ІҢКӘр дүние (1972 ж., «Жазушы» баспасы)



Pdf көрінісі
бет14/31
Дата06.03.2017
өлшемі1,85 Mb.
#7829
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   31

 

«АЛТЫН КЕРУЕН»  НЕМЕСЕ 

АҚАЙ ПІШЕНБАЕВ ТУРАЛЫ ЖЫР 

 



«Мінеки, Торғай – бұл өлке, 

Туырылып жатқан сары алтын. 

Сейітқұл қыпшақ тым ерте 

Болжаған мұны болатын. 

 

Кетпенін әкеп арқалап, 



Әйтпесе, қоныс тебе ме?!» – 

Дедім мен досқа, мархабат 

Сезімі теуіп денеме. 


 

Иә, - деді ол да бас изеп, - 



Әңгіме ғой бұл басы ашық. 

Сары алтын дала жасыл көк 

Аспан боп, жер боп астасып. 

 

Аспан мен жердің арасын, 



Ақ бидай зерлеп буымен, 

Одақтың Орақ, Балғасын 

Көтеріп шымқай туымен. 

 

Кемедей қызыл «Нивалар» 



Бет алған күнге керуендей. 

Баппенен бірдей ырғалар, 

Бір жүрек тыныс бергендей. 

 

Бір жүрек тыныс бергендей 



Бүлкілдеп дала дем алып. 

«Нивалар» алтын зерлердей, 

Алыстап барып, оралып. 

 

Алыстап барып, оралып, 



Сапырған кезде алтын дән, 

Автопоездар орамы 

Жұлдыздай ағып шарқ ұрған. 

 

Жұлдыздай ағып шарқ ұрып, 



Қырманға қарай сіңгенде, 

Бұл дала орақ арқылы 

Көрінер ыстық күннен де. 


 

Көрінер ыстық күннен де. 

Көрінер қымбат алтыннан, 

Осынау ғажап, білгенге. 

Жаралып жатар маңдай тер – 

Мөп-мөлдір тамшы, там-тұмнан. 

 

Маңдайдан тамған тамшы да –  



Мехнат, рахат, жарасым. 

Астастырып тұр сол, сірә, 

Аспан мен жердің арасын. 

 

Аспан мен жердің арасын 



Тұрдық біз көзбен тінітіп, 

Шулатқан даңқы даласын 

Көрсек деп қазақ жігітін. 

 

Көрсек деп қазақ жігітін – 



Пішенбай ұлы Ақайды. 

«Қалай ол ақтап үмітті, 

Қанаты қалай қатайды. 

 

Дақпырты, мүмкін, дүмпу ме, 



Көрсетпей кеткен топқа өкше? 

Ұшады-ау қыран бір күнде, 

Ұсынсаң, қалың жетпеске. 

 

Көріпкел диқан – Сейітқұл, 



Ғарыштық қимыл – Ақайда» -  

Осылай бізде ой ұйтқып, 



Тұрдық бір толқып сан ойда. 

 

Тұрдық та Торғай төрінде, 



Жөнелдік «Терісаққанға». 

Басылар күпті көңіл де, 

Батырмен таныссақ қана! 

 

«Миллион тонна дән тасу!» - 



Серт қой ол меже алғасын. 

Орақта, отты күндерде 

Тоқыру, тоқтау болмасын. 

 

Білді ғой, білді ол, демек; 



Тіркеме – бесеу, бір – мотор. 

Бойында қырық дөңгелек, 

Бәріне соның бір-ақ қол. 

 

Білді ғой, білді ол демек; 



Бұзыла қалса жол кенет, 

Жүз жиырма тонна – бір кезек, 

Бір сапар үшін мүлде көп. 

 

Білді ғой, білді ол, демек; 



Мұндайда көзсіз ер керек. 

Көзсіз ер емес – сөзсіз ер, 

Әдістен ақыл бір бөлек. 

 

Білді ғой, білді ол бәрін; 



Ұйқыдай тәтті бал барын. 

Жазым бар секунд жалғанын 



Үзерін дағы жалғарын. 

 

Білді ғой, білді. Тікті бас. 



Бас тікті. Сөзден шықты рас.  

«Аңызға қалай айналды 

Осынау қазақ – мықты жас». 

 

«Аңызға қалай айналды!» 



Талайлар бұған ойланды. 

«Аңызға қалай айналдым?» 

Ақай да бұған қайран-ды. 

 

...Кейіннен министрлікте, 



Табысқа жет, - деп, - тірлікте, 

Министр тұрды құттықтап, 

Ақайда қалмай сыр бүкпе; 

Сауалға әлгі жауапты 

Өзі айтты Ақай, дәл айтты: 

Заманда мынау жауапты, 



Жауапкершілік сан артты. 

Жетесің ойға діттеген, 

Ғарыштық жылдамдықпенен 

Шаруасын жердің жасасаң, 

Салмағын жердің көтерсең, 

Перзенттік парызыңменен, 

Жүрекке жылдар жүктеген. 

 

...Тағы да көзім алдында, 



Туырылған дала сары алтын. 

Саралжын сәуле таң мұнда, 



Сарғайып жаяр қанатын. 

 

 



Сары алтын тасып сапырған, 

Ақайдың автокеруені – 

Зымыран құстың қалпында, 

Қанаты қағып кермені. 

 

Зымырап бара жатады 



Диқанның тарих – тұрағы, 

Сейітқұл – дала жатағы, 

Ал Ақай – дала қыраны. 

 

Зымырап бара жатады, 



Заматтан озып заманға, 

Диқанның аңыз, атағы –  

Бір үзім Нанда, 

                        

тек Нанда! 

 

АРДАГЕР АЗАМАТ НЕМЕСЕ 

ҚЫЗЫЛБАЙ НҰРҒАЗИН ТУРАЛЫ ЖЫР 

 

Тік мінез, тік қарайтын бір көргенге, 



Үйренген үзіп-жұлып сыр бермеуге. 

Ұқсайтын айналасын мысы басып, 

Сыртынан жауы жүрмес сұр мергенге. 

 

Кең кеуде, қыран қабақ, қырағы көз, 



Қайратты қара шаштың қылауы боз. 

Ат жақты, атан бойлы атапал кісі, 



Сыпайы, көңілі қалса сынауы ілез. 

 

Іс келсе – ұйытқысы бола білген, 



Сөз келсе – ұтырлысын таба білген. 

Торғайда Октаябрьді орнатысқан, 

Табаны тілім-тілім бала күннен. 

 

Большевик бала атанып Бақайдағы, 



Заманның жалында ойнап, атойлады. 

Қоғамның құдіреті сол –  

                                            

болғандығы 

Әр ауыл, әр ауданның Чапайлары. 

 

Қып-қызыл партизаны осы өңірдің, 



Кедейдің баласы еді кеше бір күн. 

Ал енді заман-тұлпар жалында ойнап, 

Құлады... қарғып мінді неше дүркін. 

 

Колхоз жоқ ол Торғайда басқармаған –  



Басқарып тағы талай аспандаған. 

Құлдилап колхозшыға басқармадан 

Тағдыры талай сынын тосқан оған. 

Тайқып бір құлай қалса – жасқанбаған, 

Артық бір ұпай алса – мастанбаған. 

 

Әулеті – шаруажайдың сіңірлісі, 



Әуелден дау-дамаймен қырын кісі. 

Артылған бүгінінен кешегісі, 

Қосылған ертеңіне бүгінгісі. 

 


Дәулеті, несібесі, нәсібі мол, 

Бақтың да, байлықтың да бәсін білер 

Іс білмес уәкілдің ашулысын 

Жан еді ол уәжімен басып жүрер. 

«Завферма»... «Райсоюз»... «Уполминзаг», 

Атқарған қызметтер талай жылдап. 

Бұл барса – артта қалған мекеменің 

Жұмысы кетуші еді алға зулап. 

 

Төмендеп, қызметі жоғарылап, 



«Тәйірі-ай» деп мән бермейтін соған бірақ. 

Жүргенде Торғайының топырағында 

Жүретін жоғарыдан жоғарырақ. 

 

Ескінің ертеңді ойлар ес көзіндей, 



Сөзінен жалған, жаттан еш сезілмей. 

Табиғи тумысынан айтады ақыл 

Мәңгілік монументтің эскизіндей. 

 

Торғайда қанша отар қой, қанша жылқы, 



Білетін мәліметті қанша жылғы. 

Білетін қай жерлерде мал өсіріп, 

Білетін қай жерлерге дән себуді. 

 

Білетін қорық қайда, қорым қайда, 



Білетін қоныс болар орын қайда. 

Жайқалған дән дариясын кешіп жүріп, 

Тұратын қан жайлау мен соғымы ойда. 

 

Білетін... кезі сирек жаңылысқан



Ол емес өрісі тар, қолы қысқа. 

Ауылдың әкімдері тыңдамаса, 

Танысы астанада, облыста. 

 

Тұратын,  



              

қалмайтұғын көңілден шет, 

Тобылғы ысы кетпес қоңыр күршек. 

Үйінен ағамыздың қымыз ішіп, 

Саулыққа ара-тұра соғып жүрсек. 

 

Көп емес парқы бөлек, нарқы бөлек, 



Азамат қабілетті қарпымы ерек. 

Соларды іздегенде жаутаңдаймын, 

Соңында қалды екен-ай... халқы не деп?! 

 

АТБАСАР ӘУЕНДЕРІ 



1. Болмыс 

Сері Ақан Көкшетаумен қоян-қолтық, 

Өтіпті Атбасардан талай жортып. 

Ат базар – Атбасарға  

                                     

Құлагерді 

Бірақ та әкелмепті талай толқып. 

 

Ол жайлы жеткен бізге долбар сөз көп; 



Сескенткен сері ақынды тіл мен көз деп. 

Жә, тәйірі-ай, 

                      

Ақан сонша қорғансыз ба ед, 

Өткеннен ұсақ-түйек ілмекке іздеп... 

 

Біреулер: «Құлагерді топ көрсетпей, 



Қу Ақан ұстады жер оқшау шетте. 

Топ көріп,  

                  

топқа еріп қалмас үшін 

Жоғалтып қасиетін хас жалт етпе». 

 

Біреулер: «Әуей Ақан елді елемей, 



Өз елін өзіме сай, тең де демей»... 

Ел сосын кіжінді дер: «Көктен түссең – 

Көрейік көктен түскен пенде неме-ей!» 

 

Осындай жеткен бізге мың-сан долбар, 



«Бәлем» дер, балағаттар, ұрысар, қолдар, 

«Арам» дер, жала жабар, арашалар, 

Мың түрлі мінезінен сыр сауғалар. 

 

Ақанның жетті аяғы ат базарға, 



Бәстессе – ол да ақын ғой,  

                                            

өкпе қолда. 

Базар мен барымтаға болмысы қас,  

Сол болмыс Құлагерді сақтаған да... 

 

Әйтпесе, әйтпесе егер, 



                                     

Құлагер – мал, 

Ақынды біреу арбар, біреу алдар. 

Соны ойлап Атбасарда түсті есіме 

Базаршыл бір адамдар, бір адамдар... 

 

        



2. Бұлақ басындағы теңеу 

 

Бір мөлдір Атбасарда көрдім бұлақ, 



Бір қанып ішкім келді көңілім құлап. 

Кешеу күз. Кешке жақын шөл бола ма, 

Сонда да тіл тигіздім ернім шылап. 

 

Сонда да сол бұлақты көзбен іштім, 



(Мұнымды маңайымда сезбеді ешкім). 

Мұңымды мейірімді бір қандырмаған 

Мұхиты жұтып қойды өзге күштің. 

 

Сонда да сол бұлаққа жәудіредім, 



Бір ынтық ындыныма ауды менің. 

Хал кештім,  

                    

Іздегендей сау басына 

Сақина тілеп алған саудың емін. 

 

Сонда да сол бұлаққа ауды аңсарым, 



Ол болса – жайды алдыма бал-кәусарын. 

Мен болсам – пейілін берген тұма судың 

Тіледім тұнықтығын, аман-сауын. 

 

Сылқылдап қас-қабағын іркіп-қақпай, 



Сыпсыңдап сырыңды да түртіп тартпай. 

Тіл жетпес қылықпенен қыз сияқты 

Қоймайтын жүрек қылын тінтіп тапппай. 

 

Немесе, келіншектей оқшау жарқын, 



(Сұлулар сұлулықтан көп сорлайтын). 

Мың жерден мың әзәзіл арбаса да 

Көзіне күйеуінің шөп салмайтын. 

 


Теңеуі тап осындай – тұма бұлақ, 

Мөлтілдеп қала берді жырағырақ. 

...Бір кезде ат базарға аты өтпеген 

Кедейдей алғым келді жылап-жылап. 

 

              

3. Күздіктен өтерде 

Атбасарда қоңыр күз ала бұлтты, 

Астық... астық... 

                      

астықтан – дала күпті. 

Жаялықтай сарғайған сары адырдың 

Бір пұшпағы кенеттен қарауытты. 

 

 



Ау, анау не? 

                      

Таңғалып мен тіл қатқам. 

Күлді шофер: 

                    - 

Күздік қой жыртып жатқан. 

«Жер жыртқанды көрмеген біреу ғой» деп, 

Іштей мені ол мүсіркеп... қутың қаққан. 

 



Күздік, аға, 

                      

Жер-ана демалсын деп, 

Топырағы тыңайып жаңарсын деп, 

Күздік жыртып тастаймыз мың-сан гектар, 

Ақ қарымен Арқаның адау сүрлеп. 

 



Ә... ә.., - дедім ұққандай бәрін қазір, 



(Шофер бала қалған жоқ жанында зіл). 

Шүкір, шүкір!  

                         

Шаршаса тыңая алар, 



Даламыздың саулығы бабында әзір. 

 

Сары адырдың бір шеті қара барқын, 



Күздікпенен тынығар дала, бәлкім...  

Тынығар да тыңаяр талай ғасыр 

Бауырынан тұлпардай жарған тың. 

 

...Тыңды теңеп тұлпарға Атбасарда, 



Ақын қиял толқитын сәт тосарда: 

Қара барқын күздікке қарай бердім, 

Қарығандай көзімді шоққа сонда. 

 

 



БАЛАЛЫҚ  ШАҚПЕН  ЖОЛЫҒУ 

 

Түсімде – түнде балалық шақпен жолықтым, 



Жорытқым келді – жоруға өзім қорықтым. 

...Баяғы біздің құм шетіндегі қыстауға 

Қаршадай бала қорықпай жалғыз келіппін. 

 

Қыстауда жан жоқ.  



                               

Қалыпты қыстау қаңырап, 

Қыстаудың көңін басыпты саңырауқұлақ. 

Қыстаудың шымын қарлығаш шұрық тесік қып, 

Салыпты ұя – ұшып жүр содан жамырап. 

 

Іргесін үйдің індікеш қаптап кетіпті, 



Терезесіне өрмекші торын тоқыпты. 

Қышпенен өрген мұржаның тозаң, ысынан 

Танауым менің таныды таныс тотықты. 


 

Шаңыраққа салған Тосынның қызыл жидесі 

Морт сына жаздап, мертігіп біткен шүйдесі. 

Ойлаймын іштей: «Жиденің бар ма киесі, 

Әйтпесе мынау қыстаудың бар ма иесі?..» 

 

Жиденің анау шытынап біткен жерінен, 



Суалған малға шарана төлдей теліген. 

Уызға құмар уылжып үш-төрт көк тамыр 

«Табиғат заңы – тіршілік» дейді демімен. 

 

Зым-зия інге ысқырып жылан зу етті, 



Шым ұя, міне... балапан бір топ шу етті. 

Түсім ғой менің – сәбилік жүрек зу етті, 

Ересек денем – орнында ұстап жүректі... 

 

Оянып кеттім.  



                         

Оянып кетсем – түс бәрі, 

Жоруға келмес көріністер көбі ұшқары. 

«Түсіңде қорықсаң, қуанасың» деп жатушы ед, 

Жориын енді. 

                        

Өңімде болғай ұшпағы. 

 

 



БӘРІН ОЙЛАП ТАПТЫ АДАМЗАТ 

 

Бәрін ойлап тапты адамзат баласы, 



Бәрінен де күрделі адам санасы. 

Тапты тақты -  

                          

ойлап тапты. Құлатты 



Ақыл-ойдың асыл маржан сарасы, 

Біздің қоғам - қоғамдардың данасы. 

 

Бәрін ойлап тапты адамзат баласы, 



Бәр-бәрінің ортақ еді анасы. 

Бір анадан туды дағы бөлінді, 

Ал бірігу қандай қиын, қарашы! 

 

Бәрін ойлап тапты адамзат баласы, 



Жұмыр жердің біз жұтатын ауасы 

(Тапқырлығы кейде қайғы-наласы) 

Атом улап, атом жұтқан ауаға 

Адам зәру - қандай қиын, қарашы! 

 

Бәрін ойлап тапты адамзат, 



                                               

табады! 


Табады ұрпақ жаңадан да жаңаны. 

Ей тапқырлар, 

                         

шын тапқырлық білсеңдер, 

Әліппе мен Ана тілі сабағы, 

Адамзаттың келешегі болса рас, 

Мәңгі, 

Мәңгі, 


Мәңгі екеуі болады! 

 

22.09.81 ж. 



 

 

БЕУ, БОЗТОРҒАЙ! 

 


Беу, бозторғай! 

                           

Шырқайсың баяғыдай, 

Көмейіңнің көріпкел ояуын-ай! 

Көк көдеге байланған кіндігіңнен 

Аяулым-ай,  

                     

мен сені аядым-ай…  

 

Аяйтыным -  



                       

алысқа ұшпайсың-ау, 

Сар даланы сарғайып қыстайсың-ау. 

Аяйтыным -  

                      

аяулым құйттайсың-ау, 

Тағдырыңның кәрінен ықпайсың-ау. 

 

Аяйтыным - аяулым нәзіксің ғой, 



Демалсаңшы бір-ауық, қажыпсың ғой. 

Ауытқып, толқып ұшқанмен,  

                                                 

Кең далаға 

Аумайтұғын сен Темірқазықсың ғой. 

 

Аяйтыным  - қорығың, қорғаның аз, 



Бір сәт тыным таппайсың болғалы жаз. 

Шындықты айтқан адамдай шырылдайсың, 

Шырқап жүріп батасың сорға біраз. 

 

Беу, бозторғай! Шырқайсың баяғыдай 



Дауысыңның бабын-ай, бояуын-ай. 

Баяғыдай шырқағым келген кезде, 

Еске түсер елесім, аяулым-ай 

 


Беу, бозторғай,  

                           

шырқай бер, шырылдай бер; 

Дауысыңды сен даланың сырындай көр. 

Дала өзгерсе өзгерер, қала болар, 

Сен өзгерме,  

                       

сен, сен, сен құбылмай көр! 

 

 

 



 

 

БОЗ БИЕ НЕМЕСЕ ТЫҢ ЖЫРТҚАН ЖЫЛ 

 

Нағашы ауылымның арасы бізден бір-ақ қыр, 



Қозы-лағымыз қосылған шүйгін қырат бұл. 

Тың жыртқан жылы төбенің түбіт көдесін 

Тарап әкетті тарақ табанды трактор. 

 

Айызы қанып айбалта – темір тілгілеп, 



Сақталған сүрдей шым топырақтарын сүргілеп. 

Құрым іңірде қылт ете қалып құйрығы 

«ХТЗ»-лар қытықтап қырды жүрді көп… 

 

Қуанды қарттар жанардан жасы мөлдіреп, 



«Көде өскен жерге көк бидай шығар болды» - деп. 

Боз бие біздің түн жамылып кеп сол жерден 

Көденің тамырын кірш-кірш шайнады соңғы рет. 

 

Қартаң мал еді – әкеме біткен артық бақ. 



Тарпаң мал еді – қасқырды өлтірген тарпып қап. 

 


Қаңтардан өзін асырып шығып аман сау, 

Құлын туатын жылқы көбейтіп, жал жұптап. 

 

Саумалына алғаш ақырған айранды ұйытқы ғып, 



Сәуірдің қымызын ашытады апам күйітті ғып. 

Жыл сайын ерте туатын жануарды әкеме 

Қайын жұрты мінгізген екен киіт қылып. 

 

Жыртылған жерге көп қадап тұрып көз нұрын. 



Құлын-тай шағын ойына оралтты – өз күнін. 

…Қар қалың түсіп, титықтап қыстай тебіннен 

Осы жерге кеп туыпты енесі боз құлын. 

 

Боз құлын тай боп, құнан да шықты, бесті боп, 



Жал жұптап жылда үйіріне үйір қосты көп. 

Туған төбеге жығылып жетпей боз бие 

Құлындамасын талай да талай естіп ек… 

 

Боз бие біздің қырға өруші еді желдесе, 



Қыр беруші еді құнары тасып селдесе. 

Апам айтатын: «Иімейді – деп, – бұ жануар, 

Көдесін қырдың бір мезгіл қажап келмесе».  

 

Ақылды жануар соңғы рет келіп сол түні 



Таныс көденің тамырын иіскеп толқыды. 

Ылғал құм ішінде іркілдеп жатты тамшылар 

Ұзатқан қыздың жылағанындай төркіні. 

 

Тамырын тартып, қау етіп қырға көк шықты, 



Сабағын дәннің себелеп жаңбыр көпсітті. 

Қыр жақтан бірақ көденің иісі сезілмей, 

Тұшынбай тілі, боз биені сол өксітті. 

 

Есті мал қырға – егіске барып түскен жоқ, 



Қыр жақты кетті көкпеңбек барқын түс меңдеп. 

Көз қарып қырға қараған сайын биеде, 

Көдеге талғақ келе жатты бір күш меңдеп. 

 

Орылып егін  аңыз боп әбден қалған соң, 



Аңсатқан сезім бойынан еркін алған соң. 

Боз бие қырға түн жамылып тағы келді де. 

Масақ дәміне мекіреніп әбден қанған соң: 

 

Былай деді оған, 



 

 

бірге еріп жүрген қара айғыр: 



– 

Көденің дәмін татқан жоқ па едік талай жыл. 

Қара оттың өті жарылды ғой деп келгенде, 

Тілімізді бір тұщындырмағаны қалай бұл?.. 

 

Түн құшағында түнеріп жатты байтақ қыр, 



Боз бие басын сүлесоқ қана шайқап тұр. 

Астары мынау аударылып қалған тың жерге 

Ащы көденің шықпай қалғанын байқап тұр… 

 

1969 ж. 

 

* * * 


Бұлдырап қалған балалық шақтың елесі, 

Түсіме неге көп кіріп кеттің сен, осы?! 

Түн ұйқым менің бөлінген кейбір кездерде, 


Төтеннен келіп, боласың маған төреші. 

 

Төреші болып басымнан өткен жылдардың, 



Жасаған өзім, 

                       

жасырған жұрттан сырлардың, 

Шиелеп өзім, шеше алмай жүрген шырмаудың 

Бағасын беріп,  

                         

байыбын айтпай ұрландың. 

 

Дейсің сен маған: «Ақкөңіл бала-ау, бейкүнәм, 



Жасытқан сені жасаған сенің қай күнәң?.. 

Кінәң көп сенің, 

                             

күнәң жоқ сенің бірақ та, 

Басыңды шайқап кетесің жоқ боп бейкүмән». 

 

Білемін, білем,   



                         

төреші – менің елесім, 

Бәріне де айғақ күнәлі менің емесім. 

Жүрегімді мен алдағым келмей, 

                                                      

сондықтан 

Жүрек пен мидың келемін көріп егесін. 

 

Өзіңнен қалған өзгермей қалған мінезі, 



Жүректің бірақ сүре алар ма Өмір, бір өзі, 

Миға ырық берсем –  

                                  

болмыстың бәрін билеп ап, 

Болғысы келер ұлық та өзі, ұлы өзі. 

 

Кешір сен мені, кешір сен мені, тәтті елес, 



Күнәм да болса, кінәм да болса – текке емес. 

Жүрек пен мидың ынтымағы үшін күресте 

Жүрегі барлар жеңісім менің жоқ жемес. 

 

Біреуі, міне, 



                      

үлкені және - өзіңсің, 

Аян кеп берген аяулы менің – кезімсің. 

Адалдық болса – жүрек пен мидың жемісі, 

Балалық шақтың тәтті елесіндей сезілсін. 

 

 



 

 

БІР БІЛГЕНІМ 

Білмеуші, ем, 

                      

өмір сондай күрделі екен, 

Күрмеуіне кездеспей жүрген екем. 

Арман деген алыста – әріде екен, 

Жалған деген жаныңда – іргеде екен. 

 

Арман менен жалғанның арасында 



Туады екен тартыс та, таласың да. 

Балалықтың аулынан асқан соң-ақ 

Сұрыпталар жауың да, жанашыр да. 

 

Жауың көп пе, жанашыр досың көп пе?! 



(Досым көп деп кетпесін есің текке). 

Дос ұстағың келсе егер, заңдылық сол –  

Болмысыңмен берілме есіл-дертке! 

 

Болмысыңды бірақ та бүркелеме, 



Болмысыңда жоғыңды білтелеме. 

Күрделі деп өмірден күдер үзбе, 

Батыр болып кетесің үрке келе... 

 

«Күрт-күрт үзбей шиесін, күрмеулерін, 



Күшім аз деп кіжінбе кімнен менің?!» 

Күшімізді табиғат тең жаратқан 

Іс-әрекет әр түрлі – бір білгенім... 

 

Бір білгенім –  



                         

бәріміз аман жүріп, 

Заман жасап, өтеміз қоғам құрып. 

Бір білгенім – күрделі, күрмеулі өмір, 

Күрделі өмір –  жүр бізді Адам қылып. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет