Сборник содержит материалы избранных докладов участников международной


ПРОБЛЕМАЛЫҚ ЖАҒДАЯТТ АРДЫ БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ ХИМИЯДА



Pdf көрінісі
бет10/70
Дата06.03.2017
өлшемі8,85 Mb.
#7959
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   70

ПРОБЛЕМАЛЫҚ ЖАҒДАЯТТ АРДЫ БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ ХИМИЯДА

ПАЙДАЛАНУ

Б.Б.ДОСАНОВА, С.Ұ.ҰЛЫҚПАНОВА

Қ. Жұб анов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Ақтөбе қ., Қазақстан

В  статье  рассматриваются  методические  особенности  применения  технологии

проблемного обучения на уроках химии. Применение этой технологии в процессе обучения

способствует эффективной  организации  урока  преподавателя,  а  также  увеличит

интерес учащихся к изучаемому предмету.

In the article the methodical peculiarities of application of problem-based learning technologies

in  chemistry  classes.  Application  of  this  technology  in the  learning  process  contributes  to  the

efficient  organization  of  teacher’s  lesson,  as  well  as  increase  the  interest  of  students  to  the

subject.

Ключевые 

слова:

применения 

технологии 

проблемного 

обучения,

эффективностьорганизации уроков химии, интерес учащихся.

Қазіргі кезде оқыту процесін дамыту, жетілдіру мақсатында көптеген жаңа әдістер

пайдаланылуда. Соның ішінде оқушының танымдық қабілетін, өзіндік әрекетін белсендіру

мақсатында  проблемалық оқытудың маңызы  ерекше.  Себебі  проблемалық оқыту әдісі

мамандарды  шығармашыл  болуға  дайындайды,  шығармашыл  дегеніміз  жан  жақты  болу,

яғни  жаңа  білім,  жаңа әдіс -тәсілдерді  ашу.  Осыған  байланысты  проблемалық оқыту  да

шығармашыл  процесс  болып  табылады.  Проблемалық оқытудың негізгі  ерекшелігі:

мұғалім  оқушыға  дайын  күйде  білім  бермей,  оқушының алдына  проблемалық сұрақ

қойып, оның шешу жолдары мен тәсілдерін іздеуге бейімдейді. Негізінен кез келген сұрақ

проблемалы бола бермейді. Проблемалық сұрақтың жауабы дайын болмайды, оны оқушы

міндетті  түрде өзі  іздеуі  шарт.  О л  сұрақ баланың сана -сезіміне қиындық туғызуы қажет.

Оқушы  іштей  түсінген  ойлау қиыншылығы  проблемалық жағдаят  деп  аталады.

Проблемалық оқыту  кезінде  оқушы  дұрыс  бағдар  жасай  отырып,  жауап  табу әдісін

үйренеді.  Сонымен  проблемалық оқыту  оқушыға  дайын  білім бермей,  одан  проблеманы

ізденіс арқылы шешу талап етіледі. Химия пәнін оқыту үрдісінің кез -келген кезеңдерінде

(түсіндіру, бекіту, бақылау) құруға болады[1].

Проблемалық  қатынас  оқушылардың алдына  танымдық сипаттағы  міндеттер

қойғанда ойлау қызыметінің бе лсендірілуіне әкеледі.  Бұл  міндеттерді  шешу  кезінде

оқушылар    түзілген  проблемалық жағдайды,  яғни  жаңа  материалды  түсіну қиындығына

кездесуі мүмкін. Проблемалық мәселелерді шешу әртүрлі көрнекіліктер арқылы, сонымен

қатар  химиялық эксперименттерді қолдану арқылы  жүзеге  асыруға  болады.  Алғаш  кезде

оқушылар құбылысты жәй ғана бақылайды, содан соң мәселе туған кезде оның мәнін жан

жақты  және  терең  қарастырады.  Көрнекі

құралдармен  зертханалық

жұмыстар

проблемалық

жағдаяттарды  тудырады  және  оны  шешуге

қолданады.

Мектеп

оқушыларының 



қызығушылығын, 

шығармашылық

ойлау 

дағдыларын



үнемі

қалыптастыру  мақсатында  химия  сабағында  проблемалық оқыту әдісін  пайдаланудың

мәні зор[2].

Осыған  сәйкес  9 -сынып  оқушыларына  «Металдардың электрохимиялық кернеу

қатары»  тақырыбында  про блемалық жағдаят  тудыру  арқылы  сабақты  меңгерту    жолын

ұсынамыз.

Сабақтың тақырыбы: Металдардың электрохимиялық кернеу қатары.

Мақсаты:


-білімділік: оқушыларға металдар туралы толық қанды білім беру;

-дамытушылық: оқушылардың қызығушылығын, шығармашылығын дамыту;



-тәрбиелік: оқушыларды әдептілікке,адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақта қолданылатын әдістер:

1.Сөздік әдіс (түсіндіру,кітаппен жұмыс)

2.Көрнекілік әдіс (слайд)

3.Практикалық әдіс (тәжірибе көрсету)

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,слайдтар,стикерлер.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру бөлімі

II.Жаңа сабаққа дайындық

Келтірілген сызбаға қарап, металдардың жалпы сипаттамасын еске түсіру:

тығыздығы

балқу температурасы

металдық жылтыры

электр жылу өткізгіштігі

металдардың физикалық қасиеттері

металдардың периодтық жүйедегі орны

III.Жаңа  тақырыпты  меңгерту.  Проблемалық жағдай:  2  сынауық алып, әр

сынауыққа қышқыл  ерітіндісін құямыз,  біреуіне  Zn,  ал  екінші    сынауыққа  Cu    салынды.

Сол  уақытта  1 -ші  сынауықта  сутек газы  бөлінгенін  байқадық,ал  2 -ші  сынауықта    газдың

бөлінгені байқалмады. Неліктен?(Сұраққа жауап беру арқылы тақырыпты ашу).

Сонымен, балалар, бүгінгі тақырыбымыз:«Металдардың кернеу қатары».

1865 жылы орыс ғалымы Н.Н.Бекетов мынадай жүйені ұсынды:

Бұл қатарда  металдардың электрон  беру,  яғни тотықсыздандырғыш қасиеті  солдан  оңға

қарай  кемиді.  Басқаша  айтқанда әр  металл өзінен  кейінгілерін  тұздар  ерітіндісінен

ығыстырып  шығарады.  Салыстыру үшін қатарға  сутек  те  орналасқан.  Активтік қатарда

сутекке  дейін  орналасқан  металдар  сутекті қышқылдардан ығыстыра  алады.  Сутектен

кейін  тұрған  мыс,  сынап,  күміс,  платина  және  алтын қышқыл  ерітінділерімен

әрекеттеспейді, өйткені сутекті ығыстыра алмайды.[3,4]

Жер қыртысында  металдардың таралуы әр  түрлі.  Металдар  табиғатта,  көбінесе

қосылыстар  түрінде  кездеседі .  Белсенділігі  тым  төмен  металдар  (Cu, Ag, Au, Pt) ғана  бос

күйінде кездеседі.

Кернеу


қатарындағы литийден магнийге дейінгі  орналасқан  ең

белсенді  металдар

табиғатта тұздар : хлоридтер, сульфаттар, карбонаттар, фосфаттар,

әсіресе силикаттар түрінде кең таралған.

Орташа  белсенділігі  бар  металдар  (магнийден  сынапқа  дейін)  жер қыртысында,

көбіне оксидтер мен сульфидтер түрінде 

кездеседі.Қазақстанның

жер


қойнауында

қорғасынды , мырышты, мысты, т.б. полиметалл кендер өте көп. Мамандардың айтуынша,

біздің республикамызда периодтық жүйедегі  барлық элементтердің жерде  кездесетін

қосылыстары бар. Мәселен, Алтай тауларының Қазақстанға карасты жагында 900 -ге жуық

полиметалл  кен  орындары  табылган.  Осыған  бола  бұлөлкекенді  Алтай  депаталады.

Li→K→→Ca→Na→Mg→Al→Mn→Zn→Cr→Fe→Ni→Sn→Pb→H→Cu→Hg→Ag



Жезқазғанда мыс, қорғасын, мырыш, никель,кобальт, алюминий, марганец,т.б.

металдардың

кендері 

бар.


Қаратау 

жоталарында

да қорғасын , мырыш, ванадий, темір кендері көптеп кездеседі.

Металдардың физикалық қасиеттері:

Металдардың барлығы  дерлік қатты,  бір ғана  сұйық металл  бар

ол - сынап(Hq).

Металдардағы 

химиялық


байланыс 

оған 


созылғыш 

және 


тапталғыш

қасиет


береді.Металдарды 

соққанда 

атомдар

қабаты 


тек 

ығысады.


Металдардың тығыздығы әр  түрлі.  5  г/см3  тығыздығы  төмен  болса  жеңіл  металдар,

жоғары  болса  ауыр  металдар  деп  аталады .  Ең жеңіл  металдар - сілтілік  металдар.  Ауыр

металдар: 

осмий, 


хром, 

мырыш,


қалайы 

т.б


Металдардың балқу температурасындағы айырмашылықтары да әртүрлі.

Металдардың химиялық қасиеттері

Металдардың жәй заттармен әрекеттесуі:

1. Оттекпен – оксидтер түзеді:

2Mg + O2 = 2MgO

2Cu + O2 = 2CuO

2. Галогендермен – галогенидтер түзеді:

2Аl + 3Br2= 2AlBr3

3.Азотпен – нитридтер түзеді:

3Mg + N2 = Mg3N2

4. Күкіртпен – сульфидтер түзеді:

2Al + 3S = Al2S3

5. Сутегімен – гидридтер түзеді:

2Na + H2 = 2NaH

ІІ. Металдардың күрделі заттармен әрекеттесуі:

1. Сумен – сілті түзіп, сутегіні ығыстырады:

2K + 2HOH = 2KOH + H2

2. Қышқылдармен - тұз түзіп, сутегіні ығыстырады:

Zn + 2HCl = ZnCl2 + H2

3. Тұз ерітінділерімен жаңа тұз және жаңа металл түзеді:

Fe + CuSO4 = FeSO4 + Cu

IV Сабақты бекіту.Ассоциация әдісі бойынша

«Кім жылдам»ойыны

И-м-р-д-ы-ш-т-о-б-т-а-с-ж-к-у-г-л  осы әріптерді  пайдаланып  химиялық элемент  аттарын

кім көп құрастырады?

«Кім тапқыр » ойыны металдардың атауын табу керек

м

т

к



т

к

С



м

а

и



а

п

а



а

Н

б



л

с

о



г

а

Л



И

й

т



Металдар

Е

ң жеңіл металл?



Электр

өткізгіші ең

жоғары  металл?

Е

ң қиын балқитын



металл?

Қай металл сұйық

кезде кездеседі?

Е

ң жұмсақ



металл?

ф

ц

в



н

Ц

А



ө

ы

қ



а

л

а



И

Ы

й



н

н

а



т

р

й



Й

х

ы



«Алты қалпақ»әдісі

Оқушылар 6 топқа бөліне қойып бүгінгі өткен сабақ туралы өз ойларын білдіреді, яғни «ақ

қалпақ »- СТАТИСТИКАЛЫҚ  (ұнамды  тұстарын,  жақсы  жақтарын),  «қара қалпақ» -

СӘТСІЗДІК  (жағымсыз  тұстарын, ұнамсыз  жерлерін),  «сары қалпақ» -СӘТТІЛІК(с әтті

кезеңдерді),  «көк қалпақ» - АНАЛИТИКАЛЫҚ  (талдау  жасайды:  неге?  не үшін?  неге

байланысты?  деген  сұрақтарға  жауап  іздейді),«жасыл қалпақ» - ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

(идеялар  мен  болжамдарды  айтады),  «қызыл қалпақ» -СЕЗІМТАЛ(сабақта  бастан  кешкен

сезімдерін тұжырымдайды).

V.Оқушыларды бағалау.

VII. Үйге тапсырма: Металдардың электрохимиялық қатары

Қорытындылай келе  проблемалық оқыту  технологиясын  пайдалану  арқылы өткізген

сабақта мынадай нәтижелерге жеттік:

- миға шабуыл жасау арқылы сабақтың тақырыбы ашылды;

- оқушылардың пәнге деген қызығушылығы оянды;

-өз беттерімен жұмыс істеу, практикалық жұмыстарды өздері жасау дағдылары артты;

- жеке, топпен жұмыс жасау арқылы деңгейлік тапсырмаларды орындау, есептер шығару

сауаттылықтары ұлғайды.

Химия  сабақтарында  пробл емалық жағдаяттарды  пайдалану  оқушылардың

ойлау

қабілетін оятуға, өз бетімен ізденуіне мүмкіндік береді.



Әдебиеттер

1. «Химия мектепте» журналы», №6, қараша -желтоқсан, 2012ж.

2.МахмутовМ.И. «Проблемное обучение».-Москва, 2014 г.

3.Зайцев О.С «Методика обучения  химии».-Москва: Просвещение.-1998г

4.Нұрахметов Н.Н. Химия оқулығы, 9 -сынып.- Алматы:Мектеп.- 2005 ж..

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫН ОҚЫТУДАҒЫ БАТЫС ЕВРОПА

ЕЛДЕРІНДЕГІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ПАЙДАЛАНУ

Жаппарова Б.К., Алмат С.Қ., Ташимова А.С.

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті,

Ақтөбе қ., Қазақстан

zhapparova@rambler.ru

Нидерланды  елінің білім  беру  жүйесі өзінің сапасымен әлемге әйгілі.  Бұл  елдегі

білім  беру  мекемелерінің тек  30% ғана  мемлекеттік, қалған  70  пайызы қоғамдық немесе

діндарлық  ұйымдардың, жеке  тұлғалардың меншігінде.  Мемлекет  тарапынан  білім  беру

бағдарламала рына

қатаң


талаптар

қойылады, 

нәтижесінде 

мектептер 

мен

университеттердегі жоғары сапалы білім қамтамасыз етіледі.



Білім алу деңгейі

Бағдарламасы мен ұзақтығы

Жасы

Бастауыш білім

4-12

Орта білім



Университет алдындағы білім алу VWO – 6жыл

Жоғары негізгі орта білім алу HAVO - 5 жыл

Кәсіптік алдындағы орта білім беру - 4 жыл

12-18


12-17

12-16


Жоғары білім

18 жастан бастап

Нидерландыда  жыл  сайын  1  млн.  астам  жастар  кәсіби-техникалық, орта  және

жоғаржы  оқу  орындарында  білім  алады.  Олардың  40пайыз ы    орта  білім  беру  (МВО),  30

пайызы  кәсіби  білім  беру  саласында  (НВО)  және  17  пайызы  жоғары  оқу  орындарында

білім алады.

Нидерланд  еліндегі  білім  беру  жүйесінде  университеттегі  дәріс  және  семинар

сабақтарға қатысу  міндеттелгенімен,  оларға қатыспау  еш  жазаланбайды.  Практикалық

сабақтардың  25 пайызына қатыспаған  студент  емтиханға  жіберілмеу  мүмкіндігі  бар.

Практикалық сабақтар ға қатыспаған студенттер топтық жобалар мен презентацияларға да

қатыса  алмайды  (25-50пайызға  бағаланады).  Топтық презентациялар  мен  жобаларға  көп

көңіл бөлінеді.

Голландиядағы  білім  беру  жүйесі  студенттің  қызығушылықтарына  негізделеді.

Барлық оқу  бағдарла маларының көп  бөлігі өз  бетімен  жұмыстар  мен  нақты  мәселелерді

шешу  мен  талқылауда  топ  болып  жүргізуді қарастырады.  Командалық жұмыстардың

нәтижесінде өздігінен  білім  алу  мен өзін өзі  тәрбиелеу  жүзеге  асырылады.  Оқытушы

топтың бағыттаушысы  ретінде  бағыт  ба ғдар беріп  отырады.    Топ  ішіндегі өзара қарым

қатынас өте маңызды, әр студент өз пікірін ашық айта алады.

Голландиядағы білім берудегі ерекшелігі олардың соңғы жетістіктерді пайдалануы.

Көптеген  жағдайларда «action  research», яғни  зерттеу әрекеттері әдістері  де  кеңінен

қолданылады.  Бұл  кезде  студент өзін қызықтыратын  тақырып  бойынша  іздену

жұмыстарын жүргізеді, өз бетімен жоба жасайды. Бұл кезде «Тақырыпты таңдау – өз өзіне

сұрақтар қою

– әріптестеріне  сұрақтар қойып  талқылау - сол  саладағы  тәжірибелі

мамандармен кеңесу – әдебиеттерден іздену – қорытынды жасау» жұмыстары рет-ретімен

жүргізіледі.

Коптеген  жоғары  оқу  орындарында  «problem-based  learning»  жүйесі, яғни

туындаған  мәселені  шешу  бағытындағы  оқыту қолданылады. Бүл  жүйе бойынша  топтың

барлық студенттері  оқу  процесіне  белсенді қатысады.  Мәселе  негізінде  оқыту  кезінде

студенттер  бірнеше  топтарға  бөлінеді.  Олар  дөңгелек үстелді  айнала  отырып,

аудиториядағы жағымды қарым қатынасты орнатады. Проблемалық деп аталу себебі білім

алушылар  барлық оқу  материалдарын  мәселені өз  беттерімен  шешу  және  жаңа

ұғымдармен  танысу  арқылы  меңгереді.  Бұл  кезде  білім  алушының жан -жақты  дамуына

мүмкіндік  туындайды,  оның танымдық  қажеттіліктерінің дамуына,  интеллектуалды

белсенді тұлғаның қалыптасуы жүзеге асады.


Проблемаға  негізделген  оқыту әдістемесін өз  тәжірибемде  жалпы  «Экология  және  ТД»

пәні  бағдарламасындағы  «Үшінші әлем»  проблемалары.  Мешеуліктен құтылу -тұрақты

дамудың өзекті мәселесі» тақырыбындағы практикалық сабақта қолданылды.

Дуалды оқыту жүйесі

Қазіргі кезде әлемде оқытудың дуалды жүйесі -техникалық және кәсіптік мамандар

даярлаудың ең тиімді жолдарының бірі болып табылады.

Бүгінгі таңда еңбек нарығында жоғары білікті мамандар тапшылығы ерекше орын алуда.

Қалыптасқан  жағдайдың негізг і  себепшісі  білім  беру үрдісін ұйымдастыру  және  жүйедегі

мәселелер,  яғни  жас  маманның бойынан  табылуға  тиісті  тәжірибелік  дағды,  білім  мен

тәжірибені  талап  ететін  нақты өндірістік  жағдайлардан  теориялық білім  берудің алшақтап

кетуі болып табылады.

Дуалды оқыту жүйесі дегеніміз -теорияны өндіріспен ұштастыра оқыту технологиясы. Ол

алғаш  Германияда  пайда  болып  негізі қаланды.  Дуалды  оқыту  жүйесінің кәсіби  мамандар

даярлауда  тиімділігі  мен  нәтижелілігі  зор  екендігі  тәжірибеде  дәлелденген.  Дуалды  оқыту

жүйесі қазіргі  дүние  жүзілік  тәжірибеде  бар  дүние.  Оның жарқын  мысалдарының бірі -

германиядағы  кәсіптік -техникалық білім  берудегі  даярлаудың дуалдық жүйесі.  Мұнда

оқушылар уақытының  үштен екі бөлігінде еңбек ете жүріп өндірістен қол үзбей оқиды, тек

уақытының үшін ші бөлігін теориялық оқуға, білімді ұйымдастыруға арнайды.

Дуалды  оқыту  жүйесінің негізгі  мақсаты -техникалық кәсіптік  оқу  орындарының жұмыс

беруші  жеке  шаруашылық мекемелерімен  серіктестік  ретінде  бірлесе  отырып,  осы  нарық

заманында  бәсекелестікке  төтеп  бе ре  алатын,  жаңа  заманауи  технологияларды,  жаңа

иновациялық технологиялық бағдарламаларды  меңгере  алатын  дайын  жұмысшы  мамандар

даярлау.


Оқу үрдісіне  дуалды  білім  беру  жүйесін  сәтті  енгізу  келесі  мәселелерді  шешуге

мүмкіншілік береді:

1. Талапкерлердің кәсіби өзін өзі басқаруы;

2.  Оқу  мекемесінің

тартымдылық

беделінің

артуы,  студенттер  контингентінің

жоғарылауы;

3.  Студенттердің  қызығушылығы  мен  сұранысына қарай  бағдарламалар,  элективті

(икемді) курстар бағдарламаларын әзірлеу;

4.  Мамандықты  тереңірек  о йланып  таңдауға,  тапқырлық

пен  шығармашылыққа

бейімдейтін біліктіліктің дамуы;

5. Дуалды жүйе бойынша оқытылатын тұлғаның қажетті біліктілік пен еңбек дағдыларын

игеруі, кәсіби білімге ие болып еңбек нарығында сұраныс деңгейінің жоғарылауы;

6. Бітірушілерді дайындау деңгейінің жоғарылауы;

7. Бітірушілерді одан әрі жұмысқа орналастыру, жұмыссыздықтың қысқаруы;

8. Бітірушілердің әлеуметтік бейімделуі;

9. Білім беру мекемелерінің жобаларды жүзеге асыру кезеңдерінде кәсіпорындармен өзара

әрекеттесу аясын кеңейту;

10. Білім беру мекемелерінің бәсекелесуге қабілеттілігін жоғарылату.

Нидерландыдағы дуалды білім беру саясаты

Жоғары  оқу  орындарының  70 пайыздан  астам  студенттері  апта  бойына  толық

оқиды;  ал  23  пайызы  дуалды  білім  беру  жүйес і  бойынша  оқиды  және  жұмыс  жасайды,

қалған  7  пайызы әртүрлі  курстарға қатысады.  Жоғары  кәсіби  білім  беру  мен

университеттегі 

білім 


беру 

бағдарламаларының

көпшілігі 

бакаклавриат 

пе

магистратураның соңғы  курстарында қысқаша  практикалық курс ұсынады.  Соған



қарамастан  дуалды  білім  беру  бойынша  оқытатын  жұмыс  орындарының саны  артып

келеді. Соңғы жылдары студенттердің білімін жоғарылату мақсатында орта және жоғары

білім  беру  саласында  бірқатар өзгерістер  болды.  Оқу  процесіндегі  басты  назар

практикалық білім  алу  мүмкіндігіне ауды.  Орташа  алғанда,  студенттер  оқу  уақытының

үштен бірін жұмыс орындарында өткізеді.


Жоғары білім беру жүйесінде  дуалды білім беру 15 жылдай уақыт бұрын енгізілді. Қазіргі

таңда    Жоғары  кәсіби  білім  беруде  550  астам  оқу  курстары  бар  (қолданб алы ғылымдар

университеттерінде).

«Білім беру- жұмыс» келісім шарты

Студент оқу -жұмыс орынын алу үшін тапсырыс беруі қажет. Қабылдануы үшін ол

нақты  не  жасай  алатындығын, қандай  білім  алғандығын, өз  мақсаттарын  анық көрсетуі

тиіс.  Дұрыс  емес  таңдау  жасауд ың  қаупі  жоғары.  Бұндай  жағдайда  дуальды  білім  алуды

жоғары курс студенттері таңдағаны дұрысырақ.

Дуалды  білім  беру  жүйесі  бойынша  білім  алатын  студент  жұмыс  беруші  мен

институт арасындағы «білім беру-жұмыс» келісім шартына қол қоюы тиіс. Келісім шартта

студенттің жұмыс  көлемі  мен  уақыты қарастырылады.  Бақылаудың жиілігі  мен  түрі  де

осы  келісім  шартта қарастырылады.  Студент  білім  алушы  да,  жұмысшы  да қызметін

атқарады, сәйкесінше құқықтары мен міндеттері де тең. Келісім шарт жоғарғы білім беру

және ғылыми зерттеулер заңдарына бағынады. Келісімде барлық жақтың құқықтары мен

міндеттері реттеледі. Онда:

1.кәсіби міндеттерді атқару периодтары мен келісімнің мерзімі;

2. студентке жетекшілік жүргізу;

3.  кәсіби  міндеттерін  атқару  барысында  студент  орындауға  тиіст і  тапсырмалар  мен

әрекеттер және олардың бағалануы;

4.  келісім  уақытынан  бұрын  күшін  жоюы  мүмкін  жағдайлар  мен  оларды  шешу  жолдары

қарастырылады.

Дуалды білім беру жүйесінің студенті компаниядағы тәжірибе алушы ғана емес, ол

кәдімгі  жұмысшы  болып  табылады.

Жұмыс  беруші қоятын  талаптар  білім  алуға

бағыттайды.  Жұмыс  жасау  деңгейі  жұмыс  мерзімінің басында    жалпы  практикалық

әрекеттерден  жоғары  деңгейлі  маманның деңгейіне  дейін  жоғарылайды.  Дуалды  білім

беру  жүйесі  бойынша  жұмыс  берушіні  табу қиын  болғандықтан

студенттер  бар

ынтасымен  жұмыс  жасап,  жұмыс  орынын  сақтап қалуға  тырысады.  Студенттің еңбек

ақысы сәйкес бөлімі мен жұмысы бойынша төленеді. Студентте қарапайым еңбек келісім

шарты болады. Және де студент ретінде шәкірт ақы да алуы мүмкін, бірақ еңбек ақы мен

шәкірт ақы да қалыпты мөлшерден төмен болады, себебі жұмыс орынында оған қадағалау

қажет.


Студенттерге жетекшілік жүргізу мен қадағалау

Студентті қадағалауды  жоғары  оқу  орынынан  жетекші  мен  жұмысшы  компаниядан

иснтруктор  жүргізеді.  Жетекшілерге қатаң талап қойылады.  Ол  студенттке  жетекшілік

жүргізе алуы тиіс және өз мамандығы бойынша білім деңгейі жоғары болуы тиіс. Жетекші

үнемі  студенттің жұмыс  орынына  барып  тұруы  тиіс,  оның  үйренуі қалай  жүріп

жатққандығын қадағалап,  иснтруктор  мен  талқылап  отырады.

Көптеген  оқу  орындағы

бұны қиынсынады, себебі бұл оқытушылардың көп уақытын алады.

Жұмыс беруші білім беру-жұмыс келісім шартын қадағалап, студенттің жұмысы мен білім

алуын  бағалауы  тиіс.  Бірақ студенттің жұмысын  тексеру әрқашан  тиісті  деңгейде

жүргізіле бермейді. Ол үшін әрбір 2 апта сайын 3 сағат белгіленеді, бұл өте аз жетекшілік

болып табылады. Инструкторлардың барлығы жоғары біліктілікке ие бола бермейді, және

де  кейбір  жағдайларда қандай  дұрыс  шешім қабылдау қажеттігін  біле  бермейді.  Келген

студенттің не  оқығандығын  білмейді,  сол  себепті  теория  мен  практиканы ұштастыра

бермейді.  Студентке  көп  зат  тәуелді,  ол өз  деңгейіне  сай  тапсырма  сұрап, қадағалауды

талап етуі тиіс.

Көптеген  жағдайларда  студенттер  университетке қарағанда  жұмыс  тәжірибесіндегі

бақылаумен қанағаттанады.  Бұл  студенттердің  қажетті  білімді  жұмыс  барысында  жақсы

ұғатындығын көрсетеді.

Сұраныс пен ұсыныс

Қазіргі таңда Нидерландыда кәсіби -техникалық және жоғары білімнен кейінгі өтуі

тиіс қажетті  тағылымдама  саны  туралы  нақты  статистикалық мәліметтер  жоқ. Яғни


қажетті  тағылымдама  деңгейі  туралы  ақпарат  жоқ.

Кәсіпорындарда  жүргізілетін

тағылымдамаларға  байла нысты  студенттер

үшін


қойылатын  талаптар

әртүрлі


факторларға тәуелді. Ол оқу орындары жүргізетін білім саясатымен, сонымен қатар білім

беру  саласындағы  көптеген  жетілдірулермен  тығыз  байланысты.  Дуалды  білім  жүйесін

қолдану  студентке қойылатын  талаптарға, сонымен  бірге,  компанияның жұмыс  орнын

беру арқылы оқу процесіне өз үлесін қосу мүмкіндіктері мен қалауынан тәуелді.

Кейбір өнеркәсіп  салаларында  (мысалы,  машина  жасау  мен өнеркәсіп  салары)

мүмкін болатын жұмыс орындарының саны сол жұмысқа орналасқысы к елетін студенттер

санынан артық. Сондықтан аталған салалардың студенттер үшін тартымдылығын арттыру

үшін әртүрлі  жобалар  мен  талаптарды  жүзеге  асыру қажет.  Бұндай  салалардың көбі

практикалық оқыту периодын қамтиды.

Жалпы жауапкершілік

Компанияда  тәуелсіз  жауапкершілік  болады,  бірақ практикалық білім  берудегі

қаржылық жауапкершілік  жоқ. Ал  білім  беру  орыны  білім  берудің барлық кезеңдеріне

жауапты,  тіпті  практикалық

жұмыстарға  да.  Курстардың практикалық

мазмұны


толығымен іскерлік айналымдағы ерікті серіктестікке тәуелді болады. Жоғары білім беру

ортасы өз  бағдарламаларын ұсынады,  бірақ жұмыс  беруші  компания  жұмыс  орыны  мен

жағдайларына байланысты таңдау жасайды.

Білім  беру  орыны  мен өнеркәсіп  арасындағы қайшылықтар  да  кездеседі.  Білім  бер у

ордасы  ең алдымен  студенттердің  қызығушылықтарына  негізделеді,  тек  екінші  кезекте

ғана өндірістің қажеттіліктерін ескереді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет