Халықаралық ғылыми-көпшілік журнал Международный научно-популярный журнал



Pdf көрінісі
бет42/50
Дата06.03.2017
өлшемі4,75 Mb.
#7753
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   50

Имангаликова Индира Бекеновна
Л.Н. Гумилев атындағы  ЕҰУ-нің аға оқытушысы,
 imangalikova@yandex.kz, ұялы байланыс: 8701-112-06-15. Астана қаласы
Жұматаева Еңгілік Өсербаевна
С.Торайғыров атындағы  ПМУ п.ғ.д., профессор, 
imangalikova@mail.ru, тел: 8701-626-36-32, Павлодар қаласы
ЖАҺАНДАНУ ЗАМАНЫНДА ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ БІЛІМ  МАЗМҰНЫН 
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯМЕН ОҚЫТУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ
Түйін:  Бұл  жұмыста  білім  беру  жүйесін  өркендету  тікелей  әлеуметтік  еңсені  көтеруге  жұмылдырылған  ұй-
ымдарды  көбейтіп,  дамытуды  мақсат  етеді.  Әрі  білім  беру  ордаларындағы  мамандардың  біліктіліктерін  және 
оқушы мен студенттердің білім сапасын жақсартумен қатар шығармашылық және интелектуалды қабілеттерін 
дамытуға жаңа индикаторларды әзірлеу мәселесі қарастырылған. 
Резюме: В данной статье  раскрывается развитие образовательной системы, которая  дает возможность пря-
мого воздействия на социальные условия. Также статья предусматривает повышение квалификации преподовате-
лей, качества образования учащихся студентов и учеников, развитие не только интеллектуальных способностей, но 
и творческих навыков.
Abstract: This article says that the development of the educational system allows a direct impact on social conditions and 
increase their numbers in society. This article also provides for the training of tutors, the quality of education of students of 
students and pupils, the development not only intellectual ability, but also creative skills.
Жаhандану  заманында  интеллектуалды  ұлт 
қалыптастыру,  мемлекет  басшысы  нұсқағандай, 
қатал  бәсекеге  қабілетті  мамандарды  даярлауға 
ғана қатысты емес, оларды ел экономикасын алға 
тартатын  күш  ретінде  орнықтыруға  байланысты. 
Отандық  білім  жүйесі  өз  қызметін  «Білім  беруге 
салынған бүгінгі инвестиция – мемлекеттің ертеңі-
не  жасалған  қамқорлық»  деген  қағидаға  сүйене 
отырып жүзеге асыруы көзделеді.
Межеленіп  отырған  міндеттер  жастардың  дү-
ниетанымын өзгертіп, олардың жаңаша ойлау қа-
білетін арттыруға, білімге деген құштарлығын оя-
туға, отансүйгіштік қасиетін одан әрі өркендетуіне 
бағытталып  отыр.  Елбасының  бағдарламалық 
еңбектерінде көрсетілгендей, білім жүйесін инно-
вациялық  технологиялармен  жабдықтау,  білімнің 
халықаралық  стандартын  меңгеру,  сапалы  оқу 
еңбегіне қол жеткізу, қоғам сұранысына жауап бе-
ретін білікті маман даярлау отандық білім саясаты-
ның негізгі ұстанымын айқындайды [1].
Білім  беру  жүйесін  өркендетудің  негізгі  мақ-
саты – қоғамның әлеуметтік еңсесін көтеруге жұ-
мылған интеллектуады ұлт желісін арттыру. Жал-
пы,  бізде  ата-ана  мен  қоғам  жауапкершілігі  тең 
дәрежеде  бөлінгені  жөн.  Мектептің  білім  мазмұ-
нының  сапасын  арттыру  –  алдымыздағы  үлкен 
мақсаттардың  бірі.  Ол  үшін  оқушылар  мен  сту-
денттердің шығармашылық және интеллектуалды 
қабілетін  дамытуға  себепші  жаңа  өлшем-индика-
тор әзірлеу көзделеді. Оны жасау денсаулық, білім, 
таным, шығармашылық, әлеуметтік ортаның өзара 
қарым-қатынасы  әртүрлі  салалармен  тығыз  бай-
ланысты.  Бұл  орайда,  студенттің  жеке  ерекшелі-
гінің ішкі әлеуетін ашуға жағдай тудыру, тұлғаны 
жан-жақты тәрбиелеу, әлеуметтік ортада қалыпты 
қарым-қатынас  жасау  бағдарында  шығармашыл 
болмысқа лайықты ізгілікті тәрбие құру, т.б. қоғам 
талабы мен жауапкершілігі күн тәртібінен түспей-
ді.  Ғұлама  әл-Фараби  айтқандай:  «Адамдардың 
сұранымы –  олардың кемшілігі  емес,  үздіксіз өр-
кендеуінің  белгісі».  Жалпы  алғанда,  жоғары  мек-
теп білім беру жүйесін дамыту – студент болмы-
сын  салаландырудың  тетігі  және  оны  оқытуға 
дайындаудың іргетасы. Үздік ұстаныммен, дұрыс 
дайындықпен  келген  студент  мектеп  бағдарла-
масын  еркін  игеріп  кететіні  -  атар  таңдай  ақиқат. 
Білім  жүйесіндегі  ең  маңызды  буын  –  жоғары 
білім.  Біле-білсек,  жоғары  мектеп  –  интеллекту-
алды  ұлтты  қалыптастырудың  негізі.  Біріншіден, 
бұл буын қоғамның барлық мүшесіне қатысы бар. 
Сондықтан  бұған  әрбір  отбасы  алаңдап,  толғана-
ды.  Екіншіден,  жалпы  білім  мен  ғылыми  түйсік-
ті  жоғары  оқу  орнынан  алады,  ол  –  оның  қайнар 
көзі десек те болады. Сондықтан мектеп неғұрлым 
таза, серпінді, шығармашыл, толыққанды болса, ол 
келіп  құятын  білім  айдыны  да  сондай  дәрежеден 
табылады.  Нәтижесінде  отбасы,  қоғам,  өмір  жақ-
сарып, сапалық көрсеткіштер жоғарылайды [2].
Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері Мемлекет бас-
шысы білікті мамандар дайындау ісіне үнемі көңіл 
бөліп келе жатқаны белгілі. Кең-байтақ елімізді да-
мыту үшін, оның қойнауында жатқан ен байлықты 
тиімді  игеру  үшін,  жаңа  заман  технологияларын 
меңгеру  үшін  білікті  мамандар  ешқашан  көптік 
етпейді.  Бүгінгі  студент  -  елімізде  қабылданған 
стратегиялық  маңызы  бар  бағдарламаларды  іске 
асыратын болашақ маман. Көптеген өркениетті ел-
дер даму стратегиясын айқындап, жүйелеу кезінде 
жоғары  білімнің  сапасын  бірінші  орынға  қояды. 
Әлемде жоғары білім – жалпы білім, ғылым және 

286
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
мәдениеттің  тоғысқан  жері.  Сондай-ақ,  жоғары 
білім  –  кәсіби  машықтану  алаңы.  Бізді  қоршаған 
әлем  үнемі  өзгеріп  отырады,  ол  қанша  күрделен-
се де, әрқашан жаңа мүмкіндіктер ашумен болады. 
Жаһандану,  өңірлік  ықпалдастық,  студенттердің 
ұтқырлығы  дүниежүзілік  деңгейде  мойындала-
тын  сапаның  болуын  талап  етеді.  Біз  «халықара-
лық  стандарт»  деп  жүрген  өлшемдер  –  сапаның 
түрлі тарамы мен белгісі. Бүгінде дүниежүзі мем-
лекеттері  мен  олардың  білім  жүйелері  жаhанда-
ну  үдерісіне  үн  қосып,  бұдан  әрі  дамудың  жаңа 
стратегиялары  мен  бағдарламаларын  ұсынып 
отыр.  Елбасының  халыққа  биылғы  Жолдауында 
бұл мәселе де айтылды. Отандық университеттер 
рейтингі жөнінде қатаң талап қойды. Жоғары оқу 
орындарының  халықаралық  деңгейдегі  қызметін 
жандандыру  туралы  тапсырмалар  берілді.  Соңғы 
жылдары отандық ЖОО жаңа белесті бағындыруға 
жұмылып отыр. Олар: Болон үдерісіне толық қо-
сылу; шетелдік студенттерді тарту үшін білім беру-
дің  тиісті  сапасын  қамтамасыз  ету;  қазақстандық 
оқу орындарында жұмыс істеуге шетелдік жетекші 
ғалымдарды шақыру; қос дипломдық бағдарлама-
ны  жүзеге  асыру;  шет  елдің  жоғары  оқу  орында-
рымен  ғылыми-зерттеу  жұмыстары  саласындағы 
байланыстарды күшейту.
Сонымен бірге жоғары оқу орындары қызмет-
терінің барлық түріне инновациялар енгізу міндеті 
тұр. Ол үшін инновациялық технологиялар мен ин-
терактивті оқу формаларын кеңінен таратып, уни-
верситет аудиторияларын ізденіс, шығармашылық, 
сұхбат алаңына айналдыру көзделген. Елдің интел-
лектуалдық капиталы мен қоғамның инновациялық 
әлеуеті  тек  қана  білім  арқылы  келетіндігі  мәлім. 
Осы  тұрғыдан  алып  қарағанда,  университеттерге 
деген бұрынғы көзқарасты өзгертіп, оларды елдің 
әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды ны-
санына айналдыру – қатал уақыт айқындаған шын-
дық. Жоғары мектепті тек білімнің ғана емес, бүкіл 
қоғам дамуының мұзжарғыш кемесіне айналдыру 
–  басты  мақсатымыздың  бірі.  Елбасы  тапсырма-
сына сәйкес, енді университеттеріміз білім эконо-
микасының  өзегі  болып,  еліміздің  инновациялық 
дамуының  қозғаушы  күшіне  айналуы  шарт.  Жол-
дауда  Нұрсұлтан  Әбішұлы:  «2015  жылға  қарай 
Ұлттық  инновациялық  жүйе  толыққанды  жұмыс 
істеп,  2020  жылға  қарай  елде  енгізілетін  талдау-
лар,  патенттер  мен  дайын  технологиялар  түрінде 
өз нәтижелерін беруге тиіс. Білім беру саласында 
Астана  қаласында  құрылып  жатқан  бірегей  оқу 
орындары  -  «Жаңа  халықаралық  университет»... 
секілді  жобалар  ерекше  басымдыққа  ие  болмақ», 
–  деп  атап  көрсетуі  көп  нәрсені  аңғартса  керек. 
Астана – салиқалы саясаттың ордасы болумен бір-
ге, енді жаңарған һәм жаңалыққа ұмтылған білім 
мен ғылымның да орталығы болуға лайықты қала. 
Бұл маңызды мақсат-жобаның да негізін Мемлекет 
басшымыз қалап отыр. Абайлар аңсаған Шығысты 
шынар ете тұрып, Батыс биігіне жол бастау Прези-
дентіміз Н. Ә. Назарбаевтың бастамашылдығымен 
туған «Болашақ» мемлекеттік бағдарламасымен бір 
кезеңге шықса, енді Астанадағы Жаңа зияткерлік 
университет  әлемдік  білім-ғылым  инновациясын 
Қазақстан жерінде меңгертуге бағыт алды. Елбасы 
Жолдауындағы биыл есігі айқара ашылатын жаңа 
оқу орнына қатысты сарабдал ой отандық жоғары 
мектептің темірқазығына айналды. Бүгінгі жаhан-
дану дәуірі – үрке қашатын немесе тайсақтайтын 
дәуір емес, ол – заман шындығы. Жалпы әлемдік 
даму бәсекелестікке негізделген. Шынайы жарыс, 
адал бәсеке – әлемнің бейбіт өркендеуінің кепілі. 
Әрине, бұл жарыстың уақыт пен жағдай анықтай-
тын өз межесі, өз бағамы бар. Сондықтан әлем ай-
дынындағы  тәуелсіз  Қазақстан  саясатта  болсын, 
білім-ғылым  ізденісінде  болсын  осы  меже  мен 
бағамның үдесінен шығуға бағыт ұстанғаны айдай 
анық.  Елбасымыз  Жолдауда  айқын  нұсқағандай, 
қоғамды сапаландыру бағдарында білімнің басым 
бағытын төмендегіше айқындау дұрыс деп білеміз: 
Біріншіден,  әлемдік  жаhандану  кезеңінде 
жастарға  берілер  білімнің  мазмұнын  ұлттық  құн-
дылықтармен,  мәдениетаралық  түсінік-пайым-
мен,  ақпараттық  жетістіктермен,  тілдік  (ана  тілі 
мен  шетел  тілдері)  байлықпен  толықтырған  жөн. 
Екіншіден,  жастардың  бойында  қоғамның  эконо-
микалық  және  әлеуметтік  саласына  деген  праг-
матикалық  таным  негізін  қалыптастырып,  өзінің, 
отбасының,  достарының,  айналасының,  жалпы 
қоғамның  әл-ауқатын  ойлайтын  жауапкершілігін 
сезіндірген  дұрыс.  Үшіншіден,  шыққан  әлеумет-
тік  тегіне  қарамай,  талантты  да  белсенді,  білімді 
де ойлы жастарды толық қолдау арқылы қоғамның 
әлеуметтік  икемділігін  қамтамасыз  ету  көзделеді. 
Осы арқылы жас буынның ақылды адам әлеумет-
тік  hәм  экономикалық  рөлдерді  өзгерте  алаты-
нына  көзі  жетеді.Төртіншіден,  білім  мен  қоғам 
алдындағы  жауапкершілікке  бағытталған  кешен-
ді  іс-шараны  жағымсыз  нәрселерді  (наркомания, 
бейәдептілік, т.б.) аластатуға бағыттап құру керек. 
Бесіншіден, білім – еркіндік пен таңдаудың көзі әрі 
дем берушісі. Білімге әлеуметтік тапсырыс беруші 
– жалғыз мемлекет емес, мүдделі мекемелер, ойлы 
да іскер адамдар болуы тиіс [3].
Білім  мен  ғылымды  меңгерген  тұлғаның  өмір 
сүргіштік  қорғанысы,  заманның  нелер  бір  өз-
герісті кезеңдерінде төзімділігі мен табандылығы, 
қоғамдағы  мүдделерге  ілесуі,  өзінің  әрдайым 
өнімді  іске  бағдарлауы  секілді  көрсеткіштері  ба-
сымдықта болып келеді. Осындай сүбелі істердің 
қарқынды  тұрғыда  жүзеге  асуы  мақсатында  Ел 
Президенті  Н.  Ә.  Назарбаев  халқына  Жолдауын-
да  айтылған  Қазақстанды  әлемдік  озық  50  елдің 
қатарына  жеткізу  ұстанымына  сай  жаңа  әлеумет-
тік-экономикалық  жағдай  жасау,  ұлттық  мәдени 
өрісінде  халықаралық  және  Еуропалық  тенден-
ция негізіндегі оқыту жүйесіне көшуге бағдарлап 

287
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
отыр.  Бұл  мақсатқа  жетудің  сара  жолы  отандық, 
әлемдік озық ойлы, жаңашыл, ілгерішіл ғалымда-
ры мен қоғам қайраткерлері, кәсіби құзыретті ма-
мандары  бірыңғай  инновациялық  білім  кеңістігін 
жасау және оның мәселесі ең көкейкесті де, қиын-
дық  тудыратын  да  шара  деп  есептейміз.  Осыған 
орай  2006  жылы  Хельсинкиде  Еуроодақ  және 
Ресей  аралығында  бірыңғай  білім  беру  кеңістігін 
құруға байланысты І халықаралық конференциясы 
болып  өтті.  Ресей  ғалымдары  бұл  мәселені  2004 
жылдан бері қолға алып, педагогикалық техноло-
гияның білім берудің инновация арасындағы айы-
рмашылықты айқындап, талай салиқалы да фено-
менді еңбектер жариялады. 
Болон моделі әрбір мемлекеттің өзіне тән ерек-
шеліктерінің әлемдік білім мен ғылым кеңістігіне 
ұштасуы  дәрежесінде  іске  асырылатыны  жайлы 
бүгіннен  бастап  ойлаған  дұрыс  деген  ұстаным-
ды  білдіреді.  Оның  басты  себебі  әрбір  халықтың 
өзіндік  даму  сипаты  «ұлттық  код»  деп  аталады. 
Бұл  ұғым  онтологиялық  сыңайда  түсінікті.  Оның 
маңыздылығы  әрбір  ұлт  өкілі  өзінің  табиғи  мүм-
кіндігін  ескеріп,  ой-өрісін,  парасат-пайымын  өр-
кендетуге  жол  аша  білуі  көзделеді.  Біздің  еліміз-
дегі оқу және ғылыми орта сонау ежелгі дәуірден 
бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан кеңістігіне дейінгі ұлт-
тық сипат білім беру саласында сабақтастық қағи-
дасын  жойып  алғаны  белгілі.  Міне,  осындай  кө-
кейкесті мәселенің олқылығын толтыру тек өркен 
жайған  мемлекеттердің  модернизация  үдерісін-
дегі  инновациялық  технологияларының  нәтижеге 
проектілеу  тұрғысында    жүзеге  асырылуы  ұтым-
ды  демекпіз.  Ал  ұлттық  ерекшелік  ескерілмеген 
жағдайда  бірден  басқа  халықтың  өз  еңбегімен 
тырнақтап  жинақталған  нәтижесіне  ие  болып  ке-
нелемін  деу  сағым  қуғанмен  бірдей.  Бұл  бағытта 
көптеген зиялы қауым өкілдері баспасөзде осыған 
орайлас пікір айтуда, бірақ оның себеп салдары тек 
«Басқа ұлттың моделіне көшпеу керек» деген түй-
інді оймен аяқталып келеді. Сондықтан бұл түйін-
ге біздер себеп іздестіріп, ғалым С. Аязбекованың 
«онтология», «гносеология», «аксиология» жайлы 
философиялық  ғылыми  ұстанымын  негізге  алып, 
әсіресе «ұлттық код» сипатын ЖОО педагогикаға 
қалай  пайдалану  мәселелері  зерделенді.  Әлемдік 
өркениетті  мемлекеттер  қатарына  қосылмау  диа-
лектика  заңдылығына  қайшы.  Сол  себепті  50  өр-
кениетті мемлекеттер қатарына өту – стратегиялық 
міндеттер [4].
ЖОО-нда бүгінгі күнге дейін диалектика ныса-
ны басынан екі түрлі парадигманы өткізді. Оның 
біріншісі – эмпирикалық парадигма. Бұл парадиг-
мада көбінесе шетел және Одақ көлеміндегі ЖО-
О-ның  озық  деген  тәжірибелері  біздің  ғалымда-
рымызға  сүрлеу  болды.  Нақтылап  айтсақ,  басқа 
бір ғалымдардың өздеріне ғана тән тағылымы мен 
тәжірибесін  жүзеге  асырып  келді.  Әрине,  барлық 
ОПҚ  осындай  іспен  шектелді  деуден  аулақпыз. 
Бірақ жалпы ОПҚ құрамының 25-30 пайызы өзінің 
төл тағылымы мен тәжірибесіне сүйенгені байқал-
ды. Зерттеу барысында ОПҚ тағылымдық, гносе-
ологиялық  деңгейден  гөрі  практикалық  іскерлік-
ті  басымдықта  ұстап,  өзінің  қызметін  автоматты 
іс-әрекетке  айналдырып  жібергені  де  жоқ  емес. 
Эмпирикалық  парадигма  –  ЖОО-нда  тек  әр  оқы-
тушы-профессордың  өзінің  тәжірибесіне  сын-
мен  қарауына  қатысты  немесе  баспасөз  арқылы 
меңгерген  басқа  ғалымдардың  іс-тәжірибесінде-
гі  ғылыми  негіз.  Мұнда  тәжірибе  жүйесі  қалай 
құрылғанына  айрықша  мән  беруі  көзделеді.  Сөй-
тіп, өзінің іс-тәжірибесіне нені үлгі ретінде ұста-
нады,  нені  теориялық  негіз  ретінде  алады  деген 
мәселені алға қоюы ұтымды. Мұндай қорытынды 
жасауға түрткі болған сол адамның ішкі интеллек-
туалды әлеуетінің қаншалықты деңгейде екендігі, 
ал оның қолы жеткен ол деңгей екінші бір адамға 
жұмбақ.  Құр  сыртқы  құрылым-жүйесін  қайта-
лағаннан басқа өзіне тән ұшқыр ой-тұжырым туа 
қоймайды.  Сондықтан  кеңестік  дәуірдегі  эмпи-
рикалық  парадигма  сыңар  жақтық  мәнде  болды.
Эмпирикалық  парадигма  бүгінгі  модернизация 
кеңістігінде  әрбір  оқытушы-профессордың  өзіне 
қатысты  жинақтаған  теориясы  мен  тәжірибесіне 
сүйену үдерісінде жүзеге асыруы қарастырылады. 
«Модернизация» ұғымы француз тілінен енген сөз 
(modernization  –  moderne)  қазіргі,  жетілген  деген 
мағынаны білдіреді. Ал «эмпирикалық парадигма» 
құбылыс пен үдеріске жаңа философиялық көзқа-
рас деген мағынаны білдіреді. Бұл парадигманың 
пайдасы әрбір оқытушы-профессордың басқа ұлт 
арасында, әлемде болып жатқан жаңалыққа ықы-
ластанып, одан өзіне үлгі алуына мүмкіндіктер ту-
ады демекпіз. 
ЖОО-нда алгоритмдік парадигма – әрбір оқы-
тушы-профессордың  алдымен  өзінің  ғылыми 
зертханасының белгілі бір тәртіпке құрылыуымен 
туатын үдеріс. Іс-әрекеттің рет тәртібі бір жүйеге 
түсіп, оған философиялық мән берілсе, оны алго-
ритмдік парадигма дейміз. Бұның көлеңкелі тұсы 
– студенттердің іс-әрекетін ОПҚ өздерінің қалып-
тасқан алгоритміне ұдайы бағындыруды нысанаға 
алуы.  Мұндай  іс-әрекет  нәтижесі  студенттерді 
оқыту  үдерісінде  әкімшіл-әміршіл  басқаруды  ба-
сымдықта  ұстайды.  Тұлғаның,  студенттің  ішкі 
интеллектуалды әлеуетін ескермей, оқытушы-про-
фессор өзінің мүмкіндігін басқаға міндеттеуі соңғы 
нәтижеге  жетуіне  бағдарламайды.  Сондықтан  ал-
горитмдік  парадигма  ЖОО-ның  білім  мазмұнына 
инструмент  болғанымен,  диалектика  нысанын-
да,  оқыту  үдерісінде  сүбелі  нәтижеге  қол  жеткіз-
бей,  керісінше  ОПҚ  мен  студенттердің  арасында 
түсінбеушілікті  тудырады.Үшінші  парадигмаға 
стохастикалық  жатады.  Стохастика  «мүмкіндік 
теориясын» жүзеге асыруға қолайлы жағдай туғы-
зады. Егер ОПҚ лексикасында «мүмкіндік туғызу» 
деген сөз тіркесі көбірек қолданымда болса, онда 

288
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
ОПҚ  өзінің  қызметін  стохастикалық  парадигмаға 
салып  жүргізгенінің  көрсеткіші.  Стохастикалық 
парадигма көбінесе әрбір ғылыми нысанның тео-
риялық-ғылыми тірек көздерін студенттердің өзді-
гінен жұмыс жүргізе алу мүмкіндігіне сай жобалап 
беруімен оқшауланады.
Стохастикалық парадигма басымдықта болып, 
әрбір  ОПҚ  өзінің  іс-тәжірибесін  әлемдік  модель-
мен  салыстырып,  аналитикалық,  сараптамалық 
бағаммен  қарап,  нәтижеге  бағдарлайтын  ғылыми 
проект құра алған жағдайда ғана Болон бірыңғай 
Еуроодақтық білім кеңістігіне кіруге мүмкіндік ту-
ады. Қазақстан Республикасының жоғары мектебі 
жоғары құзыреттілікті жүзеге асырудың екісатылы 
жүйесіне  (бакалавр-магистр)  көшкені  белгілі.  Бо-
лон  моделі  оқу  үрдісін  модульді  жүйеге  бейімде-
уге бағыт жасайды. Мұның өзі әжептәуір күрделі 
жұмыстарды атқаруға міндеттейді. Модульдік мақ-
саткерлікпен кең ауқымды бағдарламасын енгізуді 
аңғартады.  Барлық  ЖОО-нда  пәндердің  стандарт 
ауқымында  оқылуы  дәстүрге  айналып  келді.  Сол 
секілді  тағы  да  бір  көкейкесті  мәселе  универси-
теттердің  штатты  кестелері  ЖОО  білім  берудің 
жаңаша  мазмұнына  сәйкеспейді,  оның  үштен  бір 
материалды қысқарту үдерісі қарастырылуы тағы 
да мәселенің тез шешілуіне кедергі. 
Аталған мәселелермен бірге салыстыруды, са-
раптауды  қалыпқа  келтіру  –  өткір  тұрған  үдеріс. 
Мұндай жүйені жүзеге асыруда бакалавр-магистр-
лердің  мамандығын  бір-біріне  жақындату  көзде-
леді. Жұмыстың бұндай түрі Еуропалық Одақтың 
қосымша  зерттелуі  тұрғысында  іске  аспақ.  Стан-
дарттағы  берілген  сағат  ескерілмей,  ақиқатында 
меңгерген білімімен есептеледі .
Бірақ  унифицирлік  жүйе  дипломдардың 
бір-біріне  жуықтауының  абсолютті  индикаторы 
болып  табылмайды.  Шетелдік  ТМД  және  ҚР  ди-
пломдарының  да  басымдығын  мойындатуға  қа-
дамдар жасаған тиімді. Екі жақты келісім болған 
уақытта Еуропалық Одақ өркендеудің шыңына же-
тетініне ешбір күмән келтірмейді. Болон моделінің 
құптарлық  тұсы  –  Қазақстан  Республикасынан 
басқа мемлекеттерге бармай-ақ әлемдік мәртебеге 
сәйкес  келерлік  білім  алып,  құзыреті  жоғары  ма-
ман болуға мүмкіндіктер жасалмақ. 
Міне,  жоғарыда  айтылған  Еуропалық  Одаққа 
ҚР кіруіне стохастикалық парадигма болжам жасау 
іс-әрекетіне рөл атқаратыны байқалды.
Қазақстан  Республикасында  модульдік  оқы-
ту  80-жылдардың  аяғынан  қолға  алынды.  Оның 
бастау көзі АҚШ-та ХХ ғасырдың 60-жылдарын-
да  тәжірибеге  енгізіліп,  оқыту  саласында  Амери-
ка  мен  Еуропа  біртұтастық  іс-әрекет  тұрғысында 
оқыту ісіне енгізілді. Модульдік оқыту ең ұтымды 
технологияны  дидактикалық  үдерісте  іске  асыра-
ды.  Дидактикалық  үдерістің  маңыздылығы  –  мо-
дульдік технологияға жүгініп, оқыту мазмұнының 
жеке блоктарға автономды жіктеліп келуі. Жұмы-
стың бұл түрінде бұрынғы тараулар жеке-жеке бір 
сағат  көлемінде  қарастырылмай,  тұтас,  туыстас, 
ұсақ  тақырыптардың  блокқа  бөлініп,  оның  тұтас 
жүйесі  бір  модуль  құрастырады.  Болон  моделіне 
көшу  үшін  ЖОО-нда  барлық  мамандыққа  орай 
мемлекеттік  стандарт  сыйымдылығында  барлық 
пәндерден осындай модульдік жүйедегі оқулықтар-
ды  даярлау  керектігі  байқалып  отыр.  Модульдік 
көлемі  мамандықтың  оқытылатын  дидактикалық 
мақсаттарына  тікелей  байланысты  болып  келеді. 
Мұндай  жағдайда  бұрынғы  стандарт  пен  бүгінгі 
стандарт арасындағы айырмашылықтарды жіктеп, 
әрбір ОПҚ өзінің жұмыс жобасын ұлттық мүддені 
негізге  алып,  Еуроодақ  елдеріндегі  тағылым  мен 
тәжірибені  зерделеп,  бейімдеп  жүйеленуіне  мән 
беріледі. Біріншіден, қиындығы мол бұндай сүбелі 
жұмысқа  әр  профессор-оқытушы  өз  ықыласымен 
бағдарлай  алуы  басымдықта  келуімен  ерекшеле-
неді.
Екіншіден,  әлеуметтік  ортаға  қажетті  маман-
дықтарды  кеңейтіп,  жұмысқа  орналасу  мүмкінді-
гін  ескеріп  барып  оқыту  модернизация  талабына 
сай іс-әрекетті қамтамасыз етеді [5].
Үшіншіден,  модульдік  бейімделу  бағдарлама-
лары  жұмысқа  тұру  талаптарының  құзыреттілі-
гімен ұштастықта келуін жүзеге асыру тұрғысында 
қарастырылады. 
Төртіншіден,  жаңа  инновациялық  технологи-
ялардың  соңғы  нәтижеге    және  оның  нәтижелігі-
не  кепілдеме  беруіне  мүмкіндік  туғызадды.  Ең 
соңында Еуроодақ кеңістігіне бұл іс-әрекет жарай-
тыны мен жарамайтыны жайлы әділетті сараптама 
жасайтын эксперт шақырылуы қарастырылады. 
Жоғарыда  берілген  төрт  шарттың  дұрыс  ұй-
ымдастырылуы жергілікті және Еуроодақ білімде-
ну кеңістігімен бағдарлануына  қатысатын өкілет-
тіліктің,  тренингтік  семинар,  конференция  және 
т.б.  белсенділігін  арттыруға  қозғаушы  күш  болар 
іс-шаралары  бірнеше  рет  өткізілуіне  байланы-
сты.  Модульдік  парадигма  екі  жақты  (Қазақстан 
және  Еуроодақ)  келісімде  құрылуы  –  талаптың 
ең басымдығы. Әрбір тұлғаның ой-өрісінің ұдайы 
алға  қарай  жылжуы  үшін  ежелден  бері  қаланған 
амалдар  жинақталып,  болашақ  ұрпаққа  рухани 
құндылық сапасында қорланып отырады. Өкініш-
ке  орай,  формация  өзгерістеріне  қарай  ол  рухани 
құндылықтар  кей  тұста  қажеттілікке  қозғаушы 
күштік рөл атқарса, кей тұста оны елемейтін, ке-
рек қылмайтын жағдайлар кездеседі. Осындай бір 
жағдай білімденудің инновациялық технологиясы-
ның  белді  бір  түрі  –  оқытудың  модульдік  амалы. 
Модульдік  оқытудың  генезисін  зерттеген  Д.  В. 
Чернилевский ХХ ғасырдың 60-жылдары АҚШ-та 
Еуропада  аталған  оқытудың  түрі  кең  тараған  деп 
қорытынды жасайды. Оқытудың бұл технологиясы 
дидактикалық үдерісті жүзеге асырудың нелер бір 
ұтымды амал-тәсілдерін іске асыратынына дәлелді 
пікір білдіреді.

289
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
Бүгінгі  таңда  модульдік  оқыту  үдерісін  Қа-
зақстан  Республикасында  қайтадан  түсіндіріп 
жату бір жағынан қолайсыз, десек те, бұндай ба-
тылдыққа баруымыздың бірден-бір себеп-салдары 
–  ЖОО-ндағы  оқулықтардың  модульдік  талаппен 
құрылуының кемсіндігі. Егер кредитті технологи-
яны толыққанды жүзеге асыру өз мәнінде болмай 
отырса, оның барлық себебі аталған талаппен оқу-
лықтардың құрылмауы дер едік. Сонда модульдік 
технологияның  бүгінгі  «мүмкіндік  теориясын» 
іске асырар қандай басымдығы бар? – деген сұрақ 
туса, оған жауап былай болып келеді:
1)  Ұйымдастырушылық-нұсқаулық  блоктары 
модуль жіктемесіне жеке-жеке бағынып тұрады.
2) Әрбір автономды блоктың білім және оқыту 
мазмұны ұштастықта келіп, дидактикалық маңыз-
дылықты айқындайды.
3)  Оқытудың  модульдік  технологиясының 
мазмұны мен оның көлемі кәсіби және оқытудың 
саралану  деңгейі  мен  мақсатына  орай  бірнеше 
нұсқаға  бағдарланып  келеді.  Аталған  үш  ерек-
шелік  басқа  технологияларға  қарағанда  ұтым-
дылықпен ұшқырлық сапаны өркендетуге қолайлы 
жағдай жасайды. Бұндай сапалық көрсеткішті біз-
дер педагогика ілімінде «траектория» дейміз. Тра-
екторияның қазақша баламасы жоқ болғандықтан 
(стандартта),  біздер  бұл  ұғымды  орыс  тіліндегі 
қолданым тұрғысында алуды жөн көрдік. Сөйтіп, 
әр студент кредитті технологияға сәйкес ЖОО-ның 
оқу курсына қарай жеке (өзінің бейіміне қатысты) 
траекторияны  таңдауына  мүмкіндік  туады.  Бұл 
стохастикалық  парадигманың  ең  басымдықтағы 
көрсеткіші  болып  табылады.  Модульдік  техноло-
гияның (1974) зерттеушісі – американдық Дж. Рас-
сел. «Modular instruction» терминге Дж. Рассел оқу 
пакетін анықтайтын, оқу материалын тұжырымда-
малық  бірлік  (әрбір  ірі  тақырыптың  кішісіндегі 
тұжырымдардың қосындысы) оқыту іс-әрекетінің 
қарқыны, оқу материалын толық қамтитын оқыту 
технологиясы деп қарастырған.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Көшербаев Қ.Е., Ахметов Ә.Қ., Әбілқасымова А.Е., Рахымбек Х.М.. Қазақстан Республикасында жоғары білімді 
дамыту стратегиясы. Алматы: Білім, 1998. – 232 б.
2. Жұматаева Е. Жоғары мектепте оқытудың біртұтас дидактикалық жүйесі. - Алматы: Ғылым, 2001. - 208 
-145 б. 
3. Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии. - М: Педагогика, 1989. –  204 с.
4. Борисева Н.В. Конкурентноспособность будущей специализации вузуовской подготовки. - Набережные Челны. 
– 1996.- 201 с.
5.Эльконин Д.Б. Интеллектуальные возможности усвоения знаний. -М.: Просвещение, 1966. – 442 с.

290
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет