part of these workshops would be real-life situations.
Great potential in the anti-corruption education
of the youth organizations possess the Committee of
Youth Organizations of Al - Farabi Kazakh National
University, which is working actively in the university.
Representatives of the student self-governing deal
with material aid, rendering and the placement in the
hostel. All this work provides a transparency and a
comprehensive solution to the problems of corruption
in education. As part of the strengthening of anti-
corruption education of the Student Senate, Supreme
Student Council of the University, it would be possible
to increase the interactive workshops, thematic surveys
and drawing contests, presentations, texts on the theme
of corruption, as well as video clips.
Active life position, the moral example of the
teacher plays an exceptional importance in the
process of formation of anti-corruption settings.
Only the professionalism of teachers and managers
of educational system can ensure the effectiveness of
anti-corruption education.
With the aim to prevent an offence at the
University created and has been working the Ethics
Commission, as well as it is conducted an annual
survey «The university teacher by eyes of students"
and "The university teacher by eyes of colleagues."
The presence of valuable documents of the Academic
Policy, Regulations of teacher of i Kazakh National
University, the Code of Corporate Culture of faculty
and of the employee of Kazakh National University
named after Al-Farabi, reflecting the moral and ethical
principles of the university work significantly for
improving the quality of anti-corruption education.
In conclusion, we would like to say that the striving
against corruption through education can promote the
formation of knowledge and skills for counteraction
with corruption, an opportunity to withstand this
phenomenon, the development of people's knowledge
of their rights and responsibilities to save public
welfare.
References
1. Антикоррупционная стратегия Республики Казахстан на 2015-2025 годы утверждена Указом
Президента Республики Казахстан от 26 декабря 2014 года No 986
2. Рейтинг стран мира по уровню восприятия коррупции. Гуманитарная энциклопедия // Центр гу-
манитарных технологий. — 05.12.2010 (последняя редакция: 03.12.2014). URL: http://gtmarket.ru/ratings/
corruption-perceptions-index/info
3. Антикоррупционное воспитание: система воспитательной работы по формированию у учащихся
антикоррупционного мировоззрения в образовательном учреждении: методические рекомендации / Под
ред. Е. Н. Барышникова. СПб.: СПбАППО, 2010. 56 с.
320
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
Асқарқызы Самал
әл- Фараби атындағы ҚазҰУ, Phd докторант 1 курс
samal050191@mail.ru
БІЛІМ БЕРУДЕГІ БАСҚАРУ
Түйін. Мемлекеттің дамуы, бәсекеге қабілетті , әлемдік талаптарға сай болуымыз білім жүйесін тиімді әрі
дұрыс жолда басқаруға байланысты деп санаймыз. Жоғарыда атап өткендей мемлекеттің жарқын болашағы сана-
лы, білімді қоғамда деп түсінеміз.
Резюме. В статье рассматривается процесс управления в образование. Автор раскрывает суть управления в
обучение. Дается понятие о «менеджменте» и «управления».
Summary. The article discusses the management process in education . The author reveals the essence of management
training. We give the concept of» management « and control .
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында білім
беру жүйесінің дамуына көңіл бөлінуде. Білім
жүйесінің дамуының негізгі құндылығы ол қоғам-
ның денсаулығы мен тұрақты өмір жағдайлары
болып табылады. Адам баласының білім алып,
тәрбиеленуі, кәсіби шыңдалуы, қоғамда өз орын-
дарын табулары ғылыми бақарудың маңызы үлкен
деп білеміз.
ҚР «Білім туралы» заңында мемлекеттің
білімді басқару саясатына қатысты бірнеше ұста-
нымдар қарастырылған солардың бірі білім жүй-
есінің ашықтығы, білім жүйесінің демократты түр-
де бақарылуы, білім жүйесін үнемі дамыту және
білім жүйесінің дамуын басқару [1].
Қазақстан Республикасының 2011 – 2020 ж
білім дамуының Мемлекеттік бағдарламасын-
да білім жүйесінің жоғары деңгейде болуы және
әлемдік талаптарға сәйкес болу мәселелері қа-
растырылған. Сонымен қатар білім жүйесіне
менеджментті еңдіру және білімді тиімді басқа-
ру жоспарланған. Білім аймағын үнемі монито-
рингтен өткізу салыстырмалы талдаулар жүргізу
шаралары көрсетілген.
Бүгінгі күні білім беру жүйесін басқару ғылы-
мы тұрғысынан зерттеу, түсіну бағыты байқалады.
Менеджмент ғылымында басқару – мақсатқа жету-
ге бағытталған іс-әрекеттерді ұйымдастыру. Мағы-
насы бойынша "менеджмент" термині "басқару"
терминімен ұқсас. Алайда, қазіргі түсінік бой-
ынша "басқару" ұғымынан "менеджмент" ұғымы
кеңірек, өйткені ол адамзат қызметінің әр түрі-
не қолданылады. Менеджмент (мanage ағылшын
тілінде – басқару, меңгеру, ұйымдастыру) –ұйымда
немесе кәсіпорында жұмыс істейтін адамдардың
еңбегін басқара отырып, алға қойған мақсатқа же-
туді ұйымдастыра білу, әлеуметтік, оның ішінде
білім беру үдерісін басқару принциптері, әдістері,
құралдары мен нысандарының жиынтығы болып
табылады.
Білім беру басқа да әлеуметтік пайдаларды кел-
тіреді, әлеуметтік капиталдың – азаматтардың көп
үлесінің қатысуымен құралған, әлеуметтік бірлігі
мен интеграциясы жоғары, құқық бұзушылық дең-
гейі төмен қоғамның қалыптасуына ықпал етеді.
Жастайынан білім алу әлеуметтік, эмоционалдық
және басқа да өмірге қажетті дағдыларды қалыпта-
стыруда маңызды рөлге ие. Білім беру қызметінің
барлық спектрларын одан әрі дамытудың сенімді
дәлелдері осында. Қазақстанның білім беруді түбе-
гейлі жаңғыртуы: білім беруге салынатын инвести-
цияны айтарлықтай және тұрақты ұлғайтуы, оның
сапасын жақсартуы қажет.
Сондықтан жаңа ұлттық пайымдау ұсыныла-
ды: 2020 жылға қарай Қазақстан – білімді мемле-
кет, ақылмен құрылған экономика және біліктілігі
жоғары жұмыс күші. Білім берудің дамуы еліміздің
болашақ экономикалық, саяси және әлеуметтік-мә-
дени өркендеуі сүйенетін тұғырнамасы болуы тиіс.
Білім беру саласындағы Қазақстан Республи-
касының мемлекеттік саяса-тын іске асырудың
ұйымдастырушылық негізі – қазақстандық білімді
жаңғыртудың жалғастырылуын қамтамасыз ететін
Қазақстан Республикасында білім беруді дамыту-
дың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы екені белгілі. Бағдарлама білім беру
саласындағы мемлекеттік саясаттың ұйымдасты-
рушылық негізі ретінде білім беру мен тәрбиенің,
басқару жүйесінің, білім беру қызметі субъек-
тілерінің құқықтық-ұйымдастырушылық нысан-
дарының және қаржы-экономикалық тетіктерінің
құрылымындағы, мазмұны мен техноло-гияла-
рындағы өзгерістерді қамтитын ресурстары мен
мерзімі бойынша бір-бірімен өзара байланыстағы
іс-шаралар кешені болып табылады [2].
Қазақстан Республикасында ел басшылығы-
ның адами капиталды дамытудың қажеттілігі мен
маңыздылығын түсініп, білім беру жүйесін рефор-
малауды бастауға және жүргізуге жан-жақты қол-
дау көрсетуінің нәтижесінде білім беруді қарқын-
ды дамыту мен жаңғырту мүмкін болып отыр. 2005
жылдан бастап Қазақстан Республикасында білім
беруді дамытудың 2005 – 2010 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республи-
касында техникалық және кәсіптік білім беруді
дамытудың 2008 – 2012 жылдарға арналған мем-
лекеттік бағдарламасы, 2007 – 2011 жылдарға ар-
налған «Қазақстан балалары» бағдарламасы, Бала-
ларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен
321
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
қамтамасыз ету жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға
арналған «Балапан» бағдарламасы қабылданды.
Барлық іске асырылатын іс – шаралар білім жүй-
есіндегі басқарумен жүзеге асырылады деп білеміз.
Білім жүйесін басқаруда мемлекеттік қоғамдық
жүйелер қалыптасқан. Бұл жүйенің негізінде орта
білім жүйесін қарастырып өтейік. Әр жүйе бірне-
ше элементтерден төмендегідей құрастырылған.
Дидактикалық. Бұл элемент өз ішіне сабақ
және сабақтан тыс оқу-тәрбие жұмыстарын; мін-
детті және факультатив дәрістерді; оқу процесін
ұйымдастырудың негізгі формасы – сабақты (са-
бақтағы оқушы және мұғалімдердің жұмыс орын-
дау әдістемелерін) - әр бірін өз алдына жүйе бірлік-
тері ретінде қамтиды;
Тәрбиелік – үлкен жүйе бола тұрып, келесідей
сыныптан тыс және мектептен тыс тәрбие жұмы-
стары, отбасы тәрбиесі, қоғамдық мекемелердегі
тәрбие және өзіндік тәрбие элементтерден құра-
лады;
Оқушылардың қарым-қатынастары және олар-
дың мектептегі өзіндік басқару элемені (мұның
құрамына енетіндер: сыныптағы өзіндік басқарым,
әрқилы іс-әрекет бағыттары бойынша кіші эле-
менттер);
Мектептің әкімшілік жүйесі: оқу процесін
басқару, тәрбие жұмыстарына жетекшілік, басқа да
жұмыс түрлерін басқару элементтерінен құралады.
Әкімшілік жүйенің қажеттігі – дидактикалық,
тәрбиелік, материалды-техникалық элементтері
мен оқушылардың өзіндік басқару элементтерінің
басын қосып, үлкен біртұтас жүйелікке келтіру
болып табылады. Бұл кешенді де (комплексті)
әрі педагогикалық жүйелерді басқарудың өзін-
дік ерекшелігін танытады. Басқаруға тән және
бір сипат- бұл жұмысқа баршаның: әкімшілік,
мұғалімдер, оқушылар – араласуы. Мұндай жағдай
басқару қызметінің мазмұны мен нәтижесіне үл-
кен әсерін тигізеді, себебі бұл істің қалаған саты-
сында қай деңгейде болмасын, басқарушы адам өз
әрекетінің кез-келген сәті мен жүйенің қалпы тек
оның шешіміне тәуелді болмайтынын мойындауы
тиіс. Білім жүйесінде қалаған деңгейдегі басқа-
ру қатынастары тәрбиелік қызметті де атқарады.
Тәрбиеленушілерді басқарушы болып есептелетін
педагог - тәрбиешілер оларға жетекшілік етеді,
ал тәрбиеленушілер осы жетекшілік қатынастар-
ды пайдалы ұғымдар ретінде игереді, яғни тәрби-
елік қызметтің орындалып жатқаның көрсетеді.
Осыдан да басшының, тәрбиешінің, мұғалімнің
моральдық, әдептілік кейпіне жоғары талаптар
қойылады. Кәсіби іс-әрекетті әрқилы деңгейде
бірдей тең басқару – бұл да педагогикалық жүйе-
лерді басқарудың өз алдына ерекшелігі екенің көре
аламыз. Өз тұлғасын қалыптастыру барысындағы
оқушы іс-әрекетін тәрбиешінің бір өзі басқармай-
ды, бұған бірнеше пән мұғалімдері, сынып жетек-
шісі және басқа да күнделікті ықпал жасаушы мек-
тептің барша қызметкерлері араласады. Сондай-ақ,
мұғалімдердің, сынып басшыларының қызметтері-
не мектеп директоры мен директордың оқу, тәрбие
және сыныптан тыс жұмыстар бойынша орынба-
сарлары әкімшілік басқару жүргізеді. Мұғалімдер
бір уақытта бірнеше қызмет атқарады. Ол – сынып
басшысы, пән мұғалімі, әдістемелік бірлестік мү-
шесі. Мектеп көп тарапты байланысқа ие. Оның
жұмысы ата-аналармен, қоғамдық ұйымдармен,
мемлекеттік мекемелермен қатынастар негізінде
қарастырылады. Мектеп - мемлекеттік (немесе
онымен тығыз байланысқан) құрылым. Отбасы,
қоғам, мемлекет араларындағы бірлікті іс-әрекет-
тердің ұштаса орындалуынан тәрбиенің жалпы
мақсаттары іске асырылады. Мұндайда өзара бай-
ланыстар міндетті түрде жүйелі басқарымда болуы
шарт. Бұл да педагогикалық жүйелерді басқару-
дың өз ерекшелігі. Білім берудегі мектеп жағдайы
«мұғалім-оқушы» қарым-қатынасына тәуелді
екенін ескеретін болсақ, білім жүйесін басқару-
дың келесі ерекшеліктерін де біліп қойған жөн:
әртүрлі жас деңгейіндегі балалар бірлестіктеріне
басшылық; материалдық ынтадан гөрі моральдық
ынтаның басым болуы; басқарушының өз басқа-
рымындағылармен жеке таныс болу қажеттігі,
білім саласын басқаратын тұлғаның жоғары дәре-
жеде білікті, білімді болуы.
Педагогикалық жүйелерді басқарудың негізгі
принциптері
Директор және басқа да басшылардың оқу-тәр-
бие процесін нақты басқару қызметтері белгілі
принциптерге негізделіп орындалады. Ол прин-
циптер төмендегідей:
- педагогикалық жүйелер басқарымын демо-
кратияландыру және гуманизациялау. Бұл басшы-
лардың, мұғалімдердің, оқушылар мен олардың
ата-аналарының өзіндік іс-әрекеттері мен ынтасы-
ның дамуына жол ашады. Ал бұлардың орындалуы
пікір алмасу және басқару шешімдерінің қабылда-
нуына байланысты жариялылықты қажет етеді;
Орталықты басқару мен өзіндік басқарымдарды
оңтайлы үйлестіру. Мұндай басқару үйлесімдері
әкімшілік және қоғамдық органдар басшылары-
ның іс-әрекетін мектептің бүкіл ұжымы мүддесіне
орай жүргізілуін қамтамасыз етеді; басқару шешім-
дерін талқылау және қабылдауды, кәсіби деңгейде
іске асыруға жағдайлар жасайды; жүйедегі барша
құрылымдық бөлімдерді өз жұмыстарында бірін-
бірі қайталаудан құтқарып, әрекеттерін жоғары
деңгейде орайластырып баруға мүмкіндік береді;
Жеке басқару және ұжымдасқан жетекшілік бір-
лігі. Бұл принципті ұстанудағы мақсат- біртұтас пе-
дагогикалық процесті басқару барысында субъек-
тивизм мен әміршілдікке жол бермеу. Ұжымдасқан
жетекшілік сонымен бірге тапсырылған іске деген
ұжым мүшелерінің әрбірінің жеке жауапкершілігін
жоққа шығармайды. Ал жеке басқару тәртіп және
жөн-жосақ қамтамасыз етіп, педагогикалық про-
322
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
цесс қатысушыларының өз өкілеттіктерін нақты
шектеп, ретімен орындап жүруін қадағалайды.
- педагогикалық жүйелерді басқарудағы
шынайылық және ақпарат молдығы.
Басқару ақпараттарын әрқилы белгілеріне қа-
рай жіктеуге болады:
- уақыты бойынша – күнделікті, ай сайынғы,
тоқсандық, жылдық;
- басқару қызметі бойынша- талдауға орай,
бағалық, құрастырушылық, ұйымдастыруға байла-
нысты болып табылады.
Басқару жауапкершілігінің келесідей түрлері
қалыптасқан: жалпы – қызметке орай жағдайлар-
ды жасау; белгілі қызметтік – нақты іс-әрекеттер-
ге байланысты шарттарды түзу. Өкілеттік тапсы-
рыстар лауазым иесінің атына емес, лауазымның
өзіне байланысты беріледі( мысалы, мектеп ди-
ректоры С.Қасымовқа емес, мектеп директорына
тапсырылсын). Жеке адамдарға жүктелетін тапсы-
рмалар – күнделікті шаруашылық; кешенді істерге
дайындық; арнайы орындалатын іс-әрекеттер; же-
келенген мәселелер. Жекелеп берілмейтін міндет-
тер- басшы қызметі;мақсаттар тағайындау; мектеп
стратегиясына орай шешім қабылдау; нәтижеге
бақылау салу; қызметкерлерге басшылық, оларды
еңбекке ынталандыру; аса маңызды міндеттер;тәу-
екелдікті талап ететін жоғары дәрежелі тапсыры-
стар; тосын, қалыптан тыс істер; түсіндіріп, қайта
тексеріп жатуға мерзімі тығыз қауырт жұмыстар;
жоғары сенімділікті қажет етуші қатқыл тапсы-
рыстар.
Сонымен қатар мектептердің көбі төрт деңгейлі
басқару құрылымын қолдануда:
Бірінші деңгей - мемлекеттік орган бекіткен не
ұжым сайлаған мектеп директоры; мектеп кеңесі,
оқушылар комитеті, қоғамдық бірлестіктер бас-
шылары. Бұл деңгейде мектептің стратегиялық
даму бағыты анықталады. Екінші деңгей - мектеп
директорының орынбасарлары, мектеп психоло-
гы; әлеуметтік педагог, қоғамдық пайдалы еңбек
ұйымдастыруға жауапкер, әкімшілік-шаруашылық
бойынша директор көмекшісі; өзіндік басқаруға
қатысты органдар мен бірлестіктер басшылары.
Үшінші деңгей - оқу барысында және оқудан
тыс оқу-тәрбие жұмыстарына байланысты оқушы-
ларға басшылық қызметтерді атқарушы мұғалім-
дер, тәрбиешілер, сынып жетекшілері. Бұл дең-
гейге қоғамдық басқару органдары мен өзіндік
басқару, қосымша білім беру мекемелерімен бай-
ланыс жүргізуші педагогтарды да енгізуге болады.
Төртінші деңгей - сыныптық және жалпы мек-
тептік өзіндік басқару қызметтері тапсырылған
оқушылар. Бұл деңгейдің назарға алынуы мұғалім-
дер мен оқушылар арасындағы қатынастың «субъ-
ект-субъектілі» сипатын баса танытады. Мұндай
қатынаста оқушы өзара ықпал нысаны болумен
бірге өз дамуының қозғаушы күші – субъект ролін
де атқарады.[3]
С.А. Езопованың айтуы бойынша, бақару жыл-
дар бойы дамиды және өзгеріске ұшырап отырады
[4]. Білім жүйесіндегі басқару үнемі даму үстінде
деп санаймыз.
Қорыта келе мемлекеттің дамуы, бәсекеге қа-
білетті , әлемдік талаптарға сай болуымыз білім
жүйесін тиімді әрі дұрыс жолда басқаруға бай-
ланысты деп санаймыз. Жоғарыда атап өткендей
мемлекеттің жарқын болашағы саналы, білімді
қоғамда деп түсінеміз.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, 2007 Алматы.
2. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама-
сы // Егемен Қазақстан. — 2010. — 14 желтоқсан.
3. Барыстанова Э.Т. «Білімдегі менеджмент негіздері» 2010, Ақтау
4.Езопова С.А. Менеджмент в дошкольном образовании: Оқу құралы. — М. «Академия», 2003. — 320 б.
323
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
Каримова Г.С.
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің докторанты, karimova_g77@mail.ru
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ДРАМАТУРГИЯСЫН ОҚЫТУДЫҢ
ҒЫЛЫМ САЛАЛАРЫМЕН БАЙЛАНЫСЫ
Аңдатпа: Қазіргі қазақ драматургиясын оқытудың басқа ғылым салаларымен байланысын анықтау әдістемеміз
үшін маңызды мәселе. Әдебиет сөз өнері дейтін болсақ, драматургия әдебиеттің адамтану құралының бірі. Драма-
тургия өмір шындығын бейнелеу тәсілінің бір жолы ретінде тіл, тарих, психология, эстетика, мәдениеттану, әде-
биеттану ғылымдарымен байланыста. Қазіргі қазақ драматургиясы әлемдік классикалық дәстүр жалғастығын өз
бойына шығармашылықпен ала отырып, ұлттық драманың өзіндік бағытын айқындап, жаңашылдықпен дамытып
келеді.
Мақалада көркем әдеби мұраны өнер табиғатына сай оқу машығы, оның автор нұсқаған терең иірімі - идеялық-э-
стетикалық мәнін түсіну, мазмұнның берер әсер-ықпалын тебірене, толғана қабылдау, сезінген, түсінген ойды көңіл
көкжиегінде қорыту білім-біліктерін қалыптастыру да әдебиетті басқа ғылым салаларының қатысуы арқылы тану
мүмкіндігі қарастырылады.
Аннотация: Для нашей методики очень важным является определение связи обучения современной казахской дра-
матургии с другими отраслями науки. Если литература есть искусство слова, то драматургия - одно из средств
литературы в познании человека. Драматургия, как один из путей отображения жизненной действительности,
связана с такими науками, как языкознание, история, психология, эстетика, культурология и литературоведение.
В статье рассматриваются возможности познания наследия художественной литературы в соответствии с
природой искусства, авторским пониманием идейно-эстетической сущности, формированием навыков чувственного
ощущения, восприятия, обобщения и понимания содержания, основной мыслью произведения во взаимосвязи литера-
туры с дргугими отраслями науки.
Annotation: Nowadays it is very important to determine cross curriculum methodology of teaching Modern Kazakh Drama
with other subjects. If the Literature is the Art of the word, the Drama is one of the means of the Literature for human cognition.
Being one of approaches of displaying the vital fact, Drama has got close ties with such sciences as Linguistics, History,
Psychology, Aesthetics, Culture and Literature.
Кілт сөздер: драма, драматургия, драманы оқыту, драма тілі, театр.
Филологиялық білім беру мақсаттарының
бірі - қазіргі қазақ драматургиясы деп қарасты-
рылып жүрген Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ
драматургиясының даму қарқыны мен жай-күйін
анықтайтын туындыларды оқыту. ЖОО кәсіби ма-
ман дайындауда қазіргі қазақ драматургиясының
даму бағытын танып, ғылыми көзқарас қалыпта-
стыру үшін де драманың ғылым салаларымен бай-
ланысу негізін білу қажеттігі туындайды.
Қазіргі қазақ драматургиясын оқытудың тіл
білімімен байланысы. Тіл адамзат қоғамында
қарым-қатынас құралы. Тілдің қоғамдық қызметі
адамзаттың ғасырлар бойы жасаған рухани, тари-
хи, мәдени жәдігерліктерін жеткізуімен, адамдар-
дың дүниені тануының құралы болуымен маңыз-
ды. Тіл білімі қазақ тілінің құрылымдық, жүйелік,
танымдық мәні жайлы түсінік қалыптастырады.
Тілдің шексіз қызметінің мәні адамның танымдық
түсінігін қалыптастырумен анықталады. Әл Фара-
бидің «Тіл – ойдың көрінуі, ендеше бүкіл ғылым
тіл арқылы өрнектеледі»,-деп барлық ғылым не-
гізіне тілді алуы заңдылық.
Тіл көркем ойды жеткізу құралы. Сөз өнерінің
адамзатқа жетуі, толғандыруы тіл арқылы та-
нытқан жазушының шығармашылық еңбегінің
жемісі. Жазушының тіл арқылы танытқан шығар-
машылық еңбегі адамзат игілігіне айналады, ұр-
пақ тәрбилейді. Осы тұрғыдан келгенде көркем
шығарманың тілін тану, тіл арқылы жеткізілген та-
нымдық білімді игеру тіл білімінің қағидаларына
негізделеді. Сөз өнерінің адам таныту құралының
бірі- драматургияның тілі рекше мәнге ие. Өйткені
драма мазмұнын жеткізудің шешуші, маңызды ең
басты мәселесі – тілі. Драматургия тілі- өзгеше тіл.
Драма тілі қысқа, қысқалығымен мазмұнды әрі
мәнді, әр сөз санаулы өз орнында, көкейге қоным-
ды, саф алтындай жарқырып көрерменін тамсан-
дырып, сонысымен басын идіретіндей тіл болуы
керек. Бұл драманың өзіне тән шарттылығы.М. Әу-
езовтің: «Оқиғасы тығыз құрылған, істелуі босаң
емес, құрыш пьеса керек. Пьеса ішінде сөз кеміп,
іс молайсын»,- деп айтуы да драматургтың тілдік
қолданысына қойған талабы болса керек[1,20-бет].
Эпикалық бейнелеу тәсілінде танылатын шын-
дықты толғамды, орамды оймен көрікті тілдің ал-
масуы арқылы жеткізу көлеміне шек қойылмаса,
драмада керісінше шындық пен кейіпкер бейнесі
бір ауыз сөз бен көрерменіне жетуі тиіс. Драма аз
сөзбен көрікті ойды бейнелеу тәсілінің ерекшелі-
гімен көрерменін тамсандырады, сахна құдіретін
танытады, кейіпкерінен үйренуге шақырады. Дра-
мадағы әр сөз бен сөйлемді екшеп кейіпкер аузына
салу арқылы драматург оның бет пердесін, мінез
–құлқын, бар болмысын таныта алады.
Тіл құдіретін тану арқылы оны ерекше талғам-
мен таңдап, екшеп қолдану драматургтың шығар-
машылық әлеуетінің сапасын көрсетеді. Драма-
тургтың қазақ тілінің шұрайлы, орамды тілдік
қолданыстарын игеру, әр сөзді, тіркесті, сөйлемді
жауапкершілікпен өз орнында қолдана білуі дра-
324
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
түзету үстінде. Атап айтқанда тарихи шындыққа
құрылған ұлылардың өмірінен жазылған драма-
лар Сәкен Жүнісовтің"Кемеңгерлер мен көлең-
келер"(Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсірепов, Сәбит
Мұқанов бейнелеріне арналған), Әбіш Кекілба-
евтың "Абылай хан", М.Байсеркеұлының "Абы-
лайханның ақырғы күндері", "Кек қылышы Ке-
несары", Жолтай Әлмашұлының "Сана дерті",
"Абақты-ғұмыр", "Фрустракция"(Нәзір Төреқұлов,
Мағжан Жұмабаев, Сұлтанбек Қожанов, Сәкен
Сейфуллин туралы) пьесалары – қазақ тарихының
ақтандақ беттерін көркем шындықпен өрнектеген
туындылар. Тарихи драмалардың жазылып көрер-
менге жету жолы да драманың тарихпен астастыра
қарайтын мәселесі.
Драматургиялық шығармалардың даму та-
рихын білу, оның мүмкіндігін болашақ кәсібінде
іске жарату, драматургияның тарихпен байланы-
сты қырын кәсіби маманның ізденіп ғылыми зерт-
теуіне әкеледі.
Драматургияның психологиямен байланысы.
Жоо-да драматургиялық шығармаларды оқытуда
психология ғылымының негізге алынуы кәсіби ма-
ман дайындаудағы басты мәселе. К.Д.Ушинский-
дің ұстаздық еңбекке бірінші психология ғылымы
алынуы керек, ал педагогиканың адам тәрбиелеу
құралы болуы тәрбиеленушінің жан-жақты даму
заңдылығын білуі деген ойы драматургияны
оқытудың психологиямен байланысына да не-
гіз болады[3,70б]. Жас ерекшелік психологиясы
ғылымының зерттеу аймағы адамның әртүрлі жас
кезеңіндегі психикасының яғни, біз зерттейтін үл-
кендер психикасының дамуы кәсіптік маман дай-
ындауда басшылыққа алатын ғылым негізі.
Студенттің драмалық шығармалар оқу кезін-
дегі жай-күйін, қабылдау ерекшеліктерін үлкендер
психологиясын зерттеу арқылы білуге және прак-
тикалық іс-әрекетте басшылыққа алу міндетті бо-
лады. Оларға:
1. Жоо-да кәсіби білім беруді оқыту психологи-
ясы
2. Студенттің тұлға ретінде қабілет, ақыл-ой
дамуының деңгейі
3. Оқытушы мен студенттің оқу еңбегін ұй-
ымдастыру психологиясы
4.Студенттің сөйлеу мен ойлау психологиясы-
ның сапасы
5. Драматургиялық шығармалардағы тәрбие
психологиясы
Оқытушы педагогикалық психология ғылымы-
ның қағидаларына, педагогикалық ізденіс нәтиже-
леріне сүйене отырып, жоғарыда аталған іс-әрекет-
терді орындау нәтижелі болмақ.
Драматургиялық шығармалар оқыту мен театр
көрерменін тәрбиелеу арқылы болашақ маманға
қажетті кәсіптік қырын қалыптастырудың психо-
логиясын білмей мамандыққа бағыттау мүмкін
емес.
маның сахналық өміріне жол ашады. Тіл білімінің
мол мүмкіндігін жарқыратып қолдануымен та-
нылған драманы түсініп оқу және ондағы көркем
тіл байлығын қабылдай алу әдебиетші маманнан
оқырмандық тәжірибе мен теориялық білімді қа-
жет етеді. Драматургияны оқыту мен талдау да
әдіскерден осы бағыттағы жұмысты драма мазмұ-
нынан тілдік таным арқылы ұйымдастыруды та-
лап етеді. Оқытушы өз кезегінде драма мен тілдің
байланысын қатар қойып тілдік талдаудың мол үл-
гісін мәтін мазмұнынан таптыру, кейіпкер тілінен
іздету керек.
Драматургияның тарихпен байланысы. Ха-
лықтың әдеби мұрасы, көркем сөзі, салт-дәстүрі
сол халықтың өмір тарихы. Көркем әдеби мұра-
сының байлығы, молдығы арқылы халық тарихы-
ның көркем шындығы терең ашылады. Әр кезеңде
жазылған азды-көпті драматургиялық шығармалар
да халық тарихының көркем бейнесі. Болашақ ма-
манға қазақ драматургиясының тарихпен байланы-
сын ұлттың мәдени, әдеби мұрасының ерекше көр-
сеткіші ретінде, халықтың азаттық пен тәуелсіздік
жолындағы тарихи рухында таныту басты бағыт.
ХХ ғасырдың басы қазақ әдебиеті мен мәдени-
етінде драматургиялық шығармалар мен театрдың
туып, қалыптасуының тарихы. Қазақ драматургия-
сының қалыптасуы ұлт әдебиетінің кеңестік дәуір
кезеңінің тарихы мен әдеби үрдісінің көрсеткіші
болып қалмақ. Қазақ драматургиясының тарихын
оны жасаушылар шығармасынан бөліп қарасты-
ра алмаймыз. Кеңестік дәуірге дейін әдебиет та-
рихында болған жыр, дастан, өлең, роман түр-
леріне қазақ сөз өнерінде тосын түрін танытқан
драматургия, театрдың келуінің негізі халықтық
өнерде екені тарихи шындық. Ә.Тәжібаевтің: «Қа-
зақ халқының рухани байлығын оның эпосын, ли-
ро-эпосын меңгеруден басталған драматургия осы
қасиетінің өзімен халықпен бірлігін, туған жұрт-
тың ұзақ тарихымен тамырластығын дәлелдейді»
(2,9б) деуі драматургия мен қазақ театрының та-
рихын танытуды фольклормен байланыста қара-
стыру қажеттігін көздейді.
Қазіргі кезеңде әлемдік әдебиет пен мәдениетте
кәсіби орнын белгілеген, сонысымен дүниежүзілік
мәдениетке қосар үлесі бар қазақ драматургиясы
мен театр өнерінің өресін, алған биігін айтқанда
оның шыңын ұлттық негізде қарау кәсіби маман
тұлғасын биіктетері анық.
Қазақ драматургиясының қазіргі кезеңіне дей-
інгі аралықты сөз еткенде даму тарихының өске-
леңдігі байқалады. Бұл өсу қазіргі қазақ драма-
тургиясын толғантқан мәселе өмір шындығын,
адам тағдырын заман келбетімен бейнелеу, тарих
толқынын ақтарып, ақ-қарасын ашып оқырманы-
на шындық жолын нұсқауымен ерекше. Қазіргі
қазақ драматургиясы халық тарихын қайта қа-
рап, кеңестік дәуірдің тарихи шындықты бұрма-
лау, жасыру әрекетінен туындаған мол қателігін
325
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
Әдебиетші маман драматургиядағы кейіпкер
психологиясының нәзік иірімдерін тану, адамдар
арасындағы күрделі қарым-қатынастың, өмір сүру
заңдылығының шешімін психология ғылымын те-
рең білген сайын ұғына бастайды. Көркем шығар-
маларды оқу, ондағы автор ұсынған идея мен ой
өзегін тани білу арқылы адам бойында психоло-
гиялық қабілеттердің, мінез-құлық нормаларының
қалыптасатыны белгілі. Драматургиялық шығар-
маларды оқу да өз ретінде маман дайындауда бола-
шақ мұғалімге тән кәсіби психологиялық қабілет-
терді дамытады. Психология ғылымында қабілетті
«іс-әрекетті орындаудағы тұлғаның жеке қасиеті»
деп түсіндіреді[4,122б]. Драмалық шығарма-
лар оқу кезіндегі аудитория психологиясын, жеке
тұлғаның қабылдау ерекшеліктерін зертту арқылы
шығармашылық қабілет тудыру мүмкіндігі артады.
Драматургиялық шығармалар оқу кезінде тұлға-
ның ойлау, сөйлеу, ес, қиял түрі қабілеттері, көр-
кем мазмұнды қабылдауы ерекше сатыда дамиды.
Студенттің көркем шығарма оқудан алатын ішкі
жан сезіміне, толғанысына оқытушының ортақ
болуы, көңіл қосуы түсіністік жағдай туғызады.
Студенттің осындай психологиялық жай-күйін та-
ныған сайын драманы шығармашылықпен игерту
мәселесі де шешімін таппақ.
Драматургияның эстетикамен байланысы.
Эстетика гректің aisthetikos- сезінуші, сезім қыз-
метіне қатысты ұғымы. Эстетика –көркемдік пен
сұлулықты тану теориясы, адамзаттың әсемдік
туралы көркем шығармашылықтарының жалпы
заңдары, олардың дүниетануға эстетикалық қа-
тынасы туралы ғылым. Эстетика ғылым ретінде
өнерді ғана зерттеп қоймайды, қоғамның материал-
дық және рухани қызметінде адамның көркемдікті
тануға эстетикалық көзқарасын зерттейді. Эсте-
тика өнер арқылы сұлулыққа табыну, сезіну, оны
қабылдау сезімдерін туғызады. Эстетика ғылымы
адамзаттың көркем шығармашылыққа көзқара-
сын қалыптастыра отырып, эстетикалық қабылдау,
эстетикалық қатынас, эстетикалық ляззат, эстети-
калық пікір, эстетикалық баға, эстетикалық сезім,
эстетикалық тәрбие ұғымдарының мәнін ашады.
Өнер әлемі кең соның ішінде адамзаттың көркем
сөз өнері арқылы сұлулықты, әдемілікті оның екі
қыры тән және жан сұлулығын сезінуі ерекше.
Әдебиеттанушы ғалым З. Серікқалиұлы: «Көр-
кемдік тұрғысынан дүние сырын игеру – жара-
тылысы шындығына, әр нәрсе, әр құбылыстың
мән-мағынасына талдау, саралау жолымен жай
ойлана үңілу ғана емес, ол – ең алдымен күллі
әдемілік әлемін, сұлулық сипатын бар табиға-
тыңмен беріліп жан-жақты тану, рухани жан-
жылуыңмен егжей-тегжейлі сезіну. Сонымен,
сұлулық дегеніміз өнер туындысының аса маңыз-
ды сапалық қасиеттерінің бірі, қос мазмұнды, екі
ұдай ақпарат береді: нақты табиғат болмысы және
адам баласының әсерлік, рухани қатынасы, көңіл-
күйі...», деп түсіндіреді [5].
Көркем сөз өнері арқылы жан сұлулығына там-
сандыру мен табиғат сыйы тән сұлулығының арақа-
тынасын білу оқырманның терең эстетикалық қа-
былдауын туғызады. Яғни. оқырманның ақиқат
дүние құбылысын тану мен сөз өнері арқылы өр-
нектелген эстетикалық сезім тудыратын адами қа-
сиеттерді айыра білу қабілеті. Біздің әдістемеміз
үшін сөз өнері арқылы танылған сұлулықтың,
әдеміліктің сырын ашу, сезіну бағалы. Әдіскер-ға-
лым Т.Ақшолақов: «Өнердегі биік мұрат –әсемдік
оқушыны баурап әкетеді. Сезім сұлулығына ба-
урайды» [6, 11б] деген пікірі әдістемеміз үшін де
маңызды. Әдебиеттанушы ғалым С.Мақпырұлы:
«Әдебиет- әсемдік, сұлулық әлемі. Ол бізді ару
Жібек пен балғын Баянның нәзіктігіне сүйсіндіріп,
аяулы Қамар мен Тоғжанның ақылы мен ажарына
табындырып, мөлдір сезімдері мен жан сұлулығы-
на тәнті етеді, осынысымен біздің әдемілік, сұлу-
лық туралы талғамымызды қалыптастыруға ықпал
етеді»-деген тұжырымы көркем әдебиеттің оқыр-
манына жеткізер эстетикалық әсерін, сұлулыққа
табынудың да талғампаздық екенін аңдатса керек[
7,10б].
Драматургиялық шығарма мен театр өнері жан
сұлулығы мен тән сұлулығын тануда ерекше күш-
ке ие өнер. Сонысымен оқырманы мен көрерменін
сұлулыққа бөлейді, сезімге жетелейді, өмірлік иде-
алдарын қалыптастыруға бағыт береді. Драмалық
шығармалардың өзегіндегі эстетикалық идеалды
тану, эстетикалық ләззат алу, тұлғаның эстети-
калық тәрбиесін қалыптастыру драманы оқудан
және оны эстетикалық талдау арқылы танылатын
сұлулық. Драмалық шығармалар студентке білімді
игертіп қана қоймайды, эстетикалық мәнін түсін-
ген сайын талғамын, ой-пікірін қалыптастырып,
сұлулықты сезіну, тәнті болу, соған ұмтылу сезім-
дерін оятып, адамгершілік қасиеттерінің қырлары
мейірімділік, әділдікке талпынысы, құлшынысы
оянады. Соған жеткізетін драма мазмұнындағы ав-
тор нұсқаған өзекті ой - идеяны тану эстетикамен
байланыста танылады. Эстетикалық тәрбие дра-
малық шығармалардағы ұлттық және әлемдік құн-
дылықтарды бағалай білу, ондағы мазмұн арқылы
танылған өмір шындығының суретін тануымен
ерекшеленеді. Драманы оқу кезіндегі сұрау тапсы-
рмалар, кейіпкер тұлғасын танудағы мінездеулерге
арналған шығармашылық тапсырмалар, әдісте-
мелік жұмыстарды түрлендіру эстетикалық тәрбие
мен сұлулықты тануға жеткізеді.
Драматургияның мәдениеттанумен байланы-
сы. Мәдениеттану адамзат тарихында жасалған
материалдық және рухани құндылықтарды тануға,
одан оқып, үйренуге жеткізетін ғылым. Адамзат
қоғамының қалыптасуында «мәдениет» ұғымы-
ның пайда болуы, дамуы ұзақ тарихи үрдіс. «Мә-
дениет» ұғымының классикалық мазмұны қоғам
мен адамзат дамуының тарихи белгісі және адам-
326
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
зат тіршілігінде қоғам мен адам дамуының сана-
лы нәтижесінде қол жеткізілген қарым-қатынас
көрінісі. Ғылымда мәдениет ұғымын түсіндіру-
ге берілген анықтамалар мен түсініктер қоғам
дамуымен жетілдіріліп отырғанымен жалпы мә-
дениет сөзі өз мазмұнында С.И.Ожегов сөздігін-
де былай беріледі: «мәдениет-әлеуметтік құн-
дылықтарды игеру мен дамытудағы адамдардың
шығармашылық қызметінің тәсілі мен нәтижесі, ол
арқылы қоғам мен жеке адамның біркелкі дамуы
қамтамасыз етеді»,-делінген[8]. Сонымен мәде-
ниет адамзаттың өмір бойы жасаған құндылықтар
жүйесі және оны жасау тәжірибесінің жиынтығы,
көрінісі, нәтижесі, жетістігі деуге саяды.
Мәдениет ұғымы пайда болу кезеңінде алғашқы
егін егу, бау-бақша өсіру, жер жырту, шаруашылық
кәсібіне қатысты қарастырылды. Адамзат да-
муымен ұғым қалыптаса келе мәдениетті эстети-
ка заңдылығымен танып адамдардың көркемдік
шығармашылық еңбегі тұрғысынан түсіну қалып-
тасты. Мәдениеттің адамзат қоғамы дамуындағы
бір белгісі өнер деп қарастыра отырып, өнердің бір
бұтағы драматургия, театрмен байланысты қыры
мәдениеттану ғылымы астарында ашылуы тиіс.
Адамзат қоғамындағы мәдениет, өркениет та-
рихының бастау кезеңінің қайсысын алсақ та, мә-
дени мұра құндылықтарының байлығымен ерек-
шеленеді. Өнертанушы ғалымдар көне мәдениет
жәдігерлері ретінде ежелгі гректердің мәдениеті-
не ерекше тоқталады. Ежелгі Грекия мәдениетін
жасаушы әдебиеті, театры, философиясы Еуро-
па елдерінің өнер адамдарының шығармашылық
дамуына ықпал етті. Театр мәдениетінің қалып-
тасуында антикалық ежелгі Грек және Рим мәде-
ниетінің әлемдік өркениетті дамытудағы маңызы
ерекше. Бастауын ежелгі грек, рим мәдениетінен
алған театр өнері мәдениеттің ордасындай талай
ғасырдан бері адамзат баласын тәрбиелеуде.
Мәдениетті жасаушы қоғам, ондағы әлеумет-
тік адамдар тобы ғана емес жеке адамдар да мә-
дениетті жасаушы субьекті. Қоғам дамуындағы
адамның мәдениет жасаушы жекелік сипаты
«тұлға мәдениеті» ұғымын қалыптастыруға әкел-
ді. Тұлға мәдениеттілігі оның жеке қасиеттерінің
тәрбиелілік, әдептілік, имандылық, сыпайылық,
ізеттілік жан тазалығы, тән тазалығы сипатының
көрінісі. Тұлғаның өз халқының салт-дәстүрін,
өнерін бағалауы ұлттық мәдениетін қастерлеуі
мәдениеттілік белгісі. Тұлға мәдениетін сөз өнері
арқылы қалыптастырудың бір сыры драматурги-
ялық шығармаларды оқуға, олардың сахналанған
үлгісін театрда көруге байланысты. Драматурги-
ялық шығармаларды оқу мен театрда көру арқылы
тәуелсіз қоғамның жан-жақты жетілген, эстетика-
лық талап-талғамы жоғары, шығармашылық әлеу-
еті биік, кәсіби мамандығына жетудің сара жолын
таңдаған мәдениетті тұлға қалыптастыру. Театр
мәдениеті автор мен режиссердің шығармашылық
еңбегінің нәтижесін өнер туындысына тән тілімен
қабылдай алу. Біз де өнердің өзіне тән ерекше тілін
танытуды мәдениеттану ғылымының тұжырымда-
рына сүйену арқылы тұжырымдаймыз.
Қазақстанның драматургия, театр өнерлерін
ұлттық, сондай-ақ жалпы адамзаттық көркем мә-
дениеттің тамаша, бірегей әрі біртұтас жүйесінің
құрамдас бөліктері ретінде қарастыру болашақ
әдебиетші мұғалімді мәдениеттану мен әдебиетта-
ну ғылымының тығыз байланысты екенін бағамда-
уға жеткізеді.
Кәсіби маман мәдениеттану ғылымының дра-
матургиямен байланысын анықтауда Қазақстан
көркем мәдениетінің жүйелі немесе дискретті ке-
зеңдері жайында, ұлттық өнеріміздің аймақтық
және әлемдік мәдени кеңістіктегі ролі мен маңы-
здылығын, қазіргі кездегі көркемөнер үрдісі мен
өнердің жалпы әлемдік қазынасына қосқан орасан
зор үлесін тануға мүмкіндік алады.
Қорыта келе, қазіргі қазақ әдебиетінің тәуел-
сіздік рухымен даму бағытын айқындайтын дра-
малық шығармалар жазылып, сахналанып көре-
рменін табуда. Қазіргі қазақ драматургиясының
әлемдік драматургияда өз орнын белгілеген сала,
оның мазмұны, жанрлық ерекшелігі бай, тіршілік
тану мүмкіндігінің шексіз екендігі оқырманды қы-
зықтырады оқуға, көруге жетелейді. Оқырмандық
қызығушылық драманың өн бойында жатқан күр-
делі тартыс пен мазмұнның сырын білуге құмар-
лық драматургияның ғылым салаларымен байла-
нысын білуге әкеледі.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. М.Әуезов. Жиырма томдық шығармалар жинағы, Он жетінші том, Алматы «Жазушы» 1985. -349бет
2. Ә.Тәжібаев. Қазақ драматургиясының дамуы мен қалыптасуы. -алматы: «Жазушы» , 1971. -415 бет
3. К.Д.Ушинский. Педагогикалық шығармалар. Алматы: 1961. -210 бет
4.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі педагогика және психология. Алматы «Мектеп»
2002, -256 бет
5. З. Серікқалиұлы: Таңдамалы шығармалары:- Алматы : Раритет, 2011 - .1 т.: құраст. З. Сақиұлы. - 317 бет
6. Т.Ақшолақов. Шығарманың көркем айшықтарын таныту. -Алматы: Рауан, 1994. -224бет
7. Серік Мақпырұлы. Әдебиеттің тектері мен түрлері. Алматы- 1994, РБК, -74бет
8. Ожегов С. И. Словарь русского языка: Ок. 53 000 слов / — М.: Оникс, Мир и Образование, 2007.— 1200 с.
327
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
Мамырбекова Гульсан Ариповна
к.п.н., доц. кафедры педагогики и образовательного менеджмента
КазНУ им. аль-Фараби, Gulsan.Mamyrbekova@kaznu.kz
АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ СЕМЕЙНОГО ВОСПИТАНИЯ
В НЕБЛАГОПОЛУЧНОЙ СЕМЬЕ
Резюме: В статье проводится анализ определений и типологии неблагополучной семьи, выделяются трудности
при работе с такой семьей, методы, принципы воспитания в семье, акцентируется значение семьи как главного
фактора развития ребенка как личности, а также условия успешного воспитания детей и предлагается примерный
алгоритм действий.
Система семейного воспитания в последнее
время претерпевает значительные изменения.
Произошло разрушение статуса семьи, как вос-
питательного института. Даже во внешне вполне
благополучных семьях часто отсутствует взаимо-
понимание между супругами, детьми и родителя-
ми. Изменилось и качество самой семьи, прерва-
лась преемственность педагогической традиции.
Родители нередко проявляют неграмотность в
вопросах воспитания собственного ребенка. При-
чинами семейных проблем становится не только
социальные трудности, но и неблагоприятный пси-
хологический климат, неумение строить внутрисе-
мейные отношения. В современной психолого-пе-
дагогической литературе приводятся различные
определения и типологии неблагополучной семьи.
М.А. Галагузова отмечает, что неблагополучная
семья - это семья с низким социальным статусом,
не справляющаяся с возложенными на нее функ-
циями в какой–либо из сфер жизнедеятельности
или нескольких одновременно. Адаптивные спо-
собности неблагополучной семьи существенно
снижены, процесс семейного воспитания ребенка
протекает с большими трудностями, медленно и
малорезультативно.
Шульга Т.И. выделяет, что неблагополучная
семья – это семья, в которой ребенок испытывает
дискомфорт, стресс, пренебрежение со стороны
взрослых, подвергается насилию или жестокому
обращению. Главной характеристикой такой се-
мьи является отсутствие любви к ребенку, заботы
о нем, удовлетворения его нужд, защиты его прав и
законных интересов.
Корчагина Ю.В. выделяет несколько типов не-
благополучных семей, в основу классификации
положена степень нарушения взаимоотношений и
поведения членов семьи:
1. Проблемные семьи – это семьи, функциони-
рование которых нарушено из-за педагогической
несостоятельности родителей. Как правило, это
конфликтные семьи с дисгармоничным стилем се-
мейного воспитания (авторитарные, гипо- или ги-
перопекающие).
2. Кризисные семьи — это семьи, переживаю-
щие внешний или внутренний кризис (изме-
нение состава семьи, взросление детей, развод,
болезнь, смерть кого-либо из членов семьи, утрата
работы, жилья, документов, средств к существова-
нию и т. д.).
3. Асоциальные семьи - признаком этих семей
является наличие такиз проблем как алкоголизм,
пренебрежение нуждами детей. При этом, одна-
ко, детско-родительские отношения полностью
не разорваны (например, дети пытаются скрывать
пьянство родителей, берут на себя ответственность
за обеспечение семьи, уход за младшими детьми,
продолжают учиться в школе).
4. Аморальные семьи — это семьи, полностью
утратившая семейные ценности, характеризующи-
еся алкоголизмом, наркоманией, жестоким обра-
щением с детьми, не занимающиеся воспитанием
и обучением детей, не обеспечивающие необхо-
димых безопасных условий жизни. Дети в такой
семье, как правило, не учатся, являются жертвами
насилия, уходят из дома.
5. Антисоциальные семьи - в этих семьях на-
блюдается крайняя степень семейной дисфункции.
Они характеризуются противоправным, антиоб-
щественным поведением, несоблюдением мораль-
ных, нравственных норм в отношении наименее
защищенных членов семьи, нарушением эконо-
мических прав ближних. Это семьи, ведущие па-
разитический образ жизни, зачастую за счет при-
нуждения детей к воровству, попрошайничеству и
проституции. `
Принцип индивидуального подхода к проблеме
неблагополучной семьи предполагает следующий
примерный алгоритм действий:
• Подготовка – предварительное знакомство со
всеми имеющимися сведениями о семье, составле-
ние плана беседы;
• Установление контакта специалистов с члена-
ми семьи;
• Выявление сущности семейных проблем, при-
чин их возникновения и внутренних ресурсов не-
благополучной семьи;
• Определение плана выхода семьи из тяжёлой
ситуации, содержания необходимой помощи и под-
держки со стороны специальных служб, стимули-
рование родителей к самопомощи;
• Реализация намеченного плана, привлечение
специалистов, способных помочь в разрешении
328
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
1. Криминально-аморальная семья.
Жестокое обращение в семье, злоупотребление
алкогольными напитками, сексуальная распу-
щенность родителей, отсутствие элементарной
заботы о содержании детей.
2.Педагогически неграмотная семья.
Родители не понимают детей, обнаруживают
полное незнание методов педагогического воз-
действия, недооценивают значение семейного
воспитания, подрывают авторитет школы и учи-
телей.
3.Семья, в которой приоритет отдается матери-
альному благополучию над духовной жизнью.
Дети в такой семье растут эгоистами, излишне
практичными потребителями. Родители эти ка-
чества поощряют.
4.Семья, в которой проявляется диктат одних
членов семьи над другими.
Детей часто наказывают физически, в результа-
те чего они растут озлобленными и жестокими.
5. Неполная семья.
Это часто одинокая мать, которой ребенок ме-
шает устроить личную жизнь. Атмосфера с та-
кой семье характеризуется холодностью, безраз-
личием, отсутствием духовного контакта.
1. Терпеливо доказывать родителям пагубное
влияние на подростка того образа жизни,
который они ведут.
2. Обратить внимание на испытываемые
подростком переживания, боль, стыд, обиду
за отца и мать. Выяснить, кто из родителей
пользуется большим авторитетом в семье,
кто может стать опорой в изменении условий
жизни.
3. Включить подростка в более широкое
общение с окружающими людьми, морально
поддержать, установить контроль.
1. Сформировать у родителей потребность в
педагогических знаниях через проведение с
ними консультаций, включение их в система-
тическую работу школы с родителями.
2. Пробудить интерес к самообразованию.
3. Внушить мысль о том, что все дети нужда-
ются в образованных родителях.
1. Изменить жизненную ориентацию родите-
лей.
2. Заинтересовать подростка развитием вну-
треннего духовного мира.
3. При встречах с родителями дома и в школе
использовать косвенное воздействие, опира-
ясь на здоровые интересы.
1. Доказать родителям, что с ребенком надо
обращаться как с равным, отказаться от дей-
ствий с позиции силы.
2. Относиться к ребенку как к человеку,
который имеет равные права на самостоятель-
ность и уважение.
3.Доказать, что терпение и снисходительность
к ребенку – главное средство в воспитании.
1. Расположить мать к себе, заручиться дове-
рием.
2. Заинтересовать судьбой ребенка, пробудить
ответственность за его и ее матери, будущее.
3. Пробудить в матери потребность в душев-
ных контактах с ребенком.
Как строить работу с неблагополучной семьей? (по Корчагиной Ю.В.)
Типы неблагополучных семей
Задачи социального педагога
Типы неблагополучных семей и задачи социального педагога в работе c неблагополучными семьями.
329
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
проблем, которые семья не может решить самосто-
ятельно.
• Патронаж семьи (в случаях тяжелого неблаго-
получия может продолжаться до нескольких лет).
Одной из эффективных форм работы с не-
благополучными семьями мы видим проведение
тренинговых занятий, направленных на развитие
социальных навыков у детей и родителей напри-
мер: тренинг социальных навыков и поведения,
направленного на сохранение здоровья подростков
(авторы Родионов ВЛ., Ступницкая МЛ., Карда-
шина Э.В.). В последние годы в структуре заболе-
ваемости детей и подростков школьного возраста
все большее значение приобретают социальные и
поведенческие факторы. Особенно высок уровень
опасных для здоровья поведенческих рисков у под-
ростков, так как, выходя из-под опеки взрослых,
они оказываются неподготовленными к ситуациям
социального риска. Подобная неподготовленность
может проявиться в неумении избежать вредных
привычек, вовремя сказать «нет», даже просто по-
следить за своим здоровьем.
Приобретение навыков, направленных на сбе-
режение собственного здоровья - задача, решение
которой ставят перед собой многие профилактиче-
ские программы.
Серьезные изменения требуют времени. Как на
протяжении многих лет формировался дисфунк-
циональный способ поведения членов семьи, так
не за один день семья перестраивается и начинает
пробовать жить иначе. Человек должен созреть для
изменений, а это долгий процесс, причем большая
Достарыңызбен бөлісу: |