Халықаралық ғылыми-көпшілік журнал Международный научно-популярный журнал



Pdf көрінісі
бет14/50
Дата06.03.2017
өлшемі4,75 Mb.
#7753
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   50

Тажигулова Батима Мажитқызы
педагогика ғылымдарының кандидаты,
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің доцент м.а., 
tashigulova@mail.ru, +77014977389, Астана қаласы
Актаев Серик Куанышбекұлы
Қазақстан Республикасы Тоғызқұмалақ спорты Федерациясы, 
бас хатшы, Халықаралық дәрежедегі әлем чемпионы, 2 дүркін әлем чемпионы, 
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің магистранты,  
serik.rety@mail.ru, +77071230018, Астана қаласы
ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ ЕРЕЖЕСІНДЕГІ ТҰЗДЫҚТЫҢ ҚҰНДЫЛЫҒЫ МЕН 
ОРНАЛАСУ ЕРЕКШЕЛІГІ
Түйін. Бұл ғылыми мақалада тоғызқұмалақ зияткерлік ойындағы тұздықтың құндылығы мен орналасу ерек-
шеліктерін түсінуге, терең ойлауды дамытуға арналған ақпарат туралы баяндалады. Тұздықтың теориялық білім-
дерді салыстырмалы сараптамасы көрсетілген.
Резюме. В данной научной статье описывается ценность и особенность нахождения туздыка, информация о 
глубоком осмыслении развития интеллектуальной игры тогызкумалак. Сравнительный анализ теоретических знани-
ях туздыка.
Summary. This article describes the scientific value and feature tuzdyk finding information about a deep understanding of 
the intellectual game togyzkumalak. Comparative analysis of theoretical knowledge tuzdyk.
Қазақтың  ұлттық  зияткерлік  ойындардың 
бірі,  «тоғызқұмалақ  ойыны»  –  адамзаттың  мәде-
ни мұрасына қазақ халқының қосқан зор үлесінің 
бірі. Бала мен жастар тәрбиесінде, олардың ойлау 
жүйесін,  зердесін  жетілдірудегі  тоғызқұмалақтың 
маңызы ерекше.
Тоғызқұмалақ ойынының мәні – адамға үй-
лесімді  (гармониялық)  тәрбие  беру,  кез-келген 
жанның ақыл-ойын шыңдау, ми қызметін дамы-
ту және қоғам алдындағы жауапкершілікті арт-
тырады.
Тоғызқұмалақ ойынынында логикалық ойлау-
мен қатар, арифметиканы меңгеруге бағытталған. 
Балаларға  сандарды  көру,  түсіндіру,  артық,  кем, 
тең қатынастарын анықтауда салыстыру тәсілінің 
мәнін  түсіндіру.  Мектептегі  балалардың  білімін 
зерттеу  жаттықтырушының  ең  маңызды,  негізгі 
жұмыстарының бірі. Зерттеу жұмыстары баланың 
оқу  үрдісі  кезіңдегі  білім  деңгейін  жыл  бойында 
оны  жетілдіруге  мүмкіндік  береді.  Нәтижесінде, 
топқа  тез  үйреніп,  жыл  соңында  балалардың  іл-
герілеуін анықтайды. Зерттеу әр баланың жетістік 
көрсеткіштерін  анықтауға  көмектеседі.  Зерттеу 
әдісін таңдау оның мақсатына байланысты [1].
Тоғызқұмалақ ойынының сипаты: 
1.  Ойын  негізінен  екі  ойыншының  арасында 
өтеді. Ойынды бастайтын ойыншыны – бастаушы, 
ал оның қарсыласын қостаушы деп атайды. Баста-
ушы  ойыншы  жеребе  арқылы  немесе  рейтингтік 
көрсеткіштер бойынша анықталады.Тоғызқұмалақ 
ойынында  қарсыластар  алма-кезек  жүрістер  жа-
сайды.
2.  Ойын  «Тоғызқұмалақ  тақтасы»  деп  атала-
тын арнаулы тақтада ойналады (1-сурет). Ойында 

92
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
шар тәріздес құмалақтар пайдаланылады. Бұл тақта тең екі бөлікке бөлінген он сегіз тік және екі көлденең 
отаулардан тұрады. Тең екі бөліктің әрқайсысында 9-дан отау және бір-бірден қазан болады [2] .
Бұл  қазанға  әр  ойыншы  ұтып  алған  құмалақтарын  жинайды.  Әр  ойыншының  қазаны  өз  бөлігінде 
емес, қарсыласының жағында орналасады. Отаулардың рет сандары 1-ден 9-ға дейін белгіленіп, солдан 
оңға қарай орналасқан. Ойын басында әр отауға 9-дан құмалақтар салынады, яғни ойын басталар кезде әр 
ойыншының жағында 81-ден құмалақтары болып, ойынға жалпы 162 құмалақ қатысады.
1-сурет
3. Ойын басталар алдындағы құмалақтардың отауларда орналасуы төмендегі диаграммада бейнелен-
ген (№ 1 диаграмма).
-
9   

 

 


 



1
 
 
 
 
 
 
 
 
9   

 

 


 



9
9   

 

 


 



9
 
 
 
 
 
 
 
 
1   

 

 


 



9
-
лақ қарсыластың № 9-шы отауынан басқа 2 құма-
лағы бар кез-келген отауына түссе, қалыптасқан 3 
құмалақпен бірге отау да ұтып алынып, «тұздық» 
жарияланады.
2.  «Тұздық»  алынған  отауға  Республикалық 
тоғызқұмалақ  спорт  федерациясы  мақұлдаған  не-
месе  сол  жарыстың  Бас  төрешілер  алқасы  бекіт-
кен арнайы тұздық белгісі ғана қойылады. Жүріс 
жасаған сайын тұздыққа түсетін құмалақ, міндетті 
түрде «тұздық» жариялаған ойыншының қазанына 
салынып отырады. 
3.  Ойын  барысында  «тұздық»  тек  бір  рет 
алынады.  Қарсыластың  «тұздығы»  бар  отауының 
нөмерімен сәйкес келетін отаудан және № 9 отау-
дан «тұздық» алынбайды.
4. Тұздық алынған отауға құмалақтарды жина-
уға тиым салынады.
«Атсырау»  жағдайы.  1.  Ойын  аяқталуға 
жақындаған сайын ойыншылардың отауларындағы 
құмалақтар  таусыла  бастайды.  Қай  ойыншының 
жүрістері  бірінші  таусылып,  жүріссіз  қалса,  сол 
ойыншы «атсырау» жағдайына түсті деп есептелі-
неді.  «Атсырау»  жағдайына  түскен  ойыншының 
қарсыласы қосымша жүріс жасап, өз отауларында 
қалған барлық құмалақтарды өз қазанына салады. 
Содан  кейін  ойыншылар  ұтып  алған  құмалақтар 
есебін шығарады.
2. Егер «атсырау» жағдайына түскен ойыншы 
өз  қазанына  кемінде  82  құмалақ  жинап  үлгерген 
болса,  жеңіске  жетеді.  Егер  қазанындағы  құма-
лақтар саны 81-ден кем болса жеңіліс табады, ал 
81 болса ойын тең аяқталды деп есептелінеді [3] .
«Тұздық»  -  қарсыластың  жағынан  ұтып 
алынған отау. «Отау» -тоғызқұмалақ тақтасындағы 
құмалақтар орналасатын арнайы ұяшық. Тоғызқұ-
малақ ойынында тұздық алудың және айырбастау-
дың 36 варианты бар, олардың орналасуы төмен-
дегі кестелерде көрсетілген (№ 1 және № 2 кесте).
Ойын мақсаты – ойыншы өз қазанына кемінде 
82 құмалақ жинап жеңіске жету.
Жүрістерге түсінік келесі түсінік беруге болады:
  1.  Жүріс  жасау  үшін  бастаушы  ойыншы  өз 
жағындағы отаулардың бірінен бар құмалақты қо-
лына алып, біреуін орнында қалдырып, оң жағын-
дағы  келесі  отаудан  бастап  (сағат  тіліне  қара-
ма-қарсы бағытта) таратады.
2. Егер соңғы құмалақ қарсыластың тақ санды 
құмалағы бар отауына түсіп, оны жұп қылса (2, 4, 
6,  8,  10,  12  және  т.с.с.),  сол  отаудағы  құмалақтар 
ұтып алынып, өз қазанына салынады. Егер соңғы 
құмалақ  қарсыластың  отауларының  біріне  түсіп, 
оны тақ жасаса немесе соңғы құмалақ қайтадан өз 
отауларының біріне келіп түссе, бұл жүріс табыс-
сыз  немесе  кезекті  жүріс  деп  есептелінеді.  Онда 
отауда  жатқан  құмалақтар  ұтып  алынбайды.  Жұп 
құмалақты отауды «жабық отау», ал құмалағы тақ 
санды отауды «ашық отау» деп атайды.
3. Ойын барысында ойыншы отаудағы бір құма-
лақты келесі отауға жүре алады. Отау бос қалады.
4.  Классикалық  ойында  жүріс  кезегінде  құ-
малақтарды  қолына  алған  ойыншы  сол  отаудан 
жүруге міндетті. Отауда жатқан құмалақтарды қа-
ламсаптың көмегімен түзейді және реттейді. Ота-
уда  жатқан  құмалақтарды  қолмен  ретке  келтіру 
үшін қарсыласына «түзеймін» деп ескерту қажет. 
Егер  «түзеймін»  деп  ескертпей,  қолмен  түзеген 
ойыншыға  қатардағы  төреші  тарапынан  ескерту 
беріледі,  бірақ  ойыншы  сол  отаудан  жүруге  мін-
детті  емес.  Ойыншы  отауда  жатқан  құмалақтар-
ды  өзінің  жүріс  жасайтын  уақыты  келгенде  ғана 
қаламсаптың  көмегімен  реттейді.  Дау  тудырған 
спортшылар арнайы тізімге алынады.
5. Жүріс алма-кезек жасалынады. Ойын екі ой-
ыншының бірі 82 құмалақ жинағанша жалғасады.
«Тұздық» жариялау кезеңдері:
1.  Егер  кезекті  жүріс  жасағанда  соңғы  құма-

93
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
№ 1 кесте
Отау       







8      Тұздықсыз    Вариант 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
              ойын       саны
Тұздық
   (Х)      
Х 
Х 
Х 
Х 
Х 
Х 
Х 
Х 

9
1-8  отаулардан  алынған  тұздық  пен  бір  тұз-
дықсыз  аяқталатын  ерекше  ойында,  9  вариант 
туындайды.  Оның  әрқайсысының  өзіндік  ерек-
шелігі  бар.  Оның  ерекшелігі,  тұздықтың  құмалақ 
санына байланысты құндылығы.
Яғни, тұздық ұтып алған ойыншының қазанда 
жиналатын құмалақтар саны мен оның ойын бары-
сындағы әсері.
Сонымен бірге, ойын нәтижесінде 1 рет кез-
десетін тұздықсыз ойындағы құмалақ жинау бары-
сында позициялардың күрделенуі мен байлықтар-
дың ұтымды пайдаланудың көп мән берілуі.
Тұздықсыз ойындар өте сирек кездеседі және 
ол  позициялық  ойынның  мәні  мен  тереңдігінің 
орны бөлек.
№ 2 кесте
Отау 








Вариант саны
1   
 
Х 
Х 
Х 
Х 
Х 
Х 
Х 
7
2   
 
 
Х 
Х 
Х 
Х 
Х 
Х 
6
3   
 
 
 
Х 
Х 
Х 
Х 
Х 
5
4   
 
 
 
 
Х 
Х 
Х 
Х 
4
5   
 
 
 
 
 
Х 
Х 
Х 
3
6   
 
 
 
 
 
 
Х 
Х 
2
7   
 
 
 
 
 
 
 
Х 
1
8   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Барлығы айырбасталған тұздықтар саны: 
28
1-8 отаулардан өзара тұздық ауысып ойнала-
тын 28 вариант туындайды. Оның әрқайсысының 
құмалақ санына байланысты сипаты бар.
Кез-келген отаудан ұтып алынған тұздық – қа-
занға түсетін құмалақ санына байланысты және ат-
сырауға тікелей әсер етеді. Сондықтан, тұздықтың 
құндылығын түсіну және оны зерттеу көп білімді 
талап етеді[1] .
Жоғарыда көрсетілген екі кестеде барлығы 36 
варианттан тұратын немесе ойналатын позициялар 
туындайды.
Бірнеше жылдар бойы зерттеліп жүрген тур-
нирлік  партиялардың  тәжірибесі  арқылы,  тұз-
дықтың  құндылығына  аналитикалық  негізде  баға 
беруге мүмкіндік туындады.
Тоғызқұмалақ  ойынының  ежерелері  кез-кел-
ген    арифметиканың  қосу  мен  азайту  амалдарын 
меңгерген балаға оңай үйрету болады. Ал ойынның 
қырлары  мен  терең  математикалық  есептеулерін 
үйрету үшін оған қажетті білімдерді ашу керек[4] .
ХХ-ХХІ  ғасырлардағы  технологиялардың 
қарқынды дамуына орай, адамдардың компьютер-
лерді пайдалану күнделікті әдетке айналды. Оның 
есептегіш мүмкіндіктерін пайдалануда тоғызқұма-
лақ  тәрізді  зияткерлік  ойындар,  бірнеше  онжыл-
дықтар бойы іске асырылуда.
Тоғызқұмалақтан компьютер бағдарламалары 
жылдан жылға дамып, ойыншыларға лайықты қар-
сылас бола отыра, сонымен бірге қосымша білім-
дерді бөлісуде үлесі мол. Себебі, тоғызқұмалақтан 
компьютер  бағдарламалары  көптеген  есептеулер 
жүргізіп өзінің үздік жүрістерімен бөліседі.
Тұздықтың  маңыздылығын  компьтер  техно-
логияларының  алгоритмдері  бойынша  түсіндіру 
үшін.  Тұздықтың  құндылығы  мен  орналасу  ерек-
шелігін зерттеу қажет етеді.
Ойын басында пайда болатын позициялардың 
нәтижесінде, тұздықты бір ойыншы алған жағдай-
да, құмалақ санына байланысты тұздықтың құны 
төмендегі кестеде көрсетілген (№ 3 кесте).

94
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
№ 3 кесте
Отау 
 

     2 
         3             4                   5 
        6            7                 8
Тұздықтың 
құны (құмалақ) 
+16 
+22 
      +18           +22 
+24 
    +26        +24              +28
1-8  отаудың  бірінен  тұздық  ұтқан  жағдайда,  оның  құмалақ  санына  байланысты  құны  көрсетілген. 
Яғни, 1 отаудағы тұздықтың құны 16 құмалаққа тең. Не болмаса 6 отаудағы тұздық, 26 құмалаққа тең бо-
лады. 
Ойын  басында  пайда  болатын  позициялардың  нәтижесінде,  тұздықты  екі  ойыншы  айырбастаған 
жағдайда, құмалақ санына байланысты тұздықтың ара қатынасы төмендегі кестеде көрсетілген (№ 4 кесте).
№ 4 кесте
Отау 
 

    2 
         3                4 
    5  
          6             7                  8
1   
 
 
+10 
       +6               +10 
 16 
     +14         +20               +26
2   
 
-10 
                   +4               +10 
 +16 
     +16         +20               +14
3   
 
-6 
-4 
 
             +8 
+16 
     +18         +20               +12
4   
 
-10 
-10 
        -8        
 
+10 
      - 14         +2                +16
5   
 
-16 
-16 
      -16              -10 
 
       -4         +12               +18
6   
 
-14 
-16 
       -18               +14 
+4 
 
       +12              +16
7   
 
-20 
-20 
       -20              -2 
-12 
       -12   
             +14
8   
 
-26 
-14 
       -12              -16 
-18 
       -16         -14    
 
Егер, 2 отаудан тұздық ұтып қарсыласқа 5 ота-
удан тұздық бермекші болсақ. Онда, қазандағы құ-
малақ саны +16 құмалаққа артық болуы керек.
Егер,  7  отаудан  құмалақ  ұтып  қарсыласқа  5 
отаудан тұздық бермекші болсақ. Онда, қазандағы 
құмалақ саны +12 құмалаққа артық болуы керек.
Тағы  бір  мысал,  8  отаудан  тұздық  ұтып  қар-
сыласқа 1 отаудан тұздық бермекші болсақ. Онда, 
қазандағы құмалақ саны -26 құмалаққа дейін кем 
болуы мүмкін. Бұл жағдайда 8 отаудағы тұздықтың 
құндылығы 26 құмалаққа дейін артық екенін көре 
аламыз.
Бұл  №  3  және  №  4  кестеде  көрсетілген  тұз-
дықты  алғанда  немесе  айырбастаған  жағдайдағы 
орташа құны. 100-ден аса ойынның аналитикалық 
талдаудың нәтижесінде пайда болды.
Әрине,  бұл  көрсеткіштер  орташа  есеппен 
алынған  және  әр  ойынның  тұздық  ұтқан  немесе 
ауысқан жағдайда (ойын басында, ойын ортасын-
да, ойын аяғында) өзгеріп отырады [5] .
Негізінен  бұл  көрсеткіштер  ойын  басындағы 
позицияларға тиесілі болып келеді.
Қорыта  келгенде  ұтып  алынған  тұздықтың 
құндылығы  қазандағы  құмалақ  санына  ғана  емес 
және  өзіндік  орналасуы  мен  қарсыластың  қандай 
құмалақтан  айырбас  жасауына  тікелей  байланы-
сты болады.
Аталған  кестелер  мен  есептеулер,  жаңадан 
ойынды меңгерген ойыншыларға тұздықтың құн-
дылығы туралы ойын барысында түсінік беру мен 
бағалауға арналған және кәсіби ойыншыларға қо-
сымша білімдер беруге бағытталған.
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.  Қ.Қ. Құланова, Н.С. Алпысбаев, «Дене шынықтыру сабағындағы ұлттық ойындарды қолданудағы өзекті 
мәселелері» // Білім саласындағы жаңа ақпараттық технологиялар» 
Х ғылыми-әдістемелік конференция материалдары. 2009 жыл, 13 ақпан. Астана: Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, 
2009. - 376 б.
2.  Г.Т. Ергожин, «Ұлттық ойындардың білімділік, тәрбиелік рөлі мен мәні»//Қазақстан заман.- 2012.-№12-13.-
22 наурыз.-Б.16
3.  Е. Сағындықов, «Қазақтың ұлттық ойындары» //Алматы: «Рауан» баспасы, 1991 жыл .—176 бет. 
4.  Ә.С. Ақшораев, «Тоғызқұмалақ» // Тараз, 2000
5.  9kumalak.com, «Тоғызқұмалақ қағидасы мен ережесі», 2015 жыл.

95
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
ӘОЖ 779:125+79
Мейрманов Асылбек Бекболатович 
Л.Н. Гумилев атындағы  ЕҰУ-нің доцент м.а., к.п.н, 
Маршыбаева Улболсын Саметхановна
Л.Н. Гумилев атындағы  ЕҰУ-нің доценті, к.п.н
ЖЕТКІНШЕК ҰРПАҚТЫ ТӘРБИЕЛЕУДЕ 
ҚАЗАҚТЫҢ  ҰЛТТЫҚ СПОРТ ОЙЫНДАРЫНЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ
Түйін: Мақалада қазақи діл негізге алынған ұлттық ойындардың терең сипаттауы қарастырылған. Басты назар 
ұлттық ойындардың қазақ халқының қалыпты этникалық өмірімен өрбитіндігіне аударылады. Сонымен қатар ұлт-
тық ойындар мен ұлттық салт-дәстүр деген екі үлкен түсінік бір-бірімен тығыз байланыстырылған.Еліміздегі аға 
буын өкілдеріне жақсы таныс әрбір ойынға жеке түсініктеме берілген. Балалардың ұлттық ойынына да назар көп-
теп аударылады,себебі олар өзінің құндылығы мен атағын біздің гүлденген елімізде де жоғалтпаған. Балада жалпы 
адамзаттық құндылықтар мен адамның айналадағы дүниемен жеке тұлғалық қатынасын (этикалық, эстетикалық, 
адамгершілік тұрғысынан) тәрбиелеу мақсатын халқымыздың мәдени рухани мұрасының, салт-дәстүрінің озық үл-
гілерін оның бойына дарыту жолдары негізделген. 
Резюме:  В  статье  рассмотрена  глубокое  описание  национальных  игр,  основу  которых  легла  казахская  нацио-
нальная ментальность. Главный акцент состоялся на содержании национальных игр с обычной этнической жизнью 
казахского народа. Также подробно описано необыкновенная связь между двумя огромными понятиями, как нацио-
нальные игры и национальные обычаи. Детальное обьяснение дана каждой игре, которая популярна среди взрослого 
населения страны. Не исключены из внимания и детские национальные игры, именно они не потеряли свою ценность 
и популярность в нынешнее время процветающей страны. Дети, человеческие ценности и его личная связь с миром 
вокруг них (этических, эстетических и моральной точки зрения) цель образования нашего культурного и духовного 
наследия, традиции благо может быть сделано путем введения в него.
Abstract: The article is examined in depth description of the national games, based on Kazakh national mentality. The main 
focus was held on the content of the national games with the usual ethnic life of the Kazakh people. It also describes in detail 
the extraordinary bond between two huge concepts as the national games and national customs. A detailed explanation is given 
of each game, which is popular among the adult population. Not excluded from the attention and children's national game, that 
they have not lost their value and popularity in the present time, prosperous country. Children, human values and his personal 
connection to the world around them (ethical, aesthetic and moral point of view) the purpose of the formation of our cultural 
and spiritual heritage, tradition, good can be done by introducing into it.
Әрбір халықтың ұлттық ділі оның өмірге деген 
құштарлығы,қоғамдағы орны, интеллектуалды та-
рихымен  байланыстырылған  психологиялық,  гео-
саясилық,  климаттық,  этнографиялық,  этникалық 
және тұрмыстық жағдайлары секілді сипаттаулар-
мен  тығыз  байланыста.  Қазақ  халқының  сыртқы 
әлемді  қабылдауында  өзіндік  ерекшеліктер  бар 
екендігі барлығымызға мәлім [6, б. 127-128]. 
Осылайша,  Қазақстан  Республикасының  әлеу-
меттік-экономикалық және географиялық жағдай-
ының бірегейлігі (өмір көшпелі жолы, шексіз дала, 
құрлықтық  климат,  мал  фермаларының  таралуы 
және т.б), бірақ қабылдау табиғатта көшпенділерді 
нақты  көлеңкеде  дамытуға,  қазақтардың  өзіндік 
психологиялық  әрін  қалыптастыру  бойынша  бел-
гілі  бір  ықпалы  болуы  мүмкін  емес  еді  және  т.б. 
әлемдік, ойлау тәсілі, және оқыту мен білім беру 
өскелең ұрпаққа жинақталған бай тәжірибесі, дала-
сы, тұрғындарының ұзақ тарихында бірегей салт-
дәстүрі,  ережелері,  нормалары  мен  мінез-құлық 
қағидаларын адамның алдына қоюға тиісті прин-
циптерін  әзірледі.Көшпелілердің  ауыр,соқпалы 
өмірлері қатаң қағидалар қойды.
Адамдар  физикалық  қана  күшті  болуы  тиіс 
емес еді , олар сондай-ақ көшпелі өмір салтының 
ауыртпалығы  на  төтеп  беруге  тиісті  психологи-
ялық беріктітікке де мұқтаж болды. Көшпенділер 
аңшылықпен  де  мал  жайылымымен  де  шұғыл-
данды.  Ер  кісілер  жауынгер  де,  қойшы  да,отба-
сы  ұйытқысы  да  бола  білді.Осыдан  барып  қазақ 
халқының  даналық  сөзі  «Жігітке  жеті  өнерде  аз» 
деген шыққан дейді. Ежелгі дәстүрге сай,қазақтар 
қонақты  аса  құрметтеген,жолдан  келе  жатса  мән 
жайын  сұрап  жатпай-ақ,киіз  үйіне  кіргізіп,асын 
ұсынған. Дәм татқаннан кейін ғана,оның  кім және 
қайдан  келе  жатқанына  қызығушылық  танытқан.
Сөз  бастап  сапардан  келе  жатқан  жолаушымен 
келиссөз  жүргізу  үй  иесінің  ғана  құзырында 
болған,ондада жолаушы демалып,тынығып болған-
нан кейін. «Жолаушыға ас қоймай,әңгімені басын 
бұлдама» немесе «Қонақ келсе ет ұсын,болмаса үй 
иесі ұятты болады» деген қазақ мақалдарынан қо-
нақжайлылықты аңғаруға болады. «Дастарханның 
беделі  жомарттықпен  өлшенеді»  деген  де  жақсы 
сөз  бар.Қанағатшылдық  пен  кішіпейілділік  қазақ 
халқының  қонақжайлық  сияқты  құнды  қасиет-
терінің бірі  немесе «қонақ келсе өз ырыс-несібесін 
ала келеді» дегенде даналық сөз бар [5, б. 208].
Өздеріңіз білетіндей, түрлі халықтардың өкіл-
дері тыс әлемнді қабылдаудың  кейбір сипаттама-

96
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
ларын және бірегей мүмкіндіктерді қабылдай білуі 
мүмкін. Осылайша, Қазақстанның әлеуметтік- эко-
номикалық және географиялық жағдай бірегейлігі 
(өмір көшпелі жолы , шексіз дала, құрлықтық кли-
мат,  мал  шаруа  қожалықтарының  ,  т.б.  таралуы) 
көшпенділердің табиғатта белгілі бір рең дамытуға, 
қазақтардың өзіндік психологиялық әрін қалыпта-
стыруы бойынша белгілі бір әсер етуі сәтсіз емес 
еді  және  т.б.  ойлау  жолында  әлемнің  қабылдауы 
өте күрделі болды. Этникалық сана ерекшеліктерін 
бөлектеу үшін менталитет ұғымы пайдаланылады 
– (менталитет) бейне, адамның ойлау салты , әле-
уметтік топтардың санасы , сондай-ақ оларға тән 
рухани  және  оның  әлеуметтік  және  биологиялық 
ой-болжамдары; менталитеті , дүниетанымы. Түр-
лі  этностардың  психикалық  ерекшеліктері,  олар-
дың  генетикалық  сипаттамаларымен  анықталады 
. Қазақ халқының әрбір азаматына тән қасиеттері: 
ұйымшылдығы,ұлжандылығы,қонақжайлылығы 
мен кішіпейілділігі.
«Қазақ халқының генетикалық ерекшеліктері , 
- дейді Н.Ә. Назарбаев - мұқтаждарға беру , ол бар 
деп әрбір затты бөлісуге дайын, жылы шырайлы , 
жанының  ашықтығы  мен  мейірімділігі  болып  та-
былады. [1,б.31].
Қазақ халқы мейірімділіктернің арқасында еш-
кімге  және  ешқашан  сыни  дұшпандылық  таныт-
паған,ешкімнің және ешқашан ала жібін аттамаған. 
Әрбір  ұлттың  өкілдері  немесе  азаматтары,қандай 
ұлт  болса  да,мынадай  кішіпейілділік,ақылкөңіл-
ділің  жіне  қонақжайлық  сынды  қасиеттердің  бір 
тұлғадай иесі болған.
Бұл ең жақсы деген қасиеттер – адам өмірінің 
оң  сипаттары  болып  табылады.Барлық  уақыт-
та ұлттық ойындар қазақ халқы үшін  үлкен әле-
уметтік  маңызға  ие  болды.  Олардың  шығу  тегі 
көне  заманнан  ұллтық  ойындармен  байланысты 
және олардың дамуына , олардың дәйекті нысан-
дарының  сериясына  қоғамдық  қатынастар  және 
адамдардың  экономикалық  іс-әрекетінің  сай  ке-
луімен ауыстырылды. 
Ойындар  мен  сауық  құрулар  әрқашан  мынан-
дай  қызметтер  атқарды:  тәлім  -тәрбиелік,  спорт-
тық,білімділік,ұйымшылдық,ауызбіршілік,жан-
жақтылық  және  т.б.Қазақ  халқының  өмірінде 
ұлттық ойындар үлкен рөл атқарады.
Ұлттық ойындар көңіл күйді көтереді,адамдар-
дың  ой-жүйесін  дамытады  және  дененің  қалып-
тылығын сақтайды.
Қазақтың  ұлттық  ойындарының  терең  тәрби-
елік,  әскери-спорттық,  салт-дәстүрлік,  өзара  қа-
рым-қатынастық және көркем-эстетикалық сипаты 
бар.  Ұлттық  ойындар  дене  шынықтыру,  жастар-
дың ақыл-ой қабілетін арттыру сияқты міндеттер 
атқарған.Ұлттық  ойындар  түрлі  заттармен  ойна-
латын, зеректікті, ептілікті және икемділікті қажет 
ететін,  соңғы  кезде  қалыптасқан  ойындар.  Олар-
дың негізгілерінің өзі жүзден астам. Бұл ойындар-
дың көбісінің ежелден қалыптасқан арнайы өлең-
дері  бар.  Өлеңдер  ойынның  эстетикалық  әсерін 
арттырып,  балалардың  өлең-жырға  деген  ыстық 
ықыласын оятып, көңілін көтереді, дүниетанымын 
арттырып,  еңбекке  баулиды,  ширықтырып,  шы-
нықтырады.  Этнограф  –  ғалымдардың  пайымда-
уынша,  ата-бабаларымыздан  бізге  жеткен  ұлттық 
ойындарымыздың тарихы Қазақстан жерінде б.з.б. 
бірінші  мыңжылдықта-ақ  қалыптасқан.  Олардың 
ішінде  тоғызқұмалақ,  қуыршақ,  асық  ойындары 
Азия  елдерінде  тайпалық  одақтар  мен  алғашқы 
мемлекеттерде кеңінен тарады. Біздің қоғамыздағы 
ұлттық  ойындардың  негізі,  шығу  тегі  халқымыз-
дың көшпелі дәстүрлі шаруашылық қарекеттерінен 
бастау алады. Бұлардың көбісі мал шаруашылығы-
на, аңшылыққа, жаугершілікке негізділген. Ахмет 
Жүнісовтың  айтуынша  «Өзге  халықтар  сияқты 
қазақтың да ертеден қалыптасқан, атадан – балаға 
мұра  болып  жалғасып  келе  жатқан  ұлттық  ой-
ын-сауық түрлері бар. Зер салып байқап отырсақ, 
ол ойын-сауықтар қазақтың ұлттық ерекшелігіне, 
күнделікті  тұрмыс-тіршілігіне  тығыз  байланысты 
туған екен және адамға жастайынан дене тәрбиесін 
беруге,  оны  батылдыққа,  ептілікке,  тапқырлыққа, 
күштілікке, төзімділікке т.б. әдемі адамгершілік қа-
сиеттерге баулуға бағытталған екен» [ 2. б.48] . Ал 
енді, «Қазақстан. Ұлттық энциклопедия» кітабын-
да қазақтың ұлттық ойындарының мән-маңызы ту-
ралы былай деп жазылған: «Қазақ ұлты негізінен 
ұрпақ қамын басты мақсат етіп қойып, балалардың 
нағыз азамат болып қалыптасуына аса зор мән бер-
ген. Нәтижесінде дәстүрлі бала тәрбиесінің басты 
құралы ретінде ұлттық ойынды орайластырып, да-
мытып отырған» [3].
Қазақ халқының  ең  сүйікті  және  кең  тарағарн 
ойындарының  бірі-асық  ойыны.  Қазақ  халқы-
ның  ұлттық  ойындарының  көбі табиғи  заттармен 
ойнауға  негізделген.  Шаруашылығы  мал  шару-
ашылығына  негізделгендіктен  қазақ  халқының 
ұлттық ойындары да осыған икемделген. Әсіресе, 
қойды  көп  сіргендіктен,  балалар  ойынының  көбі 
қой  асығымен  байланысты  болып  келеді.  Сон-
дықтан асық ойындары ұлт ойындарының ішіндегі 
арыдан келе жатқан көнелерінің бірі болып табы-
лады.  Асық  ойыны  баланың  жастайынан  жүйке 
жүйелерін  шыңдап,  оларды  дәлдікке,  ептілікке, 
ұстамдылыққа тәрбиелейді.
Көкпар – қазақтың ұлттық ат спорты ойында-
рының  бірі.  Дәстүрлі  қазақ  қоғамында  көкпарға 
жасқа толған серкенің семізі таңдалған. Семіз сер-
ке терісі жыртылмайды.
Бұл жарыста салт аттыларға оңай тимейді. Өй-
ткені салмағы 30–40 кг немесе 50–60 кг болатын 
бассыз  серкені  (ешкі)  спортшылар  жерден  көте-
рулері  немесе  қарсылас  команда  ойыншысынан 
тартып алып «мәре салым» қарсыласының қазан-
дығына  салулары  керек.  Қарсылас  команданың 
ойыншысынан серкені тартып алуға, басқа ойын-

97
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
шыға  беруге  рұқсат  етіледі.  Серкені  қанжығаға 
байлап  алуға,  қарсылас  командалардың  аттарын 
аяғынан  ұшырып  түсіруге,  оларды  шықпыртуға, 
үркітуге, атты екі аяққа көтеруге тиым салынады. 
Көкпар ойыны арнайы көкпар үшін жабдықталған 
ұзындығы 200 метр, ені 80 метр, қазандық арасы 
120  метр,  орталықтан  бастап  «мәре  салым»  қа-
зандыққа дейін 60 метр алаңда бекітілген ережеге 
сәйкес өткізіледі. Ойын арнайы бекітілген көкпар 
ойынының ережесіне сай әрқайсысы 20 минуттық 
2 кезеңде өткізіледі. Әр кезең аралығында 10 ми-
нуттік  үзіліс  болады.  Ойында  қарсыласының  қа-
зандығына ең көп салым салған команда жеңімпаз 
болып танылады. Көкпар жігіттердің күш-жігерін, 
төзімділігін,  батылдығы  мен  ептілігін,  ат  үстінде 
мығым отыруын қалыптастырады. Сонымен қатар 
көкпар – аттың қалай бапталып үйретілгенін, жүй-
ріктігін-де сынайтын спорт [7, б. 206].
Теңге  ілу  –  ержігіт  сайысына  ұқсас  қазақтың 
ұлттық ат спортына жататын ертеден келе жатқан 
ойындарының  бірі.  Теңге  ілу  ойыны  тегіс  жерде 
өткізіледі.
Желіп келе жатқан аттың үстіне отырып желісін 
баяулатпастан  төменге  тез  иіліп  сол  және  оң 
жағынан  орамалмен  оралған  теңгені  көтеріп,  ар-
тына тастап отыруы керек. Әрбір сәтсіз талпыны-
стың  артына  айыптық  уақыт  белгіленеді.  Теңгені 
көп  ілген  салт  атты  жеңімпаз  аталады.  Теңге  ілу 
алаңының ұзындығы 120 метр. Теңгені іліп алуға 
дейінгі ұзындық 30 метр. Теңге саны 5-еу. Теңге-
лердің ара қашықтығы 10 метрден. Теңге ілушілер 
теңгені орнынан іліп лақтырып тастауы керек. Жа-
рысқа бекітілген ережеге сай спортшының уақыты, 
ілген теңгесінің санына бөліп қортындысы шыға-
рылады.  Келесі  қазақтың  ұлттық  ойыны  «түйіл-
ген орамал». Ойынға жас өспірімдер қатынасады. 
Ойын  жүргізу  үшін  ақ  орамал  керек.  Орамалды 
ортасынан түйеді.
Ойынға  қатынасушылар  алаңға  жиналады  да 
шеңбер жасап айнала тұрады. Ойынды басқарушы 
тағайындалады.  Басқарушы  ортаға  шығады  да, 
қолындағы  орамалды  кез  келген  бір  ойыншыға 
тастайды,  сонан  соң  оны  өзі  қуады.  Орамалды 
алған  ойыншы  дереу  оны  басқарушының  қолы-
на  тигізбей  басқа  ойыншыға  беріп  үлгеруі  керек. 
Сөйтіп,  ойыншылар  орамалды  біріне-бірі  өткізе 
береді.  Орамалдан  айырылып,  қалған  ойыншы 
басқарушының  орнына  шығады.  Немесе  орамал-
ды ұстап алған басқарушы өз орнына басқа біре-
уді  тағайындап,  өзі  ойыншылардың  қатарына  қо-
сылады. Ойын соңында орамалды ұстатпаған тез, 
тапқыр ойыншы атап өтіледі.
Қолына  орамал  тиген  ойыншы  оны  тек  басқа 
ойыншыға жоғарыдан ғана лаңтырып бере алады. 
Шеңберден  шығуға  болмайды.  Ойын  жылдам-
дықты, амал-айланы қажет етеді.
«Қара сиыр» – ұлттық ойын.Ойын көбінесе да-
лада, көгалды жерде, кең аулада ойналады. Ойынға 
кіші,  орта  буын  мектеп  оқушылары  қатынасады. 
Ойынға 3 не 10, одан да көп ойыншы қатынасады. 
Көбінесе  ойынға  қара  зат  таңдап  алынады  (ескі 
малақай, құм салған дорба т. б.). Ойынға қатына-
сушылар шеңбер құрып, көздерін жұмып түрыса-
ды.  Ойынды  басқарушының  берген  бұйрығымен 
бір ойыншы шеңберден шығып, тығуға әзірленген 
затты  алып  тығылады.  Ойынға  қатынасушылар-
дың  міндеті  –  сол  тыққан  затты  іздеп  табу.  Егер 
тығылған  зат  табылса,  ойын  жүргізуші  ойынға 
қатынасушылардың  барлығына  естірте  дауыстап 
жариялайды да, барлығын табылған заттың төңіре-
гіне жинайды. Заттың иесі өз затын қорғайды да, 
басқалары  оны  алдап-сулап,  көңілін  басқа  жаққа 
бұрып  әлгі  затты  тартып  алуға  тырысады.  Затты 
кім ала алатын болса, сол затты тығушы қызметін 
атқарушы  болады  да,  қалғандары  қайта  шеңбер 
құрысып  көздерін  жұмады.  Ойын  осы  тәртіппен 
жүре береді. Ойын таза ауада дем алуға, ойлауға, 
тапқырлыққа баулиды.
Балада  жалпы  адамзаттық  құндылықтар  мен 
адамның  айналадағы  дүниемен  жеке  тұлғалық 
қатынасын  (этикалық,  эстетикалық,  адамгершілік 
тұрғысынан)  тәрбиелеу  мақсатын  халқымыздың 
мәдени  рухани  мұрасының,  салт-дәстүрінің  озық 
үлгілерін  оның  бойына  дарыту  арқылы  жүзеге 
асыруға  болады.  Осымен  байланысты  бағдарла-
ма  халқымызға  тән  әдептілік,  қонақжайлық,  мей-
ірімділік,  т.б.  сияқты  қасиеттер,  табиғатқа  деген 
қарым-қатынасындағы  біздің  халыққа  тән  ерек-
шеліктер.  Жас  ұрпақ  өз  халқының  мәдениетімен, 
асыл мұраларымен ұлттық әдебиеттер арқылы та-
нысып келеді. Халық ойынды тәрбие құралы деп 
таныған.  Ойынды  сабақта  қолдану  оқушылардың 
ой-өрісін  жетілдірумен  бірге,  өз  халқының  асыл 
мұраларын бойына сіңіріп, кейінгі ұрпаққа жеткізе 
білу құралы. Бірақ оны жүргізуге арналған нақты 
әдістемелік құралдар жоқтың қасы. Зерттеу жұмы-
сында  орыс  тілінде  жазылған  әдебиеттер  қолда-
нылды. Соның нәтижесінде қазіргі таңда тақырып-
тың өзектілігі туындап отыр [8, 144].
Халық  педагогикасының  адам,  отбасы,  өске-
лең  жас  ұрпақты  тәрбиелеу  туралы  арман-мақ-
саттарын,  орныққан  пікірлерін,  ұсыныстарын 
қамтып  көрсететін  педагогикалық  идеялар  мен 
салт-дәстүрлері  өткен  мен  қазіргінің  арасындағы 
байланысты  көрсетеді.Ол  тарихи  даму  барысын-
дағы  әлеуметтік  мәні  бар  ақпаратта  (білім,  білік) 
т.б.  жиналып,  ұрпақтан  ұрпаққа  беріліп  отыра-
ды. Ең алдымен, халық педагогикасы өскелең ұр-
пақтың еңбек пен өмір сүру бейнесінің негізі бо-
лып,  оларды  келешектегі  қызметіне  дайындайды. 
Біздің  халықтық  педагогикада  еңбек  тәрбиесі  өте 
ертеден бастау алады. Ертеден келе жатқан еңбек 
тәрбиесінің  әдіс-тәсілдер  құралы,  сөз  жоқ,  еңбек 
болып табылады. Еңбек адамның қалыптасуы мен 
тәрбиеленуінде бір ұрпақтан екінші ұрпаққа өмір-
лік  тәжірибе  береді  және  халықтың  даму  бары-

98
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
сында  шешуші  роль  атқарады.  Еңбек  ету  кезінде 
адамның  дене,  ақыл-ой,  эстетикалық  дамуы  мен 
еңбек  тәрбиесі  қатар  жүреді.  Халықтық  педаго-
гиканың  ең  бір  көне  тиімді  құралдарының  біріне 
ойын жатады. Ойын арқылы бала қоршаған орта-
ны өз бетінше зерделейді. Сөйтіп, өзінің өмірден 
байқағандарын іске асырып, қоршаған адамдардың 
іс-әрекетіне еліктейді.Соның нәтижесінде өзі көр-
ген  жағдайларды  отбасылық  тұрмыс  пен  қызмет 
түрлерін  жаңғыртады.  Мәселен,  қазақтың  ұлттық 
ойындары:  «Бәйге»,  «Көкпар»,  «Алтын  сақа», 
«Хан  талапай»,  «Қыз  қуу»,  «Тоғызқұмалақ»  т.б. 
балалардың  еңбекке  деген  қарым-қатынасы  мен 
қабілеттерін арттырады [4].  
Спортшының өзі мен оның атына жоғары талап 
қойылатын ойлы-қырлы, жасанды, бөгесінді жер-
лерде-де  өткізіледі.  Бір  жағынан,  бұлайша  жары-
сты  бұрын  белгісіз,  ойлы-қырлы  жерлерде  өткізу 
қазіргі заманғы ат спортының классикалық түріне 
жуықтайды. Бұл қазақстанның халықтары арасын-
да  спорттың  классикалық  түрлерін  кеңінен  тара-
туға өзінің пайдасын тигізетіні сөзсіз. Әсіресе ала-
ман бәйгенің спортшының тактикалың шеберлігін 
жетілдіруде  маңызы  орасан  зор.  Жарыста  мықты 
да жылдам спортшылардың бәрі бірдей жеңе бер-
мейді, мұнда кімде-кім жарысты жаттығу жағынан 
дұрыс құрып, жағдайды дұрыс бағалап, жарыстың 
барысында  атының  күшін  тиімді  пайдаланса  сол 
ғана  жеңіске  ие  болады.  Аламан  бәйге  ертеректе 
өте  алыс  қашықтыққа  өткізілетін  болған.  Қазіргі 
уақытта аламан бәйге жарыс ережесі бойынша 25 
шақырымдық  қашықтықта  өткізіледі.  Жарысқа  7 
мен  14  жас  аралығындағы  шабандоз  балалар  қа-
тысады,  дегенмен  майталман  жокейлердің  қаты-
суларына да болады. Әдетте мұнда бәйгелер үшін 
жеңіл салмақты, тырмысқақ және амалшыл бала-
лар таңдалып алынады. Бәйге мен аламан бәйге та-
бандылыққа, батылдыққа, тапқырлыққа үйрететін 
ұлттық  спорттың  бағалы  түрі  болып  табылады. 
Қазақстанда  бұл  сияқты  тамаша  спортты  кеңінен 
таратуға  барлық  жағынан  мүмкіншілік  мол,  ре-
спубликамызда мініскер аттарды өсіретін арнаулы 
жылқы заводтары жұмыс атқарады [8, 175].
Қазақстанның  ең  алғашқы  болып  Оңтүстіктік 
Алтайдың  баурайынан  тараған  бұл  ойын  түрінің 
ғұмыры өте ұзақ.Қазақша күрес қазіргі таңға дейін 
қалпын  сақтап  келе  жатыр.  Қазақ  күресінің  даму 
тарихы қазақ халқының тамыры тереңнен тартыла-
тын тарихымен тұтасып жатыр. Түрлі бас қосулар 
мен мереке тойлар спорттың осы түрінің сайысын-
сыз өткен емес.Күші басым түсіп, жеңіске жеткен 
палуандар халықтың төбесіне тұтар құрметті ада-
мына айналған. Қазақтың ұлы батыры Қажымұқан 
есімі  қазақ  халқының  тарихына  ғана  еніп  қойған 
жоқ, сонымен бірге спортшылардың әлемдік эли-
тасының қатарына кірді. 
Мектеп  жасына  дейінгі  жас  ұрпақтың  қалып-
тасуына әсер ететін фактордың бірі, дәстүрлі мә-
дениетіміздің бір бағыты халықтың ұлттық ойын-
дары. Ата-бабамыз ойынды тек баланы алдандыру, 
ойнату  әдісі  деп  қарамай,  ол  халықтың  ғасырлар 
бойы  жасаған  асыл  қазынасы,  баланың  көзқара-
сы, мінез-құлқын қалыптастырып, бір жүйеге кел-
тіретін тәрбие құралы деп санаған.
Ойын  –  мектеп  жасына  дейінгі  балалардың 
негізгі  іс-әрекеті.  Қазақ  халқының  ұлы  ойшылы 
Абай  Құнанбаев:  «Ойын  ойнап  ән  салмай,  өсер 
бала болар ма?» деп айтқандай баланың өмірінде 
ойын ерекше орын алады [6. б.192]. Ойын балалар 
өмірінің  нәрі,  яғни  оның  рухани  жетілуі  мен  та-
биғи өсуінің қажетті алғы шарты және халықтың 
салтын  үйренуде,  табиғат  құбылыстарын  тануда 
олардың  көру,  есту,  сезу  қабілеттерін,  зейінділік 
пен  тапқырлықтарын  дамытады.  Ойын  арқылы 
балалар  қоғамдық  тәжірибені  меңгереді,  өзінің 
психологиялық  ерекшеліктерін  қалыптастырады. 
Ойнау процесінде сөйлесу қарым-қатынасы үлкен 
рөл атқарады. Сөйлесе жүріп, балалар өзара пікір-
лесіп, әсер алысады. Ойын баласының жан-жақты 
дамуын  көздейтін,  оның  тілін  жаттықтыратын, 
қимыл-қозғалысын  жетілдіретін,  белсенділігін 
арттыратын,  басқа  адамдармен  қарым-қатынасын 
реттеп, құрдастарымен ұйымшылдығын арттыруға 
негіз бола алады. 
Ұлттық ойындардың  ерекшелігі:
Бірінші  ерекшелігі-ұлттық  ойындар  ұзақ 
сұрыпталып,  біздің  заманымызға  дейін  жеткен 
халық  мұрасы  ретінде,  әрбір  адамның  қажетіне 
жарарлық  қалыпқа  түсіп,  тек  дене  шынықтырып, 
адамды  дене  жағынан  ғана  жетілдіріп  қоймайды, 
оның адам тәрбиесіне етер әсері, тигізер пайдасы 
мол.  Ұлттық  ойынның  қасиеттерін  дұрыс,  ретті 
пайдалана  білу,  ұлтқа  тән  қасиеттерді  мектептің 
жас буын шәкірттерінің бойына сіңіру, өзі шыққан 
ортаның қадір- қасиетін ерте біліп, тілін, өз халқы-
на  тән  имандылық  қасиетін,  дәстүрін,  әдеп-ғұр-
пын, салт-санасын мектеп қабырғасында қабылда-
уға мүмкіншілік береді.
Екінші ерекшелігі - дене шынықтыру мұғалім-
деріне мектеп бағдарламасын шығармашылықпен 
жұмыс  істеуді  талап  етеді  .  Ұлттық  ойын,  сон-
дай-ақ, ойын атаулының бәрі де жас адамға үйлесе 
білуді,  өздігінен  ойлап  шешім  қабылдай  алатын, 
қиын жағдайлардан жол тауып дұрыс шыға білетін, 
үнемі  ойлау  мен  әрекетті  әдет  еткен,  дене,  ақыл-
ойы бірдей қатар өркендейтін адамдарды әзірлеуге 
негізделген. 
Үшінші ерекшелігі - бүгінгі қазақ мектептерін-
де  ұлттық  ойындарды  дене  шынықтыру  пәнінде 
пайдалану,  ұлттық  дәстүрлерді  жастардың  сана-
сына  дене  тәрбиесі  арқылы  сіңірумен  бірге,  ха-
лықтың ғасырлар бойы тірнектеп жинаған рухани 
байлығын бүгінгі заман талабына сай іске қосудың 
тиімді  бір  жолы  және  ұрпақтар  сабақтастығын 
жалғастыру  мен  олардың  үндестігін  сақтаудың 
тәсілі.

99
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
Төртінші ерекшелігі -  Қазақ халқының ұлттық 
ойындары, қолданыс ауқымы жағынан диапозоны 
кең,  әржақты  болып  келеді.  Оған  себеп  болған, 
әсіресе, көшпелі тұрмысы мен шаруашылық, эко-
номикалық ортасының әсері. Көшпелілер мәдени-
етінің көш басында тұрған халқымыз өзіндік ерек-
шелігі бар мәдени орта жасай білген [9].
Бесінші ерекшелігі - халық жасаған бай мұра-
ның  бір  айырықша  бөлігінің  сыбағалы  салмағы 
дене тәрбиесінің үлесіне тиеді. Ұлттық ойындар-
дың  шығу,  жасалу  тегінің  өзі  белгілі  бір  мақсат 
бірлестігін, тек көңіл көтеру, көз қуанышы ретін-
де қызметі ғана емес, адамға тән қасиеттерді тұтас 
алып  дамытуға  меңзейтінін  көрсетеді.  Ұлттық 
ойындар басқа жұрттағыдай тек дене шынықтыру 
құралы  ғана  емес,  бүкіл  адами  болмыстың  даму, 
қалыптасу негізін құрайтын өнер бастаудың да не-
гізі екенін айтуға тиіспіз.
Алтынші  ерекшелігі  -  оқушылардың  жиі  қи-
мылдауын, қолдарының жиі жұмыс істеу қабілетін 
арттыруға, жүйке жүйелерін жетілдіруге арналған, 
ойлау  жүйелерін  дамытуды  көздейтін  ойындарды 
таңдайды, оларды өзге де пәнде пайдаланып, пән 
үндестігін бір-біріне ұштастыруды көздейді.
Жетінші  ерекшелігі  -  ұлттық  ойындардың, 
олардың  басым  көпшілігі  ешбір  затты  қажет  ет-
пейтіндігі.  Сондықтан  оны  қалаған  жерде  өткізе 
беруге  болады.  Күздің  құрғақ,  ашық  күндерінде 
таза  ауада  өткізілсе,  қыста  мектептің  спорт  за-
лында өтеді. «Қасқыр қақпан» ойынында дене қи-
мылына жүру, тізені бүгу, қолды көтеру, мойынды, 
иықты  қозғау  секілді  адамның  денесінің  шыңда-
луына  әсер  ететін,  қан  тамырларының,  жүрегінің 
соғысын  жиілететін  әсерлер,  айла-амал  қолдану, 
жеңіске деген ұмтылыс, бәсеке жарыс элементтері 
де кездеседі.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. Алматы: Атамура,2003.б. 31
2. Жүнісов А. Фәниден бақиға дейін, — Алматы: «Қайнар», 1994,б. 48
3. Абай Қунанбаев Шағармаларының толық жыйнағы. – Алматы, 1948. – 402 б.
4. Игры и развлечения. – Алма-Ата, 1960. – С.127–128.
5. Танекеев М.Т. От Байги до олимпиады. Алма-Ата:  Казахстан, 1983 – 208 с. 
6. Доскараев Б.М. История физической культуры в казахстане׃ Учебное пособие.
7. Казахи. Алмааты: Казахстан, 1995. – 206 с.
8. Тотенаев Б.Т. Казахские национальные игры. Алма-Ата: Казахстан, 1976. — 144 с.
9. Сагындыков Е.А. Қазақтың ұлттық ойындары.  Алматы:  Рауан, 2001. — 175 с.

100
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет