 
команда  капитанынан  айырмаланатын  жаттықты-
рушы болады. Маңызды спорттық жеңістерге же-
тудегі жаттықтырушының шешуші рөлі болатыны 
туралы  спорттық  тарих  беттерінде  мысалдар  же-
терлік. 
Жаттықтырушының  рөлі  команданы  тәрбие-
леу  және  қалыптастыруда,  команданы  алып  жүру 
және қолдауда, жарыс нәтижелерін талдауда көрі-
неді. Жаттықтырушы психологтың және идеолог-
тың  мідетін  атқарады,  яғни  команда  мүшелерінің 
әдістік-тәсілдік міндеттеріне көңіл аударуына мүм-
кіндік беріп, олардың артық күштенуін және артық 
жауапкершілік сезімін қалпына түсіреді.

128
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
Мамандану.  Балалар  мен  жасөспірімдер  спорт 
мектептеріндегі спорттық командалар үшін коман-
даға қатысушы мүшелерін мамандандырудың рөлі 
маңызды.
Нәтижелі спорттық командаларда бір жұмысты 
қосалқы  атқаратынын  немесе  біреу  үшін  жұмы-
сты  орындайтынын  болжалдау  өте  қиын.  Батыс 
елдерінде спорттың командалық түрлерінде муль-
тиспорт өте қызықты және халық арасында тара-
лымға ие болған. Мұнда команда мүшелері әрбір 
спорт түрлерінен кәсіптенген спортшылардан жа-
сақталып, спорттың әртүрлі 7-10 түріне қатысып, 
ара  қашықтықтан  өтеді.  Олардың  әрқайсысы  өзі 
қатысқан  спорт  түріндегі  жауакершілікті  жарыс 
барысында бүтіндей өз мойнына алады [2, 131б.].
Озаттық (лидерлік). Капитанның команда мақ-
сатынан басқа мақсатқа бой алдыруға құқығы жоқ. 
Спорттық командада капитан мен команда мүше-
лері арасында тұрақты және тығыз қарым-қатынас 
болуы тиіс.
Кері  байланыс.  Нәтиженің  өсуі  және  жоғары 
мақсаттарға  жету  үшін  кері  байланыс  шешуші 
маңызға ие. Мамандар жарыс аяқталғаннан кейінгі 
алғашқы 10 минутта өткізілген қызметті және қа-
телікті талдау 80 қателіктердің сабабін түсіндіруге 
және команданы және оның жекелеген мүшелерін 
одан әрі дамыту жолдарын болжалдауға қабілетті 
деп санайды.
Кері  байланыс  тиімділігін  пайдаланбайтын 
спортшыны  табу  қиын.  Ереже  бойынша  әрбір 
спортшы  өзінің  психологиялық,  әдістік-тәсілдік 
және дене даярлығын талдайтын жүйелі күнделік 
жүргізеді. Мұнда болашақ чемпионның күш мүм-
кіндігін  ашу  үшін  үлкен  резерв  жатыр.  Кері  бай-
ланыс сенімді, өз уақытында, ашық, пәндік бағыт-
талған, позитивті бағдарланған болуы тиіс.
Жаттығулар  жүйесі.  Болашақ  спортшының 
жоғары спорттық сапасы жаттығу барысында тәр-
биелеу,  қалыптасады  және  нығаяды.  Жаттығуды 
оқушы  қателесеуі  мүмкін  және  қателеседі.  Ко-
манда  мүшелеріне  спорттық  жаттығулар  мен  жа-
рыстар арқылы шеберліктерін дамыту мүмкіндік-
терін беру маңызды.
Күтілмеген  (экатремальды)  жағдай.  Команда 
бар  күш  мүмкіндіктерін  жинақтап,  ұйыстыруы 
тиіс  және  қателік  жіберуге  құқығы  жоқ.  Коман-
да  мүшелері  үнемі  өзара  қарым-қатынаста,  өзара 
әрекеттестікте  болады  және  барынша  қиын,  ши-
еленіскен  сәттерде  бірге  әсерленеді.  Сергектік 
жағдайы  шаршаумен,  кейде  жабырқаңқылықпен, 
түңілушілікпен,  көңілі  қалушылықпен  алмаса-
ды. Бұлар жөнінде команда мүшелері біледі және 
басты  жалпы  мақсатқа  жетуге  олардың  әсеріне 
тосқауыл қойып түрде жауап психологиялық про-
блемаларды жеңу және реттеу әдістерін меңгереді. 
Жарысқа  қатысушы  басқа  команда  мүшелерінің 
көз алдында жарақат алуды, ауруды сезінуін және 
қорқыныш сезімін бастан өткізеді. Спортшы қыз-
метінің үнемі көпшілік алдында өтуі оның психо-
логиялық мақсаттарына ерекшелік береді.
Жоғары дәрежелі спортшылар басым көпшілік 
жағдайды  сезімдерін  бақылауға  және  ұстауға  қа-
білетті болады. Мұндай күтілмеген жағдайларда ко-
манда мүшелері бірін-бірі терең біледі. Бұл коман-
даның ең тиімді қасиеттерінің бірі, мінез-құлық, іс 
әрекетінің алдын ала болжалданылуына мүмкіндік 
жасайды.  Күтілмеген  жағдайлар  кездескенде  ко-
манда мүшелері бірін-бірі білсе жақсы болады. Ко-
мандалық «Күтілмеген экстрамальды жағдайларға 
шығуды»  ойлап  табу  және  арнайы  ұйымдастыру 
пайдалы.  Қарапайым  емес  күштенуді  және  адам 
сапаларын көрсетуін талап ететін кез келген күтіл-
меген жағдай бірден бүтіндей команда және оның 
әрбір мүшелері туралы қосымша ақпарат береді.
Нормалар мен дәстүрлер. Олар команда тобы-
ның әртүрлі статустық, әлеуметтік, жас ерекшелік 
құрамы жағдайында маңызды. «Бірі бәрі үшін, бәрі 
бір үшін» деген сөз тізбегін таңертеңгілік дәстүрлі 
қайталау спорттық қызметтегі қомақты біріктіруші 
күш болып табылады. Спортшының жеке тұлғалық 
құрылымы әдеттегі тіршілік жағдайынан өнерлен-
ген басқа жағдайға өтуі кезінде өзгеріске ұшырай-
ды. Мысалы, спорттық жаттығу жиынында, жары-
старда, ұзақ уақыт болу, спорттық тіршілік режімі.
Балалар  мен  жасөспірімдер  спорт  мектептері 
оқушыларының  дене  мәдениетіне  бейімделуінің 
негізгі сипаттамаларына мыналар жатады:
•  спорттық  шеберлік  көрсеткіштері  (атағы; 
дәрежсі; спорттағы ең жоғарғы жетістігі; спорттық 
қызметтің мақсаты және оларды іске асыру; спорт-
пен шұғылдануды бастау жасы; спорттық қызмет 
мотивтері);
• дене мәдениетінен қосымша білім алу мотив-
тері:  спорт  мектебін  таңдау;  спорттық  қызметке 
қатынасы;  өзін-өзі  спорттық  анықтау;  спорттық 
қызметке қанағаттанушылық.
•  әлеуметтік-экономикалық  қозғаушы  күштер-
ден (тіршілік табыстарынан құралатын; спорттық 
қызмет  мотивтері,  спорттық  жұмысқа  қойылатын 
талап;  келешектігін  елестету)  алатын  спорттық 
дайындықтың  әлеуметтік  статусына  байланы-
стылығы.
Балалар  мен  жасөспірімдер  спорт  мектеп-
терінің  қосымша  спорттық  білім  алған  оқушы-
ларының  бейімделуін  зерттеу  спорттық  қызмет-
тің сапасына әсер ететін әртүрлі әлеуметтік және 
басқа қозғаушы күштердің әсерімен бұл үдерістің 
күрделіленгенін көрсетеді.
Дене  мәдениеті  мен  спорт  саласында  спорт 
мектептері  оқушыларының  бейімделу  барысына 
әсер  ететін  маңызды  сатысынан  өтуге  спортпен 
шұғылдану  барысында  жеке  тұлғаның  өзін-өзі 
анықтауы жатады.
Болашақ спортшының дұрыс қалыптасуы үшін 
басты назар нақтылы спорт түріне аясытар мақсат 
ретінде емес, спорт арқылы болашақ спортшының 

129
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
жеке тұлғасын дамытуға бағытталған қалыптасты-
руға  аударылуы  тиіс.  Кәсіби  бағдар  жұмыстарын 
дұрыс ұйымдастыру барысында болашақ спорттық 
қызметтің  мотивациясының  маңыздылығы  мен 
ұғынықтылығы  арта  береді  және  оның  нәтижесі 
жоғары спорттық нәтижелер болып табылады .
Спортшылар спорт мектептерінде оқып, үйре-
ну  барысында  жалпы  спорттық  дамуға  қарағанда 
жоғары  нәтижелерге  жетуді  жиі  бағдарға  алады 
(87,5%), яғни бұл болашақ спортшыларды дайын-
дауды күрделілендіреді және студенттердің спорт-
тық  бағыттылығы  және  оқу  үдерісінің  мазмұны 
арасында үйлеспушіліктің пайда болуына әкеледі.
  Қазіргі  қоғамда  спорттық  қызмет  социализа-
цияның  тиімді  құралына  айналады,  бірақ  спорт 
мектептерінде дене мәдениетінен алынатын білім 
спортшының байсалды спорттық қызметке толық 
қанды  кіруі  үшін  жеткіліксіз.  Спорт  мектептері 
оқушыларының  дене  мәдениетіне  бейімделуінде 
спорттық қызмет мотивтері, құндылық бағдарлары 
мен өмір қажеттіліктері маңызды рөл ойнайды. 
Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерін-
дегі  оқу-тәрбие  үдерісінің  өзгеше  ерекшелігі  қо-
сымша білім беру жүйесіне қатынасымен анықта-
лады.
Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерін-
дегі дене мәдениеті бойынша қосымша білім беруді 
қалыптастырулың  негізгі  жағдайы  оқушылардың 
мотивтері  мен  мазмұны  бойынша  әртүрлі  білім 
алу қажеттіліктерін қанағаттандыратын вариативті 
және дифференциалды педагогикалық бағдарлама-
ларды іске асыру болып саналады.
Күнделікті өмір тіршілігіндегі спортпен шұғыл-
дану барысында қалыптасқан жеке ерекшеліктерін 
пайдалана  білу  оқушының  спорт  мектебінің  тір-
шілік тынысына енуіне мүмкіндік жасайды. Спорт 
болашақ спортшылардың жоғары нәтижелерге же-
туі үшін тек дене сапаларын жаттықтырумен ғана 
шектеліп  қоймайды,  сонымен  бірге  олардың  ал-
дына психологиялық дайындығын да қамтамасыз 
ететін қатаң талап қояды.
Спортшыны  нәтижелі  дайындау  жағдайлары-
ның  бірі  оның  тіршілік  ұстанымдарының  күшей-
тілген  шамданушылығын,  жоғары  талаптану  ба-
стамасын құру болып табылады.
Балалар мен жасөапірімдер спорт мектептерін-
де  білім  берудің  өзгеше  ерекшелігі  оны  басқару 
жүйесінде  де  көрінеді.  Балалар  мен  жасөспірім-
дер спорт мектептеріндегі педагогикалық үдерісті 
тиімді  басқарудың  негізгі  шұғылданушылардың 
(оқушы,  студент)  дене  дайындығы  деңгейін  арт-
тыруға,  олардың  салауатты  өмір  бейнесіне  қы-
зығушылық  ынтасын  дамытуға  бағыттау,  олар-
дың өз қабілеттерін көрсетулері үшін дайындауда 
қоғамның  әлеуметтік  сұранысын  орындау  қолда 
бар  қоғамдық  қатынастарды  жетілдіру  болып  та-
былады.
Қорыта айтқанда күнделікті өмір тіршілігінде-
гі  спортпен  шұғылдану  барысында  қалыптасқан 
жеке  ерекшеліктерін  пайдалана  білу  оқушының 
спорт  мектебінің  тіршілік  тынысына  енуіне  мүм-
кіндік  жасайды.  Спорт  болашақ  спортшылардың 
жоғары нәтижелерге жетуі үшін тек дене сапала-
рын жаттықтырумен ғана шектеліп қоймайды, со-
нымен бірге олардың алдына психологиялық дай-
ындығын да қамтамасыз ететін қатаң талап қояды.
Спортшыны  нәтижелі  дайындау  жағдайлары-
ның  бірі  оның  тіршілік  ұстанымдарының  күшей-
тілген  шамданушылығын,  жоғары  талаптану  ба-
стамасын құру болып табылады.
Балалар мен жасөапірімдер спорт мектептерін-
де  білім  берудің  өзгеше  ерекшелігі  оны  басқару 
жүйесінде  де  көрінеді.  Балалар  мен  жасөспірім-
дер спорт мектептеріндегі педагогикалық үдерісті 
тиімді  басқарудың  негізгі  шұғылданушылардың 
(оқушы,  студент)  дене  дайындығы  деңгейін  арт-
тыруға,  олардың  салауатты  өмір  бейнесіне  қы-
зығушылық  ынтасын  дамытуға  бағыттау,  олар-
дың өз қабілеттерін көрсетулері үшін дайындауда 
қоғамның  әлеуметтік  сұранысын  орындау  қолда 
бар  қоғамдық  қатынастарды  жетілдіру  болып  та-
былады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Ахмедзянов М. Н. Физическое воспитание учащихся в деятельно¬сти начинающего педагога: учебное пособие. 
Челябинск. 1997.-60с. Баранов В. А.,
2.  Каинова Э. Б. Совершенствование учебно-воспитательного про¬цесса в средних профессиональных образова-
тельных учреждениях. М.: ИПР СПО, 2000.- 205с.
3. Краевский В. В. Воспитание или образование? // Педагогика. 2001.- №3.-235с.
4. Кузин В. В. Экономика физической культуры и спорта: Учебник для вузов. М.: Спорт Академ Пресс, 2001.-95с.
4. Венглинский Г. П., Столяр К. Э. Теория и практика физической культуры в вузе. М., 2004.-30-35с.

130
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
 ӘОЖ: 796:07
Дуйсенов Оңалбек Кынабаевич
п.ғ.к.,  Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ доценті, Түркістан қаласы
СТУДЕНТ ЖАСТАРДЫҢ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
Түйін. Мақалада жоғары оқу орындарындағы дене тәрбиесінің әдістемелік негіздері қарастырылады. Жоғары 
оқу орындарында дене тәрбиесін оқытып, үйрету оқу жұмыстарының үлкен көлемімен және аса жоғары ақыл-ой 
жұмсалуымен байланысты жүзеге асырылатын болғандықтан оқу үдерісінің қарқындылығы, әсіресе техникалық, 
ғылыми ақпарат ағынының артуымен және студентке оны тығыз уақыт аралығында меңгеру қажеттілігін арт-
тыруға үзіліссіз мақсатты бағыт қажет. 
Кілтті сөздер: Дене тәрбиесі, дене жетілуі, жұмыс қабілеттілігі, денсаулық, психикалық саулық, функционалдық 
қалып, қозғалыс белсенділігі, дене мәдениеті құндылықтары, өндірістік дене мәдениеті.
Аннотация
В статье рассматривается методические основы физического воспитания в высшых учебных заведениях. Обу-
чение в высшем учебном завении сопряжено с большим объемом учебной работы и высокой умственной напряжен-
ностью. Причем интенсивность учебного процесса в вузах, особенно в технических, имеет неуклонную тенденцию к 
возрастанию в связи с увеличением потока научной иформации и необходимости ее усвоения студентами в сжатые 
сроки. 
Ключевые слова: Физическое воспитание, физическое совершенство работоснособность, здоровье, здоровье пси-
хическое, функциональное состояние, двигательное активность, ценность физической культуры, пройзводственная 
физическая культура.
Summary.  The article considers the methodological foundations of physical education in the higher educational institutions. 
Training in a higher educational institution is associated with a large volume of academic work and high mental tension. 
Moreover, the intensity of the educational process in higher education, especially in technical, has a steady tendency to increase 
due to the increased flow of scientific information and the need for its student learning in a short time. 
 Key words: Physical education, physical perfection, efficiency, health, mental health, functional status, physical activity, 
value of physical culture.
Жоғары оқу орындарында дене тәрбиесін оқы-
тып  үйрету  оқу  жұмыстарының  үлкен  көлемімен 
және аса жоғары ақыл-ой жұмсалуымен байланы-
сты болады. Жоғары оқу орнындағы оқу үдерісінің 
қарқындылығы,  әсіресе  техникалық,  ғылыми 
ақпарат  ағынының  артуымен  байланысты  және 
студентке оны тығыз уақыт ішінде меңгеру қажет-
тілігін  арттыруға  үзіліссіз  мақсатты  бағыт  керек. 
Студенттердің жоғары оқу орнында оқу кезеңдері 
барысында  ақыл-ой  жұмыс  қабілеттілігінің  дина-
микасы, жоғары ақыл-ой белсенділігін сақтауы күн 
режіміндегі және оқу аптасындағы дене жүктеме-
лерінің көлеміне байланысты. Сонымен бірге, дене 
және жұмыс қабілеттілігінің арасында тығыз бай-
ланыс бар екені байқалады [1,3] 
Дене  тәрбиесімен  жүйелі  шұғылдану  кезін-
де  дене  жұмыс  қабілеттілігінің  артуы  студент-
тердің орталық жүйке жүйесінің (ОЖЖ) қызметтік 
жағдайының  жақсарумен  қатар  жүреді.  Орталық 
жүйке жүйесінің жұмысын сүйемелдеу және артты-
ру үшін студенттерге жоғары оқу орнында оқыған 
барлық жылдарында аптасына 6-8 сағат көлемінде-
гі қозғалыс режімімен шұғылдану аса тиімді (Зама-
ренов Б.К., 1972ж).
Егер  келесі  принципті  ережелер  ескеріл-
се  қозғалыс  жүктемесімен  ақыл-ой  қызметі  үй-
лесімділікпен тиімді іске асырылады:
1.  Тәртіп  бойынша  дене  жаттығуларымен 
шұғылдану  әрбір  семестрдің  бірінші  жартысында 
жылдамдық қабілеттерін, жылдамдық-күш сапала-
ры  мен жылдамдық төзімділігін дамытуға бағыт-
талған 70-75% жаттығулардан тұруы тиіс. Студент-
тердің  жүрек  қан-тамырларының  соғуы  жиілігі 
бойынша жүктеме қарқыны минутына 160-170 рет-
ке дейін соғуы мүмкін.
Әрбір семестрдің екінші жартысында шамамен 
қолданылатын  арнайы  дене  жаттығуларын  күшті, 
жалпы  және  күш  төзімділігін  дамытуға  бағыттау 
қажет.  Сонымен  бірге,  қарқындылық  бұл  кезеңде 
біршама  төмендейді  (ЖСЖ  минутына  150  ретке 
дейін соғады).
Оқу және өзбетінше шұғылдануды бұлай құру 
студенттердің ақыл-ой жұмыс қабілеттілігіне ынта-
ландыру әсерін тигізеді.
2.  Күнделікті сабақ кестесінің тәртіп бойын-
ша  бірінші  жұбында  өткізілетін  дене  тәрбиесі  са-
бағында  аз  қарқынмен  орындалатын  жүктемелер 
беру  мақсатқа  сәйкес  келеді  (ЖСЖ  110-130  рет 
мин.)  немесе  орташа  қарқындылық  (130-150  рет. 
мин.).  Мұнда  сабақтың  ең  жақсы  моторлы  тығы-
здығы  50-60%  аралығында  болады.  Мұндай  са-
бақтардың негізгі міндеті соңғы нәтижеде жоғары 
жұмыс қабілеттілігі кезеңіне ықпал етіп оқу мате-
риалын жақсы меңгеруді қамтамасыз ететін ақыл-
ой  қызметінің  жақсы  қызметі  кезеңінің  қысқаруы 
қамтамасыз етіледі. Мұндай жүктемемен шұғылда-
ну өз дайындығын қоса оқу күнінің соңына дейін 
жақсы ақыл-ой белсенділігінің сақталуына мүмкін-
дік береді [2,4]. 
Егер  дене  тәрбиесі  сабағы  оқу  күнінің  3-4-ші 
жұбында  өткізілген  жағдайда  ЖСЖ  мин  150-160 
реттен аспауы тиіс. Жоғары дене дайындығы жоқ 

131
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
топ студенттері үшін үлкен жүктеме беру қолайсыз 
болады.
3.  Аз жаттыққан студенттерге аптасына 2 рет 
дене  тәрбиесінен  шұғылдану  сабақтарында  үлкен 
қарқынмен  жүктеме  беру  оқу  аптасы  барысында 
ақыл-ой қызметін төмендетеді. Сондықтан ақыл-ой 
белсенділігін  төмен  түсірмеу  үшін  дене  жүктеме-
лерін жоспарлауда студенттердің дене дайындығы 
деңгейін есепке алу маңызды.
4.  Әртүрлі  спорт  түрлерімен  шұғылдану 
ақыл-ой  жұмыс  қабілеттілігіне  әртүрлі  әсер  етеді.  
Бір  жағынан ойындар мен жеке сайыс түрлері пси-
хикаға жоғары талап қояды.  
Бұл  сезім  күйінің  психикалық  механизімдері 
қызметінің  артуымен байланысты болады. Мұндай 
сабақтардың әсерінен ақыл-ой  белсенділігі  төмен-
дейді. Басқа жағынан, ұзаққа  созылмайтын  ойын-
мен  берілетін сезімдік  жүктемелер  оқу қызметі-
не  демеу беріп, студенттерді ынталдырады.  Дене 
тәрбиесі  сабағының  мазмұны  жеткілікті  дәрежеде 
әртүрлі болса жоғары әсері болады.
5.  Емтихан-сынақ  сессиялары  кезеңдерінде 
жүктемені  мүмкіндігінше  әдеттегі  сабақтарға  қа-
рағанда 60-70% төмендетілген қарқынмен таза ау-
ада аптасына 2 реттен артық емес етіп беру қажет. 
Циклдік  сипаттағы  жаттығулар  пайдаланған  мақ-
сатқа сәйкес болады (суға жүзу, шаңғы, жүгіру).
Осындай бейнеде, сессия кезінде дене жаттығу-
ларымен шұғылдану сабағының бағыты бойынша 
сауықтыру-сақтандыру  (негізінен  спортшы  еме-
стер үшін), екінші жағынан сүйемелдеу басымырақ 
(спортшылар үшін) сипатында болады.
Оқу аптасының шегінде қалыпты ақыл-ой жұ-
мыс  қабілеттілігін  қамтамасыз  ету  мақсатында 
дене  тәрбиесімен  шұғылдану  сабағын  жоспарлау-
дың келесі бастапқы-бағдарлау үлгісі ұсынылады:

дүйсенбі-студент  ағзасының  психологи-
ялық дене жағдайын жандандыру мақсатында дене 
жаттығуларымен шұғылдану;

сәрсенбі-жұмыс қабілеттілігін сүйемелдеу 
үшін дене жаттығуларымен шұғылдану;

жұма  -  апталық  жинақталған  (кумуля-
тивтік) шаршауды түсіру мақсатында дене жаттығу-
ларымен шұғылдану;
Ақыл-ой  жұмыс  қабілеттілігінің  үйлесімді 
көрінуі үшін тек әртүрлі дене жаттығуларын жүй-
елі пайдалану ғана дұрыс  жағдай жасайтынын атап 
өткен жөн [4].
Студенттердің дене тәрбиесі өзіне келесі негіз-
гі  бағыттарды  кірістіреді:  жалпы  спорттық,  кәсі-
би-қолданбалы  дене  дайындықтары  мен  гигиена-
лық, сауықтыру-рекреативтік, емдеу.
Жалпы  дайындық  бағыты  студенттердің  жан-
жақты  дене  дайындығын  және  оны  дене  тәрби-
есінің    мемлекеттік  бағдарламасы  талаптары  дең-
гейінде сүйемелдеуді қамтамасыз етеді. Құралдары 
: затпен және затсыз жалпы дене дайындығы, жеңіл 
атлетика, суға жүзу, шаңғы спорты, кросстық дай-
ындық, туризм және басқалары.
Спорттық  бағыты  спорттық  жетілдіру  бөлім-
дерінде  (секцияларда)  спорттың  бір  түрімен  ма-
мандандырылған  жүйелі  оқу-жаттығу  сабағын, 
сонымен бірге спорттық шеберлігі деңгейін көтеру 
мақсатында  спорт  жарыстарына  қатысуды  қамта-
масыз етеді.
Кәсіби-қолданбалы бағыты дене тәрбиесі құрал-
дарын  еңбекті  ғылыми  ұйымдастыру  жүйесінде 
және таңдаған мамандығы бойынша жұмысқа дай-
ындық кезінде оның ерекшеліктері ескеріліп пайда-
ланылуына мүмкіндік туғызады.
Гигиеналық  бағыты  жұмыс  қабілеттілігін  қал-
пына келтіру және денсаулығын нығайту үшін дене 
тәрбиесі  құралдарын  пайдалануды  алдын-ала  қа-
растырады.  Құралдары:  таңертеңгілік  гигиеналық 
гимнастика,  шынығу,  үйлесімді  оқу  және  еңбек 
режімі, гигиена талаптарына сәйкес тамақтану, са-
уықтыру сейілдеуі және т.б.
Сауықықтыру  -  рекреативтік  бағыты    денсау-
лығын нығайту үшін демалыс күндері мен каникул 
(күзгі,  қысқы,  жазғы,  көктемгі)  кезеңдерінде  де-
малысты және бос уақытын мәдени ұйымдастыру 
алдын-ала  қарастырылады.  Құралдары:  туристік 
жорықтар, саяхат, қимыл-қозғалыс ойындары және 
т.б.
Емдеу бағыты денаулықты бүтіндей немесе ауру 
нәтижесінде, жарақаттан жоғалтқан ағзаның жеке-
леген қызметтерінің қалпына келтірілуін қамтама-
сыз етеді [1,2,4].
Әртүрлі оқу бөлімдерінде дене тәрбиесі сабағы 
әдістемесінің ерекшеліктері. Дене тәрбиесінен са-
бақ  өткізу  үшін  әрбір  жоғары  оқу  орындарында 
студенттер мына оқу бөлімдеріне бөлінеді: негізгі, 
арнайы  медициналық  және  спорттық.  Бөліну  оқу 
жылының басында студенттердің жынысы, денса-
улық жағдайы (медициналық қортынды анықтама-
сымен),  дене  дамуы,  дене  және  спорттық-әдістік 
дайындалғандығы, қызығушылығы есепке алынып 
жүргізіледі.  Бұл  көрсеткіштердің  негізінде  әрбір 
студент дене тәрбиесінен міндетті курсты өту үшін 
үш бөлімнің біріне түседі. Әрбір бөлімнің белгілі 
бір шұғылдану сабағының мазмұны және мақсатты 
бағыты болады.
Негізгі  оқу  бөліміне  медициналық  тексеруден 
өткен студенттер негізгі және дайындық медицина-
лық топтарына қабылданады, яғни оған денсаулық 
жағдайында  ауытқушылығы  жоқ,  бірақ  дене  күші 
жағынан әлсіз дайындалғандар кіреді.
 
Негізгі  бөлімде  оқу  үдерісі  мыналарға 
бағытталған:

студенттердің  жан-жақты  дене  дайын-
дығы,  олардың  жалпы  дене,  кәсіби-қолданбалы 
және  медициналық-практикалық  дайындығының 
деңгейін арттыру;

дене  мәдениеті  және  спортпен  шұғылда-
нуға  белсенді  қатынасы  мен  қызығушылығын  қа-
лыптастыру;

132
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
Сабақтың жалпы дамыту жаттығулары тәріздес 
елеулі  байқалатын  аэробты  төзімділікті  тәрбиелеу 
басымырақ  кешенді  бағыты  болады,  өйткені  тек 
сол ғана жалпы жұмыс қабілеттілігі мен жүрек қан 
тамыры және тыныс алу жүйесінің қызметін артты-
руды қамтамасыз етеді. Күштік және үйлесімділік 
қабілеттерін тәрбиелеуге, жалпы және кәсіби-қол-
данбалы  бағыттағы  қозғалыс  тәсілдерін  үйретуге 
лайықты дәрежеде назар аударылады. Сабақтың өт-
кізілу әдістемесі басымырақ оқу-жаттығу сипатын-
да болады. Сабақтың моторлы тығыздығы 50%-ден 
төмендемейді, ЖСЖ бойынша  жүктеме қарқыны 
минутына 130-160 рет соғу аралығында болады.
Арнайы  медициналық  оқу  бөліміне  медицина-
лық  тексерудің  нәтижесі  бойынша  арнайы  топқа 
жіберілген, денсаулық жағдайында елеулі ауытқуы 
барлар кіреді. Арнайы оқу бөлімі үшін практикалық 
материалды әрбір студентке мазмұндары ескеріліп, 
дене тәрбиесінің құралдарын пайдаланудың түзету 
және  сауықтыру-сақтандыру  бағытында  дәрігер-
мен  кеңесе  отырып  дене  тәрбиесі  пәні  мұғалімі 
дайындайды.
Арнайы    медициналық  бөлімде  оқу  үдерісінің 
өзіндік белгілі ерекшеліктері болады және олар ба-
сымырақ мыналарға бағытталған:

студенттердің денсаулығын нығайту, функ-
ционалдық ауытқуын, дене дамуы мен дене дайын-
дығының жетімсіздігін  барлық оқыту кезеңі бары-
сында жою;

студенттерге  өз  ауруының  сипаты  және 
ағымы, туралы білімін пайдалану, ауруынан сақтан-
дыруға  бағытталған  жалпы  дамыту  және  арнайы 
жаттығулар  кешендерін  өз  беттерінше  құрастыру 
және орындау;

студенттерге  қажетті  дене  тәрбиесінің  
ілімі, әдістемесі және ұйымдастырылуы негіздері-
нен қажетті білімді меңгерту;
Оқу  сабақтарының  бағыты  айқын  көрсетілген 
сауықтыру-қалпына келтіру сипатында болады.
Ғылыми негізделген сипаттамаға сәйкес арнайы 
медицина бөлімінің студенттері ауру сипатына бай-
ланысты төрт топқа бөлінеді: А,Б,В және емдеу.
А тобы жүрек қан-тамыры, тыныс алу және ор-
талық  жүйке  жүйесі  аурулары  бар  студенттерден 
жасақталады.  Сондықтан  бұл  топтағы  сабақтың 
негізгі  мазмұнына  тыныс  алу  жаттығулары,  қатаң 
жеке мөлшерленетін (дозируемые), шұғылданушы-
лардың аэробтық мүмкіндіктерін жетілдіруге мүм-
кіндік туғызатын жаттығулар кіреді.
Б  тобы    ас  қорыту,  бауыр,  бүйрек,  жыныс  мү-
шелері,  эндокринді  жүйелер,  сонымен  бірге  на-
шар  көретін  студенттерден  құралады.  Бұл  топта 
нақтылы  аурудың  емдеу  бағдарламасына  кіргізіл-
ген  негізгі  гимнастика  жаттығулары  басымырақ 
пайдаланылады.
В  тобы  тірек-қозғалыс  аппаратында  ақауы 
бар  студенттерден  жасақталады.  Бұл  топта  дене 
мүсінін,  тірек-қозғалыс  аппаратын  жетілдіретін, 
сонымен бірге жалпы дамыту және бағытты түзету 
(коррегирующие) дене жаттығулары көбірек қолда-
нылады.
Емдеу тобы  анық көрінетін, денсаулық жағдай-
ында елеулі ауытқуы бар студенттерден жасақтала-
ды. Бұл топта сабақ түгелдей жеке емдеу бағдарла-
масы мен әдістемесі бойынша өткізеледі. 
Денеге  берілетін  жүктеме  барлық  төрт  топта 
да қатаң және жеке уақытпен белгіленеді, жирылу 
және  қатаң  демалыс  аралығымен  орындалатын 
жаттығулар алып тасталынады. Сабақтың моторлы 
тығыздығы  жоғары  емес,  жекелеген  жүктемелер 
арасындағы демалыс қалпына келу үшін жеткілікті 
дәрежеде болуы тиіс. Циклдық жаттығулар орташа 
қарқынмен орындалады.
Спорттық  оқу  тобы  бөліміне  жақсы  жалпы  
және арнайы спорттық  дене дайындығы деңгейін 
көрсеткен және спортпен тереңдетіп шұғылдануға 
және  таңдаған  спорт  түрінен  өзінің  шеберлігін 
жетілдіруге ықыласы, қызығушылығы бар студент-
терден жасақталады.
Сабақ  спорттық  жаттығу  негіздерін  сақтау  не-
гізінде  құрылады  (циклдік,  толқын  тектес,  жалпы 
және арнайы дайындық бірлігі және т.б.).
Спорт  бөлімінің  студенттері  негізгі  бөлім  сту-
денттеріне арналған міндетті сынақ талаптары мен 
нормаларын сол мерзімде тапсырады [1,2,3,4,5].
Осындай  бейнеде  студенттердің  дене  тәрби-
есінен  оқу  үдерісі  өзіне  екі  өзара  байланыстағы 
мағыналы  мына компоненттерді кіргізеді:
1/  дене  тәрбиесінің  негізгі  шұғылдану  сабағы 
жеке тұлғаның дене мәдениеті негіздерін қалыпта-
стыруды қамтамасыз етеді.
2/  негізгі  сабақты  толықтыратын  спорттық 
компонент және таңдаған спорт түріндегі сабақты 
қоса, әрбір студенттің дербестігі, оның мотиві, қы-
зығушылығы, қажеттілігі ескеріледі.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Кузнецов В.С. Теория и методика физической культуры. Москва, изд. центр       «Академия» 2012. (356-373, 385-
391б.).
2. Холодов Ж.К, Кузнецов В.С. Теория и методика физического воспитания. Учебние пособие для ИФК. Москва, 
«Академия», 2003. (271-278б.).
3. Әбділлаев Ә.К., Оңалбек Ж.К. Дене мәдениетінің ілімі және әдістемесі.Оқу құралы. Түркістан., 2004ж. (1 бөлім 
186-214 б.).
4. Әбділлаев Ә.К. Дене мәдениетінің ілімі және әдістемесі. Оқу құралы. Түркістан, 2007ж. (2-3-4 бөлімдер, 103-
108б.)
5.Ильинич В.И. Физическая культура студента. Москва, Гордарики, 2007г (11-32, 144-147б.)

133
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
ӘОЖ: 796:07

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет