Сборник содержит материалы избранных докладов участников международной


АДАМНЫҢ ҚИМЫЛ ҚОЗҒАЛ ЫСЫН ФИЗИКАЛЫҚ ТҰРҒЫ ДАН СИПАТТАУ



Pdf көрінісі
бет16/70
Дата06.03.2017
өлшемі8,85 Mb.
#7959
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   70

АДАМНЫҢ ҚИМЫЛ ҚОЗҒАЛ ЫСЫН ФИЗИКАЛЫҚ ТҰРҒЫ ДАН СИПАТТАУ

Амиров М.С., Айтқазина А



Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты,

Арқалық қ.,Қазақстан

aksaule_9595@mail.ru

Қазіргі таңда адам ағзасындағы өзгерістер табиғат пен экологияға, қоршаған ортаға

тікелей байланыстылығы анық. Әр адам өз өмірінде салауатты өмір салтын қалыптастыру



мен қатар қоршаған  орта  ерекшеліктерін,  климат өзгерістерін  де  ескергені  жөн.  Жалпы

адамның  қимыл -қозғалыс  шеберлігі, қандай  жағдайда  болмасын  шапшаң, нақты  және

әдемі  болуы  физикалық, техникалық, тактикалық, психологиялық және  теориялық

дайындығына  байланысты. Қимыл -козғалыс  мәдениетінің осы  бес  факторы  спортта  да,

оқушылардың дене  тәрбиесінд е  де,  жалпы  халықтың дене  тәрбиелеу  сабақтарында  да

жетекші  орын  алады. Қимыл  шеберлігін  жетілдіруде,  тіпті  оны  сактап  тұру үшін  де,

айтылған әрбір факторды бақылау қажет.

Адамның  қимыл қозғалысын  физикалық тұрғыдан қарастырсақ биомеханикаға

тоқталмай  болм айды.  Биомеханикалық объектісі  болып  адамның моторикасы,  басқаша

айтқанда, қимыл  (дене)  сапалары  мен  олардың бейнелері  саналады. Қорытындылай

айтқанда, биомеханикалық бақылау арқылы біз мынадай жағдайларды бақылаймыз:

1) қимыл амалдарының техникасы мен қим ыл әрекеттерінің тактикасы;

2)өте  жоғары  техникалық-тактикалық шеберлікке қажетті  жағдай  болып  табылатын

төзімділік, күш, жылдамдық, икемділік және иілгіштік жөнінде деректер аламыз.

Қарапайым айтқанда, адамның биомеханикасын бақылау үш сұраққа жауап

береді:


1) адам не істейді?

2) оны каншалықты жақсы істейді?

3) ол оны ненің арқасында істейді?

Биомеханикалық бақылау  мынадай  сызбанұскаға  сай  келеді:  Ба қылау  =  тестілеу

(өлшеулер) + өлшеулер және тестілеу нәтижелерінбағалау

Адам  туғаннан  бастап өлшеулердің объектісі  болады.  Жаңа  туған  сәби  денесінің

ұзындығын,  салмағын,  температурасын, ұйқысының  ұза қтығын өлшейді  және  т.б.  Кейін

мектеп  жасында, өлшеулер қатарына  білімі  де,  біліктілігі  де  кіреді.  Адамның жасы

ұлғайып,  дүниетанымы  кеңейген  сайын,  оны  сипаттайт ын  көрсеткіштер  соншалықты

алуан  түрлі  болады.  На қты өлшеулер  жүргізу  де  сонша қиындай  түседі.  Мысалы,  адам

денесінің

масса  геометриясын,  күшін,  икемділігін  және  техникалы қ-тактикалық

дайындығын, қимылдарының  әдемілігін  және  т.б. қасиеттерін өлшеуге  болады .  Енді  осы

мәселелерді қарастырайық.

Өлшеулер  шкаласы - зерттелетін  объектілер  мен  сандар  арасындағы  сипаттардың

сәйкестігін  табатын  мөлшерлердің бірізділігі.  Биомеханикалық бақылауларда  атаулар,

қатынастар мен рет шкалалары жиі пайдаланылады.

Атаулар  шкаласы - өлшеу  ішіндегі  ең  қарапайымы.  Бұл  шкалада  сандар, әріптер,

сөздер  немесе  басқа  шартты  белгілер  жарлық рөлін  атқарады,  зерттелетін  объектілерді

табу  және  айыру үшін қажет.  Мысалы,  футбол  командасының ойынын  бақылау үшін

ойыншыларды тануға (білуге) нөмірлер көмектеседі.

Шкала  атауларын құрайтын  сөздер  мен  сандардың орындарын  ауыстыруға  рұксат

етіледі.  Егерде өлшенетін  айнымалы  шаманың нақтылығына  олар  зиянын  тигізбесе,  сол

айнымалы шаманы атаулар шкаласымен өлшеу қажет. Мысалы, атаулар шкаласы техника

мен тактика мөлшерін анықтауға қолданылады.

Шкаланы құрайтын  сандар  дәрежелері  (ранг)  бойынша  реттелген  болса,  бірақ сол

дәрежелер  интервалдарын  дәлме-дәл өлшеуге  келмесе,  рет  шкаласы  пайда  болады.

Мысалы, биомеханика жөніндегі білім немесе дене тәрбиелеу с абағындағы дағдылар мен

біліктіліктер  мынадай  шкаламен  бағаланады:  "қанағаттанарлықсыз",  "қанағаттанарлық",

"жақсы", "өте жақсы". Рет шкаласы тек қана өлшенетін объектінің тең немесе теңсіздігін

табу  мүмкіндігін  бермейді,  сонымен қатар өлшенуші  объектінің

сипаттамасын,  сапа

түсінігін  де  бағалауға  мүмкіндік  береді:  "көп - аз",  "жақсы - жаман".  Бірақ  "қаншалықты

көп?", "қаншалықты жақсы?" деген сұрақтарға рет шкаласы жауап бермейді.

Рет  шкаласы  арқылы  "сапа"  көрсеткіштерін  де,  яғни, қатаң сандық мөлшерлері

жоқтарды  да

өлшейді  (білімділікті,

қабілеттілікті,

әртістікті,  сұлулықты  және

қимылдардың айқындылығын және т.б. сапаларын).



Рет шкаласы шексіз, онда нөл деңгейі жоқ. Ол түсінікті. Мысалы, адамның сымбаты

немесе  жүрісі  жақсы  болмаса  да,  одан  да  нашар  нұсқалар ды  кездестіруге  болады.  Басқа

жағынан алғанда, гимнасшының қимылдары қанша әдемі және айқын болғанымен, оларды

одан  да  артықетуге  жолдар  табылады.Онда  сандар  тек қана  дәрежесі  ойыңша  тәртіпке

келтірілгенмен,  сонымен қатар  тең интервалдарғаөлшемдер  бірлікте рімен  бөлінген.

Қатынастар шкаласының ерекшелігі -оның нөл нүктесінің орны анык.

Қатынастар  шкаласымен  дене  және  оның бөлімдерінің көлемін,  массасын,

кеңістіктегі қалпын, жылдамдығын, күшін, интервалдар арасының уақытын және басқа да

биомеханикалық сипаттамаларын өлшеуге  болады. Қатынастар  шкаласының көрнекті

мысалдары  ретінде:  салмақтар  шкаласын,  секундомер  шкаласын,  спидометр  шкаласын,

динамометр шкаласын айтуға болады.

Қатынастар  шкаласы  рет  шкаласына  карағанда  дәл.  Ол өлшенуші  бір  объектінің

екінші біреуіне жаксы не болмаса жаман екенін білдірмейді, сонымен қатар қанша жақсы

және  неше  есе  жақсы  екенін көрсетеді.  Сондықтан  биомеханикада қатынастар  шкаласын

қолдануғатырысады да, сол мақсатпен биомеханикалық сипаттамаларды тіркейді.

Ал 

биомеханикалық

сипаттамалар

деп


қимыл

әрекеттерінің

суреттері

менталдауларын  сандық тұрғыдан  жазуға қолданылатын  көрсеткіштерді  айтады.  Барлық

биомеханикалықсипаттамалар  кинематикалық, динамикалық жәнеэнергетикалық деп

бөлінеді. Олардың кызметтері



1-сурет

Адам 


денесінің

және 


онын 

бөлімдерінін 

ілгерілемелі 

кимылдары

айналмалықозғалыстың нәтижесі:  мысалы,  түзу  сызықты  боксер қолғабынынқозғалысы

жамбас, иық, шынтақ буындарының козғалысымен жасалады;түзу сызық -қолғап киген оң

қол 

басының


масса 

орталығыныңтраекториясы әртүрлі: 

кинематикалық -

қимыл


әрекеттерінің сыртқы  бейнесін  сипаттайды,  динамикалық -қимылдар өзгерістерінің

себептері 

туралы 

ақпарат 


береді, 

энергетикалық -механикалық 

өнімділік 

пен


үнемділіктуралы мағлұматбереді.Биомеханикалы қ сипаттамалар үдемелі және айналмалы

қимылдарды  суреттейді. Үдемелі  деп  (ілгерілемелі)  дененің барлық нүктелері  бірдей

траекториямен қозғалатын қимылдарды  атайды.  Айналмалы қимылдар  деп  дененің

қозғалмалы  нүктелері,  орталығы  айналу  діңгегінде  жатқан,  шеңб ерлі  траекториямен

жылжиды.Көп жағдайда адамның қимылдарында үдемелі және айналмалы компоненттері

бірге  болады.  Мұндай қимылдар  кұрамдас  деп  аталады.  Оның  үстіне  адамның  қимыл

аппаратының құрылысы сондай, барлыққимылдары (солардың ішінде ілгерілемелілері д е)

буындардағы айналмалы қимылдардың комбинациясынан жасалады (1 -сурет).

Дененің кандай  болмасын  нүктесі  немесе  (мысалы,  буынның) спорт  снарядының

қалпы  (мысалы,  доптың), осы  не  баска  координат  жүйесіндегі  координаттармен

анықталады. 

Жалпығатүсінікті 

тіктө ртбұрыш  координат  жүйесінде,  кеңістіктегі

материалдық нүктенің орны, өзара үш қимыл амалын орындаған кезде дене немесе снаряд



қалпы өзгереді.  Сонда  олардың материалдық нүктелері  траектория  деп  аталатын

сызықтармен қозғалады.

Қимыл әрекеттерінің фазалық тал даулары - биомеханикалык  бақылаудағы  ең

пайдалы әдіс  болып  табылады.  Фазалар  мен  ырғақтар ұзақтығын  анықтау  және

хронограмма жасау арқылы қимыл әрекеттерін музыканы ноталарға түсіргендей "жазып"

және  "оқуға"  болады.  Нәтижесінде  техника  мен  тактиканы құжатт андыру  мүмкіндігі

туады  да,  мақсатты  түрде  оқыту үшін  ең озық  үлгілерді  зерттеуге  болады.  Сонымен

адамның барлық  қимыл қозғалысы  физикалық тұрғыдан  сипатталады  да  нақтылы

ережелер  арқылы  жаттығулар  жасалады. Әр  жас  ерекшелігіне  байланысты әр  адамның

қимылы қалыптасуы  керек.  Міне  сондықтан  да әр  адам өз  ағзасындағы қимыл

қозғалыстарды  механикалық тұрғыдан  сипатталатынын  білуі  тиіс.  Адам  ағзасының

қалыптасып дамуы, ағзаға әсер ететін күштердің әсерінен болуы да мүмкін.

Әдебиет

1.

Александер Р. Биомеханика. М., 1970.



2.

Бернштейн Н.А. Физиология движения и активность. М., 1990.

3.

Бранков Г. Основы биомеханики. Пер. с болг. М., 1981.



4.

Донской Д.Д. Биомеханика физических упражнений. М., 1960.

5.

Коренев Г.В. Введение в механику человека. М., 1977.



ДЕНЕ ЖАТТЫҒУЛАРЫНЫҢ АДАМ ДЕНСАУЛЫҒЫНА МАҢЫЗЫ

Амиров Марал Сапабекұлы., Ершатов Қайрат



Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты, Арқалық

қ..Қазақстан

Дене жаттығуларын қалыптастыру жан ұядан бастау алып, балабақша, мектеп, орта

және  жоғары  оқу  орындары нда, өндірістік ұжымдарда өткізіліп,  мемлекеттік  тұрғыдан

қаралып  тиісті  бағасы  берілуде.  Дене  тәрбиесінің адам  тәніне  тигізетін әсері  мен

заңдылықтарын  жете  білу  бүгінгі ұрпақтың ертеңгі ұлағатты ұстаздың алдында  тұрған

негізгі міндеті.

Дене  жаттығуларының ағзаға  дене  шынықтыру  және  сауықтыру  маңызы  бола

отырып  кез-келген  дәрі-дәрмектен  жақсы әсер  ете  алатындығы  белгілі.Көптеген

жүргізілген  зерттеулер  дене  жаттығуларының ағзаның барлық жүйелеріне  және

мүшелеріне жағымды әсерін көрсетеді.Дене жаттығуларының емдік құрал ретінде, әсіресе

тірек-қимыл аппараты ауруларын емдеуде зор маңызы айқындалады.Дене шынықтырумен

шұғылданғанда ағзаның бейімделуі тек қана дене жүктемелеріне емес, сонымен қатар кез -

келген  бұзатын әсерлерге  артады,  стрессорлық, жоғары  және  төм ен  температуралар

әсеріне ағзаның тұрақтылығы жоғарылайды [1].

Қазіргі  таңда  жастардың дене  шынықтырумен  айналысуының ең басты  мақсаты

салауатты өмір салты болып табылады.

Дене тәрбиесімен ерте жастан айналысып, тиімді де уақытылы дем алған адамның

оқуға, еңбек етуге қабілеті арта түсетіні белгілі. Спорттың өзіне тән керемет қасиеті темекі

тарту,  ішімдік,  нашақорлық сияқты  зиянды әдеттерден  бойды  аулақ салуға  тәрбиелейді.

Елбасының салауатты өмір  салты  туралы  сөз  еткенде – спорттың бұқаралығына  ерекше

мән  беріп  отырады.  Себебі,  денсаулық болмаса  тән  азабын  былай қойғанда,  адам  нағыз


азаматтық асқарына  көтеріле  алмай,  аңсаған  армандары  көңілді  мазалап,  жан  азабына

шалдығады.

“Он  екі  мүшең сау  болса  жарлымын  деме” – деп  халқымыз  денсаулықтың адам

өміріндегі  орнын,  тән  сұлулығын,  жан  тазалығын  еш  нәрсемен  теңестіруге  болмайтыны

жайлы ескертіп отырған.

Қазіргі жағдайда адамның қимыл белсенділігі төмендеген,ол қоғамның әлеуметтік

және  экономикалық дамуының жоғары қарқынымен  байланысты  радио,  теледидар,

компютор, лифт және тағы басқалар.

Дене қозғалыстары  адамның рухани  күйін  дамытуда  ерекше  орын  алатыны  көне

шығыс медицина саласында ертеден белгілі (йога, цигун, у -шу, т.б.). Сондай – ақ оны «тән

саулығы – жан саулығы» дейтіні дәлелдейді[2].

Қимыл белсенділігі  реттеуші  жүйелердің  қызметіне әсер  етеді.  И.П  Павловтың

айтуынша, қимыл -қозғалыс  «бұлшықет қуанышын»  береді. Қимыл  кезінде  ОЖЖ -нің

өңдейтін  ақпарат  көлемі өседі,  оның барлық  қ ұрлымдарының қызметі  артады, қозу  мен

тежелу үрдістері  белсендіріледі  және  теңдестіріледі. Қозғалыс  зерде ұластыру,  нұрлану

шығармашылық үрдістерін күшейтеді.

Ми

қыртысына  шеттен  келетін  серпіністер



гипоталамус – гипофиз жүйесін белсендіреді.  Сөйтіп барлы қ сөлініс бездерінің қызыметі

кірістіріледі,  ол қозғалыс  кезінде  вегетативтік  жабдықтау  ағзалардың  қызметіне  оңтайлы

жағдай  жасайды.  Мәселен,  жүгіру  немесе  басқа  белсенді қозғалыс  кезінде қаңға

гормондар, эндорфиндер жиналады. Олар абыржу, үрей, ауырсыну ж әне ашығу сезімдерін

азайтады.

Организмнің қосалқы мүмкіндіктері өсіп, оның тіршіліктік сергуі (тонусы) артады.

Адамның стресс  түрткілеріне  кәдік  себептерге  төзімділігі,  тұлғалық және  психикалық

жұмыскерлігі, шыдамдылығы қалыптасады.

Академик П.Бергтің есебі бойынша 100 жыл бұрын материалдық игілікті құрудағы

дене  белсенділігінің деңгейі -96  %-ды құраған,  ал қазіргі  дене  еңбегінің  үлесі  1%

шамасында. Қазіргі  заманғы  адамдарда  гиподинамия -қимыл  белсенділігінің төмендеуі

және  гипокинезия-бұлшық ет  күштенуіні ң төмендеу құбылыстары  айқын  байқалады.

Гиподинамия  және  гипокинезия  бірқатар өзгерістермен  сипатталады:  тірек қимыл

аппаратында-бұлшық еттер  атрофиясы,  бұлшық еттер  күші  төмендейді,  бұлшық еттер

салмағы  азаяды,  бұлшық еттерде  белок  ыдырау  процестері  басым болады.  Жасуша

мембранасының

амин

қышқылдары  мен  ферменттер



үшін

өткізгіштігі  артады,

нәтижесінде, олар қанға шығып, бұзылады, ағзадан көптеген тұздар (S, Na, K, Ca және т.б)

шығарылады.  Жілік  кемігінің ыдырауы  байқалады, қанға  Ca  және  фосфор  тұздарының

мөлшері жоғарлайды,  олар  жартылай  буындарда  немесе  тас  күйінде  бауырда, өт

қапшығында,  бүйректе  жинақталады.  Сүйектер  жұмсарып,  олардың беріктігі төмендейді.

Себебі: диафрагманың және құрсақ бұлшық етінің қимылы азаяды, олардың кеуде қуысы

мүшелеріне  сығымд ау әсері  төмендейді,  ішектің  қимыл  белсенділігі  (гиподинамия)

төмендеп  ағза  интоксикациясы  (өздігінен өзі  улану)  болады.  Жүрек  көлемі  20 -25%-ға

азаяды, жүректің соғу жылдамдығы артады.

Қандағы холестеринді  тасмалдайтын  төмен  тығыздықты  липопротеиндер  (май лы

қышқылдар бар белок) мөлшері артады, атеросклероз (сыбайластырғыш ұлпалардың өсіп

кетуі  есебінен  артериялық  қан  тамырлар қабырғалары  тығыздалуы, қан  тамырлары

қуысының тарылуы,  мүшелердің  қанмен қамтамасыз  етілуінің нашарлауы)  даму

мүмкіндігі артады. Қан тамырларының қабырғасы жүйкелі және гуморальді импульстерге

әлсіз  жауап  береді,  миокард  инфаркті,  инсульт  туындауы  мүмкін,  эндокринді  реттелу



бұзылады.  Дене  және  ой  жүктемелері  кезінде қанға  адреналиннің бөлінуі  артады,  зат

алмасуы нашарлайды, көмірсулардың майларға айналуы және майлардың қорға жиналуы

жоғарылайды. Қимыл  белсенділігінің шектелуі  бұлшық еттерде  орталық жүйке  жүйесіне

келетін импульстер ағымын төмендетеді; әлсіздік (босаңдық), ұйқы бастылық, селқостық

байқалады.  Аристотель  айтқандай:  «Ағзан ы  бұзатын  басты  нәрсе -әрекетсіздік  ».

Гиподинамияны және гипокинезияны емдеу тәсілі -бұлшық ет белсенділігін арттыру, яғни

дене  шынықтырумен  айналысу. Дене  шынықтырудың денсаулықты  нығайту қағидасы.

барлық дене  шынықтыру  жаттығулары,  сабақтары  адам  денсаулығ ын  нығайтуға  арналуы

тиіс.  Бұл  сабақтардың нәтижесі  олардың көлемі  мен  жаттығуды  орындау қарқынына

байланысты. Оқытушы ағзаның биологиялық заңдылықтарын, адамның жас ерекшеліктері

мен  барлық мүмкіндіктерін  білуі  керек,  педагогикалық тәсілдерді  және  дәрігер лік

бақылауды  жақсы  меңгеруі қажет.  Сонда ғана  ол  денсаулықты  нығайту  жолында  жемісті

еңбек ете алады.

Демек, қазiргi  бiзге  жеткен өнердiң, театр  элементтерiнiң  қай -қайсысы  болса  да

ойын үстiнде көрсетiлiп, осы ойындардың әр түрлi мәнерлi орындауының нәтижесiнде тап

қазiргiдей үлкен өнер  дәрежесiне  жеттi.  Адам  баласы  көне  замандардан  берi  жабайы

аңдармен талай рет "күш сынасуына" тура келдi. Аң және балық аулау, жемiс -жидек теру

адамның күшi  мен  төзiмдiлiгiн,  икемдiлiгi  мен  шапшаңдығын,  байқампаздығын

қалыптастырып, дамытты.

Дене тәрбиесiнiң пайда болуы мен бастапқы даму дәрежесi халықтың тұрмысы мен

санасына  байланысты  белгiлi  бiр  мақсатты  шешуге  бағытталды.  Адамның  қимыл әрекеті

таңертең ұйқыдан оянудан басталады[3].

Адам өзінің күнделікті тіршілігінд е еңбек барысында толып жатқан әрекеттер мен

әр  түрлі қозғалыстар  жасайды.  Осының бәрі  дененің кейбір  жекелеген  мүшелерінің

қалыптасып, жетілуіне өзіндік әсер етеді. Кей жағдайда мұндай ықпалдар теріс болуы да

мүмкін.  Бір  бағыттағы  артық  қозғалыстың  әсерін ен  дененің бір  мүшесі  шаршап  немесе

деформацияға, яғни ағзаның қалыпты формаларының өзгеруіне әкеліп соғады. Сондықтан

да  күнделікті  тіршілікте  болатын  бір  бағытта ғана  жүргізілетін  дене қозғалыстары  мен

әрекеттерінің бәрін бірдей дене тәрбиесінің  құралы деуге болмайды.

Адамның жеке  басының  қасиеттері  дененің  қалыптасуымен  тығыз  байланысты.

Демек  денені  жүйелеп  шынықтыру  мен  денсаулықты қалыптастыру  адамның ой

санасының жетілуі мен шығармашылық күштерінің дамуының негізі.

Қазіргі таңда Қазақстан  Республика сының болашағын  тәрбиелеп қана қоймай

олардың салауатты өмір салтын қалыптастыру керектігін айтып өткен жөн. Болашақ ұрпақ

білімді ғана  болып қоймай  сонымен қатар  олар өздерінің ой өрістерімен  бірге    ағзадағы

өзгерістерін  де қадағалап  отыруы қажет. Әр  азам ат өзінің денінің саулығын,  дене

жаттығуларының ағзаға деген әсерін анық біліп күнделікті өмірде салауатты өмір салтын

қалыптастыруы керек.

Әдебиет

1.Сәтпаева    Х.  Н.,  Нілдібаева    Ж.  Б., Өтепбергенов Ә. А.,  Адам    физологясы  Алматы,



«Білім», 1995.

2.Физиология    человека.  Учебник    для    институтов    физической    культуры  /Под    общей

ред.. проф. Н. В. Зимкина/ М.,Ф и С,1975.

3. Бұғыбаев С.Ж., Бөлекбаева А.Е., Лесбекова Р.Б «Дене жаттығуларының физиологиясы »



ТАНЫМЖОРЫҚТАР АРҚЫЛЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ

ЖОЛДАРЫ

Амиров М.С., Манап М.С.



Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты. Арқалық

қаласы,Қазақстан

muhajandos@gmail.com

Мектептерде,  арнаулы  орта  және  жоғарғы  оқу орындарында  экологиялық білім

мен  тәрбие  беру  жүйесі  осы  уақытқа  дейін  орталықтандырылмаған.  Соның нәтижесінде

ғылыми  жүйелілік  сақталмай,  экологиялық материалдар  жалпылама  сипат  алуда. Қазірге

дейін  экологиялық білім  берудің теориялық мәселелері өріс  алуд а.  Онда  1990  жылы

шыққан Қазақстан  Республикасының  «Табиғатты қорғау  туралы»  Заңындағы қағидаға

сәйкес  алға қойған  проблемеларды  басшылыққа  ала  отырып  шешуге ұмтылады.  Басты

мақсат – көпшілікке үздіксіз  экологиялық білім  мен  тәрбие  беру.  Болашақ  ұстаздар

экология ғылымын  меңгерумен қатар  төмендегідей  мәселелерді  шешуге ұмтылғандары

жөн.

1. Айнала қоршаған ортаның өзгерісіне бақылау жасап, оның себебінеталдау.



2.  Кез  келген  экологиялық жағдайдың себебін  ашып,  оны  жоюдың,  қалпына

келтірудің жолын ашу.

3. Табиғат қорларын үнемді және ұтымды пайдалану.

4. Табиғат қорғау мен экология бағытындағы өкімет заңдары менқаулыларын білу.

Қазір  экология  жөнінде  көптеген  пікірлер,  тұжырымдамалар  мен  теориялар  бар.

Осыған  орай

ғылымның

барлық


салаларын  экологияландыру  терми нін  көбірек

қолданудамыз.Экология-адамзат  баласымен  айналадағы  орта  арасындағы

қарым -

қатынастан туған биология ғылымының көрнекті салаларының бірі.



Жер  шарының  қандай  бөлігін  алсаңыз  да  біздің  қазақ жеріндегідей  экологиялық

дағдарысқа ұшыраған аймақты кезд естіре алмайсыз. Қазақ жері неше түрлі термоядролық

сынаулардың табиғи  палигоны  болғаны  рас.  Атом,  сутегі  бомбаларын  сынау  тек  біздің

қазақ жерінде өткізілді. Әлемге әйгілі  Семей,  Ақтөбе,  Маңғышлақ, Атырау,  Орал,

Қарағанды,  Жезқазған  атом  полигондары  радиа циялық фонды  күннен  күнге қиындата

түсті.  Бұл  полигондар қазақ елінің  11 млн  гектар  ең шұрайлы  жеріне  орналасты.  Бұрын

соңды  болмаған  бұл  жағдай  адамзат  баласының, сондай -ақ, биосферада  тіршілік  ететін

барлық жан-жануарлардың ағзасына мутациялық өзгерістер ді туғызды. Адамдар арасына

мөлшерден  көп қауіпті  ісіктер  мен  неше  түрлі  дерттердің таралуына  себепші  болды.

Адамдардың мезгілсіз өмірден кетуіне әкеп соқты [1].

Семей  атом  полигонында өткізілген  646  сынақтардың салдарынан  соңғы  жылдар

ішінде әр  жүз  мың а дамға  шаққанда  жүйке  психикалық ауруға  шалдыққан  адамдардың

саны 960-тан 1624-ке, ақыл ойы кем адамдар 3103-тен 4612-ге, невроз және жүйке тамыр

дерті бар адамдар 3692-ге көбейген.

Ал  сары  ауру,  іш  ауруы,  туберкулез  сияқты  ауру  түрлері әбден  меңдеген.  Кейі нгі

жылдары радиациялық экология термині пайда болды. Ол жаңа дамып келе жатқан ғылым

саласының бірі.  Адамзат  баласының айналадағы  ортасында  көбейген  экологиялық

фактордың ең бастысы иондаушы радиация Ионданушы радиацияның негізгі қайнар көзі

табиғи  радио активті  элементтер  мен  жасанды  радиоактивті  элементтер.  Жасанды

радионуклеидтердің адам  ағзасына  тигізетін әсерін  зерттеген  адамдар өте  аз.  Олардың

туғызатын қатерлі ісіктері жөнінде Қазақстан алдыңғы қатарда келеді.

Қандай болса да шиеленіскен проблемаларды мамандар шешеді.Осыған орай Қазақ

мемлекеті бойынша эколог мамандар даярлау кезек күттірмейтін проблема. Эколог маман

кадрлар дайындауға материалдық техникалық база жасау қажет. Неше түрлі компьтерлік

есептеу  аппараттарын  монтаждап,  оларды  іске қосып,  а йналадағы  ортаның химиялық


құрамына зерттеу жүргізу қажет. Экологиялық дағдарыстан шығудың ең бір тиімді жолы

сауатты және саналы мамандар дайындау, экологиялық дүниетанымды жетілдіре түсу.

Бүгінгі  таңда  халыққа  экологиялық білім  мен  тәрбие  беру  мәселесін

мемлекттік

деңгейге  көтерудің  қажеттігі  туындап  отыр.  Экологиялық білім  беру  дегеніміз – адамзат

қауымының,  қоғамның, табиғаттың және қоршаған  ортаның  үйлесімділігін  және

табиғатты  тиімді  пайдаланудың жолдарын  халыққа  түсіндіру.  Оның ішінде, қоршаған

орта мен  табиғи  ресурстарды  тиімді  пайдалану  арқылы  табиғатты  аялай  білетін,  оны

бүлінуден қорғайтын,  экологиялық білімі  мен  мәдениеті  жоғары,  ізгілікті,  адамгершілігі

мол жас ұрпақты тәрбиелеудің маңызы зор. Экологиялық дағдарыстың ұлғаюын мейлінше

тежеу,  табиғат  пен қоршаған  ортаны қорғаудың жолдарын ұғындыру  жалпы  халықтың

экологиялық сауатын ашу, жастарға үздіксіз білім беру нәтижесінде ғана іске асады [2].

Қазіргі таңда оқушыларға экологиялық білім беру мен тәрбиелеуді ұйымдастыруда

мектепте  жүргізілетін сыныптан  және  мектептен  тыс  жұмыстардың орны  ерекше.

Оқушылардың сабақтан  тыс  жүргізілетін  тәрбие  жұмыстары  көбіне  сабақтан  тыс  немесе

сыныптан  тыс  жұмыс  деп  аталады.  Бұл  жұмыс  мұғалім  сабақ  үстінде  жүзеге  асыратын

тәрбие жұмысын толықтыра және тереңдете о тырып, ең алдымен, балалардың таланттары

мен қабілеттерін  неғұрлым  толық ашудың, олардың белгілі  бір  нәрсеге қызығуы  мен

ынтасын

оятудың  құралы  ретінде  ол  оқушылардың бос  уақытын ұйымдастырудын



формасы  болып  табылады  және  олардың адамгершілік  мінез-құлыққа  жаттығуын

ұйымдастырудың, адамгершілік мінез-құлық тәжірибесін қалыптастырудың негізі ретінде

қызмет атқарады.

Сыныптан  тыс  жұмысқа  сабақтан  бос  кезінде  жүргізілетін,  тәрбие  мен  білім  беру

сипатында ұйымдастырылатын  мақсаты  мен  бағыты  бар  сабақтар  жатады . Қазіргі  кезде

тәрбие  жүйесінде  мектептен  тыс  жұмыстар  едәуір  орын  алады.  Сыныптан  тыс

жұмыстардың өзіндік ерекшеліктері бар. Бірінші ерекшелігі, оқыту сабақтарына қарағанда

сыныптан  тыс  жұмыс  ерікті  негізінде өткізіледі.  Оқушылар  ынта  мен  бейімділіктерін е

байланысты өз  беттерімен әр  түрлі үйірмелерге  жазылады,  сабақтан  тыс  уақытта өз

қалаулары  бойынша  көп  болып  және  жеке  атқаратын  жұмыстарға қатысады.  Сыныптан

тыс  жұмысты ұйымдастырудың екінші  ерекшелігі,  оның міндетті  бағдарламалар

көлемімен  байланысты  б олмайтындығында.  Оның мазмұны  мен  формасы  негізінен

алғанда  оқушылардың

ынталары  мен

талап-тілектеріне,  жергілікті  жағдайларға

байланысты болады.

Сыныптан  тыс  жұмысқа қойылатын  талаптардың ең маңыздыларының бірі:  оның

өмірмен  тығыз  байланыстылығы.  Кез  кел ген үйірменің,  ғылыми қоғамының жұмысы

айнала қоршаған өмірмен  танысуға  және  оны  гүлдендіруге  белсене қатысуға  себепші

болуы тиіс.

Сыныптан тыс экологиялық тәрбие беру бағытында жүргізілетін жұмыстардың түрі

өте көп. Бірақ, бәрінің де мақсаты - баланы жан-жақты жетілдіру, оның бойында табиғатқа

деген  сүйіспеншілікті қалыптастырып  оны  аялай  білуге  тәрбиелеу  және  эстетикалык

сезімін дамыту. Тек олардың қай түрін оқушылармен жүргізу керек дегенде міндетті түрде

ескерілетін  нәрсе:  оқушылардың жас  ерекшелігі,  жү ргізілгелі  отырған  жұмыс  мазмұны,

тәрбиенің өз мүмкіндіктері [3].

Экологиялық тәрбие - жаңа  категория,  ол  экология ғылымымен  және  оның

тармақтарымен  тікелей  байланысты.  Ал  классикалық экологиядағы  негізгі  түсініктер

мыналар: а) жеке алынған ағзаның өзінің өмір сүру ортасымен озара қарым -қатынасы, бір

тектес өмір  сүру  ортасына  ие  болған  бір  аймақтағы  экожүйелердің  қызметі; ә)  өмір

сүретін  тірі  ағаштардың  қоғамдастығы  және  олардың  өзара  бір -бірімен қарым -қатынаста

болуы.


Бұл екі ұғым мектеп жасына дейінгі бал алар мен бастауыш сынып оқушыларының

қоршаған орта, табиғат жайындағы түсінігін дамыту арқылы көзқарасын қалыптастыруға

мүмкіндік  береді. Қоршаған  ортаға  деген  жағымды қарым -қатынасты  айқындаудың бір


формасы  баланың күнделікті  іс -әрекеті.  Демек,  экологиялық тәрбие үрдісінде  көрініс

табатын іс-әрекеттің мынадай түрлерін атауға болады:

табиғаттағы әр  түрлі  оқиғаларды  бейнелейтін  немесе  табиғатты қорғау,



көркейту іс-әрекетін білдіретін сюжетті-рөлді ойын;

мектеп  алаңында  (табиғаттағы  еңбек)  тіршілік объектілері үшін  немесе  оларды



күтіп -баптауды  жүзеге  асыру,  сондай -ақ,

заттарды қайта өңдеу  (ойыншықтарды,

кітаптарды және т.б. жөндеу) іс-әрекеті;

табиғаттан алған әсерлерін және адамдардың табиғаттағы іс -әрекеттері негізінде



бейнелеу өнерінің туындылары н жасау;

• табиғатпен  тілдесу, әсемдіктер  мен  жануарлар  дүниесінің объектілерімен  еркін

түрде  байланыс  жасау - бақылау,  оларды  еркелету, күтіп-баптау  іс-әрекеті, қолға үйрету

мен белгілі бір жағдайға бағындырып үйретуді қамтитын кешенді іс -әрекет;

• тәжірибе  жасау-бақылау  нәтижесіндегі өз  пікірін  айтумен  сабақтасып  келген  іс

жүзіндегі танымдық іс -әрекет;

тіл, сөйлесу іс-әрекеті, сұрақтар, хабарламалар, әңгімеге диалогқа қатысу;



табиғатқа  байланысты  кейбір  мәліметтер  мен қызықты  да құпия әсерлер

жөнінде пікір алмасу, әңгімелесу арқылы табиғат жайындағы түсініктерін айқындау;

• бақылау - өз  бетінше  танымдық іс -әрекеттерін  дамытумен  бірге  табиғат  туралы

жәие табиғаттағы адамдардын іс -әрекеттері жөнінде мәліметтерді алуды қамтамасыз ету;

• табиғат

жайлы  мазмұндағы  телехабарларды  суреттерді тамашалау,  шағын

шығармалар  оқу  балалардың табиғат  жөніндегі қалыптасқан

түсініктерін  айқындайтын

және жаңа мәліметтерден хабардар болуға ықпал ететін іс-әрекет түрлері.

Баланың табиғаттан  алған әсерін әңгімелеп  с уреттеп  беруі  оның  қиялына қанат

бітіріп,  табиғат  жөніндегі  түсінігін  айқындауға  ықпалын  тигізеді.  Табиғаттағы әдемілікті

сезініп қабылдау  дағдысы өзінен -өзі  келе қоймайды,  оны  дамыту,  жағымды  іс -әрекет

түріне  айналдыру  ата-аналардың

және  тәрбиеші -ұстаздардың

көмегімен  жүзеге

асырылады. Демек, олардың өз бетінше әрекет жасауын бақылау, оның мазмұнын талдау

балалардың жеке  басы  ерекшеліктерінің экологиялық тәрбиелілігінің деңгейін  анықтауға

мүмкіндік береді. Мұндай іс -әрекет түрлері арқылы баланың жеке тұлға ретіндегі дамуын

оның экологиялық тәрбиесімен тікелей сабақтастықта байланыстыруға болады [4].

Әдебиет

1.Жикалкина  Т.К.  Биологиядан  ойындар  мен қызықты  тапсырмалар. – Алматы:  Рауан,



1992. – 64 б.

2.Қалиұлы Б.Өсімдік атаулары. Орысша -қазақша сөздік. - Алматы, 1993.

3.Қайым Қ.Жануартанудан танымдық ойындар. - Алматы, 1995.

4.Қуанышова  С.Е. Өсімдіктану  пәнінен  табиғатта өткізілетін  танымжорықтар. - ОҚМУ,

2000.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет