С. Г. Тажбаева Редакция алқасы


Резюме  Наследие Дреней Эпохи и Нынешняя Молодежь



Pdf көрінісі
бет44/65
Дата06.03.2017
өлшемі13,22 Mb.
#7935
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   65

Резюме 
Наследие Дреней Эпохи и Нынешняя Молодежь 
Берикболова П.К. – старший преподаватель, докторант 
Целью  данной  статьи  является  выяснить  и  дать  оценку  с  помощью  анкетирования,  какова  точка  зрения 
молодых специалистов на народное наследие, их желание исследовать труды предков. На ряду с образованием 
также  особое  место  занимает  воспитание  которое  мы  даем  молодёжи.  Главной  целью  педагогики  является 
развитие  национального  воспитания.  Можно  сказать  что  в  процессе  присвоения  национального  воспитания 
невозможно оставить без внимания тюркское воспитание. Чем больше молодёжь будет знать о прошлом своего 
народа,  о  древних  наследованиях  тем  больше  будет  его  любовь  к  родной  стране.  Народ,  не  знающий  своих 
истоков, никогда не сможет построить крепкое будущее. Целью данной статьи является выяснить и дать оценку 
с  помощью  анкетирования,  какова  точка  зрения  молодых  специалистов  на  народное  наследие,  их  желание 
исследовать  труды  предков.  Приняли  участие  студенты  Казахской  Филологии,  где  обучают  предмет  Литера-
тура Древних Веков. Анкета состояла из 9 вопросов. Количество принявших участие-117. 
В  этой  статье  были  сделаны  выводы  на  основе  результатов  анкетирования.  Большинство  молодёжи  не 
считают  себя  связанными  с  прошлым.  Напротив,  считают  себя  людьми  современными,  что  прошлое  для  них 
чуждо:  история,  культура,  традиции,  литература.  То  есть  большой  проблемой  сегодняшнего  дня  является 
пропасть между прошлым и настоящим. Всем известно значительное влияние Советского союза. Для этого нам 
необходимо создать труды, которые проложат мост между прошлым и поколением сегодняшних дней. 
Ключевые слова: Древнее наследие, историческая личность, историческая память, анкетирование. 
 
Resume 
The Heritage of Ancient Era And Today’s Youth 
Berikbolova.P.K. - PhD student, senior lecturer Suleyman Demirel University, Faculty of Filology 
Purpose of this article is to find out what is the point of view of young professionals on the national heritage, and 
their desire to explore the works of their ancestors, which will be evaluated with the help of a survey. The upbringing 
we  are  giving  to  young  generation  is  as  important  as  the  education.  The  main  goal  of  pedagogy  is  development  of 
national  pedagogical  education.An  important  role  of  Turkiс  education  in  formation  of  national  education  should  be 
noted as well. The more young generation will know about the past of their people,ancient heritage of their country the 
more will be the love for their native country, motherland. Nationthat is ignorant of their origins, will never be able to 
build a strong future.  
Purpose of this article is to find out what is the point of view of young professionals on the national heritage, and 
their  desire  to  explore  the  works  of  their  ancestors,  which  will  be  evaluated  with  the  help  of  a  survey.  Students  of 
Kazakh Philology, where Literature of the Ancient Agesis taught, took part in a survey. The questionnaire consisted of 
9 questions, and 117 students took part in research. 
Conclusions in the article were  based on thesurvey results. Most of the young people do not consider themselves 
bound by the past. In contrast, they consider themselves up-to-date andthat past is alien to them, such as history, culture, 
tradition, and literature. Therefore, the gap between past and present is a big problem today. Moreover, everyone knows 
the great influence of the Soviet Union. To do this we need to create works that will pave the bridge between generation 
of past and present day. 
Keywords: ancient heritage, historical figure, memorabilia, survey. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия«Педагогические науки», №2 (50), 2016 г. 
274 
,ОЖ: 37. 013 
 
К.Ж. ҚОЖАХМЕТОВАНЫҢ ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ Т,РБИЕСІ ЖӨНІНДЕГІ 
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАРЫ 
 
,.К. Толқынбаева – ҚазМемҚызПУ 6М010300 – Педагогика жeне психология мамандығының  
І курс магистранты, aigera_28.93@mail.ru 
Ғылыми жетекші: Қоңырбаева С.С. – п.ғ.к.қау.профессоры, ҚазМемҚызПУ, pedsheberlik@mail.ru 
 
Мақалада  жаһандану  заманында  жас  ұрпақты  ұлттық  құндылықтарымызбен  сусындатып,  білім  беру  сала-
сында тиімді қолдана білу. Ұлттық құндылықтарды ескере отырып, халқымыздың ұлттық-м`дени ж`не м`дени-
тарихи  д`стүрлерін  жас  ұрпақтың  бойына  сіңіру  қарастырылған.  Қазіргі  жаһандану  заманындағы  ақпарат 
ағымының толассыз болуы т`рбие мен ой-санасына кері `сер етуде. Сол себепті де, жеке тұлға мінезінде ұлттық 
белгілерді  қалыптастырудағы  этникалық  т`рбиенің  маңызды  екені  жөнінде  К.Ж.Қожахметова  өзінің  ғылыми 
еңбектерінде зерттеген.Ал, мақалада ғылыми еңбектердегі этникалық т`рбиенің білім беру саласында маңызды 
екеніне талдау жүргізіп, сипаттама берілген. Білім беру саласында студенттердің патриоттық сезімі мен отан-
сүйгіштік қабілетін ашу үшін, ұлттық құндылықтарымыз бен халық мұрасын тиімді пайдалану ұрпақ келешегі 
үшін өте маңызды екендігі қарастырылған. 
Түйін  сөздер:  этнопедагогика,  ұлттық  құндылық,  білім  беру,  патриоттық  т`рбие,  халық  мұрасы,  ұрпақ 
келешегі. 
 
ХХІ  ғасыр  –  жаһандану  заманында  болашақ  ұрпаққа  ұлттық  құндылықтарымызды  д`ріптей  оты-
рып, рухани т`рбие мен сапалы білім беру бүгінгі таңдағы өзекті м`селенің бірі. М`селе қаншалықты 
өзекті  болса,  оны  жүзеге  асыру  –  соншалықты  күрделенуде.  Себебі,  интернет,  теледидардан  бастау 
алған ақпарат құралдары болашақ ұрпақтыңақпарат ағынының астына алып, оның ой-санасына кері 
`сер  етуде.  Бүгінгі  жастарымыздың  мінез-құлқынан,  жүріс-тұрысынан,  тіпті  ата-аналарына,  қоғамға 
деген қарым-қатынас, көзқарастарынан көріп, байқап жүрміз. 
Ел Президентінің ұрпаққа ұлттық т`лім-т`рбие берудің негізгі бағдарлы идеяларын жүзеге асыру 
мақсатында бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік саясат жөнін-
дегі  Ұлттық  кеңес  бекіткен  бірнеше  Тұжырымдама:  «Жоғары  мектеп  студенттеріне  этнопедаго-
гикалық білім беру тұжырымдамасы (1998), «Қазақстандағы педагогикалық ой-пікірдің қалыптасып, 
даму  тарихын  педагогикалық  жоғары  оқу  орындарына  арнайы  п`н  ретінде  енгізу  туралы»  (1991), 
«dлеуметтік-м`дени  даму»  (1993),  «Гуманитарлық  білім  беру»  (1994),  «Мектепке  дейінгі  ж`не 
мектеп  жасындағы  балалар  т`рбиесі»  (1995),  «Жалпы  білім  беретін  мектептердің  дамуы»  (1997) 
тұжырымдамалары жарық көрді. 
Бұл  құжаттарда  барлық  құндылықтарды  сақтай  отырып,  білім  беру  жүйесін  Қазақстан  Респуб-
ликасы  халықтарының  ұлттық-м`дени  ж`не  м`дени-тарихи  д`стүрлерін  ескере  отырып  қайта  қарау 
қажеттілігі айтылған. Бұл қажеттілік қазақ халқының тарихи даму жолына жаңа көзқарастар туғызып 
қана  қоймай,  халық  мұрасының  жан-жақты  терең  зерттелуіне,  сондай-ақ  оны  `діл  бағалауға  өте 
қолайлы жағдайлар туғызды. 
Бағдарламалық құжаттардың мақсаты – жалпыазаматтық құндылықтар мен Қазақстанның ұлттық 
ерекшеліктерін есепке ала білім берудің мемлекеттік саясатының стратегиясын дайындау. 
Ұлттық  құндылықтан  алыстай  бастаған  ұрпақ  ұлт  келешегінен,  ел  мен  жер  келешегінен  гөрі,  өз 
басының қамын ойлауға бейімделеді, оның ұлттық қасиетіне сынық түседі. Ал оның алдын алу, оны 
болдырмау – күрделі қоғамдық, `рі ғылыми м`селе. 
Жас  ұрпаққа  саналы  т`рбие  беруде  `р  ұлт  өзінің  ықылым  заманнан  бері  қалыптасқан  ұлттық 
құндылықтарын басты назарда ұстайды. Бұл түсінікті жай. Ғылым соны зерттеп, заман талабына сай 
дамытуы  тиіс.  Демек,  ғалымдардың  н`тижелі  еңбек  етуі  –  осы  істің  бастау  қайнары,  оны  н`тижелі 
жүргізудің  негізгі  құралы  болмақ.  Бұл  педагогика  ғылымының,  оның  ішінде  этнопедагогика  ғылы-
мының зерттеу объектісі болады. 
Ұлттық құндылықтарымыздың өз қасиетінен жойылмай, дамуына үлес қосқан ғалымдарымыз өте 
көп. Олар Қ.Б. Жарықбаев, С.Қ. Қалиев, К.Ж.Қожахметова, Қ.Б. Бөлеев, Ж.Ж. Наурызбай, К.А. Ораз-
бекова, Р.Қ. Дүйсембінова, Қ.Қ. Шалғынбаева ж`не басқа да көптеген ғалымдар зерттеулер жүргізді. 
Осығалымдардың  арасында  педагогика  ғылымдарының  докторы,  профессор  Клара  Жантөреқызы 
Қожахметованың орнын да, үлесін де айрықша деп атауға болады. Клара Жантөреқызы еңбек жолын-
да  жауапты  қызметтерді  абыроймен  атқара  отырып,  өзінің  бүкіл  саналы  ғұмырын  білім  алуға, 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2 (50), 2016 ж. 
275 
ғылыммен  айналысуға  арнады.  Ы.Алтынсарин  атындағы  Қазақ  білім  академиясында  т`рбие  инсти-
тутының  директоры  болып  қызмет  атқарған  уақытында  іргелі  ж`не  қолданбалы  ғылыми  жобаларға 
жетекшілік  жасап,  білім  беру,  т`рбие  м`селелері  бойынша  бірқатар  құнды  еңбектер  жазды,  рес-
публика  көлемін  толық  қамтыған  ауқымды  `леуметтік  зерттеулер  ұйымдастырды.  Білім  беру  сала-
сында  Клара  Жантөреқызы  халқымыздың  ұлттық  құндылықтарына  ж`не  т`рбиеге  аса  қатты  көңіл 
бөлді. 
Жас  ұрпақты  өз  елін,  жерін  сүйетін  патриот  етіп  т`рбиелеу  үшін  ең  алдымен  халқымыздың  ой-
санасын улайтын дүниелерден бойды аулақ ұстауымыз қажет. Сонымен қатар жас ұрпаққа білім мен 
т`рбие беретін болашақ мамандардың бойынан өз ұлтына деген сүйіспеншілікті қалыптастыру керек. 
Ол  үшін  білім  беру  саласында  ұлттық  құндылықтарымызды  д`ріптеп,  жас  ұрпақ  бойына  сіңіруге 
көптеген жұмыстар атқарылуы тиіс. Ең алдымен халықтық педагогика арқылы бала т`рбиелеу, білім 
беру ж`не осы негізде педагогикалық т`жірибеде қойылған мақсаттарға жетудің үздік жолдары мен 
т`сілдерін көрсету тиімді болады. 
Осыған  байланысты  М.Дулатовтың  сөздері  өзекті  болып  табылады:  «...т`рбиеші  баланы  ұлттық 
т`рбие рухында т`рбиелеуге міндетті, себебі `рбір бала өзінің ұлттық ортасында өмір сүреді ж`не өз 
ұлтына  қызмет  ететін  болады».  Сондықтан,  біз  қазіргі  кезде,  қазақтардың  халықтық  т`рбиесінің 
қайнар  көзіне  назар  аудара  отырып,  қазақ  халқының  бала  т`рбиесіндегі  бүгінгі  күнге  дейін  өзінің 
өзектілігін жоймаған құндылық-нормативтік түсініктерін айқындаймыз[1,101б]. 
Алайда,  жеке  тұлға  мінезінде  ұлттық  белгілерді  қалыптастырудағы  этникалық  т`рбиенің  рөліне 
қатысты Г.Н. Волков былай деп атап көрсетеді: «т`рбие факторларының қай қайсысы да, қоғамның 
материалдық  өмірі  жағдайларының  `серімен  ғасырлар  бойы  қалыптасқан,  т`рбие  жүйесін  теріске 
шығаратын  болса,  ұлттық  ерекшеліктерді  қанағаттандырған  тұрғыда  ешбір  түсінік  бере  алмайды. 
Өмір  сүру  қалпы,  практикалық  іс-`рекет  т`рбиенің  факторлары  ретінде  ұлттық  мінездің  қалыпта-
суына `сер етеді. Сондықтан кез-келген халықпен танысу үшіноның т`рбие жүйесін, ұлттық мінезін 
зерттеу қажет... ұлттық мінезді т`рбиенің ұлттық жүйесін зерттеу арқылы білуге болады» [2,17б]. 
Міне,  ұлттық  құндылықтарымыз  жөнінде  Міржақып  Дулатов  бала  т`рбиесіне  айрықша  көңіл 
бөлген.  Т`рбиелеу  барысында  ұлттық  рухсыз  ж`не  ұлттық  ортасыз  балаға  халықтық  т`рбиені  беру 
мүмкін  емес  десе,  Г.Н.Волков  халықтың  өмір  сүру  қалпы  мен  іс-`рекеті  ұлттық  мінезді  қалыптас-
тырады деп тұжырым жасады. 
Ал,  профессор  К.Ж.Қожахметова  ұлттық  құндылықтарымызға  баса  назар  аудара  отырып,  халқы-
мыздың салт-д`стүрі мен `дет-ғұрпын негізге алып зерттеулер жүргізді. Соның ішінде қазақ халқы-
ның  үлгі  тұтар  адами-азаматтық  қасиеттерді  өскелең  ұрпақтың  бойына  сіңіру  үшін  жетілген  адам 
идеалын жасап ж`не т`рбие т`жірибесінде осы мұратқа жетуге ұмтылуы. 
Жетілген адамды т`рбиелеу мақсаты ұлттық құндылық сапа негізінде жүзеге асады. «Осы құнды-
лық  сапа  мазмұнында  аса  кең  ж`не  басты,  ізгі  қоғамдық  ұғым  негізге  алынған.  Адам  жан-жақты 
болуы  керек.  «Сегіз  қырлы»  сөзі  қазақ  халқында  жастарға  берілетін  өсиет,  т`лім  ретінде  алынады; 
бұл өсиет бойынша жастар `лемдегі білімге жағымды ж`не күрделі қатынас білдірулері керек. «Бір 
сырлы бол»- бұл яғни, өзіңмен-өзің бол, бір с`ттік қызықтарға, бөгде адамдардың сөздеріне берілме 
деген мағынаны білдіреді» [3,35 б] 
Жетілген адамды т`рбиелеуге қажет болатын, халық бейнесіндегі адамның нормативті-құндылық 
сапаларын келесі кестелерден көруге болады. 
1-кесте 
 
Жігіт бейнесі 
Кескін-келбеті:  еңсегей  бойлы,  өткір  көзді,  қара  қасты,  кең  маңдайлы,  торсық  шекелі, 
қыр мұрынды, қиық мұртты, кең иықты, апай төсті, өткір тісті, жуан білекті, қынай белді, 
қапсағай денелі, темірдей саусақты, от ауызды, орақ тілді т.с.с. 
Сапалары  мен  қасиеттері:  қырандай  алғыр,  сұңқардай  өр,  арыстандай  айбатты, 
жолбарыстай қайратты, қасқырдай өжет, қабыландай сұсты, нардай төзімді, құлан сүйекті, 
жылқы мінезді, бұландай алып, сауысқандай сақ, жау жүректі т.с.с. 
Қабілеттері мен икемділігі: көсем жігіт- ел басқаратын жігіт; шешен жігіт- дау шешетін 
тұлға; батыр жігіт- еліне қамқор, жауына ақберен жігіт; сері жігіт- аттың тұлпарын мініп, 
иттің  құмайын  ертіп,  қыранның  қырағысын  баптап,  ат  құлағында  ойнап,  ер  қаруы  –  бес 
қаруды  сайлап,  мың  құбылтып  `н  салып,  күмбірлетіп  күй  тартатын  өнерлі  жігіт;  палуан 
жігіт- мойны жуан, жауырыны қақпақтай, бұлшық еті темірдей, қимылы шапшаң, денесі 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия«Педагогические науки», №2 (50), 2016 г. 
276 
сергек,  иненің  көзінен  өтердей  епті,  алып  күш  иесі;  үй  жігіті-  тек  шаруасымен 
айналысатын шаруакеш жігіт; түз жігіті- түз жұмысы мінсіз, үй жұмысына қырсыз, т.с.с. 
Іскерлігі:  жігіттің  қыраны,  жігіттің  сұңқары,  жігіттің  арыстаны,  жігіттің  қабыланы, 
жігіттің қасқыры, жігіттің нары, жігіттің жампозы, т.с.с. 
Ер жігіттің асыл алты қасиеті: зейін-зердесі– тылсым сырды ұға алатын;  өнер-өрісі – 
өмірден  `перер  сыбағасын;  ерлігі  –  дұшпанға  найза  сұға  алатын;  күш-жігері  –  аяқтан 
шалғанда  жыға  алатын;  қайрат-қаруы  –  қиындықта  сыналатын;  білімі  –  биікке  бастап 
шыға алатын. 
Ер жігіттің үш асыл мінезі: адалдық-адал болсаң аңқылдақ, ізгілікке құмарсың; `ділет- 
`діл болсаң ақ жарма,жақсы іске билік қыларсың; шыншыл –шыншыл болсаң қол жетпес, 
шыңда өскен шынарсың. 
Ер  жігіттің  ажырамас  үш  серігі:  мінген  тұлпары-сапары  оң  болар  ұдайы;  шыңдалған 
ақыл-айласы-шымырлап  тұрар  шынайы;  айнымас  адал  жұбайы-өмірден  қаймықпай  өтем 
десең. 
Ер жігіттің жаман қасиеттері немесе тоғыз жауы: 
Басты жауың –жалқаулық, сорлататын жаныңды, 
Осалдығың-аңқаулық, соқтыратын саныңды. 
Жасқаншақ болсаң, ұры алар қоралап қойған малыңды, 
Жалатқызбас жасықтық, аузыңдағы балыңды. 
Өтірік айтсаң өңмеңдеп, жоғалтасың арыңды, 
Өсек терсең телмеңдеп, кетірер суға салыңды. 
Көпірме босқа мақтан ғып, түкке тұрмас барыңды, 
Көрінгенге жалтақтап, бола алмайсың жағымды, 
Біреуді алдап-арбаумен, аша алмайсың бағыңды. 
 
 
2-кесте 
Қыз бейнесі 
Тектілігі:  текті  жердің  қызы  `депті,  көргенді,  инабатты,  іске  шебер,  қиыншылыққа 
төзімді,  өскен  ортасы  мен  ата-анасының  артынан  жаманат  сөз  ергізбейді.  «көріп  алған 
көріктіден, көрмей алған текті артық». 
Ақыл-парасаты:  бойжеткеннің  дүние-мүлікке  көзқарасы,  зейін-зердесі,  туған-туысқан-
дарымен  қарым-қатынасы,  бауырмалдығы,қайырымдылығы,  ұқыптылығы,  мінез-құлқы; 
«Алған жарың жақсы болса, жұмақтағы хормен тең,жаман болса, маңдайға біткен сормен 
тең». 
Сыр-сымбаты:  Сұңғақ  бойлы,  сыңғырлаған  дауысты,  оймақ  ауыз,  күлім  көз,  жайдары 
мінезді, алма мойын, ақша бетті, ақ тамақ, аршын төсті, тал шыбықтай бұраң белді, сүмбіл 
шашты, керілген ақ маңдайлы, сүйріктей ақ саусақты, сүрме қасты, ұзын кірпік, ақ білек, 
маржан тіс, қыр мұрынды, аққу мойын т.с.с. 
Іскерлігі:  басты  міндеті-  ерін  күте  білу,  аналық  борышы-бала  тауып  өсіру,  т`рбиелеу, 
қонақ  күту,  шай  құю,  құрт  қайнату,іркіт  пісіру,  кесте  тігу,  шілтер  тоқу,  киіз  басу,  киім 
тігу, кілем тоқу. «Өнерсіз қыздан без, өнегесіз ұлдан без». 
Көшпелі  қазақ  халқы  жоғары  адамзат  идеалдарына  сүйене  отырып,  балаларды  этиканың 
ұлттық  нормаларына  баулудың  шыңына  ұмтылды,  олар  үшін  «ар»,  «намыс»,  ж`не  «ұят» 
бірінші  орында  болды.  Намыс  үшін  қазақтар  өмірін  құрбан  етуге  дайын  болды.  Сон-
дықтан  халықтың  санасында  өмірдің  маңызды  принципі  ретінде,  қанатты  сөз  (ұран) 
қалыптасты: 
Малым – жанымның садағасы (құрбаны), 
Жаным – арымның садағасы (құрбаны). 
 
Халықтың  өзіндік  бейнесін  сақтауға  ықпал  ететін  қазақтарды  т`рбиелеудің  маңызды  айрықша 
ерекшеліктерінің  арасында  табиғилығымен,  үздіксіздігімен,  циклдығымен  қатар,  өзектілігі  ұлттық 
қайта өрлеу жағдайында ерекше артқан сабақтастықты жатқызуға болады. 
Сабақтастық этнопедагогиканың ерекшелік белгісі болып табылады, ол арқылы этникалық т`рбие-
нің негізгі идеяларының, формалары мен құралдарының сабақтастығы қамтамасыз етіледі. Сабақтас-

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2 (50), 2016 ж. 
277 
тық кеңістік пен уақыт аясында орын алады. Өзінің табиғаты бойынша озық бола тұрып, олар дами, 
байытыла ж`не түрлерін өзгерте отырып, ұрпақтан ұрпаққа беріледі. 
Сабақтастықтың бернеше түрлері бар: физикалық, рухани, еңбек саласындағы, жалпы отбасылық 
тұрғыда, материалдық-экономикалық[2, 40б]. 
Физикалық сабақтастық табиғат арқылы тұқым қуалаушылықпен, генотиппен қамтамасыз етіледі. 
Сабақтастық  кездейсоқ  түрде  болуы  мүмкін,  бірақ  көп  жағдайда  саналы  ұғынылған  түрде  жүзеге 
асады. Мысалы, өзінің жеті атасымен шежіресі бойынша байланысын саналы ұғыну. Рудың ұрпақтар 
сабақтастығын  нығайтуымен  қатар  бірлескен  `рекетін  бекітуге  арналған  жеке  т`сілдері  болады: 
таңба,ұран  –  ата-бабаларды  ұмытпауға  ж`не  руға  қатыстылықты  есте  сақтауға  шақыратын,  `скери 
ұранның  рөлін  атқаратын,  `н  түріндегі  нұсқалары  да  кездеседі.  Өзіндік  тарих  ретінде  рудың 
өмірбаяны рухани тұрғыда ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз етеді. 
Рухани  сабақтастық  т`рбие  арқылы  қамтамасыз  етіледі.  Барлық  тірі  организмге  өзін-өзі  сақтау 
ж`не  текті  жалғастыру  инстинкті  т`н.  Адамның  шынайы  `леуметтік  м`ні  ұрпақтары  арқылы  жалға-
суында көрініс береді. 
Осыған орай Бауыржан Момышұлының ой-пікірлері ерекше өзекті болып саналады: 
«Біріншіден,  «бесік  жырларын»  айта  алатын  аналардың  (келіндер,  жеңгелер)  азайып  бара  жатқа-
нынан қорқамын; 
Екіншіден, өздерінің немерелеріне ертегі айтып бере алмайтын `желердің көбейіп бара жатқаны-
нан қорқамын; 
Үшіншіден, салт-д`стүрлерді құрметтемейтін ұрпақтың өсіп келе жатқанынан қорқамын; 
«Бесік  жырын»  тыңдамай  өскен,  ертегі  тыңдамай  өскен,  өзінің  ата-бабаларының  д`стүрлерін 
бойына  сіңірмеген  ұрпақтың  рухани  тұрғыда  соқыр  болйып  қалуынан  қорқамын.  Осындай  «көрсо-
қырлардың»  қолына  балта  берсең  –  шаба  салады,  бақыр  берсең  –  ала  салады,  найза  берсең  –  сұға 
салады,  намыстанбай  бұға  салады.  Мен  туылғаннан  бастап,  табиғатынан  соқырлар  туралы  айтып 
отырғаным жоқ, мұнда мен тағдырдың т`лкегімен осындай болғандар туралы айтып отырмын. Егер 
біз өзіміздің «соқырлығымыздан» емделмесек, халық болудан қалатын шығармыз деп қорқамын».И`, 
танымал батырдың күм`ндары негізсіз емес, бұл бізді де толғандырады. 
Еңбек  мүдделері  мен  өнер  саласындағы  сабақтастық  қарапайым  қызығушылық  пен  еліктеудің 
негізінде пайда болуы мүмкін. Еңбек саласындағы сабақтастықтың жергілікті сипаты болуы мүмкін 
(ұрпақтан ұрпаққа берілетін д`стүрлі қолөнер). 
Жалпы  отбасылық  жоспардағы  сабақтастық  адамгершілік  саласында  орын  алуы  мүмкін.  Бала-
ларының  жақсы  өмір  сүруі  үшін,  ата-аналардың  саналы  ұмтылысында,  сабақтастықтың  педаго-
гикалық аспектісі көрінеді. Жас жұбайларға бата беруде, үйлену тойларының р`сімдерінде, жас с`би-
лерге тілек айтуда, с`билерге есім беруде үнемі ұрпақтардың сабақтастығы туралы қамқорлық байқа-
лады. 
Материалдық-экономикалық сабақтастық мұрагерлік арқылы жүзеге асырылады. 
Аталған  сабақтастықтардағы  маңызды  міндет  ретінде  `ртүрлі  деңгейдегі  құндылықтар  педаго-
гикалық ықпалдың құрылымында қандай орын алатыны анықталуы қажет, өйткені олар өз кезегінде 
шынайы  қалыптастырушы  рөл  атқарады.  Осыған  байланысты  адамзаттың  өмір  сүруінің  `ртүрлі 
деңгейлерінде  ж`не  `ртүрлі  іс-`рекет  түрлерінде  қалыптасқан  нормалары  мен  құндылықтарының 
жиынтығын  түзіп,  сол  синтездің  н`тижелерін  т`рбие  аясына  енгізу  қажет.  Бұл  міндетті  ұлттық 
т`рбиені  жүзеге  асыра  отырып  шешуге  болады.  Біздің  анықтамамыз  бойынша,  қазақтың  ұлттық 
т`рбиесі  үздіксіз  үдеріс.  Оның  барысында  адам  этностың  субьектісі  ретінде  өз  халқының  салт-д`с-
түрлері мен `дет-ғұрыптарында негізі қаланған этникалық құндылықтар мен этно`леуметтік рөлдер-
ді,  этникалық  нормаларды  меңгереді,  н`тижесінде  этникалық  өзіндік  санасы,  өз  ұлты  үшін  намыс 
сезімі, этностың бір мүшесі ретінде өзіне деген, өз этносының тіліне, тарихына, м`дениетіне жағым-
ды  қатынасы,  мақтаныш  сезімі,  басқа  этнос  өкілдеріне  деген  құрмет  пен  толеранттылық  сезімдері 
қалыптасады. 
Этникалық  т`рбие  этно`леуметтік,  этносаяси  факторлардан  айрықшаланатын  этностың  этном`-
дени құрамдасына зейінді ерекше шоғырландыруға мүмкіндік береді, бұл `дістемелік ж`не практика-
лық  қатынаста  аса  маңызды  болып  саналады.  Ол  ұлттық  педагогика  мен  халық  педагогикасының 
этнопедагогикадан айырмашылығын айқындауға мүмкіндік береді, себебі, этнопедагогиканың негіз-
дерін  этном`дени  құндылықтар,  халық  педагогикасының  негізін  этно`леуметтік  тұғыр,  ал  ұлттық 
т`рбиенің негізін мемлекеттік компонентті құрайтын этносаяси тұғыр анықтайды[4, 81 б]. 
 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия«Педагогические науки», №2 (50), 2016 г. 
278 
«Этно`леуметтік  рөл»  ұғымының  м`нін  ашумен  «`дет-ғұрып»  ұғымы  байланысты  болады.  dдет-
ғұрыптар  –  «`рекеттер  егжей-тегжейлі  реттелетін,  қарапайым,  стереотипті  қайталанатын  қоғамдық 
қатынастар»  [5,  272б].  Олар  сырт  қарағанда  қарапайым  болып  көрінгенімен,  осы  `рекеттердің 
өзегінде  өзара  іс-`рекет  пен  қатынас  жүзеге  асырылатын  ережелер  мен  нормалар  негізге  алынады. 
Осыдан келіп, «келін `дебі», «ұл бала `дебі», «қыз бала `дебі», («`деп» – «этика»), ұғымдары пайда 
болып,  `дет-ғұрыптар  мен  қарапайым  қоғамдық  қатынастарда  олардың  негізіне  алынған  ережелер 
сақталады.  «Келін»  –  «қайын  ене»;  «келін»  күйеуінің  кіші  бауырлары  мен  қарындастары  арасында 
өзара қатынастарда, келін «жеңге» рөлінде болады. Онда жеңгенің басқа ж`не «қайын сіңлі», «жеңге» 
ж`не «қайын іні» ж`не т.б. 
Қазақ  халқы  –  қазақтарды  т`рбиелеудегі  тұжырымдамаға  негізделген,  туыстық  қатынастарды 
бағалайтын  ж`не  құрметтейтін  халықтардың  бірі.  Осылайша,  `рбір  өзара  қатынастардың  (салт-д`с-
түрлер,  `дет-ғұрыптар)  белгілі  нормаларында  болатын  өзінің  негізделуі  болады,  бұл  өз  кезегінде 
белгілі бір `рекеттердің бірізділігін, олардың `дет-ғұрыптар мен р`сімдер арқылы көрінісін болжай-
ды.  Яғни,  байланыстардың  туыстық  формалары  –  бұл  өзінше  жүзеге  асырылатын  рөлдің  функция-
сына с`йкес, туыстық қатынастар арқылы көрінетін этно`леуметтік рөлдер болып табылады. Осының 
барлығын  жас  ұрпақтың  бойына  сіңіру  үшін  ұлттық  т`рбиені  білім  беру  саласында  тиімді  қолдану 
қажет.  Клара  Жантөреқызы  жоғары  мектеп  педагогикасына  арналған  «Этнопедагогика»атты  оқу 
құралында ұлттық құндылықтарымызды талдап, жас ұрпақтың т`рбиесі мен халық арасында қалып-
тасқан көзқарастарды терең зерттеп, жазды. 
Міне,  жетілген  адам  идеалын  қарастыруда  қазақ  халқы  `семдікке,  `демілікке,  еңбекқорлыққа, 
сыпайылыққа,  үлкенге  құрмет,  кішіге  ізет  көрсетуге,  батырлық  пен  батылдыққа  т`рбиелеуді  міндет 
етіп  санаған.  Бозбала  мен  бойжеткеннің  бойында  болуы  керек  қасиеттерді  де  тыс  қалдырмаған. 
Себебі, жас ұрпақты т`рбиелеуді халық алдында борыш санағанын К.Жантөреқызы еңбегінде осылай 
сипаттап, талдап жазған. 
Кез-келген  қоғамда  адамдардың  `рбір  жаңа  ұрпағы,  тек  қана  белгілі  `леуметтік  жағдайларда 
т`рбиеленбейді,  сонымен  бірге  белгілі  ұлттық  ортада  т`рбиеленеді.  Т`рбие  балалық  шақтан  бастап 
`леуметтік-экономикалық қатынастар ж`не білім беру мекемелерінің `серіне, сонымен бірге ұлттық-
ерекше құбылыстардың сипатына ұшырайды: өмір салтының ерекше с`ттері, м`дениет пен тұрмыс-
тың  формалары,  халықтың  салт-д`стүрлері  мен  `дет-ғұрыптары,  ересек  ұрпақтан  ұлттық  тілдің 
байлығын,  өз  халқының  рухани  құндылықтарына  бейімделу  сезімін,  халыққа  т`н  `деттерді,  мінез-
құлық  талаптарын,  талғам  мен  өмірлік  қажеттіліктерді  алады.  Мұның  б`рі  осы  ұрпақтың  мінезінің 
ерекше  белгілеріне  қарай  дамиды.  Туыстық  ұлттық  ортада  өмір  сүрген  ж`не  т`рбиеленген  `рбір 
адамда,  жалпы  адамзаттық,  `леуметтік-таптық  мінезінің  белгілерінен  басқа,  ұлттық,  өзіндік  бейнесі 
бар белгілері қалыптасады. 
Халқымыздың `деби мұра мен т`рбиеге, даналыққа кенде еместігін білеміз. Алайда, қазіргі ұрпақ 
осыны жете бағалап, өз керегіне жарата білсе өмірден өз орнын адаспай табуына зор ықпал етер еді. 
Ұлттық құндылықтарымыздың қадір-қасиетіне жетіп, бағалай білу – `р қазақтың борышы. 
 
1 Қожахметова К.Ж. Этнопедагогика (оқу құралы), Алматы: Қарасай, 2012.-101,103-б 
2 Волков Г.Н. Этнопедагогика. Чебоксары: Чувашское кн. Изд, 1974.-17б 
3 Виноградов Г.С. Народная педагогика. Иркутск, 1926.-35-36-б 
4  Узакбаева  С.А.,  Кожахметова  К.Ж.  Использование  материалов  казахской  этнопедагогики  при  изучении 
педагогических дисциплин. Алматы:Өнер,1997.-81 б 
5 Тадевосян Э.В. Словарь-справочник по социологии и политологии, 1996.-272 б 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет