Сборник содержит материалы избранных докладов участников международной


ҚОБДА АУДАНЫНЫҢ АШЫҚ ДАЛА  СҮТҚОРЕКТІЛЕРІНІҢ



Pdf көрінісі
бет13/70
Дата06.03.2017
өлшемі8,85 Mb.
#7959
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   70

ҚОБДА АУДАНЫНЫҢ АШЫҚ ДАЛА  СҮТҚОРЕКТІЛЕРІНІҢ

БИОАЛУАНДЫЛЫҒЫНА ҚЫСҚАША  СИПАТТАМА

Сырымбетов С.Т., Телағысова  А.Д.



Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Ақтөбе қ. Қазақстан.

ssssserim@mail.ru

Қазақстан Республикасы аймағындағы жануарлар әлемінің жалпы жай -күйі, қорғау

мәселелері Қазақстан  Республикасының  2050 жылға  дейінгі  даму  Стратегиясында

жарияланды, бұл бағдарлама бойынша Қазақстан 20 50 жылға дейін мөлдір суы,таза ауасы

бар жасыл және таза елге айналуы керек және қарастырылған. Мұндай жағдайда ерекше

және  сирек  түрде  кездесетін  жануарлар әлемін қорғау  іс  шараларын  жүргізу  арқылы

ерекше қорғалатын  табиғи  аймақтарға  жүйе ұйымдастыру қаже т. Туған өлкенің

сүтқоректілер әлемін зерттеу – кейінгі ұрпаққа туған жердің экологиясын қорғап жүруге,

ұмытпай  жадында  сақтап  жүруге  мүмкіндік  береді  және  туған өлке  тарихы  туралы

деректердің қатарын толтырады [1].

Қазақстан

аумағында  835  омыртқалы  жануарлар  түрлері,  онын  ішінде:

сүтқоректілер – 178,  сүтқоректілердің  140  (78,6%)  қорғалатынын,  22  түрі Қазақстан

Республикасының  Қызыл  кітабына  енгізілген.  Хобда  ауданының территориясының көп

бөлігін  ашық далалық зона алып  жатқанқандықтан, бұнда  сүтқоректілер  кең тараған.

Қазіргі кезде сүтқоректілер  фаунасының ашық дала сүтқоректілерінің    40 -қа жуық түрі

кездеседі..  Соның

ішінде:  насекомқоректілердің

-

4,



қолқанаттылардың

-1,


қоянтәрізділердің - 3, кеміргіштердің - 15, жыртқыштардың - 9, ашатұяқтылардың - 4 түрі

мекендейді

Қобда ауданында  сүтқоректілердің келесі  отрядтары  кездеседі:

Жыртқыштар

отряды -Carnivora,Кеміргіштер  отряды-RodentiaЖұптүяқтылар  отряды -Artiodactyla,


Насекомқоректілер  отряды, Қоянтәрізді лер  отряды,Қолқанаттылар

отряды[2]. Қобда

ауданының жыртқыштар  отрядының келесі  тұқымдастары  кездеседі: иттер  тұқымдасы

Canidae, сусарлар  тұқымдасы  Mustelidae  (АқкісMustela  erminae  АққалақMustela  nivalis).

Кеміргіштер 

отрядының

келесі 

тұқымдастары 



мекен 

ет еді:


аламантәрізділер

тұқымдасыCricetidae, қосаяқтар  тұқымдасы – Dipodidae,тиіндер  тұқымдасы – Sciuridae,

қоянтәрізділер отрядының  Lagomorpha екі  тұқымдасы – қояндар  тұқымдасы -Leporidae

және 


шақылдақтар 

тұқымдасы

Ochotonaidae, 



жұптұяқтылар 

отрядының

-

Artiodactylaжабайы 



шошқалар 

тұқымдасы,

қуысмүйізділер 

тұқымдасы, бұғылар

түқымдасы.

Қобда ауданында  жыртқыштар  отрядының

– Carnivora  иттер  тұқымдасының

Canidae-өкілі қасқырлардың санының  өсу қарқындылығы  тұрақты.  Ақкістің санының

азайғанын  көруге  болады. Қояндардың,  қарсақтардың, түлкінің

- аңшылық нысаны

екеніне қарамастан, олардың саны ның қарқынды өсуіде. Сасық күзеннің 2000 жылдардың

басымен  салыстырғанда  саны  азайған.  Жабайы  шошқаның саны  жылдан  жылға өсуде.

Борсықтың саны бір қалыпты. Жануарлардың динамикасында олардың қоршаған ортамен

қатынастарының нәтижелері көрінеді. Жануарларды ң санының өзгеруі қоршаған ортаның

олардың  өсімталдықтарына,

өлімдеріне

әсер  етуден,  жыртқыштар  мен  олардың

жемтіктерінің  қатынастарынан  паразиттер  мен  иелерінің  қатынастарынан    болатыны

белгілі.  Түрлі  жануарлардың сандар  динамикасы  екі  көрсеткіштің айырм ашылығы:    туу

мүмкіндігі  мен өлімге    байланысты.  Мысалы: бұғылар  тұқымдасының  өсімталдығы

төмен,ал 

жыртқыштардың (қасқыр,түлкі

өсімталдығы

жоғары 


болады.

Мысалы:


сүтқоректілердің өсімталдығы бұғыларда-1-3,доңыздарда - 4-12, ит тұқымдастарында - 4-

10,сусар  тұқымдастарында-

3-10,кеміргіштерде-10-15.

Жануарлардың

өсімталдығы

төлдердің санына ғана  емес,сонымен қатар  жылына  неше  рет  төлдейтініне  байланысты

[3].

Сүтқоректілерден    осы  аймақта  ең көп  кездескені  кеміргіштеротряды(Rodentia),



негізінен  далалық аймақта  ж иі  кездесетін  түрлері  тиін  тұқымдасының  өкілдері

саршұнақтар,  соның ішінде  кіші  саршұнақ. Жыртқыштар  отрядының ең көп  кездесетін



түрлері – иттер  тұқымдасының  өкілдері  Canidae.  Салыстырмалы  тұрғыдан  алғанда  бұл

жерде жыртқыш құстардың көп болуы, олардың

қорегінің , яғни кеміргіштер отрядының

өкілдерінің көп кездесетінің белгісі.

Кесте 1

Қобда ауданында кездесетін ашық дала сүтқоректілерінің түрлері



Қазақша атауы

Орысша атауы

Латынша атауы

Насекомқоректілер отряды   Отряд Насекомоядные - Insectivora

Кірпілер тұқымдасы Семейство Ежовые - Erinaceidae

1

Кәдімгі кірпі



Еж обыкновенный

Erinaceus europaeus



Жертесерлер тұқымдасы  Семейство Землеройковые - Soricidae

2

Кәдімгі жертесер



Бурозубка обыкновенная

Sorex araneus

3

Кіші жертесер



Бурозубка малая

Sorex minutus

4

Кіші ақтісті жертесер



Белозубка малая

Crocedura suaveolens

Қолқанаттылар отряды   Отряд Рукокрылые - Chiroptera

Жалтыртұмсықты жарқанаттар тұқымдасы

Семейство Обыкновенные летучие мыши - Vespertilionidae

5

Кәдімгі жарқанат



Кожанок поздний

Eptesicus serotinus

Кеміргіштер отряды  Отряд грызуны - Rodentia


Тиіндер тұқымдасы Семейство Беличьи - Sciuridae

6

Кіші саршұнақ



Суслик малый

Citellus pygmaeus

7

Зорман


Суслик - песчаник

Citellus fulvus

8

Балпақ


Суслик большой

Citellus major

9

Дала суыры



Сурок - байбак

Marmota bobac



Тышқандар тұқымдасы Семейство Мышовки - Sminthidae (Zapodidae)

10

Дала тышқаны



Степная мышовка

Sicista subtilis



Қаптесерлер тұқымдасы Семейство Мышиные - Muridae

11

Дала қаптесері



Полевая мышь

Apodemus agrarius

12

Сұр егеуқұйрық



Серая крыса

Rattus norvegicus

13

Қаптесер


Домовая мышь

Mus musculus



Қосаяқтар тұқымдасы Семейство Тушканчиковые - Dipodidae

14

Кіші қосаяқ



Тушканчик малый

Allactaga elater



Аламантәрізділер тұқымдасы Семейство Хомяковые - Cricetidae

15

Кіші құмтышқан



Полуденная песчанка

Meriones meridianus

16

Үлкен құмтышқан



Большая песчанка

Rhombomys opimus

17

Сұр атжалман



Серый хомячок

Cricetulus migratorius

18

Аламан


Обыкновенный хомяк

Cricetus cricetus

19

Ондатр


Ондатра

Ondatra zibetica

20

Кәдімгі тоқалтіс



Рыжая полевка

C. glareolus

Ондатрлардың саны  браконьерліктің салдарынан  күрт  азайған  болатын, қазіргі

кезде  оларды қорғауға  арналған  шаралардың нәтижесінде  саны өсуде.  Орқоян  және

жабайы  шошқалар  түрлерінің жағдайлары  бір қалыпты.  Олардың таралуына  теріс

факторлардың әсері мардымс ыз.

Сүтқоректілердің бұл  түрлеріне  күзгі  маусымда  аңшылық рұқсат  етілген.

Территорияның оңтүстік  бөлігінде  бетпақдала  популяциясының  өкілі -киік-сайгак- Saiga

tatarica  мекен  етеді. Қобда  ауданында  жұптұяқтылар  отрядының -Artiodactyla,бұғылар

тұқымдасы

-ның

2 өкілі:  теңбіл  бұғы  және  бұғы  кездеседі. Жабайы  шошқалар



тұқымдасының бір өкілі ғана кездеседі,ол жабайы шошқаSus scrofa.

Қобда ауданында  мекендейтін  сүтқоректілер қорын  тиімді  пайдалану үшін  заңсыз

аулауға жол бермеу, тіршілік ортасын таза сақтау ғылыми тұрғыдан жүргізілуі тиіс. Қобда

ауданының территориясында мекендейтін сүтқоректілердің кездесетін түрлерінің тіршілік

ортасын қорғауға және олардың сандық динамикасын сақтау, кәсіптік аулауды жолға қою

мақсатында аңшылық шаруашылықтардың қызметін жақсарту қажет.

Қазіргі

кезде қар  жамылғысының аз  болуы,  жауын -шашынның аз  болуы



салдарынан және антропогендік факторлардың зиянды әсерлерінен сүтқоректілердің саны

азаюда.  Сүтқоректілердің түрлік,  сандық көрсеткіштерін  сақтап қалу үшін  мемлекет

сүтқоректілерді  а улауға  тиым  салуда  және  халық арасында  және  жергілікті  оқу

орындарында  табиғатты қорғап қалуға  және қалпына    келтіруге    бағытталған

үгіт

-

насихат  жұмыстары жүргізілуде.



Әдебиет

1. Қазақстан  Республикасы  Президенті  Н.Назарбаевтың  Қазақстан  халқына  Жолд ауы,

2010.


2. Ақтөбе облысының тарихи -мәдени және табиғат мұралары ескерткіштері -13 томдық-2т.

Қобда ауданы-Ақтөбе 2007ж. -192б.-18-21б.

3. Байдулова, Л.А. Батыс Қазақстан облысының жануарлар дүниесі / Л.А.Байдулова, Қ.Б.

Булатова, Ж.М. Қарағойшин. - Орал. 2002-136 б.



БЕКІРЕ  БАЛЫҒЫНЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Сырымбетов С.Т., Тлеген А.Қ.



Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Ақтөбе қ. Қазақстан.

ssssserim@mail.ru

Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму

бағдарламасында қоршаған  ортаны  ластауға,  экологиялық    қалыпты  жағдайды  бүлдіруге

жол  бермеуге  және  оның флорасы  мен    фауналарын  сақтап қалуға  зор  көңіл  бөлінетінін

атап  көрсеткен  болатын.  Сол  себепті  де  алға мақсат қойып  бүгінгі  жас  түлек - бүгінгі

табиғатымызды  аялауға  баулап  оқытуға  және  мұндай  оқытудың маңызы  ерекше  екенін

түсіндірген дұрыс [1].

Халықты  бағалы  азық -түліктермен қамтамасыз  етудің ішінде  балықтардың

тағамдық маңызы зор. Осыған байланысты ішкі су қоймаларының маңызы артады. Себебі,

халықты  тірі,  кептірілген  немесе қатырылған,  консервіленген  балық  өнімдерімен

қамтамасыз  етудің мақсаты  адам  организміне  керекті  бағалы  бай  азықтық заттармен

қамтамасыз ету. Адамзаттың су қоймаларға қажеттілігінің арқ асында табиғи балықтардың

өсіп-өнуіне кедергі келтірілуде (суармалы жерлерді пайдалану, теңіз көліктері, өзендерден

ағатын жыраларды жасауды реттеп отыру). Осыған байланысты табиғи су қоймаларында

балықтарды қолдан өсіріп -өрбіту  арқылы қорын  жасаудың маңыз ы  зор.  Балық санын

сақтау мен көбейту және сапасын жақсарту үшін кешенді шаралар ұйымдастырылу керек.

Ондай  шаралар қатарына  балықтарды өсіру,  балықтарды  және  азықтық организмдерді

табиғи  жағдайға  бейімдеу,  сонымен қатар  балық аулауды  тиімді  түрде  реттеп  о тыру

қажет.


Қазіргі таңда  бекіре  тұқымдас  балықтарының табиғи қоры  тек  Каспий  теңізінде

сақталған. Каспий теңізінің бассейнде бекіре тұқымдастардың ішінде: Huso huso linnaeus -

қортпа;  Acipenser  guldenstadti  Brandt - орыс  бекіресі;  Acipenser  stellatus  Pallas - шоқыр;

Acipenser nudivenser ruthenus - пілмай; Acipenserruthenus linnaeus - сүйрік кездеседі [2].

Дүние жүзі бойынша ауланған бекіре балықтарының 90 пайызы – Қазақстан балық

шаруашылығының  үлесіне  тиеді. Қазіргі  кезде  Республикада  экологияның наша рлауына

байланысты  су  айдынын қорғау,  кәсіптік  балықтардың сапасын  жақсарту,  балық  өсіру

жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі бекіре өсіру  шаруашылығы  бекіре  тұқымдас  балықтардың  қорын ұтымды

пайдалану  және  олардың шабақтарын қорғау;  бекіре  тұқымдас  балықтардың

табиғи

көбеюінің нәтижесінен  жоғарылауы;  зауыттық  өсірілген  шабақтардың саны  және



сапасының көбеюі  күрделі  элементтер  жүйесінен құрастырылған.  Бұл  элементтер  бекіре

өсіру  шаруашылығында  бір -бірімен  тығыз  байланысты.  Шаруашылықта  бекіре  тұқымдас

балықтар  т ауарлық сапасымен  бағаланады.  Сонымен қатар  уылдырығы  және  етінің

жоғары тағамдылық құндылығымен ерекшеленеді.

Бекіре  тұқымдас  балықтарының

жойылып  бара  жатқандығынан,  олардың

биологиялық алуантүрлілігін  сақтап қалу  маңыздылығынан

балықтарды қолдан

өсіріп өрбітудің мақсаты  теңіздерде, өзендерде,  су  тоғандарында  балықтардың  қорын

көбейту болып табылады.

Тіршілік  ету  дағдысы    бойынша  Каспий  теңізінің балықтарын өзендік, өрістегіш,

жартылай өрістегіш  және  теңіздік  деп  ажыратады.  Теңі здік  балықтарға  43,5% -ын



құрайтын 53  түршелер, өзендіктерге  34,4% -ын құрайтын  42  түршелер, өрістегіштерге

14,7%-ын құрайтын  18  түршелер  және  жартылай өрістегіштерге  7,4% -ын

құрайтын  9

түршелері жатады [3].

Кесте1

Каспий  теңізінің  Қазақстандық бөлі гінің



жағалауы    мен    айдынында    мекендейтін

балықтар  түрлерінің тізімі

Қазақша атауы



Орысша атауы

Латынша атауы

Бекіретәрізділер отряды

Отряд


Осетрообразные

Ordo Asipensenformes

Бекірелер тұқымдасы

Семейство Осетровые

Familia Acipenseridac

1

Бекіре(қортпа)



Белуга

Huso huso

2

Орыс бекіресі



Осетр русский

Acipenser guldenstadtj

3

Пілмай


Шип

Acipenser nudiventris

4

Шоқыр


Севрюга

Acipenser stellatus

5

Сүйрік


Стерлядь

Acipenser nuthenus

6

Парсы бекіресі



Осстр персидский

Acipenser 

guldenstadtj

persicus


Майшабақ

тәрізділер

отряды

Отряд


Сельдеобразные

Ordo Clupeiformes

Майшабақтар  тұқымдасы

Семейство Сельдевые

Familia Clupeiformes

7

Қаратеңіз Каспий тюлькасы



Тюлька  черноморско

каспийская

Clupeonella 

dehcatula

easpia

8

Анчоустектес майшабақ



Килька

анчоусовидная

Clupeonella

engrauliformis

9

Бадырақ көзді қарынсау



Большетлазая килька

Clupeonella grimmi

11

Солт.Каспий қарынсауы



Пузанок

Северокаскийский

Alosa caspia caspia

12

Бадырақ көзді қарынсау



Пузанок

большеглазный

Alosa saposhnicovi

13

Жұмырбасты қарынсау



Пузанок

круглеголовый

Alosa sphaeroceephala

14

Каспий қарынсауы



Пузанок саринский

Alosa caspia

15

Бражеников майшабағы



Сельдь долганская

Alosa brashmakovi

16

Агрехан майшабағы



Сельдь аграханская

Alosa agrachaica

Қортпа, Белуга,Great sturgeon (Huso huso)

Каспийде  жаппай  таралған,  жыртқыш, өрістегіш  балық  100 жылға  дейін өмір

сүреді.  15  жылға  салмағы  бір  тоннаға, ұзындығы  4,2  метрге  жетеді.  Еділ  мен  Жайық

өзендерінде қортпаның орташа  кәсіби  салмағы  70 – 80  кг-дай.  Уылдырық шашу үшін

негізінен Еділ мен Жайық өзендеріне шығады. Аталықтары өзенге  13 – 21 жылдан кейін

шығады.  Аналықтарының жыныс  мүшелері  16 – 27-ші  жылдарында  жетіледі.  Бекірелер

шамамен 900 мыңдай уылдырық шашады.


Теңізде 

негізінен 

балықтармен 

майшабақтармен, 

б ұзаубастармен,  шабақ

балықтармен  және  тұқы  тұқымдастармен қоректенеді.  Табиғатта  сүйрік,  шоқыр,  пілмай

және  орыс  бекіресімен  будандасады.  Есепсіз  аулаудын қортпаның  қоры  тез  азаюда.

Олардың  қоры  жасанды  түрде  зауытта қолдан өсірудің арқасында  сақталып  тұр.

Қазір

будандарды тоған шаруашылығында өсіруге байланысты жұмыстар жүргізілуде.



Орыс  бекіресі,  Осетр  руский,  Russian  sturgeonи  (Acipenser  guldenstadil)  Каспий

теңізінің алаптарын мекендейді. Өрістегіш балық, күзгі және көктемгі нәсілдерге бөлінеді.

Үнемі Еділ мен Жайық өзендерінде өмір сүретіндер нәсілдері де бар. Каспийде негізінен

еділдік  топтар  кең таралған.  Орыс  бекіресінің жыныс  мүшелері  10  жылдан  кейін,  ал

аналықтары 13 жылдан кейін жетіледі. Уылдырық шашу үшін Каспийден Еділ мен Жайық

өзендеріне көтеріледі. Ол 48 жылға дейін өмір сүріп, ұзындығы  230 см -ге, салмағы 80 –

120  кг-ға  дейін  жетеді.  Орташа  кәсіби  салмағы  12 – 16  кг.  Шамамен  250 – 350  мыңдай

уылдырық шашады.  Каспий  теңізінде  орыс  бекіресі  жас  кезінде  гаммаридтермен,

мизидтермен,  нереистермен және  басқа  да  омыртқасыздармен,  ал  ересек  кезінде

былқылдақ

денелерімен, 

бұзаубас 

балықтармен, 

майшабақтармен 

және 

шабақ


балықтармен қоректенеді.  Орыс  бекіресінің  қорының көбеюіне  оны  зауытта қолдан

өсірудің маңызы  зор.  Орыс  бекіресі  табиғи  жағдайда қортп амен,  шоқырмен  пілмаймен

және сүйрікпен будандасуы мүмкін. Қолдан ұрықтандыру нәтижесінде өміршең будандар

тауарлы балық шаруашылығында өсірілуде .

Пілмай,Шип,Barbel  sturgeon (Acipenser nudiverstris)

Пілмай  Каспий  тенізінің алаптарында  мекендейді.Өрістегі ш  балық.Жайық пен  Еділдің

өзендерінің

атырауларына 

көтеріледі.Негізінен 

теніздің


оңтүстік 

бөлігін


мекендейді.Еділде  пілмай өте  сирек  кездеседі.  Пілмай    30жылға  дейін  және  одан  да ұзақ

өмір  сүріп,ұзындығы  214  см -ге  және  салмағы  60кг -ға  жетеді.Аталықтарының жыныс

мүшелері  7-13жылда,аналарыныкі  11-16жылда  жетіледі.  280-1290мыңдай  уылдырық

шашады.  Шабақтары  жыртқыштарға  жем  болмас үшін  уылдырығын өзеннің лай  суында

шашады.  Уылдырық шашқаннан  кейін  олар  теңізге  түседі.Шабақтары өзенде  3 -4  жылға

дейін өмір  сүреді .Негзгі қорегі  балық пен  былқылдақ

денелілер.Табиғи  жағдайда

қортпамен,шоқырмен және бекіремен будандасады...

Шоқыр, Севрюга,Started sturgeon(Acipenser stellatus)

Каспий тенізінің алаптарында мекендейді. Кәсіптік бекіре балықтарының ішіндегі ең көп

ауланатыны    осы  шоқырлар.Денесінің түсі  сұр  немесе қара  болып  келеді.Құрсағы  мен

басының астыңғы жағы ақ, ал шабақтары мен кейбір ересек  балықтарының тұмсығының

алдыңғы  жағының төменгі  бөлігі  асты қара  түсті.  Бентос  жануарларымен қоректенеді.30

жылға  дейін өмір  сүреді.Солтүстік  Каспийден  Еділ өзеніне  және  Жайыққа өрістеп,  Орал

қаласынан жоғары көтіріледі.

Уылдырығын  Жайықтың сағасынан  300 -400  км-дей өрістеп  барып  шашады.

Жайықта  аталықтарының жыныс  мүшелері  7 -8  жылда,ал  аналықтарынікі  13 -14  жылда

жетіледі.  35  мыңнан  360  мыңға  дейін  уылдырық шашады.  Шоқыр  омыртқасыздармен,

шаянтәрізділермен,  бұзаубастармен,  майшабақтармен,  шабақбалықтармен қоректенеді.

Орташа кәсіби салмағы 5 -10кг.Шоқыр сүйрікпен және пілмаймен будандасады.

Сүйрік , Стерладь, (Acipenser ruthenus)

Онша үлкен емес кәдімгі өзен балығы, өрістегіш бекіре балықтармен салыстырғанда ұзақ

мерзімді қоныс  аудармайды,бірақ тұздылығы  2 -7,7%  болатын өзеннің теңізге құятын

тұщы  айдындарында  шығады.  Жыныстық мүшелері  жетілген  сүйектің  ұзындығы  35 -тен

100 см-ге дейін жетеді. Салмағы 6 кг-нан асады.Олар 4-тен 8 жас аралығында уылдырық

шашу үшін қоныс  аударады.  8 -ден  66мың аралығында,шамамен  орташа  19  мыңдай

уылдырық шашады.  Жыныстық жетілуі  Аталықтарының жыныс  мүшелері  3  жылда,

аналықтарынікі 

жылда 


жетіледі . 

Омыртқасыздармен, 

жәндіктердің

және


хирономидтердің дернәсілдерімен қоректенеді. Өзінің дәмділігі  жағынан  сүйрік  еті өте

жоғары бағаланады. Оның тұщы су қоймаларында мекендеуіне және жыныс мүшелерінің

ерте жетілуіне байланысты оны тоған шаруашылықтарында өсіреді.


Парсы бекіресі, Осетр персидский, Persian sturgeon (Acipenser guldenstadti persicus).

Бүкіл  Каспий  теңізіне  таралған өрістегіш  балық. Солтүстік    Каспийде өте  сирек

кездеседі.  Тұмсығының  өзіне  тән  ерекшелігі  бар:  жанынан қарағанда  төмен қарай

бүгі лген, ұшы қысқа  да үшкір,  орыс  бекіресімен  салыстырғанда  ауырлау.  Жонындағы

түйіндер қатарынан  жоғары,  ретсіз  шашыранды  орналасқан  ірі  сүйек  тіліктері  бар.

Жонындағы қатарында  20 -42  түйіндері,  ал құрсағында  7 -14  түйіндері  бар.  Парсы

бекіресінің  ұзындығы  2м -ге  жетеді.  250-350  мыңдай  уылдырық шашады.  Былқылдақ

денелерімен және балықтармен қоректенеді.

Бұрын  кәсіптік  маңызы  болған  Каспий  балықтарының бес  түрлері  мен  түршелері

қазір сирек кездесетін  және Қазақстанның Қызыл  Кітабына  енген балықтарға айналды .

Оның негізгі    себебі  балықтардың теңізден    заңсыз  аулау.  Бекіре  балықтарын    заңсыз

аулау  ресми    аулаудан  2-3  еседен  асып    түседі.  Олардың саны  зауыттарда қолдан өсіру

нәтижесінде сақталып  отыр.

Маңғыстау  облысында  теңіздің

ластануы  мұнайдың төгілу  сал дарынан  мұнай

көлдерінің пайда  болуымен қиындайды,  олар  жазғы  уақытта  буланбайды. Әртүрлі

көмірсутектер  облыс  су  бассейніне  түзелмейтін қатер әкеледі.  Нәтижесінде  Каспий

теңізінде мекен етеін бекіретәрізділер отрядының өкілдері Халықаралық табиғатты қорғау

одағының Қызыл Кітабына және Қазақстанның Қызыл Кітабының енгізілген.

Әдебиет


1. Қазақстан  Республикасы  Президенті  Н.Назарбаевтың  Қазақстан  халқына  Жолдауы,

2010.


2. Маңғыстау энциклопедиясы. Алматы: «Атамұра» баспасы, 1997ж 22 -29б.

3.  Кейкен  Ж.Д.  Есполов Қ.  «Су  жайылымдарының су қоры»  Алматы:«Қайнар»  баспасы,

1975ж. 22-24 б.

ТЕМІР АУДАНЫНЫҢ  ҚОСМЕКЕНДІЛЕРІНІҢ БИОАЛУАНДЫЛЫҒЫ

Сырымбетов С.Т., Тұңғатарова Н.Е.



Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Ақтөбе қ. Қазақстан.

ssssserim@mail.ru

Қосмекенділер жер    бетінде      тіршілік      ететін  төменгі  сатыдағы    омыртқалылар.

Жер бетінде тіршілік  ететін  барлық төменгі  сатыдағы  омыртқалыларға  тән  белгілер

қосмекенділерден  айқын  б айқалады.  Ақтөбе  аймағында қосмекенділердің  9 -түрі      мекен

етеді, Қазақстанда      12 -түрі,      бұл әлемдегі      2500    түр  санымен      салыстырсақ    өте    аз

екендігін    көреміз.  Ақтөбе  облысында  мекен  ететін қосмекенділер  класының тоғыз  түрі

кездеседі.  Олар  Жұқа омыртқалылар 

Lepospondyli  және  Доғалы  омыртқалылар

Apsidospondyli  отрядтарына  жатады.Темір  ауданына  келетін  болсақ Жұқаомыртқалылар

отрядының  Құйрықтылар  отряд  тармағы өкілдері  мекен  етпейді.Темір  ауданында

қосмекенділер  класыныңДоғалы  омыртқалылар  отрядын ың  Құйрықсыздар  отряд

тармағының үш тұқымдасы мекен етеді.

Темір  ауданында  кездесетін Құйрықсыздар  отряд  тармағының  үш  тұқымдасы:

сарымсақшылар тұқымдастар немесеқарабақа тұқымдасы: өкілі Pelobatus fuscus L. кәдімгі

қарабақа  немесекәдуілгі  тарбақа,  (Pelo batidae), құрбақа  (BUFONIDAE)  тұқымдасы:  Bufo

viridis жасыл құрбақа, нағыз бақалар (RANIDAE) тұқымдасы: Rana ridibunda  көл бақасы

немесе жасыл  бақа, үшкір тұмсықты бақа  немесе сүйіртұмсық бақа Rana arvalis.



Сурет 1 – Тарбақаның таралу ареалы

Кәдімгі қарабақа немесекәдуілгі тарбақа.

Денесінде қара  дақтары  бар,  тегіс  терілі,  көз  арасында  төбешек  болып        көрініп

тұратын,  дөңес  маңдайлы, өзіне  тән  тік  саңылау  тәріздес қарашығы    бар    сары

– қоңыр

немесе  сұр бақа [1].



Кәдімгі қарабақа  далада,  шалғында, орманда,  батпақта,    бақшада,  бақтарда  мекен

етеді. Күндіз топырақ арасында  тығылып жатып, түнгі тіршілік етеді. Яғни, күндіз ішінде

тығылып жатса, түнде қорек іздеп кетеді. Бірарқа  олар ауа ылғал болған кезде ғана қорек

аулауға  шығады,  ал  егер  ауа құр ғақ болса  аш  болса  да  ініне  шықпай  тығылып  жата

береді.    Олар  түнде

қорек      аулауға      шығады.    Кәдімгі қарабақалар  бунақденелілер,

былқылдақ денелілер, құрттармен қоректенеді.  Олардың

белсенділігі  тікелей

ылғалдылыққа    байланысты    болады.  Олар  е рте қыстауға  ерте  кетеді, ұйқы  кезеңі  200

тәулікке созылады. Олар құрлықта, жер астына көміліп қыстайды.

Кәдімгі қарабақа  көбеюі  кезінде суға түседі.Уылдырық шашуы көктемде өтеді. Ылғалды

жақсы  көретін қарабақа  суда ұзақ уақыт  болмайды,  ол ұзын  таспаша

созылған  іші

уылдырыққа  тоған  арқаншаны    суға,  кейде  жағаға  салады.  Болашақ  ұрпағы өздігінен

дамиды,  уылдырық пен  итшабағының дамуы қоршаған  орта  температурасына  тәуелді

жүреді.  Егер  жаз  жылы  болса,  сол  жылы    жас  бақаға    айналады  және  жағалауда ұқсауға

кетеді  (қарабақалар ұйқышыл  жәндікке  жатады,  жылына  екі  жүз  күнге  дейін ұйқыға

кетеді) Ал,  егер жаз салқын болса  итшабақ ересекке келесі жылы ғана  айнала  алады.

Жасыл құрбақа.

Жасыл құрбақа  кәдімгі  немесе сұры құрбақаға қарағанда кішірек

ұзынды ғы 14

см-дей    болады.  Денесі  ашық  қоңыр  түсті,  онда

үлкен  жасыл  дақтары    бар  және

денесінің жиегінде күңгірт сызығы болады.



Сурет 2 – Жасыл құрбаканың таралу ареалы

Мекен  ортасы: Жасыл құрбақа жер бетінде мекен етеді, суға тек уылдырық салатын кезде

ғана  барады.  Басқа қосмекенділерге  тән  емес құрғақ жерлерді  таңдап  алады.  Шөлейтті,

далалық және ірі қылқанды    орманды жерлерде  мекендейді.

Тіршілік    образы:Құрбақалар  түңгі  немесе    кешқұрым    тіршілік      образына  бейім,

сондай-ақ

тәул іктің ылғалды уақытын таңдайды. Қорегін  аулауда шыққан  бақа көбіне

су қоймаларына немесе шыққа шомылып, денесіне су қорын  жинап   алады.

Құрбақалар

әртүрлі  бунақденелілер:  жұлдызқұрттар, қандалалар құмырсқалар,

шыбын  дернәсілдер және тағы б асқалармен қоректенеді.

Көктемде құрбақалар  суға  жетуге  асығатын  және  көптеген  жыл    бойы

өзінің

тұрақты  су  тоғандарына қарай  жетуге  тырысады.  Онда өздерінің



таспаша  созылған

уылдырығын қалдырады, онда 6 -7 мың уылдырығы       болады, осылайш а өз міндеттерін

атқарған соң жағаға қарай кетеді. Олар     осылайша келген  жақтарына қарай оралады.

Таралуы:Құрбақалар Елек бойында Бестамақ елді мекен маңында  көптеп кездеседі,

олар  сондай-ақ Темір  және  Ойыл өзендерінде  көптеп  кездеседі.  Жалпы  саны  (жасыл

құрбақамен салыстырғанда)  салыстырмалы   көп емес.

Көл бақасы немесе жасыл  бақа. Бізді ң фаунадағы қосмекенділер ішіндегі ең ірісі.

Оның денесі 170 мм -дей  болады. Аналығы аталығына ірірек. Көл бақасы үстіңгі жағынан

жасыл  реңге  боялған,  онда үлкенді  және  кішілі  дақтар  болады.  Кейде  арқасында ұзын

бойы    ақ жолағы  болады. Құрсағы  ақшыл  неме се  сары  түстіболады.  Аталығында  көбею

кезінде алдыңғы аяғының бірінші саусағында сұры түсті  томпешік жұптасу мозолы пайда

болады. Бақылдаған аталығында ауызының жағынан сұры түсті  резонатарлары  болады

[2].

Жаз  бойы  көл  бақасы  тіршілігін  суда  немесе  су маңында өткізіп, әртүрлі  су



қоймаларына  ауысып    отырады.  Күндік    белсенділігі  түрлі    жағдайға    байланысты өтеді.

Көл бақасының уылдырығының саны 2 мыңнан 12 -мыңға жетуі мүмкін. Итшабақтары жаз

бойы    дамиды,  егер  жаз  салқын  болса,  онда  тек  көктемде  барып ересекке    айналады.  Ол

кезде ересектерінен ерекшелігі жағаға шығып,әуелгі уақытта су қоймаларынан 30 -40 метр

қашықтыққа  кетіп қалады.  Ересектері  судан  10  метрден  алшаққа    кетпейді,  көбіне  суға

жақын  жерге  жиналып, қауіп  төнген  жағдайда  бір  секіріп  тез  суғ а  сүңгіп  кетеді.  Көл

бақасы  жылдам  2 -3  метр  жерге  секіріп  кете  ала.  Ақтөбе  облысының су қоймаларының

барлығына жуығында кездеседі [3].

Үшкір тұмсықты бақа  немесе сүйіртұмсық бақа Rana arvalis

Үстіңгі жағынан қоңыр  немесе  сұры  түсті,  он да  күңгірт  дақтары  мен        нүктелері

болады.  Көзінен  бастап  дабыл  жарғағы  арқылы  иық бөлігіне  дейін    бірте -бірте

жіңішкерген  күңгірт  дақтары  болады.  Тамағы  ақ, көп  бөлігінде  мәрмәр  суретіне ұқсас

болады. Құрсағы  ақ немесе  сары,  ешқандай  дақ болмайды. Үшкір

тұмсықты  бақа -түңгі



жануар,  судан  алыс  шалғында,  алаңқайда    мекендейді.  Олар өте  секіргіш  жануарлар.

Үшкір    тұмсықты  бақа -түңгі  жануар,  судан  алыс  шалғында,  алаңқайда  мекендейді.  Олар

өте секіргіш жануарлар.

Үшкір тұмсықты  бақа  тек  көбею  кезінде  суға  келе ді,  аз ғана  уақыт  500 -ден  3000-

дейін  уылдырық

салып,  басқа  уақытын құрлыққа өткізеді,  олар қыстауға  шұңкырға,

кемірушілердің ішіне, құрғақ шөмеле      астына  кетеді.  Көктемде үшкір  тұмсықты  бақа

үлкен  ара қашықтықты  жүре  отыра қайта  суға  жетуге  асығады,  көб іне  аталығы  ертерек

жетеді,  дегенмен  олар    суда ұзақ уақыт  болмайды. Құрлыққа  шығып өздеріне  ыңғайлы

200-300  шаршы  метр  жерді  таңдап,  сонда қорегін  аулап,  оны  басқа  топтардан қорғап

тіршілік  етеді.  Олар  сол  жерлерде қыстайды, қажет  болған  жағдайды  ол    жерд ен  кетіп

орын ауыстыра алады.

Әдебиет

1.С.С.  Көбегенова.,  Б.Есжанов Қазақстан қосмекенділері,  рептилиялары.  Алматы



Қазақстан Университеті, 2009 жыл

2. С.С. Көбегенова  Б.Есжанов Қазақстан амфибиялары, Алматы, 2010 ж.

3. Ананьева Н.Б.Пресмыкающиеся,  Москва 2000 г. Издательство- ABF.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет