Бас редактор с. Ж. Пірәлиев



Pdf көрінісі
бет3/15
Дата06.03.2017
өлшемі2,78 Mb.
#7864
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

3. ТҮЙІН

Жалпы ұрпақ тәрбиесі мен білім саласын 

реформалау  мың  толғанып,  жүз  ойланатын 

мәселе.  Бұл  тұжырымдасадағы  –  2015 

жылға дейін – деп шамалаған уақыт мөлшері 

дұрыс  сияқты.  Себебі,  тұрақтала  бастаған 

экономикамыз да, енді-енді бауырын көтеріп 

келе  жатқан  ауыл  тұрмысы  да,  уақытты 

осылай  таразылағанды  құптайды.  Тек,  ең 

әуелі  неден  бастауды  дәл  анықтаған  жөн. 

Міне  бұл,  көп  болып  кеңесе  шешуді  балап 

етеді.


Біздер,  алдымен  реформаның  алғы 

шарттарын жасап, ұлттық мектептеріміздегі, 

әсіресе  ауыл  мектебіндегі  бұрыннан 

қалыптасып  қалған  кемшіліктерді  түзеуді 

ең  басты  мәселеге  жатқызамыз.  Сонда,  ол 

қандай  мәселе?  Осы  сауалға  қысқа  түрде 

тоқталып көрелік.

 Империя  тұсынан  өгейлік  көріп  келген, 

қазақ  мектептерінің  материалдық  база­

сы  аса  ауыр  екені  ешкімге  де  құпия  емес. 



17

16

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

Сондықтан, жүргізіліп жатқан ауыл жылда­

рында, бұл ақаудың орнын толтырып, заман 

талабына  сай  етіп  мектептердің  санын  да, 

сапасын да жетілдіруіміз керек;

 —  қаладағы  аралас  мектептерді  –  қазақ 

тілінің  қиянатшысы  ретінде  –  тез  арада 

ажыратпасақ, мемлекеттік тілдің жан төгісіз 

ауыр  күйі  жалғаса  бермек.  Ұрпағымызды 

қолдан  мәңгүрттендіру  саясатын  үзілді-

кесілді тоқтату қажет;

 —  әлі  толық  жазылып  бітпеген  қазақ 

тіліндегі  оқу  құралдарын  халқ  педа-

гогикасымен негіздеп, жеткілікті түрде шы-

ғар уды  тездету  мен  қоса,  мазмұн  сапасына 

ерекше  талап  қою  міндеті  тұр.  Оқулық 

дайындауда,  тағы  да  жалпақшешейлік  ке 

басып,  Ресеймен  бірігіп  щығарамыз  дейтін 

жолбикелерді, оқу-құрал саласынан мүлдем 

аластаған аластаған жөн;

 —  қазақ  мектептерінде  «Халық  педа-

гогикасының  негіздері»  атты  оқулықты 

келер  жылдан  бастап  7,8,9  кластарға  пән 

ретінде енгізу қажет;

 —  ауыл  мектептерінде  сабақ  беретін 

мұғалімдердің  білім  сапасын  көтеру  мен 

жоғары  білімді  педагогтармен  қамтамасыз 

етіп  уақыт  талабына  сай  жетілдіруді  мем-

лекет өз міндетіне алғаны жөн;

 —  облыстарда  педагогикалық  универ-

ситеттерді қайтадан ашып, білім министрлігі 

кезінде  өздері  жауып  тастаған  бес  түрлі 

мәселені қайыра қалпына келтіру қажет.

Олар мыналар: 

а) Мектеп күні – бұл қазір мүлдем жоқ.

ә) Тәрбие жұмысының әдістемесі – бұл да 

жоқ.

б)  Педпрактика  –  бұрынғы  6-7  аптаның 



орнына, қазіргі 3 апта;

в)  Педагогикадан  мемлекеттік  сынақ  – 

қазір жоқ.

г)  Мұғалімдік  этика  мен  шеберліктің 

арнаулы курстары – жоқ.

Мінеки,  осындай  тәрбиенің  талқаны 

шыққан  жағдайда  нағыз  ұстаз  дайындау 

мүмкін  бе?  Әрине  –  мүмкін  емес!  Ендеше, 

осы  сорақылықтарды  қалпына  келтірмей, 

білім жүйесін реформалауға ауыз бармайды.

Соншама  бай  ұлттық  тарихымыз ды 

жүйелеп  оқытпасақ,  ұрпағымыздың  ру­

хани  кемтарлығы  жалғаса  бермек.  Құс-

тың  қос  қанаты  тәрізді  Ұлттық  тарих  пен 

Халықтық  педагогика  ұлттық  санамызды 

ашып,  ұрпағымыздың  азаматтық  тұлғасын 

жетілдірмек.

Қысқаша қорытындаласақ, осы айтылған 

кемшілікті түзетіп алғаннан кейін ғана, ұрпақ 

тәрбиесі мен білім берудің реформасын ойла­

стыру жөн болмақ Әйтпесе, адам тәрбиесін 

саяси ойынға айналдырып, ұрпақ тәрбиесін 

эксперименттеуге ешкімнің де құқы жоқ. Со­

нымен қоса, бүгінгі таңда жүргізіліп жатқан 

қисапсыз  көп  факультатив  сабақтарды  де­

реу  қысқарту  керек.  Бұл  да  ми  физиоло­

гиясымен  есептеудің  бірден-бір  көрінісі 

болып  табылады.  Әрнәрсені  оқушыларға 

тықпалағаннан  оның  ақылмандығы  асып 

жетілмейді.  Қазіргі  білім  беру  саласында 

бұдан басқа да кемшіліктер жетіп жатыр. Ең 

әуелі осыларды реттеу, білім министрлігінің 

басты міндеті болса керек.

ТҮЙІНІ:


Педагогика  мен  психологияның  бірінші 

негізі (отбасын құру және ұрық тазалығы).

Текті сақтау мен ұрық тазалығының мәнін 

түсіну.


Ата-баба дәстүрі, оның түрлері, халықтың 

тегін анықтау.

І  –ші  негіздің  этногеографиялық  сипат­

тары  –  құда  түсу  түрлері,  қыз  ұзату  тойы, 

үйлену тойы, шашу, жар-жар, беташар, бата.

Теориялық  және  методологиялық  жа ңа 

көзқарастар,  догма,  инновация лық  жетіс-

тіктер.


Резюме

Автор в статье рассматривает и анализирует новую концепцию системы образования.

Summary

The author of the article examines and analyzes a new concept of education.

ҰЛТТЫҚ  ТӘРБИЕДЕГІ  ТЕРІС  МІНЕЗДІ  ТӘРБИЕЛЕУ  ТӘСІЛДЕРІ 

Әдібай Табылдиев – 

педагогика ғылымдарының докторы,

ұстаз-ғалым, ақын, жазушы,

әл-Фараби атындағы ҚазМУ-дің профессоры

Аңқаулық мінезді тәрбиелеу

Әр  нәрсені  аңғармаудың,  сезінбеудің, 

байқамаудың,  танымаудың,  қызықпаудың, 

толық  білмеудің,  ескермеудің  салдарынан 

пайда болатын мінез – аңқаулық.

«Аңқау  абайламай  басынан  айырылады 

не  алдындағы  асынан  айырылады»  деп, 

халық  аңғармаудың  кесірін  баса  айтып, 

ұрпағын  аңғарымпаздыққа  тәрбиелейді. 

Тәрбиеленуші  аңғарымпаз  болу  үшін  оған 

сездіру, оны қызықтыру керек болады.

Әрбір 


тұлғаның 

гендік 


(тектік) 

ерекшеліктеріне 

байланысты, 

оның 


сезімталдығы  да  әр  дәрежеде  болады. 

Аңғалдық  мінез  сезімталдығы  ұшқыр-

ланбаған  (тәрбиеленбеген)  тұлғада  қалып-

тасады да, оның сезімталдығын арттырудың 

тәсілдері  қолданылады  (түсті,  істі,  сапаны, 

санды ажырата білу т.б.).

Аңғалдық мінезде, көбінесе, байқамаудың 

кесірі  көп  тиеді.  Байқамау  білместіктен, 

байқаусыздықтан  пайда  болады.  Байқау-

сыздығын  сезіне  білген,  мойындаған  адам 

өзінің  аңғалдығын  ескеріп,  «сақ  болуды» 

ойлайды.  Сөйтіп,  ол  аңғалдығын  бірте–

бірте жоюға тырысады. Аңғалдықты аңғару 

арқылы жеңіп, әрбір адам өзін-өзі тәрбиелей 

білуге тиіс болады. 

Аңқаулық танымдық сезімді де көрсетеді. 

Жеке  тұлғаның  танымдық  сезімі  нашар 

болса,  ол  жақсыны,  адамды,  іс  сапасын, 

көргенін,  үйренгенін  танымай,  әр  нәрсені 

бағалай  алмай,  шала  ойлап,  аңқаулық 

көрсетеді. Мұндай аңқаулық, көбінесе, жасы 

«келген»,  денсаулығы  нашарлаған  адамда 

болады.  Мұндайда  ойлау,  түйіндеу  арқылы 

танымдық сезімді ұштау керек.

Әр  нәрсеге  қызықпау  да  аңқаулық  пен 

аңғалдықты  тудырады. Сондықтан танымға 

немқұрайлы  қарауға  болмайды.  Әр  нәрсені 

толық  білу,  есте  сақтау  –  аңқаулықты 

болдырмауға себепші жағдайлар.

Аңқаулық  мінезді  ескерту,  талап  ету, 

сынау,  мысалдар  келтіру,  көркем  (күлдіргі) 

шығармаларды  тұлғаның  өзіне  орындату 

арқылы да тәрбиелеуге болады.

Арсыздық мінезді тәрбиелеу

Жеке тұлғаның басында имансыздықтан, 

ұятсыздықтан,  әдепсіздіктен,  намыс сыз-

дықтан, ақымақтықтан пайда болатын қыр-

сық мінез.

Иманды қазақ халқы «малым – жанымның 

садағасы, жаным – арымның садағасы» деп, 

арын  жанынан  биік  қояды.  Имандылыққа 

үйрететін тәлім-тәрбиелік қағидаларға көңіл 

аудармай,  көргенсіз  өскен  тұлға  арсыздық 

жасайды.

Ар  ұят  арқылы  қалыптасады.  «Ұят-

сызда  иман  жоқ»  деп,  халық  ар-ұяты 

қалыптаспаған  қараниетті  тұлғадан  аулақ 

болуды уағыздайды. «Арым – ұятым, Барым 

– миятым» деп, иманды тұлға арын сақтап, 

ұятын ұлағаттайды.

Арсыздық  мінез  көбінесе,  әдепсіздіктен 

пайда болады. Халықтық (ұлттық) әдеп жеке 

тұлғаның  адами  қасиеттерін  (ізеттілігінің, 

инабаттылығының,  әдептілігінің)  ұлттық 

болмысқа сай келуін талап етеді, «әдептілік 

– әдемілік» деп, әдепті болуды талап етеді. 

Әдепсіздік  жеке  тұлғаның  тәрбиесіздігінен 

пайда болып, арсыздық мінез туғызады.

Әрбір  жеке  тұлға  (ұлттық  тұлға)  ұлттық 

намысты сезініп, тұшынып, түйсініп, бойына 

сіңіре  білмесе,  онда  ар-ұят  болмайды. 

«Ұятсыз,  арсыз  салтынан.  Қалғып  кетер 

артынан» деп, Абай дана айтқандай, ұятсыз, 

арсыз  адамда  адамгершілік  қалыптаспай, 

арсыздық  мінез  абыройсыздыққа  ұшы-

ратады.


19

18

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

Арсыздық  ақымақтықтан  (тәрбиесіз-

діктен,  психологиялық  кемістік тен)  пай да 

болады.  Ақымақ  адамның  тыңдау,  түсіну 

қабілеті  болмайды,  ол  өзінің  кемшілігін 

білмейді, білгісі де келмейді.

Арсыздық  мінезді  сынау,  ескерту, 

дәлелдеу, мойындату, талап ету, жаттықтыру 

тәсілдері  арқылы  тәрбиелеуге  болады.  Есі 

дұрыс адам ұстаздық тәлім-тәрбиеден өнеге 

алып, үлгі тұтады.

Ақымақтық мінезді тәрбиелеу

Жеке  тұлғаның  шолақ  ойлауынан, 

дөрекі  (аңғармай,  қисынсыз)  сөйлеуінен, 

менмендігінен,  тәккәпарлығынан,  әдеп-

сіздігінен,  парықсыздығынан,  дүние қор-

лығынан көрінетін қор мінез.

Ақымақ  адам  шолақ  ойлайды.  Ой 

қорытуы, қабілеті нашар адам ақымақтығын 

көрсетіп,  көбінесе,  білгенсіп,  ақымақтық 

ойын  «менікі  дұрыс»  деген  ұғыммен  айта 

салып, басқаларды ұятқа қалдырады.

Аңғармай,  қисынсыз,  білгенсіп  сөйлеу 

–  ақымақтық  мінездің  көлбең  көрінісі. 

Ақын  болмаса  да,  «өлеңші»  болып,  шешен 

болмаса  да  мылжыңдап  сөйлейді.  Ақымақ 

адамның  сөзі  дөрекі,  өзі  өңезі  болады. 

Абай  дана  «бұралып  тұрып,  буыны  құрып, 

Қисайта тартып мұрынын, Білгенсіп, пәлсіп» 

сөйлейтін адамның ақымақтық мінезін ашық 

суреттейді. Ақымақтық мінез жеке тұлғаның 

беделін жояды. 

Ақымақтық мінез, көбінесе, менмендіктен 

көрінеді. 

Ақымақ 


адам 

менменшіл, 

мейірімсіз болады. «Мен жақсымын», «мен 

білемін»,  «мен  озықпын»,  «мен  сұлумын», 

«мен  жақсымын»,  «мен,  мен,  мен...»  деп, 

басқа  ақылды  адамдардың  алдын  кесіп, 

ақымақтық жасайтын тұлғалар аз емес.

Тәккәпарлық  –  ақымақтық  мінездің 

белгісі.  Әдепсіздік  ақымақтықтан  туады 

да,  ақымақтық  мінез  пайда  болады. 

Тұрақсыздық  іс-әрекеттер  –  ақымақтық 

мінездің  көрінісі  ретінде  жеке  тұлғаның 

жетесіздігін көрсетеді.

Жеке  тұлғаның  нәпсісін  бұзатын 

дүниеқорлық  оның  ақымақтық  мінезін 

қалыптастырып,  адамгершілігін  жояды. 

Әңгүдік,  әуейлік  –  ақымақтықтың  белгісі 

ретінде  көрсетеді  де  жеке  тұлғаны  жек-

көрінішті етеді.

Ақымақтық мінезді түзеу тәрбиесі – қиын. 

Өйткені  ақымақ  адам  өз  кінәсін,  көбінесе, 

мойындамайды.  Ол  үшін  ұстаздық  сабыр, 

«тіл табу» тәсілдері қажет болады. Әдептік 

әңгіме, келісті кеңесу, өнегелі мысал, көркем 

әдебиет  арқылы  тәрбие  тәлімін  шебер 

жүргізу керек.



Алаңғасарлық мінезді тәрбиелеу

Аңғармай 

сөйлейтін 

арсалаңдық, 

абайсыздық, жеңіл ойшылдық, байыпсыздық, 

әдепсіздік,  жиренсіздік  құбылыстар  алаң-

ғасарлық  мінезді  қалыптастырып,  жеке 

тұлғаның тектік (қазақи) қасиеттерін бұзады.

«Аңғармай  сөйлеген  ауырмай  өледі» 

деп, халық сөз қадірін біліп, мәнін аңғарып 

сөйлеуді  уағыздайды.  Кіммен  сөйлесіп 

отырсың,  қайда  сөйлесіп  тұрсың,  не  айту 

керек?..  Ең  әуелі  аңғарып  барып,  сөйлеу 

қажеттігі  мен  мүмкіндігін  жеке  тұлға 

аңғарымпаздық  жасамаса,  ол  алаңғасар 

болады.


Арсалаңдап,  абайламай  сөйлеу  жеке 

тұлғаның сөйлеу мәнерін бұзып, оны ұятқа 

қалдырады.  «Сөз  мәнісін  білсеңіз,  Ақыл 

мидан өлшеу қыл» деп, Абай дана сөйлеудің 

өзі  ақылға  байланысты  екенін  уағыздайды. 

Орынсыз сөйлеу, артық сөз айту байқамаудан 

(алаңғасарлықтан) пайда болады.

Әр 


нәрсенің 

байыбына 

жетіп, 

сөйлеу,  тіршілік  жасау  жеке  тұлғаның 



байсалдылығын  көрсетеді.  Байсалды  бол-

маған адам алаңғасарлықпен ойын да, сөзін 

де  бұзып,  жұртты  ұятқа  қалдырады.  Әрбір 

сөздің ырғағы, әрбір сөйлемнің мәні болады. 

Сөйлемнің  мәнін  ашып,  сөздің  ырғағын 

келтіріп сөйлемеген адам – алаңғасар.

Алаңғасарлық  мінез,  көбінесе,  әдеп 

сақтамаудан  көрінеді.  Қазақ  халқы  – 

әдепті  халық.  Үлкен  алдында,  көпшілік 

алдында  әдеп  сақтап,  әдеттенбеген  тұлға, 

алаңғасарлығын  білдіріп  алады  да,  өз 

беделіне нұқсан келтіреді.

«Көрген көргенін істейді, көсеу түрткенін 

істейді» деп халық, көргенді адам (тәлімді, 

тәртіпті  адам)  алаңғасар  болмайтынын 

дәлелдейді.

Алаңғасар мінезді нысан білдіру, ескерту, 

талап  ету,  мойындату  тәсілдерін  қолданып 

тәрбиелеуге  болады.  Мінезді  өзгертуге 

болмайды деген ұғым – жансақ ұғым.



Асқақтық мінезді тәрбиелеу

Өзін-өзі артық санаудан, менменшілдіктен, 

басқаны  менсінбеуден,  кесірліктен,  өзбі-

лермандықтан, тарпейілдіктен, тасыр лықтан 

пайда  болатын  асқақтық  мінез  тұлғаның 

ақымақтықтығын көрсетеді.

Азғана  жетістігі  үшін  желпініп,  жеңіл 

сөйлеп,  өзін-өзі  артық  санап,  асқына 

құбылған  асқақтық  мінез  жеке  тұлғаны 

асқақтатып,  асыл  тоқтамын  жояды.  Ол 

басқалардан артықтылығын көп деп көпіріп 

сөйлейді.

Асқақтаған  адам  менмендікпен  мейір-

шапағатты  да  ұмытады.  «Екі  көзің  елеріп, 

Құр  қарайсың  аспанға».  «Ондай  адам 

жолығар  кешікпей-ақ  тосқанға»  деп,  Абай 

дана  асқақтық  мінез  абыройсыздыққа 

ұшырайтынын ескертеді.

Басқаларды  менсінбей,  тек  өзін  ғана 

артықша «бағалайтын» бұл байыпсыз мінез 

басқа адамдарды құрметтеу, сыйлау дегенді 

білмейді.  «Адам  да  –  құдірет  де,  әманда 

құрметте»  деп,  халық  асқақтық  мінезде 

адамның адами қасиеті болмайтынын қатты 

сынап, оны имандылыққа тәрбиелейді.

Асқақтық  мінез,  көбінесе,  кесірлі  іс-

әрекеттен  көрінеді.  «Менікі  дұрыс»  деп, 

кесірленіп,  керғайсақтық  жасаған  адам, 

басқаның  «басуына»  көнбейді.  Орынсыз 

сөйлеу, «орынсыз бекер мал шашу» асқақтық 

мінезден пайда болады. Кесірлі адам әр затты 

дұрыс пайдалануды да ойламай, кесірленіп, 

«төге  салу»,  «тастай  салу»  т.б.  кесірлікпен 

өзіне-өзі  көп  замал-зиян  келтіргенін 

байқамай да қалады.

Асқақтық  мінезді  адам  өзбілермандық-

қа  салынып,  басқының  кеңесін  тыңда-

май  керегіп,  келеңсіздікке  ұшырайды, 

тарпейілдікпен  тасырланып,  татулықты  бұ-

зады.


Асқына екіленіп, асқақтық мінез көрсеткен 

адаммен сабырлы сөйлесіп, салиқалы ой айту 

арқылы  оның  «кемшіліктерін»  түңілтпей 

түсіндіріп, тәрбиелеу керек болады.



Ашуланшақтық мінезді тәрбиелеу

Сабырсыздықтан,  жек  көруден,  қара-

ниеттіліктен, теріс ойлаудан, ызақор лықтан, 

кекшілдіктен, амалсыздықтан пайда болатын 

ашуланшақтық мінез жеке тұлғаның да, оның 

айналасын да абыройсыздыққа ұшыратады.

«Сабыр  түбі  –  сары  алтын»  деп,  халық 

сабыр  сақтауды  уағыздайды.  Сабыр 

сақтамаған  адам  ашуға  жол  береді.  Ашу 

ойды,  іс-әрекетті  бұзады.  Ойы  жеңіл 

адам  абайламай  қателік  жасайды,  қателік 

қасіретке ұшыратып, ашу шақырады.

Жек  көру,  көбінесе,  іштарлықтан  пайда 

болады да, қарсылық (қайшылық) туғызады. 

Әрбір адамның тек жамандық жағын көріп, 

жақсылық  жағына  зер  салмаса,  ол  адам 

жеккөрінішті болып көрінеді, ашуланшақтың 

ашуын туғызады.

Қасарысқан  қараниеттілік  ой  ақымақ 

адамның  ашуын  туғызады.  Іштарлық, 

көреалмастық титығын құртқанда, қараниет 

адам  қатты  ашуланғанын  сезбей  де 

қалады.  Оның  «аузына  ақ  ит  кіріп,  көк  ит 

шыққанын»,  (дөрекі,  былапыт  сөйлегенін) 

айналасындағылар аңғарып, азаптанады.

Кейде  ашу  (албасты)  теріс  түсінуден 

пайда  болады.  Ондай  кезде  ашуланған 

адамға  сабырлы  түрде  түсінік  беру  керек. 

Бірақ ашуланшақ адам тез түсіне қоймайды.

Ызақор  адам  ашуланшақ  болады. 

Ыза  болу  –  намыстану  емес,  өз  кінәсін 

мойындамау,  сабырлы  адам  санасыз  мінез 

көрсетіп, ызаланбайды.

Кекшілдік  кесірлі  адамның  ашуын 

туғызып,  «кек  алу»  үшін  ашуын  құсады. 

Сабырлы  адам  ондай  «құсудың»  артын 

күтіп, ақыл–сабыр сақтауға тиіс.

«Ашу келсе, ақыл кетер, ақыл келсе, ашу не 

етер?», «Ашу – дұшпан, ақыл – дос, ақылыңа 

ақыл қос», «ашу аянбайды, ақыл аялдайды» 



21

20

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

деп, халық ұрпағына ашуланшақтық мінезден 

қашық  болуды  үйретеді.  Ашуланшақтық 

мінезді сабырлықпен тәрбиелеу керек.



Аңғалдық мінезді тәрбиелеу

Әбестік,  аңғармаушылық,  бағаламау-

шылық,  білместік,  тәжірибесіздік,  әуейлік, 

әсірелік  арқылы  көрінетін  бұл  мінез  жеке 

тұлғаны ұятқа қалдырады. 

Әбестікпен байқамай сөйлеген, байқаусыз 

іс-әрекетте  қателік  жіберген  адам  туралы 

халық  «аңғармай  сөйлеген  ауырмай  өледі», 

«ауыздан  шыққан  түкірік  қайтып  жұтсаң 

мәкүрік» деп, қатты сынайды, «байқамасаң, 

басың кетеді» дейді. 

Байқаусыздық  аңғармаушылықтан  пайда 

болады. «Аңғармаған ақылдан танады» деп 

халық аңғарымпаздықты уағыздап, ұрпағын 

байқаусыздықтан аулақ болуға тәрбиелейді, 

«аңғармасаң, арың төгіледі» дейді.

Жеке  тұлға  іс-әрекетті,  жеке  тұлғаны 

бағалай білмесе, байқаусыздықпен бағалауда 

көп  кемшілік  жіберіп,  «бағасыздыққа»  ие 

болып, беделі төгіледі. «Байқамай бағалаған» 

адамның  қате  бағасын  халық  кешірмейді, 

оның «қателігін» түзетуді талап етеді.

Байқаусыздық,  көбінесе,  білместіктен 

пайда  болады.  «Өз  тіліңді  білмесең, 

өкінесің, күнде сен» деп халық білместікпен 

(байқамай) айтылған сөз үшін жеке тұлғаны 

қатты жазғырады, ана тіліне жауапкершілікті 

талап етеді. 

Байқаусыздық,  кейде,  тәжірибесіздіктен 

пайда  болады.  «Көргендінің  ісі  қонымды, 

сөзі  орынды»  деп,  халық  көргенді 

(тәжірибелі) адам байқампаз болатынын үлгі 

етіп көрсетеді.

Әуейлікпен 

(жеңілтектік) 

көрінетін 

байқаусыздық мінезді халық «әуейлік сөздік 

әрі  жоқ»  деп  сынап,  жастарды  әуейліктен 

қамық болуға тәрбиелейді.

«Әсіре  қызыл  тез  оңар»  деп,  халық 

әсірелікпен байқамай кесір мінез көрсетудің 

жаман екенін жастарға жария түсіндіреді.

Байқаусыздық мінезді ескерту, мойындату, 

талап  ету  тәсілдері  арқылы  тәрбиелеуге 

болады.

Баққұмарлық мінезді тәрбиелеу

Атаққұмарлықтан, 

баққұмарлық тан, 

ман     сап қорлықтан,  бақталастықтан,  боскеу-

деліктен  пайда  болатын  бұл  мінез  жалпы 

қоғамға, жеке тұлғаға көп кесірін тигізеді.

Атаққұмарлық  арсыз  адамның  өз 

шамасына  қарамай,  «атақ  қуып»,  құрғақ 

атақ  үшін  құлқы  бұзылып,  сыбайластықты 

діттеп, сыңайы ауып, «жаны тыныш таппай» 

қоғамдық  құрылысқа,  ұжымға  залал 

келтіреді. Құлқын бұзып, құрғақ атақ алып, 

кеуде  қағатын  кесірлі  тұлға  ұлттық  рухты 

бұзады. 


Баққұмарлықтың  құлы  болған  адам 

бақ  пен  бақыттың  еңбек  арқылы  келетінін 

елемей,  білім  арқылы  бекитінін  білмей, 

«бақытқа  жету,  көбінесе,  жеке  байлыққа 

байланысты»  деп  ойлайды  да,  ақша  үшін 

арын  сатып,  анасын  бұлдап  қырдар  елге 

қырсығын  тигізеді.  «Адамды  бақытқа 

денсаулық, еңбек, білім жеткізеді» дейді әл–

Фараби.

Мансапқорлық  пен  мансаптың  құлы 



болған  адам  билік  тапса,  билей  алмай, 

мансабын жалдап, мардымсыздықпен марқая 

алмай, елдің еңсесін түсіреді. «Бірақ секіріп, 

шығам деп, мертігеді жатады, сөйтіп құдай 

атады»  деп,  Абай  данамыз  мансапқордың 

марқайтпайтын мінезін қатты сынайды.

Бақталастық  пен  баққұмар  адам  қадірлі 

адамға  қастандық  жасайды,  әлеумет  – 

әулетіне  қылмысты  іс-әрекетімен  зор  зиян 

келтіреді.

Баққұмарлық  мінез,  көбінесе,  боскеу-

деліктен, тырақылықтан пайда болады. «Мен 

боламын  демеңдер,  кеудені  бос  қаққанға... 

Ондай адам жасығар кемікпей-ақ тосқанға» 

дейді Абай.

Баққұмарлық  мінезді  түсіндіру,  мойын-

дату,  мәжбүрлету  тәсілдерімен  тәр бие леуге 

болады.


Даңққұмарлық мінезді тәрбиелеу

Менмендік, зымияндық, зұлымдық, пара-

қорлық, сыбайластық, дүниеқұмарлық, күн-

шілдік (іштарлық) арқылы пайда болған бұл 

дарақы мінезді адам қоғамға кесірін тигізіп, 

әлеуметті әбігерге түсіреді.

«Мен  білем»,  «мен  артықпын»,  «мен 

көсеммін»  деп  кеудесін  қаққан  даңққұмар 

адам,  басқаға  жол  бермей,  бағалының 

бағын  қайтарып,  жақсыны  жолдан  салып, 

қоғамдық қозғалыстың өсуіне бөгет болады. 

Даңққұмар  адам  даңқ  қуу  жолында  өз 

қатарластарының  алға  басуына  кедергі 

болып, 


зымияндық 

жасайды, 

неше 

түрлі  қулық–сұмдықты  «ойлап  тауып», 



қарсыласын «қағып түсіріп», ойсырата опат 

жасаудан  тайынбайды.  «Парқыңды  нарық 

біледі,  даңқыңды  халық  біледі»  деп  халық 

даңққұмардың дарақылығының түпкі негізін 

пайымдайды.

Даңққұмар  адам  парақорлықтың  алауын 

түрлі амалын тауып, «құлқынға құл болған 

билік  иесінің  есін  аударып,  есек  қылады», 

көбінесе,  пара  арқылы  жеңіске  жетіп 

желпінеді де, есерлігімен ел бүлдіреді.

Даңққұмар «пенде» сыбайластыққа жан–

тәнімен беріліп, берік қамалдарды бұзып өту 

жолдарын  іздеп  табады,  ұлтшыл,  рушыл, 

бауырмашыл  болғансып,  өз  мақсатына 

жеткен  соң,  өзгелерді  өзегінен  тебеді, 

«төркінін танымай қалады».

Даңқ  қуған  адам  дүниеқұмар,  ол 

ақшаға  арын,  басқаға  барын  сатып,  өзінің 

өзгешелігін  өршелене  көрсетуге  тырысады 

да,  халыққа  жат  қасиетсіз  қылықтар 

көрсетеді, даңқымды шығарам деп, мансап – 

дәреже біткенді сатып алуға тырысады.

Даңққұмарлық  мінез  іштарлық  мінезбен 

кірігіп, бірігіп, жеке тұлғаның жеккөрінішті 

бейнесін  көрсетеді.  Оны  тек  өмір  талқысы 

ғана тәрбиелейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет