ІҢКӘр дүние (1972 ж., «Жазушы» баспасы)



Pdf көрінісі
бет13/31
Дата06.03.2017
өлшемі1,85 Mb.
#7829
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   31

 

ТАСТҮЛЕК 

 

Әке буын, аға буын, жас буын 



Отан үшін болды кеше тас түйін. 

Қан майданға кетті әке мен ағалар 

Жаудан алып, жастанбаққа жастығын. 

 

Сонда олардың шаңырақтарын шайқалтпай, 



Желпілдетпей желбауларын, басқұрын, 

Балалық шақ ерте есейіп, ержетіп, 

Ерте жарды гүл қауызын, жас бүрін. 

 

Әкелердің көліктерін сол жекті, 



Көкелердің айтқан әнін тербетті. 

Ұрды оларды қаһарлы жыл қырауы, 

Бірақ олар үсімепті, сембепті. 

 

Қайта олар тасқа өскен гүлге ұқсап, 



Татып өсті ащы, тұщы, кермекті. 

Біздің Отан тас түйін бір кезеңде 

Тастүлектей жаңа буын ержетті. 

 

Сонда оларды шала алмады неге ызғар, 



Емес пе еді – жетімдер мен жалғыздар? 

Жеңіс келді. 

                     

Тың далаға айналды, 

Солар жыртқан атыздар мен аңыздар. 

 


Сонда оларға кімдер пана, болды, жар? 

Деген сұрақ біреулерде андыздар... 

Сонда ойланам: Революция рухына 

Қарсы келіп, қарсы тұрар бар ма ызбар?! 

 

Әкелері – революция сарбазы, 



Көкелері сол жылды алға жалғады. 

Сол шаңырақта туған ұлдың, әрине, 

Революция – бесігі, әрі арманы. 

 

Демек, демек... сол тастүлек буынның 



Қырау шалмай, үсік шалмай қалғаны. 

Қаһарлы күн қанын қанша тартса да, 

Революция рухы күндей жанғаны. 

 

 



ТАУДАҒЫ АСУ 

Сағат Әшімбаевқа 

 

Бір жылы Сарыжаздан Сарбастауға 



Сәті түсіп сапарымыз жалғасқанда. 

Аса алмай қалмас үшін қарлы асудан 

Көзқарақ қарт еріттік жол бастауға. 

 

Үрейлі тау қиясы – ұңғыл-шұңғыл, 



Қаптаған тау бұлағы сыңғыр-сыңғыр. 

Тау асқан адамдардың тағдырының 

Шежіре тарихы ма кім білсін бұл?... 

 

Құзар шың – Хантәңірге жалт қарадық, 



Сол сәтті қалған екен қарт тағы аңдып. 

Қорықпаңдар Тәңірішың – темірқазық, 



Деді де, қонғанда қарт атқа қарғып. 

 



Шу, - дедік, - сенде – жирен, менде – құла, 

Мен сенің шығып кеттім жел жағыңа. 

Сен  айттың «Бұл ақсақал бір адасып, 

Берітінде оралған жан елге мына»... 

 



Қой, таста, естіп қалса, кейіп жүрер, 



Есті шал емеуріннен ойың білер. 

Шал айтты: 

                   -  

Тау жолымен жүрмейтін боп 

Кетті ғой, қарақтарым, кейінгілер. 

 

Біз айттық:  



                   - 

Жолы құрғыр, уақыт құрғыр, 

Мұршаға келтірмейді қағып шылбыр. 

Ол рас, өздеріңдей жігіттерден - 



Деді қарт, - маған дағы қанық сыр бұл. 

 

Бізге қарт басын изеп рас сенген, 



Тағы айтты:  

                 - 

Тауға келсең, шың асқан жөн. 

Тек сонда сезесіңдер мына таудың 

Бір туған екеніне мына аспанмен. 

 

Біз күлдік сәл ойланып, сәл жымиып



Қарт сол сәт ат тізгінін алды жиып. 

Ал кеттік, анау асу қарлы биік, 



Деді ол сәл бұйырып, сәл қиылып. 

 

Қарлы асу құзар шыңға тарттық тура, 



Жан серік – тәуекел мен мәрттік мұнда. 

Айналдық, ұлы асудан! 

                                        

Дір еткізген 

Жүрегін жастықтың да, қарттықтың да.  

 

 



 

 

ТЫҢ ИГЕРУШІ ВАСИЛИЙ РАГУЗОВТЫҢ МОНОЛОГЫ 

 



Аяулы жарым, Симашым, 



Аяулы жаным, сыйласым. 

«Кеш» деуге – ешбір кінәм жоқ, 

«Хош» деуге – есіл қимасым, 

«Хош» демеске енді жоқ билік, 

Ақ боран ашкөз – боп бұйрық, 

Ажалға тағдыр киғасын! 

 

«Өзегін жарып –  Анамыз, 



Өзіңді туған табиғат. 

Табиғат түбі боламыз, 

Айналу соған заңды шарт». 

Дейтіндер бар ғой, сенбеймін 

Дем бітіп бара жатса да. 

Сенбеймін, Сима, сен мейлің, 

Жоғалттым десең – жат сана! 

Сенбеймін,  

                   

себеп – сенімім, 



Артымда бар ғой қос қара, 

Сенбеймін себеп – серігім, 

Жасампаз мынау жас қала. 

 

Сенемін, мынау ақ боран 



Ақбидай селі деп қана. 

Сенемін мынау ақ дала  

Томсарып қазір жатса да, 

Мыңдарға қоныс, баспана, 

Тыңдарға – өріс, астана 

Сен де сен, жаным,  

                              

жол қара, 

Қосағың жатқан кең дала 

Қарсы алар сені толғана! 

Сенбеймін, Сима, ажалға, 

Келеді маған азанда 

Жан досым менің Өтеген 

Салдыртып жеккен ат шана. 

 

Айтпақшы, Сима,  



                              

Өтеген –  

Даладай көңілі өте кең, 

Қазақтың қара жігіті 

Көмірдей көзі – отты ерен. 

 

Парторг бізде, мәрт жігіт 



Сырласым да сол тетеден, 

Мұңдасым да сол секілді, 

Сөйлесе қалсам жеке мен. 

...Үйіне алғаш келгенде, 



Бас та жоқ, көз де сол демде 

Ту қойды атып ұрғаны 

«Қонақасым» деп төтеден. 

 

Халықтың көңілін дейді ғой 



Дастарқанымен шамала. 

Қонаққа қолдан келгенше 

Дастарқан жайып дәм берсе, 

Дарақы деуге бола ма?! 

Қазақтың көңілі далаға –  

Секілді, Сима, балама! 

Тың өлке, 

                   

ой мен санаң да, 

Тың қуат, тың күш қайнары 

Адамдар мұнда әмәнда 

Табысады екен табанда, 

Өзі өмір сүрген заманға 

Өзектес болса ойлары, 

Тың өлке әлі, Тың өңір

Тың дүние әлі, тың өмір. 

Адамдар тыңнан табысу,  

Тағдырлар тыңнан қауышу 

Осы екен, Сима, шын өмір! 

 

Осылай, Сима, Тың заңы, 



Ерліктің Заңы бұл дағы! 

Ерліктің Заңын игеру – 

Ең асқақ міндет Тыңдағы. 

  

Есіңде шығар, Симажан, 



Қалтырап оқтан, минадан, 

Біз туған Львов қоршауда 

Қолында жаудың тұрғаны. 

Есіңде шығар, екеуміз 

Кешкі бір шақта – кешеу күз, 

Аш өзек қара тас болып, 

Жәудіреп көзге жас келіп, 

«Бір үзім нанға жетсек –ау, 

Жетсек-ау, - дедік, - есен біз». 

 

Сонда біз жаудың оғынан, 



Сескенген жоқпыз табынып... 

Бір үзім нанның жоғынан 

Намыс буып, налыдық. 

Тіршілік демін үрлеген, 

Нан деген сөз ғой – Тың деген! 

Тіршілік демін – үзім нан 

Үздігіп сонда білген ем... 

Ендеше, Сима, бұл Тыңға, 

Біз болсақ керек – шын тұлға. 

Тағдырымды мен сондықтан 

Көгендеп едім Тыңменен. 

 

Айналам міне, ақ боран, 



Ақ боран дүлей – қаптаған. 

Мінезі қатал далада, 

Тап болды қапыл сәт маған. 

Мен мүмкін, Сима, мұратқа 

Жете алмай ерте аттанам. 

Қос ұлымды сен жылатпа, 



Жылама өзің, дәт болам! 

Дәт болам! 

                   

Саған, бәріңе, 

Сабантойлардың әніне 

Әуені болып жатталам. 

 

Сол кезде, Сима,  



                            

сен мені 

Сіңді деп Тыңға еңбегі 

Көрерсің елді мақтаған. 

Көрерсің дағы сенерсің, 

Адал болса адам егер шын, 

Антына және халқына, 

Бір үзім нанның нарқына! 

Мен мынау Тыңның төсінде 

Тиісті көктеп өсуге  

Бір түйір бидай боп қалам! 

 

Ал, Сима, Вовка, Сашенька, 



Көздеріңе әсте жас алма! 

Заман бір ерлік жасарда, 

Қоғам бір алға басарда, 

Қиындық болмақ қашанда, 

Тың белестерге асарда! 

 

Ұлы істің өлсек өтінде, 



Ол өмір сүру деген сөз. 

Тың деген тарих бетінде, 

Қауышар бізге келер кез! 

 


Ал сендер, соны бақ сана, 

Даңқ деп сана, дәт сана. 

Сенбеймін тіпті өлімге 

Құрсаулап аяз жатса да... 

...Алқынып түздің бораны, 

Азайып жонның селеуі. 

Ақ бидай жалпақ даланы 

Көріп тұр көзім... көреді. 

Көшкіні қардың денемді 

Айқара қымтап жапса да, 

Өлмейді мені деп сана. 

Өлмеймін, оның себебі – 

Өтеген қырдың өрені. 

Жан досым менің келеді – 

Салдыртып жегіп ат шана... 

 

 



ШАРАПАТ 

 

Революция шарапаты – сәуле берген санама, 



Революция шарапаты – сәулет берген Далама. 

Революция шарапаты – асыл ойдың ақ сүті, 

Революция перзенттерін туғызады Замана. 

 

Сол шарапат Революция рухынан нәр алған, 



Сол шарапат қасиет болып қанымызға таралған. 

Жақсылықтан – шарапат қой. Революция перзенті –  

Жақсылықтан,  

                        

ізгіліктен,  

                                          

ұлылықтан жаралған. 


 

 

 



* * * 

 

Япыр-ай, білсе дедім мен, 



Тілде де жоқ оны айта алар. 

Тек іштей жүдеуші едім мен, 

Мен –  ғашық, 

                   

ал сен бейхабар. 

 

Тұрмыстың ерттеп торысын, 



Аяңдап, желіп жүрдім мен. 

Алыстап кетті өрісің, 

Ауданың қайда, кім білген. 

 

Жоғалтпадың да отыңды, 



Сөніп те бірақ қалмадың. 

Балалық махаббатымды 

Жетімсіретпей, алдадым. 

 

Ғашықтық – ол да жас сәби  



Жүректе туар, қарағым. 

Кешті ол бөлек, басқа күй, 

Ойласаң етті... обалын. 

 

Жылады-ай дейсің, бейшара, 



Жатқа әкеп телу оңай ма? 

Махаббат деген – ой-сана, 

Өзіңді көрер шарайна. 

 


Төрт-бес жыл, он жыл, он бір жыл 

Арада жатты белес боп. 

Сен бірақ маған сол бір нұр 

Қалпыңда қалдың елестеп. 

 

Мендегі жетім солығы, 



Созылып барып басылған. 

Өртімнің сөнді шалығы 

Денеме тегіс шашылған. 

 

Махаббат заңы – заманнан 



Құмарту, аңсау қаталап. 

Елестеу үшін жаралған 

Аяулы күллі махаббат. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

ЗАМАНДАС СЫРЫ 

 

(1982 ж., «Жазушы» баспасы) 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

АҒАҒА МҰҢ 

 

Аға, сізбен бола ма сырласуға, 



Сырласа алмай кеттік қой расында. 

Сырым – мұңым, мұғымда шындығыс бар, 

Мұңға құмар емеспін, туасымда. 

 

Заман жақсы.  



                        

Білесіз оны өзіңіз, 

Керек емес қаржылай көмегіңіз. 

Керек емес қолайлы қызметке 

Қоңырау шалып, қолтықтан демеуіңіз. 

 

Сіз өзіңіз өскенсіз қолтықтаусыз, 



Қызмет етіп қоғамға жалтақтаусыз. 

Қызметтен өскенсіз қызметке, 

Лайықты боп, әнтек сөз, әнтек даусыз. 

 

Сіңір кедей шыққансыз жарлы әулеттен, 



Баяғыдан ісің жоқ бақ-дәулетпен. 

Маңдай термен көрінер көгергендей, 

Сізге мынау дүние, жалған біткен. 

 

Солай аға, сондықтан егер сізге, 



Деп қалсам бір: «қолтықтан демерсіз бе?» 

«Отыз беске келгенше не бітірген 

Осы бала, япыр-ау,» -  демейсіз бе? 

 

Бітіргенім мүмкін аз өз шамамнан, 



Артық таси алмадым өз сабамнан. 

Аз ба, көп пе… ақы адал маңдай терім 

Заманыма жараса, жазса болған. 

 

Аз, көп те емес, мәселе - адалдықта, 



Бірдей емес мүмкіндік тәмәм жұртта. 

Қоғамына аз беріп, көп алу бар, 

Ал көп беріп, аз алу - надандық па!... 

 

Азаматтың қоғамы - Отаны ғой, 



Анаға ұлдан керегі - атағы ғой. 

Анаңды егер алдасаң -  

                                           

ана байғұс, 

Айтпайды ғой, жанына батады ғой. 

Анаңды аяу, аялау - ең асыл мұң, 

Бақыты осы заман, бар ғасырдың. 

Бақыты осы бар ұрпақ - жалғасыңның. 

Бар ма менде осыдан құйттай ұшқын, 

Мұңым осы -  

Айтшы, аға, 

Жанашырым! 



25.ІV.81 ж.  

  

АДАЛДЫҚ ПЕН АРБАУ 

 



Махаббат суый ма екен? 



                                  - 

Суыйды екен, 

Зардабы да зарығып сүюге тең. 

Қайғысы да жүйкеңді жеген құрттай, 

Тұла бойың оған да иіиді екен. 

 

Суынғаны шын себеп болғаны ғой, 



Берген серттен біреуі танғаны ғой. 

Әлде біреу біреуін алдады ғой, 

Соған сорлы-ай,  

                             

алданып қалғаны ғой. 

 

Әлде бірі әуелден әсіре ме,  



Әсіренің өрледі тасы неге? 

Әлде бірі білмейтін бейшара ма, 

Махаббаттың бағасы, бәсі неде?! 

 

Біреуінен, әйтеуір, 



                                

себеп біреу, 

Не жетпеді деу қиын, не жетті деу. 

Әлде оны сүйді де - 

                                   

тартып алды, 

Бұдан гөрі көзсіздеу, өжет біреу. 

 

Бір-ақ себеп,  



                       

және де біреуінен 



Бір жүректің шықты ақау жүрегінен. 

Оны енді жаңарту мүмкін емес 

Ешбір мораль, ақылдың түренімен.  

 

«Біреуінде қалды ғой - бар зардабы, 



Біреуі ғой шынымен алданғаны». 

Дейміз ғой біз, ал сонда айтыңдаршы 

Қорлағаны қайсысы қорланғаны. 

 

Махаббатта болмайды қорлау, зорлау, 



Қақпан құру болмайды, томен қармау. 

Алданғаны - 

                        

шын сүйген бақыттысы, 

Махаббатта сүйгендер сормаңдайлау. 

 

 



Махаббаттың бұл емес суынғаны, 

(Заңдылық қой, заңдылық мұның бәрі). 

Бірі - мүмкін әйелдңы  сүюі де, 

Бірі - мүмкін ерекетің қырындауы. 

 

Махаббаттың сол деп біл - суынғаны, 



Бірі сотта «сүйем» деп шырылдауы, 

Бірі - сонда аяққа жығылғаны. 

Заңдылық қой заңдылық мұның бәрі: 

Бірі мұның - әйелдің ащы айласы, 

Алданбасқа еркек те буынғаны. 

 

 



 

* * * 


 

Адам ата Хауа анаға жолыққан, 

Жолыққан да,  

                         

бірін-бірі дәл ұққан. 

О, ғажайып, қас қағымда қалайша, 

Бірі – аталық, бірі – аналық танытқан?! 

 

Махаббаттың жоқ еді ғой заңы онда, 



Жоқ еді ғой әулет, ру, қоғам да. 

Жоқ еді ғой күлу, сүю, күйіну, 

Атақ- даңқ, өсек-ғайбат, жалаң да. 

 

Жоқ еді ғой төсек түгіл тәнде лыпа, 



Жоқ еді ғой жолдар түскен жон-қырқа. 

Жоқ еді ғой бақыт кешу жұптасып, 

Бірін-бірі талықсыта, талдырта... 

 

Сонда қалай, 



                      

туғаны ма жоқтан бар? 

Жоқ, жоқ, бұған мен сенбеймін, тоқтаңдар! 

Болмаса егер Махаббаттың құнары, 

Олар қалаай бір-бірінен тапқан нәр. 

 

Білмесе егер ынтығуды, сүюді, 



Неге олар бір-біріне иілді. 

Ақылдан да сезім бұрын тумай ма, 

Ал Махаббат – сезім сөзі, иінді. 

 

Демек, демек, Адам ата, Хауа ана, 



Жетпесе де киінетін санаға. 

Болды оларда оттай ыстық Махаббат 

Айы-күнін жаза алмаған Замана. 

 

Бізге жеткен аңыз ба әлде сәл оғаш, 



Екі ынтықтың кездесуі – жалаңаш, 

Сезім кейін жасанды ғой ақылмен, 

Киім киіп, тән көркейту шамалас. 

 

Одан бері өтті талай сан ғасыр, 



Бәрі ескірді. 

                    

Тек Махаббат – мәңгі асыл. 

Ей, бүгінгі Адам ата, Хауа ана! 

Бір-біріңнен жан жасырма, тән жасыр!  

 

 



* * * 

Адамзаттың әулетіміз – бәріміз, 

Жер – кемеде бірге біздің жанымыз. 

Адам ата, Хауа анадан таралған 

Әуел баста нәсіліміз, қанымыз. 

 

Адамзаттың әулетіміз біріміз, 



Туу, өлу – ортақ біздің заңымыз. 

Бөлек біздің тілегіміз, тіліміз, 

Жүрегіміз, түсі бірдей қанымыз. 

 

Адамзаттың әулетіміз бәріміз, 



Сол әулетке жалғасамыз әлі біз. 

Бірдей біздің шығатұғын жанымыз. 

 


Біз – бірдейміз,  

                       

біз – біргеміз, о, ғажап! 

Бізге бақыт, бізге рахат, тән азап. 

Бірдей еткен Табиғат қой – анамыз, 

Анамызды етпейікші, зәрезап! 

 

 

 



АДАМЗАТТЫҢ ӨНЕРІ 

Өтеді уақыт. 

Тағдырдың болмақ жазғаны, 

Қағида заң ғой адамнан уақыт озбағы. 

Уақыттың жалын қаламыз сипап бәріміз, 

Уақыт па? 

Уақыт - алтынның буы, көз жауы. 

 

Алтынның буы -  



                               

буымен алғаш мас қылар, 

Айналтып біраз апиын болып басқа ұрар. 

Айналымға да келтірмей сосын ләззаты, 

Алтынның түсі айбатыменен састырар. 

 

Алтынның буы - уақыттың нағыз теңеуі, 



Шебер ғой өмір,  

                            

шебердің біздер шебері. 

Алтынның буын заманға зерлеп өтетін 

О, адамзаттың тіршілік деген өнері. 

 

ӘЗІЛ 

Мен туған төбе, сен туған төбе - бір дөңес, 



Дүниелік бақыт - балалық рахат күллі елес. 

Қалды ғой сонда, 

                              

қалды ма сонда қапыда, 

Мақсаттас күндер, мұраттас күндер, мүдделес.  

 

Мен туған төбе, сен туған төбе - бір қырат, 



Дүниелік бақыт - балалық рахат бұлдырап. 

Қалды ғой сонда, 

                              

қалды ма сонда қапыда, 

Бір туған арман, біркелкі талғам, бір мұрат. 

 

Мен туған төбе, сен туған төбе - шалғайда, 



Қырық-отыз жылды орадық ғұмыр шалғайға. 

Дүниелік бақыт, балалық рахат - бал қайда?! 

Ол  жоқ қой, 

Ол  жоқ! 

Шашыңды жұл да, ойбайла! 

 

 



 

* * * 

Ақын болу – Абай болу емес тек, 

Ол – мұрамыз, 

                         

мұрат емес теңеспек. 

Мұрамызды сақтай алсақ мұнтаздай, 

Абай – тірі.  

                    

Айдарынан жел еспек.  

Абай тілі – біздер жазып жүрген тіл, 

Бір сөзімен бірде жылап, күлген тіл. 

Осы тілмен Абайды да, бізді де 



Әлдилейді Зере сынды бір кемпір. 

 

Рас, бізден Абай мұңы бөлек ед, 



Сол мұң шығар оны ойлантқан керемет. 

Біздің заман көксегені – Абайдың, 

(Адамға тек мұңсызбын деу не керек). 

 

Біздің заман жасампаз да, жақсы да, 



Біздің заман жойды тапты, тақты да. 

Біз де Абайдай ренжиміз адамға, 

Біздің мұнда қоғамға тек жоқ кінә. 

 

Абай мұңы – өз халқының мұңы еді. 



Ал біздің мұң – адамзаттың тілегі. 

Адамзаттың ақ тілеуі сан рет 

Қыл көпірде тұрған жоқ па бір елі?!. 

 

«Абайдың да заманынан күрделі, 



Бұл заманда айту керек жыр нені?» 

Десек тағы, 

                   

адам барда ұлы Абай 

Замандарға зымырайды ілгері. 

Абай тілі – сен де қоса зымыра, 

Салқындама, солғындама, суыма! 

Қашан, қайда туса да ақын мас болсын 

Ана тілі – алтынының буына!  

 

АҚЫН  ҒАФУ  ҚАЙЫРБЕКОВ 

  

ТУРАЛЫ  ЖЫР 

 


Қазақта төкпе ақынның бірі – Ғафу, 

Түйіліп жыр жазарда түрі қату. 

Секілді сөзмергеннің – қолмергені 

Білмейтін бұқпантайлап, бұғып ату. 

 

Білмейтін ешқашанда күштеуді өзін, 



Көргем жоқ күштенгенін, тістенгенін. 

Қарасөз – қысқашындай іскенженің 

Қақпандай жібермейтін түскен жерін. 

 

Көрінсе, 



               

көздегендей дәл ататын 

Сезінсе,  

              

болжаммен-ақ дәл айтатын. 

Сонда да сөзмергеннің – қолмергені 

«Қап!» деген бар шығар-ау талай қапың... 

 

Дүниеде «қап!» демейтін мерген бар ма, 



Сан соқпай, ләззат, рахат көрген бе ол да... 

Мергеннің мың түрі бар, 

                                           

жүрек жұтқан 

Көзсізі – қолмергендік қолданғанда! 

 

Қапысыз көздегенін тануында, 



Мергендік көзінде емес – тамырында. 

Қапысы – «қап!» дейтіні, сан соғуы 

Табиғи заң секілді тағдырында. 

 

Қолмерген! 



                     

Қолмергеннің болмысы осы, 



Құдіреті – көтерілген көңіл хошы. 

Сол кезде омырауды ашып өрге шапса, 

Па, шіркін! Төгіледі сөз жүйесі. 

 

Заң емес – бар атқаны дөп тиюі, 



Заң емес – бар айтқаны боп тұруы. 

Мергеннің мың түрі бар,  

                                          

қолмергеннің 

Өзгеден өзгелігі – оттылығы. 

 

 



 

Оттылық,  

                  

оты – өзі, нұры – бақыт, 

(Тараған жарығының тіні жатық). 

О, пәлі! 

             

Сөзмергеннің – қолмергені 

Қолыңа домбыраны ал, 

                                        

бір уақыт! 

 

 



* * * 

Ақындықтан қорықпаймын –  

                                           

қиын емес, 

Ұйқастыру, сөз құрау бұйым емес. 

Тілдік қорым жетеді, орамдымын, 

Тілім менің татусыз, сұйық емес. 

 

Он жеті жыл ауылда, қырда өскенмін, 



Абай, Нұрхан жырымен тілдескенмін... 

Жесірлердің жоқтауын естігенмін, 

Жеңгейлермен тілдесіп, үндескенмін. 

 

Қалада мен ұмытқам жоқ ана тілін, 



Ана тілі – болды нан табатыным. 

Тағдырыма ырзамын –  

                                     

талай талант 

Алды мені астына қанатының. 

 

Өмір көрдім, замандас, бір адамдай, 



Болды талай басымда бұралаң жай! 

Заманыма ырзамын –  

                                        

қайтер едім, 

Тыпыршысам түнекте ұлы Абайдай. 

 

Тыпыршытпай өсіріп заман мені, 



Қабағыңды қалтқысыз бағам, - деді. 

Қоғамыма ырзамын –  

                                      

тапсыз, тақсыз, 

Толып жатыр талантты қаламгері. 

 

Талант болсаң – тартыссыз жазбауың хақ, 



Заманыңның сауалын қозғауың хақ. 

Жұрт көрмеген көріністі көруің хақ, 

Көргеннен соң көзіңді жазбауың хақ. 

Көргеніңнен көшірме жасамау хақ – 

Фотоаппарат секілді тез қабылдап. 

 

Мұның бәрі, жарайды, келсін қолдан



Шеберліктен өзіндік еншіңді алған, 

Суреткер деп, ақын деп таныды елің, 

Ал енді ойла,  

                      

қай тұсың кемшін қалған?.. 

 

 

Білімнің де жетіпсің биігіне, 



Бастауы не, білеміз иіні не? 

Тақырыпты білеміз игеруді,  

Қосуды да білеміз, қиыны не?! 

 

 



Мен білемін бұларды,  

                                      

бұлар басқа, 

Мен іздеген құдірет, құмар басқа. 

Сол заманда шырқауға шыққан Абай, 

Бүгін туса биікке шыға алмас па?! 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет