Көкіұлыбатыр (1667-1749 ж.) мен Кіші жүздің ханы dбілқайыр ханның кеңесшісі болған, танымал
жырау Мөңке би Тілеуұлының(шамамен 1675 – дүниеден өткен жылы белгісіз) өмірі мен ерліктері,
өнегелі ой тұжырымдары студент жастарды туған жер мен елді сүюге, ата-ананы, ағайын-туысты
қадірлеуге үндейтін патриоттық рухқа толы туындылар.М`селен, Мөңке би өз заманында «ердің
құнын екі ауыз сөзбен шешкен сұңғыла би», келер күнді айнытпай болжайтын с`уегей ж`не дала
даналығының көрінісі іспетті ой тұжырымын тағылымды поэтикалық жырға айналдырған жырау
ретінде танылды [8, 577 б.].
Көшпелі өмірдің тіні бұзылмаған қоғамда заман ағысын аңдап, оның келешек кескін-кейпін д`л
болжай білу Мөңке би шығармашылығының басты белгісі, ерекшелігі екенін де көруге болады. Ел
аузында Мөңке би мың жылдығын болжап кеткен деген ой айтылады. Қарт аталармыз Мөңке би
былай деп қазақ халқын келешекте не күтіп тұрғанын болжап берген деседі. Оның д`лелі бабамыздан
қалған мына бір жыр жолдары:
Құрамалы, қорғанды үйің болады,
Айнымалы,төкпелі биің болады.
Халыққа бір тиын пайдасы жоқ,
Ай сайын бас қосқан жиын болады.
Ішіне шынтақ айналмайтын
Ежірей деген ұлың болады.
Ақыл айтсаң аурып қалатын
Бежірей деген қызың болады.
Алдыңды кес-кестеп өтетін
Кекірей деген келінің болады,
Домалақ-домалақ түймедей дeрің болады,
Жастарға билігі жүрмес кeрің болады.
Ертеңіне сенбейтін күнің болады,
Алашұбар тілің болады,
Дүдeмeлдау дінің болады.
nйелің базаршы болады… -
деп, ашы да болса шынайы қазіргі біздің д`уіріміздің бейнесін аса бір көрегендікпен қатаң сынға ала
отырып, д`л болжап айтқанбабамыздың ой-тұжырымдары екендігін мойындауымыз қажет. Жыр
жолдарына байыппен үңіліп қараған оқырманы Мөңке би бабамыздың сынынан сабақ алуы тиіс деп
білеміз. Ежірей атты ұл мен Бежірей атты қыздан, Кекірей атты келіннен сақтану үшін нағыз өз
ұлтының болмысын, ата д`стүрін құрметтейтін, терең т`рбиелі, білімді ұрпақ тұлғасының қажеттілігі
туралы ой тұжырымдарын т`рбиенің талабы деп қабылдағанымыз жөн. Міне, осындай өнегелі өсиет
қалдырған Мөңке бидің біздің заманымызға «Өттің, жалған-ай», «Шалқыма», «Қиқу д`урен»,
«Жиын алқа, кеңесі» атты төрт күйі жеткен. Дегенмен оның күйлері бұданда көп болуы мүмкін деген
болжамдар айтылады.
Мөңке би тарихымызда есімі құрметпен аталатын философ, терең ойшыл, ұлы ақын. Қара қылды
қақ жарған, мың жылдығын болжаған дала кемеңгері. Мөңке би бабамызға арналған м`рм`р тастан
жасалынған ескерткіш мүсін (тұғырдың биіктігі 2,7 м., ескерткіштің биіктігі 1,5 м.) Ақтөбе қала-
сының орталығында орналасқан [7, 561 б.]. Біздің жерімізде осындай қазақ тарихында зор беделге ие,
нар тұлғалы қоғам қайраткерлерінің болғанын студенттердің бірі білсе, бірі жіті білмейді. Біздің
мақсатымыз жалпы қазақ ж`не туған өлке тарихындағы би-шешендер мен батыр бабаларымыздың
есімі, өмірі мен шығармашылығы туралы танымдық-т`рбиелік м`ні зор туындыларды студент
жастарымызға мақсатты түрде, жүйелі, терең таныту
.
Сондықтан біз есімі мен ерлігі `лемді мойындатқан қазақ топырағынан шыққан батырларды
еліміздің түрлі аймағынан жиналған студенттерімізге кеңінен таныстырып, тарихтағы ерлігі мен
батырлығын ұлықтап, үлгі ете отырып, олардың да «Мgңгі Қазақ елі», жері, ана тілі, діні үшін
«қасық қаны қалғанша» бүгінгі уақыт талабына сай өмір майданында тынымсыз қызмет етуге
`рқашан дайын болуын түсіндіріп, бойларына сіңіруге талпындық. Бүгінгістудент жастар, ертеңгі
мамандық иелерінің азаматтық тұлғасын қалыптастырып, өмірде кез-келген сынға түсуге дайын,
б`секеге қабілетті «сегіз қырлы бір сырлы» етіп,ұлттық патриоттық рухта т`рбиелейміз десек,ең
алдымен өз халқымызға т`н ұлттық құндылықтарымыз бен салт-д`стүрлерімізді, халық ауыз `дебиеті
үлгілерін, батыр бабаларымыздың өмірі мен ерлігід`ріптелетін тарихи, `деби деректерді қамтыған
асыл мұраларымызды жастар санасынабарынша ЖОО-ғы оқу-т`рбие процесінің мүмкіндіктерін
пайдалана отырып, терең сіңіре білу басты міндетіміз болып қала бермек.
Вестник КазНПУ им. Абая, серия«Педагогические науки», №2 (50), 2016 г.
148
1 Назарбаев Н.n. Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ. //Егемен Қазақстан, 2012
ж. 15 желтоқсан, №828-831 (27902).
2 Бахтиярова Г.Р.Қазақ халқының дeтүрлі педагогикалық мeдениеті:тарихы, теория жeне практика.
Монография. – Ақтөбе, 2012. – 372б.
3 Иманбаева С.Т. Жаңа қазақстандық патриотизм – интелектуалды ұлтты қалыптастырудың кепілі.
//Педагогика жeне Психология. – Алматы, 2013, №4 (17). – Б. 98 – 105.
4 Баймолдаев Т.М. Біліктілікті арттыру жүйесіндегі жастарға патриоттық, тeрбие беру жұмысы.
//Білім. – Алматы, 2009. №6 (48). – Б.58-60.
5 Иманбетов А. Н. Қазақ этнопедагогикасының негізінде студенттерге патриоттық тeрбие беру.
Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дeрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның афторе-
фераты. – Қарағанды, 2007. – 25 б.
6 Тайжанов А.Т. Тағылымды танымдар: көмекші оқу құралы – Орал: «Ағартушы» орталығы, 2007. – 304 б.
7 Ақтөбе: Энциклопедия. – Ақтөбе: «Отандастар-Полиграфия» ЖШС, 2001. – 748 б.
8 Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. /Бас ред. Б.Аяған. – Алматы: Қазақ энциклопедиясының Бас редак-
циясы, 2004. – 696 б.
Резюме
Возможности патриотического воспитания студентов на основе этнокультурных ценности
Бахтиярова Г.Р. – к.п.н., доцент. Актюбинский региональный государственный университет
имени К.Жубанова. aibol04@mail.ru
Нуртазина Н.К.- магистрантка 2 курса по специальности 6М010300- Педагогика и психология,
e-mail: naz_gul.kz.@mail.ru
В статье всесторонне проанализирована важность использования этнокультурных ценностей в патриоти-
ческом воспитании студентов вуза. Кроме того, даются суждения и мнения ученых о понятиях: «патриотизм»,
«национальный патриотизм» и «казахстанский патриотизм». Авторы подчеркивают роль рационального
использования культурных и духовных ценностей народа, которые основаны на формировании национальной
идентичности студентов через любовь к родной земле, через знание, хроники истории страны, знание литерату-
ры и региональной этнокультурной специфичности. Авторы рассматривают работу по патриотическому вос-
питанию со студентами вузов в реальной практике. А также в статье рассматриваются особенности и возмож-
ности формирования личностных качеств и развития патриотического сознания молодежи на основе региональ-
ных этнокультурных ценностей.
Ключевые слова: народная педагогика, этнопедагогика, традиционная педагогическая культура, народное
воспитание, патриотическое воспитание, патриотизм, казахстанский патриотизм.
Summary
Possibilities of patriotic education of students on the basis of ethnic and cultural values
Bakhtiyarova G. – candidate(Ph.D) of pedagogical sciences, associate professor of the
Aktobe Regional State University after K.Zhubanov.aibol04@mail.ru
Nurtazina N. – 2
th
course master specialty of «pedagogics and psychology» naz_gul.kz.@mail.ru;
In this article comprehensively analyzed the importance of ethnic and cultural values in the patriotic education of
students of higher educational establishment. In addition, there are given the judgment and opinions of scientists about
the concepts of «patriotism», «national patriotism», and «Kazakhstan patriotism». The authors emphasize the role of the
rational use of cultural and spiritual values of the people, which are based on the formation of the national identity of
students through the love of his native land, through knowledge chronicles the history of the country, knowledge of
literature and regional ethnic and cultural specificity. The authors examine the work by patriotic education with students
of higher educational establishment in real practice. Also, in this article describes the features and possibilities of the
development of personal qualities and patriotic consciousness of youth on the basis of regional ethnic and cultural
values.
Key words:national Pedagogy, ethnopedagogy, traditional pedagogical culture, national education, patriotic
education, patriotism, Kazakhstan patriotism
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2 (50), 2016 ж.
149
УДК 378.14
БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ЗИЯТКЕРЛІК ,ЛЕУЕТІН ДАМЫТУ ШАРТТАРЫ
Т.Б. Кенжебаева – Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты, Рһ.D докторы, доцент,
tattygyl1977@mail.ru
Бұл мақалада ұлттың зияткерлік `леуетін арттыруда басты құндылықтар ретінде сала мамандарын дамыту,
`рі бұл ретте жоғары оқу орындарының басымдылығы ерекше екендігіне назар аударылады. Сонымен қатар,
болашақ мұғалімдердің зияткерлік `леуетін дамытудың психологиялық-педагогикалықшарттары қарастыры-
лады. Шарт ұғымының философиялық, психологиялық-педагогикалықтұрғыдан анықтамалары талданады.
Сонымен, мақсатқа жетудегі психологиялық-педагогикалықшарттар жиынтығының бірнеше жолы бірінші-
ден, білім берудің базалық амалдарын таңдау негізі ретінде тұлға бойында дамытатын сапаның м`н-мазмұны-
мен `рі ортаның ерекшелігімен, ұйымдастыру шарттарымен ж`не білім беру мекемесінің (ЖОО) субъектте-
рімен анықталатыны сипатталады.
Түйін сөздер: зияткерлік `леует, дамыту, шарттар, болашақ мұғалім, к`сіби іс-`рекет.
Қазақстанда білім беру жүйесін гуманизациялау арқылы нарықтық қатынасты қалыптастыру, яғни
отандық қызмет салаларын адамзат жағдайына қарай бейімдеу қазіргі күннің талабы. Оның н`тижесі
- жаңа сапалы зияткерлі ұлт. Зияткерлі қоғам жолында дамып келе жатқан Қазақстанда бізге жаңаша
міндеттер жүктелуде.
Елбасы Н.d. Назарбаев жоғары оқу орындарына (ЖОО) арналған «Қазақстан дағдарыстан кейінгі
дүниеде: болашаққа интеллектуалдық секіріс» атты актілік д`рісінде «интеллектуалды ұлт» қалып-
тастырудың негізгі аспектілерін атап өткен болатын. «Біздің ендігі міндет – қазақстандықтардың,
бірінші кезекте жастардың білімділікке, зияткерлікке, ж`не Отанға, халқына қызмет етуге деген
көзқарастарын өзгерту» [1].
Сондықтан да жалпыадамзаттық ізгілікке, ұлттық құндылықтарға негізделген руханиятты қоғам
құру `рбір өміртіршілік саласының міндеті. Қазақстандағы зияткерлік қорлардың басты көрсеткіші
ретінде білім мен ғылым дамуына ықпал етерлік факторларды, рухани-м`дени құндылықтар мен
`депті сақтау, д`ріптеу д`стүрге айналғаны абзал. Ұлттың зияткерлік `леуетін арттыруда басты
құндылықтар ретінде сала мамандарын дамыту басты орында тұр. Бұл ретте жоғары оқу орындары-
ның ұлттың зияткерлік `леуетін дамытуда орны ерекше.
Сонымен, бұл жағдайға болашақ мамандарды даярлау үрдісінде қандай шарттар `сер ететіндігін
талдап көрелік.
Зияткерлік `леует айқындалған сыртқы ж`не ішкі шарттардың ықпалында дамуы мүмкін. Психо-
логия ж`не педагогика ғылымдарында«шарт» ұғымы нысанның оны қоршаған ортадағы құбылыс-
тарына деген қатынасын білдіретін категория ретінде қарастырылады. Ал педагогикалық танымдағы
«шарт» ұғымы психологиядан бірқатар айырмашылықтармен сипатталады. Себебі, қазіргі дидактика
бойынша «шарт» оқу ісіндегі жетістікті қамтамасыз ететін оқу үрдісінің факторлары мен компонент-
терінің жиынтығы ретінде тұжырымдалады. Т`рбие теориясында шарттарды `ртүрлі педагогикалық
үрдістер тоғысатын орта деп қарастырады.
«Шарт» ұғымының негізгі ерекшеліктері мен белгілерін `ртүрлі астарларда қарастырып, талдай-
мыз. Сөздіктерде «шарт» бір құбылыстың жағдайға т`уелділігі; іс-`рекет, өмірдің бір саласында
бекіген ережелер деп түсіндіріледі [2].
Философиялық тұрғыдан заттың қоршаған құбылыстарға қатынасы, т`уелділігі, онсыз ол бола
алмайды, «нысандар (заттардың, олардың қалпы, өзара `рекеттестігі) кешенінің м`нді компоненті»
деп сипатталады [3]. Яғни, сол құбылыстың нақты шарттарының жиынтығы, оның пайда болуына,
`рекет етуіне ж`не дамуына жағдай жасайды.
Психологияда шарт психикалық даму контекстінде ұсынылады ж`не психологиялық дамуды
анықтайтын, оны жеделдетіп, не шегендіретін, даму үрдісіне, динамикасына ж`не н`тижесіне ықпал
ететін ішкі ж`не сыртқы себептердің жиынтығы арқылы ашылады [4].
Педагогикалық шарттар – мақсатты құрылған жағдай, онда педагогқа оқу-т`рбие жұмысын тиімді
іске асыруға көмектесетін психологиялық-педагогикалық факторлардың (қарым-қатынас, құралдар,
т.б.) жиынтығы тығыз байланыста болады [5]. Сонымен, кешенді талдау көрсеткендей, «шарт»
жалпығылыми ұғым, оның м`ні педагогикалық тұрғыда бірнеше сипатталуы мүмкін:
Вестник КазНПУ им. Абая, серия«Педагогические науки», №2 (50), 2016 г.
150
1) шарт – себептердің, жағдайлардың, нысандардың ж`не т.б. жиынтығы;
2) аталған жиынтық оқытуға, т`рбиелеуге ж`не дамытуға ықпал етеді;
3) шарттардың ықпалы оқыту, т`рбие ж`не дамыту үрдістерін жеделдетеді немесе шегендіреді,
сонымен қатар оның динамикасы мен н`тижелеріне ықпал етеді.
Ю.К. Бaбaнский ықпал ету бойынша, педагогикалық жүйедегі қызметтің шарттарын екі топқа
бөледі: сыртқы (табиғи-географиялық, қоғамдық, өндірістік, м`дени) ж`не ішкі (оқу-материалдық,
мектептік-гигиеналық, моральдық-психологиялық, эстетикалық) [6].
Ықпал ету сипаты бойынша шарттар объективті ж`не субъективті болып жіктеледі. Педагогика-
лық жүйенің қызметін қамтамасыз ететін объективті шарттарға білім беру саласының нормативтік-
құқықтық базасы жатады ж`не білім беру қатысушыларының онда адекваттылығының көрінісіне
итермелейтін себептердің бірі ретінде болады. Педагогикалық жүйенің дамуы мен қызмет етуіне
ықпал етуші субъективті шарттар педагогикалық іс-`рекет субъектілерінің `леуетін, `рекеттерінің
келісімділігінің деңгейін, мақсаттық приориттердің ж`не жетекші ойлардың білім алушыларға, т.б.
м`нділігінің д`режесін анықтайды [7].
Акмеологияда шарт м`нді, маңызды жағдай деп танылады ж`не кемелденген тұлғаның жоғары
д`режелі прогрессивті даму жетістіктеріне, ең алдымен тұлғаның к`сібилік деңгейіне жету, оның
қызметін атқара білу тікелей шартқа байланысты. Педагогикалық зерттеулерде «шарт» белгілі бір
дүниеге ықпал етуші ғана емес, сонымен қатар қажеттілік түрінде сол дүниенің қалыптасып дамуына
алғышарт болатын құрал ретінде қарастырылады.
Заманауи ЖОО-на еңбек нарығында б`секеге қабілетті бола алатын тұлғаны қалыптастыру
м`селесі тұр, ол өз кезегінде ЖОО-ны түлегінің өз мамандығына, болашақ педагогикалық, зияткерлік
еңбекке деген шығармашылық көзқарас, қарым-қатынас танытуына байланысты [8].
Педагогикалық жұмыстың ерекшелігі мұғалімнің к`сіби іс-`рекетінің нысаны да, субъектісі де
білімалушы тұлға, сондықтан педагог жұмысының қиындығы мен жауапкершілігі оқушы тұлғасын
«жасау» ж`не «жаңа өнім шығаруды» жүзеге асыруда байқалады.
П.И. Пидкасистыйдің пайымдауынша, білім беру жүйесінде тұлғаны дамыту өзара байланысқан
биологиялық, психологиялық, `леуметтік бағыттар арқылы жүзеге асырылады ж`не тұлғаны дамыта-
тын ортаны құрайтын `рбір құрамдас бөліктерді шарт деп атайды. Сондай-ақ шарттар жиынтығын
іріктей отырып, аса қажетті ж`не жеткілікті шарттар деп жіктейді. Аса қажетті шарттар қатарына
студент дамуына қажетті ішкі объективті заңдылықтар енеді. Осы заңдылықтар арқылы дамудың
тиімділігін көруге болады; жеткілікті шарттар қатарына дамуға қарама-қарсы тұратын себептер жата-
ды [9]. Ал аса қажетті ж`не жеткілікті шарттар толық болмаған жағдайда даму үрдісінде ауытқулар
болып, тіпті даму үрдісі тоқтатылуы мүмкін.
A.B. Морозов, Д.В. Чернилевский болашақ мұғалімді к`сіби іс-`рекетке дайындауда тұлғаны
педагогикалық іс-`рекеттің субъектісі ретінде дайындау маңыздылығы жайлы A.M. Лузинаның пікі-
рін құптай келе, педагогикалық іс-`рекеттің субъектісі тұлғаның пісіп жетілуі тек нақты шарттардың
негізінде болатынын атайды. Олар, сыртқы шарттар: дамудың `леуметтік жағдайы, ғылымның
заманауи даму деңгейі, көпшілік білім беру т`жірибесінің жағдайы, оқу бағдарламалары мен оқулық-
тарда көрсетілген `діснамалық нұсқалар, мұғалімнің, педагогикалық ұжымның позициясы мен зият-
керлік `леуеті ж`не шығармашылығы; ішкі субъективті шарттар: ЖОО-нда бастауын алатын к`сіби
еңбекке, зияткерлік шығармашылыққа деген дайындық [10].
Қазіргі гуманистік парадигмада, білім беру т`рбиенің м`ні ретінде таңдалған, идеалға сай тұлға
қалыптастыру мақсатында жүргізілмейді, керісінше, д`стүрлі авторитарлы педагогика жүйесімен
жүреді.
Тұлғаның зияткерлік `леуетін с`тті, н`тижелі жетілдіру үшін қажетті шарттар түрлі астарларда
(тетіктер мен қағидалар, дидактикалық құралдар, `дістер, т.б.) В.И. Андреев, М.Я. Виленский, Дж.
Дьюи, З.И. Калмыкова, В.А. Кан-Калик, М.А.Wollach, т.б. қарастырылды [11-16].
Ғалымдардың пікіріне сүйене отырып, біз болашақ мұғалімдердің зияткерлік `леуетін тиімді
дамытуға ықпал ететін шарттарды анықтап, оларды жіктедік.
Ең алдымен, болашақ мұғалімдердің зияткерлік `леуетін дамыту шарттары екі түрлі шарттың
өзара байланысуы арқылы қалыптасады. Олар: `леуметтік орта ж`не педагогикалық-психологиялық
шарттар, олардың ортақ мақсаты – зияткерлік `леуетті дамыту (сурет 1).
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2 (50), 2016 ж.
151
Сурет 1 - Болашақ мұғалімдердің зияткерлік .леуетін дамыту шарттары
В.И. Андреевтің пікірінше, зияткерлік өзіндік даму қызметі ж`не оның орындалу ағымы жетіс-
тікке жету деңгейлері сынды `леуметтік, сонымен қатар биологиялық, табиғи факторлармен негіздел-
ген. «Зияткерлік қабілеттерді дамытуда табиғи ж`не `леуметтік байланысы көп зерттелді, бірақ
олардың н`тижелері мен пайдалы ықпалы, кері `сері туралы нақты м`ліметтер жоқ. dйтеуір `рбір
адамның бойында табиғи күш-қуат бола бермейтіні айқын. Бірақ адам бойында табиғи дарынды-
лықпен берілген кішкентай қабілетті ашу үшін қолайлы `леуметтік шарттар қажет» [11, 201б.]. Ол өз
зерттеуінде мынаны ашып көрсетеді: педагогикалық факторлар мен шарттар `леуметтік ортаның
құрамдас бөлігі, бірақ `леуметтік шарттар қатарында көп жағдайда педагогикалық факторлар мен
шарттарды көрсетіп жатады. Осы тұрғыдан алатын болсақ, педагогика тұлға қалыптастыруға
мақсатты түрде бағыттайтын шарттарды зерттейтінін айқындап алуымыз қажет.
Сонымен қатар, В.И. Андреев педагогикалық астарларға баса назар аудару қажеттілігін былайша
түсіндіреді: педагогика саласында ғана тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін мақсатты бағыттаған
`рекеттер түбегейлі жүзеге асырыла алады. Сондай-ақ педагогика саласында осы үрдісті н`тижелі
орындауда кездесетін стихиялық `серлерді оңтайлы шешу жолдары ескерілген [11, 215б.]. Яғни
студенттің зияткерлік `леуетін дамытуға мүмкіндік жасайтын ішкі ж`не сыртқы жағдайлардың аса
қажетті `рі жеткілікті шарттарын айқындау барысында сыртқы жағдайларға т`н педагогикалық
шарттардың да орны ерекше екені байқалады, сонымен қатар студенттің зияткерлік қабілетін дамыту-
ды іштей жетілдіру сияқты зияткерлік даму тетіктерінің іс-`рекеті маңызды екені ескеріледі.
Б.Г. Ананьевтің пайымдауынша, «адамзаттың дамуы көптеген факторлардың өзара байланысына
тікелей қатысты болады:
- тұқымқуалаушылық;
- орта (`леуметтік, биогендік, абиогендік);
Т`рбие (тұлғаны қалыптастырудағы қоғамның ықпалы); адамның жеке т`жірибелік қызметі.
Сөйтіп, осы факторлар жеке-жеке емес, біріккен түрде дамудың күрделі құрылымы ретінде іске
асады» [17, 114-116 б.].
Сонымен, мақсатқа жетудегі педагогикалық-психологиялық шарттар жиынтығы бірнеше жолмен:
біріншіден, білім берудің базалық амалдарын таңдау негізі ретінде тұлға бойында дамытатын, қалып-
тастыратын сапаның м`н-мазмұнымен; екіншіден, ортаның ерекшелігімен, ұйымдастыру шарттары-
мен ж`не білім беру мекемесінің (ЖОО) субъекттерімен анықталады.
1
«Интеллектуалды eлеуеттен - интеллектуалды ұлтқа» ұжымдық. - Алматы, 2012. - 216 б.
2 Ожегов С.И. Словарь русского языка: ок. 53000 слов / под общ. ред. проф. Л.И. Скворцова. 24-е изд., испр.
– М.: ООО «Издательство Оникс»: ООО «Издательство Мир и образование», 2007. – 640 с.
3 Философский энциклопедический словарь / гл. редакция: Л.Ф. Ильичев, П.Н. Федосеев, С.М. Ковалев, В.Г.
Панов. - М.: Сов. энциклопедия, 1983. - 840 с.Немов Р.С. Психология: словарь-справочник: в 2 ч. - М.: Изд-во
ВЛАДОС-ПРЕСС, 2003. - Ч. 2. - 352 с.
4 Полонский В.М. Словарь по образованию и педагогике. – М.: Высш. шк., 2004. – 512 с.
5 Педагогика / под ред. Ю.К. Бабанского. – М.: Педагогика, 1988. – 432 с.
6 Найн А.Я. О методологическом аппарате диссертационных исследований // Педагогика. - 1995. - № 5. – С.
44-49.
Педагогикалық-
психологиялық шарттар
+
,леуметтік орта
$
Вестник КазНПУ им. Абая, серия«Педагогические науки», №2 (50), 2016 г.
152
7 Личность и профессия: психологическая поддержка и сопровождение / под. ред. Л.М. Митиной. - М.:
Академия, 2005. – 336 с.
8 Пидкасистый П.И., Горячев Б.В. Процесс обучения в условиях демократизации и гуманизации школы:
учебное пособие. - М., 1991. – 352 с.
9 Морозов А.В., Чернилевский Д.В. Креативная педагогика и психология. - М.: Академический Проект, 2004.
- 560 с.
10 Андреев В.И. Эвристика для творческого саморазвития. - Казань, 1994. – 246 с.
11 Виленский М.Я. Педагогические основы формирования опыта творческой деятельности будущего
учителя: учебн. пос. - М.: Прометей, 1993. – 117 с.
11 Дьюи Дж. Психология и педагогика мышления. Как мы мыслим / пер. с англ.-М.: Лабиринт, 1999.- 192 с.
12 Калмыкова З.И. Продуктивное мышление как основа обучаемости. - М.: Педагогика, 1981. – 200 с.
14 Кан-Калик В.А. Педагогическая деятельность как творческий процесс. - Грозный, 1976. – 286 с.
15 WollachМ.А., Kogan N. A new look of the creativity - intelligence distinction // J. of Personalit. - 1965. - №33
(3). – Р. 348-369.
16 Ананьев Б.Г. Избранные психологические труды: в 2 т. - М.: Педагогика, 1980. - Т. 1.- 230 с; Т. 2. - 287 с.
Достарыңызбен бөлісу: |