Хабаршы вестник «Педагогика ғылымдары»



Pdf көрінісі
бет11/36
Дата06.03.2017
өлшемі5,01 Mb.
#7840
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   36

Түйін 
Мақалада кәсіптік білім беруде құзыреттілік тәсілін жүзеге асыру мәселелері, жаңа буын мамандарын дайындау-
да  аталған  тәсілдің  ерекшеліктері  мен  жоғары  оқу  орнындағы  дайындықтың  көпдеңгейлі  жүйесіне  көшудегі  алда 
тұрған кейбір міндеттер қарастырылады. 
 
Summary 
The problems of implementation of the competence approach to professional education, features of the method in training 
specialists  of  new  generation  and  some  tasks  facing  in  the  transition  to  a  multi-level  system  of  training  at  a  university  are 
considered. 
 
КӘСІБИ ШЕТ ТІЛІН ОҚЫТУДА ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОРТАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
 
Р.Ж. Оразалинова – аға оқытушы, кәсіби шет тілінің коммуникациясы және аударма ісі 
кафедрасы, Абай атындағы ҚазҰПУ 
 
Білім  берудің  қазіргі  жаңа  құрылымы  және  оқу  әдістемелік  мазмұнының  өзгеруі  –  оқытушылардың 
кәсіби шеберліктерін жаңартуын, шығармашылық ізденістерін шыңдауын қажет етеді. Сондықтан қазіргі 
оқытушы  өз  пәнінің  ғана  терең  білгірі  болып  қалмай,  шығармашылықпен  жұмыс  істеп,  жаңалыққа 
ұмтылып,  оқытудың  жаңа  технологиясын  шебер  меңгергенде  білімі  мен  білігі  жоғары  жеке  тұлға  бола 
алады. Шығармашыл ұстаз ғана шығармашыл тұлға тәрбиелей алады. 
Ұстаз  –  ізденуші,  зерттеуші,  шығармашылықпен  жұмыс  істейтін  жаңашыл  болғаны  жөн,  яғни  ол  өзі 
жеке тұлға ретінде толық қалыптасуы керек: 
- компетентті оқытушы – жаңа озық тәжірбиеден өз қажетін тауып, өз керегіне жарата білетін, кәсіби 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №1 (37), 2013 г. 
 
60 
шеберлігін  ұштай  жүретін,  жаңалықты  сезіне  білетін,  оны  өз  пәнін  оқыту  әдістемесіне  батыл  енгізе 
білетін жан; 
- инновациялық мәдениетті оқытушы – жеке тұлғаны әлеуметтік тұрғыдан қабілетін арттыруға тәрбие-
леу,  үйрету,  бағыттау,  білім  мазмұнын  өмір  талабына  сай  жаңашаландыру,  оқытушы  өз  шәкірттерін 
өзімен  ой-білігі  қатарлас,  әріптес  ретінде  қарауы  керек.Оқыту  үдерісінде  белсенді  әдістерді  қолдана 
отырып,  шәкірттерімен  бірлесе,  ынтымақтаса  сабақ  өткізу  –  оқытудың  педагогикалық  технологиясы 
болып  табылады,  яғни  оқытушы  мен  шәкірт  үшін  бірдей  қолайлы  жағдай  тудырушы,  оқу  процесін 
ұйымдастыру  және  жүргізу,  бірлескен  педагогикалық  әрекетті  жобалаудың  жан-жақты  ойластырылған 
үлгісі болып табылады. Бұл үшін материалдық база, тәжірбие, осы технологияға қатысты білім, ең басты-
сы – оқытушының өзіне психологиялық дайындық керек. Осының бәрі біріккен жағдайда ғана нәтижелі 
білім беруге болады. 
Соңғы кезде шет тілін  оқытуда жаңаша инновациялық технологияны енгізе  отырып, сабақта мульти-
медиялық, интерактивті тақтаны тағы басқа заманауи құрал-жабдықтарды пайдалана отырып, мейлінше 
шет  тілге  деген  қызығушылығын,  ынтасын  арттыру  арқылы  білімді,  жан-жақты  білікті  маман  иесін 
дайындауға жағдайлар жасалуда және «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелде білімдерін жалғасты-
руға, тәжірбие алмасуға, ғылыми еңбектерін қорғауға т.б. мүмкіндіктер бар. Осындай өзара тығыз байла-
ныстар  мен  келісім-шарттар  Абай  атындағы  ҚазҰПУ-де,  шетел  тілдері  және  халықаралық  қатынастар 
факультетінде  студенттер  мен  оқытушылар  арасында  кеңінен  насихатталып,  соңғы  онжылдықта  өз 
нәтижелерін  беруде.  Атап  айтсақ,  Ұлыбритания,  Германия,  Австрия,  Франция,  Араб  елдері,  Қытай, 
Корея,  Жапония  тағы  басқа    мемлекеттердегі  жоғары  және  кәсіптік  орта  оқу  орындарымен,  қоғамдық-
саяси, тілдік институттары мен шетел орталықтарымен өзара алмасуда. 
Қазіргі заман талабы – жастар тек өз мамандығының иесі ғана емес, сонымен қатар өз жұмысына орай 
бір шет тілін үйренуі қажет, өйткені келешекте өз білімдерін шетел ғалымдарының еңбектерімен, шетелге 
шығып, тәжірбие алмасуымен байланыстырып, шыңдап жатса – еліміздің жоғары дамыған 50 мемлекет-
тің  қатарына  енуіне  қосылған  үлесі.  «Сабақ  беру  –  үйреншікті  жай  ғана  шеберлік  емес,  ол  жаңадан 
жаңаны табатын өнер» деп біртуар Жүсіпбек Аймауытов айтқандай,[1] сабақта оқу үрдісінің озық тәжіри-
биелерін пайдалана отырып, білікті маман дайындауда жеке тұлғаға шығармашылық орта туғызу керек. 
Ол  үшін  сапалы  білім  берудегі  мұғалімнің  шығармашылық  әрекетінің  алғышарттары  болуында.  Олар – 
оқытудың жаңа технологиясын меңгерген ой икемділігі, іскерлігі, студенттерге өз бетімен жұмыс істеуге, 
шығармашылық әрекетке ынталандыруға, қосымша ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді тиімді пайдалануда 
ақыл-кеңес беруі жатады. 
«Сабақ  –  оқытушының  педагогикалық  мәдениетінің  айнасы»  деп  В.Сухомлинский  айтқандай  [2], 
жаңаша ойлайтын және бүгінгі заман талабына лайық білім сапасын, оқу үрдісінің озық тәжірбиелері мен 
түрлі  педагогикалық  әдістерін  пайдаланып,  жаңа  стандарт  бойынша  жұмыс  жүргізетін  шығармашыл 
мұғалім  жұмысына  құралған  модуль  арқылы  жүзеге  асыруға  болады.  Мұғалім  –  озық  ой  мен  шынайы 
тәжірбиенің иесі. Ол оқытудың шығармашылық әдістерін: жеке тұлғаның қабілетіне қарай интеллектуал-
дық  дамуын  байқау,  өз  бетінше  жұмыс  істеуіне  мүмкіндік  беру,  шығармашылық  әрекетке  ынталандыру 
тағы басқа оқу-тәрбие үрдісімен ұштастыра отырып, өзі шығармашылықты тұлға болып дамиды. 
Мақаланың  басты  мақсаты  –  жоғарыда  аталған  шығармашылықты  шет  тілін  оқытуда  студенттердің 
мамандығына байланысты көбірек қолданса деген ниет.Ойымды тарқатып айтсам: типтік оқу бағдарлама-
сы  бойынша  жоғары  курстарда  «кәсіби  шет  тілін  оқыту»  деп  аталатын  арнайы  бөлімі  бар.  Мәселен, 
туризм мамандығында оқитын студенттерге төрт жыл бойы шет тілі оқытылады. Сондықтан 2-ші курстан 
бастап  туризмге  байланысты  тақырыптық  кәсіби  сөздер  мен  сөз  тіркестерін,  соған  орай  грамматикалық 
материалдарды  таңдауға  тырысамыз.  Сонымен  қатар  оларды  тек  теория  түрінде  ғана  емес,  практикада 
жүзеге асыруға жағдай жасаймыз. Өкінішке  орай, уақыттың жетіспеушілігінен діттеген көп нәрсені іске 
асыра  алмай  жатамыз.  Бірақ,  студенттер  өздерінің  тілдік  білім  багажын  және  іскерліктерін  практикаға 
барғанда көрсетіп жатады, тіпті келешекте, сол жерлерде маман иесі ретінде жұмыс істеп кететіндері де 
табылып жатады. Әрине, бұл – біздер,  ұстаздар үшін үлкен мәртебе. 
Туризм  мамандығында  оқитын  студенттерге  «кәсіби  шет  тілін  оқытуда»  мынадай  шығармашылық 
түрдегі әдіс-тәсілдерді ұсынамын: 
I. Ең алдымен оқытушы әрбір студенттің не нәрсеге бейім екенін, оның қабілетін байқап, білім деңге-
йіне орай сабақта қолданатын әдіс-тәсілді жүйелі түрде, біртіндеп, сатылап жүргізу керек, сөйтіп оларды 
шығармашылық  ортада  қалыптастыруға  жол  ашамыз.  Солардың  бірі  –  гидтік  жұмыс.  (Stadtführer  )  Бұл 
жұмыстың шығармашылық жолдары мынадай деп ойлаймын: 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №1 (37), 2013 г. 
 
61 
1. Қаладағы көрнекті жерлер туралы қажетті материалдар жинау. Жобалық жұмыс ретінде тапсырма-
ны топтағы студенттерге бөліп беріп, белгілі бір уақыт өткен соң презентациясын жасайды. 
2.  Тақырыптық  сөздік  қорды  және  оларды  қолдану  тәсілдерін,  сұраққа  жауап  қайтару  дағдыларын 
бірнеше рет қайталау арқасында есте сақтау қабілетін арттырады. 
3. Этика-эстетикалық нормаларды сақтауды ұмытпау, яғни өзін ұстауы, сөйлесу тәртібі, анық, нақты 
жауап айту және жұмысына лайықты киім киюі, тазалығы тағы басқа нәрселер ескеріліп отырады. Гидтік 
жұмысты  сабақ  үстінде,  аудиторияда  (Klassenspaziergang  )  бастап,  одан  университет  ішінде 
(Unispaziergang ), одан кейін жақын маңда орналасқан қаланың көрнекті жерлерінде  (Sehenswürdigkeiten ) 
студенттер  өздерін  бірнеше  рет  сынақтан  өткізіп,  аяғында  бір  нәтижеге  жетсе,  сонда  бұл  жұмысты  ары 
қарай келешекте пайдалануына мүмкіндік туады және аз да болса тәжірбие жинайды. 
II. Тағы бір шығармашылық ортаға бейімдеуде, қонақ үйде қызмет көрсетуді  (Hoteldienst) жатқызуға 
болады.  Қонақ  үйде  қызмет  көрсету  түрлері  көп.  Солардың  ішінен  администратордың  қызметі.  Бұл 
жұмыстың шығармашылық жағы мынадай деп ойлаймын: 
1. Ең алдымен іс-қағаздарын (бланктерді) дұрыс толтыруға үйрету және олардың әрқашан өз орнында 
болуын қадағалау. 
2.  Қазіргі  заманда  істің  көбі  интернет  көздері,  телефон  жүйесі  арқылы  шешіліп  жататындықтан, 
студенттер  осы  жаңа  заманауи  технологияны  игере  алулары  қажет,  маңыздысы  –  телефонмен  сөйлесу 
дағдысын қалыптастыру. 
III.  Отандық  және  шетел  туристік  фирмалары  мен  компанияларында  туризм  мамандығының  3-4-ші 
курс  студенттері  өздерінің  практикаларын  өткізеді.  Олардың  практика  кезіндегі  атқаратын  міндеттері: 
келген  адамды  жақсы  қарсы алу;  сұрақтарға  нақты жауап  беру;  толық  анықтама-ақпарат  жеткізу;  қажет 
болса креативті ұсыныстар айту; жарнама жасау т.б. Енді жарнамаға тоқталсақ.(Werbung ) Бұл жұмыстың 
шығармашылық тәсілі төменгідей: 
1. Сабақта жарнама деген не, оның қандай ерекшеліктері бар деген сұрақтарға алғашқы қадам – жарна-
маның мақсаты мен мазмұнына ерекше көңіл аудару қажет. Мәселен, Германия еліне саяхат шегетіндерге 
сол елдің қай қаласына барып, қандай көрнекті жерлерін тамашалауға болатынын жарнамалауға болады. 
Әрине,  бір  жарнамада  бүкіл  бір  елдің  баратын  жерін  айтып  шығу  мүмкін  емес,  сондықтан  бір  қаланың 
ішіндегі ең танымал мәдени-мұрасына тоқталса болады. Сырт көзбен қарағанда, жарнама жасау – жеңіл, 
аз  ғана  мәлеметпен  шектелген  жұмыс  болып  көрінуі  мүмкін,  бірақ  бұл  жұмыс  –  табандылықты,  ұтқыр-
лықты талап етеді. Сондықтан студенттердің бойына осы қасиеттерді ашуға тырысуымыз керек. Жарна-
маның  ерекшелігі  –  қысқа  да,  нұсқа  болуы;  аз  ғана  сөйлеммен  мазмұнын  ашып  тұруы;  жұртты  елең 
еткізетін қызықты жағдайлары болуы т.б. 
2.  Студенттер  жазғы  демалыстарын  мағыналы  және  пайдалы  өткізу  үшін  жазғы  лагерлерде  жұмыс 
істейді. Бұл жұмыста олар өздерінің шығармашылық қабілетін жазғы демалыс күндерін ұйымдастыруда 
көрсете алады. Мәселен, демалыс күндерінде (am Wochenende ) мәдени іс-шаралар, бір-екі күндік саяхат-
тар, ескі-мәдени мұраларға апару, қаланы аралату т.б. 
Қорыта  айтсақ,  кәсіби  шет  тілін  оқытудағы  мақсаттың  өзі  –  теория  мен  практиканы  байланыстыру, 
алған білімін келешекте өз жұмысына іске асыру. Ол үшін сапалы білім беруде озат ұстаз өзінің шығарма-
шылық  әрекеттері  арқылы  жас  ұрпаққа  жан-жақты  білім  беріп,  ой-өрісін  дамытатын,  өздігінен  ізденіс 
жасауға  мүмкіндік  беріп,  олардың  шығармашылық  жұмысына  жол  ашуға  және  шығармашылық  ортада 
диалектикалық ойлауын шындауға жағдай туғызуы қажет. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Үш тілділік» 
концепциясы  елімізде  кеңінен  тарап,  оның  тұрмыста,  жалпы  өмірде  қажеттілігін  айқындай  түскен. 
Сондықтан  көптілділік  ешкімге  жат  емес.  Көп  тіл  білгеннің  маңызы  мен  пайдасын  айтпаса  да  түсінікті. 
Тек әрбір адам сол үйренген шет тілін өзінің кәсібінде мүмкіндігінше пайдаға асыра алса деген үміт. 
 
1. Аймауытов Ж. Психология – Алматы: Рауан, 1995. 
2. Мухамадиева Н.Қ., Үстемір Н.Ә. «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» Алматы, 2002 
 
Резюме 
Данная  статья  посвящена  вопросам  значимости  иностранного  языка  для  специалиста  в  области  туризма,  их 
профессиональной функции на рынке труда, приведены некоторые виды творческих методов и приемов. 
 
Summary 
This article is devoted to the problems of significance of foreign language for the specialist in the sphere of tourism, their 
professional functions on the labor market, some types of creative methods and approaches are given.  

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №1 (37), 2013 г. 
 
62 
ЭКСТРЕМАЛДЫ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ НЕГІЗІНДЕ ТУЫНДАЙТЫН СТРЕССТІК 
БҰЗЫЛЫСТАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ 
 
М.Қ. Бапаева – психол.ғ.к., доцент, ҚазМемҚызПУ 
 
Жарақаттан кейінгі стрестік бұзылыстар бұл – кез келген адамның бойында психикалық бұзылыстар-
ды  тудыруы  мүмкін  жарақаттық  стресске  деген  кешеуілдеген  реакция  болып  табылады.  Ромек  және 
басқалар  жарақаттық  стресті  тудыруы  мүмкін  төрт  факторды  ерекшелеп  көрсетеді:  орын  алған  оқиға 
сезініледі,  яғни  адам  басынан нені  кешіргендігін  және  психологиялық  жағдайының  қандай  себептерден 
нашарлағанын  біледі;  аталмыш  күй  сыртқы  себептермен  шартталады;  бастан  кешкен  оқиға  үйреншікті 
өмір  салтын  құртады;  орын  алған  жағдай  қорқыныш  пен  шарасыздық,  бір  нәрсе  істеу  немесе  шешім 
қабылдаудағы  қауқарсыздықты  тудырады.Апаттар  мен  табиғи  бақытсыздықтар  кезінде  жүйке-психика-
лық бұзылыстар дезадаптация күйі мен невротикалық, невроз тектес реакциялардан реактивті психоздар-
ға  дейін  кең  ауқымда  көрініс  береді.  Олардың  ауыртпалылығы:  адамның  жасы,  жынысы,  бастапқы 
әлеуметтік  бейімделу  деңгейі;  жеке  дара  мінез-құлық  ерекшеліктері;  апат  кезіндегі  қосымша  күрделі 
факторлар  (жалғыздық,  ауру  туыстары,  жеке  басының  шарасыздығы,  жүктілік,  ауру  және  т.б.)  сияқты 
көптеген жағдайларға байланысты болады. 
Өмірге қауіпті жағдайларда туындайтын әртекті жағымсыз факторлардың адамның психикалық іс-
әрекетіне  жарақаттаушы  ықпалы  патологиялық  емес  психоэмоциялы  (белгілі  бір  дәрежеде  физио-
логиялық)  реакциялар  және  патологиялық  күйлер  –  психогениялар  (реактивті  күйлер)  деп  жіктеледі. 
Біріншілеріне  реакцияның  психологиялық  түсініктілігі,  оның  тікелей  жағдайға  байланысты  болуы 
және  аса  ұзақ  болмауы.  Патологиялық  емес  реакцияларда  әдетте  адамның  еңбекке  қабілеттілігі 
(төмендетілген болса да), айналасындағылармен араласу мүмкіндігі және мінез-құлқын сын тұрғысы-
нан талдау қабілеті сақталады. Патологиялық емес реакцияларға қарағанда патологиялық-психогенді 
бұзылыстар адамның қатардан шығарып тастайтын, оны өзге адамдармен өнімді араласу ықтималды-
лығынан және мақсатты әрекеттерге деген қабілетінен айыратын ауыр күйлер болып табылады. Бір-
қатар жағдайларда сана бұзылыстары орын алуы мүмкін, психотикалық бұзылыстардың кең шеңбері-
мен  қатар  жүретін  психопатологиялық  бұзылыстар  кездесіп  жатады.  Экстремалды  жағдайлар  кезін-
дегі және одан кейін байқалатын неғұрлым жиі орын алатын психогендік бұзылыстарды – патология-
лық емес (физиологиялық) реакциялар, патологиялық реакциялар, невротикалық күйлер мен реактив-
ті психоздар деп төрт топқа біріктіреді (Кесте №1) /1/. 
 
Кесте №1. Экстремалды жағдайлар кезіндегі және одан кейін байқалатын  психогендік бұзылыстар 
(Александровский Ю.А.) 
 
Реакциялар және 
психогендік бұзылыстар 
Клиникалық ерекшеліктері 
патологиялық емес 
(физиологиялық) реакциялар 
Эмоциялы  қысымның,  психомоторлы,  психовегетативті,  гипотимдік,  көрініс-
тердің басымдылығы, орын алған жағдайдың сын тұрғысынан бағалануы және 
мақсатты іс-әрекетке қабілеттің сақталуы 
Психогенді патологиялық 
реакциялар 
Бұзылыстардың  невротикалық  деңгейі  –  шиеленісіп  пайда  болған  астеника-
лық, депрессивті, истериялы және басқа да синдромдар, орын алған жағдайды 
сын тұрғысынан бағалау және мақсатты әрекет ету мүмкіндіктерінің төмендеуі 
 
невротикалық күйлер 
Тұрақталған және күрделенген невротикалық бұзылыстар – неврастения (қажу 
неврозы,  астениялық  невроз),  истериялы  невроз,  тұрақты  күйлер  неврозы, 
депрессивті невроз, кейбір жағдайларда орын алған жағдайды сын тұрғысынан 
түсінуден және мақсатты әрекет ету мүмкіндіктерінен айырылу 
Реактивті психоздар 
Шиеленіскен 
Шиеленіскен  аффективті  –  шоктық  күйлер,  сананың 
бұлыңғыр күйі, қозғалыстың артуы немесе баяулауы 
 
Созылмалы 
Депрессивті,  параноидтық,  жалған,  истериялық  және 
басқа да психоздар 
 
Адамның  мінез-құлқы  тұтқиылдан  тап  болған  экстремалды  жағдайларда адамның  өзін-өзі  сақтауына 
қажет физикалық және психикалық күйін шұғыл іске қосуға ықпал ететіндіктен физиологиялық тұрғыда 
белгілі бір шектерге дейін қалыпты деп саналатын қорқыныш эмоциясымен анықталады. Адам қорқыны-
шына сын тұрғысынан қарау қабілетін жоғалтқанда әртүрлі психотикалық бұзылыстар (реактивті психоз-
дар, аффективті-шоктық реакциялар), сондай-ақ үрей пайда болады.  

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №1 (37), 2013 г. 
 
63 
Экстремалды жағдайларды басынан кешірген адамдардың бойынан табылатын аталған невротикалық 
бұзылыстармен қатар мінез акцентуациялары мен психопатиялық тұлғалық бітістерінің декомпенсациясы 
да  орын  алады.  Бұнда  жеке  дара  мәні  бар  психологиялық  жарақаттаушы  жағдай  мен  әрбір  адамның 
экстремалды жағдайларға дейінгі жинақтаған өмірлік тәжірибесі мен тұлғалық ұстанымдары да маңызды. 
Адам  тұлғасының  ерекшеліктері  маңызды  патопластикалық  рөлді  атқарып,  невротикалық  реакцияларға 
өз ізін қалдырады.  
Төтенше  жағдайлар  кезіндегі  психогенді  бұзылыстардың  дамуы  мен  компенсациясының  барлық 
кезеңдері: жағдайдың ерекшелігі, орын алған жағдайға жеке дара жауап беру, әлеуметтік және ұйымдас-
тырушы  іс-шаралар  сияқты  факторлардың  үш  тобына  байланысты  болады.  Алайда  жағдайдың  дамуы 
кезеңдерінде  аталмыш  факторлардың  мәні  біртекті  болмайды.  Уақыт  өткен  сайын  төтенше  жағдайдың 
сипаты мен зардап шеккендердің даралық ерекшеліктері мәнін жоғалтып, керісінше медициналық көмек-
тен басқа, әлеуметтік-психологиялық жәрдем мен ұйымдастырушы факторлардың маңызы арта бастайды. 
Төтенше  жағдайлар  кезіндегі  психогенді  бұзылыстардың  дамуы  мен  компенсациясына  ықпал  ететін 
негізгі факторларды төмендегіше топтастыруға болады (Кесте №2) /2/.  
 
Кесте №2. Төтенше жағдайлар кезіндегі психогенді бұзылыстардың дамуы мен компенсациясына ықпал 
ететін негізгі факторлар 
 
Тікелей оқиға кезінде (апат, табиғи бақытсыздық 
және т.б.) 
Қаупті оқиға аяқталған соң 
құтқару жұмыстарын жүргізуде 
Төтенше жағдайлардың 
шалғай аудандарында 
О
қи
ға
н
ы
ң
  
ер
ек
ш
ел
ік
те
р
і 
Төтенше жағдайдың 
қарқындылығы 
«Екінші реттегі психогениялар 
 
Төтенше жағдайдың 
ұзақтығы 
 
 
Төтенше жағдайдың 
тұтқиылдығы 
Ж
ек
е 
д
ар
а 
р
еа
кц
и
ял
ар
 
Адамның соматикалық күйі 
 
Адамның жас ерекшелігі 
Адамның төтенше 
жағдайға даярлығы 
Жағдайдың дара бағалануы 
мен қабыладануы 
Тұлғалық ерекшеліктері 
Ә
л
еу
м
ет
ті
к 
ж
ән
е 
ұ
й
ы
м
д
ас
ты
р
у
ш
ы
 
ф
ак
то
р
л
ар
 
Хабардарлылығы 
Әлеуметтік құрылымы 
Құтқару жұмыстарының ұйымдастырылуы 
 
Компенсациялар 
«ұжымдық мінез-құлық» 
Ә
л
еу
м
ет
ті
к-
п
си
х
о
л
о
ги
ял
ы
қ 
ж
ән
е 
м
ед
и
ц
и
н
ал
ы
қ 
кө
м
ек
 
 
 
Адамның соматикалық 
күйі 
Реабилитация 
 
Төтенше  (экстремалды)  жағдайлар  ең  алдымен  адамда  жарақаттаушы  стрестің  туындауына  себепкер 
болатын  оның  психикасына  зор  қуатты  ықпал  етуімен  ерекшелінеді.  Жарақаттаушы  стресстің  психоло-
гиялық салдары шеткі көріністерінде өмірге немесе  денсаулыққа күрделі қауіппен қатар жүретін созыл-
малы  немесе  жағдайға  қатысты  уақыты  бойынша  кешіккен  реакция  ретінде  туындайтын  жарақаттан 
кейінгі стрестік бұзылыстар көрінісінде анықталады. Жарақаттан кейінгі патологиялар шеңберінде автор-
лардың көпшілігі симптомдардың негізгі үш тобын атап көрсетеді, олар:  
Мөлшерден  тыс  қозу  (вегетативті  лабильділікті,  ұйқының  бұзылуын,  мазасыздықты,  ұмытылмайтын 
естеліктерді, жағдайлардан фобиялы қашуды қосқанда); 
Депрессивті  көңіл-күйдің  жиілікпен  ұшығуы  (сезімдердің  мұқалуы,  эмоциялы  қозғалыссыздық, 
торығу, шарасыздықты сезіну); 
Истериялы жауап беру бітістері (талмалар, соқырлық, мылқаулық, жүйкелік дірілдер) /3/. 
Қазіргі таңда жарақаттан кейінгі стрестік бұзылыстар термині табиғи, экологиялық және техногендік 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №1 (37), 2013 г. 
 
64 
апаттар, өрттер, ланкестік әрекеттері, қылмыстық шабуыл кезінде өзге адамдардың зорлықпен жан тапсы-
руларына қатысу, бақытсыз жағдайлар, соның ішінде  көлік және өнідірістік апаттар, жыныстық зорлық, 
өмірге қауіпті аурулардың көтерілісі, отбасылық драмалар сияқты бейбітшілік өмірдегі апаттардың салда-
рына қатысты қолданылуда.  
Адам  көңіл-күйінің  көріністері  –  сезім  мен  эмоцияны  ақыл-ой  және  сана  билейді.  Сана  –  психика 
дамуының  ең  жоғары  дәрежедегі  сатысы.  Кез  келген  психикалык  процесті  (түйсік,  қабылдау,  ес,  қиял, 
ойлау т. б.) адам санасының жемісі дейміз. Солай болғандықтан, сезім мен эмоциялық күйлердін, бәрі де 
сана арқылы реттеліп отырады. 
Стресстің  тууына  ықпал  ететін  оқиға,  дерек  немесе  хабар  стрессор  деп  аталады.  Сонымен  бірге 
қайсыбір  ситуацияның  стресстің  себебіне  айналуы  немесе  айналмауы  сол  ситуацияның  өзіне  ғана  емес, 
тұлғаға, оның тәжірибесіне т.с.с. байланысты . 
Адамның эндокринді жүйесінің өзгерістерінде физиологиялық тұрғыда анықталатын эмоциялы қысым 
стресс факторларының бірі болып табылады. Мәселен, клиникадағы экспериментті зерттеулер бойынша 
үнемі жүйке қысымында болатын адамдардың жұқпалы ауруларды ауыр кешеді екен /4/. Мұндай жағдай-
да білікті психологтың көмегі қажет. 
Жарақаттан кейінгі стрестік бұзылыстарға шалдыққан адамдармен психологиялық жұмыс үш кезеңнен 
тұрады.  Психологтың  бірінші  кезеңдегі  басты  мақсаты  қауіпсіз  атмосфераны  қалыптастыруда.  Екінші 
кезеңнің  негізгі  міндеті  бұл  –  естеліктермен  және  күйзелістермен  жұмыс  жасау.  Үшінші  кезеңнің  негізгі 
міндеті үйреншікті өмірге ену. 
 
Жарақаттан  кейінгі  стрестік  бұзылыстарға  шалдыққан  клиентпен  жасалынатын  психологиялық 
қатынастың өзіне тән ерекшеліктері бар, олар: 
Клиенттің әлемге сенімсіздігі айқын көрініс беретіндіктен біртіндеп оның сеніміне ие болу. 
Терапияны  жүргізудің  «ресмилігіне»  қатысты  үлкен  сезімталдық  (жарақаттаушы  оқиғалар  жайында 
әңгімелесудің алдында стандартты диагностикалық процедуралардан бас тарту). 
Терапияны жүргізуде клиент үшін сенімді ортаны қалыптастыру. 
Клиенттің қауіпсіздігіне бағытталған қажеттілікті қанағаттандыруға ықпал ететін жоралғыларды бара-
бар орындау.Терапия басталғанға дейін психологиялық ықпалдың жетістігі үшін дәрігерлік емдеу мөлше-
рін азайту немесе тоқтату.Клиенттің шынайы өміріндегі қауіптің ықтималды бастауларын талқылау және 
оларды жою. 
Жарақаттан кейінгі стрестік бұзылыстар терапиясының басты ережесі – клиенттің жұмыс пен өзін-өзі 
ашудың өзі ұсынған ырғағын қабылдау. Кейде жарақаттаушы тәжірибені еске түсіру мен қайта жаңғырту 
жөніндегі  жұмыстың  неліктен  қажет  болғандығын  оның  отбасы  мүшелеріне  хабарлау  қажет,  өйткені 
жақындары клиент мінез-құлқының қашу стратегияларын қолдауы мүмкін.  
Зорлық пен күшпен пайдалану (мәселен, балаларға күш көрсету, зорлау, қинау) құрбандарының сенімі 
бәрінен де қатты бұзылады.  
Аталмыш  клиенттер  терапияның  барысында  психологтің  олардың  жарақаттаушы  оқиғалар  жайлы 
әңгімесіне қаншалықты бара-бар қарайтынын бағалап, алғашында «байқау мінез-құлқын» көрсетеді. Бір-
тіндеп  сенімді  қалыптастыру  үшін  психологің  клиенттің  кешірген  қиындықтарын  мойындайтын  сөздері 
пайдалы;  психолог  қайткен  күнде  де  клиенттің  сеніміне  ие  болуы  тиіс.  Кейбір  қатты  жарақаттанған 
клиенттер қорқыныштарын білдіру үшін жиі әртүрлі әрекеттерді қолданады (мәселен есіктер мен терезел 
Фер үнемі ашық тұрады); оған психолог түсіністікпен әрі сыйластықпен қарауы тиіс. Терапия басталғанға 
дейін дәрілік ықпалдың азайтылуы немесе тоқтатылуы өткенді жаңаша түсінуге және жарақаттаушы күй-
зелістерді меңгерудің жаңашыл мүмкіндіктеріне негізделген сауығу процесіне қол жеткізу үшін қажет /5/.   
Жарақаттанған клиенттермен жүргізілетін жұмыс психологтің үлкен эмоциялы үлесін талап етеді. 
Жарақаттан кейінгі стрестік бұзылыстар жағдайындағы психологиялық әдістер әрқилы болады: 
Рационалды терапия – клиентке жарақаттан кейінгі стрестік бұзылыстардың себептерін механизмдері 
түсіндіріледі. 
Қысым мен мазасыздық симптомдарын жеңілдету үшін психикалық өзін-өзі реттеу әдістері – аутотре-
нинг, прогрессивті бұлшық ет релаксациясы, жағымды бейнелердің белсенді визуализациясы. 
Когнитивті психотерапия – бейімсіз ойлардың мәнін қайта қарастыру үшін және жағымсыз ұстаным-
дарды өзгерту үшін қолданылады.  
Тұлғаға  –  бағдарланған  терапия  –  зардап  шеккен  адамның  психологиялық  жарақаттаушы  жағдайға 
қатынасын өзгертіп, оның өзіне болмаса да оның өзіне деген дербес қатынасына жауапкершілікті жүктеу-
ге мүмкіндік береді.  

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №1 (37), 2013 г. 
 
65 
Жағымды  терапия,  гештальт  тұрғы  проблемалар  мен  сырқаттардан  басқа,  әрбір  адамның  бойынан 
табылатын олардың жеңу тәсілдері мен мүмкіндіктерінің бар екендігі жайлы түсініктерге негізделеді.  
Жарақаттан  кейінгі  стрестік  бұзылыстарға  шалдыққан  клиенттермен  жұмыстың  барысында  топтық 
терапияның қандай әдістері қолданылмасын, ол жұмыс нақты психологиялық мақсаттарға қол жеткізуге 
бағытталады, олар: 
Қолдау  тобының  қауіпсіз  кеңістігінде  жарақатты  қайтара  эмоциялы  күйзелу,  оны  психологпен  және 
топпен бөлісу; 
Ұқсас  жарақатты  кешірген  адамдар  тобымен  араласу  оқшаулану,  сырттану, ұялу  сезімдерін  азайтып, 
топтың әрбір мүшесінің кешірген күйзелісінің қайталанбастығына қарамастан жөнділік, қатыстық, қоғам-
дастық сезімдерін күшейтуге мүмкіндік береді. 
Психолог  пен  топ  мүшелерінің  тарапынан  әлеуметтік  қолдауға  ие  болудың  нәтижесінде  қарқынды 
аффектілердің тұтануын басқалардың қалай кешіретінін бақылау мүмкіндігі; 
Жеке жарақаттың салдарын меңгеру әдістеріне бірігіп оқыту; 
Көмектесе алатын адамның рөлінде болу мүмкіндігі. Дербес құнсыздығын жеңуге, дербес оқшаулану 
сезімі мен өзін құртатын жағымсыз ойлардан арылуға көмектеседі; 
Топ мүшелерінің стрестік оқиғаны өзге, неғұрлым бейімді үлгіде  қабылдауға көмектесетін жаңа өзара 
қатынастар тәжірибесіне ие болу /6/.  
Жарақат салдарынан стресстік жағдайларға ұшыраған балалардың  ата-аналарына педагогикалық-
психологиялық ұсыныс : 
Өзіне және  отбасы мүшелеріне қатысты зорлыққа куә болған бала да ересектер сияқты қуатты сезім-
дерді кешіреді. 
Баланың  жадында  оқиғаның  көрініс  сақталынып  қалуы  мүмкін.  Ол  қайтара  өткеннің  қорқынышты 
көріністерін есіне ала беретін болады.  
Бала үшін күйзелген оқиға оның тұлғалық дамуына кедергі келтіруі мүмкін. 
Осы жағдайда: 
Баланың  күйзелістерін  түсінетініңізді,  осындай  оқиғаны  бастарынан  кешірген  басқа  да  балаларды 
білетініңізді көрсетіңіз. 
Қауіпсіздік ахуалын қалыптастырыңыз. 
Баламен бірігіп «жақсы» суреттерді қарап шығыңыз. 
Оқиғалар жайында әңгімелерді бөлшектерді сипаттаудан сезімдерге алмастыруға тырысыңыз. 
Балаға өмірлік жетістіктерін құруға көмектесіңіз. 
Шарасыздық, қорқыныш, ашуды сезінудің қалыпты екендігін қайталаңыз. 
Баланың өзіндік бағасын арттыруға тырысыңыз. 
Баланың құммен, сумен, батпақпен ойынын құптаңыз. 
Баланың  рақымсыз  болуына  жол  беруге  болмайды.  Жан  ашығандықтан  оның  кез  келген  тілектерін 
орындай бермеңіз. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет