КАЗАХСКАЯ ФИЛОЛОГИЯ
Вестник КАСУ
30
арман – мұраты, салт – санасы, сенім –
сезігі, түсінік – түйсігі қазақтың бай фоль-
клоры мен поэзиясының терең мазмұнын
қалады [1, 4].
Дәстүр мен жаңашылдық – әдеби
процеске тән жалғастықты, жазу твор-
чествосындағы халықтық үлгілер мен өзін-
дік соны сипат – қасиеттердің бірлігін та-
нытатын ұғым, қалыптасып, сұрыпталған
көзқарас, түсініктер, көркемдік үлгі – өр-
нектер, тәсілдер [2, 46].
Жаңашылдық деп кешегі күннің тә-
жірибесі мен жемістерін мән – мағынасы
бай, дәрежелі жоғары заман талабына жа-
уап беретін, бұрынғы – соңғының шең-
берінен шығып, болашаққа кең жол аша-
тын аса маңызды ізденіс – әрекеттерді ай-
туға болады. Жаңашылдық даму нәти-
жесінде біраз уақыттан кейін өзі дәстүрге
айналады, келесі сатыда басқа жаңашыл-
дық туып өрбиді.
Дәстүр мен жаңашылдық диалекти-
калық бірлестікте болады. Оның негізі –
ескі мен жаңаның жалғастығы. Дәстүр мен
жаңашылдық тарихпен бірге өзгеріп
отырады. Әдебиет зерттеушісі Мүсілім Ба-
зарбаев дәстүрге: «көркемөнердің тақырып
ауқымы, үйреншікті сарын, өмірге қа-
тынасы, бейнелер аумағы, идеялық бағыты,
қалыптасқан көркемдік құралдарын жат-
қызады» [2, 49].
Жазушы М.Әуезов «Қазақтың өзіне
дейінгі көркемсөз жетістіктерін, батыс пен
шығыс әлемінің рухани көздерін жетік
біле, меңгере отырып, қазіргі замандағы
қазақ прозасы мен драматургиясының үздік
үлгілерін жасады. Сөйтіп оның шығарма-
лары тұтастай алғанда халқымыздың көр-
кемдік мәдениетінің ХХ ғасырдағы биік
жетістігі болды. Оның суреткерлік жаңа-
шылдығы мен қалыптастырған дәстүрі
барлық қазақ қаламгерлеріне белгілі дәре-
жеде игі ықпал жасағанын атамай өтуге
болмайды - дейді жазушы Ғабит Мүсірепов
[3, 232].
М. Әуезов қазақ әдебиеті тарихында
болмаған әрі соны, әрі керемет таңғажайып
жаңа дәстүрлерді дүниеге әкелді. Қалам-
герлік диапазонының кеңдігі, кең көлемді
эпикалық құлашы, көркемдік палитра-
сының сан алуан бояуы өткен дәстүрлердің
жаңаруына басты негіз болды.
Қазақ елі, қазақ әдебиеті үшін Әуезов
шығармаларындағы жаңашылдық бұл –
ұлы дәстүр.
1. Ең алдымен ұлтымыздың төлқұ-
жаты болып кеткен ұлттық әдеби жанр
эпопеяны дүниеге әкелді.
2. Фольклор негізінде ұлттық драма-
тургияның негізін салды.
3. 20-30 жылдары жазған прозалық
шығармалары ұлттық әдебиетімізде жаңа-
лықтың жаршысы болды.
Сан алуан ұлттық дәстүрді, Абай дәс-
түрін М. Әуезов қайта дүниеге әкеліп,
жаңалап, екшелеп, саралап, түрлентіп ал-
дымызға әкелді. Әдебиет зерттеушісі Рах-
манқұл Бердібаев Мұхтардың әдебиетке
енгізген ұлы жаңалықтары деп төмендегі
жайларға тоқталады.
Біріншіден, М. Әуезов шығарма-
ларымен бірге қазақтың жазба прозасына
терең реалистік, психологиялық сыпта
әкелді. Оған дейінгі шығармаларда адам-
дардың әлеумет майданындағы істері, қай-
шылықтары ғана айтылып, характер, мінез
ерекшелігі, қайталанбас даралығы ашыла
бермейтін. Ол адамдардың іші мен тысын
диалектикалық бірлікте көрсету дәстүрінің
негізін салды.
Екіншіден, М. Әуезов туындыларын-
да табиғат суреттері тұңғыш рет тамашалау
болмай, характерді, жағдайды анықтай тү-
серлік жанды, қажет бөлшекке айналғанын
көреміз. Оның шығармаларында туған жер,
табиғаттың түрлі кезеңіне тән суреттер
өрнектеліп түскен. Ол халқымыздың ең
таңдаулы табиғат жыршысы.
Үшіншіден, М. Әуезовті қазақтың қа-
зіргі жазба әдеби тілін жасаушылардың бірі
ғана емес, бірегейі деп те білеміз. Оның
қаламынан қазақтың сөз байлығы, сөйлеу
дәстүрі өзгеше құлпырып, гүлденіп, түр-
леніп шығатын. Ол қаншама сөзді қайта ті-
рілтуші, көп сөздерді жаңадан жасаушы ұс-
та еді. Суреткердің шығармалары халқы-
мыздың көркемдік ойлау мәдениетін шың-
ға көтереді [4, 173].
Қазақ елінің ғана емес, әлем әдебие-
тінің маңдайына біткен шоқжұлдыздардың
қатарына қосылған, қазақ әдебиетіндегі ең
биік тұғырға ие болған жазушы М. Әуе-
зовті әдебиет зерттеушісі Рымғали Нұрға-
лиев былай бағалайды: «М. Әуезов тағ-
дыры – бақытты тағдыр. Қазақтың ұлттық
драматургиясын жасау бақыты, қазақтың
КАЗАХСКАЯ ФИЛОЛОГИЯ
Вестник КАСУ
31
тұңғыш ұлттық эпопеясын жасау бақыты,
ең бастысы тұңғыш рет әлем әдебиетін қа-
зақ халқының рухани дүниесімен жалғас-
тыру бақыты М. Әуезовтің бақытына біт-
кен» [5, 201].
Әдебиеттің әр саласындағы сіңірген
еңбегінің өзін былай қойғанда жазушы-
лығы проза жанрындағы ғажайып шығар-
маларының өзі – ақ жазушыны әлем әде-
биетінің майталмандарының қатарына шы-
ғарды.
Қазақ әдебиетінде ежелден келе жат-
қан фольклорлық дәстүрді, ауыз әдебиеті
дәстүрін жете меңгерген Мұхтар өз керегін
ала білді. Жай көшіру емес, жаңа дәстүр
әкелді. Тың дүниелер туғызды. Сонау Оғыз
нама, Жүсіп Баласағұн, Қорқыт, қыпшақ
әдебиеті, Алтын Орда дәуіріндегі әдебиет,
хандық дәуіріндегі әдебиеттен бастау алған
қазақ әдебиеті Абаймен үндесіп, Мұхтар
шығармашылығының қайнар бастаулары
болды. Осыншалықты бай мұраның бүге –
шігесіне, қыр – сырына толық қаныққан
адам ғана қайталанбас туындыны дүниеге
әкеле алар еді. Олай болса, Мұхтар
шығармаларында халық тағдырын, ұлттық
танымды, ұлттық психологияны, бай тіл
қазынасын толық көрсете алған. Осы
тұрғыда зерттеуші Жаңғара Дәдебаев
«Абай жолы» эпопеясын сөз өнерінің
шырқау биігіне шығарып, оның ақындық
ажарын асырған құдіретті күш екеу: бірі –
М. Әуезовтің суреткерлік ұлылығы, екін-
шісі – ұлы Абайдың көркемдік дәстүрлері»
- деген ой қорытады [6, 118].
М. Әуезов бүкіл әлемдік, оның ішін-
де орыс және батыс әдебиеттерінің көркем-
дік деңгейіне көтерді. Ал сол эпопеяны
айтпағанның өзінде де ол мейлінше көркем
драматургиясы, повестері мен әңгімелері
арқылы қазақ әдебиетінің классигі болып
қала берді.
Әуезовке дейінгі қазақ әдебиетінің
проза жанрындағы ешбір туынды европа-
лық проза дәрежесіне көтеріле алмаған еді.
Осы жерде С. Мұқановтың мына сөзі ойға
оралады: «М. Әуезов жалпы ұлттық әде-
биетке екі түрлі күрделі үлес қосты, оның
бірі – проза, бірі - драматургия». Беймәлім
қазақ елін әлемге таныту, әдебиетімізді
әлемдік дәрежеге көтеру – ұлы Мұхтардың
үлесіне тиген еді [7, 110].
Халықтың көбі хат танымайтын,
қазақ дейтін қараңғы, мал баққан көшпелі
ел. Үйі де, киімі де, тұрмысы да, салты да
алабөтен, өзгеше. Тарихи ерекше өмір сүр-
ген, айрықша географиялық және этногра-
фиялық жағдайы бар, дәуірленген қанаушы
бай, билері мен молдалары бар, сахарада
азап шеккен еңбекші адам, момын да
дарынды бұқарасы бар қазақ халқы сырт
көрінісінде ешкімге ұқсамайтын сияқты.
Бірақ жіті суреткер сырт көрінісімен қалған
жоқ, халық өмірінің тұңғиығына барды,
адамның ішкі дүниесіне үңілді, адам
жанының, адам характерінің әрқилы аста-
рын сырын ашты. Сөйтсе, адам қайда да
адам екен. Сырты «бөтен» қазақтың ой –
пиғылында, сезімінде, арман – мұратында,
бүкіл адам баласына тән қаншама ұқсастық
бар дейсіз. Әуезов бейнелеген Зере, Ұлжан,
Иіс пен Горький бейнелеген Каширина
Ниловна сықылды аналардың аналық
сезімінде; Әуезов бейнелеген Тоғжан,
Керімбала, Әйгерім, Салиха, Салтанат пен
Шекспир, Гете, Роллан бейнелеген Джу-
льетта, Маргарита, Антуанетта сықылды
қыздардың кіршіксіз таза махаббатында;
Әуезов бейнелеген Ромеоның, Гамлеттің
Фаустың, Жан Кристофтың толғанған жан
тебіреністерінде ұқсастық жоқ деп кім ай-
тады? Бұл – қазақ адамының ұлттық өзге-
шелігімен бірге оның бүкіл адамдық қасиет
сипаттарын әлемге әйгілі ету, қазақ ада-
мының рухани дүниесін шынайы гуманизм
биігінен жер жүзіне таныту.
Қазақ эпопеясының дүниежүзілік
даңқы да, Әуезов образдарының дүниежүзі
әдебиеті жасаған бүкіл адамзаттың мәні
бар образдар галереясынан орын алатын се-
бебі де, міне, осыған байланысты.
М. Әуезов өзінің жан қиярлық әдеби
еңбегімен ерлік жасады; қазақтың ұлы
ағартушысы және ақыны Абайдың өмірі
туралы эпопея жазды, патшалық қанаудың
қара түнек қапас жылдарындағы қазақ-
тардың өмірі туралы әңгімелерді, біздің ең
асыл арман – мүдделеріміз бен үміттеріне
жетелеп енгізді, туған халқының бойын-
дағы бар асылын өз бойына жинаған абзал
Абайдың күресі мен өмірін жан – жақты
көрсетеді [8, 131].
«М. Әуезовтің шығармаларында ме-
ніңше, қазақ халқының ақылы мен дана-
лығы, оның табиғи дарындылығы айрықша
күшпен сипатталады. М. Әуезов қазақ әде-
КАЗАХСКАЯ ФИЛОЛОГИЯ
Вестник КАСУ
32
биетін, көркемөнер мен мәдениетін бүкіл
Одақ көлеміне шығарушының бірі, ол тек
талантты жазушы ғана емес, бүгін де бүкіл
совет елі мен дүниежүзінің алдыңғы
оқымыстыларына танылған зор ғалым да»,
- дейді Гомар Бәширов.
М. Әуезов өзінің шеберлігі, таланты
арқасында туған әдебиетімізге жаңа дәстүр,
соны із әкелді. Әуезовтің қай туындысын
алсақ та, одан кейінгі әдебиет майданына
әсер етпей қойған жоқ. Кейіпкерлердің жан
– дүниесіне үңілу, оны әр қырынан таны-
татын көркемдік құралдарды пайдалану
қазіргі қазақ прозасында өте кең тараған.
Арғы тегі халық творчествосымен
басталып, біртіндеп дамып, қалыптасып,
бертін келе ұлттық әдебиетіміздің құнарлы
арнасынан берік орын алған проза
саласында М. Әуезовтің орны ерекше. Ол
өзі әкелген жаңалығының арқасында жаңа
дәстүр, Әуезов дәстүрін әкеліп, кейінгі
жазушыларға үлкен бір бастау болды.
Жазушылардың қай – қайсысы болса
да, қазақ классиктерінің дәстүрін жалғас-
тырушылар ретінде жақсылық пен жаман-
дықтың, адалдық пен арамдықтың бітіспес
ымырасыз күресін зерттейді.
М. Әуезовтен кейін прозаның көлемі
едәуір мол шығармалармен толықты. Бұл
шығармалардың авторлары М. Әуезов дәс-
түрін әр бағыт, әр салада, жалғастыруға та-
лаптанады. Әсіресе, көзге ә дегеннен тү-
сетін жай – М. Әуезов дәстүрінің тақы-
рыптық жалғасуындағы жетістіктер.
М. Әуезовтің көркемдік мұрасы су-
реткерлік шеберліктің де асқан үлгісін та-
нытты. Оның мұраларының сан қырлы ық-
пал әсері бүгінгі әдебиетте көптеген соны
ізденіс нәтижелерге қол жеткізді.
Қазақ тарихи эпопеясының дамуында
М. Әуезовтің «Абай жолы» өзі қамтитын
және өзіне дейінгі тұстарды, сондай – ақ
кейінгі кезеңді игеруге қозғау салды. Өнер
мен өнер адамы және әмірші тақырыбы
қазақ әдебиетінде едәуір көрініс тапқан
деуге болады. Тек қазақ прозасына ғана
емес, қазақ поэзиясына әсер етті. Жазу-
шының «Татьянаның қырдағы әні» атты
әңгімесі І. Жансүгіровтің «Құлагер»,
«Күй», «Күйші» секілді поэмалар жазуына
негіз болды. Өнер тақырыбы, халық өмі-
ріндегі өнердің орны қазіргі кезеңдегі та-
рихи романдарда кеңінен суреттеледі.
Тарихи романистердің өнер адамдары жай-
лы романдарында өнер тақырыбын игеру
М. Әуезов дәстүрі аясында жүзеге асы-
рылды. Тақырыпты одан әрі жалғастыруда
ғана емес, оны көркемдеп шешу тәсілде-
рінде де жазушылар М. Әуезов үлгісіне
сүйенеді. Бұл типтегі шығармаларда өнер-
дің адам, қоғам өміріндегі алатын орнын
көрсетуде анық көрінеді. «Абай жолының»
соңын ала дүниеге келген Ә. Кекілбаевтің
Әбілхайыр туралы, Д. Әбілевтің Сұлтан-
махмұт туралы, С. Жүнісовтің Ақан сері
туралы, З. Ақышевтің Жаяу Мұса тағы
басқа романдарды айтсақ та жеткілікті.
Әлеуметтік теңсіздік және оған қар-
сы күрес тақырыбы М. Әуезов шығарма-
шылығында мейлінше кеңінен суреттелген.
Шағын эпикалық формадағы шығармала-
рынан бастап, «Қараш - қараш» оқиғасы,
«Қилы заман», «Абай жолы» секілді үлкен
эпос үстінде жазылған шығармалары
түгелдей осы тақырыпқа арналған.
Қазіргі тарихи прозада бұл тақырып
одан әрі жалғастырылды. Х. Есенжановтың
«Ақ Жайық», Ә. Нұрпейісовтің «Қан мен
тер», Ш. Мұртазаның «Қызыл жебе» Қ.
Сәрсекеевтің «Қызыл жалау» және басқа
осылар типтес романдарда кейіпкерлердің
өмір шындығын, ондағы әділетсіздікті
танып білу және бұл әділетсіздікке наразы-
лық білдіру, қарсы күреске шығуы түрлі
тәсілде, түрлі бағытта ашылады. Кейіпкер
мен қоршаған өмір шындығы өзара тығыз
байланыста алынып, бұл байланыстың
нақты мүмкін формалары кең қамтылады.
«Ұлттық дәстүрлер көркемдік шебер-
ліктің халықтар жинаған мол қазынасын ға-
сырдан – ғасырға әкеп тапсыратын эста-
фета іспетті. Дәстүрлер шебер суреткер-
лердің жаңашылдық ізденуі арқасында то-
лысып, түрленіп отырады. Жаңа дәстүрлер
туады», - дейді М. Әуезов.
Әр халықтың жүрегінде терең із қал-
дыратын естен кетпес тарихи бел-белестер
бар.
Әуезовті ұстаз көріп одан үйрен-
бейтін қаламгер кемде – кем шығар. Оның
ішінде әсіресе, Ғ. Мүсірепов, Ғ. Мұстафин,
Д. Әбілев, Х. Есенжанов, Ә. Нұрпейісов, Т.
Ахтанов, Ә. Әлімжанов, С. Жүнісов, Қ. Жұ-
маділов т.б... Ал, бірақ қайсысы қай ретте
қалай үйреніп, қандай нәтиже шығарды?
М. Әуезов дәстүрін қалай жалғастырды?
КАЗАХСКАЯ ФИЛОЛОГИЯ
Вестник КАСУ
33
Мәселе сонда. Сонымен қатар осы қалам-
герлер басқа тарапқа да алаңдайды: Тол-
стойға, Достоевскийге, Хемигуэйге, Шоло-
ховқа, Фединге, Фадеевке, Леоновқа, т.б.
Енді нәтижесі не осының? Бүкіл
совет әдебиетінің кешегі күні жаңашылдық
деп танылған, енді бүгін дәстүрге айнала
бастаған тәжірибесі бар екен. Ол орыс
әдебиетінде бір кездері классикалық
үлгілерді жалғастырған осы күнгі В. Ка-
таев, Б. Горбатов, Б. Палевой, В. Ракемчук,
В. Тендряков, В. Минатов, В. Солоухин, А.
Проскурин т.б. повестері, белорус әде-
биетінде В. Быков, қырғыз әдебиетінде Ш.
Айтматов, өзбек әдебиетінде А. Кахар, ал
қазақ әдебиетінде Б. Байлин, С. Сей-
фуллин, С. Шарипов, Ғ. Мүсірепов, М.
Әуезовтің әйгілі «Абай жолы» эпопея-
сының даңқымен, дәстүрімен қазақ әде-
биетінде тарихи және әлеуметтік романдар
тууына мықты дем бергенінен де көруге
болады. Ә. Әлімжанов («Махамбеттің же-
бесі», «Жаушы», «Ұстаздың оралуы»), І.
Есенберлин («Көшпенділер», «Қатерлі өт-
кел», «Айқас»), Д. Әбілев («Ақын арма-
ны»), С. Жүнісов «Ақан сері», З. Ақышев
«Жаяу Мұса» романдары «Абай жолының»
қозғауымен туғанын кім жоққа шығара
алады [6, 123].
Міне, жақсы дәстүрдің жалпы әде-
биет дамуына, оның ішінде жеке адам твор-
чествосына игі әсер жасап, жаңалық ту-
ғызуының заңды жолы осындай.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Бекниязов Н. Тарихи парыз. – Жұлдыз,
1986. - № 4.
2. Бекхожин Қ. Дәстүр және жаңашылдық.
– Алматы: Жазушы, 1969. – 246 б.
3. Қирабаев С. Әдебиет және дәуір мә-
селелері. – Алматы: Жазушы, 1976. – 300
б.
4. Бердібаев Р. Дәстүр тағылымы. – Алма-
ты: Жазушы, 1973. - 232 бет.
5. Қаратаев М. Туған әдебиет туралы ой-
лар. - Алматы: Жалын, 1958. – 281 б.
6. Дәдебаев Ж. Қазіргі кездегі қазақ тарихи
прозасының дамуындағы М. Әуезов
дәстүрі. – Алматы: КазГУ, 1981. - 46 б.
7. Дәдебаев Ж. Өмір шындығы және көр-
кемдік шешім. – Алматы: КазГУ, 1984. -
121 б.
8. Мұқанов С. Жарық жұлдыз. – Алматы:
Санат, 1995. – 272 бет.
9. Кенжебаев. Шындық және шеберлік. –
Алматы: Жазушы, 1972. – 184 б.
10. Нұрқатов А. Жалғасқан дәстүр. – Алма-
ты: Жазушы, 1980. – 312 б.
11. Нұрпейісов Ә. Қазақ прозасы. – Қазақ
әдебиеті, 2000, - 28 сәуір.
УДК 821.512.122
АҢАРЫСТАН АБАЙҒА ДЕЙІН
Тургумбаева Н.К.
Атақты қазақстандық ғалым, фило-
соф және тарихшы Ғарифолла Есім өзінің
«Хакім Абай» атты еңбегінде игерілуіне
қол жеткізудің өзі күрделі құбылыс болып
келе жатқан халқымыздың тарихи – мәдени
кеңістігін нұрландырып айқындауына еле-
улі күшін салады. «Бұл тарихи – мәдени ке-
ңістікті меңгеру осал іс емес. Жиырма бес
ғасыр ішінде бірнеше ренессанстық жағ-
дайлар болған. Әдетте ренессанстық жағ-
дай міндетті түрде екі компоненттен тұ-
рады. Бірі – жаңа өркениеттік сапалық өзге-
ріске ұмтылу, екіншісі – өткен дәстүрді
жаңғырту, жаңалау. Демек, ренессанстық
жағдайларда алдыңғы мәдени дәстүр мүл-
дем жойылмай, даму эволюциялық жолмен
жүреді. Ренессанс табиғатына револю-
циялық төңкеріс жат. Ренессанс дегеніміз –
мәдениеттің өзінен – өзі, өз ішкі даму заң-
дылықтарына сәйкес жаңарып, жаңғырып
отыруы. Ренессанс әманда өтпелі дәу-
ірлерде көрінеді. Ондай дәуірлер ренессан-
стық тұлғаларды туғызады» (1, 26).
Осыдан кейін автор атақты тұл-
ғалардың бірқатар аттарын көрсете оты-
рып, өзінің тарихи – мәдени концепциясын
көрсетеді. Ғалым өз концепциясының не-
гізінде тіл жатқанын айта отырып, оны та-
нымның тарихи формасы екенін, тарихтың
шынайы құжаты деп түсіндіреді. «Біздің
КАЗАХСКАЯ ФИЛОЛОГИЯ
Вестник КАСУ
34
мақсатымыз - Анахарсистен Абайға дейін
деген мәдени – тарихи концепцияны бір
ізге салып, оны мектеп оқулықтарына ен-
гізу, сөйтіп жас ұрпақтың 25 ғасырлық ру-
хани, тарихи – мәдени кеңістігімізді иге-
руіне қолайлы жағдайлар қалыптастыру»
(1, 86-87). Ал енді Ғ. Есімнің атап отырған
аттарын көрсетейік: Анахарсис (Майқы би
бойынша «Аңарыс»), Иоллығ тегін, Жүсіп
Баласағұни, Ахмет Иассауи және Абай. Кі-
ріспенің орнына беріліп отырған «Анахар-
систен Абайға дейін» атты бөлімінде атал-
ғандардың әрбіріне тоқтала отырып, зерт-
теуші атақты тұлғалардың түркі дүние-
танымындағы ескі дәстүрлердің дамуы мен
жаңаруындағы ерекше орнын дәлелдеп
отырады.
Осылайша, Анахарсисті (6-7 ғ.ғ.)
скептик, кемелерге арналған якорьдің ав-
торы, түрлі тарихи сұхбаттардың қаты-
сушысы (мәселен, Плутархтың «Жеті да-
нышпан» еңбегінде) деп таныстырады.
«Анахарсис – уақыт сарабынан өтіп, мәң-
гілікке айналған жан. Ойлаймын, егер ол
Скифияда тумай, Палестина немесе Таяу
Шығыстың бір елінде дүниеге келсе, сөзсіз
Библияда және Құранда да пайғамбарлар
санатында
жүрер
еді.
Бұлай
деп
отырғаным, Анахарсисті тарихтағы ұлы
тұлғалармен салыстырсам, оған теңдесі ке-
летіні – Ғайса. Екеуінің ұқсастық жағы
мол... Сонымен бұлардың бір – бірінен
айырмашылығы да мол. Олардың бірі – дү-
ниетанымында. Ғайса, оның ізін қуу-
шылардың айтуынша, дүниені тану құдай
жолы арқылы болмақ десе, Анахарсис дү-
ниені тануға күдікпен қараған. Еуропадағы
философиядағы түсінікпен қарасақ, ол -
скептик...
Ғайса дүниетанымы сенімге, Ана-
харсис дүниетанымы күдікке құрылған. Се-
німге негізделген дүниетаным әманда шек-
теулі: ол көпшілік, тобыр үшін керек. Ал
Анахарсис сенімге құл болмаған. Біз
сенімге күдіктенушілікті Абайдан да таба-
мыз. Ұлылар сенімнің құлы емес, кері-
сінше, олар сенімді қиратушы, оны жою-
шылар. Ұлылар ойы ноқтасыз, шексіз. Се-
німге құрылған дүниетаным идеологиялық
форманы, яғни ортодоксияны қажет етеді»
(1, 28). Ғалым Анахарсистің атын атақты
Платон, Геродот, Диоген мен Фалестердің
атымен байланыстыра отырып, оның көз-
қарастарының осы күнде әлемге танымал
ойшылдардан еш кем түспейтінін айғақтай
білді.
Тізімде берілген келесі тұлға –
Иоллығ тегін (8 ғ.). Күлтегін туралы та-
нымал жырдың (7-8 ғасырдағы Орхон–
Енисей жазба ескерткіші) авторы. Ғ. Есім
бұл тарихи тұлғаға тек жылнамашы (лето-
писец) деп қарау үлкен опасыздық деп
біледі. Өйткені ол тарихи оқиғаларды тізе
бермей, заман, қоғам туралы өз тұ-
жырымдарын жазған. Оның осылайша іс
етуіне өскен ортасы, атақ – дәрежесі, алған
тәрбие– білімі, көрген-түйгені – бәрі сай,
жырда баяндалған оқиғалардан ол сырт
тұрған бөтен көз емес, осы хикаялардың кә-
дімгі кейіпкерлерінің бірі.
Тағы айта кететін жайт, «Күлтегін»
жырының соңындағы «Бұл жазуды жаз-
дырғанның аты – Иоллығ тегін» сөзі – сол
кездің өзінде авторлық мәдениеттің бар
екендігінің айғағы. Ғарифолла Есім: «Ав-
торлық құқық туралы айтатын болсақ, мы-
надай екі мәселе туралы ойлаған жөн. Бірі
– объективті мазмұндағы түсінік, яғни сол
заман шындығы, екіншісі – автордың
өзіндік субъективті түсінігі, яғни Иоллығ
тегін дүниетанымына қатысты сөз» (1, 42).
Оз заманының мәдениетінде ренессанс
тудырған бұл тұлғаның өз ерекшелігін Ғ.
Есім оның шығармасында көрініс тапқан
қағанаттық ойлау жүйесінен көреді. Ол
Түркі қағанатының бір шеті Керчь (Боспор)
жақта болса, екінші шекарасы Әмудария,
Иран, Румге дейінге кең – байтақ жерді
алып жатуы кезінде заңды құбылыс та
болар. «Қағанаттық (империялық) сана
түркі тілдес халықтардың дамуына мықты
негіз болды. Менің топшылауым бойынша,
кейінгі Х–ХІ ғасырлардағы Орта Азия мен
Қазақстан өңіріндегі ғылыми, мәдени
жетістіктерге бастама болған осы Түркі
қағанатының болмысы. Олай деуге толық
себеп бар» (1, 44) – дей отырып, Ғ. Есім
оны түркі халқының металлдың тілін ерек-
ше меңгергенімен және бұл құбылыстың
«Күлтегін» жырында ашық көрініс тап-
қанын айтады. Ал темірді жете меңгеру–
зор білім мен зерделілікті қажет ететін іс
екені баршаға түсінікті–ақ. «Қару дегеніміз
– дүниедегі бар заттың абстрактілі фор-
масы. Металл қасиетін тану түркі жұртын
ойлау жүйесіне көтерген. Сондықтан
|