Сборник содержит материалы избранных докладов участников международной



Pdf көрінісі
бет11/70
Дата06.03.2017
өлшемі8,85 Mb.
#7959
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   70

Әдебиеттер

1.

Агранович  М.Л.  Экономические  и  социальные  эффекты  образования.  Опыт



статистического анализа. — М.: Просвещение, 2001. — 256 с.

2. Родиков А.С. Некоторые аспекты профилизации образовательных услуг дуальной

системы европейского образования // Вестник Военного университета. — 2010. — № 3

2.http://popoff.donetsk.ua/ru-print/vote/main/zainteresovat.html

3. http://murzim.ru/nauka/pedagogika/didaktika/26925-aktivizaciya-poznavatelnoy-deyatelnosti-

uchaschihsya-na-uroke.html



ХИМИЯНЫ ОҚЫТУДА  ИНТЕРАКТИВТІ ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУ

Химия кафедрасының аға оқытушысы Рахметова Г.А.

Қазіргі ғылым  мен  техниканың  қарқынды  даму  кезеңінде  бірінші  орында  тұрған

ғаламдық мәселелердің бірі - әлемдік бәсекеге қабілетті, жаңа тұрпатты мамандар даярлау

болып  табылады.    Бұл  міндетті  шешуде    оқу -тәрбие үрдісіндезаманауи әдістерді  кеңінен

қолданудың маңызы зор.Ол білімді белсенділікпен, шығармашылықпен, толық және терең

меңгеруді қамтамасыз  етуші, әрі  кәсіптік  іскерліктерін қалыптастырушы  тәсіл  ретінде

жетекші орын алады.

Педагогика ғылымы  мен озық тәжірибенің бүгінгі даму деңгейінде  жаңа оқыту

әдістерін

еркін  меңгеріп,  солардың

ең тиімдісін    таңдап  алу    және  оларды  тиімді,

шығармашылықпен

қолдана  білу  оқытушының

кәсіптік    шеберлігінің

басты  белгіс і

болып табылады.

Оқытуда  «дайын  білімнің  ұсынылуы»  концепциясынан  «білім

-

орнығу»


концепциясына өтуді  шынайылыққа  айналдыру  мақсатында  инновациялық амалдарды

(рөлдік ойындар, проблемалық оқыту т.б.)  тәжірибе жүзінде қолданудың маңызы зор.

Үздiксiз  педагогикалық бiлiм  беру  жүйесi - көп  деңгейлiлiгiмен,  көп  сатылығымен

және ашықтығымен ерекшеленетiн динамикалық даму жүйесi.



Оқу үдерісінде  студенттердің зияткерлік  күш -жігерлерін  кеңейту үшін  жаңа

әдістерді қолданып,  студенттерді  сыни  және  ш ығармашылық ойлауын  ынталандыру,

студенттерді  түсінуге, қиын  мәселелерді  жоспарлауға  және  шешуге үйретуге  мүмкіндік

беретін әртүрлі құрылымдарды  пайдалану  тиімді.    Студенттердің  өзіндік  жұмыстарын

сауатты ұйымдастыру арқылы нәтижелерге қол жеткізуге болады .

Студенттің  өзіндік  жұмысы  болашақ мамандарды  даярлаудың және  білім  сапасын

арттырудың ең басты  резервтерінің бірі.  Осыған  орай  ЖОО -да әр  білім  алушыдан  ой

еңбегінің  ұтымды әдістерін  білуі,  аз  уақыт  ішінде қажетті  ақпаратты  іздеп  табуды,  оны

меңгеруді,  фактілер,  теорияны,  тұжырымдамаларды  жүйелеп  және  жіктей  білуді, өз

көзқарасын нақты айтып және дәлелдей білуді, түрлі күрделі сұрақтарды шығармашылықпен

шеше  білуді үйренуі  талап  етіледі.

Яғни,  оқу үрдісінде  студенттің шығармашылығын

дамытуға қолайлы жағдай туғызу, эстетикалық сезімін, зейінін тәрбиелеу.

Өзіндік жұмыс  дербестік  іс-әрекет  арқылы  іске  асады.  Дербестік  іс -әрекеті

дегеніміз – бұл  дидактикалық  ұғым, ғылыми  практикалық міндеттерді өз  бетімен  шешу,

оның шешімін  табудың  өзіндік  тәсілдер ін  болжау  және  анықтау,  жеке  тұлғаның  өзін -өзі

бақылауы, өзін -өзі бағалауы  негізінде  педагогикалық процеске қатынасушылардың  өзара

іс-әрекетінде қалыптасқан  жеке  тұлғаның интегративті  білімі.    Ең маңыздысы  алған

біліміне  сүйене  отырып,

өмірдің


жаңа  жағдаят тары  мен

өндіріс


қажеттілігін

қанағаттандыруға қажетті қорытындылар жасай білу.

Сонымен оқу процесінде студенттердің өзіндік жұмысының түрлерінқолдануға болады.

Миға  шабуыл

әдісінің мақсатышығармашылық тапсырманы  шешу үшін  мүмкіндігінше

көп  мөлшердегі  идеяларды  жинауға,  ойлау  салғырттығынан  арылуға,  дәстүрлі  ойлау

үдерісін жаңғыртуға негізделеді. (Тізімнің ішінен артығын алып таста, ұқсастарын біріктір

т.б.)

Пікірталас – күрделі, сонымен бірге қоғамдық, саяси адамгершілік тәрбиенің тиімді түрі.

Шынайы  шындыққа  жету  жолы  еркін  пікір  алмасу  арқылы  жүреді.  Пікірталас  кезінде

жүргізуші әрбір сөз сөйлеушінің сөзін мұқият тыңдап, ойын бөлмей, әрбір сұрақтан кейін

мысалдармен қорытындылап отыруы керек.



Интерактивті әдістер – қарым-қатынас  пен  біріккен әрекетті  танудың жолдары

мен  тәсілдеріне  меңзейді,  белсенді  диалог  негізінде құрылады. Қатысушылар  бірігіп

жұмыс жасауға үйренеді; өз ойларын ортаға салып, пікірталасқа түседі; өзін -өзі дамытуға

деген қажеттіліктерді  анықтап, өзін -өзі  бақылай,  бағалай  білуге  машықтанады.  Олардың

қатарында өзіміз тәжірибеде қолданып жүрген мынадай әдістерді атап өтуге болады:

«ми

шабуылы»,  «дөңгелек  стол»  рольдік  және  іскерлік  ойындар,дискуссия,тренингтік

жаттығулар  және  т.б .  Білімгерлерді  кең ойлауға,  шабыттандыруға  негізделген

тренингтік  жаттығулар  жеке  тұлға  белсенділігін  және  топтық даму  деңгейін  көтеруге

бағыталған әлеуметтік – психологиялық оқыту  және  білімгерлерді  тәжірибелік  бағытта

психологиялық дайындауда  мүмкіндік  беретін  оқыту әдістерінің ең тиімдісі  ретінде

сабақтарда қолдануға болады.

Кейс-стади – портфелдегі,  таспадағы  немесе  стендтегі  нақты өмірдегі  факт,  дәйек,

дәлелдемелерді қолданып  оқытудың инновациялық  әдісі,  оның барысында  білім

алушылардың тобына  нақты  кәсіби  мәселелерді  шешу ұсынылады,  олар  оны әрі қарай

талқылап,  алынған  нәтижелерді  талдап,  шешім  шығарады.

Әдістің

категориялық



аппаратын құру  оны қолдану  тиімділігін  бірталай  арттыруға  көмектеседі,  сонымен қатар

оқу  процесіндегі  технол изациялау әдісі үшін,  жаңа  мүмкіндіктер  ашады.  Кейс -әдісте

қолданылатын  негізгі ұғымдар  «жағдай»  және  «анализ»,  сонымен қоса  олардан  туатын –

«жағдайды талдау» ұғымдары болып табылады

СӨЖ  тапсырмаларын БЛУМ таксономиясы  бойынша жоспарлау  тиімді. Мысалы

1. Білім –

ақпарат  (конспект)

2. Түсіну – глоссарий 3-әдебиет бойынша анықтама беру

3. Қолдану– тест сұрақтары   (20 тест)

4. Талдау – коллоквиум



5.  Жинақтау - әдіссынамалық кесте

6. Бағалау - барлығын жинақтап, портфолио дайындау

Тақырыбы


Автор

Жылы


Үлесі

Ескерту


Ерітінділер

теориясы


Св.Аррениус

1881


Электролиттік

диссоциация

теориясы

Артықшылығы:

Кемшілігі:

Берілген материалдардың ішінде СӨЖ ұйымдастырудың « Мәтінді құрылымдық талдап,



шығармашылықпен пайдалану» ә дісін  (фил.ғ.д Оспанов Сапар Иманғалиұлы) атап айтуға

болады. Бұл әдіс келесі жоспар бойынша жүзеге асады:

1. Әр  тақырыптан  4 -5  бет қазақ,  1 бет  орыс  және  1  бет  ағылшын  тілдерінде    мәтін

дайындалады. Мәтін соңында  4 -5 см  ашық жер қалдырылады.

2.  Мәтіннің  әр  абзацындағы  «бастауыш»  пен  «баяндауышты» әр  түрлі  маркермен  жазу

немесе астын сызу арқылы негізгі мағыналы сөздерді ерекшелеп белгілеу керек.

3.  Ерекшеленген  сөздердің мағынасын  ақ жолға өзінің тұжырымдамасы  бойынша  жазу

керек.


4.  Аудиторияға  келгеннен  кейін  алдыңғы  парақтың сыртына  ақ жолға  жазылған

мәтіндерден  кестелер (әдіссынамалық кесте, ассоциация, алгоритм т.б.) құрастыру керек7

5. Аралық бақылау тапсырмалары:

- аралық бақылау кезінде даярланған мәнжазбалардан през ентация дайындау;

- пән  бойынша қорытынды  эссе  (оқытылған  пән  материалдарын  болашақ мамандық

саласында немесе қоғамның проблемасын шешуде қалай қолдануға болады) жазу;

- пәндік жоба құру.

Оқу  процесінде қарастырылған әдістердің: топтық тапсырмалар,  «миға  шабуыл»,

«ассоциация»,  «рефлексия»,  БЛУМ  таксономиясы  бойынша  СӨЖ

ұйымдастыру    т.б.

химия  және  химиялық технология  пәндерін  оқытуда

қолданылуда.    Практика

сабақтарында  «топтық тапсырмал ар»  бойынша  жұмыс  жасау  студент  саны  көп  топтарда

(«Химия» пәні, 5В060700 - «Биология» мамандығы, 25 -26 студент) аз уақыт ішінде қажетті

ақпаратты іздеп тауып, оны талдау мен меңгеру, өзін-өзі бағалау т.б.  мәселелерді шешеді.

Сонымен қатар,  пәнді өмірмен  б айланыстыра  оқыту  барлық студенттердің пәнге

қызығушылығын  арттырады  және  аз  уақытта  барлық студенттердің білімін  бағалауға

мүмкіндік береді.

«Химиялық технология»  (5В011200-«Химия»)  пәнінде  СӨЖ ұйымдастыруда

«Мәтінді құрылымдық талдап, шығармашылықпен па йдалану» әдісін қолдану, яғни СӨЖ

тапсырмаларын 3 тілде орындау  студенттердің өндірісте қолданылатын анықтамалар мен

түсініктерді 3 тілде меңгерулеріне  мүмкіндік береді.  Топтық тапсырмаларда студенттер

технологиялық сызба-нұсқалар құрастыру  арқылы маңы зды өндірістердің технологиясын

меңгеріп,    талдау  жасай  білулерін қамтамасыз  етеді.  Сонымен қатар,  сызба -нұсқа үлгісі

беріліп,  келесі  сұрақтарды қою  арқылы    шығармашылық тапсырмалар  беріледі:  келесі

сызба-нұсқаның қандай кемшіліктері бар? Қандай сызба -нұсқа ұсынар едіңіз?

Қорыта келе,  ЖОО  химия  пәнін  оқыту  процесінде  жоғарыда қарастырылған

инновациялық технологияларды  кеңінен қолдану  білім  сапасын  жоғарылатуға  зор

мүмкіндік береді.

РЕЗЮМЕ


В  данной  статье  рассматривается    интерактивные  методы обучения    по  химии    в

организации СРС студентов.



ХИМИЯДАН СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН

ҚОЛДАНУ

Еділ А.Е.

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты,

Арқалық қ,.Қазақстан

Aknur-95kz@mail.ru

Сыни  тұрғыдан  ойлау  дегеніміз – әр  жеке  тұлғаның кез -келген  жағдайдағы

мәселені  ойлап,  зерттеп қорытып, өз  ойын  еркін  ортаға  жеткізе  алуы.  Сыни  тұрғыдан

ойлау, өзіндік,  жеке  ойлау  болып  табылады.  Ол – өз  алдына  сұрақтар қойып  және үнемі

оларға  жауап  іздеу,  шешімін  табуды қажет  ететін  мәселені  анықтау, әр  мәселеге

байланысты өз  пікірін  айту,  оны  дәлелдей  алу,  сонымен қатар  басқалардың пікірлерін

дәлірек қарастыруды  және  сол  дәлелдемелердің  қисынын  зерттеу  дегенді  білдіреді.

Сыни  тұрғыдан ойлау  «ойлау  туралы  ойлану»  деген  түсінік  береді.  Бұл  модуль  арқылы

маңызды  мәселелерді  талқылауға  болады  және  білім  беру үшін  тиімді  болып  табылады.

Бұл  оқушылардың да  мұғалімдердің де  сыни  тұрғыдан  ойлауды  дамытуды  саналы  және

оймен қабылдауын көздейді. Сыни тұрғыдан ойлау – бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен

талқылаудың нәтижесінде  алынған  ақпаратты  ойлауға,  бағалауға,  талдауға  және

синтездеуге  бағытталған  пәндік  шешім.  Сыни  тұрғысынан  ойлау  модулін  таңдау  кезінде

мұғалімнің білімділігінен қатар  оқушылар ға деген  сенімділік  күшті  болу  керек  деп

ойлаймын:  оқыту үрдісінде қалыптасқан  көзқарастар  мұғалімнің сыныптағы  барлық іс -

әрекетіне әсер етеді. Сын тұрғысынан ойлаудың ең жақсы тұстары балалардың жан -жақты

іздену қабілеттері  дамиды  және  нашар  оқитын  оқушыл арда  да қозғалыс, ұмтылыс,

жұмыстану қабілеттері пайда болады.

Сын  тұрғысынан  ойлауды  дамыту  бағдарламасының мақсаты - барлық

жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің

біреуін  таңдауға  саналы  шешім қабылдауға

сабақтарда үйрету.  Сыни  ойлауды  дамыту

технологиясының дәстүрлі  оқытудан  басты  айырмашылығы

– білімнің дайын  күйінде

берілмеуі.  Сын  тұрғысынан  ойлау  мен  жазу  технологиясын  тәжірибеге  енгізу - жұмыс

істеуге құштарлық туғызып,  білім  беруде  нәтижеге  жеткізеті нін  байқадым.  Сын

тұрғысынан ойлау – сынау емес, шыңдалған ойлау. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы

ақпарат  жинап,  оны  байырғы  біліммен ұштастырады.  Оқушының бұл  жұмысты  дұрыс

ұйымдастырған  жағдайда өз  даму  деңгейіне  сәйкес  ойы  шыңдалып,  белгілі  бір

жетістіктерге  жетері  сөзсіз.  Осы  педагогикалық технология  оқушылардың жеке  басын

дамыту  мен  білім  беру  мақсатына  жету  жолындағы  педагогикалық  қызметінің, іс

-

әрекетінің жүйелі  дамып,  отыратын  жобасы  ретінде  оқушы  белсенділігін  арттыруды



көздейді.  Ал,  оқушы  бел сенділігінің

артуы  оны  шығармашылыққа  жетелейді.

Шығармашылық деген сөздің мәніне үңілсек, ол адамның мақсатты ісіне жету жолындағы

талаптануы мен талпынысынан, жігері мен сабырынан, сұранысы мен ізденісінен түзіліп,

ақыл -ойы мен сезімінің, қиялының ерекше бітімінен көрінеді.

Оқушылардың шығармашылық  қабілетін  дамыту.  Бұл  мәселені  алудағы  басты

мақсатым – оқытудың жаңаша әдіс – тәсілдерін қолдану  арқылы  баланың кішкентай

кезінен  дүниеге

өзіндік  көзқарасының  қалыптасуына  жол  ашу.  Осы  орайда

шығармашылыққа  ба улудың,  өзіндік  іс - әрекетін ұйымдастыру  сыннан өткен  мынадай

түрлерін алуға болады:

•Тақырыпты мазмұнына сай жинақтау;

•арнаулы бір тақырыпта пікір – талас тудыру;

•сөз жұмбақ құрау, шешу;

•шығарма, шағын әңгіме мәтінін құрау;

•әңгімелердің ұқсастығын са лыстыру, бөліктерге бөлу, ат қою;

•елестетіп, қиялдау арқылы суретін салғызу, рөлге бөліп оқыту;


•адасқан сөзді орнына қой. т.б.

Ал, сыныптан тыс жұмыс кезіндегі шығармашылыққа баулу түрі:

•Мектеп  шеберханасына,  мұражайға  апару;әр  түрлі  кездесулер ұйымдаст ырып,

одан алған әсерлері бойынша еркін жазу;

•суретті кітапша жасату, жазбаша баяндату;

•мектептегі үйірмелерге, сыныптан тыс жұмыстарға қатысуына жағдай жасау;

•газет – журналдарға жаздырып, оны оқу үрдісінде үнемі пайдалану;

• тарихи шығармаларды сабақт арда кеңінен пайдалану.

Сын 

тұрғысынан 



ойлау

үш 


бөліктен 

тұрады:


Біріншіден,  сын  тұрғысынан  ойлау өзіндік  және  жеке  ойлау  болып  табылады.

Екіншіден,  сын  тұрғысынан  оқыту  жаттанды қағидаларды  дәлелдеп  айта  беру  емес,

оқушы  оқып,  оны  еске  сақтап  айту қаблеті

жоқ, керсінше  терең ойлау  арқылы  ескіге

жаңаша  көзқарас

қалыптастыру  мүмкін,  тың

идеялар  ойлап  табуы  мүмкін.

Үшіншіден,  сын  тұрғысынан  ойлау  сұрақтар қойып,  шешімін  табуды қажет  ететін

мәселені  анықтаудан  басталады.Жалпы  адамзат  баласы  тумысынан  білуге құ мар  болып

келеді.Өзінің жеке қызығушылықтарымен қажеттіліктеріне  жауап  беруге  талпынады.

Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны ашу, ой толғаныс

кезеңдерінен түзіледі:



Бірінші кезең «Қызығушылықты ояту»

Кезеңнің мақсаттары:

- оқушы өзінде қалыптасқан білімі мен түсініктерін өзектендіру;

- оқылатын тақырыпқа танымдық қызығушылықты ояту;

- оқушының белсенділігін ояту;



Екінші кезең «Мағынаны ашу»

Кезеңнің мақсаты:

- жаңа ақпаратпен танысу;

- жаңа ақпараттармен өз білімімен ара - қатынас белгілеу.

Үшінші кезең «Ой толғау»

Кезеңнің мақсаты:

- қабылданған жаңа және ескі түсініктердің ара қатынасын ашу.

- оқылған материалды талдау және қорытындылау.

- тақырыпты мұнан әрі меңгеру бағытын анықтау.

Сабақта белгілі қағидалар сақталынуы қажет. Ол үшін тақырып бойынша оқытушы

– оқушыларға  тапсырманы  орындауға    уақыт  белгілеуі,  сенім  көрсетуі, қолдауы  және

бағыт беріп көмектесуі қажет.

1. Топ тақырып бойынша

тапсырма алады

2. Топтың ә

рбір мүшесі

ізденеді


7. Ой тұжырымдайды

8. Берілген тапсырманы

қорғайды

6. Кесте толтырады

5. Түйінді мәселені

айқындайды

4. Топта тақырыпты

талқылайды

3. Тапсырма бойынша

ақпарат жинайды



Оқытушы оқушыларға шешімін табуға қажет мәселе қояды. Оны:

қарапайым,

анықтаушы , практикалық , түсіндірмелі , шығармашылық , бағалаушы

сұрақтар қою арқылы жүзеге асырады.

Бұл 

оқушылардың



жекелеген

мүмкіндіктері мен қабілеттерін ашуға бағытталады.

Білім алушылардың іс-әрекеті: шешімін табуға қажет мәселені жүзеге асыру үшін:

V

+



-

?

Білдім



Бұл 

маған


жаңалық

Менің ойыма

қарама-қайшы

Бұл  туралы

көбірек 

білгім


келеді

деген сұрақтарға жауап жазады. Ерекше артықшылық бір жағдай: көп сөйлемейтін,

белсенділігі  төмен  оқушылардың  қызығушылығы  артып,  олардың  өз  мүмкіндіктеріне

қарай топтар бойынша сабаққа қатысуға тырысады.

Сын  тұрғысынан  ойлау  технологиясы -білім  берудің сапасын  арттырудағы  тиімді

жоба.  Ол үшін  оқытушы  сабақтың мақсатын  нақтылап,  оған  шығармашылық тұрғыдан

келіп,  оқушының білімділік,  тәрбиелік  жағынан қызығуын  арттырып,оның

ой-өрісін

дамытуда  аянбай  еңбектенуі қажет.  Неміс  педагогі  А  Дистервергтің  «Жаман  мұғалім

ақиқатты өзі  айтып  береді,  жақсы  мұғалім  оқушының  өзін  ізденуге  жетелейді,  ойға

үйретеді  »  дегені  мәлім.Бұл  технологияны  пайдалану  жеке  тұлғаның ойлау қабілетін

дамытуға, эстетикалық тірбие, коммуникативтік қабңлеттерңн шыңдауға, қолайлы шешім

қабылдай алуға, ең бастысы, білім сапасын арттыруға негіз болады.

Нәтижесінде:

- оқушы еркін сөйлеп, өз ойын жасқанбай айтуға үйренеді;

- жұппен,  топпен  жұмыс  істей  отырып,  бірін -бірі  сыйлауға,  шешімі  табылмай

жатқан мәселені ақылдасып шешуге ұмтылады;

- бірін-бірі оқытуға және дамытуға үйренеді;

- жағымды қарым -қатынасқа бейімделеді;

- ойы сараланған, дарынды, шығармашыл тұлға қалыптасады.

Қорытынды.

Осындай жүргізілетін іс-әрекеттің барлығын бақылап, өзім жүргізген тәжірибемнен

айтарым, осындай әдіс-тәсілдерді қолдана отырып өткізген сабақтың оқушыға берері мол,

нәтижесі өте  жоғары.  Себебі  оқушылардың барлығы  дерлік  сабаққа қатысады, өздерінің

ойын  еркін  айтады,  бірін-бірі  тыңдайды,  салыстырады,  сол  сабақтан өзінше  бір  түйін

жасап, өз  бетінше  білім  алады.  Ал  тәрбиелік  жағына  келер  болсақ, оқушылар

ұйымшылдыққа,  тез  шешім  тауып,  тығырықтан  шығуға, өзіне  баға  беруге ұмтылады,

үйренеді.

Әр технологияны қолдану  арқылы  белгілі

бір  жетістіктерге  жетеміз.  Мұндай

технологияларды

қолдану -біріншіден  оқытушы

ұтады,  яғни  ол  сабақты  тиімді

ұйымдастыруға  көмектеседі,  оқушының пәнге  деген қызығушылығы  артады,  екіншіден

оқушы ұтады,  себебі  оның тақырып  бойынша  танымы  кеңейді.  Осылайша  білі м  берудің

қалыптасқан әдістемесіне оқытудың жаңа технологиясы тұрғысынан өзгерістер енгізілсе,

білім сапасы арта түспек деп ойлаймын.

Нағыз өз ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге ие бола алады. Ал білікті маман

болу үшін  көп  ізденіс  керек. Әр  оқушының

жүрегіне  жол  тауып,  оларды  білімге

қызықтыру -біздің міндетіміз. Білім беру кезінде бала білім алады, сана сезімі өседі, жақсы

әдет-ғұрыпқа, мәдениетке, әдептілікке, үлкен –кішіні сыйлауға үйренеді. Сабақтың қызық



өтуіне көптеген факторлар әсер етеді. Ең қ ажеттісі, мұғалімнің әдіскерлік шеберлігі. Сол

үшін мұғалімге қажет үлкен қасиет - өз ісін сүюі және балаларды сүюі.



Әдебиеттер тізімі:

1.  Ташенова  А.  Сын  тұрғысынан  ойлауды  оқу  мен  жазу  арқылы  дамыту  //  білім -

Образовние -2006. №6

2. С. Асрандин. Педтехнологияларды тиімді пайдалану //Қазақ тарихы -2012, №3

3. Ә. Жұбанышев  .  Дарынды  оқушылар – ел  болашағы.  //Қазақстан  тарихы -2010,

№12


4.  «Оқушылардың сыни  тұрғыдан  ойлауын  дамыту  нысандары  мен әдістері  »  С.

Мирсеитова, 2011 жыл.

5. «Қазіргі кездегі оқытудың педагогикалық технологиялары», Н. Қошқарбаев, 2010

жыл.


«ЕРІТІНДІЛЕР МЕН ЕРІГІШТЕР» ТАҚЫРЫБЫН ҮШ ТІЛДЕ ОҚЫТУ

Балғабаева А.П., Масалимова Б.Қ.

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты,

Арқалық қ,.Қазақстан

Aknur-95kz@mail.ru

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан

халықтар  Ассамблеясының  12 сессиясында:  «Қазақстандықтардың жас ұрпағы  кем

дегенде үш тілді білулері тиіс: қазақ, орыс, ағы лшын тілдерін» атап өтті. Кем дегенде үш

тілді меңгеру-заман талабына айналып отырған қажеттіліктердің бірі.



Өзектілігі:Көптілділік мәселесі – Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл әлемнің алдында

тұрған  көкейкесті  мәселелердің бірі,  себебі,  жаһандандыру  және  ке йбір  кеңестікке

шыққан заман тілдерді білуді талап етеді.

Сабақтың тақырыбы :« Ерітінділер мен ерігіштер»

Сабақтың

мақсаты:

кристалл өcipy және  иондық кристалдардың дұрыс

геометриялық пішініне назар аудару

-вырастить  кристалл  и  обратить  внимание  на правильную  геометрическую  форму

ионных кристаллов

-grow a crystal and note the regular geometric shape of ionic crystals

-

асақанығудытүсінужәнеқаныққанерітіндініңкристалдануыкезіндебайқалатынэнергияөзгер



ісіненазараудару

-понимать  перенасыщенность  и  отмечать  изменение  энергии  при  кристаллизации

перенасыщенного раствора

-understand  supersaturation  and  note  the  energy  change  when  a  supersaturated  solution

crystallises

-заттардың epігіштігінетемператураныңәсерінбілужәнетүсіну

-знать и понять влияние температуры на растворимость

-know and understand the effect of temperature on solubility



Тілдік  мақсат: 1)  тақырып  бойынша  дұрыс  лексиканы  пайдалану  және  аса

қаныққан ерітіндіде кристалдың өсу процесін ауызша сипаттай білу

2)  использовать  правильную  лексику  по  теме и  устно  описывать  процесс  роста

кристалла в перенасыщенном растворе

3) use the topic vocabulary correctly and describe orally the process of growing a crystal

in a supersaturated solution



Пәнге қатысты  лексика  мен  терминология -тілдік  мақсатта: Сначала  мы

готовим концентрированный раствор … .

Затем мы помещаем затравочный кристалл в раствор

К тому моменту, как кристалл вырастет

После х (часов, дней) кристалл становится на п раз больше

First, we made a concentrated solution of

Then, we suspended a seed crystal in the solution

By the time that the crystal had grown

After x (hours, days) the crystal was times bigger

Күтілетін  нәтиже: Ерітінді,  epiген  зат  және  еріткіш ұғымдарын  бip -бipiнен

ажырата алатын болады. Ерітінділердің түрлерін бip бірінен ажыратады




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет