Проблемы обучения
Вестник Кокшетауского технического института КЧС
МВД
Республики Казахстан. №3 (19),
2015
90
ҚҦТҚАРУШЫЛАРДЫҢ КӘСІБИ ЖУМЫС АТҚАРУ МҦМНІНІГІНІҢ
ШЕКТЕЛУІ
ФАКТОРЫ
РЕТІНДЕ
ЭМОЦИЯЛЫҚ
КҤЙЗЕЛУ
СИНДРОМДАРЫ: ДИАГНОСТИКА ЖӘНЕ АЛДЫН АЛУ ӘДІСТЕРІ
Бҧл мақалада қҧтқарушылардың кәсіби бҧзылу пайда болу мҥмкіндігінің
мәселесі қарастырылды, кәсіби қызметінде стресс жағдайларын ескеріп,
қҧтқарушылардың қызмет ету ерекшеліктерінің талдау нәтижелері кӛрсетілді,
эмоциялық кҥйзелу синдромын алдын алу және диагностика жасаудың негізгі
әдістері қарастырылды.
Негізгі түсініктер: кәсібибҧзылу, эмоциялық кҥйзелу синдромы, стресс
жағдайлары.
Ozhereleva O.A.
Kokshetau Technical Institute of the Committee of Emergency Situations of MIA
of the Republic of Kazakhstan, Kokshetau
BURNOUT SYNDROME AS A FACTOR OF PROFESSIONAL RESCUERS’
DEFORMATION: DIAGNOSIS AND PREVENTION
The article presents research of the problem of professional deformation of
rescuers. It contains the results of the analysis of the specific activity of rescuers
based on stressors of professional activity, description of the main methods of
diagnosis and prevention of burnout.
Keywords: professionaldeformation, burnout, stressors.
Д.Қ. Шаяхимов - филологя ғыдымдарының кандидаты,
ӘГПТ және ПД кафедрасының профессоры
Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК Кӛкшетау техникалық институты
ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫНЫҢ «НАРТАЙЛАҚ ПЕН АЙСҰЛУ»
ПОЭМАСЫ МӘТІНІНДЕГІ КЕЙБІР ТЕКСТОЛОГИЯ МӘСЕЛЕСІ
Бҧл мақалада Шәкәрім Қҧдайбердіҧлының «Нартайлақ пен Айсұлу»
поэмасындағы текстология мәселесі қарастырылған.
Негізгі тұсініктер: поэма,нұсқа,қолжазба.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ елінің қоғамдық өмірінде,
мәдениеті мен өнерінде, ұлттың әдебиетінде аса игі жаңғырулар бой көрсетті
десек, бұл тұстағы Абай бастаған жаңашыл бағыттағы реалистік әдебиеттің
даму қарқыны айрықша болды. Халқымыздың аса көрнекті ақындарының бірі
Шәкәрім Құдайбердіұлы да, міне, осынау өркенді ортада өсіп, ержетті. «Ондай
Проблемы обучения
Вестник Кокшетауского технического института КЧС
МВД
Республики Казахстан. №3 (19),
2015
91
ақын төртеу. Оның екеуі Ақылбай, Мағауия Абайдың өз балалары. Мұның
екеуі де 1904 жылы Абай өлген жылы өлген. Қалған екеуі Көкбай, Шәкәрім.
Осы төрт ақын Абайдың толық мағыналы шәкірттері» [1].
1904 жылы Шәкәрім өзінің ұлы ұстазы Абайдан, қос бауыры Ақылбай мен
Мағауиядан айырылады. Оның үстіне халыққа бостандық әкеле ме деп
үміттенген Ресейдегі революция жеңіліске ұшырайды. Заман биігінен,
халықтық ауқымда ой толғайтын Шәкәрімге бұл оқиғалар аса ауыр соққы
болып тиеді. Білімін кеңейтуге, көп оқуға ден қойған ол үлкен үміт арқалап
1905-1906 жылдары Меккеге қажылыққа барып қайтады. Ұстазы Абайдың көзі
тірісінде айтқан, ақыл-кеңесін іс жүзіне асыру мақсатына арналған сапары,
ақынның санасын жаңа биікке көтеріп, білім өресін, ой тынысын кеңейткен
ізденіс сапары болды. Қаламгерлік, шығармашылық өріске қатты ден қойды.
Көркем әдебиетке біржола бет қойып, халық тұрмысынан поэма – дастандар
жазу талабына ойысады.
Шәкәрім мұрасында эпостық жанрдың бір түрі, белгілі бір оқиғаны
өлеңмен баяндайтын, сюжетке құрылатын шығармалар-поэмалар елеулі орын
алды.
Ақыл мен ақындық қуаты толыға бастағаннан шығыста «Ләйлі –
Мәжнүндерді», батыста «Ромео - Джульетталарды» танып, іштей түлеген, жаңа
бір дүниелерді жарқ еткізсем, деп құлшынған ақын сол кездегі ел аузында аңыз
боп жүрген дастан-трагедияға сұранып тұрған оқиға, сюжеттерге берік назарын
аударады. «Шәкәрім шығармаларының халық ауыз әдебиеті мұраларымен
тамырластығы
әлдеқайда
терең,
әлдеқайда
күрделі.
Шәкәрімнің
шығармашылығы мен ауыз әдебиеті дәстүрлерінің тамырластығы негізінен
нағыз халықтық дәстүрді шығармашылықпен дамыта игеру, әрі орнымен
пайдалануда [2]. «Нартайлақ пен Айсұлу» поэмасының басылым нұсқасын
табылған қолжазба нұсқамен салыстырмас бұрын, осы поэмадан бұрын шыққан
поэмалар жайында айтылған, ғалымдар пікіріне тоқтала кеткенді жөн көрдік.
Шәкәрімнің дастан түрінде жазылған шығармаларының бәрі дерлік
«Еңлік – Кебек», «Қалқаман – Мамыр», «Нартайлақ пен Айсұлу» поэмалары
ескі қазақ тұрмысынан алынған және де халық ауыз әдебиетіне тән
элементтерді қамтыған. Бірақ, бұлардың ешқайсысы да тарихи шығарма емес.
Поэмаларында тарихи фон ғана, автордың баса назар аударғаны - әлеуметтік
мәселелер, мінез -құлық жайы. Жанрлық тұрғыдан алғанда, «Қалқаман –
Мамыр» лиро-эпостық жырға бейім, «Еңлік – Кебек» - әлеуметтік дастан, ал
«Нартайлақ пен Айсұлу» махаббат драмасына жатады. Ауыз әдебиеті
мұраларына тән дәстүрлі баяндау түрлерінің ішінде ондағы оқиғаларды
тұспалдау, болжау, айтылар ойды жұмбақтап жеткізу сияқты, кең қолданылған
әдістер, шығарманың ішкі динамикасын ширатып, сюжет табиғатын
жандандыра түседі. Бізге қолжазба күйінде жеткен «Нартайлақ пен Айсұлу»
поэмасы ақын өмірінің соңғы кезінде, 1929 жылы жазылған махаббат драмасы.
Дастан – өзінің көркемдік деңгейі жағынан ақынның өзге поэмаларынан
әлдеқайда төмен. Мұны Шәкәрім Құдайбердіұлының өзі мойындаған [3].
Проблемы обучения
Вестник Кокшетауского технического института КЧС
МВД
Республики Казахстан. №3 (19),
2015
92
Бұл қолжазбаның бүгінгі ғылым үшін маңыздылығы зор. Біздің
пайымдауымызша, дәл бүгінгі күнгі ғылымға белгілі көшірмелердің ішіндегі
айрықша құндысы – ақынның бел баласы Ахаттың 1936 жылы Республикалық
көпшілік кітапханасының (РКК) сирек кітаптар мен қолжазбалар қорына
тапсырған екі томдық жинағы (№188, № 210). «Бұл әңгімелерді мен
Шәкәрімнің өз қолжазбаларынан көшіргенмін. Шәкәрім шығармалары ғана
емес, басқа көп, ірі қолжазбалары болатын... Өзінің қолымен жазылған барлық
шығармалары Қытайға кеткен баласының қолында болуы керек», - деген
зерттеуші М.Мағауинның пікірін қостағандай [3].
Дәл осы пікірді Шәкәрімнің қолжазбаларын сақтап келген Шыңғысхан
Сләмқұлұлы Көрпебаев ақсақал да айтқан еді. Табылған қолжазбалардың
ішінде Абайға арнап шығарған Көкпай мен Әріп ақынның өлеңдері,
Жамбылдың көптеген ақындармен айтыстары кездеседі. Шәкәрімнің
басылымға әлі шықпаған өлеңдері және «Ағыбай батырдың сапары » атты 98
шумақ, 392 жолдан тұратын поэмасы табылып отыр. Бірақ бұл поэма нақты
Шәкәрімдікі екені әлі дәлелденбеген. Поэма толық сақталмаған, соңында
«Көшіріп жазған Еңсебайұлы Ғұсман 1927 жыл», - деп жазылған. Табылған
қолжазбалар араб графикасымен жазылған, сондықтан да, ондағы өлең өлшемі
сақталмай, көбіне қосар жол немесе біртұтас тіркеме арқылы берілгендіктен,
ақын қолжазбаларындағы поэманың құрылымын ажыратып тану қиынға
соғуда. Поэма шумақтарындағы тармақтардың орындары ауысып келетін
жерлері өте жиі кездеседі. Зерттеуші ғалым Шәмшиябану Сәтбаева «Нартайлақ
пен Айсұлу» поэмасы жайында мынандай пікір айтады: «Шәкәрім
творчествосындағы көркем шығармалардың бірі «Нартайлақ пен Айсұлу»
поэмасы адамдар арасындағы қақтығыстарды бейнелеуге арналған,
дидактикалық мақсатты көздеген.
Естілер көп жазады әңгімені,
Жазбайды ермек үшін әлденені.
Жиреніп жаманынан, жақсыны ұғып,
Алсын деп жазады ғой өнегені.
Залымды жек көргізіп күйгізеді,
Ақ жүрек әділетті сүйгізеді.
Өгейлік, өзімшілдік, бақ – күндестік,
Мейрімсіз залалкесті білгізеді, [4] -
деп басталады да,
адамдар арасындағы күрделі де қиын қарым-қатынастар, әке - шешесінен жетім
қалған Айсұлу, Нұрсұлудың қайғылы тағдыры, еріксіз ұзатылуы, көрген
қорлықтары, ізгі жүректі Нартайлақтың оларға көмектесуі әңгімеленеді.
Шындығын айту керек, бұл шығарма желісі шұбалаңқылау, адам қақтығыстары
жадағайлау, кейде нанымсыз суреттеледі. Дегенмен, «Нартайлақ пен Айсұлу»
ақынның демократиялық, гуманистік, адамгершілік көзқарастарына сай
жазылған поэма.
Ақын өзі әңгімелеп отырған жастар өміріне іш тартып, жақтап отырады.
Олардың достары, көмекшілері халық арасынан шыққан қарапайым адамдар.
Проблемы обучения
Вестник Кокшетауского технического института КЧС
МВД
Республики Казахстан. №3 (19),
2015
93
Мысалы, шаруашылыққа бейім, мейрімді күтуші кемпір Томан оларға қиын
жағдайда жәрдемдеседі, өгейлік, күндестік пен қорлыққа шыдай алмаған
Айсұлу асылып өлгенде, оның аманат, өсиет еткен баласын тәрбиелеп, баласын
әкесі Нартайлаққа тапсырады.
Томанды шеше қылған батыр Тайлақ,
Бәйек боп қатты күткен әжетайлап.
Құнға алған Балқыбекте Томан өліп,
Күмбездеп мола соғып қойған жайлап, -деп бала мен
күтушінің арасындағы мейрімділік, адамгершілік қатынастар дәріптеледі [5].
Шәкәрім шығармашылығын алғаш зерттеушілердің бірі ғалым М.
Мағауин бұл поэма жайында мынандай пікір айтады: «Рас, поэма алғы сөзінде
Шәкәрім: «өлгенді тірілтпесем де, өшкенді жандырғандай болсын деп, биыл
жүз тоқсан жыл болып ұмытылған істі алдыңызға қойдым», - деп жазады. Бұл
арада кітаптың басылған жылы туралы айтылады. «Еңлік – Кебекте» («Жолсыз
жаза») сол баспадан, сол 1912 жылы жарық көреді. Бұл поэманың «Қалқаман –
Мамырдан» соң туғанын, автордың өзі ескертеді. Ал, «Нартайлақ пен Айсұлу»
аталмыш екі поэмадан соң 1929 жылы қарашада жазылған. Бұл шығарма біздің
заманымызға қолжазба қалпында жетті. (Ескерте кетейік, «Нартайлақ пен
Айсұлу» - Шәкәрім атын ақтай алмайтын өте әлсіз шығарма)» [3].
Ғалымдардың осы пікірін Шәкәрімнің өзі де мойындаған. Шәкәрімнің
баласы Ахат Шәкәрімұлы әкесі жайында жазған естелігінде былай дейді:
«Әкей өзі екі әңгімесін нашар дейтін. Бірі – «Мұсылманшылық» дейтін
шығармасы: «Мұны надан, білімнен хабарым жоқ кезімде, басқа жұртта
«Ғибадат исламия» деген кітап бар, олар араб тілінде не түрік тілінде
жазылады, қазақ тілінде жоқ деп, соларға еліктеп жаздым», - дейтін.
Екінші – «Түрік ханлар шежіресі» деп, өлеңмен Түрік қауымында болған
хандарды жаздым. Бұл жасымда шежіре жазбақ болып, бірнеше елдің
шежірелерін оқығанымда, «Отечественная история» деп патша, хандарды
жазғандарды көріп, еліктегенім, осы да біліми көзқараспен айтылмаған», -
дейтін.
Ал, дастандары туралы: «Жазған поэмамда «Нартайлақ пен Айсұлу»
поэмасының поэзиялық жағы «Дубровский» поэмасы мен «Ләйлі – Мәжнүн»
поэмасынан төмен. Оның негізгі себебі, өте асығыс жазылуынан болса керек.
Бірақ оның уақиғасы – егер пьесаға аударылса, қызықты болар еді, - дейтін»
[6].
Жоғарыда айтылған пікірлерге сүйене отырып, «Нартайлақ пен Айсұлу»
поэмасының басылым нұсқасымен табылған қолжазба нұсқасын салыстырып,
қолжазба нұсқадағы айырмашылықты айқындап көрейік. 1988 жылғы
«Жазушы» баспасынан шыққан нұсқасында [3, 230] және 2003 жылғы
«Атамұра» баспасынан шыққан нұсқасында [7, 329-330 беттерде] алты шумақ,
яғни 24 жол өлең жолы кірмей қалған. Ал, қолжазба нұсқада аталған 24 жол
өлең жолы бар. Бұл ерекшеліктің өзі, қолжазба нұсқасының құндылығын
дәлелдесе керек. Жалпы қандайда бір шығармаға текстологиялық жұмыс
Проблемы обучения
Вестник Кокшетауского технического института КЧС
МВД
Республики Казахстан. №3 (19),
2015
94
жасамас бұрын, оған бір негіз болуы керек. Демек, табылған қолжазба
нұсқаның зерттеу көзі (источник) бола алады . Аталған ерекшеліктерге
кейінірек тоқталамыз. Алдымен осы поэманың төртінші шумағындағы
ерекшелікке көңіл аударайық. 1988 жылғы «Жазушы» басылымнан шыққан
нұсқасы мен 2003 жылғы басылым нұсқасы бірдей.
Аямай жетімдерді ұрғандығын,
Азаматты күң менен құл қылғандығын.
Не пайда, не өзінің мақтаны үшін,
Дап – дайын қан төгуге тұрғандығын
[4, 211]
Қолжазба нұсқада:
Аямай жетімдерді ұрғандығын,
Ерік жоқ, азапты күң қылғандығын,
Не пайда, не өзінің мақтаны үшін,
Дап – дайын қан төгуге тұрғандығын. [8]
Осы шумақтың екінші тармағындағы « Азаматты күң менен құл
қылғандығын», - деген сөз тіркесінің орнына, қолжазба нұсқада «Ерік жоқ,
азапты күң қылғандығын», – деп келетін сөз тіркесі қолданылған. Басылым
нұсқасында ертеде ер адамды – құл, әйел адамды - күң деп атағаны жайында
айтылып тұр. Поэма мазмұнында Нартайлаққа қатысты құл деп айтылатын сөз
тіркестері кездеспейді. Тек, Айсұлу жетім қалған соң, Барлының бәйбішесі,
Айсұлуды кіші әйелі емес, күң ретінде ұстамақ ойы жайында баян етіледі.
Басылым нұсқасындағы құл мен күң жайында айтылған тармақта: құл сөзінің
кімге қатысты айтылып тұрғаны белгісіз. Қолжазба нұсқада құл сөзі
қолданылмайды. Бұл ерекшелік қолжазба нұсқасының поэма мәтінінен
алшақтамай тұрғанын дәлелдейді. Буын сандарын салыстырғанда байқалған
ерекшеліктер: басылым нұсқасында: 11, 12, 12, 12. Қолжазба нұсқада: 11, 10,
12, 12. Қолжазба нұсқасындағы буын санының кемшілігі ұйқас өрнегіне нұқсан
келтірмейді. Мысалы, қолжазбадағы ұйқасып тұрған сөздерді салыстырсақ:
ұрғандығын, қылғандығын, мақтаны үшін, тұрғандығын. Басылым
нұсқасында сөздердің ұйқасуы тура осы қалыпта сақталған. Айта кететін бір
жай Шәкәрімнің осы «Нартайлақ пен Айсұлу» поэмасы Мұхтар Мағауиннің
құрастыруымен шыққан 1988 жылғы «Жалын» баспасынан шыққан (Жолсыз
жаза) «Шәкәрім» (өлеңдер мен поэмалар атты) жинаққа енбеген [3].
Ал, М.Жармұхамедов, С.Дәуітов (А.Құдайбердиев). Алматы. «Жазушы».
1988 жылы және 2003 жылы Шәкәрім. «Қазақ айнасы». (өлеңдер мен
поэмалар). Алматы. «Атамұра» басылымнан шыққан жинақтағы осы поэманың
нұсқаларының арасында айырмашылық жоқ. Сондықтан басылымнан кейінірек
яғни 2003 жылғы шыққан жинақты негізге ала отырып салыстырулар
жүргізбекпіз . Енді келесі шумақта байқалатын өзгешеліктер аз. Дегенмен, оған
да тоқтала кеткенді жөн көрдік.
1988 жылғы басылым нұсқасында:
Махаббат шын асықты неткендігін,
Проблемы обучения
Вестник Кокшетауского технического института КЧС
МВД
Республики Казахстан. №3 (19),
2015
95
Құрбан боп жар жолында кеткендігін.
Не пайда, не өзінің мақтаны үшін,
Мархабат дұшпанға да еткендігін,
[9, 310] – деп берілсе,
2003 жылғы басылым нұсқасында тура солай қайталанады [4, 211].
Қолжазба нұсқада:
Махаббат шын ғашықты ... еткендігін,
Құрбан боп жар жолында кеткендігін.
Әлі жетіп тұрғанда - ашу келіп.
Мархабат дұшпанға да еткендігін, [8] - деген шумақта, асық
сөзінің орнына, оның синонимі ретінде ғашық сөзі қолданылған. Ал,
асықтығы неткендігін, деп қолданылған сөз тіркесінің орнына қолданылып
тұрған ғашықты ... еткендігін сөз тіркесіндегі н дыбысының түсіп қалуы,
қолжазбаны көшірген адамның қателігі болуы мүмкін. Осы шумақтың үшінші
тармағындағы айтылмақ ой: «Не пайда, не өзінің мақтаны үшін», - деп берілсе,
қолжазбада « Әлі жетіп тұрғанда – ашу келіп», - деп келіп, әлсіз, қорғансыз
жанға әлімжеттілік жасалып тұрғаны жайында баяндалып, айтылмақ ой, мәтін
мазмұнынан алшақтап тұрғаны байқалады. Бірақ, соңғы тармақта сөйтсе де
дұшпанға да мархабат, яғни кешірім еткен деп, ой аяқталған. Келесі шумақтың
екінші тармағындағы айтылмақ ой, қолжазба нұсқада нақты берілген. Ал,
басылым нұсқасында айтылмақ ой, сақтықпен айтылған тәрізді.
Мәселен, 1988 және 2003 жылдардағы басылым нҧсқаларында
:
Айтады осы әңгіме соның бәрін,
Байқаста, сыртын ұқпай ішкі нәрін.
Жаңа өскен жасыл гүлдей жас ұландар,
Дей көрме бір ескіден қалған сарын. [9, 310], [4, 211] - деп
берілсе, қолжазба нҧсқада:
Айтады осы әңгіме соның бәрін,
Байқарсыз сыртын ұғып, ішкі нәрін.
Жаңа өскен жасыл гүлдей жас ұландар,
Дей көрме бір ескіден қалған сарын, [8] - деп қолжазба
нұсқадағы айтылмақ ой, анық, бүкпесіз айтылған.
1988 және 2003 жылдардағы басылым нұсқаларында:
Құр-үлкен, Балға - оған тетелесі,
Қаранай-үшеуінің ең кенжесі.
Бұл жоңды Үшбозша деп атайтыны,
Жайлаған Бозшаның үш немересі, [9, 311],
[4, 212] - деген
шумақтың үшінші тармағындағы сөз тіркесінде бір ғана топонимикалық атау
аталады.
Ал қолжазба нұсқада бұл тармақтағы сөз тіркестері өзгеше өрнектелген.
Проблемы обучения
Вестник Кокшетауского технического института КЧС
МВД
Республики Казахстан. №3 (19),
2015
96
Ал, Құр-үлкен, Балға - оған тетелесі,
Қаранай–үшеуінің ең кенжесі.
Арқада Үшбозшы деп атайтұғын,
Жайлаған Бозшаның үш немересі, [8] - деген шумақтың
үшінші тармағында « Арқада Үшбозша деп айтатұғын», - деп келетін, сөз
тіркестерінің беретін мағынасы нақты топонимикалық атаулардың аталуымен
ерекшеленеді. Алайда, берілген ой мәтін мазмұнынан алшақтамаған. Келесі бір
шумақты салыстырғанда мынандай ерекшеліктердің куәсі болдық.
1988 және 2003 жылдардағы басылым нұсқаларында:
Самсы да асық болып Айсұлуға,
Бата алмай жүреді екен сөз айтуға.
Сүйтсе де жанасалап бір қалмайды,
Дегендей «бұқа буға, азбан дуға» [9, 312], [4, 213].
Қолжазба нұсқада:
Бір ұл бар, Самсы деген қырда тағы,
Самсым көбейсін деп қойған дағы.
Сүйтсе де жанасалап бір қалмайды,
Дегендей «бұқа буға, азбан дуға»,
[8] - деген шумақтағы алғашқы екі тармақ
мүлде ұйқаспайды. Кейінгі екі шумағы жоқ болғандықтан, келесі шумақтың
құрамына еніп кеткен болар. Бірінші тармақтағы қырда тағы сөз тіркесінің
мағынасы түсініксіз. Біздің пайымдауымызша Самсы деген қырда, яғни далада
өсетін өсімдіктің атауы болуы мүмкін. Самсының есімін осы қырда өсетін
шөптің атауына орайластыра қойғаннан болуы керек.
Қолжазба нұсқасында:
Бір ұл бар, Самсы деген қырда тағы,
Самсым көбейсін деп қойған дағы.
----------------------------------------------,
----------------------------------------------, [8]- деп келіп, соңғы екі
тармағын жоғалтса, келесі шумақтың бастапқы екі тармағы жоқ.
Қолжазба нұсқасында:
--------------------------------------------- ,
---------------------------------------------.
Сүйтсе де жанасалап бір қалмайды
Дегенде «бұқа буға, азбан дуға». [8]
Проблемы обучения
Вестник Кокшетауского технического института КЧС
МВД
Республики Казахстан. №3 (19),
2015
97
Мұнда алғашқы екі тармағы жоқ болып отыр. Біздің ойымызша басылым
нұсқасының осы жерінде бір шумақ болуы керек. Өйткені, автор Самсының
есімі қалай қойылғаны және неге байланысты қойылғаны жайында айта кетпек
болған. Осы шумақ арқылы айтпақ ойы өз жалғасын тауып тұрғандай. Ал,
басылым нұсқасында, Самсының жайын айтпастан бұрын, бірден оның
Айсұлуға деген асықтығы суреттеледі. Осы жердегі олқылықтың салдарынан,
айтылмақ ойдың үзіліп қалғандығы аңғарылады. Поэма шумақтарында сөз
тіркесінің өзгеше қолданылуы жиі кездесетін құбылыс. Осы ойымыз дәлелді
болу үшін, мына шумақтағы сөз тіркесін салыстырып көрейік. 1988 жылғы
«Жазушы» баспасынан шыққан және 2003 жылғы «Атамұра» басылым
нұсқаларындағы:
Күнсұлу Айсұлумен – екі қызы,
Бір туған өлді олармен Тай жалғызы,
Қолында өгей аға қорлық көріп,
Қыздарға жетімдіктің батты сызы, [9, 312], [4, 213] - деген
шумақты қолжазба нұсқамен салыстырсақ, қолжазба нұсқасының екінші
тармағындағы сөз тіркесі мүлде басқа мағына беріп тұр. Тайдың жастайынан
өлгені туралы, апалы – сіңлі екі қыздың сүйенері қалмағаны жайында
айтылмағандығы, қолжазба нұсқасының осалдау жерін байқатады.
Ал, қолжазба нұсқадағы:
Айсұлу, Күнсұлумен - екі қызы,
Достарыңызбен бөлісу: |