Халықаралық ғылыми-көпшілік журнал Международный научно-популярный журнал



Pdf көрінісі
бет21/50
Дата06.03.2017
өлшемі4,75 Mb.
#7753
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   50

Мамиров Ерлан Нарзуллаұлы
   Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ «Дене мәдениеті» кафедрасының аға оқытушысы
Түркістан қаласы, 8 702 616 75 77. Mamirov_e @mail ru.
ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ  ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҮДЕРІСТЕГІ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Түйін. Бұл мақалада дене тәрбиесінің педагогикалық үдерістегі маңыздылығы атап көрсетілген. Сонымен қатар 
дене тәрбиесі дамуының  тарихи  кезеңдері,  жеке тұлғаның дене тәрбиесін қалыптастыру проблемалары қара-
стырылған. Мақалада дене мәдениетін қалыптастырудағы ұлы ойшылдардың философиялық тұжырымдамалары 
баяндалған.
Резюме. В этой статье приведены важность педагогических процессов физической культуры. А также рассмо-
трены этапы развития физической культуры и проблемы формирования физического воспитания личности. В ста-
тье приведены философские концепции великих мыслителей в формиировании физической культуры.
Summary. This article describes the essence of pedagogical process of physical training. As well as the stages of development 
of physical culture and problems of formation of physical training of the person. The article presents the philosophical concept 
of the great thinkers in formiirovanii physical culture.
Президентіміз  Н.Ә.  Назарбаев  «Қазақстан  - 
2030» стратегиялық бағдарламасында «Салауатты 
әрі  гүлденген  экономика  құрмайынша,    біз  қуат-
ты  мемлекет  пен  қарулы  күштер  құра  алмаймыз, 
демографиялық,  экономикалық  және  әлеуметтік 
міндеттерді шеше алмаймыз, әрбір адамның жеке 
басының қадір-қасиеті мен әл-ауқатын арттыра ал-
маймыз»,-деген болатын [1, б3].
Сондықтан  да  дене  тәрбиесіне  қойылатын 
жаңаша талаптар мен өзгерістер туындап отыр. 
Бұған себеп қазіргі кезде жеке тұлғаның қоғам-
дық және әлеуметтік мәні дене тәрбиесі ұғымыда-
ры назарынан да тыс қалмауы қажет. 
Дене  тәрбиесі  сабағындағы  сауықтыру, 
білімдік,  тәрбиелік  міндеттерімен  қатар  педагог 
кәсіби  жұмысын  атқарып  қоймай,  оқушылардың 
рухани  жеке  тұлғасын  қалыптастыруды  жүзеге 
асыруы керек.
Дене тәрбиесі дамуының да өзіндік тарихи  ке-
зеңдері бар.
Бірінші кезең – қозғалыс дағдыларының ағзаға 
әсері жөніндегі эмперизмдік білім кезеңі. Адам ба-
ласы  оны  күнделікті  қозғалыс-қимылында  алды. 
Мұндай  білімнің  жиналуы  «қозғалыс  жаттығула-
рының»  тиімділігі  мен  ағзаға  оң  әсері  танылып, 
кейінгі кезеңдерде дене тәрбиесінің пайда болуына 
әсер етті.
Екінші  кезең  –  дене  тәрбиесін  дамыту  жөнін-
дегі идеялар мен оның әдістемесінің пайда болуы 
Орта  ғасырларда  Греция,  Рим  мемелекеттерінде 
бастау алды. Бұл кезеңде дене жаттығуларының са-
уықтыру және ішкі ағза қызметіне әсері зерттелді,   
оның   тиімділігі   төзімділік   пен   белсенділікті,     
күшті, ерік-жігерді, батылдықты, қайрат пен қозға-
лыс  дағдыларын  жетілдірудегі  маңызы  ескерілді. 
Сондықтан әскери ойындар, жаттығу, сайыс, түр-
лі  қимыл-қозғалыс  әдістерін  жүйелеу  және  оны 
тиімді  пайдалану  жөніндегі  алғашқы  әдістемелер 
пайда болды. 
Үшінші  кезең  –  Қайта  өрлеу  кезеңінен  баста-
лып,  дене  тәрбиесі  теориясы  мен  әдістемесінің 
білімдік,  практикалық  қорларының  жинақталуы 
ХІХ ғасырға дейінгі кезеңде дами түсті.
Себебі адам ағзасын зерттеу, сырқатының пай-
да  болу  жағдайы  мен  емдеу  жолдарын  табу  мақ-
сатындағы  дәрігерлік  тәжірибе  философтар  мен 
дәрігерлердің,  ағартушылардың  дене    тәрбиесіне, 
дене  мүмкіндіктеріне,  ағза  ерекшеліктеріне  назар 
аудартты. Сөйтіп, адам ағзасы және оның функци-
оналдық қызметі жөніндегі зерттеулер жүргізіліп, 
алғашқы  тұжырымдардың,  дене  тәрбиесінің  тео-
риялық өзегінің пайда болуына әсерін тигізді.
Қайта  өрлеу  дәуірінде  дене  тәрбиесі  тұтастай 
тәрбие  ісінің  қажетті  бір  буыны  деп  есептеліп, 
алғашқы  ғылыми  негізделген  теорияларды  пайда 
етті.  XVIII  ғасырда  дене  шынықтыруда  пайдала-
нылатын  дене  жаттығуларының  биомеханикалық 
сипаттары зерттеле бастаса, ал кейінгі ХІХ ғасы-
рда дене тәрбиесінің ерекшеліктерін сипаттайтын 
еңбектер пайда болды.
Төртінші кезең – Қазан төңкерісіне дейінгі дене 
тәрбиесінің оқу пәні ретіндегі орны, теориясы мен 
әдістемесінің  қалыптасу  кезеңі  болды.  Бұл  ке-
зең дене тәрбиесінің өзекті мәселелерінің жүйеге 
келтіріліп, арнайы зерттеулер мен тәжірибелердің   
жүргізілуімен   сипатталды.   Бұл   саладағы   ең   
көрнекті  тұлға  П.Ф.  Лесгафт  болды,  оның  дене 
тәрбиесі  жөніндегі  ілімі  мен  жасаған  әдістемелік 
ұсыныстары қазіргі дене тәрбиесі теориясының қа-
лыптасуында зор маңызы бар.
Бесінші  кезең  –  Кеңестік  дәуірдегі  дене  тәр-
биесі  ғылымының  даму  кезеңі,  дене  тәрбиесінің 
кешенді  түрде  ұйымдастырылып,  дене  тәрбиесі 
ғылымының  басқа  ғылымдармен  сабақтастықта, 
ғылым  саласының  ықпалды  бірлігіне  негізделген 
кешенді  сипатта,  ғылыми  негізге,  заңдылықтарға 
сүйене отырып қалыптасу жүзеге асты. 
Алтыншы кезең – қазіргі кезеңде әлемдік білім 
кеңістігіне  енуге  бағдар  жасауда,  дене  тәрбиесін-
дегі  озат  әлемдік  тәжірибелерді,  онымен  шек-
тес  ғылыми  пәндер  ауқымындағы  зерттеулердің 
нәтижелерін  тиімді  пайдаланып,  шетелдік  озат 
тәжірибелерді,  сондай-ақ  дәстүрлі  әдістерді  жаңа 
жағдайда,  жаңа  педагогикалық  технологиялармен 

141
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
сабақтастыра  отырып  пайдалану  арқылы  ХХІ  ға-
сыр заманындағы дене тәрбиесі теориясы мен әді-
стемесінің  негізін  жасаумен  сипатталады.  Дене 
тәрбиесі ғылымының дамуы психологтар мен фи-
зиологтардың тәжірибесінде адам ағзасының  мүм-
кіндіктері туралы ой-пікірлері мен тұжырымдары-
на,  іс-тәжірибелерінің  қалыптасуына  жаңалықтар 
енгізеді.
Қазақ  жерінде  дене  тәрбиесінің  негізі  ретінде 
ойындар  мен  жарыс  сипатындағы  қимылды  жат-
тығулар  тек  дене  күштерін  арттыру  ғана  емес, 
ата-бабаларымыздың  ұлттық  психологиялық  бол-
мысы  мен  тәлім-тәрбиесін,  рухани  адамгершілік 
сипаттары мен мәдени құндылықтарын өзара ішкі 
бірлікте денсаулық сақтау межесіне жету мақсатын 
көздеген.
М.О. Әуезов: «Біздің халқымыздың өмір кеш-
кен  ұзақ  жылдарында,  өздері  қызықтаған  алуан 
ойын  өнері  бар.  Ойын  деген  менің  түсінуімше, 
көңіл көтеріп жұрттың көзін қуантып, көңілін шат-
тандыру  ғана  емес,  ойынның  өзінше  бір  ерекше 
мағыналары болған»,- деп тегіннен-тегін айтпаған 
[2].
Жүсіп  Баласағұн  «Құтты  білік»  дастанында 
ұлттық  психологиямыз  бен  ерекшеліктерімізге 
тоқтала келе, «кемел адам» ұғымын енгізе отырып, 
кемел  адамның  бойында  мынадай  қасиеттер:  жо-
марттық,  саламаттылық,  білімділік,  ақылдылық, 
бір сөзде тұру, ширақтық болу қажет дейді [3].
Ұлы ағартушы Абай дене тәрбиесі мен ақыл-ой 
тәрбиесі үйлескенде ғана әр адам сымбатты болу-
мен қатар, жан-жақты қалыптасқан жан болмақ де-
ген пікірді қуаттайды. Мысалы, «Сегіз аяқ» өлеңін-
де  бойдағы,  денедегі  күш-қуатты  ойсыз,  ақылсыз 
іс-әрекетке жібермей, белсенді өмір сүре отырып, 
өзіңді  дамытатын,  жетілдіретін  іспен  ұштастыра 
білу қажеттігін ескертеді. Әсіресе, «Қара сөздер» 
адам  тәлім-тәрбиесіне  бағыт-бағдар  беретін,  жай 
ғана  бағыт  қана  емес,  ғылыми  негізге  сүйенген, 
өмірлік  жағдайлардан  алынған  философиялық 
тұжырымдар мен түйіндерден тұратын құнды дү-
ние.
Ұлы Абай дене күшін, дене мәдениетін қалып-
тастыру,  оның  ақыл-ой  тәрбиесіне  тікелей  байла-
нысын көрсете отырып, «тәрбиелеу керек» деп жай 
ғана сөзбен емес, оны дұрыс жолға қоюды нақты 
істермен, жолдармен насихаттау, тәрбиенің өзегін 
философиялық,  психологиялық  арнадан  іздеу  қа-
жеттілігіне тоқталады. Бұл мәселеде Абай оны ха-
лықтың  рухани  мұрасы,  асыл  қоймасы  халықтық 
тәлім-тәрбие бесігі – ауыз әдебиетінен, мақал-мә-
телдері  мен  даналықтарынан  іздеуді  меңзейді. 
Халқымыз:  «Азған  денеге  ауру  үйір»,  «Қайраты 
мен  ақылы  сай  жігіттің  жолы  болар»,  «Ақылсыз 
жігіт  күшіне  сенер»,  «Қайраты  бар  кісінің,  бере-
кеті бар ісінің, қайраты жоқ кісінің, берекеті жоқ 
ісінің», «Қайратың барда мал тап», «Денсаулығын 
ойлаған, жан сарайын таза ұстар», «Әлін білмеген 
әлек»,  т.б.  деп  дене  тәрбиесін  тоқсан  ауыз  сөздің 
тобықтай  түйінін  мақал-мәтелдер  арқылы  береді 
[4].
Еліміздің  белгілі  қайраткерлері  Ш.  Құдайбер-
диев, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, 
Ж.  Аймауытов,  С.  Торайғыров  т.б.  дене  тәрбиесі 
мәселелерін халықтың дәстүрлері, халықтың мұра-
ларындағы орамды тұстарын дәлелдеп, оның құн-
дылық бағытына тоқталған.
Соңғы  уақытта  жеке  тұлғаның  дене  тәрбиесі 
үздіксіз  білім  беру  жүйесінде  дене  тәрбиесінің 
мақсаты  түрінде  қарастырылып  жүр.  Бұл  мақсат 
үздіксіз білім беру мен жеке тұлғаны қалыптасты-
ру  жүйелерінің  қазіргі  даму  талаптарына  жауап 
бере алады. Бұдан басқа, үздіксіз білім беру жүй-
есінің  жекелеген  бөліктерінің  сабақтастық  прин-
ципін бейнелейді; сонымен қатар субъектінің жеке 
өмірінің мәдениет сапасын анықтауға бағытталған 
болашағы туралы идея да бар. Айтылған мақсатт-
тардың міндеттері оқу-тәрбие процесінің тиімділік 
критерийлерімен нақтыланады. 
Жеке  тұлғаның  дене  тәрбиесін  қалыптастыру 
проблемасы  зерттеліп,  теориялық  негізінің  жа-
салғанына  қарамастан,  бүгінгі  күні  өткір  және 
ашық мәселе болып қалуда. Бұл ең алдымен мем-
лекетіміздің әлеуметтік-экономикалық, саяси және 
рухани  дамуындағы  өзгерістермен  байланысты. 
Бұлар  дене  мәдениетінің  саласында  диалектика-
лық қарама-қайшылық тудырады. Сондықтан фи-
лософиялық,  психологиялық  және  педагогикалық 
әдіснамалық  жайттарға  сүйене  отырып,  мектеп 
оқушылары  үшін  дене  тәрбиесінің  инноваци-
ялық-педагогикалық  ұйымдастыру  моделін  жасау 
қажет.  Бұл  модель  олардың  дене  мәдениетін  қа-
лыптастыруға бағытталады және оның көмегімен 
жеке  физиологиялық,  гигиена-профилактикалық 
және  емделу  қажеттіліктерін  жүзеге  асып  қана 
қоймай, әлеуметтік белсенді тұлға болуға, жемісті 
еңбек етуге дайындық жасалады.
Қазіргі кезеңде мектеп және жоғары оқу орны 
бағдарламаларының  жасалу  тұжырымдамасы  өз-
герді. Алайда, бұлардың бәрінде мектеп оқушысы 
мен  студенттің  қайда  оқитындығы  ескерілмей-
ді,  олардың  меңгеруі  тиіс  негізгі  дағдылар  мен 
қабілеттер,  оқу  нормасын  тапсыруға  арналған 
шарттар  көрсетілген.  Жаттығулардың  орындалуы 
қозғалыс  дайындығының  деңгейі  туралы  мәлімет 
береді. Дегенмен, бұл бағдарламалар базалық, үл-
гілік сипатқа ие, сондықтан оларды әрбір педагог 
жергілікті жағдай мен дәстүрлерге қарай өзгерту-
лер мен толықтырулар енгізіп, өзгерте алады. 
Мектепке дейінгі мекемелер мен мектептерде-
гі,  жоғары  оқу  орындарындағы  «Дене  тәрбиесі» 
пәнінің  мақсаты  әлі  күнге  дейін  толықтыруды, 
осыған  орай  оның  ғылыми  негізделген  тұжы-
рымдамасын  жасау  қажеттігі  туындайды.  Осы 
бағыттағы  зерттеулердің  тиімдісі  дене  мәдениеті 
тұрғысынан зерттеу болып табылады. Әрине, мә-

142
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
дениет теориясының құбылыстары, кластары және 
олардың түрлеріне сүйеніп, жасалып жатқан қан-
дай да бір теориялық ережелер, тұжырымдамалар 
көп және олар әлі де жүргізілу үстінде. 
Дене  тәрбиесі  білімінің  негізгі  мақсатын 
анықтау  үшін  белсенді  жұмыс  атқарылу,  оны 
қозғалыс сапаларының дамуы, енді біреулері білім 
міндеттерін  шешу  құралы  деп  анықтайды.  Үшін-
шілері, оқушыларды спорттың бір түрімен дамы-
ту және сауықтыру деп ұсынса, төртіншілері, «ең 
басты мақсат – бұл сауықтыру» деп таныды. Ақы-
рында, авторлардың бірқатары басты мақсаты жеке 
тұлғаның жан-жақты дамуын физикалық жетілдіру 
үдерісімен бірлестіруден деп есептейді.
Жоғарыда  баяндалған  жайттардың  дене  тәр-
биесі  білімін  үздіксіз  беруді  жүзеге  асырудың 
маңызды шарты болып табылатындығын, оны бас-
шылыққа  алып,  білім  берудегі  дене  тәрбиесінің 
орнын,  оның  қызметін  айқындауға  тырысамыз.  
Жалпы  (дамыту,  тәрбиелеу,  оқыту)  және  арнайы 
(ақпараттық, жалпы мәдениеттік және т.б.) қызмет-
терін қарастыруға болады.
Кемеңгер  ұлы  ақын  М.Жұмабаевтың  “Педа-
гогика”  кітабында  рухани  жан  тәрбиесі  мен  дене 
тәрбиесін жан – жақты терең қамтығанынан көруге 
болады [5]. 
 Ақын-жазушы драмматург - Ж.Аймауытовтың 
шығармашылық  мұрасы-  рухани  қазынамыз.  Ол 
тәрбие  жөнінде  былай  деген:    ”Тәрбиесіз  білімді 
адам сол білімін оңды-солды жұмсай беруі мүмкін. 
Тәрбиелі адам, яғни иманды адам, толық адам - он-
дайға бармақ емес, ол білімін өз орнына, игілікке, 
адамзаттың  гүлденуіне  жұмсайды“,  -  деп  ізгі  ой-
ларға жетелейді [6, 52б.].
Ж.Аймауытов  педагогикалық  көзқарастары  
адамға, оны тәрбиелеу мүмкіндігіне деген сенімі-
нен  басталады.  Өзінің  “Тәрбие”  деген  мақалала-
рында  ол,  адамның  хайуаннан  айырмашылығы 
жайында  әңгіме  қозғай  отырып,  адам  бойындағы 
ұнамсыз мінез-қылықтарының барлығы тәрбиенің 
кемдігінен деп қорытынды жасайды [6, 55б.]. 
Ғылыми зерттеуімізде дене тәрбиесін педагоги-
калық үдерістің ажырамас бөлігі деп қарастыруы-
мызға  тура  келді.  Ғылым  шындықтың  бейнелеу 
формасы болғандықтан тәрбие ұлттық болмыстың 
тамшысында деп қорытынды жасаймыз.
Әдебиеттер
1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан 2030. – Алматы: Білім, 1997. – 257б.
2. Әуезов М. Уақыт және әдебиет. – Алматы: ҚМКӘБ, 1962. – 220 б.
3. Баласағұн Ж. Құтты білік. – Алматы, 1992. – 428б.
4. Құнанбаев А. Шығармалар. Т. 1. – Алматы, 1977. – 312б.
5. Жұмабаев М. Таңдамалы шығармалар. Алматы, 1992. – 216б.
6.  Аймауытов Ж. Шығармалар. – Алматы, 1997.

143
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
ӘОЖ: 381:201.2
Дайрабаев Максат Сеилбекович
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ магистр-оқытушы  
Баетов Дүйсенбек Мынжасарович
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ магистр-оқытушы, Түркістан қаласы
ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ САБАҒЫН ӨТКІЗУДІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК  НЕГІЗДЕРІ 
Түйін. Бұл мақалада  мектеп жасындағы бала дені сау, күшті, қуатты, сергек болуды, жақсы қимылдауды, неғұр-
лым ұзақ жасауды қалайды. Денсаулықты сақтауға әрбір жас жеткіншек өзіне жауапты, дегенмен қоғамға да жа-
уапкершіліктер жүктелген.  Ұлттың саулығы әрбір адамның денсаулығын сақтап, нығайту және салауатты өмір 
салтын орнықтырумен жүйелі сипатталған.
Кілтті сөздер: Дене мәдениеті,  сараптау, дамыту, білім беру, диагноздау, руханият, жетілдіру, дағды.
Дене тәрбиесі сабағының нәтижелілігі оқытушының алдын-ала белгілеген жоспарын қаншалықты жүзеге асы-
руына көп жағдайда байланысты. Оқытушы шұғылданушылардың қызметін ұйымдастырудың барынша ұтымды 
әдістері  мен  әдістемелік  тәсілдерін  қолдануы,  бар  қондырғыларды,  құрал-жабдықтарды,  оқытып,  үйретуге  ар-
налған техникалық құралдарды, тиімді пайдаланып, сонымен бірге сабақ өткізілетін орынның  (спорт зал немесе 
мектеп жанынағы спорт алаңы, стадион немесе парк, тегіс немесе ойлы - қырлы жер), ауа райының температура-
лық жағдайы, оқушылардың дайындық деңгейі, олардың жас, жыныстық және жеке ерекшеліктері ескерілуі тиіс.
Резюме. В этой статье рассматривается здоровых детей школьного возраста  сильный, мощный, яркий быть, 
лучше действовать, создание более длительные предпочитают. Каждый подросток сохранить здоровье на себя от-
ветственность, но ответственность возложена на общество. Сохранения здоровья нации, здоровья каждого чело-
века, здорового образа жизни, укрепление и системы.
Ключевые слова: Физическая культура, экспертиза, развитие, образование, диагностика, духовность, совершен-
ствование, навык.
Summary. This article discusses healthy school-age children strong, powerful, bright, it is better to act, creating longer 
prefer. Every teenager to maintain health responsibility, but the responsibility rests on the society. Save the nation’s health, the 
health of each person, healthy lifestyle, strengthening and system.
Keywords: Physical training, expertise, development, education, diagnosis, spirituality, perfection, the skill.
Сабақтың  ұйымдастырылуының  қамтамасыз 
етілуінде мыналар қарастырылады: 1/ санитарлық 
–  гигиеналық  жағдай  жасау;  2/  материалдық-тех-
никалық қамсыздандыру; 3/ сабақта алға қойылған 
мақсатты,  міндетті  барынша  жақсы  орындауға 
мүмкіндік  туғызатын  шұғылданушылардың  қыз-
метін ұйымдастыру әдісін таңдау.
Сабақты өткізу үшін санитарлық – гигиеналық 
жағдайды  қамтамасыз  ету  барысында  дене  жат-
тығуларымен шұғылданудан сауықтырудың тиімді 
әсерін алуды қамтамасыз ететін шаралардың бар-
лық кешені алдын ала қарастырылады.
Осыған  байланысты  сабақ  өтілетін  орынның 
санитарлық-гигиеналық  жағдайы  белгіленген  та-
лап  өлшемдеріне  қатаң  түрде  сәйкес  келуі  тиіс. 
Мысалы, спорт залдары үшін ауаның барынша қо-
лайлы температурасы +14+16қ  С.
Мектептегі  сыныптар  мен  өткізілген  әрбір  са-
бақтан  кейін  барлық  үзілістер  кезінде  спорт  зал-
дың  ауасын  тазартып,  дымқыл  матамен  еденді 
сүрту  қажет.  Адам  өкпесіндегі  ауаның  алмасты-
рылуының тыныс алу кезіндегі мөлшері минутына 
4 тен 6 ретке дейінгі аралықта болады, ал жоғары 
қарқындылықтағы жаттығу кезінде (жүгіру, спорт 
ойындары және т.б.) ағзаның ауаны сіңіруі 10 рет-
ке  және  одан  да  көпке  артады.  Сондықтан,  дене 
жаттығуларымен шұғылдану өтетін орындарда ау-
аның қажетті деңгейдегі тазалығын үнемі біріңғай 
қамтамасыз ету маңызды[1,2].
Залдағы  еденнің,  гимнастикалық  жұм-
сақ  төсеніштердің,  қондырғылардың,  спорт 
құрал-жабдықтарының  тазалығын  қалыпты  ұста-
уға  үнемі  өте  үлкен  назар  аудару  қажет.  Әрбір 
сабақтан  кейін  залдың  еденін  дымқыл  матамен 
тазалау, гимнастикалық төсеніштерді суланған шү-
берекпен сүрту, аптасына бір рет күрделі тазалық 
күнін  өткізіп,  зал  еденін,  спорт  қондырғыларын, 
құрал-жабдықтарын  кір  жуатын  ұнтақ  қосылған 
сумен  тыңғылықты  жуып,  соңынан  құрғақ  мата-
мен мұқият сүрту қажет.
Бұл  маңызды  санитарлық-гигиеналық  талап-
тарды сақтамау спорт ғимаратында көп мөлшерде 
шаңның  басып қалуына  әкеледі.  Мұндай  жағдай-
да  шұғылдану  денсаулыққа  үлкен  зиян  келтіреді, 
өйткені  өкпеге  шаң  аралас  лас  ауа  кіреді.  Бұдан 
да  басқа,  тазаланып  жиналмаған  залда  шұғылда-
нушылардың  денесі  және  спорт  киімдері  ыласта-
нады.
Сабақтың  материалдық-техникалық  жағынан 
қамтамасыз етілуі, үйлесімді тығыздықпен барлық 
кешенді  міндеттерді  түбегейлі  шешуге  жауап  бе-
ретін оқу тапсырмаларын орындайтын, яғни сабақ 
өтілетін  орынды,  құрал-жабдықтардың,  қажетті 

144
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
қондырғылардың  санымен  оқу  тәрбие  процесін 
қамтамасыз етуді алдын ала қарастырады. 
Соңғы жылдары республиканың көптеген дене 
тәрбиесі мұғалімдерінің бастамашылдығымен, ата 
аналардың  демеушілігімен    мектептердің  спорт 
залдары  мен  спорт  алаңдарын  стандартты  емес 
қондырғылармен,  әртүрлі  құрылғылар  және  тре-
нажерлермен  жабдықтауға  қол  жеткізді.  Мұндай 
қондырғыларды  пайдалану  сабақ  тығыздығын 
елеулі арттырады, оқушыларды қызықтырып тар-
тады, сабақтың барынша тиімді ұйымдастыру-әді-
стемелік түрін қолдану үшін мол мүмкіндік туғы-
зады, соңғы есепте көбіне сабақтың нәтижелілігіне 
жағдай жасайды. [3,4].
Шұғылданушылардың  сабақтағы  қызметін 
ұйымдастыру  әдістері.  Дене  тәрбиесінің  тәжіри-
бесінде  шұғылданушылардың  сабағын  ұйымда-
стырудың келесі әдістері қолданылады.
1.  Фронтальды  әдіс  оқушылардың  сапқа  тұру 
формасынан  (лекпен,  бірнеше  қатармен,  шеңбер-
мен) тәуелсіз, сыныптың барлық құрамымен бар-
лық  тапсырмаларды  бірдей  орындауымен  сипат-
талады.  Бұл  әдіс  сабақтың  барлық  бөлімдерінде, 
әсіресе  дайындық  және  қорытынды  бөлімдерінде 
кең ауқымда пайдаланылады. Алайда фронтальды 
әдісті сабақтың негізгі бөлімінде де мүмкіндігінше 
көп қолдануға қол жеткізу қажет. Бұлай сабақтың 
моторлы  тығыздығы  қамтамасыз  етіледі  (үйре-
нушілердің  қозғалыс  әрекетіне  тікелей  уақытты 
арттыру  есебінен  көп  қимылды  жасауға  үлгеруге 
болады).
Фронтальды әдіс бір текті қызметін басқаруда, 
яғни  сақтандыру  қажет  болмаған  жағдайда  қол-
данылады.  Мысалы,  қысқа  қашықтыққа  жүгіруде 
жоғарғы  және  төменгі  сөреден  шығу  әдістерімен 
орындауды  үйрету  және  жетілдіру  кезінде,  сол 
сияқты  бірқатар  қарапайым  жаттығуларда  (алға, 
жанымен аунап, домалау), волейбол ойынында жұ-
бымен әдістік тәсілдеріне жаттығуда допты беруде 
қолданылады.
Сабақтағы  маңызды  педагогикалық  талап 
шұғылданушыларды  бір-біріне  кедергі  жасамай-
тындай орналастыру, яғни оқытушы оқушыларды, 
ал олар өз кезегінде оқытушыны анық көруі тиіс.
2.  Топтық  әдіс  бір  уақытта  бірнеше  топтарда 
оқытушының  әртүрлі  тапсырмаларын  орындауды 
алдын ала қарастырады. Шұғылданушыларды топ-
тарға бөлу және тапсырманың мазмұнын анықтау 
жынысы,  дайындық  деңгейі  және  басқа  белгілері 
(мысалы, баскетбол, күрестегі салмақ-бой көрсет-
кіштері)  арқылы  іске  асырылады.  Бұл  әдіс  орта 
және жоғарғы сыныптарда пайдаланылады.
Алайда  бұл  әдісті  қолдануда  оқушылардың 
ішінен  барынша  жоғары  дайындығы  бар  көмек-
шілерді мұғалімнің арнайы дайындауы және олар-
ды алдағы өтілетін сабақтағы оқу материалы бой-
ынша уақтылы нұсқау беруі талап етіледі.
3.  Жеке  әдіс  оқушыға  өздігінен  орындайтын 
жеке  тапсырма  ұсынылуымен  тұжырымдалады. 
Тәртіп бойынша, жеке тапсырма сынып оқушыла-
рының  негізгі  құрамынан  өзінің  дайындығымен, 
қабілетімен және ерекшеліктерімен, ал кейде ден-
саулық жағдайымен елеулі айырмаланатын шұғыл-
данушылар үшін арналған. Бұл әдіс спорт ойында-
рында жоғары сынып оқушыларымен басымырақ 
өткізіледі.
4.  Айналма  әдісте  арнайы  дайындалған  бе-
кеттерде  шұғылданушылардың  жаттығулар  се-
риясымен  берілген  тапсырмаларды  бірізділікпен 
жүйелі  орындауы  алдын  ала  қарастырылады, 
яғни тәртіп бойынша залдың ішінде немесе спорт 
алаңында шеңбер бойынша орналасқан қондырғы-
ларда.  Әдетте  шеңберге  4-10  бекеттік  жаттығу-
лар кіреді. Әрбір бекетте бір жаттығу түрі немесе 
қозғалыс  әрекеті  орындалады.  Олардың  құрамы 
дене сапаларын дамытатын және ағзаның қызмет-
тік  мүмкіндіктерін  арттыру  ескеріліп  іріктеледі. 
Айналма шеңбер аралықсыз немесе бекеттер ара-
сындағы  белгілі  бір  демалыс  аралығымен  орын-
далады.  Бұл  әдіс  орта  және  жоғары  сыныптарда 
қолданылады.  Сабақтың  маңыздылық  жағы  дене 
тәрбиесінің  бағдарламасымен  анықталады,  яғни 
онда  сабақтың  мақсаты,  міндеттері,  оқу  тақы-
рыптары,  талаптары  және  нормативтері  нақтылы 
айқындалған. Ол оқушылардың дене тәрбиесі са-
бағында  белгіленген    тарауларын  (оқу  жылында 
68  немесе  102  сағат)  меңгерілуі  есептеліп  жаса-
лынған [5,6,7].
Сабақтың  педагогикалық  құрылуын  дене  жұ-
мысын  орындау  кезіндегі  жұмыс  қабілеттілігінің 
фазалық  өзгеруімен  байланысты  физиологиялық 
заңдылықтарымен  анықтайды.  Бұл  заңдылық  са-
бақтың құрылымында үш қызметтік байланысқан 
құрамдас  бөліктердің  бөлінуін  қамтамасыз  етеді: 
дайындық, негізгі, қорытынды.
Дайындық  бөлімінің  мазмұнына  мыналар 
кіреді:  1/  шұғылданушыларды  бастапқы  ұйымда-
стыру (сапқа тұрғызу, сабақтың міндетін түсіндіру, 
саптық жаттығулар, назарға арналған жаттығулар); 
2/  жүру  мен  жүгірудің  әртүрлі  варианттары;  3/ 
жалпы  дамыту  және  дайындық  жаттығулары  (бір 
орында, қозғалыста, затсыз және затпен).
Сабақтың  дайындық  бөліміне  арналған  жат-
тығулар  кешенін  құрастыру  кезінде  және  оны 
ретімен  үлестіруде  шұғылданушылардың  жасы, 
жынысы  және  дене  дайындығы  ескеріліп,  олар-
ды іске асыру үшін жаттығулар кешені құрылады. 
Бұл  жаттығулар  кешеніне  шұғылданушылардың 
орындауына  оңай,  барлық  бұлшық  ет  топтарына 
арналған жаттығулар енеді.
Тәртіп бойынша, жаттығу 2,4,6,8 сияқты санау 
арқылы  орындалады:  1/  оқытушының  алдын  ала 
көрсетіп және түсіндіргеннен кейін; 2/ оқытушы-
ның  көрсетіп  және  түсіндіруімен  бір  уақытта;  3/ 

145
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
тек  көрсету  бойынша;  4/  тек  түсіндіру  бойынша. 
Жаттығулар  кешеніндегі  жаттығулар  саны  әдетте 
8-10 артық болмайды.
Шұғылданушылардың  назарын  жандандыру 
және олардың көңіл - күйі жағдайын көтеру үшін 
жалпы дамыту жаттығуларын өткізу кезінде мына-
ларды пайдалану ұсынылады: 1/ қолды шапалақта-
умен;  2/  жаттығуларды  көзді  жұмып  орындау;  3/ 
жекелеген дене қалпын белгілеумен жаттығуларды 
5-7 санаққа орындау; 5/ жаттығулардың қозғалыс 
амплитудасын біртіндеп арттыру арқылы өткізу; 6/ 
әртүрлі бастапқы дене қалпынан бірдей жаттығу-
ларын орындау.
Жаттығуларды орындау кезінде шұғылданушы-
лардың  алдына  нақтылы  тапсырмаларды  беру 
ұсынылады. Мысалы, алға иіліп еңкейгенде еден-
ге алақанды түгел тигізу немесе аяқты керіп тұру 
қалпынан  кеудені  оңға  бұруда,  оң  қолды  сол  жақ 
өкшеге және керісінше жасау керек.
Шұғылданушылардың  жалпы  дамыту  жат-
тығуларын  орындауға  ықыласын  арттыру  үшін 
және  сабақтың  қорытынды  бөлімінің  міндеттерін 
барынша нәтижелі шешу үшін бұл жаттығуларды 
өткізудің әртүрлі әдістерін қолдану ұсынылады.
1. Бөлікпен өткізу әдісі жаттығулар кешенінің 
әрбір  жаттығуын  орындаудан  соң  үзіліс  жасала-
ды. Шұғылданушылар бұл әдістегі қозғалыстарды 
дәлірек  орындайды, сондықтан мұнда оқытушыға 
оларды бақылау жеңіл болады. 
2. Толассыз өткізу әдісінде барлық жаттығулар 
кешені үзіліссіз, тоқтаусыз, және алдындағы жат-
тығудың соңғы қалпы келесі жаттығу үшін негіз-
гісі болуымен сипатталады.
3. Жаттығуды жеке орындау.
4. Жаттығуды жұппен орындау (гимнастикалық 
таяқшамен, секіргіш резинамен, тығыздалған  доп-
пен,  гимнастикалық  орындықпен,  гимнастикалық 
швед қабырғасында және т.б.).
5. Жаттығуларды қозғалыста орындау. 
Сабақтың  дайындық бөлімінің міндеттерін та-
бысты шешу үшін оқытушыға мыналар қажет:
-жаттығуды  көрсету  үшін  орынды  дұрыс 
таңдау;
-қажетті  қарқынмен  және  қай  бұрышпен  жат-
тығатынын көрсету;
-көрсетілетін  жаттығуды  қысқаша  және  дәл 
атау;
-бұйрықты  (команданы)    дұрыс,  өз  уақтында 
және жеткілікті дәрежеде дауыстап беру;
-оқушыларға  айналы  көрсетумен  жәрдемдесу, 
білмегенін түсіндіру және есептеулер;
-жаттығулардың дәл және үйлестікте (синхрон-
ды) орындалуына қол жеткізу;
-жаттығуды орындау барысында оқушылардың 
жіберген қателерін түзету.
Сабақтың  дайындық  бөлімін  өткізу  барысын-
да оқытушыға жаттығуларды төмендегі тәртіппен 
таңдағаны дұрыс:
-жаттығулар  әртүрлі  бастапқы  дене  қалпынан 
басталғаны дұрыс (әртүрлі тұру, отыру, жату, тіреу 
және қолдың ұстау қалпынан);
-жаттығулардың  әртүрлі  бағыттылық,  кинема-
тикалық және динамикалық сипаттамасы (әртүрлі 
бұлшық ет топтары, бағыты, амплитудасы, қарқы-
ны және орындау сипаты);
-бір  циклда  2  -ден  8-ге  дейін  қозғалыстың 
мазмұны болуы тиіс.
Сабақтың  негізгі  бөлімінің  мазмұнына  мына-
лар кіреді:
-сабақты  жүргізу  мәнерінде,  оқытып,  үйрету 
құралдарымен  әдістерін  іріктеуде  біркелкіліктен 
сақтау;
-әртүрлі бағалау әдістері пайдалану: мақұлдау, 
мадақтау,  ескерту,  ұялту,  мұнда  әділдікті,  объек-
тивтілікті шара сезімі мен әдептілікті сақтау қажет;
-өздігінен  өз  қатесін  түзету,  яғни  оның  пайда 
болу себебін, талапқа, сәйкестігін білуі тиіс. Бұған 
барлығын және әрбірін жекелей үйрету қажет;
-оқушылардың  дене  жаттығуларын  өздігінен 
орындай  білуін қалыптастыру.
Оқытып, үйретуде дағдыны дұрыс қалыптасты-
ру  үшін  қозғалысты  8-10  рет  қайталаумен  дұрыс 
орындауы  қажет,  ал  үйренген  қозғалысты  бекіту 
үшін 20-30 аралығында қайталанады. Беріқ  дағды-
ны қалыптастыру үшін жаттығулардың көп реттік 
қайталануы  оқушылардың  шаршауына,  қозғалыс 
әрекетін  орындауға  ынтасының  жойылуына  әке-
леді.  Бұл    жағдай  ағзаның  оқу-практикалық  қы-
зметінің  біркелкіне  сипатына  табиғи  реакциясы 
болып  табылады.  Дене  тәрбиесі  сабағына  қозға-
лыс-қимыл  ойындарын,  ойындық  тапсырмалар 
мен жаттығуларды кіргізу, ойындық әдісті пайда-
лану  оқушылардың  назар  аударуын  жандандыра-
ды,  көңіл-күйін  көтереді  және  қызығушылығын 
арттырады.
Дегенмен,  ойынның  көмекші,  қосымша  әдіс, 
ретінде алға шығатынын назарда ұстау қажет. Олар 
қозғалыс әрекеті жеткілікті дәрежеде меңгерілген-
де  ғана  және  оқушылардың  ықылас  назары  тек 
қозғалыс  актісіне  ғана  емес,  орындалатын  әрекет 
нәтижесіне  орындалу  жағдайы  мен  шартына  да 
байланысты  болады.  Қозғалыс-қимыл  ойындары 
жоғары  қызу  әсерленгіш  көңіл-күйі  жағдайында, 
өзгермелі  күтпеген  жағдайда,  сыртқы  орта  қарсы 
күштеріне  қарсы  орындалатын  дағдыны  бекіту 
және жетілдіру әдісі ретінде алға шығады.
Дене  тәрбиесі  сабағында  ойындарды  бір  ізді 
жүйелілікпен  қолдану  күні  бұрын  жоспарлануы 
тиіс. Ойынды таңдау сабақ алдында қойылатын пе-
дагогикалық  мақсатты  міндетке  тікелей  байланы-
сты. Мұнда сыныптың дене және әдістік дайындық 
деңгейі де өте маңызды қызмет атқарады. Ойынды 
іріктеп, таңдау сонымен бірге, ойынның қай жерде 
өтілуіне  (спорт  зал,  ашық  ойын  алаңы,  стадион), 
сай келетін спорт құрал жабдықтары мен спорттық 
қондырғыларына да байланысты болады. Ойынға 

146
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
қайсы бір қозғалыс әрекеті элементін қосқан кезде 
қозғалыстың  негізгі  құрылымы  ойын  барасында 
бұзылмауын назарда ұстау өте маңызды.
Ойын нәтижесін анықтау, қателерін дұрыс емес 
әрекетті табудың үлкен тәрбиелік мәні бар.
Нәтижелерді  қорытындылау  кезінде  тек  қана 
шапшаңдықты  ғана  емес,  сонымен  бірге  ойын 
әрекеттерінің  орындау  сапасын  есептеу  маңызды 
[8,9,10].
Майда  мектеп  жасындағы  балалармен  са-
бақтағы жаттығуды үйрену сатысында оқыту мақ-
сатына  бағынышты  санада  күні  бұрын  қарасты-
рылатын  оқытудың  жарыстық  әдісін  қолданған 
дұрыс.
Жарыстық  қызметтің  нысаны  бүтіндей  қозға-
лыс әрекетінің немесе оның әрекеттерінің орындау 
санасы көрсеткіштері болып табылады (“кім дұры-
сырақ?”, “кім дәлірек?” және т.б.).
Сабақта ұсынылған тақырыпты шұғылданушы-
лардың  меңгеруі  үшін  (сәйкес  әрекетті  орындау)  
оқытушы  көптеген  мына  әрекеттерді  іске  асыра-
ды:  түсіндіреді,  көрсетеді,  бақылайды,  талдайды, 
оқушылардың  жұмысын  бағалайтыны  қарасты-
рылған. 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Әбділлаев  Ә.К.,Мұхамеджанов Б.Қ.   Дене  мәдениеті. Кентау 2008-60-61б.
2. Дене шынықтыру туралы Қазақстан Республикасының заңы. Қазақстан № 1. 2000. 
3. Матвеев Л.П. Введение в теорию физической культуры: Москва: ФиС 1985.
4. Выдрин В.М. Теория   физической культуры, Ленинград, 1988.
5. Әлімжанова Г. Ерғазиева К. «Салауатты өмір салтын ұстау» «Бастауыш мектеп» 2004. №2.
6. Қайымова Ш. «Салауатты өмір салтын құру», «Өзіндік таным» , 2005. №2.  

147
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет